Негізгі

Дебиет

Пәннің құрылымы , көлемі және мазмұны

СИЛЛАБУС

Атты дене физикасы және бейсызық физика кафедрасы

Физика-техникалық факультеті

Л-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Факультеттің әдістеме (бюро) кеңесінде ұсынылды

Алматы, 2013 ж.

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КОМПЛЕКСІ

Атты дене және бейсызық физика кафедрасы

Физика-техникалық факультеті

Л-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

  Келісілген: Факультет деканы   _______________ Давлетов А.Е.   Хаттама № 10 «31» мамыр 2013 ж.     Университет Ғылыми-әдістемелік Кеңесінде бекітілді Хаттама №6 «21» маусым 2013 ж. Оқу жұмысы жөніндегі проректор _________________Ахмед-Заки Д.Ж. "_______"________________2013 ж.  

 

«Жалпы астрономия»

пәні бойынша

 

5В061100- «Физика және астрономия»

мамандығына арналған

 

1 курс

 

 

Оқу түрі күндізгі

 

ПОӘК дайындаған қатты дене және бейсызық физика кафедрасының аға оқытушысы Изтлеуов Нуркен Тургиналиевич

5В061100- «Физика және астрономия» мамандығына арналған ПОӘК мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде және мамандықтың Элективті пәндер каталогі негізінде әзірленді.

 

Қатты дене және бейсызық физика кафедра мәжілісінде қаралып ұсынылды

 

«_21_» _05_ 2013 ж., хаттама № _36_

 

 

Кафедра меңгерушісі _________________ Приходько О.Ю.

 

 

 

«_28_» _05_ 2013 ж., хаттама № _6_

 

Төрайымы ________________________ Габдуллина Г.Л.


    Бекітілді Физика-техникалық факультетінің Ғылыми кеңесінде мәжілісінде №10 хаттама « 31» мамыр 2013 ж. Факультет деканы ___________Давлетов А.Е.
  "____"________________2013ж.

 

«Жалпы астрономия»

 

5B061100 – Физика және астрономиямамандығы бойынша оқитын

1-курс студенттеріне арналған

 

Лектордың аты-жөні:Ізтілеуов Нұркен Тұрғынәліұлы, физика-математика ғылымдарының кандидаты, қатты дене физикасы және бейсызық физика кафедрасының доценті. Nurken_74@mail.ru, каб. № 226

Оқытушылардың аты-жөні (семинар сабағын жүргізуші):Көмеш Т., ассистент, магистр

Пәннің мақсаттары мен міндеттері:

“Жалпы астрономия” пәнін оқыту мақсаты – студенттерді астрономия есептері және әдістерімен таныстыру.

Курста практикалық астрономия, астрофизика, галактикадан тыс астрономия және космология бағыттырындағы мәселелер қамтылған.

Курсты толық меңгерген студент астрономия ғылымының алдында тұрған негізгі проблемаларды түсінуі және сфералық астрономия, аспан механикасы, теориялық және практикалық астрофизика, жұлдыздық астрономия, космология бөлімдері бойынша арнайы курстарды тыңдауға дайын болуы тиіс.

 

Пәннiң пререквизиттерi. “Астрономия”пәнін меңгеру физиканың іргелі заңдары мен элементар математиканы білуге сүйенеді.

 

Пәннiң постреквизиттерi. «Астрофизика негіздері», «Астрометрия», «Аспан механикасы».


