Глоссарий 2 страница

Менеджер алдында тұрған барлық проблемаларды біле бермейді, сондықтан да «бесаспап данышпан» болуы дамүмкін емес. Оның арна- йы еңбек құралы, атап айтқанда ақпараты болады. Менеджер адамдар- ды жұмысқа ынталандырады, бағыттайды және ұйымдастырады. Оның бірден бір құралы –жазбаша немесе ауызша сөзі немесе цифр тілі. Ме- неджердің жұмысы техникаға, есептеу операцияларына немесе өнім сатуға қатысты болғанына қарамастан, оның жұмысының тиімділігі тыңдау және оқу, айту және жазу қабілеттеріне байланысты. Ол өз ойын басқа біреулердің санасына жеткізе білуі, сондай-ақ басқа адамдардың да пікірін айқындай алуы тиіс.

Менеджерлік шеберліктің маңызды жайтттарының бірі – келіссөз жүргізе білуі - әріптесінің мүддесін өз мүддесіне сәйкестендіре білетін өнер болуы тиіс.Мұның өзі әсіресе қарамағындағы адамдарға әкімшілік билік жүргізе алмайтын басшылар үшін де, сондай-ақ сырттан шикізат жеткізушілермен қарым-қатынас орнату үшін де аса қажетті жағдай. Келесі онжылдықтарда нағыз компаниялар көп жағдайда маклерлік фирмаға ұқсайтын болады.

Гринхалдың пікірінше, келіссөзді ойдағыдай жүргізе білу шеберлігі төрт кезеңнен тұрады:

- өз ұйымының мұқтажы мен өз қызметкерлерінің мүддесі үшін немесе өзінің келісім жасайтын адамдар арасында тепе-теңдік қарым-қатынас орнату қажет;

- өзің келісім жүргізетін жақты ұнататындығыңды, оның ескеретінді- гіңді білдір;

- келісім кезінде қайшылық туа қалған жағдайда айқын позиция ұста. Мұндайда «Мен бұған келісе алмаймын», -деп айтуды үйрен және де не себепті келісе алмайтыныңды айқын түсіндір;

- өзіңізбен әңгімелесіп отырған адамның басқа мәдени дәстүрде тәр- биеленуі мүмкін екендігін ұмытуға болмайды.Проблеманы шешудің американдық жолы – бірден бір дұрыс жол деп ойлауға болмайды. «Әңгімелесушіге өктемдік айту – келісім жүргізудің тұрпайы әдісі. Біз адамдарды ұзақ мерзімдік іскерлік қарым-қатынас орнатуға үйретеміз».

Хейстің пікірінше, менеджердің тікелей міндеті – жұмысшыларды эксперимент жүргізе білуге, өндірістің тиімді тәсілдерін іздестіруге ықпал ету.Ол жұмысшыларды баулудың бақылау тәсілі ретінде қызметкерлерді басқа кәсіпорындар мен сауда көрмелеріне жіберіп отыруды, сатып алушы- лармен кездесу өткізуді және де мүмкіндігіне қарай жарыс ұйымдастыруды ұсынады.

О.С.Виханский мен А.И.Наумовтың айтуынша менеджерлер басқа адамдардың есебінен жұмыстың орындалуын қамтамасыз ететін адамдар. Сонымен қатар, менеджер тек басқару бойынша ғана маман емес, сонымен бірге ол персоналдық немесе кәсіпорынның қызметіне жауапты адам.

«Менеджмент» кітабының авторы И.Н.Герчикова менеджердің келесі- дей анықтамасын береді. Менеджер – бұл нарық жағдайындағы фирма қыз- метінің нақты түрлері бойынша шешім қабылдау саласындағы өкілетті және тұрақты қызмет атқаратын жетекшісі немесе басқарушысы.

Сонымен, менеджер – бұл нарықтық бәсеке жағдайындағы фирма ал- дында тұрған міндеттерді жүзеге асыру үшін барлық жұмысшыларды ұйым- дастыруға қабілетті, еңбекті басқару саласында ғылыми білімі бар адам. Яғ- ни, ол тек жай ғана басқарушы болмай, алдын-ала болжай алатын, адамдарды

ұйымдастыратын, олардың іс-әрекетін үйлестіріп, бақылай білу керек. Қыс- қаша айтқанда, басқарушылық еңбек саласында маман болғаны дұрыс.

