Глоссарий 8 страница

1. Ақпарат түсінігі және сипаттамасы

2. Менеджменттің ақпаратпен қамтамасыз ету деңгейі және ақпарат типтері

3. Ақпараттың ішкі жүйесі

4. Ақпараттық қызмет технологиясы

5.Коммуникациялық үрдіс және оның кезеңдері

6. Коммуникация және оның түрлері

7. Кәсіпорынның коммуникациясындағы кедергілер

 

1 Ақпарат түсінігі және сипаттамасы

Басқару ақпараты деп сақтау, табыс ету, қайта құру обьектісі болатын мәліметтер түсіндіріледі.

Ақпарат басқару процесінде еңбектің обьектісі де, өнімі де болып табылады. Ол белгісіздікті жояды, обьектінің жағдайын, қызметтің пішіні мен әдістерін зерттейді. Оның жағдайы мен даму деңгейі жайлы ақпаратсыз басқару шешімі шығарылмайды, өз кезегінде, осы шешімнің өзі өндіріс саласындағы қызметкерлер үшін белгілі ақпараты болып табылады.

Ақпараттың екі жағы бар: сандық және мағыналық (семантикалық). Оның көлемінің ең кішкентай бірлігі - бит (екі түрлі тең ықтималдық нәтижесі бар белгілі бір ықтимал жағдайдың нәтижесі туралы хабарламадағы сандық ақпаратты білдіреді).

Басқаруда қолданылатын ақпарат түрлері келесі сипаттамалар бойынша сынапталады:

мазмұны жағынан – саяси, директивті, құқықтық, ғылыми–техникалық; экономикалық, жоспарлы, әкімшіліктік, өндірістік, нормативті-анықтамалық, есепті-бухгалтерлік, статистикалық;

қозғалыс бағыты бойынша – кіруші, шығушы;

белгілеу мінездемесі бойынша – белгіленген, белгіленбеген;

белгілену тәсілі бойынша – құжаттық, дыбыстық, аудиовизуалды;

басқару субьектісіне қатынасы бойынша – ішкі және сыртқы;

өндеу дәрежесі бойынша – алғашқы, өндірістік, қорытынды;

тұрақтылық дәрежесі бойынша – тұрақты және өзгермелі;

ұсыну формасы бойынша – әріптік, сандық, кодтық;

өндеу мүмкіндігі бойынша – өндеуге берілетін және берілмейтін;

сіңіруі бойынша – жеткілікті, жеткілікті емес, артықшылық;

шыншылдық бойынша – дұрыс және жалған.

Менеджерлердің басқарушылық және кәсіпкерлік қызметіне ақпараттың мазмұны маңызды орын алады.

Саяси ақпарат әртүрлі шаруашылық формаларында әлеуметтік-экономикалық даму саласында мемлекеттің саясатын бейнелейді.

Барлық директивті ақпаратты жоғарғы органдар шығарады. Ол менеджерлердің шаруашылық құру стратегиясын анықтайды және басқару негізі болып табылады.

Құқықтық ақпарат әрбір жұмысшының алатын орнын, лауазымдық жағдайын анықтайды.

Оның көмегімен шаруашылық, әкімшілік құқық нормалары құрылады, заңның іске асуын қамтамасыз етеді.

Ғылыми-техникалық ақпарат ғылым мен техниканың жеткен жетістігі туралы мәліметтер арқылы береді.

Жұмысшыларды ғылыми зерттеу мекемелерінің жаңа зерттеулерімен, мінездемелерімен, алдыңғы қатарлы кәсіпорындар тәжірибесімен танысу үшін ғылыми-техникалық бюро жұмыс істейді.

Экономикалық ақпарат – басқару шешімдерін негіздеу, кәсіпорын дамуын басқару үшін қолданылатын ақпарат. Ол өзіне экономикалық көрсеткіш есебін, шаруашылық құру қызметін енгізеді.

Жоспарлы ақпарат тапсырмалармен, жұмыс кезеңінің жоспарымен, жоспар нарядтарымен белгіленеді.

Әкімшілік ақпарат мекемелер, азаматтар арасындағы іскерлік қарым- қатынасты дайындау, істен шығудың, құрал-жабдықтардың сынуын алдын-алуға көмектеседі, бұйрық, жарлық, тәртіп, жөн сілтеу түрінде беріледі.

