Лекция № 14

Тақырып: ТЖ кезінде адам іс-әрекетінің психологиясы

1. Табиғи өрт кезіндегі адам іс-әрекеттері

2. Алғашқы көмек көрсету жолдарын қарастыру.

3. Қауіпті төтенше жағдайларда адамдардың іс-қимылы.

4. Жер сілкінісі кезіндегі адам іс-әрекеттері.

 

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Төтенше жағдай – апат нәтижесінде қалыптасқан ахуал, оның басты көрсеткіші бүлдіру процесстерінің жиілігі болып табылады. Бұл процесстерді қалыпқа келтіру үшін қосымша күш пен қаражатты тарту және айрықша шешім қабылдауды талап етеді.

Төтенше жағдайлар кезінде адамдар психологиясы әр түрлі болады. Ең бастысы, сасқалақтамай өз-өзін ұстай білу. Кез келген оқиға кезінде адамдар не істеу керектігін, қандай әрекеттер жасап, ал қандай қимылдарға бармауы керектігін білуі тиіс.

1. Табиғи өрт кезіндегі адам іс-әрекеттері

Өрт кезінде ең қорқыныштысы - сасқалақтық пен үрей. Қауіпсіз жерге шығуға от пен түтін аз мүмкіншілік беріп жатқанда, құнды минуттарды жоғалтасыз. Міне, әр адам өрт кезіндегі бастапқы ережелерді білуі керек! Олармен таныс болыңыздар, мүмкін күндердің күнінде бұл сіздердің және жақындарыңыздың өмірін сақтап қалар.

Ең алдымен өрт сөндіру қызметін (101телефоны, көршілер, радиостания, қызметтік автокөліктер, полиция, «жедел жәрдем», авариялық қызмет т.б.) шақыртыңыз.

Өртті көрген кезде, жағдайды парасатты бағалап, бар күшіңізді жинап, өзіңізге көмекші табыңыз.

Тәуекелді жағдайда мүлікті құтқаруға бекер күшіңіз бен уақытыңызды жоғалтпаңыз.

Бастысы - кез келген тәсілмен өзіңізді және қайғыға ұшыраған басқаларды құтқаруға тырысыңыз.

Балалар мен қарттарды құтқаруға тырысыңыз. Оларды өрт болып жатқан жерден әрі алып кетіңіз, себебі ол жерде газ баллондардың, бензобактардың атылуы және өрттің тез дамуы мүмкін.

Өрт сөндірушілерге дұрыс ақпарат (нақты мекенжайды. қысқа келетін жолды, не өртеніп жатқанын, ішінде адамдар бар ма екенін) беру үшін міндеті түрде оларды алдарынан шығып, күтіп алу қажет.

Тұрғын үй секторында өрттер жиі болады.

Ең маңызды ескертпе: өртте адамдар оттан емес түтіннен өлетінін статистика көрсетеді. Кейде түтінді бірнеше рет жұту улануға жеткілікті. Сондықтан отты сөндіру кезінде барлық әдістермен түтіннен қорғаныңыз!

Және де: бір жанұяға өрттен арнайы қорғану құралдары ешқашан артық болмайды!

Егер өрт қатты жанып тұрса, онда сіздің негізгі мақсатыңыз тез үйден кету. Егер де қатты жанып тұрмаса да, бірақ үйдің іші қатты түтін болса, үйден тез ғана кету керек. Түтін өрттен де қауіпті болады.

 

Сіздің әрекетіңіз:

1. Түтіннің исін сезгеннен кейін үйден тез кетіңіз. Кез келген шүбіректі сулап ауызынызбен мұрынды жабыңыз сосын енкейіп (өйткені түтін жоғарыға ұмтылады) бөлмеден кетіңіз.

2. Егер өрт кішкентай бөлмеде болса, онда есіктермен терезелерді ашпаңыз, ауа өртті күшейтіп жібереді.

3. Жанып жатқан үйден лифтпен түспеніз, өйткені ол қатты өрт болып жатқан қабатта тоқтап ашылу мүмкін және содан бәрі жарақат алады. Ток кез келген уақытта сөніп қалу мүмкін және лифт этаждардың арасында қалу мүмкін.

