Темекі шегу.

Жыл сайын дүние жүзінде темекі шегудің салдарынан 4 млн. адам қайтыс болады екен. Мұны жыл бойына әр күн сайын 25 авиалайнер апатқа ұшырап, сол себепті түгел ажал құшқан пассажирлердің санымен салыстыруға болады. Бүгінде жер шарында 1,2 млрд. адам темекі шегетін көрінеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша, 1997 жылы темекіден 3 млн. адам қайтыс болған болса, бұл көрсеткіш жыл сайын 33 пайызға өсіп отырған. Бұл – бұл ма? Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебіне жүгінетін болсақ, егер жағдай өзгермесе, онда таяу жылдарда жарты миллиард тірі адамның түбіне темекі жетуі мүмкін көрінеді. Бұл қолайсыз мәлімдеме үрейлендіріп, үркіту үшін емес, нақты факт негізінде жасалып отыр.

Ал, Қазақстанға келер болсақ, қазіргі уақытта 5 миллионға жуық адам темекі шегеді екен. Оның басым бөлігі орта жастағы адамдар болса керек.
Темекі тартатын адам күніге орта есеппен 200 рет, айына 6 мың рет, жылына 72 мың рет ішке түтін тартса, ал 45 жастағы адам өмір бойына 2 млн. рет темекі тартады деседі. Қызығы сол, темекі шегуді о баста «ойнап» бастаған 100 адамның 80-і біртіндеп тұрақты шылымқорға айналады.

Темекі шегудің зиян келтіретінін білсе де, шылымқорлар көбеймесе азаймай отыр. Темекі шегуші адамдар тек өзін ғана улап қоймай, қасындағы басқа адамдарды да улайтыны белгілі.
Қазір тәжірибеде денсаулық сақтау қызметінің ескертуі, дәрігерлер кеңесі, шылымқорларға шұғыл шартты рефлекс жасау, оларға жағымсыз жайттар туғызу, гипноз (сиқыр), миға код жіберу және қолдаушы топ арқылы темекі қойғызуға арналған бағдарламалар жүдә көп. Бірақ, бұлардың нәтижелері түбегейлі болмай тұр. Осындай тәсілдермен емделген адамдардың бестен бірі ғана темекіні тәсігөй қойып кетуі ықтимал. Ал, олардың көпшілігі бұрынғы зиянды әрекеттерін жаңғыртып, қайтадан жалғастырады. Ал, енді темекінің адамдардың денсаулығына зардабы қандай? Темекінің әр талы адам өмірін 12 минутқа қысқартатыны дәлелденген шындық көрінеді.

Сондай-ақ, оның басты зияндылықтарын айтар болсақ, төмендегідей тізім пайда болады:
1. Ерін тіл және өңеш рагына жол ашады.

2. Ас қорытуды қиындатады, тәбетті қайтарады.

3. Асқазанда жара пайда болуына көп әсері бар.

4. Өкпе мен көмекей рагына ұшыратады.

5. Қол-аяқ тамырлары бірте-бірте бітеледі. (Гангренаға айналып, қол, аяқ кесілуге дейін барады).
6. Миды қамтитын тамырларда да қатаю пайда болып, клеткалары өледі және ол орнына қайтып келмейді.

7. Жүрек ауруларына (инфарк) шалдығады.

8. Тез қартаяды, теріде әжім пайда бола бастайды.

9. Бел әлсіздігінің ең басты себебіне айналады.

10. Темекі өрттің шығуына да ықпал етеді. Соның кесірінен үй, орман өртеніп, адам өліміне де душар етуі мүмкін.

11. Темекі екіқабат әйелдерге зиян береді. Сырқат сәбидің дүниеге келуіне негіз болады. Тіпті, баланың өлі тууына да себеп болуы ықтимал. Түсік тастауға да алып келуі ғажап емес.

12. Бала емізетін әйелдерде никотин емшек сүтіне араласып, осы арқылы сәби уланып, туберкулез, өкпе, мазасыздану т.б. сырқаттарға ұшырайды.

Темекінің зияндылығының негізін оның құрамындағы көптеген қатерлі элементтерден түзелетіндігінен байқауға болады. Темекі түтінінде 4000-ға жуық химиялық зат бар екендігі анықталып отыр. Оның бір де бірі адам ағзасына пайдалы емес, барлығы бірдей залал. Оның ішінде никотин, шайыр, көміртегі тотығы және кансереген секілді заттардың зардабы аса ауыр болып келеді. 100 мг. никотинді бірден қабылдаған адам өледі. Бұл никотин мөлшерін екі қорап темекіден алуға болады. Әрине, екі қорап темекі шеккен адам өле қоймайды. Өйткені, ол оның бәрін бір сәтте қабылдап үлгермейді. Адам оны күні бойы шегеді.