Апталар     Тақырып атауы Сағат саны СӨЖ тақырыптары
  Модуль 1.  
1-3   Дәрістер: Шырақтардың көрінерлік орындары. Аспан сферасы. Горизонталь және экваториалды координаттар. Аспан сферасындағы Күн қозғалысы. Эклиптика. Көктемгі және күзгі күн теңелу нүктелері. Жұлдыздық және күндік уақыт Аспан сферасындағы координаттар түрленуі. Практикалық сабақ: Жұлдыздық аспан картасымен жұмыс істеу. Берілген уақыттағы шырақтың сағаттық бұрышын есептеу. Аспан шырағының биіктігі мен азимутын экваториалды координаттар бойынша анықтау.   СӨЖ-1: Күннің бір зодиакалды шоқжұлдыздардан келесісіне өтуін жұлдыздық аспан картасын пайдаланып анықтау. СӨЖ-2: Күн қозғалысының бірқалыпсыздығы. Уақыт теңдеуі. Орташа күн уақыты.
  Модуль 2.  
4-7 Дәрістер:Аспан сферасындағы планеталардың көрінерлік қозғалыстары. Планетелердың негізгі конфигурациялары: төменгі және жоғарғы бірігу, элонгация. Төменгі және жоғарғы планеталар қозғалысының ерекшеліктері. Птолемейдің геоцентрлік және Коперниктің гелиоцентрлік жүйелерін салыстыру. Жоғарғы планеталардың кері қозғалысы және планетелер айналуының Күнге дейінгі қашықтықтан тәуелділігі. Планетелар айналуының синодтық және сидерлік периодтары. Тропикалық жыл. Синодтық қозғалыс теңдеуі. Практикалық сабақ:Планеталардың көрінерлік қозғалыстарымен байланысты есептер. Планетелар Күнді айналу периодтарын синодтық теңдеу бойынша анықтау. Космостық объектілерге дейінгі қашықтықты анықтау әдістеріне арналған есептер. СӨЖ-3: Меркурий және Шолпанның максималды элонгациясын анықтау. СӨЖ-4: Марс пен Юпитердің қарсытұруын анықтау. СӨЖ-5: Шолпанның синодтық және сидерлік периодтарын анықтау.  
  Модуль 3.
8-11 Дәрістер:Кеплер заңдары. Астрономияда қашықтықты анықтау. Тәуліктік және жылдық параллакс. Космостық қашықтықтар шкаласы. Кеплердің үшінші заңы және Бүкіләлемдік тартылыс заңы. Аспан объектілерінің массасын анықтау. Аспан механикасы мен потенциал теориясының элементтері. Астрофотометрияның негізгі түсініктері. Жұлдыздық шамалар. Практикалық сабақ:Аспан объектілерінің массасын анықтау әдістеріне арналған есептер. Гравитациялық өрістегі қозғалыстарды сипаттауға арналған есептер. Айнымалы жұлдыздарды бақылау әдістері. СӨЖ-6: Жерден Күнге дейінгі қашықтықты Порт-Элизабет (Оңтүстік Африка) және Скиботн (Норвегия) обсерваторияларынан алынған мәліметтер бойынша анықтау. СӨЖ-7: Планеталарға дейінгі қашықтықты олардың синодтық периодтары бойынша анықтау.
  Модуль 4.  
9-12 Дәрістер:Спектрлік анализ негіздері. Жұлдыздардың спектрлік классификациясы. Герцшпрунга-Рессел диаграммасы. Жұлдыздар эволюциясының теориясы. Джинс тұрақсыздығы. Жұлдыздардың динамикалық тепе-теңдігі. Қалыпты жұлдыздар, ақ ергежейлілер мен нейтронды жұлдыздар. Қара құрдымдар. Практикалық сабақ:Жұлдыздар атмосферасының физикалық сипаты мен химиялық құрылысын анықтау. Жұлдыздардың тепе-теңдігін Чандрасекхар және Оппенгеймер-Волков критерийлері бойынша бағалауға арналған есептер. СӨЖ-8: Жерге Ай тарапынан әсер ететін тасу күшін бағалау. СӨЖ-9: Қызыл және көгілдір алыптардың спектрлерінің ерекшеліктері.  
  Модуль 5.  
13-15 Дәрістер:Жұлдыздық астрономия элементтері. Галактикалар құрылуы. Галактикалар классификациясы. Галактикалар шоғырлануы. Жұлдыздық динамика элементтері. Галактикалар эволюциясы. Галактикалардың активті ядролары. Квазарлар. Космология элементтері. Хаббл заңы. Фридман шешімі. Кризистік тығыздық. Ғалам құрылымы. Практикалық сабақ:Гравитациялаушы жүйелердің динамикалық эволюциясын зерттеудің сандық әдістерімен танысу. Алыстағы объектілерге дейінгі қашықтықтарды қызыл ығысу негізінде анықтау. Квазарлар таралуындағы периодтылық. СӨЖ-10: Газ-тозаңдық тұмандықтарды мен шашыраған шоғырлар арасындағы Генетикалық байланыс. СӨЖ-11: Галактикадағы нейтрал сутегінің таралуы.

1. Кононович Э.В., Мороз В.И. Общий курс астрономии - М. ,УРСС, 2001. – 544с.

2. Жаров В.Е. Сферическая астрономия – М., 2002.

3. Ковалевский Ж. Современная астрометрия – М. Век-2, 2004. – 480 с.

4. Машонкин Л.И., Сулейманов В.Ф. Задачи и упражнения по общей астрономии – Казань, КГУ, 2002.