4. Егер коридор және площадка өртте және түтінде (төмен түсуге жол жабық) болса, онда шатырға көтеріліңіз.

5. Егер өрт қатты коридорда жанып тұрса, есікті қатты жауып, сұйық шүберектермен щельдарды жауып, есікке көрпе н/е пальто ілініз (занавесьте). Терезені ашып қатты дауыс беріп көмекке шақырыңыз.

6. Егер сізге біреуді өрттен күтқару керек болса, онда өзінді арқанмен орап бір шетін далада тұрған адамға беріңіз. Егер сіз есіңізді жоғалсаңыз, онда сізді арқаннан тартып өрттен алып шығалады. Ауызымен мұрынды ылғал шүберекпен жабыңыз.

7. Егер күтқарған адам түтінмен демалып санасын жоғалтса, онда оған жасанды дем беріңіз.

Түтінмен уланудың алғашқы белгілері: бастың айналуы, бас ауыруы, жиі дем алу, жүрек айналуы (тошнота), сананы жоғалту.

ЕГЕР ӨРТ ҚАТТЫ ЖАНЫП ТҰРМАСА

Сіздің әрекетіңіз:

1. Өртті бір затпен (көрпе, пальтомен) үстінен жабасалыңыз. Содан кейін үстінен су кұйыныз.

2. Түтінмен демалмауға ұмтылыныз. Мұрынды және ауызынды ылғал шүбірекпен орап қойыңыз.

3. Өрттен жанып тұрған заттарды алымаңыз, өйткені ол өрттің таралудың себепкері болады.

4. Өртті шетінен бастап ортаға қарай сөндіру керек.

СІЗДІҢ ҮЙІҢІЗ/ ЖИҺАЗ ЖАНУЫ (Возгорание мебели)

Казіргі жиһаз синтетикалық материалдардан жасалынады және синтетикалық смолдармен сінірген (пропитана), сондақтан бұл жиһаз өте токсикалық болады және жанған жағдайда қауіпті болады.

 

Сіздің әрекетіңіз:

Жанып жатқан жиһазды балконға шығармаңыз, өйткені ауа одан да қатты оны жандырып жібереді.

Егер жиһаз қатты жанып тұрса, оны ылғал шүбірекпен жаппаныз немесе сумен төкпеңіз. Мұндай жағдайда пәтерден тез шығуыңыз керек.

 

СІЗДІҢ ҮЙІҢІЗ/ ТАБАНЫҢ ЖАНУЫ (Возгорание сковородки)

Табада майдың көп болуы осындай әрекетке апарады.

Сіздің әрекетіңіз:

1. Табаны тез ғана қақпасымен, үлкен тәрелкамен не ылғал орамалмен жабыңыз.

2. Еш жағдайда табаны ағаш тақтаймен (разделочная доска) жабуға болмайды.

3. Табаны сумен сөндіруге болмайды, өйткені май, атқылай бастағаннан кейін сізді күйдіру мүмкін.

 

2. Алғашқы көмек көрсету жолдарын қарастыру.

АЛҒАШҚЫ ЖӘРДЕМ / ЕГЕР АДАМ КҮЙІК АЛСА (получил ожог)

Күйік оттан, будан, қайнаптұрған судан, химиялық заттардан, күн сәуледен болу мүмкін.

4 дәрежелі күйік болады:

Бірінші және екінші дәрежелі күйікте сұйықпен толтырылған көпіріктер (пузырьки) пайда болады. Үшінші және төртінші дәрежелі күйікте тек қана адам терісі ғана емес, сонымен бірге одан да терең тканьдар жарақатталады (обугливаются или свариваются).

Емделу:

1. Күйік жерін киімнен ажыратыңыз. (Огалите пораженный участок кожи)

2. Күйік жерін суық суға немесе ағып тұрған суық суға салыныз және ауыр басылғанша солай үстап тұрыныз (10 минуттан 30 минутке дейін).

3. Содан кейін күиік жерін матамен немесе басқа таза шүбірекпен орап қойыныз.

4. Маймен, креммен немесе мазьбен жағуғу тиім салынады.

5. Қөпіріктерді (волдыри) жармаңыз, әйтпесе оған микроп түсу мүмкін.

6. Егер күйік қатты немесе терең болса, онда оны дәрігерге көрсетініз.

