Глоссарий 3 страница
Өндірістің басқару жүйесіндегі басқарудың объектісі мен субъектісінің өзара іс-әрекеті
Өндірісті басқаруға басқарудың өз объектісі мен субъектісі тән. Басқару процесі көп қырлы қоғамдық қатынастардың кешенін қамтиды әрі объенктивті және субъективті факторлар жиынтығының әрекетімен анықталады.
Басқару процесінде объективті мен субъективтінің арақатынасы «анықтаушы» және «шешуші» ұғымдар арқылы анықталуы мүмкін. Оның өзіңде де, «анықтаушы» құбылыстың қажетті шарты ретінде болғанда ғана анықталмақ. Алайда, мұның өзі жеткіліксіз. Объективті процеске субъективті фактордың кері әсерін білдіретін «анықтаушыны» ұштастырғанда ғана процесті жүзеге асырудың нағыз шынайы шартын тудырады. Басқаруда субъективті фактор болған күннің өзінде басқару ісін субъективті ете алмайды.
Ықпал етудің тиімділігі адамдардың басқару объектісінің объективті жағдайын, оның ішкі заңдылықтарға бағынатын табиғатын қалай түсініп, қалай қабылдайтынын көрсететін деңгейімен анықталады.
Объективті мен субъективтінің өзара ықпалын талдау жалпы дүниетаныммен, гносеологиялық аспектімен ғана шектеліп қалмайды: объективті алғашқысы, субъективтісі оның көрінісі, сөйтсе де, оның шартын тудыратын белсенді кері әсер етуді көрсетеді.
Өндірісті басқару объектісінің жалпы түріне оның салалар мен аймақтарын құрайтын барлық халық шаруашылығы өндірістің негізгі буындары – кәсіпорындар мен бірлестіктер жатады.
Мұнда басқару өндірістік күш пен өндірістік қатынастардың бірлігі ретінде болатын осы объектілермен істес болады.
Қоғамдық өндірістің басқару объектісіне барлық халық шаруашылығының кооперация ауқымында қызметкерлерді өндіріс құралдарымен біріктіретін саналы ұйымдар жатады.
Халық шаруашылығының басқару объектісіне саналы түрде қолдау көрсетілетін халық шаруашылығының үйлесімділігі, экономиканың теңгерімділігі және динамикалық дамуы кіреді.
Басқару ұлғайтылған ұдайы өндіру процесініі объектісіне ие.
Өндірісіті басқару объектісі – бұл ел территориясына өндірістік күштерді ұтымды орналастыру әлдеқайда тиімді территориялық кешендерді құру.
Өндірісті басқаруда объекті ретінде маңызды орынды бейөндірісітік салалар алады – ғылым, білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет.
Түпкі негізінде кез келген басқару объектісінің орталық буынына қызметкерлердің ұжымы жатады.
Осылайша, кең мағынасында барлық өндіріс басқару объектілері деп саналады.
Басқарудың субъектілеріне мемлекет, қоғамдық ұйымдар және елдің әр азаматы кіреді.
Бұл жүйенің негізгі элементіне мемлекеттік органдар жатады.
Барлық мемлекеттік органдарды бір-бірінен ажыратып көрсету қажет: өкілдікті органдар; атқарушы және билеуші органдар; әділ сот органдары; өндірістің басқару функцияларын орындаушы және тікелей мемлекеттік басқару (орындаушы) органдары.
Өндірістің басқару мәселелерін мына органдар шешеді:
– билік органдары (өкілдікті органдар);
– мемлекеттік басқару органдары – мемлекеттік комитеттер, министрліктер.
Жүйелі тәсілдеме өндірісті басқарудың мақсаттары
Барлық басқару процесінің бастапқы кезінде оның мақсаттары анықталады.
Басқару мақстаттары әрдайым саналы түрде болады әрі оны адамдар қалыптастырып отырады. Мақсаттар негізінде объективті болады, онда қоғамның тұтастай экономикалық және әлеуметтік даму заңдылықтары көрініс табады. Басқару мақсаттарын дұрыс анықтай білудің басқару жүйесін қалыптастыруда маңызы зор.
Кезінде Ф.Энгельс әлемде мақсаттарсыз ештеңе істелмейді, деп атап кеткен. Ф. Энгельске дейін Спиноза Барух (ХVІІ ғ.), «мақсат әлемді билейді», деп айтып кетіпті.
