Глоссарий 6 страница
- қызметкерлерді баулу және байланыс орнатуға қабілеттілік.
- баскару әдіс-тәсілдерін білу
- тиімді шешім қабылдауға дағдылану.
Менеджер басқару саласындағы нақтылы бір міндеттерді орындайтын жоғарғы қабілетті кәсіби маман.
Басқару әрекетін жүргізу басшылықтын білім денгейі, басқару тәжірибесіне байланысты. Осыған орай басқару теориясы мен практикасында қолданылатын басқарушылар үлгісін қарастырайық. (схема).
Басқарушылар үлгісі дегеніміз - қажетті іс-қимылды жүргізуде басшылар бойындағы арнаулы білімі, мінез-құлық белгілері.
Қорытынды
Мақсатқа жету ережелері, адамдармен қарым-қатнас жасау әдісі, билік пен басқару шеберлігіне байланыста жіктелінеді. Басқару теориясы мен тәжірибесінде төрт үлгі орын алады:
1. Басқарушы – жетекші (лидер) шешім қабылдауда және оны жүзеге асыруда, қызметкерлермен тығыз қарым-қатынас жасауы, әркімнің мүмкіндігін толық ұғына және бағалай білуі арқылы маңызды орын алады.
2. Басқарушы - әкім ұйымның табысқа жетуі қатаң бақылау және жарлық ету арқылы ұйымдастырудағы міндеттер мен жауапкершіліктің тығыз арақатынасын орнатады.
3. Басқарушы - жоспарлаушы. ол нақтылы жағдайды зерттей отырып ұйымдағы ресурстар мен мүмкіндіктерді мақсатты орындауға бағыштайды.
Жоспарлаушы қабылдаған шешімдер көлемді деректерге шешімдер көлемді деректерге және ұйым болашағын дамытуға сүйене отырып орнықтырылады.
4. Басқарушы кәсіпкер - ол ұйым болашағын жаңа бағытта белгілейді. Басқарушы кәсіпкер - өнім өндірушілерді қолдау мен қызықтыруда, бәсекелестік пен қызметкерлерді тиімді жетілдіруде, стратегиялық жоспарлауды қамтамасыз етуде маңызды орын алады.
Лекцияға әдістемелік нұсқаулар
Осы лекцияны қарастыру барысында менеджменттің басқару әдістеріне аса көңіл аудару керек және де әсер ететін факторлардың сипаттарына назар аудару керек
Әдебиеттер
- Анафияева Ж. Менеджмент, Астана, 2008 ж.
2. Ахметов К.Ғ. Сағындықов Е.Н. Менеджмент негіздері. Ақтөбе-Орал.: «А-Полиграфия», 2005 2.
3. Бердалиев К.Б. «Менеджмент» / Курс лекций.- Алматы Экономика, 2005.
4. Бердалиев К.Б «Басқару негіздері» Аламты «Экономика»1997ж.
5. Каренов Р.С., Раимбеков Б.Х:, Акжолов А.М: Основы менеджмента.- Караганды: Полиграфия, 1995г.
6. Герчикова И.Н. Менеджмент: Учебник -3 издание перераб. и доп. Менеджмент: Банки и биржи. Юнити, 1997
7. Глухов В.В Основы менеджмента, Санкт- Петербург, Спец- Литература, 1995
8. Ленд П.Э Менеджмент – искусство управлять/ перевод с англ. М: ИФРАМ, 1995
9. Опалев А.В Умение общаться с людьми. Этикет делового человека. М: Культура и спорт, Юнити 1996
Тақырып 5 - Ұйымның ішкі және сыртқы ортасы
Мақсаты: Қазіргі кезде кәсіпорының іс-әрекеті шаруашылық қатынастар күрделінуімен сипатталады. Осы сипаттарға бірнеше фактор әсер етеді. Оның ішнде кәсіпорынның сыртқы және ішкі ортасы. Тақырыптың мақсаты кәсіпорынның сыртқы және ішкі ортасының сипаттамасын беру.