 

Термиялық және электрлік күйіктер

Зардап шегушінің киімі жанса оның үстіне пальто, басқа қандай да бір тығыз матаны жабу немесе жалынды сумен сөндіреді.

Киім жанып жатқан кезде жүгіруге болмайды, себебі жел жалынды күшейтіп, күйікті үлкейтеді және күшейтеді.

Зардап шегушіге көмек көрсету кезінде бірнәрсені жұқтырып алмас үшін терінің күйген учаскелерін қолмен ұстауға немесе оларға маз, май, вазелин жағуға, ішетін сода, крахмал себуге рұқсат етілмейді. Күлдіреген ісіктерді тесуге, күйген жерге жабысқан мистикті, канифольды немесе басқа да шайырлы заттарды алып сүртуге рұқсат етілмейді. Себебі, осылайша күйген теріні жұлып алуға және жарақат алған орынның іріңдеуіне септігін тигізуге болады.

Көлемі бойынша үлкен емес бірінші және екінші деңгейдегі күйік кезінде терінің күйген учаскелеріне стерилденген таңғышты салуға болады.

Күйген жерден киім мен аяқ-киімді тартып шешуге рұқсат берілмейді, оны қайшымен кесіп, абайлап шешіледі. Егер күйген киімнің бөліктері күйген жерге жабысып қалса, оның үстінен стерилденген таңғышты салу және зардап шеккенді емдік мекемеге жібереді.

Ауыр және көлемді күйік алған кезде зардап шегушіні таза ақ жаймаға немесе матаға орап, оны шешіндірмей, жылырақ үстін жауып, жылы шай беру және дәрігер келгенге дейін оған тыныштықты қамтамасыз етеді.

Күйген бетті стерилденген дәкемен жабады.

Көз күйік алған кезде бор қышқылы (бір стакан суға бір шай қасықтың жартысынан қышқыл) ерітіндісінен суық басу және зардап шегуші дереу дәрігерге жіберіледі.

3. Қауіпті төтенше жағдайларда адамдардың іс-қимылы.

Сел, су тасқыны, өрт т.б. қатерлер болған жағдайда адамдардың іс-қимылы.

Республика аумағындағы өндірісте қатты әсер ететін улы заттарды шығаратын, сақтайтын немесе пайдаланатын 500 жуық аса қауіпті объекті бар. Су басу аймағында тұратын халық үшін 200-ге жуық су қоймасы қауіп төндіреді. Әр-түрлі зілзала түрлері экономика мен ауылшаруашылығы объектілеріне елеулі залал келтіруі, адамдардың омірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. Бүл жағдайда Қ.Р халқы уақытша көшіруге дайын болуға тиіс.

Барлық категориядағы халықты әкетуді (шығаруды) және оларды қауіпсіз аймаққа орналастыруды оларды жүмыс істейтін, оқитын, түратын жерлері бойынша жергілікті атқарушы органдар, үйымдар үйымдыстырады.

Халықты көшіру сабақтас тәсілмен - халықты жаяу немөсе кө-ліктің барлық түрімен көп мөлшерде әкетуді үйлестіру жолымен жүзеге асырылады. Көлікті беруді есептеулер табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қаупі тонгенде және пайда болған кезең мен қорғану шараларының мүдделері мен халықтың жеке пай-далануындағы коліктің қолда барын ескере отырып, соғыс кезеңіне жекеше жасалады.

Осы заманғы зақымдау қүралдарын қолдану қауіпі төнген кезде өндірісте істемейтін және қызмет корсету саласындағы халықты (зейнеткерлер, жоғары оқу орындарының, мамандандырылған ар-наулы оқу орындарының төменгі курс студенттері, колледждердің лицейлердің, мектөп - интернаттардын оқушылары, балалар үйлері мен арнаулы балалар мекемелерінде тәрбиеленушілер, мүгедектер мен қарттар үйлөрінде орналасқандар, әкімшілік пен олардын отбасы мүшелерімен бірлесе отырып) көлік жүмысының кестесін бүзбастан көшіру шаралар басталғанға дейін ішінара көшіруге жатады. Төтенше жағдайлар қауіпі туындағанда халықты қауіпті аймақтардан кауіпсіз жерлерге уақытша көшіру жүзеге асырылады.