«Өмірдегі максат адам қадірі мен бақытының жүрек қағысы болып табылады» (Н.Д. Ушинский).
Мақсаттар өз мазмұндары, басқарудың деңгейлері бойынша және уақыт қимасымен жіктеледі. Мақсаттардың мазмұны өндірісті басқару аспектілерінің күрделілігін әрі көп қырлылығын бейнелейді. Мақсаттар мазмұны бойынша мыналарға бөлінеді: экономикалық мақсат, әлеуметтік мақсат, саяси мақсат және ғылыми-техникалық мақсат.
Экономикалық мақсаттар ең алдымен елдің халық шаруашылығының дамуымен, нақтырақ айтқанда, өндірістік күштер мен өндірісітік қатынастардың дамуымен байланысты болады.
Әлеуметтік мақсаттар қоғам мүшелерінің материалдық және рухани қажеттіліктерін, сонымен бірге, оның әлеуметтік құрылымын дамыту талаптарын нақтылап береді. Әлеуметтік мақсаттарға мәдениеттің, білім берудің, денсаулық сақтаудың және тағы басқалардың даму міндеттері кіреді.
Саяси мақсаттар: оны кез келген мақсаттың құрамдық бөлігі ретінде қарастыруға болады. Идеология, саясат адам қызметі барлық бағытын қамтиды.
Бұл мақсаттар қоғам дамуының барлық мақсаттарын бір - біріне жанама түрде қатысты етеді.
Ғылыми-техикалық мақсаттар – ғылыми- техникалық прогресс қоғамдық өндірісті дамытудың және қоғамдық өндірістің тиімділігін арттырудың маңызды факторы болып табылады әрі қоғамдық мақсаттардың қатарына кіреді. Алайда мемлекеттік органдарға, ғылыми - зерттеу институттарына, жобалау институттарына, конструкторлық бюроға, ғылыми- техникалық ақпарат ұйымдарына және т.б. сәйкес кешенді түрде жүзеге асатын ғылым мен техниканың даму мақсаттарының өзіндік ерекшеліктері болады.
return false">ссылка скрытаБасқару деңгейлерін былайша бөліп көрсетуге болады: халық шаруашылығы, салалар, территориялық кешендер, бірлестіктер мен кәсіпорындар мақсаттары.
Мақсаттардың уақытша аспектілері бөліп көрсетіледі: ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді немесе ағымдағысы.
Нақты өмірде мақсаттар белгілі бір ережеге сәйкес бір- бірімен тоқайласады, мақсаттар өз иерархиясында, егер осылай деп айтуға келетін болса, белгілі бір дәрежеде бір-бірімен матасқан. Мәселен, әлеуметтік-саяси мақсаттарды белгілеу өндірістік техникалық таңдауды, ал алдағы кезеңнің мақсаттары – ағымдағыны ұйғарады. Жалпы мақсат бірнеше локальдық немесе жекелеген мақсаттармен нақтыланады.
Мақсаттардың жіктеліміне сәйкес басқарудың тиісті функциялары бөліп көрсетіледі.
Мақсатты тұжырымдаудың салыстырмалы түрдегі жаңа тәсілдемелері мен әдістерін екі топқа біріктіруге болады: зерттеу және эвристикалық (эвристика (грек тілінен аударғанда - табамын)- «аққиқаттты таба білу өнері» - адамдардың логикалық жүйесі және теориялық зерттеудің әдістемелік ережесі) әдістері.
Зерттеу әдістері басқару мақсаттарын анықтаудың экстраполяциялық тәсілдемесін; мақсатты функцияны және шектеулердің жиынын қамтитын экономикалық объекті моделіне қолданылатын оңтайлы тәсілдемені; объектіні алдағы кезеңге бейімдейтін бейімдеуші тәсілдемені пайдаланады.
Білімнің үш сатысы – нақты білім, тұрлаусыз білім және білімсіздік болашақта болуы ықтимал, деп болжатын отыр.
Эвристикалық әдістер – онда міндетті түрде сарапшылар қатысады.
«Дельфи» әдісі – сарапшылар үлкен ұжымға топтасады әрі олар бір жерге бас қоспай-ақ, бір-бірінен тәуелсіз болып, жүйелерді дамытудың мақсаттары туралы өз пікірлерін айтады. Пікірлерін сауалға жауап қайтару түрінде білдіреді; тіпті сауал қоюшылар сарапшыларға барып, олардан жазбаша түрде жауап алып қайтады.
