Лекция № 15

Тақырып: Салауатты өмір сүру.

1.Салауатты өмір салты

2. Жеке денсаулықтың тәуекел факторлары

1.Бүгінгі таңда өңірімізге қарасты ауылдықжерлерде бұқаралық спорт түрлерін алға бастыруға байланысты жұмыстар аз жасалып жатқан жоқ.Балаларға арналған спорттық нысандар мен шағын футбол алаңдары, хоккей корттарының қатарыкөбеюде. Бұған мемлекет тарапынан зор көмек жасалып жатқанын айтқан абзал. Жекелеген өңірлердегіірі кәсіпкерлік субъектілері де сауабы мол игі іске өз үлестерін қосуда.

«Дені саудың – жаны сау» атты мақал тегін айтылмаса керек. Әрбір азамат дені сау болу үшін дене белсенділігін қарқындату, зиянды әдеттерден бас тартуы және дұрыс тамақтануы керек. Салауатты өмір салты культін қалыптастыру, халықты толық ақпараттандыру, жеке адам мен қоғамның өз денсаулығына деген жаңа көзқарасын қалыптастыру – Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының басты мақсаты.

Салауатты өмір салтын ұстауға ұмтылушы адамдардың саны күннен күнге артып келеді. Салауатты өмір салты түсінігіне не кіреді, соны анықтауға тырысып көрейік.
Салауатты өмір салты - бұл еңбек пен демалыстың дұрыс үйлесуі, дұрыс тамақтану, дене белсенділігі, ұдайы жеке дене тазалығы, шынығу, зиянды әдеттерсіз өмір сүру, өмірге деген жалпы оң көзқарас. Бұндай өмір салты тек дене денсаулығын ғана емес, психологиялық және рухани денсаулықты барынша ұзақ сақтауға мүмкіндік береді.
Адам организміндегі өмірді бірқалыпты деңгейде ұстап тұру үшін адамға организмді құраушы заттарды үнемі шығындап отыру қажет. Бұл шығындардың орнын тек дұрыс, ұйымдастырылған тамақтанудың арқасында толтыруға болады. Организм қандай заттардан және қандай пропорцияда болса, тағам да сондай заттардан және сондай пропорцияда болғаны дұрыс. Бұндай заттарға белоктар,углеводтар,минералды затар,майлар, витаминдер және су жатады. Дұрыс тамақтануды таңдау кезінде жасты, күні бойы денеге берілген күшті, қоршаған ортаның жағдайын, организм ерекшелігін, өзінде бар ауруларды ескерген жөн. Бұл факторларды білу әркімге өзіндік мәзір мен дұрыс кесте жасауға көмегін тигізеді.Салауатты өмір салты көбіне салмақтың азаюмен байланысты Сіздің тағамыңыз сіздің салмағыңызды ұлғайтып жатқан жоқпа деген сұраққа жауап беру үшін, дұрысында, пайдаланатын калория мөлшері күні бойы жұмсалған калория мөлшеріне қаншалықты сәйкес екендігін білу керек. Сондықтан «салмақты азайту» ұғымы тағаммен келетін калория мөлшерінің азаюымен тікелей байланысты. Салмақты азайтудағы күрестегі маңызды екінші аспект, бұл, денеге түсетін күш. Дене белсенділігі мен күні бойғы тағам рационын өзгерту салмақты бір қалыпта ұстап тұруға мүмкіндік береді.
Салмақты азайтудың көптеген бағдарламалары бар. Өзіңе керекті бағдарламаны денсаулық жағдайын, дене белсенділігін экологиялық, тұрмыстық ортаны жоспарлы нәтижелерді ескере отырып, таңдау керек. Бұның барлығы таңдап алған бағдарлама сізге жұмыс жасау үшін керек.
Дұрыс тамақтанудан басқа, салауатты өмір салты мен салмақты азайту үшін денеге берілетін күштің маңызы зор.Дене белсенділігі организмді түрлі аурулардан қорғайтын иммунитетті нығайтады. Тағы да бір маңыздылығы аз емес аспект, денеге түсірілетін күш қартаю процесіне бөгет қояды. Денеге күш берген кезде жас мөлшері мен денсаулыққа сай келетін вариантты таңдау керек.
Денені бір қалыпта ұстау үшін оның тазалығы мен ішкі рухани дүниесі халінің де маңызы аз емес.Организмнің ішкі және сыртқы үйлесімділігі көңіл күйді жақсартады, бұл өз кезегінде психолгиялық және рухани денсаулықты.
Салауатты өмір салты мақсатына жетудегі ең қиын мәселе, зиянды әдеттерден бас тарту. Бұл процесс зиянды әрекеттердің психологиялық және дене тәуелділігімен күрделенген. Егер адам бұл проблеманы өзі шеше алмаса, кәсіби мамандардың көмегін алу керек.

