Уровень 1

Варианты готовых композиций

МЕБЕЛЬ ПЛАНЕТА ЛУНА СТАНДАРТ

Мебель планет луна Элит поэлементно

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Вопрос №1

V2 Астрономия қандай мәселелерді қарастырады?
Параллель әлемдерді зерттейді.
Аспандағы жұлдыздарды санайды.
Аспан денелерінің физикалық табиғатын зерттейді.
Адамдар мен мемлекеттер тағдырын болжайды.
Аспан денелері мен олардың жүйелерінің пайда болуы мен эволюциясы мәселелерін шешеді.
Жердегі ауа райы болжамын жасайды.
Аспан денелерінің көрінетін және нақты орнын, қозғалысын зерттейді.
Басқа планеталардағы «жасыл адамдарды» іздестіреді.  

 

Вопрос №2

V2 Информацияны қабылдау әдістері бойынша астрономияның негізгі бөлімдерін атаңыз
A. Күн физикасы.
B. Астрофизика.
C. Күн жүйесінің кіші денелерінің физикасы.
D. Аспан механикасы.
E. Галактикалық астрономия.
F. Астрометрия.
G. Космология.
H. Жұлдыздық жүйелер динамикасы.

Вопрос №3

V2 Астрономияның үш ғылыми революциясының бастауы
A. Энергияның сақталу заңының ашылуы.
B. Коперник ілімі және телескоптың ойлап табылуы.
C. Электромагниттік индукция заңының ашылуы.
D. Аристотель ілімі.
E. Спектрлік анализ және фотография.
F. Нептунның ашылуы.
G. Термодинамика заңдары.
H. Космосқа аппаратураның шығарылуы.

Вопрос №4

V2 Астрономияның пайда болуы мен дамуының түрткісі
A. Практикалық қажеттілік.
B. Жұлдыздық аспанның ұлылығы мен әдемілігі.
C. Ондық жүйенің ойлап табылуы.
D. Астрология.
E. Математиканың жетістіктері.
F. Сыртқы әлемді тану құмары.
G. Империяның пайда болуы.
H. Діни ілімдердің пайда болуы.

 

Вопрос №5

V2 Қазақстанда кәсіби астрономия қашан пайда болды?
A. Ұлы Отан соғысынан кейін.
B. Ю.А. Гагариннің космосқа ұшуынан кейін.
C. 1936 ж. Қазақ кеңестік социалистік республикасының құрылуынан кейін.
D. 1941 ж. қазанда.
E. 1941 ж. 21 қыркүйегінде Алматыда толық күн тұтылуынан кейін.
F. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жарияланғаннан кейін.
G. 1957 ж. Жердің бірінші жасанды серігі ұшырылғаннан кейін.
H. ҚазКСР ғылым академиясына дейін.

Вопрос №6

V2 Төменде келтірілген аспан денелері атауларының қайсысы қазақша атаулар болып табылады?
A. Субару.
B. Плеядалар.
C. Сириус.
D. Үркер.
E. Шолпан.
F. Альтаир.
G. Регул.
H. Темір қазық.

Вопрос №7

V2 Шоқжұлдыздар дегеніміз не және олар неліктен ойлап шығарылған?
A. Сауық үшін.
B. Ұлы тұлғалардың есімін мәңгілікке қалдыру үшін.
C. Кометаларды іздеу үшін.
D. Аспанда бағдарлану мақсатында.
E. Астрономдардың ыңғайлылығы үшін.
F. Уақытты өлшеу үшін.
G. Шығыс бағыттарын анықтау үшін.
H. Шоқжұлдыздар – ең жарық жұлдыздары бойынша ұқсастандырылатын аспан сферасының облыстары.

Вопрос №8

V2 Жұлдыздар, планеталар, Ай және Күннің көрінетін қозғалыстарының сипаттамасы.
A. Ай жұлдыздар арасында сағат тілі бойынша қозғалады.
B. Ай жұлдыздар арасында бұралаңдап қозғалады.
C. Көрінетін Күннің жылдық қозғалысы және Айдың айлық қозғалысы жұлдыздар арасында сағат тіліне қарсы бағытталған.
D. Планеталар жұлдыздар арасында сағат тіліне қарсы бағытта қозғалады.
E. Планеталар жұлдыздар арасында сағат тілі бойынша да, қарсы бағытта да қозғалады (бұралаңдайды).
F. Күннің көрінетін жылдық қозғалысы жұлдыздар арасында сағат тілі бойынша бағытталған.
G. Барлық аспан денелерінің тәуліктік қозғалысы сағат тілі бойымен бағытталған.
H. Планеталар әрқашан жұлдыздар арасында сағат тілі бойымен қозғалады.