Түпкілікті сараптық шешімді шығару бірнеше кезеңдермен жүзеге асырылады:
- жеке сұрау салу (сауалнама);
- анықтамаларды жасау (әр қилы пікірлер турасында);
- жүйе бойынша пікірлердің бар болуы туралы сарапшылардың ақпараты.
Сараптық нұсқаларды түзету процедурасы пікірдің бір ауызды болуына қол жеткізетін мақсаттар іріктеліп болғанша бірнеше рет жүзеге асырылады.
Операциялық ойын. Сарапшылар белгілі бір сценарий бойынша мақсаттарды қалыптастыратын нақты тұлғаның қызметін ұқсатады (имитируют)... Жалпы пікірталастыру мәсіжілісінде мақсаттың ең қолайлы нұсқасы таңдап алынады.
«Мақсаттар ағашы» әдісі. Мақсаттарды рет-тәртіпке келтіріп ұсыну «мақсаттар ағашы» атауына ие болған әдіспен жүзеге асырылады.
«Мақсаттар ағашы»- бұл мақсаттардың арасындағы байланыстардың және бірқатар эвристикалық процедураларды қолданумен дедуктивті логика принципі бойынша құрылған мақсаттардың байланысына қол жеткізетін құралдардың графикалық бейнесі.
Бұл әдіс болашақтағы оқиғалардың өзара байланысын нақты әдістердің тізбесін алуға дейін толық көрінісін (картинасын) көрсетуге әрі олардың салыстырмалы маңызы туралы ақпаратты алуға мүмкіндік береді. Ол мақсаттардың құрылымы мен ұйымдық құрылым арасына сәйкестік тудыру арқылы тікелей орындаушыларға дейін мақсаттарды жеткізу бойынша жұмысты қамитамасыз етеді.
«Мақсаттар ағашы» иерархия түрінде берілген бірнеше деңгейдегі мақсаттардан тұрады: басты мақсат – І деңгейдің (басты мақсаттың) қосалқы мақсаты – ІІ деңгейдің қосалқы мақсаты және т.б.
Ұйымдық құрылымның жүйелі тәсілдемесі
Басқарудың ұйымдық құрылымын ғылыми негізде құру барлық уақытта да экономиканы басқаратын жүйенің көкейкесті міндеті болып келеді.
Жүйелі тәсілдеме сандардың номативтерін және басқарудың міндетті істерін ғылыми негізде анықтау шартын тудырады. Ол ұйымдық-басқарудың құрылымын қалыптастырушы жалпы процестің бір бөлігі ретінде қарастырылады. Жүйелі тәсілдеме ұйымдастыру ісін жобалаудың әлдеқайда жалпы принциптеріне бағдарланағн.
Жүйелі тәсілдеме ең алдымен ұйым мақсаттарының жүйелерін бірінші кезекте анықтауды ұйғарады. Өйткені олар басқару аппаратының міндетті істерінің мазмұнын әрі міндеттеріңнің құрылымын тудырады. Бұл кезеңнің маңызы өте зор.
Басқарудың ұйымдық құрылымын қалыптастыратын түрлі әдістер біртұтас жүйеде қарастырылуы керек.
Бұрындары басқару іс-тәжірибесінде ұйымдық құрылымды қалыптастыратын негізгі төрт әдіс болатын:
1. Мақсаттарды құрылымдау;
2. Сараптық- талдамалық;
3. Ұйымдық үлгілеу;
4. Ұқсастықтар
Бұлардың әрбіреуі ұйымдық жобалау міндетін шешуде әр түрлі мәнге ие бола алады.
Басқарудың ұйымдық құрылымын қалыптастырушы барлық процесті үш ірі сатыға бөлуге болады:
1. Басқару аппаратының жалпы құрылымдық схемаларын қалыптастыру.
2. Негізгі бөлімшелердің құрамы мен олардың арасындағы байланысты әзірлеу
3. Басқару қызметінің процедурасы мен басқару аппаратының сандық сипатын әзірлеу
Осы сатылардың әрқайсысының мазмұны басқару объектісінің ерекшелік-тері мен оның жұмыс істеу шарттарына байланысты болды.