Қандай да бір фирма болмасын жұмысына кірісетін жаңа менеджерге фирманың жоспарлы бағдарламасын жасап беруі керек.Ол жоспарды мына сауалдарға: «не істеу?» «қалай істеу?» «қашан істеу керек?» нақты жауап болғаны жөн.Жоспарды жасау – бұл тек ғана алғашқы қадам.

Егер менеджер көздеген нәрсені көп жоспарлап және белсенділік танытып орындамаса, ең жақсы және әбден белгіленген жоспардың өзі қағаз жүзінде қалып қоюы мүмкін.

Жетістікке жету үшін ол өзінің қарауындағылармен белсенді әрі мақ- сатты бағытта жұмыс жасауы керек.Бұл жұмыстағы басты мақсат әрбір жеке- леген адамның «өз кілтін» таба білуде.Жетістікті бағалай отырып, оның бел- гілеген нәрсені артық әрі өте жақсы орындаудағы ынтасын және творчество лық қалыпын барынша қолдау қажет.

Жұмыс барысында менеджер өз ұжымындағы ресми емес басшыны та- буға тиіс және оның іс-әрекетін зорлық-зомбылықсыз жалпы істің пайдасына бағыттауы қажет.

Нарық жағдайында менеджер нартәуекелділікке бел бууы және оны басқара білуі де керек.Менеджер үшін нартәуекел болатын саланы таба білу өте қажет, оның болатын мүмкіндігінің дәрежесін бағалап, алдын-ала шара- лар қолдануы керек. Бұл жағдайда менеджерге мынадай сипаттар- батылдық, іс-қимылдың стандартты еместігі, тәуелсіздік, экспериментке жақындығы, парасатты есеп, көп қырлы қабілеттілік және жағдайды тез бағалап, оның өзгергендігіне жедел реакция жасау, түпкі нәтижені нақты бағалау тән бол- ғаны дұрыс.

Менеджердің осындай кең спектрлі қызметті қолдануы оның басқаруда жоғарғы тиімділікке қолын жеткізеді яғни, кәсіпорын жұмысының жоғарғы нәтижелілігі, алдыменен пайда табу жағдайы ескеріледі.Нарық жағдайында пайда алға қойған міндеттерге жетудің түпкі мақсаты болып табылады.

3. Менеджменттің мақсаттары мен міндеттері

Менеджменттің негізгі мақсаты:

- техникалық және технологиялық базасын дамыту мен өндірісті басқару,

- әр жұмыскердің шығыармашылық белсенділік пен біліктілік арттыру.

- кадрлық потенциалын тиімді қолдану.

- өндіріс процесін рационалды ұйымдастыру

- кәсіпорынның пайдалы қызметін қамтамасыз ету.

Пайда фирманың болашақ қызмет етуінің белгілі кепілдемелерін қалыптпстырады. Себебі, тек қана оның әр түрлі резервтік қорлар түрінде, тауарларды өткізуімен байланысты тәуелдіктерді шектеу мен құтылуына жол ашады. Нарықтағы жағдай үнемі өзгерісте болады: бәсекелестер жағдайы, қаржыландыру формалары мен шарттары, жалпы мемлекетте немесе саланың конъюнктурасы, әлемдік тауарлық нарықтарындағы сауда жүргізу шарттары да өзгеріп отырады. Осыдан тұрақты тәуелділік пайда болады.

Менеджменттің мақсаты тек қана нақты жағдайда емес, сонымен қатар болашақта да тәуелділіктен құтылу болып табылады. Ол, өз кезегінде, тез өзгеретін жағдайларға шұғыл икемдеу мақсатында белгілі дәрежеде еркіндік пен резервтік ақша құралдарын талап етеді.

Менеджменттің маңызды шешетін мәселесі кәсіпорынның рентабельділігін мен оның нарықтағы тұрақтылығын қамтамасыз ету және қолдағы материалдық пен адамдық ресурстары негізінде тұтынушылар сұранысымен есертесе отырып, тауарлар мен қызметтер өндіруді ұйымдастыру болып табылады.

Бұл орайда, менеджменттің шешетін мәселелеріне мыналар кіреді:

- жоғары білікті жұмыскерлерді таңдау мен өндірісті автоматтандыруды қамтамасыз ету;

- жоғары еңбек ақы белгілеу мен қызметкерлер үшін оңтайлы жағдай қалыптастыру арқылы ынталандыру;

- кәсіпорын қарекетінің тиімділігіне тұрақты бақылау жүргізу және оның барлық бөлімдерінің жұмысын үйлестіру;

- жаңа нарықтарды тұрақты іздеуі мен оларға енуі.