Вопрос №9

V2 Қандай шоқжұлдыздарды зодиактық деп атайды?
A. Жануарлар атымен аталатын шоқжұлдыздарды.
B. Аспан экваторы өтетін шоқжұлдыздарды.
C. Күннің жылдық жүріп өтетін жолындағы 13 шоқжұлдыздардың ішіндегі 12 шоқжұлдыздарды.
D. Аспан меридианы өтетін шоқжұлдыздарды.
E. Үлкен планеталардың жүріп өтетін жолындағы Змееносецтан басқа 12 шоқжұлдыздарды.
F. Тікбұрышты формасы бар шоқжұлдыздарды.
G. Кометалар аралайтын шоқжұлдыздарды.
H. Айдың айлық жүріп өтетін жолындағы шоқжұлдыздарды.

Вопрос №10

V2 Аспан күмбезі мен аспан сферасы түсініктері.
A. Аспан күмбезі мен аспан сферасы – бір түсінік.
B. Аспан күмбезі құдайлардың тіршілік мекені.
C. Аспан күмбезі әрқайсысы өз жылдамдығымен айналатын көптеген сфералардан тұрады.
D. Аспан күмбезі ерекше заттан тұрады: эфир немесе квинтэссенция.
E. Аспан күмбезі - атланталардың иықтарында ұстап тұрылатын реалды сфера.
F. Астрономиядағы аспан сферасы – центрі бақылаушының көзінде болатын, кез келген үлкен радиусты жорамал сфера.
G. Күндіздік аспан күмбезі – біздің ішкі санамыз бірдей қашықтықта қабылдайтын, біздің атмосфера тығыздығының флуктуациясынан шашыраған Күн жарығы.
H. Аспан күмбезі көптеген адамдардың елестетуі бойынша – аспанның әсем бейнесі.

Вопрос №11

V2 1 - аспан сферасының негізгі бағыттары мен нүктелері.
A. Әлемнің солтүстік белдеуі – Темірқазық орналасқан нүкте.
B. Белдеулер – түскі сызық пен аспан сферасының қиылысу нүктелері.
C. Вертикаль сызық – Жердің центріне бағытталған сызық.
D. Вертикаль сызық – тіктеуіш сызығының бағытымен сәйкес келетін сызық.
E. Әлем өсі – тіктеуіш сызығына параллель сызық.
F. Әлем өсі – аспан сферасының центрінен өтетін және Жердің айналу өсіне параллель сызық.
G. Зенит – вертикаль сызықтың аспан сферасымен қиылысатын, жоғарыдағы нүкте.
H. Надир – Күннің шығыс нүктесі.

Вопрос №12

V2 2 - аспан сферасының негізгі сызықтары.
A. Аспан экваторы – аспан сферасының әлем өсіне перпендикуляр жазықтықпен қиылысуынан пайда болған үлкен дөңгелегі.
B. Аспан экваторы – бұл аспан сферасының Жер экваторы жазықтығымен қиылысатын сызығы.
C. Математикалық горизонт – бұл аспан сферасының тіктеуіш сызығына перпендикуляр жазықтықпен қиылысуынан пайда болатын үлкен дөңгелегі.
D. Математикалық горизонт – бұл аспан сферасының полярлық дөңгелек жазықтығымен қиылысуынан пайда болатын үлкен дөңгелегі.
E. Аспан экваторы – бұл аспан сферасы мен аспан меридианының қиылысу сызығы.
F. Түстік сызық – бұл экватор жазықтығы мен математикалық горизонттың қиылысу сызығы.
G. Аспан меридианы – аспан сферасының полюс пен зениттен өтетін үлкен дөңгелегі.
H. Аспан меридианы – бұл аспан сферасы мен математикалық горизонт жазықтығының қиылысу сызығы.

Вопрос №13

V2 Горизонталь координаталар жүйесі.
A. Азимут – бұл әлемнің солтүстік полюсі бағыты мен шырақ арасындағы бұрыш.
B. Азимут – бұл сфера центрінен оңтүстік нүктеге және математикалық горизонттың шырақ биіктігі дөңгелегімен қиылысу нүктесіне бағыттарының арасындағы бұрыш.
C. Зениттік қашықтық - зенит пен әлем полюсі бағыттарының арасындағы бұрыш.
D. Зениттік қашықтық - зенит пен экватор жазықтығы бағыттарының арасындағы бұрыш.
E. Горизонталь координаталар жүйесінің негізгі жазықтығы математикалық горизонт жазықтығы болып табылады.
F. Зениттік қашықтық – бұл биіктікті 180 градусқа толтыратын бұрыш.
G. Математикалық горизонт жазықтығы мен шырақ бағыты арасындағы бұрыш биіктік деп аталады.
H. Шырақ азимуты орын енділігіне тәуелді.