Қауіпсіз аймақ - бүл ықтимал қирау, радиоактивті ластану және химиялық зақымдану, сондай-ақ шекаралық аудандардан тыс апатты су аймағынан тыс қару орналасқан, кошірілетін халықты орналастыру және оларды қажетті тіршілік көзімен қамсыздандыру үшін даярланған аумақ.

Барлық кошірілген халық қауіпсіз аймақтағы қоныстандыру нүктесінде ең қажетті тіршілік көзімен қамсыздандырылуға тиіс.

Қорғаныс ғимараттарына жасыру - халықты осы заманғы зақымдау қүралдарынан, әсіресе жау шабуылы қауіпі жағдайында қорғаудың негізгі және ең сенімді әдісі.

Бүл әдіс ахуалдың ықтимал сипаты мен халықтың әртүрлі санаттарын қорғау талаптарына жауап беретін қорғаныс ғимараттары жүйесін қолдануды қарастырады.

Таратып қоныстандыру мен көшіру туралы шешімді ҚР үкіметі қабылдайды және орталық, жергілікті атқарушы органдар, үйымдар іске асырады.

Халықты қорғау республика Азаматтық Қорғанысының басты міндеттері болып табылады, өйткені адамдар - ең жоғары қүндылық және олардың қауіпсіздігін қамсыздандыру - бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларды ескерту мен іс-әрекеттер бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жүйесі барлық шараларының басты мақсаты.

4. Жер сілкінісі кезіндегі адам іс-әрекеттері.

Кенеттен пайда болатын және қас-қағым сәтте өтетін, күшті қиратушы дүлей зілзала - жер сілкінісі деп аталды.
Жер сiлкiнiсi - жер қыртысында немесе мантияның үстiңгi бөлiгiнде кенеттен болған қозғалыс пен жарылыс нәтижесiнде пайда болған және елеулi ауытқу түрiнде үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуi мен Жер бетiнiң қозғалуы.
Жер сілкінісінің барысында адамдар қаза болады, үйлер, жолдар, көпірлер, арналар, тоғандар мен басқа да инженерлік ғимараттар - су құбырлары, канализация, электр беру жүйесі қирайды, байланыс бұзылады, қар көшкіні, сел, сырғыма қопарылыс пайда болады. Тау жыныстары жарылып, тастар құлайды, адамдарды үрей-дүрбелең билейді. Су асты және су жағалауындағы жер сілкінісі кезінде теңіз түбінің қозғалысы нәтижесінде теңіз гравитациялық толқындары - цунами пайда болып, құрлықта үлкен бүліншілік жасайды.

ЖАЛПЫ КЕҢЕСТЕ

Жер сілкінісі кезіндегі ғимарат ішіндегі кез-келген адам тірі қалу мүмкіндігін арттыру, жарақаттан сақтану үшін жер сілкінісі дүмпуі кезінде бас сауғалайтын жерді, қауіпсіз орынды алдын ала білуге тиіс, ал дүмпу аяқталғаннан кейін ғимараттан тез шығып кету керек.
Тәжірибеде салыстырмалы қауіпсіз орын - негізгі ішкі қабырғалардың ішіндегі бұрыштары, негізгі ішкі қабырғалардағы жерлер, коллоннадағы және каркас бағандарының асты, кіре-беріс есіктердің маңдайшаларының асты, берік үстелдер және т.б. екендігі дәлелденген.
Спитак жер сілкінісі кезінде (07.12.1988 ж.) ваннада болған 6 адам тірі қалған.
Жер сілкінісі кезінде қауіпті орындардың қатарына ішкі және сыртқы қабырғалардың әйнектелген терезелері, шеткі бөлмелер, әсіресе соңғы қабаттардағы, лифтілер, баспалдақтар алаңы мен балкондар жатады.
Үйде, жұмыста, көшеде және өзге жерлерде жер сілкінісі кезінде өзіңіздің қалайша әрекет ететініңізді алдын ала ойластыруға тырысыңыз. Әсіресе жан-жақты, егжей-тегжейлі жоспар үйдеде, жұмыста да болуға тиіс.
Ең алдымен өзіңіз тұратын немесе жұмыс істейтін ғимараттың сейсмикалық төзімділік дәрежесін ескеру қажет.
Өз ғимаратыңыздың, ғимарат шегінде өзіңіз тұрған жердің беріктігін және қатты жер сілкінісі кезінде сіздің құзырыңызда бар-жоғы 15-20 секунд қалатындығын назарға ала отыра сіз өзіңіз үшін ыңғайлы орынды алдын ала таңдап алуға, не болмаса ғимараттан тезірек шығып кетуге тырысуға, не оның ішіндегі салыстырмалы қауіпсіз орынға баруға әрекеттенесіз.
Алдын ала ойластырылған жоспар сізге жылдам және қисынды әрекет етуге көмектеседі. Алайда, жағдайға байланысты оны жылдам өзгертуге дайын болыңыз.
Дүмпулерден және өзіңіз тұрған ғимарат қатты теңселгеннен кейін ол бұзыла бастауы, жабынның жекелеген плиталары немесе тірек қабырғаларының блоктары құлауы мүмкін. Бұл жағдайда ғимаратты жер сілкінісі кезінде тастап кетуге әрекеттену ғимарат ішінде болғаннан гөрі едәуір қауіпсіз болуы мүмкін. Есіңізде болсын қоршаулардың (тірек қабырғалары емес), каркасты ғимараттардағы ілінбелі қабырға панелдерінің құлауы, ғимараттың толық қирайтындығын білдірмейді.