Сонымен қатар менеджмент шешетін мәселелеріне мыналар жатады:

- фирма дамуының нақты мақсаттарын анықтау;

- мақсаттардың басымдылығын, олардың шешілу керектігін айқындау;

- фирманың даму стратегиясына кіретін шаруашылық мәселелері мен оларды шешу жолдарын табу;

- әр түрлі уақыт мерзімдеріне белгіленген мәселелерді шешу үшін іс – шаралар жүйесін қалыптастыру;

- қажетті ресурстар мен оларды қамтамасыз ететін қайнар көздерін анықтау;

- қойылған мақсаттарды жүзеге асырылуына бақылау жасау.

Басқарудың шешетін мәселелері материалдық, қаржылық, еңбек және т.б. ресурстардың ұлғайып отыратын көлемдерін талап ететін өндіріс масштабтарының өсуі барысында күрделенеді.

Менеджменттің соңғы мақсаты (к/о-ның) өндірістік процессті рационалды ұйымдастыру жолымен кәсіпорынның пайданы әкелетін іс-әрекетті қамтамасыз ету, өндірісті басқару мен технико-технологиялық базаның дамуын қоса отырып, сонымен қатар, әрбір жұмысшының шығармашылық белсенділігі мен квалификациясын көтере отырып, кадрлық потенциялды тиімді қолдану.

Менеджменттің ең маңызды функциясы қолда бар материалды және адам ресурстары негізінде, тұтынушылар сұранысын ескере отырып, тауарлар мен кызметтердің өндірісін ұйымдастыру және кәсіпорынның рентабельдігімен қоса оның нарықта тұрақты орын алуын қамтамасыз ету.

Осыған байланысты менеджмент функцияларына келесілер жатады:

- өндіріс автоматизациясын қамтамасыз ету және жоғарғы квалификацияға ие жұмысшыларды табу;

- ең жақсы еңбек ету жағдайларын жасау жолымен және жоғарғы еңбек ақыны орнату;

- кәсіпорын жұмысының тиімді жүзеге асырылуын мерзімді түрде бақылау;

- кәсіпорынның барлық бөлімшелерінің жұмысын координациялау;

- жаңа нарықтарды әрдайым іздеу және оларға шығу жолдарын табу;

Сонымен қатар, менеджмент шешетін мәселелерге келесілер жатады:

- фирма дамуының нақты мақсаттарын анықтау;

- мақсаттардың болымдылықтарын, олардың орындалу тәртіптерін анықтау;

- фирма дамуының стратегияларын жасау;

- шаруашылық мәселелерді және шешу жолдарын қарастыру және т.б.

Қорытынды

Менеджмент - бұл басқарудың экономикалық әдістерін қолданып, материалды және еңбек ресурстарын рационалды қолдану жолымен, анықталған мақсаттарға жетуге бағытталған жеке бөлек профессионалды іс-әрекеттің түрі.

Менеджменттің негізгі мақсаты өндірісті басқару мен технико-технологиялық базаның дамуын қоса отырып, өндірістік процесті рационалды ұйымдастыру жолымен кәсіпорынның пайданы әкелетін іс-әрекетті қамтамасыз ету.

 

Лекцияға әдістемелік нұсқаулар

Осы лекцияны қарастыру барысында менеджменттің басқару түрі ретінде анықтамасына аса көңіл аудару керек. Менеджменттің мақсаттары мен мәселелерін қарастыру барысында оның құрылуының тарихи аспектілеріне, сонымен қатар, менеджменттің ғылыми дисциплина ретінде құрылуының стадияларына талдау жасау қажет.

Әдебиеттер

1. Анафияева Ж. Менеджмент. Астана, 2008 ж.

2. Ахметов К.Ғ. Сағындықов Е.Н. Менеджмент негіздері. Ақтөбе-Орал.: «А-Полиграфия», 2005 2.

3. Бердалиев К.Б. «Менеджмент» / Курс лекций.- Алматы Экономика, 2005.

4. Бердалиев К.Б «Басқару негіздері» Аламты «Экономика»1997ж.

5. Каренов Р.С., Раимбеков Б.Х:, Акжолов А.М: Основы менеджмента.- Караганды: Полиграфия, 1995г.