Вопрос №14

V2 Бірінші экваториалдық координаталар жүйесі.
A. Шырақтың сағаттық дөңгелегі – бұл зенит және шырақ арқылы өтетін дөңгелек.
B. Шырақтың сағаттық бұрышы – бұл горизонт жазықтығы мен шырақ бағыты арасындағы бұрыш.
C. Экваториалдық жүйенің негізгі жазықтығы болып аспан экваторы жазықтығы табылады.
D. Иілу - бұл математикалық горизонт жазықтығының аспан экваторы жазықтығына көлбеулігі.
E. Аспан экваторы жазықтығы мен шырақ бағыты арасындағы бұрыш иілу деп аталады.
F. Иілу сағатпен, минутпен және секундпен өлшенеді.
G. Полярлық қашықтық – полюс пен зенит арасындағы доға.
H. Сағаттық бұрыш – бұл аспан меридианы мен шырақ жазықтықтары арасындағы бұрыш.

 

Вопрос №15

V2 Екінші экваториалдық координаталар жүйесі.
A. Кульминация – шырақтың зениттен өту моменті.
B. Көктемгі күннің теңелу нүктесі – бұл Күннің оңтүстік жартышардан солтүстікке өтетін, экватордың эклиптикамен қиылысу нүктесі.
C. Шырақтардың иілуі 0 мен 180 градус аралығында өзгереді.
D. Бірінші координата тік шарықтау болып табылады (көктемгі күннің теңелу нүктесі және шырақ иілуі дөңгелегі мен экватордың қиылысу нүктесі бағыттарының арасындағы бұрыш).
E. Екінші экваториалдық координаталар жүйесінде шырақтар уақыт бойынша өзгереді.
F. Экватор мен эклиптиканың қиылысу нүктелері күн тоқырау нүктелері деп аталады.
G. Тік шарықтауды аспан экваторы жазықтығында тәуліктік қозғалысқа қарсы есептейді.
H. Шырақтардың тік шарықтауы -90 және +90 градустар аралығында өзгереді.

Вопрос №16

V2 Планеталар дегеніміз:
Басқа жұлдыздарда табылмаған аспан денелері.
Жұлдыздарды орбиталар бойымен айналатын аспан денелері.
Жұлдыздардан массалары жүздеген есе аз объектілер.
Өздік қуатты энергия көздері жоқ аспан денелері.
Өздік қуатты энергия көздері бар аспан денелері.
Тек Күн жүйесінде ғана болатын объектілер.
Масссы Күн массасына жақын аспан денелері.
Ғарышта өз бетімен өмір сүре алатын объектілер.

Вопрос №17

V2 Эклиптикалық координаталар жүйесі
A. Эклиптика – бұл аспан сферасына жүргізілген проекциядағы жұлдыздар арасында Күннің жылдық жүріп өтетін жолы.
B. Көктемгі күннің теңелу нүктесі қазір Торпақ шырағында орналасқан.
C. Шырақтың эклиптикалық ұзақтығы жыл мезгіліне тәуелді.
D. Эклиптикалық жүйедегі координаталар ұзақтық пен енділік болып табылады.
E. Экватор және эклиптика жазықтықтарының арасындағы бұрыш 45 градусқа тең.
F. Енділік – бұл экватор жазықтығы мен шырақ бағыты арасындағы бұрыш.
G. Эклиптикалық координаталар жүйесі күн жүйесі денелерінің орбиталарын есептеу кезінде қолданылады.
H. Ұзақтылық күздік күннің теңелу нүктесінен бастап есетеледі.

Вопрос №18

V2 Жер формасы және қозғалысы, олардың нәтижелері.
A. Мезгілдердің ауысуы Жер орбитасының эллипс болуына байланысты.
B. Әлем полюсі биіктігі бақылау орнының енділігіне тең.
C. Күн мен түннің ауысуы Жердің айналмалы қозғалысының дәлелі болып табылады.
D. Теңіз кемелері көрінуінің өзгеруі мен Ай тұтылуы Жердің шар тәрізділігінің дәлелі болып табылады.
E. Аспандағы ең жарық жұлдыз Темірқазық болып табылады.
F. Мезгілдердің ауысуы тәуліктік айналу өсінің орбита жазықтығына көлбеу жасайтынына байланысты.
G. Полюсте ауырлық күшінің үдеуі экваторға қарағанда азырақ.
H. Темірқазық оңтүстік бағытқа нұсқайды.

Вопрос №19

V2 Батпайтын және шықпайтын шырақтарға арналған шарттар
A. Батпайтын шырақтар үшін: иілу δ > (90° - j)
B. Шықпайтын шырақтар үшін: орын енділігі j > 45°
C. Батпайтын және шықпайтын шырақтар үшін: -(90° - j) < δ < (90° - j)
D. Батпайтын шырақтар үшін: δ < 30°
E. Батпайтын және шықпайтын шырақтар үшін: δ < j + 45°
F. Батпайтын шырақтар үшін: δ < (90° - j)
G. Шықпайтын шырақтар үшін: δ < -(90° - j)
H. Шығатын шырақтар үшін: тік шарықтау α < 90°.