1. Ұйымның ішкі ортасы
2. Ұйымның сыртқы ортасы
1.Ұйым көптеген өзара байланысты бөліктерден құралған ашық жүйе болып табылады. Ұйымның бұл бөліктерін ішкі айналымдар деп атайды. Ішкі айналымдар бұл ұйым ішіндегі ситуациялық факторлар: мақсат – бұл ұйымның соңғы нәтижесі немесе бір топ адамдардың бірігіп жетуге ұмтылатын көрсеткіш. Ұйымның мақсаты көп түрлі болуы мүмкін. Коммерциялық емес ұйымдардың мақсаттары бір-бірімен айтарлықтай ерекшеленеді.
Өндірістік кәсіпорын, мысалы: пайда алу үшін нарық үлесі жаңа өнімді жасау, қызмет сапасы, жұмысшы қызметкерлерді даярлау және таңдау т.с.с. аймақтарда өз мақсатын тұжырымдап алуы қажет. Бөлімшелердің мақсаттарына қайшы келмеуі керек.
Ұйым құрылымы. Ұйымның әрбір бөлімшесі белгіленген қызмет түрін орындап отырғандықтан оларды функционалдық бөлімдер деп аталады. Ұйым құрылымы – бұл басқару деңгейлері мен функционалдық бөлімдердің ұйым мақсатына барынша тиімді жолмен жетуге мүмкіндік беретін формада құрылған логикалық қарым-қатынастары. Функционалды бөлімдер мен сәйкес бөлімшелердің пайда болуы бұл көлденең еңбек бөлінісінің нәтижесі болып табылады. Функционалы облыстардың саны ұйымның негізге құрылымын анықтайды. Басқару деңгейлерінің иерархиясын қалыптастыратын еңбектің тік бөлінісі де ұйымда үлкен маңызға ие. Бұл иерархияның негізгі белгісіне әрбір деңгейдегі қызметкерлердің ресми бағыныштылығын жатқызуға болады.
Бір басшыға бағынатын қызметкер саны бағынатын болса, онда бұл басқарудың жатық құрылымының қалыптасуына алып келетін басқарудың кең сферасы болып келеді. Жұмыс нақты тігінен және көлденең бөлініп отырса, координациялау қажеттілігі туындайды. Координациялау механизмінің біріне жалпы ұйым мен оның әрбір бөлімшесіне, оның мақсатын тұжырымдап хабарлау жатады.
Ұйымдағы еңбекті бөлудің тағы бір бағыты міндеттерді қалыптастыру болып табылады. Міндет – бұл белгіленген мерзім арасында бекітілген тәсілмен орындалуы қажет жұмыс сериясы немесе жұмыстың бір бөлігі. Техникалық көзқарас тұрғысынан міндеттер жұмыскер емес, оның қызметіне жіктеледі. Әрбір лауазым ұйым мақсатына жетуге мүмкіндік беретін бірқатар міндеттерден құрылады. Ұйым міндеттерді әдеттегідей 3 категорияға бөлінеді. Бұл адамдармен, заттармен, ақпараттармен жұмыс істеу. Міндеттердің келесі 2 белгісі бар: бұл олардың орындалуына қажет уақыт.
Технология. Бұл бастапқы қажетті өнім қызметтерге айналдыру құралдары. Міндеттре мен технология өзара тығыз байланысты. Міндетті орындау материалдарды дайын өнімге өзгерту құралдары ретінде нақты технологияны пайдалануды ұйғарды. Технологиядағы ірі толқулар, өнеркәсіп төңкерістері, стандартизация және механизация, конвейерлі құрастыру машиналарын қолдану басқаруға үлкен әсер етеді. Өндірістік фирмалардың барлық технологияларын 3 категорияға бөлуге болады:
1. Бірлік, ұсақ немесе жеке дара өндіріс. Мұнда бірдей бұйымдардың жеке немесе ұсақ сериясы бір мезгілде өндіріледі.
- Жаппай немесе ірі сериялы өндіріс. Мұнда біркелкі бұйымдардың үлкен мөлшері дайындалады. Мұнда технология механизациямен стандартты бөлшектермен құрастырудың конвейерлі тәсілін пайдаланумен сипатталады.
- Үзіліссіз өндіріс. Мұнда бірдей өнімді ірі көлемде өндіруді тәулік бойы жұмыс істейтін автоматты құрал-жабдықтар қолданылады.