«Композиция» сатысының бастапқы сәтіне басқарудың ұйымдық құрылымының мақсаттары мен міндеттерін қалыптастыру жатады. Мақсаттық тәсілдеменің ұйғаруы бойынша, әрбір мақсаттың жетістікке жетуін ұйымдастырушылық тұрғыдан қамтамасыз ететін бөлімшесі (функциялық блок, басқару, бөлім, мақсатты бағдарлама) көрсетіліп беріледі.
Ұйымдық құрылымның бұл сатысында басқару жүйесіндегі деңгейлердің қанша екені анықталады әрі шешім қабылдауды орталықытандыру және орталықсыздандыру, міне, осы екуінің негізгі арақатынасы анықталады.
Басқарудың ұйымдық құрылымын жобалаудың екінші сатысының («құрылымдау») негізгі ерекшелігі – басқару аппараты бөлімшелерінің ұйымдық шешімдерін әзірлеуді әрі ұйым ішінде байланыстарды орнатуды көздейтін басқару аппаратындағы негізгі бөлімшелердің құрамын анықтайды.
Басқару аппаратының «құрылымдау» сатысы жалпы құрылымдағы жекелген блоктардың (жежілік-функциялық бағдарламалы- мақсатты) нақты сипатын анықтайды әрі дербес бөлімшелердің оңтайлы құрамын да анықтайды.
Басқару аппаратының «құрылымдау» сатысы жалпы құрылымдағы жекелеген блоктардың нақты сипатын әрі дербес бөлімшелердің оңтайлы құрамын да анықтайды.
«Құрылымдау» сатысын жүзеге асырудың нәтижесінде басқару аппараты қосалқы жүйелердің ұйыымдық схемалары әзірленуі керек.
Үшінші саты - ұйымдық құрылымды «реттемелеу»- басқа қызметінің процедурасы мен басқару аппаратының сандық сипаттамасын әзірлеуді қарастырады.
Мұнда екі негізгі реттемелеуші құжат бекітіледі – бөлімшелердің штаттық кестесі (оның саны осыдан шығады) және базалық бөлімшелердің ішкі құрылымының схемалары. Олар кәсіпорындарда, өндірістік бірлестіктерде тікелей әзірленеді.
Басқарудың ұйымдық құрылымын жетілдірудің тиімділігін бағалау
Басқару жүйесі мен оның ұйымдық құрымының тиімділігі былайша анықталады - өндірістік ұйым қызметінің тиімдігі басқару жүйесінің ір-әркет жасау тиімділігіне, ұйымыдық құрылымның сапасына байланысты болады.
Басқару жүйесінің тиімділік критерийлерінің кешенді жиыны оның іс-әрекетін бағалаудың екі бағытын ескеру арқылы қалыптасады:
1) өндірістік-шаруашылық ұйымның белгіленген мақсаттарына қол жеткен нәтижелердің сәйкес келу деңгейі бойынша
2) жүйенің іс-әрекет жасау процесінің өз мазмұнына қоятын объективті талабының, ұйымдастыру ісінің нәтижеге сәйкес келу деңгейі бойынша.
Ұйымдық құрылымның әр түрлі нұсқаларын салыстыруда қолданылатын тиімділік өлшеміне өзінің іс-әркетінде салыстырмалы түрде аз шығынмен басқару жүйесінің түпкі мақсаттарына әлдеқайда толық әрі тұрақты қол жеткізу мүмкіндігі жатады.
Басқару процесінің тиімділігін бағалауда сандық және сапалық тұрғыдан бағаланатын көрсеткіштер пайдаланылады. Бұл көрсеткіштер нормативтік (мөлшерлемелік) сипатқа ие болып, басқару аппаратының нормативтік сипаттамасы ретінде пайдануы мүмкін. Оған мыналар жатуы мүмкін:
- өндірушілігі;
- үнемшілдігі;
- икемділігі;
- оперативтілігі;
- сенімділігі.
Басқару аппаратының өндірушілігі басқару аппаратында істейтін бір қызметкерлерге шаққанда (келетін) ұйым өндіретін түпкілікті өнім санымен анықталады.
Басқару аппаратының үнемшілдігі – объектімен немесе өндірістік қызметтің нәтижелерімен өлшенетін басқару аппараты іс-әрекетінің салыстырмалы түрдегі шығыны (басқару аппаратын ұстап тұру ү.шін қажетті шығынның үлес салмағы, басқарушы қызметкерлердің үлес салмағы және т.б.).