Өндірістік ақпарат техника мен технологиялар, өндіріс жоспарының орындалуы, тауар өткізу туралы оперативті материалдар жинақтайды.

Бизнестік ақпарат өз кезегінде нарықтағы бағалар, олардың тенденциялары, бәкесекелестік деңгейге, өнім түсу мерзімі мен көлемі, қызмет көрсету мен өндіріп шығару, еңбекті төлеудің тарифтік құрылымын, лауазымдық жалақы туралы, еңбекті ұйымдастыру жайлы анықтамалық мәліметтердің нормаларын анықтайды.

Есептік-бухгалтерлік ақпараттар өндірістің жүру барысын және оның нәтижесіне құралдардың шығындалуын, алынған пайданы бақылауға мүмкіндік береді.

Ғылыми негізделген статистикалық ақпарат дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік беретін, ғылыми негізделген заңдылықтарға алуға мүмкіндік береді.

Ақпарат мазмұны тұтынушы бөліктердің қажеттілігі мен шығарылған басқару шешімдерімен анықталады. Ақпаратқа белгілі талаптар қойылады: нақтылық және шыншылдық, алғашқы мәліметтердің дұрыс өңделуі, құрылымдаудың оптималдығы, толықтық, басқарушылардың сұранымын толық қанағаттандыру және жеткізілуінің уақытқа сай болуы. Түскен ақпараттың анықтығы, шыншылдығымен, дұрыстығымен, тіркелудің бір реттілігімен, берілудің туралығымен анықталады. Егер ақпарат 3-4 тасымалдан, түрлі бөліктен өтсе, оның шыншылдығы 8-10-ға азаяды, өйткені ақпарат ескіреді, бұрмаланады.

Ақпарат толық болуы керек, яғни оның саны нақты іс-әрекетті бейнелеу керек. Мынаны есте сақтау керек: ақпарат жеткіліксіздігі сарапсыз шешімдерге келеді, ал шектен тыс ақпарат шешімнің күрделенуіне және оның қымбаттауына әкеледі. Қандай ақпаратты, қай уақытта және кім беретінін белгілеу қажет.

Ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі дегеніміз - оны оңай қабылдап, қолдану мүмкіндігі. Хабарлама тілі алушыға түсінікті болу керек. Ақпарттың график, планшет, жарық табло, слайд түрлерінде берілуі де өте маңызды.

Ақпарат менеджерлерге уақытысында түсуі керек. Егер ол кешіксе, онда ол экономикалық шығын болып есептеледі. Керісінше, ақпараттың оперативті түрде берілмеуінен техника тұрып қалады, өндіріс ақсайды.

 

2 . Менеджменттің ақпаратпен қамтамасыз ету деңгейі және ақпарат типтері

Менеджерлердің ақпаратты қалай қолданатынын білу үшін ақпаратта қажеттілікті екі өлшеммен қарастыру керек: кәсіпорында қолданылатын ақпарат деңгейі және ақпарат түрлері. Әр түрлі деңгейдегі басқаруда кейде әр түрлі ақпарат қажет. Стратегиялық денгейде менеджерлер фирманың іскерлігін ұзақ мерзімді кезеңде жоспарлауға, шешім шығаруға әкелетін ақпарат қолданады. Ол ақпараттар кәсіпорынның сыртқы ортасын зерттеуге көмектеседі, ал ол өз кезегінде осы белгілі уақыт ішінде, уақыт өткеннен кейін, белгілі шешімдер арқылы жемісті қызмет істеуге әкеледі. Бұл деңгейге қажет ақпарат кешенді, жаңашыл, болашаққа негізделген, бағаланған. Бөлімшелер деңгейіндегі менеджментке қажет ақпарат кәсіпорын ішіндегі жұмыскерлерді басқару үшін қолданылады.