Адамдар.Адамдар кез-келген басқару моделдерінің негізгі факторлары болып табылады. Өйткені нақ адамдар арқылы басшылық ұйым мақсатына жетеді. Қоғамдағы және қызмет бабындағы адамдардың іс-әрекет тәртібі тұлғаның жеке қасиеттерінен сыртқы орта факторлармен анықталады. Адамдардың келесі қасиеттері белгілі:
- қабілеттілік, яғни адамдарға тән қасиеттер. Оларға интелектуалдылық және бірқатар физикалық қабілеттілік жатады. Бұл қабілеттіктердің барлығы негізінен тәжірибе арқылы жинақталады. Басқаларға қарағанда белгілі бір жқмыстың жақсырақ орындауға қабілетті адамды жұмысқа қабылдау маманданудың тиімділігін арттырады.
- Бейімделгіштігі, бұл белгілі бір нақты жұмысқа қатысты адамның бар мүмкіншілігі. Табиғи және тәжірибе арқылы жинақталған қасиеттердің нәтижесі бола отырып бейімделгіш қасиеті нақты қызметті тиімді орындау қабілеттілігінде болуды жеңілдетеді.
- Қажеттілік, Адамға бір нәрсе жетіспейтіндігінің психологиялық және
физиологиялық ішкі жағдайы. Егер олар қанағаттандырылмаса, адам оларды барынша қанағаттандыруға тырысады.
- Күтімдер. Бұрынғы тәжірибеде және ағымдағы жағдайларды бақылауға негізделе отырып, адамдар өз күтімдерін іс-әрекет нәтижесіне қалыптастырады. Егер адамдардың іс-әрекеті жеке қажеттілігінқанағаттандырмай, ұйым мақсатына жетуге алып келмейтіні күтілетін болса, олар тиімді қызмет атқармауы мүмкін.
- Сезіну. Сезіну деп аталатын стимулдардың интелектуалды немесе саналы сезінуі. Ол нақты индивидум үшін шындықты анықтайды. Нақты болып отырған процестерді сезіну деңгейіне ғана адам өз іс-әрекетін өзгертеді.
- Көзқарас. Көзқарасты сыртқы ортаға объективті емес сезімдерді
қалыптастырып, «мынау ұнайды», «не ұнамайды» адам іс-әрекеттеріне өзгеріс енгізеді.
- Құндылықтар. Бұл өмірде не жақсы, не жаман екенін анықтайтын жалпы көзқарастары. Игіліктердің маңыздылығы, сапалалығы бойынша жіктелуі арқылы құндылық анықталады.
Ішкі айналымдар өзара байланысты болып келеді. Олардың жиынтығы әлеуметтік жүйені құрайды. Өйткені, олар: әлеуметтік (адамдар) және технологиялық (басқа ішкі айналымдар) деген компоненттерден құралады. Бір ішкі айналымның өзгерісі белгілі бір дәрежеде басқаларына әсер етеді. Белгілі бір айналымды жетілдіру (технологияны) міндетті түрде өнімділіктің артуына алып келмейді. Өйткені кей жағдайда бұл өзгерістер басқа айналымдарға кері ықпал тигізуі мүмкін.
Технология
Адамдар Мақсаттар Құрылым
Тапсырмалар
Сурет 1 - Ішкі өзгерістердің байланысы
Ұйымның сыртқы ортасы
Кез-келген ұйым ашық жүйе болғандықтан, өзін ресурстар, энергия, кадрлармен қамтамасыз етумен тұтынушыларға қатысты сыртқы ортаға тәуелді болады. Сол себепті басшылар сыртқы орта жағдайын есепке алып отыруы қажет. Ұйымның өміршеңдігі басшыларға байланысты болғандықтан, менеджер ұйымға әсер ете алатын барлық факторларды дұрыс анықтай алуы шарт. Сонымен бірге, ол сыртқы орта өзгерістеріне бейімдеулу тәсілдерін де ұсына алуы қажет.
Сыртқы ортаға анықтама беру бұл айтарлықтай күрдклі мәселе, өйткені әлемдегі барлық факторларды бақылауға алу мүмкін емес. Сондықтан да сыртқы орта факторларын ұйымның табыстылығына тікелей әсер ететін аспектілермен ғана шектеген жөн. Джеральд Беллдің анықтамасы бойынша ұйымның сыртқы ортасына: тұтынушылар, бәсекелестер, үкімет мекемелері, жеткізіп берушілер, қаржы ұйымдары, еңбек ресурстары сияқты элементтер жатады.