Басқару жүйесінің бейімділігі өзгермелі жағдайлардың белгілі бір диапозонында тапсырылған функцияны тиімді орындау қабілетіне қарай анықталады. Бұл диапозон салыстырмалы түрде неғұрлым кең болса, жүйе соғұрлым бейімді бола түседі.
Басқару құрылымының икемділігі басқару аппараты органдарының шешім қабылдау процесінде пайда болған ахуалға сәйкес өзінің рөлін өзгертіп, бәскелестік күрес, болжауға келмейтін белгісіз жағдай жиі ұшырасатын нарықтық қатынаста айрықша артықшылық болып табылатын жаңа байланыстарды орнатудағы ерекшелігін сипаттайды. Ол нарық ахуалдарына жылдам икемділік танытатын шағын және орташа кәсіпорындарға тән.
Басқарушылық шешімдерді қабылдаудың оперативтілігі басқарудағы мәселелерді уақытылы анықтауды, сондай-ақ жолға қойылған процестің тұрақтылығын сақтай отырып, алға қойылған мақсаттарға жылдам әрі көп пайда табумен қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін шешімдерді шапшаң қабылдауды ұйғарады.
Қорытынды
Басқару аппаратының сенімділігі тұтастай алғанда оның алға қойған мақсатына сәйкес толассыз іс-әрекет жасауын сипаттайды. Басқару аппаратының сенімділігін оның орындаушылығымен, яғни міндеттердің (жоспарлы бағдарламалы, тапсырыстың және т.б.) орындалуын қамтамасыз ете алатын қабілеті арқылы салыстырмалы түрде толық сипаттауға болады.
Әдебиеттер
1. Анафияева Ж. Менеджмент. Астана, 2008 ж.
2. Ахметов К.Ғ. Сағындықов Е.Н. Менеджмент негіздері. Ақтөбе-Орал.: «А-Полиграфия», 2005 2.
3. Бердалиев К.Б. «Менеджмент» / Курс лекций.- Алматы Экономика, 2005.
4. Бердалиев К.Б «Басқару негіздері» Аламты «Экономика»1997ж.
5. Каренов Р.С., Раимбеков Б.Х:, Акжолов А.М: Основы менеджмента.- Караганды: Полиграфия, 1995г.
6. Герчикова И.Н. Менеджмент: Учебник -3 издание перераб. и доп. Менеджмент: Банки и биржи. Юнити, 1997
7. Глухов В.В Основы менеджмента, Санкт- Петербург, Спец- Литература, 1995
8. Ленд П.Э Менеджмент – искусство управлять/ перевод с англ. М: ИФРАМ, 1995
Тақырып 3 - Менеджмент эволюциясы
Мақсаты: Басқарудың даму тарихын хронологиялық тәртіпте қарастыру. Менеджменттің ғылым ретінде пайда болуының негізгі себептерін ашу. Менеджменттің қазіргі концепцияларының негізгі постулаттарын қарастыру.
1. Ғылыми басқару мектебі
2. Басқарудың классикалық немесе әкімшілік мектебі
3. Басқарудың классикалық немесе әкімшілік мектебі
4. Адамгершілік қарым-қатынас мектебі
5. Бихевиористік мінез-құлық мектебі
1. Ғылыми басқару мектебі (1856-1920)
Фредерик Уинслоу Тейлор (1856-1915) – “ғылыми менеджмент атасы”.
Басты еңбектері:“Фабриканы басқару” (1903), “Ғылыми менеджмент принциптері” (1911), “Конгрестің арнайы комиссиясы алдында көрсету”(1912).
Ф.Тейлор ғылыми менеджментті төрт салада дамытты:
- Нормалау
- Уақыт пен міндетті зерттеу
- Ұдайы сұрыптау және баулу
- Ақшалай ынталандыру
Тейлор концепцияларының негізгі қағидалары:
- Практикада қалыптасқан ескі, дәстүрлі жұмыс тәсілдерінің орнына ғылыми іргетасты құру, оның әрбір элементін ғылыми тұрғыда зерттеу: басқаруда да көпір салу секілді асқан дәлдік керек.
- Жұмысшыларды ғылыми критерий бойынша таңдау, оларды жаттықтыру және баулу.