6. Герчикова И.Н. Менеджмент: Учебник -3 издание перераб. и доп. Менеджмент: Банки и биржи. Юнити, 1997

7. Глухов В.В Основы менеджмента, Санкт- Петербург, Спец- Литература, 1995

8. Ленд П.Э Менеджмент – искусство управлять/ перевод с англ. М: ИФРАМ, 1995

9. Опалев А.В Умение общаться с людьми. Этикет делового человека. М: Культура и спорт, Юнити 1996

Тақырып 2 - Басқарудағы жүйелік тәсілдің негіздері

Мақсаты:Басқару мен жүйелі талдау әдістемесі, басқару процесіндегі құралдар ретінде оның қолданылу мүмкіндіктері мынаған негізделген: жүйелілік нақты өмірде орын алатын барлық күрделі объектілердің объективті ерекшелігін анықтау

Жоспар:

1.Жүйенің жалпы теориясы

2. Өндірісті басқарудың жүйелі тәсілдемесі

3. Өндірістің басқару жүйесіндегі басқарудың объектісі мен субъектісінің өзара іс-әрекеті

4. Жүйелі тәсілдеме өндірісті басқарудың мақсаттары

1. Жүйенің жалпы теориясы

Жүйенің жалпы теориясы – күрделі жүйенің іс-қимыл жасау (жұмыс істеу) заңдылықтарын зерделейтін ғылым. Ол басқару және ұйымдастыру теориясының әдістемелік негізі болып табылады. Басқару мен жүйелі талдау әдістемесі, басқару процесіндегі құралдар ретінде оның қолданылу мүмкіндіктері мынаған негізделген: жүйелілік нақты өмірде орын алатын барлық күрделі объектілердің объективті ерекшелігін білдірмек.

Профессор Людвиг фон Берталанфи жүйелі тәсілдеменің әдістемесін кеңінен баяндап беруші ғалым. Ол 1937 жылдың өзінде-ақ «Жүйенің жалпы теориясын» алға шығарды.

Жүйені біріктіруші (интегральными) қасиеттергее ие, өзара ықпалдасушы компоненттердің жиынтығы деп ұғуға болады. Ал біріктіруші қасиет жеке алғанда осы элементтердің (компоненттер) бәріне бірдей емес. (Берталанфи анықтамасы).

Кез келген жүйенің ерекшелктеріне жататындар:

– тұтастық (оның элметтерін құрайтын ерекшеліктер жиынтығындағы жүйелердің ерекшеліктері);

– құрылымдағы (жүйелерді оның құрылымын белгілеу арқылы сипаттау мүмкіндігі);

– иерархиялылығы (жүйенің әр бөлігі белгілі бір дәрежеде өз сапасы болатын қосалқы жүйе ретінде көрінеді).

Жүйе, ең алдымен, тұтас білім ретінде қарастырылады.

Жүйе қандай да бір ішкі байланыстары болмайтын кездейсоқ объектілердің жиынтығы емес, ол бір-бірімен өзара байланысты және өзара ықпалдасу үстінде болатын, сыртқы әсерге жауап қататын тұтас организм секілді.

Жүйе тұтастық тұрғысынан жеке пайда болатын элменттердің құрамында болмайтын жаңа қасиетке, жаңа сапалы сипаттамаларға ие болмақ.

Тұтастық нәтижесінің, бірлескен жаңа қасиеттердің көз жеткізіп иландыратын үлгісіне еңбек процесіндегі жай кооперацияны жатқызуға болады. Жүйенің мүмкіндіктері оның құраушы элменттерінің жай жиынтықты мүмкіндіктеріне қарағанда әлдеқайда кең.

Барлық жүйелерді шартты түрде үш түрге бөлуге болады:

– техникалық;

– биологиялық;

– әлеуметтік, оның ішінде әлеуметтік-экономикалық.

Бұл түрлердің өз заңдылықтары мен өзіндік ерекшеліктерін құрайтын жақтары бар.

Менеджмент үшін әлеуметтік жүйенің маңызы аса зор. Кез келген әлеуметтік жүйе әркелкі жүйелер болып табылады, оған белгісіздік тән.

Әсіресе, үлкен айырмашылықты әлеуметтік-экономикалық жүйеден кездестіруге болады, оған өндірістік-шаруашылық кешендері (кәсіпорын, салалар, аймақтар, тұтас экономика) қатысты. Бұлай болатын себебі (яғни, жүйелердің әркелкі болуы, адам оның (жүйенің) ажырағысыз бөлігі болып табылады. Адам осы жүйелердің белсенді қалыптастырушысы, жүйелердегі байланыстар мен қатынастардың сипатын танытып, оларды жұмыс істетеді әрі дамытады.