ЖЕР СIЛКIНIСIНIҢ ҚАУПI КЕЗIНДЕ

Жер сiлкiнiсi қаупi жағдайында электр дабылдар, өндiрiстiк гудоктар мен басқа да хабарлау құралдары іске қосылады, бұл "Баршаның назарына!" ескерту дабылын бiлдiредi. Осы дабыл бойынша радио мен теледидарды қосып, төтенше жағдай туралы хабарды мұқият тыңдап, және жергiлiктi билiктiң, төтенше жағдай жөнiндегi басқару органының нұсқауын тиянақты орындау қажет.

Егер сіз үйде болсаңыз:

- өрт сөндiргiштi тексерiңiз, жуынатын бөлмедегі ванна мен шелектi суға толтырыңыз;
- өзiңiздi қорғай алатын киiм мен аяқ киiмдi киiңiз;
- пәтердегі газды, су мен электр жарығын сөндіріңіз, пештi өшiрiңiз;
- өзiңiзбен бiрге алдын ала даярланған заттар салынған сөмкені, құжаттарды, киім-кешек салынған жол қапшығын алып, көршiлерге хабарлаңыз, жалғыз бастыларға, ауру адамдарға көмектесiңiз, ғимараттан шығып, арнайы жиналтын орынға барыңыз, алдағы нұсқауларды күтiңiз;
- қалыпты тiршiлiк жағдайына жергiлiктi билiктiң немесе төтенше жағдайлар жөнiндегi басқару органының нұсқауы бойынша оралған жөн.

Егер сiз көпшiлiк жүретiн орындарда болсаңыз:
- сабыр сақтаңыз, дүрбелең-үрей туғызбаңыз, шығуға асықпаңыз, адамдардың жолына кедергi жасап, кептеме туғызбаңыз, аурулар мен мүгедектерге көмектесiңiз;
- әкiмшiлiк нұсқауларын орындаңыз.

ҚАТТЫ ЖЕР СIЛКIНIСIНЕН КЕЙIН

- Зардап шегушiге алқашқы медициналық көмек көрсетiңiз;
- жеңiл үйiндiнiң астында қалғандарды шығарыңыз;
- балалардың, аурулардың, қарттардың қауiпсiздiгiне назар аударып, оларды жұбатыңыз;
- ғимаратқа кiрерден бұрын баспалдақтың, қабырғаның құлап қалу қаупiнiң бар-жоқтығына назар аударыңыз. Қатты қираған ғимаратқа жақындамаңыз. Ашық отты пайдаланбаңыз;
- пәтерге оралған бойда коммуналдық-техникалық қызметтiң ақаусыздығын тексергенше электiрдi, газды және су құбырын қоспаңыз;
- телефонды аса қажет болмаса, көп ұстамаңыз;
- зақымданған ғимаратта үйiндiнi ашуға және құтқару жұмысын жүргiзуге көмектесiңiз.