3. Нашақорлық - әлеуметтік зұлым.

Қазақстандық қоғамды есірткілендірудің әлеуметтік мәдени факторлары (моральдық-этикалық нормалар мен мінез-құлық құндылықтарының бұзылуы, батыстық мәдениеттің жаппай әсер етуі, отбасылық қарым-қатынастардың бұзылуы, жастардың әлеуметтік мінез-құлқының өзгеруі) ұлт денсаулығының негізі ретінде есірткіге деген қоғамдық иммунитетті қалыптастыру қажеттігін өзекті етеді.

Есірткіге қарсы әлеуметтік иммунитетті қалыптастыруға ең алдымен мемлекеттік әлеуметтік саясат және орта, жоғары білім беру жүйесіндегі жастар арасындағы жұмыс бағытталуы тиіс. Бұл ретте осы саладағы негізгі бағыт беретін күш тек орталық, жергілікті атқарушы билік органдарының ғана емес, азаматтық қоғам институттарының да қызметі болуы тиіс.

Әсіресе балалар, жастар мен әйелдер арасында салауатты өмір салтын, есірткісіз өмірді насихаттау есірткіге қарсы мемлекеттік қызметтің ажырамас бөлігі болуы тиіс.
Осы тұрғыда ең ортақ алдын алу іс-шаралары ретінде еліміздің жекелеген өңірлерінде есірткі пайдаланатын адамдар санының өсуіне ықпал ететін себептер мен жағдайларды зерделеу, салауатты өмір салтын жүргізуге ұмтылысты ынталандыратын бағдарламаларды әзірлеу мен енгізуді айтуға болады. Қоғамдық санада адамның денсаулығы өзі үшін де, тұтастай қоғам үшін де құндылық болып табылатындығы жөніндегі идеяның алатын орны барған сайын қомақты болуы тиіс. Оны есірткі пайдаланатын адамдармен жұмыстағы маңызды психологиялық алғышарт деп есептеуге болады, өйткені өзінің денсаулығына деген көзқарастың өзгеруі басқа да алдын алу және емдік бағдарламалардың іске асырылуын жеңілдетеді.
Бұл үшін ең алдымен балалар, жасөспірімдер мен жастар арасында нашақорлықтың алдын алу жөніндегі көп сатылы білім беру бағдарламасын құру қажет.

Халыққа есірткілердің зияны туралы кең көлемде ақпарат беруге көп көңіл бөлінуі тиіс. Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) көпшілік қауым үшін қажетті білімнің негізгі көзі болып есептелуі олардың бұл мәселедегі жауапкершілігін арттырады. Екінші жағынан БАҚ-та есірткі заттарының жарнамасына, есірткілер туралы босаңсу, рахаттану, бедел жинау құралы, өмірдің "жеңіл" стилі делінетіннің атрибуты ретіндегі теріс түсініктер уағызына жол бермеу жөнінде жұмыс жүргізілуі тиіс.

4. Денсаулық және экология

Соңғы жылдары жер шарында экологияық апаттар қаупі күшеюде. Француз ғалымы Жак Ив Кусто айтқандай «бұрын адам табиғаттан қорқатын, қазір адам табиғатты қорқытады» ҒТР- дың дамып, шарықтау шегіне жеткені сондай, жер шарында табиғат өзгеріп, елдерге экономикалық , әлеуметтік шығындар әкелді. Кусто және былай деген: «Адамның алдынан орман кездессе, артында шөл қалады». Адамдардан ашкөздік әрекеттері біздің елімізде де апатты аймақтар қатарын көбейте түсті. Семей, Арал, Балқаш, Ертіс, Каспий және т.б.

Соңғы жылдары халықтың денсаулығын қорғауға бағытталған табиғат байлығын тиімді пайдалануды, әсіресе су көздерін ластанудан, тұзданудан қорғайтын бірнеше заң қабылданды.
Олардың кейбіреулері мыналар: қоршаған табиғи ортаны қорғау заңы, су кодексі, су қорғау ережелері.

Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас мәңгілікке және сонымен қатар түтас күрделі мәселе. Табиғат арқылы адамзат өзінің көптеген қажеттілігін табиғи ресурстар арқылы қамтамасыз етеді.Оларға атмосфералық ауа, су, топырақ, кен байлықтар, күн радиациясы, ауа райы, өсімдіктер мен жануарлар әлемі, жер қабатындағы жылу энергиясы, т.б жатады. Таусылуына байланысты табиғи ресурстар сарқылатын және сарқылмайтын болып бөлінеді.Сарқылмайтынға негізінде біздің планетаға қатысты сыртқы процестер мен құбылыстарды жатқызуға болады.