Оперативті деңгейде менеджерлер өз қызмет ету сферасы аймағында әр түрлі тапсырмалардың орындалуын қадағалайды. Олар кәсіпорын ішіндегі іс-әрекетті жоспарлайды, ұйымдастырады, орындалуын қадағалайды. Төртінші деңгей ол келісім жасау және тіркеу. Келісім-шарт пен операцияларды тіркеу, кәсіпорын ішіндегі ақпараттардың дұрыс қолдануын қамтамасыз етеді. Бұрын мұндай ақпараттар әр түрлі құжаттарда, бас кітаптарда, карточкаларда, формулярларда жиналған. Компьютердің пайда болуымен жиналған ақпараттар көлемі өсті. Жалпы ақпарат кездейсоқ пайда болады немесе белгілі бір спецификалық сұрауларға іздеу салуға жауап ретінде пайда болады. Сондай-ақ, ол мынандай сұрақтарға жауап береді: “Сіз не білгіңіз келеді?” немесе “Сізді қызықтыратын не бар?”. Мысалы: менеджерлер қоршаған ортаны зерттесе, онда ол жалпы ақпарат болып саналады.

Жалпы ақпарат кең болғандықтан оны алдын-ала жинау қиын және компьютерде сақтау қиын. Ол көбінесе оперативтік деңгейге қарағанда стратегиялық деңгейде қолданылады. Жалпы ақпарат келісім-шарт жүгізуде қолданылмайды.

Келісім жүргізу толығымен спецификалық мәліметтерге сүйенеді, ерекше сұраныстағы қамтамасыз етеді. Спецификалық ақпарат автоматталған кассалық машинадан бақылау есебіндегі балансты тексергенде қолданылып, сұралуы мүмкін. Ал, мысалы, сіздің телефонмен сөйлесу бағаңыздың өсуі туралы хабарландырулар кезінде сұралмауы мүмкін.

Ынталандыру ақпараты спецификалық ақпарат сияқты. Бірақ, егер спецификалық ақпарат тек хабарлап отырса, ал ынталандырушы ақпарат іс- әрекеттің жүргізілуін талап етеді. Қимыл, іс-әрекет автоматикалық сияқты, ол алдын-ала бағдарланған. Ынталандырушы ақпарат сұралған және сұралмаған болуы мүмкін. Ынталандырылған қимыл әр түрлі болуы мүмкін.

Ерекше ақпарат ол ынталандырушыға ұқсас. Алайда күрделілігі мынада ол спецификалық қимыл-әрекетті жалпы сұраныммен ынталандырады, ол оқиға болғаннан кейін түседі. Ескеретін жайт, ынталандыруда спецификалық кешенді шешімді қажет етпейді. Жоспар іске аса бастағанда менеджерлер оның орындалуына бақылау жасайды. Бақылау ақпаратты жоспардан ауытқуды түзеу үшін қолданылады. Түзетулер алдын-ала есепке алынбайды. Ол бақылау ақпаратын ынталандыру ақпараттынан өзгеше болып келеді.

Тарату ақпараты жоба бойынша адамдарды, уақытты, құралдарды, ақшаны бөлуге қолданылады. Менеджер өзінің қарауындағы ресурсты қалай бөлу керек екенін білу керек. Ол жеке объектілер бойынша тиесілі шығын мен табыс туралы мәліметтерді қажет етеді.

Менеджерлер кәсіпорынның экономикалық өсу ауданын табу туралы шешім қабылдау үшін, жаңа нарыққа көтерілу мен төмендеуді зерттей келе бағытталған ақпаратты қолданады. Бағытталған ақпарат, тарату ақпаратында да дейін қолданылады, ал ол өз кезегінде бақылау ақпаратына дейін, жоспардан ауытқуды түзетуге де қолданылады.

 

3. Ақпараттың ішкі жүйесі

Қазіргі кездегі ұйымдар үшін жаңашыл технологиялық құралдарды қолдануға негізделген ақпараттың жоғары тиімділік жүйесі тиесілі. Оның құрамына ақпаратты өңдеу, оны жеткізудің ішкі және сыртқы арналары, ақпараттың өзі де кіреді.

Басқарушы ақпараттық жүйелер кезекпен кезек ақпараттың өндірістік процесінің біртұтастығы және математикалық, статистикалық және аналитикалық әдістері мен болжаулық-аналитикалық есептеулер модельдерін үйлестіру арқылы ақпаратты жинау, жинақтау, өңдеу, таратудың техникалық құралдарын қолдану жолымен ұйымдастыру қағидаларын жүзеге асырады.

Ұйымның өндірістік бөлімшесінде ақпаратты төменнен жоғарыға қарай жалпылау және оны жоғарыдан төменге қарай нақтылау қамтамасыз етіледі.