Вопрос №20

V2 Параллактикалық үшбұрыш (п.ү.): анықтамасы және қасиеттері
A. П.ү. – бір қабырғасы орын енділігі болып табылатын сфералық үшбұрыш.
B. П.ү. – төбелері зенит, надир және шырақ болып келетін сфералық үшбұрыш.
C. П.ү. – төбелері полюс, зенит және шырақ болып келетін сфералық үшбұрыш.
D. П.ү. бір қабырғасы зениттік қашықтық болып табылады.
E. П.ү. бір қабырғасы шырақтың тік шарықтауы болып табылады.
F. П.ү. бір төбесі Әлем полюсі болып табылады.
G. П.ү. бір төбесі көктемгі күннің теңелу нүктесі болып табылады.
H. П.ү. бір қабырғасы шырақтың тік шарықтауы болып табылады.

Вопрос №21

V2 Сфералық үшбұрыш: анықтамасы және қасиеттері
A. Сфералық үшбұрыш (с.ү.) үлкен дөңгелектердің доғаларымен құрылады.
B. С.ү. қабырғаларының қосындысы (a + b + c) 360°-қа тең.
C. С.ү. бұрыштарының қосындысы (A + B + C) 180°-тан үлкен және 540°-тан кіші.
D. С.ү. бұрыштарының қосындысы 180°-тан кіші.
E. С.ү. бұрыштары үшбұрыш төбелерінен қабырғаларына жүргізілген жанамалардан түзіледі.
F. С.ү. қабырғалары үлкен және кішкентай дөңгелектердің доғалары бола алады.
G. С.ү. кішкентай дөңгелектердің доғаларынан құрылған.
H. Сфералық артылу деп бұрыштар қосындысы мен 270° айырмасын айтады.

Вопрос №22

V2 Сфералық тригонометрияның теоремалары (A, B, C – бұрыштар, a, b, c – қабырғалар).
A. tg a / tg b = sin a / sin b
B. sin a/sin A = sin b / sin B = sin c / sin C
C. cos A cos a = sin A sin a
D. sin a cos b = cos a sin b
E. sin A = cos b cos c – sin b sin c
F. cos a = cos b cos c +sin b sin c cos A
G. tg A = tg B ctg C
H. sin a cos B = sin c cos b – cos c sin b cos A

Вопрос №23

V2 1 – уақыт өлшеулері
A. Секунд – Жердің айналу периодының 1 / 86400 бөлігіне тең уақыт аралығы.
B. Секунд – бұл 1900.0. эпохасындағы көктем нүктесіне қатысты Күннің айналу периодының 1 / 31 556 925, 9747 бөлігіне тең уақыт аралығы.
C. Секунд (атомдық) – бұл негізгі күйдегі 133Cs атомы шығаратын электро-магниттік толқын тербелістерінің 9 192 631 770 периодының ұзақтығына тең уақыт аралығы.
D. Жұлдыздық уақыт – бұл көктемгі күн теңелу нүктесінің сағаттық бұрышы.
E. Берілген меридиандағы жұлдыздық тәуліктің басы ретінде көктемгі күннің теңелу нүктесінің төменгі кульминациясы моменті алынады.
F. Көктемгі күннің теңелу нүктесі аспан сферасында крестпен белгіленген.
G. Тропикалық жыл – нағыз Күн центрінің көктемгі күннің теңелу нүктесінен өткен көршілес екі уақыт аралығы.
H. Күнделікті өмірде жұлдыздық уақыт қолданылады.

Вопрос №24

V2 2 – уақыт өлшеулері
A. Уақытты өлшеу үшін уақыттың өлшем бірлігін таңдау керек (қандай да бір табиғи қатаң периодты процесті және санақ басын).
B. Жұлдыздық жыл – бұл таңдаулы жұлдыздың көктемдік күннің теңелу нүктесінің иілуі дөңгелегінен көршілес екі өтуі аралығындағы уақыт.
C. Күн эклиптика бойымен бір қалыпты қозғалады.
D. Аспан экваторы эклиптика жазықтығына 30° бұрышпен көлбеу орналасқан.
E. Шын күндік тәулік – берілген орындағы Күннің екі көршілес әрі аттас кульминациялар аралығындағы уақыт.
F. Жұлдыздық уақыт шырақтың тура өрлеуі мен оның сағаттық бұрышы айырмасына тең.
G. Орташа күндік тәулік – берілген орындағы орташа Күннің екі көршілес әрі аттас кульминациялар аралығындағы уақыт.
H. Күндік тәулік жұлдыздық тәуліктен 3 минут 56 секундқа қысқа.

 

Вопрос №25

V2 3 – уақыт өлшеулері
A. Астрономияда уақытты бұрышпен өлшейді.
B. Күннің экватор бойымен жылдық қозғалу жылдамдығы айнымалы.
C. Күннің көкжиектен бату моменті тәуліктің басы ретінде алынады.
D. Бірдей уақыт моментіндегі орташа уақыт пен шын күндік уақыт айырмасы уақыт теңдеуі h деп аталады.
E. Нөлдік меридиан Париж арқылы өтеді.
F. Жұлдыздық уақыт көктемдік күннің теңелу күнінде күндік уақытпен сәйкес келеді.
G. Бүкіл әлемдік уақыт – бұл Пулковский меридианының уақыты.
H. Алматылық уақыт бүкіл әлемдік уақыттан үш сағат артта.