5. Салауатты өмір салтының мәні

Бүгінгі таңда өңірімізге қарасты ауылдықжерлерде бұқаралық спорт түрлерін алға бастыруға байланысты жұмыстар аз жасалып жатқан жоқ.Балаларға арналған спорттық нысандар мен шағын футбол алаңдары, хоккей корттарының қатары көбеюде. Бұған мемлекет тарапынан зор көмек жасалып жатқанын айтқан абзал. Жекелеген өңірлердегіірі кәсіпкерлік субъектілері де сауабы мол игі іске өз үлестерін қосуда.

«Дені саудың – жаны сау» атты мақал тегін айтылмаса керек. Әрбір азамат дені сау болу үшін дене белсенділігін қарқындату, зиянды әдеттерден бас тартуы және дұрыс тамақтануы керек. Салауатты өмір салты культін қалыптастыру, халықты толық ақпараттандыру, жеке адам мен қоғамның өз денсаулығына деген жаңа көзқарасын қалыптастыру – Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының басты мақсаты.

Салауатты өмір салтын ұстауға ұмтылушы адамдардың саны күннен күнге артып келеді. Салауатты өмір салты түсінігіне не кіреді, соны анықтауға тырысып көрейік.
Салауатты өмір салты - бұл еңбек пен демалыстың дұрыс үйлесуі, дұрыс тамақтану, дене белсенділігі, ұдайы жеке дене тазалығы, шынығу, зиянды әдеттерсіз өмір сүру, өмірге деген жалпы оң көзқарас. Бұндай өмір салты тек дене денсаулығын ғана емес, психологиялық және рухани денсаулықты барынша ұзақ сақтауға мүмкіндік береді.
Адам организміндегі өмірді бірқалыпты деңгейде ұстап тұру үшін адамға организмді құраушы заттарды үнемі шығындап отыру қажет. Бұл шығындардың орнын тек дұрыс, ұйымдастырылған тамақтанудың арқасында толтыруға болады. Организм қандай заттардан және қандай пропорцияда болса, тағам да сондай заттардан және сондай пропорцияда болғаны дұрыс. Бұндай заттарға белоктар,углеводтар,минералды затар,майлар, витаминдер және су жатады. Дұрыс тамақтануды таңдау кезінде жасты, күні бойы денеге берілген күшті, қоршаған ортаның жағдайын, организм ерекшелігін, өзінде бар ауруларды ескерген жөн. Бұл факторларды білу әркімге өзіндік мәзір мен дұрыс кесте жасауға көмегін тигізеді.Салауатты өмір салты көбіне салмақтың азаюмен байланысты Сіздің тағамыңыз сіздің салмағыңызды ұлғайтып жатқан жоқпа деген сұраққа жауап беру үшін, дұрысында, пайдаланатын калория мөлшері күні бойы жұмсалған калория мөлшеріне қаншалықты сәйкес екендігін білу керек. Сондықтан «салмақты азайту» ұғымы тағаммен келетін калория мөлшерінің азаюымен тікелей байланысты. Салмақты азайтудағы күрестегі маңызды екінші аспект, бұл, денеге түсетін күш. Дене белсенділігі мен күні бойғы тағам рационын өзгерту салмақты бір қалыпта ұстап тұруға мүмкіндік береді.
Салмақты азайтудың көптеген бағдарламалары бар. Өзіңе керекті бағдарламаны денсаулық жағдайын, дене белсенділігін экологиялық, тұрмыстық ортаны жоспарлы нәтижелерді ескере отырып, таңдау керек. Бұның барлығы таңдап алған бағдарлама сізге жұмыс жасау үшін керек.
Дұрыс тамақтанудан басқа, салауатты өмір салты мен салмақты азайту үшін денеге берілетін күштің маңызы зор.Дене белсенділігі организмді түрлі аурулардан қорғайтын иммунитетті нығайтады. Тағы да бір маңыздылығы аз емес аспект, денеге түсірілетін күш қартаю процесіне бөгет қояды. Денеге күш берген кезде жас мөлшері мен денсаулыққа сай келетін вариантты таңдау керек.
Денені бір қалыпта ұстау үшін оның тазалығы мен ішкі рухани дүниесі халінің де маңызы аз емес.Организмнің ішкі және сыртқы үйлесімділігі көңіл күйді жақсартады, бұл өз кезегінде психолгиялық және рухани денсаулықты.

Салауатты өмір салты мақсатына жетудегі ең қиын мәселе, зиянды әдеттерден бас тарту. Бұл процесс зиянды әрекеттердің психологиялық және дене тәуелділігімен күрделенген. Егер адам бұл проблеманы өзі шеше алмаса, кәсіби мамандардың көмегін алу керек.