Ғылыми-техникалық, жоспарлық, бақылаушы, есептік және аналитикалық ақпаратты алуға бағытталған ақпараттық процесс ақпараттық жүйелерде нақтыланған және электрондық-есептегіш техниканы қолдануға негізделеді.

Ақпараттық жүйелердің тиімділігін арттыруға оларды аралық етіп құру және бірлесіп қолдану арқылы қол жеткізуге болады. Бұл қайталауды жоюға, ақпаратты сан рет және толық қолдануға, белгілі интеграциялық байланыстарды бекітуге, көрсеткіштер санын шектеуге, ақпараттық ағымдар көлемін азайтуға мүмкіндік береді. Ақпараттық қамсыздандыру пайдаланушыларға ғылыми-өндірістік міндеттерді орындауға қажетті мәліметтерді беруді; ақпаратты таратуға неғұрлым жағымды жағдайларды туғызуды, яғни сәйкес әкімшілік-ұйымдастырушылық, ғылыми-зерттеу және өндірістік шараларды жүгізуді қарастырады.

Ақпарат және оның автоматтандырылған өңделуі өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды факторлары болып табылады.

Ақпаратты қолдануда маңызды рөлді оны тіркеу, өңдеу, жинақтау, тарату әдістері, жүйелендірілген сақтау және қажетті формада беру, сандық, графикалық ақпараттар өндірісі атқарады.

80-ші жылдары жеке басқарушылық ақпараттық жүйелерден ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау және ұсынудың бірыңғай ішкі жүйесіне көшу жүзеге асырылды. Ақырғы мақсатқа жету үшін ақпаратты өңдеу саласындағы қызмет ауыстырылды: ішкі шаруашылық басқарудың барлық деңгейлеріне басшылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру. Осымен байланысты оперативтік басқару және қажетті шешім қабылдауға қысқа мерзімде ақпарат алуда туындайтын сұрақтарды нақты анықтауға басты көңіл бөліне бастады.

Қажетті ақпарттың сипаты мен мазмұнына байланысты сәйкес техникалық құралдар мен өңдеу әдістері анықталады.

Ақпараттың ішкі жүйесінің негізгі қағидалары мен мақсаттары:

– ұйымның мақсатына сәйкес оның сипатымен мазмұнына қойлатын талаптарды анықтау;

– орталықтанған және орталықтанбаған басқару жағдайындағы ақпаратты сақтау, қолдану, ұсыну жүйесін дайындау;

– ұйымға және оның әрбір өндірістік бөлімшесіне техникалық құралдардың қажеттілігін анықтау;

– бағдарламалық қамсыздандыруды дайындау, мәліметтер банкін құру және пайдалану;

– маркетингтік жоспарлау бағдарламаларын, бақылауды, сандық ақпаратты жинау және өңдеуді дайындау процесінде көп нұсқалы есептеулерді жүргізу;

– мәтіндік ақпараттың автоматтандырылып өңделуі және берілуі;

– ұйымды, және оның бөлімшелерін нұсқалаушы құралдармен, байланыс және коммуникацияның басқа да құралдарымен қамтамасыз ету;

– компьютерлік техниканы қолдану негізінде әкімшілік-басқарушылық еңбекті автоматтандыру.

Ақпараттың ішкі жүйесінің маңызды міндеттері мыналар:

– ұйымға қаржылық ақпараттың уақытында түсіп, сапасын көрсету мақсатында басқарудың жоғары деңгейі мен өндірістік бөлімшелерінде қаржылық есептер мәліметтерін жинау және өңдеу қызметін реттеу;

– алғашқы мәліметтерді жинау, өңдеу және сақтау жүйесінің негізгі бағыттарын анықтау;

– ақпартты өңдеу технологиясын дамытудың негізгі бағыттарын анықтау.

Әрбір басшының өзіне керекті ақпаратқа қажеттілігінің деңгейі – күрделі міндет, оны шешу басшының тәжірибесіне, функцияларына және оның басқару шешімдерін қабылдаудағы құзырына байланысты.