Вопрос №26

V2 4 – уақыт өлшеулері
A. Декреттік уақыт белдеулік уақыттан қалып отырады.
B. Жер шары 12 сағаттық белдеуге бөлінген.
C. Мұсылмандық күнтізбе Мұхаммед пайғамбардың (с.а.у.) Мединадан Меккеге хижра жасауынан басталады.
D. Датаның ауысуы Гринвич меридианында іске асады.
E. Жергілікті уақыттар айырмасы ұзақтылықтар айырмасына тең.
F. Үшінші мың жылдықтың басы 2000 ж. 1 қаңтары болып табылады.
G. Белдеулік уақыттар айырмасы ұзақтылықтар айырмасына тең.
H. Орташа күн – бұл шын Күннің тропикалық жылына тең периодта экватор бойымен бір қалыпты қозғалатын виртуалдық нүкте.

Вопрос №27

V2 Аспанда шырақтардың орнын өзгертетін эффекттер
А. Көкжиек үстінде рефракция шырақты жоғыралатып көрсетеді. Және мынадай формуламен өрнектеледі: r = 60,25² tg z (z < 70° болғанда).
В. Рефракция шырақтың азимутын өзгертеді.
С. Рефракция шырақтың тура шарықтауында байқалмайды.
D. Рефракция себебінен Жер полюстерінде полярлық күндер түннен ұзағырақ.
Е. Горзонталды параллакс ол шырақ дискі көрінетін бұрыш.
F. Тәуліктік паралллакс зенитте максималды болады.
H. Тәуліктік параллакс ол бақылау нүктесіне жүргізілген, шырақтан Жер радиусы көрінетін бұрыш.
А. Көкжиек үстінде рефракция шырақты жоғыралатып көрсетеді. Және мынадай формуламен өрнектеледі: r = 60,25² tg z (z < 70° болғанда).

Вопрос №28

V2 Планеталардың көрінерлік қозғалысы
А. Элонгация ол Күннен планетаның максималды бұрыштық алшақтауы.
В. Элонгация ол Күн мен планеталар арасына бағытталған бұрыш.
С. Тұспа тұс тұру планетаның Күнге жақын келу мезеті.
D. Дифференттер Птолемей жүйесіне сәйкес планеталар қозғалатын кіші шеңберлер.
Е. Эпициклдер Птолемей жүйесіне сәйкес планетелар қозғалатын үлкен шеңберлер.
F. “Альмагест” – әлемнің құрылуы туралы арабтардың шығармасы.
G. Птолемейдің геоцентрлік жүйесі планеталардың көрінерлік қозғалысын дәл нақты сиппаттайды.
H. Жерге қарағанда Күнге жақын планеталар ішкі және одан алыс планеталар сыртқы деп саналады.

Вопрос №29

V2 Планеталардың толық қозғалысы
Сыртқы планеталар үшін синодтық қозғалыс теңдеуі: 1/S = 1/T – 1/P, мұндағы S және P – планеталардың синодтық және сидерлік айналу периоды, ал Т – Жердің айналуының жұлдыздық периоды.
В. Кеплердің бірінші заңы: барлық планеталар эллипс бойынша қозғалады және оның центрінде Күн орналасқан.
С. Кеплердің екінші заңы: уақыт интервалының ұзақтығына пропорционал, ауданды сипаттайтын планетаның радиус векторы.
D. Кеплердің үшінші заңы: жартылай осьті орбиталардың квадраты айналу периодының кубына пропорционал.
Е. Синодический период – екі кезектелген бірдей конфигурациялы планеталар арсындағы уақыт аралығы.
F. Эллипс теңдеуі: x2/a2 + y2/b2 = 2, мұндағы a және b – эллипстің үлкен және кіші жартылай осьтері.
G. Эллипстің эксцентриситеті мынаған тең: e = (a2-b2)0,5 / a, мұндағы a және b – эллипстің жартылай осьтері.
H. Орбитада планетаның Күнге ең жақын қашықтықта болуын перигей деп атайды.