Қоршаған ортаны анықтау жеңіл болуы үшін және оның ұйымға тигізетін әсерін есепке алу үшін сыртқы факторлар 2 негізгі топқа бөлінеді:
- тікелей әсер ету ортасы;
- жанама әсер ету ортасы.
Тікелей әсер ету факторлары ұйым операциясына тікелей түрде ықпалын тигізетін факторлар жатады. Бұған жабдықтаушылар, еңбек ресурстары, заңдар мен мемлекеттік реттеу мекемелері, тұтынушылар мен бәсекелестер жатады.
Жанама әсер ету ортасының факторлары операцияларға тікелей әсер ете алмағанымен біршама өзгерістер туғызуы мүмкін: экономиканың ахуалы, ғылыми техникалық прогресс, әлеуметтік, мәдени және саяси өзгерістер.
Сыртқы ортаның сипаттамасы
- Сыртқы орта факторларының өзара байланыстылығы. Бұл бір фактор өзгерісінің басқа факторларға ықпал ету күшінің деңгейі, яғни сыртқы ортаның бір факторыныңөзгерісі басқаларының өзгерісін туғызады.
- сыртқы орта күрделілігі. Бұл ұйымның есепке алатын факторлар саны. Сонымен бірге әрбір фактордың көп варианттылық немесе көптүрлілік деңгейі.
- Сыртқы ортаның өзгермелілігі. Бұл ұйым ортасындағы өзгерістердің жылдамдылығы. Ортаның өзгерістерге бейімделгіш болуы жағдайында ұйымдар тиімді шешімдер қабылдау үшін түрлі ақпараттарға жауап бере алуы қажт. Бұл қабылдау процесін қиындатады.
Тікелей әсер ету ортасына келесілер жатады:
Жеткізіп берушілер- жүйелік көзқарас тұрғысынан ұйым бұл кірістің шығысқа айналдыру механизмі болып келеді. Кірістің негізгі түрлері материалдар, құрал-жабдықтар, энергия, капитал және жұмыс күші. Ұйым мен жоғарыда аталған ресурстардың қолданылуын қамтамасыз ететін жеткізіп берушілер арасындағы тәуелділік. Бұл ұйым қызметінің табыстылығы мен операцияларына сыртқы ортаның тікелей әсер етудің айқын мысалының бірі болып келеді. Кейбір жағдайда белгілі бір аймақ ұйымдары іс жүзінде бір жеткізіп берушімен ғана қарым-қатынас жүргізеді.. Сондықтан олардыңбарлығы жеткізіп берушінің тәуелділігіне тепе-тең дәрежеде түседі. Мыалы: энергиямен қамтамасыз ету барлық ұйымда энергияны мемлекет бекітіп қойған циклдар бойынша сатып алады және олардың баламалы жеткізіп берушіні табу мүмкіншілігі болмайды.
Материалдар – кейбір ұйымдар материалдардың үзіліссіз ағымына тәуелді болады. Әсіресе өндірістік және саудалық жеткізулрді мұндаймөлшерде қамтамасыз ету мүмкіншілігінің болмауы үлкен қиыншылықтарды туғызады. Жапонияда запастарды шектеу әдісі өте танымал. Фирмаларөндірістік процестің әрбір кезеңіне қажетті материалдар «дәл мерзімде» принципі бойынша жеткізілуі қажет деп санайды. Жеткізу қызметінің мұндай жүйесі өндіруші мен тұтнушының өзара тығыз қарым-қатынасын қажет етеді.Басқа елдерде запастарды үлкен көлемін қамтамасыз ету үшін баламаны жеткізіп берушілерді іздену қажеттілігі туындауы мүмкін. Алайда, запастарға және оларға сақтауға жұмсалатын қаржылар басқа қажеттіліктерге шығындалмай, байланып қалады.
Капитал - өсу мен гүлдену үшін фирмаға тек материалдарды жеткізулер ғана емес, капитал жеткізіп берушілер де қажет. Потенциалды инвесторлар қатарына банктер, зайомды беретін мемлекеттік мекемелер (инвестициялық қорлар), акционгерлермен жеке тұлғалар жатады. әдетте, компанияның жағдайы неғұрылым жақсы болса, соғұрылым оның инвесторлармен келісіп, қажетті қаржылар көлемін алу мүмкіндіктері де жоғары болады.