- Еңбекті ұйымдастырудың ғылыми ойластырылған жүйесін практикаға енгізу әкімшілік пен жұмысшыдар арасындағы ынтымақтастық.
- Еңбекті біркелкі бөлісу және әкімшілік пен жұмысшылар арасындағы жауапкершілік.
ХХ ғасырдың 20 жылдары Тейлордың көрнекті зерттеушілері мен белсенді насихатшылары: Генри Гантт, Фрек Б.Гилберт, Лилиан Гилберт, Хрейс Хеэуй, Сенфорт, Харригон, Эмерсон, Г.Форд және т.б.
Г.Эмерсон - “өнімділіктің 12 принципінің” авторы
• Дәл тұжырымдалған мақсат
• Әрбір жаңа процесті талдауға шынайы дұрыс көңіл бөлу
• Білікті кеңес беру
• Тәртіп
• Қызметкерлерге әділ төрелік
• Жедел, толық, сенімді және дәл, тұрақты есеп
• Диспетчерлік жұмыс
• Нормалар мен жұмыс кестелері
• Уақыт, күш қуат және өзіндік құнның үйлесімділігі
• Операциялар нормасы (уақытты белгілеу және кезекпен орындалу)
• Жазбаша стандартты нұсқаулар
• Еңбек өнімділігі үшін сыйлық ақы төлеу
Г.Фордтың басқаруды ұйымдастырудың принциптері:
• Барлық өндіріс процесін дәл есептеу және жоспарлау
• Жұмыс жағдайын есептеу және жоспарлау
• Шикізаттарды, механизмдерді, жұмысшы күштерін әзірлеу
• Өндірісті стандартты технология бойынша жүзеге асыру
• Өндірісті жетілдіру жолдарын үнемі іздестіру
2. Басқарудың классикалық немесе әкімшілік мектебі
Бұл тақырырыптың мазмұнын дәлірек ашу мақсатында менеджмент терминіне анықтама берсек қате болмас деген ойдамын. Менеджмент - бұл нарық жағдайындағы басқару немесе басқарудың экономикалық әдістерін қолдану арқылы материалдық және еңбек ресурстарын тиімді пайдалану жолымен белгіленген маұсаттарға жетуге бағытталған кәсіби қызметтің дербес түрі. Басқару ойларының тарихы талай ғасырларды қамтитыны белгілі. Менеджмент ғылым ретінде XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басында пайда болып,өзінің дамуында бірнеше кезеңді басынан кешірді. Негізгі зерттеу объектісі – басқару функциясы .Менеджменттің даму барысында 4 мектеп пайда болған. Экономикалық әдебиеттерде басқару ойынының алғашқы қарқыны "тейлоризм" ағымымен байланысты болса, менеджменттің келесі мектебі "Басқарудың классикалық немесе әкімшілік мектебі" болып табылады. Ол шамамен 1920-1950 аралығында өз дербестігін сақтады. Басқарудың бұл мектебі туралы сіз француз ғалымы Анри Файольды және оның концепцияларын меңгерген кезде айқын түсіну мүмкіндігіне ие бола аласыз. Бұл мектептің өкілдері басқарудың әмбебап принциптерін ойластырды және мемлекеттік басқару ісін ғылым жолымен ұйымдастырудың принциптерін қолдану мүмкін екендігіне алғаш рет ой жүгіртті.
Ғылыми басқару өкілдері өз зерттеулерін негізінен өндірісті басқаруға арнады.Олар басқарылатын деңгейден төменгі сатыдағы еңбек өнімділігін арттырумен шұғылданды.Әкімшілік мектептері пайда болғаннан кейін мамандар басқаруды ұдайы жетілдірумен, әкімшілік қызметті ұйымдастыру принциптерімен айналысты. Бұл проблемалар француз зерттеушісі Анри Файольдың(1841-1925) есімімен тікелей байланысты.Ол әкімшілік басқару мектебінің көрнекті еуропалық ғалымы деп есептелінеді.Өзінің практикалық тәжірибені жинақтау негізінде мынадай қорытындыға келді: "басқару – кәсіпорынның мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып, оны белгілі бір мақсатқа жетелеу".
Анри Файоль өзінің негізгі "Жалпы және өнеркәсіптік әкімшілік " атты еңбегінде капиталистің bygoogle || []).push({});
Дата добавления: 2015-05-14; просмотров: 181; Опубликованный материал нарушает авторские права?.