Вопрос №30

V2 Орбита элементері
А. Орбиталар торабы – мұнда орбита экватор жазықтығымен қиылысатын, екі нүкте.
В. i орбитсының еңкею жазықтығы – орбита жазықтығы мен аспан экваторы жазықтығы арасындағы бұрыш.
С. Шығыс торабының гелиоцентрлік бойлығы – көктемгі күн теңелу нүктесі мен шығыс торабының арасына бағытталған Күн центрінен алынған бұрыш.
D. шығыс торабынан w перигелийдің бұрыштық қашықтығы - перигелий мен шығыс торабының арасына бағытталған Күн центрінен алынған бұрыш.
Е. Орбитаның эксцентриситеті мынаған тең: e = (a2-b2)0,5 / a, мұндағы a және b – эллипстің жартылай осьтері.
F. Планетаның шын аномалиясы - афелий мен планета арасына бағытталған Күн центрінен алынған бұрыш.
G. Орташа аномалия – егер ол орташа бұрыштық жылдамдықпен 2p/Т радиус шеңберін бойлай қозғалатын болса, (t-t0) уақыт аралығында планета сипаттай алатын, шеңбер доғасы, мұндағы Т – планетаның айналу периоды.
H. Классикалық механикада кеңістіктік пен уақыт бір біріне тәуелді.

 

Вопрос №31

V2 Екі дене есебі
А. Екі дененің тартылу күші олардың арасындағы қашықтыққа кері пропорционал.
В. Жердегі тарту күші дененің биіктігінің квадратына кері пропорционал кемиді.
С. Гравитациялық күш экрандалмайды.
D. Екі дене есебінің нақты теңдеуі: v2 = f (M + m) (2/r -1/a), мұндағы v – m массалы дененің жылдамдағы, M – центральды дененің массасы, f – гравитациялық тұрақты, a –эллипса үлкен жартылай осі, r - радиус-вектор.
Е. Кеплердің үшінші заңының нақтыланған түрі: T12(M + m1) / T22 (M +m2) = (a1/a2)3
F. күш денеге бағытталған.
G. Келетін күштер қашықтық квадратына кері пропорционал.
H. Нептунда кездейсоқ тапты.

Вопрос №32

V2 Жердің жасанды серіктерінің қозғалысы
А. Спутниктің шеңберлік жылдамдығы Vcirc оның биіктігіне тәуелді емес.
В. Дененің критикалық (параболалық) жылдамдығы Vcirc тең.
С. Дененің критикалық (параболалық) жылдамдығы Vcirc тең.
D. Жерге спутник орбитасының жақын нүктесі апогей деп аталады.
Е. Жерге спутник орбитасының жақын нүктесі перигей деп аталады.
F. Үшінші космостық жылдамдық бағытқа тәуелді және 16.6 дан 72.8 км/с аралығында жатады .
G. Ауырлық күшінің удеуі Жер центрінен саналатын қашықтыққа кері пропорционал.
H. ЖЖС қозғалысы Кеплер заңына бағынбайды.

Вопрос №33

V2 Аспан денелерінің көлемі, пішіні және оларға дейінгі қашықтық
А. Жер радиусы 384000 км тең.
В. Жердің экваториалдық радиусы полярлықтан 20 км кем.
С. Астрономиялық бірлік ол Жерден Күнге дейінгі орташа ара қашықтық.
D. Астрономиялық бірлік 15 мың километрге тең.
Е. Горизонталды параллакс ол бұрыш, егер ол көзге перпендикуляр болған жағдайда, шырақтан Жер радиусы көрінеді.
F. Алып аспан денелерінің пішінін гравитация күші мен айналулар анықтайды.
G. Қашықтық d мен параллакс p екеуі өзара мынадай ара қатынасымен байланысты: d ´ p = .
H. Бір парсек 1000 астрономиялық бірлікке тең.

Вопрос №34

V2 Жердің қозғалысы
А. Эклиптпкалық параллакстың пішіні эклиптикалық ендікке тәуелді.
В. Эклиптпкалық параллакстың пішіні географиялық ендікке тәуелді.
С. Аспан денесі Жерден қаншалықты алысырақ орналасқан болса соншалықты оның параллаксы үлкен болады.
D. Шырақтың параллаксының шамасы оған дейінгі қашықтыққа пропорционал.
Е. Абберация шыраққа дейінгі қашықтыққа тәуелді.
F. Абберация шырақтың салыстырмалы жылдамдығына тәуелді емес.
G. Жердің айналуының дәлелі Кариолис күші, Фуко тәжірибесі, лақтырылған, түсетін дененің шығысқа қарай ауытқуы.
H. Жерде жыл маусымдарының ауысып тұруы оның айналу осьтері орбита жазықтығына еңкеюімен түсіндіріледі.

 

Вопрос №35

V2 Прецессия және оның салдары
А. Прецессия деп зенитте жер осьтерінің айналуын айтады.
В. Прецессия деп эклиптика полюсінің айналасында жер осьтерінің тербелуін айтады.
С. Прецессия ол Ай мен Күннің өзіне тартуынан пайда болған момент әсерінен Жердің айналу остерінің бағытының өзгеруі.
D. Прецессияның әсерінен көктемгі күн теңелу нүктесі ығысады.
Е. Экваторды бойлай көктемгі күн теңелу нүктесінің орын ауыстыру жылдамдығы 46,11²/ жылды құрайды.
F. Нутация ол Галлея кометасының Жерге периодты түрде жақындауымен түсіндірілетін, Жердің айналу осьтері салыстырмалы аз ғана тербелуі.
G. Қазіргі уақытта көктемгі күн теңелу нүктесі Таразы шоқжұлдызында.
H. Уақыт өткен сайын Жер үдетіліп келеді.