Ақпараттың ішкі жүйесі келесі функцияларды атқарады:

– өндірістік-өткізу қызметін оперативті басқару мақсаттары үшін қажетті ақпараттың сипаты мен мазмұнына әрбір басшының қажеттілігін анықтау;

– қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету үшін ұйымның және әрбір менеджердің техникалық құралдарға қажеттілігін анықтау;

– ақпарат жүйесінің үздіксіз қызмет етуін қамтамасыз ету үшін техникалық құралдарды сатып алуға, жалдауға кететін шығындарды орталықтанған жоспарлау;

– ақпарат жүйесіндегі техникалық құралдарды қолдануға кететін шығындар деңгейін анықтау;

– ақпаратты қажетті деңгейде жинау, сақтау және ұсынуды қамтамасыз ету;

– бағдарламалық құралдарды, қолданбалы бағдарламаларды дайындау.

 

4 . Ақпараттық қызмет технологиясы

Ақпараттық қызмет технологиясына материалдық – техникалық база, ақпараттық технология түрлері, жазбаларды жүргізу жүйесі, ақпарат жүктемелері, мәліметтердің ақпараттық базалары, қолданбалы бағдарламалар пакетін құру сияқты түсініктер кіреді.

Ақпараттық қызметтің материалдық – техникалық базасының дамуын бірнеше кезеңдерге бөлуге болады.

Бірінші кезең, 50-60-шы жылдары, ірі габаритті электрондық есептегіш машиналардың құрылып қолданылуымен, ақпаратты жинақтаушы, жүйелендіруші, өңдеуші және ұсынушы техниканың пайда болып, тез дамуымен сипатталады; сонымен қатар техника, мамандандырылған байланыс жүйелерінің жетілдірілуі, мақсатты ақпараттық банктердің құрылуы жүргізілді. Электрондық есептегіш машиналар макроэлектрондық формадағы ақпараттық басқару жүйелерінің базасына айналды.

Екінші кезең – 70-ші жылдар - өндірістік ақпараттық, көліктік және тағы басқа құрылғыларда микропроцессорларды құру және қолданумен сипатталады. Электрониканың дамуының мұндай бағыты кішкене ғана, ыңғайлы есептегіш техника – мини, микро және дербес электрондық есептегіш машиналардың пайда болып, тез таралуына ықпал етіп әртүрлі формадағы және мақсаттағы ақпаратты жинақтау мен беру мүмкіндігін қамсыздандырды.

80-90-шы жылдарды қамтитын этапта ақпараттық технологиялар бірте-бірте тиімдірек болып басқарылатын өндірістік процестерді де, басқару процестерін де қамтиды, автономды және интеграцияланған компьютерлік жүйелердің құрылуын қамтамасыз етті.

Электрондық техника басқарушылық және үстемелік шығындарды үнемдеуге мүмкіндік береді; тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар мен ішкі шаруашылық жоспарлаудың тиімділігін арттырады; секретарь-машинистерді, құжаттандырушыларды алмастырады; бухгалтерлік істе хаттамалық қаржылық құжаттарды дайындауға, банктермен және қаржылық мекемелермен кассалықсыз байланыстарды жүзеге асыруды жеңілдетеді.

Ақпараттың ішкі шаруашылық жүйелерінде келесідегідей есептегіш техника қолданылады:

– ірі габаритты және дербес электрондық есептегіш машиналар;

– микро процессорлар;

– телекоммуникация құралдары;

– электрондық жазба машиналар, енгізілген микро электрондық есептегіш машиналары бар терминалдық құрылғылар;

– мәтіндік ақпаратты өңдеудің автоматандырылған құралдары.

Өндірістік оперативтік басқару жүйесінде мини электрондық есептегіш машиналар қолданылады:

– өндірістің оперативтік жоспарын құру және оның орындалуын бақылау үшін;

– өндіріс процесіне қажетті материалдар қоры қозғалысын бақылау үшін;

– еңбеқ ақыны есептеуге;

– тапсырыстардың түсуін бақылауға;

– өнімді өткізу жөніндегі мәліметтерді талдауға;

– төлемдердің түсуін тіркеу үшін;

– есеп жүргізу және есеп беруді жүргізу үшін.

Ақпараттық технология түрлері. Кезекті шешімдер қағидасы бойынша мәліметтерді жинап, тіркеуін ұйымдастыруда ақпараттық технологияның бірнеше түрлері қолданылуы мүмкін:

– бірыңғай құжат формасында тікелей өндіріс процесінде мәліметтерді жинау және тіркеу, оларды агрегаттау үшін орталық электрондық есептегіш машинаны қолдану; терминалдағы көрсеткіштерді есептеу үшін диалог режимінде мәліметтерді өңдеу;

– еркін құжатты алу, машина есептегіш ақпарат жүктемесін қолдану, компьютерде мәліметтерді өңдеу.