Еңбек ресурстары – арнайы мамандықтағы және квалификациялы жұмыс күшімен қамтамасыз ету ұйымның тиімді қызмет атқаруының қажетті шарты болып келеді.
Заң және мемлекеттік органдар – жекеменшік экономикада негізінен сатып алушы мен сатушылар арасындағы өзара байланыстар көп түрлі құқықтық шектеулер ықпалына түседі. Әрбір ұйым белгілі бір құқықтық статусқа ие болады (жеке меншік, компания, корпорация).Статус – кәсіпорын өз қызметін қалай жүргізуі қажет, қандай салық төлеу керек екенін анықтайды. Соңғы кезде бизнеске тікелей әсер етуін заңдардың саны мен күрделілігі күрт өсіп отыр. Бұл заңдарға деген кәсіпорынның көзқарасы қандай болса да, оларды орындау немесе заңды бұзғаны үшін айып пұл түріндегі санкцияларды төлеуге тура келеді.
Ұйымдар бекітілген заңды ғана емес, мемлекеттк реттеу органдарының талаптарын да орындауы шарт. Бұл органдар өз компетенциясындағы сфераларында заңдылықты күштеп орындалуын қамтамасыз етеді.
Тұтынушылар – ұйымның өміршеңдігі – тұтынушыларды тауып, оның қажеттілігін қанағаттандыру қабілеттігіне тәуелді болады. Тұтынушылар оларға қандай тауар мен қызметтер және қандай бағамен қажет екендігін шешуде, ұйым үшін барлық дерлік қызмет нәтижелерін анықтайды.
Бәсекелестер – көп жағдайда бәсекелестер ұйым өнімді қандай бағамен сатып алатынын анықтайды. Ұйымдар тұтынушылар үшін ғана емес, еңбек ресурстары, материалдар мен капиталдар белгілі бір техникалық жаңалықтарды пайдалану құқығы үшін де бәсекеге түсуі мүмкін. Бәсекеге жұмыс жағдайы, еңбек ақысы басшылардың бағыныштылығы мен қатынас сиапаты секілді ішкі факторлар тәуелді болады.
Жанама әсер ету факторлары
Жанама әсер ету ортасы әдетте тікелей әсер ету ортасына қарағанда күрделірек болады. Басшылық бұл ортаны талдауда толық емес ақпаратқа негізделеді. Жанама әсер ететін негізгі факторларға: технология, эконосикалық жағдай, әлеуметтік – мәдени және саяси факторлар, жергілікті факторлар өзара байланыста жатады.
Технология бір жағынан ішкі айналымды, екінші жағынан сыртқы факторларға жатады. Жоғары деңгейлі технологиямен тікелей қызмет ететін ұйымдар жаңалықтарды өздігінен жасап, оларды шапшаң игеру қабілетіне ие болу керек.
Экономикалық жағдай. Экономиканың ахуалы барлық енгізетін ресурстар құны мен тұтынушылардың сатып алу қабілеттіліктеріне әсер етеді. Экономикалық жағдай ұйымға өз қажеттілігіне қажет капитал алу мүмкіндіктеріне үлкен ықпал тигізуі мүмкін. Бұл үкіметтің экономиканы салықтар, ақша массасын, пайыз ставкасын реттеу жолымен жүзеге асырылуымен байланысты.
Әлеуметтік-мәдени фактор – құрамына өмірлік құндылықтар, дәстүрлер ережелер жатады. Мысалы, АҚШта контрактіге отыру үшін пара беру, бәсекелестерге кір келтіретін лақаптың таралуы заңға қарсы іс-әрекеттер деп саналады. Бұлай саналмағанның өзінде де бұл іс-әрекеттер этикалық емес алаяқтық деп танылады.
Саяси фактор. Саяси жағдайдың кейбір аспектілері басшылар үшін ерекше мәнге ие болады. Олардың қатарында бизнеске деген әкімшіліктің, заң органдарының соттардың көзқарасы. Мұндай көзқарастар табыстарға салық салу, салық жеңілдіктерін белгілеу, тұтынушыларды қорғау туралы заңдылық, қауіпсіздік және қоршаған ортаның стандарттары, бағалар мен еңбекақыныбақылау өкіметтің іс-әрекетіне әсер етеді.