Вопрос №36

V2 Айдың фазасы және қозғалысы
А. Айдың фазасы оның Жермен тұтылуымен түсіндіріледі.
В. Бойлық бойынша тербелуі Жердің айналасында Айдың бірқалыпсыз жылдамдықпен айналуымен пайда болады.
С. Айдаһар айы ол бір ғана орбита торабы арқылы Айдың екі рет кезектеліп жүруінің арасындағы уақыт аралығы.
D. Айдың синодтық айналу периоды 30 күнге тең.
Е. Айдың өз осі бойынша айналу периоды синодтық аймен ұқсас.
F. Тұтылудың қайталану периоды(сарос) 11 жылға тең.
G. Айдың тұтылуы Күннің тұтылуынан жиірек болады(айдың тұтылу саны көбірек).
H. Айдың қозғалысы 2000 мүшеге жуық есептейтін теңдеумен сипатталады.

Вопрос №37

V2 Астрономияның бұрышты өлшейтін құралдары және сағаттар
А. Астрономиялық труба екі дөңес линзадан тұрады: обьектив пен окуляр, олардың фокустары бөлінген.
В. Телескоптың бұрыштық үлкейтілуі n мынаған тең: 2F / f, мұндағы F – обьективтің фокустық қашықтығы, f – оклярдың фокустық қашықтығы.
С. Жұлдыздық уақыт s = α - t, мұндағы α – тік шарықтауы, ал t – шырақтың сағаттық бұрышы.
D. Кварцтік сағаттар – айнымалы токтың генераторы, оның тербелу периоды айнымалы электрлік өрісте орналасқан кварцтік пластинкамен қойылады.
Е. Берілген уақыт аралығында сағаттарды түзетіп өзгертіп отыру сағатардың жүрісі деп аталады: w = (u1 – u2) / (T*2 –T*1), мұндағы u1 және u2 – Т1 және Т2 моменттерінде сағаттарды түзету.
F. Географиялық бойлық берілген жергілікті уақыт және Гринвич меридианның қосындысына тең: l = Тm + T0 .
G. Астрономиялық трубаны бұру бұрышы екі дөңгелек бойынша саналады, олар трубаның екі өзара перпендикуляр осьтерімен тығыз байланысты.
H. Егер шырақ зениттен оңтүстікке кульминацияланса, онда меридианда j = δ - z, мұндағы j - жергілікті жердің ендігі, δ – шырақтың еңкеюі, z – зениттік қашықтық.

Вопрос №38

V2 Спутниктік навигацияның және геодезияның жүйесі
А. Спутниктік навигациямен Жердің барлық аумағын алу үшін 30 спутник қажет.
В. Спутниктік навигациямен Жердің барлық аумағын алу үшін 12 спутник қажет.
С. Спутниктік навигациядан шығатын теңдеу: ri =c(ti0 – tie), мұндағы ri – бақылаушыдан спутникке дейінгі қашықтық, c – жарық жылдамдығы, ti0 – бақылаушымен сигналды тіркеу мезеті, tie - сигналдың сәулелену мезеті.
D. Спутниктік навигациядан шығатын теңдеу: ri =c(ti0 + tie), мұндағы ri – бақылаушыдан спутникке дейінгі қашықтық, c – жарық жылдамдығы, ti0 – бақылаушымен сигналды тіркеу мезеті, tie - сигналдың сәулелену мезеті.
Е. Қазіргі таңда спутниктік навигацияның бір ғана түрі бар: GPS.
Спутниктік навигацияның басты жұмысқа керек теңдеуі: (x – xi)2 + (y – yi)2 + (z – zi)2 = c2 (ti0 +dt – tie)2 , мұндағы і – спутник нөмірі, dt – спутниктік сағаттарға қатысты бақылаушының сағатын белгісіз түзетілуі.
Спутниктік навигацияның басты жұмысқа керек теңдеуі: (x + xi)2 + (y + yi)2 + (z + zi)2 = c2 (ti0 +dt – tie)2 , мұндағы і – спутник нөмірі, dt – спутниктік сағаттарға қатысты бақылаушының сағатын белгісіз түзетілуі.
Навигациялық спутниктің координатын дәл анықтау үшін 20 жер обсерваториясының желілері бар.