Әлеуметтік- экономикалық жүйенің басты ерекшелігі– оның басты компоненті адам болғандықтан бұл жүйенің негізінде адамдардың мүддесі жатады.

Мұндай жүйе дербестікке ие элменттерден тұрады. Бұл оның жүйе тармақтары (подсистема) мен қосалқы жүйе (субсистема) ретіндегі жүйе элементтерін анықтауға мүмкіндік береді. Осылайша, жүйе тармағы жүйе элементі немесе осы элменттердің тобы болып табылады. Әлдеқайда жоғары иерархиялық жүйелер қатынасындағы жүйе-жүйенің тармағы бола алады.

Мәселен, кәсіпорын, бір жағынан, дербес жүйені білдіретін болса, екінші жағынан оны салалардың тармағы ретінде қарастыруға болады. Бұдан шығатын қорытынды: жүйе мен жүйе тармағы арасындағы айырмашылық салыстырмалы түрде де, абсалюттік сипатта да бола береді.

Жүйе теориясы, егер сақталмаса басқару ісінің жүзеге асуы мүмкін болмайтынын белгілейді.

Бұл жағдай экономикалық жүйеге де қатысты:

1. Жүйелер арасында, ең алдымен, басқарушы және басқарылушы жүйелер арасында себеп-салдар байланысы болуы керек. Бұл мынаны білдіреді: басқару ісі жүйе мен басқарылатын объекті өзгерістерге бірдей жауап қайтарған жағдайда ғана мүмкін болады, яғни кері байланыс орнайды.

2. Жүйелердің динамикалылығы. Жүйе бір сапалы жағдайдан екіншісіне өте алатындай қабілетке ие болуы керек, яғни бір сапалы жағдайдан екіншісіне өту барысында да, өтуден кейін де ол жүйе ретінде қалуы керек.

3. Жүйеде процесс ағымына әсер ете отырып, оны өзгерте алатындай параметрдің бар болуы.

4. Жйенің басқару ықпалын күшейте алатындай қабілеті, яғни осы ықпалға жауап қатып қана қоймай, оны тереңдететін қабілетке ие болуы керек.

5. Басқару ақпаратын табыстау, жинақтау және жаңғырту мүмкіндіктерін қамтамасыз ету.

6. Жүйелердің тұтастай сипаты. Онсыз бақылау мен басқару мүмкін емес.

Жүйеде басқару барлық басқару жүйелеріне ортақ аты аталған шарттар орындалғанда мүмкін болады.

Өндірісті басқарудың жүйелі тәсілдемесі

Жүйелі тәсілдеме – экономикалық ғылымда қолданылатын ғылыми зерттеудің ең жемісті (нәтижелі) әдістерінің бірі.

Өзінің алғашқы мағынасында – грек тілінен аударғанда «жүйе сөзі көптеген элменттерден құралатын, бөліктерден тұратын бір бүтін тұтастық ұғымын білдіреді.

Жүйенің бұлайша ұғындырылуы экономикалық тұтастыққа да қатысты; өндіріс- пәндердің, саймандардың, еңбек түрлері мен түпкілікті өнімдердің жиынтығы ретінде болады.

Өндіріс – бұл әлеуметтік-экономикалық жүйе. Экономикалық деп аталу себебі, еңбек және материалдық ресурстарды ұштастыру нәтижесінде материалдық игіліктер пайда болып, қоғамның өндірістік күштерінің ұдайы өндірісі ұлғаяды. Оны басқаша былай анықтауға болады: «Белгілі бір қоғамдық-тарихи жағдайларда қалыптасатын өндірістік қатынастардың тұрпатын (типін) экономикалық жүйе деп ұғуға болады».

Әлеуметтік жүйе деп аталуы адамдар құратын ұйымға байланысты. Экономикалық жүйеге басқа жүйелерге ұқсамайтын өзіндік ерекшеліктер тән.

Экономикалық жүйе әлеуметтік сипаттағы адам-машина жүйесі ретінде қарастырылады. Ондағы негігі рөлді материалдық және рухани игіліктерді өндіретін әрі тұтынатын адам орындайды.

«Экономикалық жүйе кең мағынасындағы ұғымында қоғамдық өндірістің жүйесі ретінде, яғни өндіріс күштері (табиғи және еңбек ресурстары, өндіріс құралдары, өнім)» мен өндірістік қатынастардың жиынтығы ретінде түсіндіріледі (акад. Н.П. Федоренко).

