Электролиттік диссоциация теориясы.

Электролиттер жәнек бейэлектролиттер. Электролиттік диссоциация теориясының негізгі қағидалары. С.Аррениус және И.А.Каблуков жұмыстары. Химиялық байланыстардың әртүрлі типтері бар заттардың диссоциациялану механизмі. Диссоциациялану үрдісінде судың полюсті молекулаларының ролі. Аниондар мен катиондардың гидратациялану механизмі. Гидратацияға иондардың мөлшері мен зарядтарының әсері. Гидроксоний ионының түзілуі. Диссоциация үрдісінің энергетикасы.

Электролиттік диссоциация дәрежесі. Күшті және әлсіз электролиттер. Диссоциация дәрежесіне әсер етуші факторлар. Кейбір физиологиялық орталардың диэлектрлік өтімдігінің мәндерінің жоғары болуы. Шынайы және белгілі диссоциациялану дәрежесі. Активтілік коэффициенті туралы ұғым.

Әлсіз электролиттердің диссоциациялану үрдісіне массалар әсер заңын пайдалану; диссоциациялану константасы. Әлсіз электролиттер диссоциациясы тепе-теңдігінің ығысуы. Электролиттік диссоциация теориясы тұрғысынан қышқылдар, негіздер, тұздар. Сатылы диссоциация. Гидроксидтердің негіздік және қышқылдық тип бойынша диссоциациясы. Амфотерлі гидроксидтер. Молекуладағы химиялық байланыстардың салыстырмалы полюстігіне гидроксидтердің диссоциациясының типі мен күшінің тәуелділігі. Қышқылдар мен негіздердің протолиттік теориясы.

Судың электролиттік диссоциациясы. Судың иондық көбейтіндісі. Судың диссоциациялану процесіне температураның әсері. Ерітінділердегі сутегі ионының концентрациясы. Сутегіндік көрсеткіш. Биологиялық сұйықтардың сутегіндік көрсеткіші. Химиялық және биологиялық үрдістердегі рН мәндерінің тұрақтылығының маңызы. Аз еритін электролиттердің қанық ерітінділеріндегі тепе-теңдік. Ерігіштік көбейтіндісі. Тұнба түзілу және еру шарттары.

Электролит ерітінділердегі реакциялар (иондық реакциялар). Электролит ерітінділеріндегі реакция жүру механизмі. Реакция бағытын анықтау үшін стандартты изобарлық потенциалдар мәндерін пайдалану. Қышқылдар, негіздер, тұздарды алудың жалпы тәсілдері және қасиеттері. Бейорганикалық қосылыстардың кластары арасындағы генетикалық байланыс.

Гидролиз реакциялары. Тұздардың гидролизі. Тұздар гидролизінің әртүрлі жағдайлары. Тұздардың қайтымды және қайтымсыз гидролизі. Гидролиздің дәрежесі және константасы. Гидролиз тепе-теңдігін ығыстыратын факторлар. Биологиялық үрдістерде гидролиздің ролі.

Комплекс қосылыстардың электролиттік диссоциациясы. Ішкі және сыртқы сфераның иондарының диссоциациялануы. Су ерітіндісіндегі комплексті ионның диссоциациясы лигандтардың су молекуласына алмасу реакциясы. Ерітінділердегі комплексті иондардың тұрақтылығы. Тұрақсыздық константасы. Ерітінділерде комплексті иондардың түзілуі және ыдырауы.

10. Тотығу-тотықсыздану реакциялары. Электродтық үрдістер.

Элемент атомдарының тотығу дәрежесінің өзгере және өзгермей жүретін реакциялар. С.А.Даин және Л.В.Писаржевскийдің тотығу туралы электрондық теориясы. Тотықтырғыштар және тотықсыздандырғыштар. Тотығу-тотықсыздану реакцияларының теңдеулерін құру ережесі. Электрон-иондық және электрондық баланс әдісі. Тотығу-тотықсыздану реакцияларының жіктелуі. Тотығу-тотықсыздану үрдісінің жүруіне ортаның әсері.

Металдардың қышқылдармен және тұздармен олардың сулы ерітіндісінде тотығу тотықсыздану процесі тұрғысынан әрекеттесуі. Химиялық реакциялар арқылы электр тогының алынуы. Гальваникалық элемент туралы түсінік. Металл мен оның тұзының сулы ерітіндісі арасын бөлетін шекте өзгеріс пайда болуы.

Салыстырмалы сутегі электроды. Стандартты электродтық потенциалдар. Металдың электродтық потенциалының оның ерітіндідегі иондарының концентрациясына тәуелді. Н.Н.Бекетов жұмыстары, металдардың электрохимиялық кернеу қатары. Стандартты тотығу-тотықсыздану потенциалы. Тотығу-тотықсыздану реакцияларының ерітіндідегі бағыты. Тотығу-тотықсыздану реакцияларының өлі және тірі табиғаттағы маңызы. Өндірістегі тотығу-тотықсыздану үрдістері.