Вопрос №39

V2 Экваториалдық координаттарды анықтаудың абсолютті әдістері
А. Еңкею жоғарғы және төменгі кульминацияларда шырақты бақылаумен мынадай формула бойынша анықталады: δ = 90° - 0,5(zd – zu), мұндағы zd және zu – төменгі және жоғарғы кульминациялардың зениттік арақашықтығы.
В. Еңіс бұрышын e күн мен түннің күзгі теңесу кезінде Күнді бақылау бойынша анықтайды.
С. Күннің тік шарықтауын мынадай формуламен анықтауға болады: sinα* = tgδ*/tge, мұндағы e - экватордың эклиптикаға еңіс бұрышы.
D. Экватордың эклиптикаға еңісі 30° тең.
Е. Негізгі немесе сағаттық жұлдыздар Әлемнің Солтүстік полюстарында орналақан.
F. Шырақтың тік шарықтауы аспан меридианынан бастап саналады.
G. Жұлдыздардың орнын қайталап бақылау керек емес.
H. Жергілікті жердің ендігін мынадай формуламен анықталады: j = 90° - 0,5(zd + zu).

Вопрос №40

V2 Жұлдыздардың өзіндік қозғалысы
А. Инерциалды координат жүйесіне айналу мен үдеу қатысады.
В. Жұлдыздардың өздік қозғалысы – ол олардың кеңістіктік жылдамдығы.
С. Өздік қозғалыс жылдамдық бірлігінде км/ тәулікпен өлшенеді.
D. Жұлдыздардың өздік қозғалысы қашықтыққа тәуелді емес.
Е. Жұлдыздардың өздік қозғалысы қашықтыққа тәуелді.
F. Өздік қозғалыс ол прецессияны, нутацияны және абберацияны ескермей бір жыл ішінде жұлдыздың ығысу бұрышы.
G. Өздік қозғалыс бір бірлікте өлшенуі: бұрыштық секунд/жыл.
H. Өздік қозғалыс үшін арналған формула: m = (mδ2 - mα2)0,5.

Вопрос №41

V2 Астрономиялық карталар, каталогтар және мәліметтер базасы
А. Ең көне сақталған каталог «Альмагест» каталогы болып табылады.
В. Бақылау дәуірі – каталогтағы жұлдыздардың координатын бақылау уақытысының соңғы моменттері.
С. Халықаралық аспан тірек санақ жүйесі өздік қозғалысы нөлге тең ғарыштық алыс қашықтықтыға радиокөздерге байланған.
D. Қазіргі таңда нақтырақ астрономиялық каталог «Гиппаркос» ғарыштық каталогы болып табылады.
Е. Халықаралық астрономиялық орталықтар Страсбургта орналасқан (Франция).
F. Жұлдыз карталарында планеталардың және кометалардың орны келтірілген.
G. Месье каталогы аспан денелерінің координатын дәлірек анықтау мақсатымен құрастырылған.
H. Қазақстанда астрономиялық бақылаулар жүргізілмейді.

Вопрос №42

V2 Космостық геодезия және ЖЖС бақылау әдістері.
A. Космостық геодезияның негізінде Жер бетінен бұрыштық өлшеулер үшін Жер мен Айдың жасанды серіктерін тірек нүктелері ретінде қолдану жатыр.
B. ЖЖС бақылау үшін аз жарық күшті телескоптарды қолдану керек.
C. Жұлдыздар бойынша гидирлеу кезінде фотопластинкадағы серік кескіні жеке нүктелерден тұратын сызық түрінде алынады.
D. Лазерлік ұзақ метрияның негізгі формуласының түрі: r = 0.5 (cDt +Dr1 + Dr2), мұндағы r - ізделініп отырған ұзақтық, Dr1 және Dr2 – атмосферадағы сәулелердің іркілуі мен аппаратураның қателігіне байланысты сәйкес түзетулер.
E. Лазерлік шоғырдың қимасы серікке дейінгі қашықтыққа тәуелді емес.
F. Лазердің көмегімен қашықтықты анықтау дәлдігі уақытты анықтау дәлдігіне тәуелді емес.
G. Доплерлік ЖЖС бақылау әдісінің негізгі теңдеуінің түрі:
fobs = (-1/c)fem(dr/dt), мұндағы fobs – сәуле шығарудың бақыланатын жиілігі, fem – сәуле шығару жиілігі, с – жарық жылдамдығы, dr/dt - қабылдағышқа қатысты сәуле шығару көзінің радиалды жылдамдығы.

Вопрос №43

V2 Астрометриядағы тым ұзын базалы радиоинтерферометрлер (ТҰБР).
A. ТҰБР базасы 10 -нан 100 км аралығын құрайды.
B. ТҰБР базасы бірнеше мың километрді құрайды.
C. Радиотелескоптардағы сағаттар секундтық дәлдікпен синхрондалулары керек.
D. Радиотелескоптардағы атомдық сағаттар секундтың миллиондық бөлігі дәлдігімен синхрондалулары керек.
E. t сигналының уақыттық іркілісі база ұзындығына тәуелді және кеңістіктегі ориентацияға тәуелді емес.
F. Сигналдың уақыттық іркілісі телескоптар арасындағы қашықтыққа тәуелді емес.
G. Радиоинтерферометрлердің көмегімен Халықаралық аспандық тіреу жүйесі құрылған.
H. Бұрыштық сындырғышта барлық бұрыштар 60 градусқа тең.

Вопрос №44