Экономикалық қатынас, байланыс (салаларалық байланыстар жүйесі), заңдылықтар (техникалық пргрестің, өндірісті ұйымдастырудың даму заңдылықтарының жүйесі), міне, осы аталған экономикалық жүйе болып табылады.

Жүйелі тәсілдеме арнай ғылыми пәндердің мазмұнына жалпы тория жүйесіне қызмет етеді,ал басқару ісі жалпылай түрде жүйелерді ретке келтіруші ретінде анықталуы мүмкін.

Жүйелі тәсілдеме ХХ жүз жылдыққа пайда болды деуге болады, әйтсе де, ХVІІІ және ХІХ ғасырыларда ғылым әр түрлі жүйелерді зерделемеді деп бір жақты ойлауға да болмайды. Әлбетте, астрономия Күн жүйесін, ал математика әр түрлі санау (есептеу) жүйелерін зерделеді. Жүйелі тәсілдеме әскери мақсаттарға (атом бомбасын жасау) қол жеткізу үшін АҚШ-та алғаш рет қолданылды, алайда жүйелі тәсілдеме одан ары азаматтық өндіріс саласындағы басқару қызметінің іс-тәжірибесінде кеңінен қолданылды.

Жүйелі тәсілдемені қолданудың негізіндегі басқару ісі үш тізбекті кезеңді қамтиды:

– бірінші кезеңде салалар анықталады, басқару субъектілері қызметінің ауқымы мен саласы нақытыланады. Қызметтік ақпараттық қажеттілігінің баламалы (бағадарлы) салалары мен ауқымдары белгіленеді;

– екінші кезеңде қажетті зерттеулер (жүйелі талдау) жүзеге асырылады;

– үшінші кезеңде белгілі мәселелерді шешудің баламалы нұсқалары жасалып, әрбір міндет бойынша оңтайлы нұсқа таңдап алынады (сараптық бағалаулар, оның ішінде тәуелсіз сараптама қолданылады.).

Жүйелі тәсілдеменің негізінде басқару ісі жүйелердің құрылымдық және функциялық тұтастығын қамтамасыз етуге әрі жетілдіруге бағытталған. Мақсатқа жеткізетін жолда кездесетін кедергілерді, кемшіліктерді анықтап жою. Мұнда ең алдымен басқарудағы жүйелі тәсілдеменің принцтптері алға шығады. Нақты тәжірибеде ол қабылданаған шешімдерді жан-жақты пысықтап, оны жүзеге асыруы ықтимал барлық нұсқаларын талдайды.

Әлеуметтік жүйеде бұл фринцип басқарушылық міндетті шешу процесінде саяси және мәдени мәселелерді тығыз байланыстыруды ұйғарады.

Басқару процестері пайда болғалы бері жүйені талдау кеңінен қолданылып келеді. Экономиканы оның құрылымын, оның құрамдық бөліктерінің өзара қарым-қатынасы мен өзара байланысын қоса ескеріп, біртұтас ретінде кешенді зерттеуді, экономиканың жалпы жұмыс істеу процесінде олардың әрбіреуінің рөлін анықтауды міне, осыны жүйелі тәсілдеме деп ұғу керек.

Экономикадағы жүйені тәсілдеме – басқару саласындағы ірі кещенді мәселенің ғылыми негізделген шешімін әзірлеу әдісі болып табылады.

Жүйелі тәсілдеменің философиялық негізі оның негізгі принциптерін айқындап береді: жүйелердің динамикалығы, құбылыстардың байланысы, өзара ықпалдастығы мен өзара байланысы; басты буын принциптерінің кешенділігі, тұтастығы және иерахиялығы.

Процестер мен құбылыстардағы жүйелі тәсілдеме өзара байланыстардағы зерделеудің екі формасын ұйғарады:

1) жай кездері (простом случае) қосалқы жүйелер немесе жүйе элменттерінің арасындағы өзара байланыстар қандай да бір аспектіде, көбінесе экономикалық аспектіде зерттеледі;

2) әлдеқайда күрделі жағдайда (более полной формой) көп аспектілі тәсілдеме қолданылады. Бұл арада өзара байланыстар басқарудың саяси, экономикалық, технологиялық, құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және психологиялық аспектілері қоса ескеріліп, зерттеледі.