Жеке денсаулықтың тәуекел факторлары

Халық денсаулығының жай-күйi қоғамның әлеуметтiк бағдарлылығының, мемлекеттiң өз азаматтарының алдындағы жауапкершiлiк дәрежесiн сипаттайтын әлеуметтiк кепiлдiктерiнiң интегралды көрсеткiшi болып табылады.
Қазақстан, мемлекеттiк қалыптасуы кезеңiнде елеулi экономикалық құлдырауға ұшырап, әлеуметтiк салада, соның iшiнде кеңес уақытында құрылған және негiзiнен жұмыстың сандық көрсеткiштерiне бағдарланған медициналық ұйымдардың икемсiз жүйесiнен тұратын денсаулық сақтау жүйесiнде елеулi оңтайландыру жүргiздi.
Соңғы жылдары Қазақстан едәуiр экономикалық өсуге қол жеткiздi, осының нәтижесiнде денсаулық сақтау саласын қаржыландыру елеулi өстi (соңғы үш жылда екi рет), сондай-ақ олардың одан әрi дамуының перспективалары жасалды. Әлеуметтiк бағдарлана отырып мемлекет бұдан әрi де саланың дамуына елеулi түрде көңiл бөлуге ниеттенедi.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (бұдан әрi - ДДҰ) дерегi бойынша азамат денсаулығының тек 8-10 %-i ғана денсаулық сақтау жүйесiнiң жұмысына байланысты екендiгiне қарамастан, мемлекеттiң қоғамдық денсаулық сақтау жөнiндегi күш-жiгерi экономикалық және әлеуметтiк прогреске қарай өсе түсуге тиiс.
Осыған байланысты денсаулық сақтауға азаматтардың өздерiн, жұмыс берушiлердi тарту және денсаулық сақтау саласында iс-шаралар жүргiзудi сектораралық үйлестiрудi күшейту маңызды.
Бүгiнгi таңда саланы дамытып отырған негiзгi бағдарламалық құжаттар оларды әзiрлеу сәтiндегi талаптарына барабар болған, алайда қазiргi уақытта олар экономикадағы, сол сияқты басқа да секторлардағы өзгерiстер қарқынынан кейiн қалып отыр. Осы құжаттарда белгiленген жекелеген iс-шаралар түпкілiктi нәтижеге бағдарланбаған, ал құрылымдық қайта құрулар, соның iшiнде қаржыландыру жүйесiн өзгерту үнемi дәйектi сипатқа ие бола бермейдi. Бүгiнгi күнi денсаулық сақтау жүйесiнiң жай-күйi қоғамды, мемлекеттi және саланың өзiн толық қанағаттандырады деп тұжырымдауға болмайды.

Қазақстан Республикасы халқы денсаулығының жай-күйі, санитарлық-эпидемиологиялық ахуал және денсаулық сақтау жүйесiнiң дамуы соңғы онжылдықта оң үрдiстермен де, сол сияқты терiс үрдiстермен де сипатталды.
Соңғы жылдары негiзгi медициналық көрсеткiштердi - тууды, өлiм-жiтiмдi, өмiр сүрудің орташа ұзақтығын тұрақтандыруға қол жеткiзiлдi. Жұқпалы аурулармен ауыру төмендедi. Денсаулық сақтау саласында бiрқатар реформалар жүргiзiлді, олардың бір бөлiгi табысты iске асырылды, басқалары өзiнiң қисынды жалғасына жетпеді. Соңғыларына мiндеттi медициналық сақтандыру жүйесiн құруды, отбасылық медицина моделiне көшуге әрекеттенудi жатқызуға болады. Солардың арасынан саланың нормативтiк құқықтық базасын құруды, денсаулық сақтауды қаржыландырудың елеулi ұлғаюын оң өзгерiстер ретiнде атап өткен жөн, бұл бірқатар қазiргi заманғы клиникалардың құрылысын жүзеге асыруға, медициналық ұйымдарға күрделi жөндеулер жүргiзуге және олардың материалдық-техникалық жарақтандырылуын жақсартуға, емдеу-диагностикалық процесіне жаңа медициналық технологиялар енгiзуге мүмкiндiк туғызды. Медициналық көмек көрсетудің сапасын жақсарту және оның қолжетімділігін арттыру нәтижесiнде бiрқатар жұқпалы және басқа да ауруларға қатысты халық денсаулығының жай-күйінде оң үрдiстерге қол жеткізілді. Алайда республика халқының денсаулық жағдайы өлшемiнiң көптеген бөлігі қанағаттанғысыз болып отыр.

Ауруларды емдеуге бағдарланған денсаулық сақтау жүйесiнен алшақтау және интеграцияланған медициналық қызмет көрсетудi енгiзу адам денсаулығына байланысты проблемалар кешенiн шешуге бағытталған көп салалы қызметті көздейдi.
Денсаулықты сақтау үшiн азаматтар мен мемлекеттiң ынтымақтасқан жауапкершілік принципiн iске асыру профилактикалық iс-шараларды жүргiзу және салауатты өмiр салтын қалыптастыру, халықты кейiннен серпiндi түрде қадағалай және сауықтыра отырып, кезеңдiк алдын алу медициналық тексерулермен қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылатын болады.
Денсаулықты насихаттау, жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың алдын алу, ана мен баланың денсаулығын нығайту, ұтымды тамақтану принциптерiн енгiзу, дене белсенділiгiн күшейту, отбасын жоспарлау, нашақорлықтың, жарақаттану мен бақытсыз жағдайлардың, АҚТБ/ЖҚТБ-ның, ЖЖБЖ-ның алдын алу, темекi тартуға және алкогольге салынуға қарсы күрес сияқты қоғамдық денсаулық сақтау бағдарламалары әзiрленедi және iске асырылады. Бұл бағдарламаларды iске асыру БМСК-нiң, мамандандырылған медициналық көмек көрсететiн ұйымдардың және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң өзара iс-қимылы кезiнде жүзеге асырылатын болады.
Сондай-ақ артериалдық гипертония, диабет және басқа да ең көп таралған жұқпалы емес аурулардың алдын алу бойынша мақсатты бағдарламалар әзiрленедi. Бұл ретте денсаулық сақтаудың жаңа моделiн дамыта отырып, салауатты өмiр салтын насихаттау және аурулардың алдын алу бағдарламаларын қаржыландыру халықты мейлiнше тиiмдi қамту мақсатында аудандық деңгейге берiлуi мүмкiн.