МІР АНАМНЕЗІ

Эпидемиологиялық анамнез

АУРУ АНАМНЕЗІ

ПАСПОРТТЫҚ БӨЛІМІ

АУРУ ТАРИХЫ

БАЛАЛАР ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРЫ КАФЕДРАСЫ

АРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

Фамилиясы, аты, науқастың жасы:

 

 

Клиникалық диагнозы

- Негізгі ауруы:

- Асқынуы:

- Қосалкы аурулары:

 

Куратор:

___________________ факультетінің

3 курс ________ топ студенті

___________________________________________

Тексерген: (қызметі, оқытушының Ф.А.Т)

 

 

ҚАРАҒАНДЫ 2011 ж.


1. Фамилиясы, аты, әкесінің аты

2. Жасы /Баланың туған күні/

3. Тұратын жері: қала, аудан, көше, үй, пәтері /жеке/

4. Қандай ұжымға барады – ОМ № немесе МДМ №, сынып, топ, соңғы рет барған күні, немесе ұйымдаспағаны.

5. Ата-анасының ФАӘ, жасы.

6. Ата-анасының жұмыс орны.

7. Клиникаға түскен күні, уақыты.

8. Стационарға кім жіберген.

9. Жолдаған мекеменің диагнозы.

10. Түскен кездегі диагнозы.

11. Клиникалық диагнозы:

Негізгі –

Негізгі аурудың асқынуы –

Қосалқы ауруы –

Түскен кездегі ШАҒЫМДАРЫ (науқастың немесе бірге келген адамның айтуынан), курация кезінде оларды нақтылау.

 

Ауруды пайда болған уақыты. Диагнозға қатысты жеке симптомдардың пайда болу кезектілігі: температуралық реакция, диспепсиялық көріністер, жоғарғы тыныс алу жолдары катарының симптомдары, құрысу, есінен тану, тері жамылғысы, зәр, нәжіс түсінің өзгеруі, бөртпенің пайда болуы, оның сипаты, орналасуы және оның әрі қарай дамуы және т.б.

Негізгі клиникалық белгілердіғң дамуы мен динамикасы. Алғаш рет дәрігерге қаралған күні, болжам диагнозы, амбулаторлы лабораторлы зерттеулердің нәтижелері. Амбулаторлы емі (дәрі-дәрмектер, олардың тәуліктік мөлшері, курстың ұзақтығы, көтере алмаушылығы) ауру басталғаннан бастап, ауруханаға жатқызылып, науқасты курациялаған күнге дейін алған емі.

Жүргізілген ем аясында аурудың негізгі симптомдарының динамикасы. Ауруханада емделген уақыттағы аурудың дианмикасы, жүргізілген емнің сипаты мен тиімділігі (курация басталғанға дейін).

 

Жұқпалы ауру науқасымен үйде, көршілес, балалар ұжымында қатынас болу мүмкіндігі. Қайда тұрады: пәтерде, жатақханада, бөлмеде; тұрмыс жағдайы (коммуналды жағдайдың болуы), тұратын жердің санитарлық жағдайы.

Науқастың өмір салты мен жағдайы (эпидемиялық қолайсыз жерде немесе қандай-да бір инфекцияның ошағында тұру, қоршаған жерде жұқпалы аурулар жағдайының туындауы), жеке бас гигиенасының ережелерін сақтау; үйде үй жануарларының, құстардың, аквариумның, сонымен қатар кеміргіштердің және т.б. болуы.

Жұқпалы аурулар науқастарының (соның ішінде туберкулез, вирусты гепатит, венерологиялық аурулар, баспа, мұрыннан су ағу, диарея және т.б. жедел инфекционды науқастарды көрсету.) жанұяда, үйде болуы; олармен қатынас болды ма.

Қоршаған ересектер арасында аурудың болуы.

Осы аурудың пайда болуымен немен байланыстыруға болады: инфекцияның болу мүмкін берілу механизмін анықтау:

- Шикі су, шикі сүт ішу, жуылмаған жемістер жеу, сапасы нашар тамақ өнімдерін пайдалану;

- Темір жолмен жол жүру, моншаға, шаштаразға, маникюр және педикюр кабинеттеріне, базарға бару; парентеральді араласуларды алу (инъекциялар, қан және оның компоненттерінің трансфузиясы, аспапты тексеру, оперативті араласулар, стоматологиялық манипуляциялар және т.б.) ауру басталғанға дейінгі соңғы 6 ай ішінде (қай жерде және қашан);

- Жарақаттардың, жануарлардың тістеуінің, соғылып-жығылудың, қажау орындарының болуы;

- Эктопаразиттердің болуы. Жол жүріп келгендерден келген жердің эпиджағдайы мен қатынасы анықталады.

Балада аурудың дамуын немен байланыстырасыз.

Жүргізілген алдын-алу егулері (мерзімдері, асқынулары), мед.әкетулердің болуы.

ҚОРЫТЫНДЫ:

1) Инфекцияның болу мүмкін көзі.

2) Инфекция берілуінің болу мүмкін механизмі мен жолы (жолдары).

3) Инфекция берілуінің болу мүмкін факторы (лары).

 

Ерте жастағы балалар үшін: нешінші жүктілік, алдындағы жүктілік немен аяқталды (егер олар болса): аборттар – түсік тастау (жүктіліктің қай айында), медициналық; өлі туу, шала туу. Осы баламен жүктілік қалай өтті, босану ағымы, мерзімінде немесе мерзіміне дейін. Туған кездегі баланың жағдайы: қашан жылады, күндік бауының мойынды байлауы және т.б. ерекшеліктері, туған кездегі бойы мен салмағы, кеудені алу уақыты, осы күнге дейінгі тамақтану әдісі (табиғи, жасанды, аралас, тамақтандыру саны, сипаты және тамақ түрі (әсіресе, жасанды тамақтандыру кезінде). Шырындарды, витаминдерді (әсіресе, Д витаминінің мөлшері мен мерзімін көрсету), жемістерді және көкөністерді, қосымша тамақты енгзу мерзімдерін көрсету.

Қашан емуден шығарылған уақытын, нәрестелік кезеңде ауырған ауруларын көрсету.

Баланың психомоторлық дамуы (негізгі этаптары):

Әр ай сайын салмағы мен бойын қалай қосты.

Бірінші тістер қашан шықты.

Басын қашан ұстады, қашан ішіне аунады, отырды, тұрды, жүрді, жеке буындарды, сөздерді айтты, күлді, қашан анасын тани білді.

 

Ересек балалар үшін: физикалық және ақыл-есінің дамуы, оның жасына сәйкестігі, мектептегі үлгерімі, спортпен шұғылдануы, үйірмелерге, секцияларға қатысуы, тамақтану және демалу тәртібін сақтауы.

Баланың ауырған аурулары: