Лекция №3
Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар -1 сағ.
1. Зілзала, авария, апат және төтенше жағдайдың анықтамалары.
2. Негізгі белгілері бойынша төтенше жағдайларды жіктеу.
1. ҚР-ның 1996 жылғы 5 шілдедегі "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Заңы Қазақстан Республикасы аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді. Мұнда халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүгізуші объектілерді төтенші жағдайлар мен олар туғызған зардаптардан қорғау - мемлекеттік саясатты жүргізудің басым салаларының бірі болып табылады.
Заңда төтенше жағдайға, дүлей зілзалаға, аварияға анықтама берілген; ұйымдардың міндеттері, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы халықтың құқықтары мен міндеттері белгіленген; жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік органдардың өкілеттіктері ерекше көрсетілген; табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы заңдарды бұзғаныүшін жауапкершілік анықталған. Заңда төтенше жағдайларға қатысты өзгеде сұрақтар қамтылған.
Дүлей зілзала бұл әдеттегідей тұрғындардың қалыпты тіршіліктерінің тұтқиыл бұзылуына, адамдардың өліміне, ауыл шаруашылығы малдарының шетінеуіне, материалдық құндылықтардың бүлінуіне және жойылуына әкеп соғатын табиғи құбылыс.
Дулей зілзала - төтенше жағдайдың пайда болуына әкеліп соғатын зілзала.
Төтенше жағдайлардың көбісі адамға бағынышты емес табиғат күш әсерінен болады: жер сілкінісі, сел, су тасқыны, сырғымалар, қар көшкіні, дауылдар, күртік, орман және дала өрттері т. б.
Әрбір дүлей зілзаланың өзіне ғана тән пайда болу себептері, қозғауші күші, сипаты мен даму сатысы, қоршаған ортаға әсер ету ерекшеліктері болады.
Дүлей зілзалалар бірінен-бірінің елеулі айырмашылықтарына қарамастан оларға мына жалпы ерекшеліктер ортақ болып келеді: кең өріс алуы, қоршаған ортаға айтарлықтай әсер етуі, адамға күшті психологиялық ықпал жасауы.
Авария — технологиялық процесстер мен механизмдердің бұзылуы, жабдықтар және ғимараттардың зақымдануы.
Авариялар зардаптарының сипатты түріне, ауқымына және олар пайда болған кәсіпорынның ерекшелігіне байланысты. Авариялардың әдеттегідей зардаптары: жарылыстар, өрттер, су басу, шахтаны үйінді басу болуы мүмкін.
Көбінесе авариялар ауаның газдалуы, мұнай өнімдерінің, қауіпті сұйықтықтардың, қатты әсер ететін улы заттардың төгілуіне әкеліп соғатын зардаптар туғызады.
Апат — бұл тұтқиылдан пайда болдыратын адам әрекеті, халықтың үлкен тобының тіршілік әрекеттерінің бұзылуымен, адам өлімімен немесе өмірі мен денсаулығына қауіп төндірумен, едәуір экономикалық немесе экологиялық шығынмен сипатталатын табиғи немесе әлеуметтік зілзала
Апаттар көлемі мен түрі бойынша бөлінеді:
Көлемі бойынша: кіші, орташа, үлкен болады.
Көлемді анықтау кезінде белгіге екі көрсеткіш алынады: зардап шеккендер немесе ауруханаға жатқызтын адамдар саны; апат зардабына ұшыраған аумақ.
Түрі бойынша:
- табиғи (табиғи немесе дүлей зілзала);
- жасанды (антропогендік, атап айтқанда адам факторы әсерінен) болады
Табиғи:
1. Метеорологиялық (дауыл, циклон, құйын, әдеттегіден тыс аптап, құғақшылық, аяз, найзағайдан болған өрттер).
2. Тектоникалық және теллурлық (жанартаудың атқылауынан болған өрт, жер сілкінісі).
3. Топологиялық (сел, сырғыма, қар көшкіні, тастың құлауы, су басу).
4. Космостық (метеориттердің және басқа космостық денелердің құлауы, олармен соқтығыс).
Төтенше жағдай - адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған авария, зілзала немесе апат салдарынан болған белгілі бір аумақта туындаған жағдай.
Төтенше жағдайлардың басты көрсеткіші бүлдіру процесстерінің жиілігі болып табылады, бұл процесстерді қалыпқа келтіру үшін қосымша күш пен қаражатты тарту және айрықша шешім қабылдауды талап етеді.
2.Төтенше жағдайлар үш негізгі белгілері бойынша жіктелінеді:
1. Пайда болу саласы бойынша.
2. Ведомстволық қатыстылығы бойынша.
3. Аймақтық таралуы бойынша.
Пайда болу саласы бойынша төтенше жағдайлар:
- табиғи;
- техногенді;
- жанжалды болып бөленеді.