Жаңа технологияларды енгізу сұрақтарын шешу кешендік, жан-жақты қарастыруды талап етеді. Мәселенің техника-экономикалық, ұйымдастырушылық аспектілерін зерттеу ғана емес, жаңа технологиялық енгізулердің өндірістік процестегі жұмысшы жағдайына әсерін де есепке алған маңызды. Еңбек және әлеуметтік-экономикалық факторларды бағалау өте күрделі. Жазбаларды жүргізу жүйесі қажетті ақпаратқа қолжетімділікті жеңілдетуге және қолдануға бағытталған арнайы бағдарламалар негізінде құрылады.

Жазбалардың маңызды түрлері:

– технологиялық құжаттар, сызбалар, инженерлік-конструкторлық есептеулер;

– ғылыми құжаттар, тәжірибелік-конструкторлық жобалар, патенттер және т.б. интеллектуалдық меншік;

– есеп және қаржының есеп мәліметтері, қаржылық құжаттар;

– жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек ақысын есептеу;

– келісім-шарт мәтіндері және тіркемелері туралы құжаттар;

– фирманың жылдық есеп берулер мәтіндері және акционерлер жиналысының хаттамалары;

– өнім және шаруашылық бөлімшелер бойынша маркетингтік бағдарламалар көлемінде көп нұсқалы есептеулерді жүргізуге қажетті мәліметтер;

– жоспарларды және олардың көрсеткіштерін дайындауға қажетті мәліметтер.

Көбіне алғашқы мәліметтер жазбаларын екі топқа бөледі:

– статистикалық (қаржылық) есептік көрсеткіштер сонымен қатар, мәтіндік ақпарат: баяндамалар, хабарламалар, фирманың ағымдық шаруашылық қызметі жөнінде және даму әлеуметі туралы есеп берулер;

– фирманы және оның жеке бөлімшелерін басқаруды жетілдіру сұрақтары бойынша алғашқы топ мәліметтері негізінде құрастырылған ұсыныстар.

Ақпарат жүктемелері. Қажетті ақпарат белгілі бір формаларға – ақпарат жүктемелеріне енгізіледі. Формаларда жалпы ұйым және жеке бөлімшелер жөнінде ақпарат болады. Әрбір форма фирманың шаруашылық қызметінің жағдайы мен дамуына түпкілікті экономикалық талдау жасап, қажетті басқару шешімдерін қабылдауға мүмкіндік беретін статистикалық және фактологиялық ақпаратқа ие.

Формалардың келесідей түрлері бар: ақпартты сақтау үшін мәліметтерді тіркеуге, статистикалық қаржылық есеп беруді зерттеу.

Өзгермелі ішкі шарттарға байланысты алынатын ақпаратпен оның мазмұнына қойылатын талаптар өзгеретіндіктен, алғашқы мәліметтерді нақтылау және қайта өңдеу қажеттілігі үнемі туындап отырады.

Ақпараттық мәліметтер базасына ұйымның және оның өндірістік-өткізу бөлімшелерінің шаруашылық қызметін сипаттайтын статистикалық көрсеткіштердің кешені, сонымен берге фирманың жағдайына және даму тенденциясына әсер ететін барлық факторлар жөнінде фактологиялық материал кіреді. Әдетте деректер базасы құрылғанда оларды сақтау және жаңарту жүйесі және негізделген байланыс, бірлестік, мәліметтерді салыстыру және сәйкестендіру мүмкіндігі жөніндегі сұрақтар да шешіледі. Мұның алғашқы мәліметтерді іріленген топтарға (файлдарға) өз реквизиттермен біріктіру кезінде мәні зор. Деректер базасы нақты бір жүйелі негізде негізгі қолданушылар – менеджерлер талаптарын ескерумен үнемі жаңартылып отырады. Қолданбалы бағдарламалар пакеттерін құру, дербес электрондық есептегіш машиналарды шығарушы ұйымдардың стандартты бағдарламалық құралдарды құруы бүгінгі таңда елеулі дамуға түсіп отыр.