Жергілікті халықпен қарым-қатынастар. Барлық ұйымдар үшін ұйым қызмет ететін жергілікті қауымдастықтың көзқарасы жанама әсер ету ортасының факторы ретінде бірінші дәрежелі мәнге ие болады. Әрбір қоғамда бизнеске қатысты нақты заңдылықтар мен ережелер болады. Көптеге ұйымдар өздері қызмет атқаратын қауымдастықтар мен жақсы қарым-қатынастарды сақтау үшін үлкен күш-жігер жұмсайды.
Қорытынды
Сонымен кәсіпорын іс-әрекетіне көбінесе екі фактор әсер етеді: ол сыртқы және ішкі орта. Сыртқы ортаның факторлары өзі екі түрден тұрады: жанама түрде әсер ететін факторлар және тікелей түрде әсер ететін факторлар.
Лекцияға әдістемелік нұсқаулар
Осы лекцияны қарастыру барысында менеджменттің басқару әдістеріне аса көңіл аудару керек және де әсер ететін факторлардың сипаттарына назар аудару керек.
Әдебиеттер
- Анафияева Ж. Менеджмент. ОӘК, Астана, 2008 ж.
2. Ахметов К.Ғ. Сағындықов Е.Н. Менеджмент негіздері. Ақтөбе-Орал.: «А-Полиграфия», 2005 2.
3. Бердалиев К.Б. «Менеджмент» / Курс лекций.- Алматы Экономика, 2005.
4. Бердалиев К.Б «Басқару негіздері» Аламты «Экономика»1997ж.
5. Каренов Р.С., Раимбеков Б.Х:, Акжолов А.М: Основы менеджмента.- Караганды: Полиграфия, 1995г.
6. Герчикова И.Н. Менеджмент: Учебник -3 издание перераб. и доп. Менеджмент: Банки и биржи. Юнити, 1997
7. Глухов В.В Основы менеджмента, Санкт- Петербург, Спец- Литература, 1995
8. Ленд П.Э Менеджмент – искусство управлять/ перевод с англ. М: ИФРАМ, 1995
9. Опалев А.В Умение общаться с людьми. Этикет делового человека. М: Культура и спорт, Юнити 1996
Тақырып 6 - Басқарудың ұйымдастыру құрылымы мен басқару нормасы
Мақсаты:басқару процесіндегі басқару мен ұйымдастыру құрылымын анықтап, нормасын талдау.
Жоспары:
1.Өкілеттік және олардың түрлері
2.Басқару өкілдігін бөлу
3.Орталықтандыру және орталықсыздандыру
4.Ұйымдастыру процесіндегі координация
1. Өкілеттік және олардың түрлері
Кәсіпорынды басқарудың құрылымының әрбір элементі – салалық немесе жеке міндет – нақты басқарушылық өкілетін тасушы болып табылады, яғни арнайы берілген құқықтардың, жеке өзі шешім қабылдау міндетінің, кәсіпорын мүддесі үшін жасалған әрекеттерді қалыптастырудың жиынтығы.
Өкілеттік кәсіпорынның немесе салалардың басқарушылары мен қызметкеріне тапсырылады.
Олар жұмыстың бір бөлігіне немесе толығымен өзі жауап беретін персонифициялық өкіл болып табылады.
Кәсіпорындарда өкілдіктің бірнеше түрлері бар: басқаратын, кепілдемелік, есептік-бақылау, координациялық, келісімдік.
Басқаратын өкілдіктің мәні – оны иеленуші шешім қабылдауға құқығы бар, оған қатыстылар орындарға міндетті. Бұл өкілдіктер сызықты және функционалды болуы мүмкін.
Сызықты өкілдік – басқарушылар мен бағынушылардың арасындағы тіке міндеттік байланыс болады. Мұнда біріншілер екіншілерге мақсатқа жету үшін нені, қашан, қайда жасайтын міндеттерін көрсетеді.
Сызықты өкілдік шеңберіне мыналар жатады: сала әрекетінің оперативті басқару, персонал еңбегін ұйымдастыру, талаптар құру, жұмысшылардың орындау қажет міндеттері, қызметкерлерді қабылдау және шығару, әрекеттерді бағалау, мадақтау және жазалау, ұжымда жақсы психологиялық климатты ұстап тұру.