Семинар №9
Тақырыбы: І.Қоныстандыру және көшіру.
ІІ.ТЖ-да су және азық-түліктердің қорғалуы.
Мақсаты: І.Төтенше жағдайларда халықты, аумақ пен ұйымдарды қоныстандыру және көшіру жайлы түсінік беру.
ІІ. ТЖ-да су және азық-түліктердің қалай және қалай қорғалуы туралы айтып, түсіндіріп кету.
№1 сұрақ
Қандай уақыттарда көшіру кеңінен қолданылған?
Жауабы:
Соғыс уақыттарында көшіру кеңінен қолданылып отырған.
№2 сұрақ
Көшіру шаралары нені қамтиды және олардың түсініктемелері?
Жауабы:
Көшіру шаралары мыналарды қамтиды:
— көшіру-Төтенше жағжайлар аймағымен және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылуы мүмкін мекендерден адамдардың өмірін және өндірістің жұмыс істеуін сақтау мақсатында халық пен материалдардық құндылықтарды ұйымшылдықпен әкету.
— қоныстандыру-бұл соғыс уақыты жағдайында қалаларда жұмысын жалғастыратыны ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілерін (олардың отбасы мүшелерін) қала сыртындағы аймаққа ұйымшылдықпен апару және орналастыру.
№3 сұрақ
Қауіпсіз аймақ дегеніміз не?
Жауабы:
Қауіпсіз аймақ дегеніміз бұл ықтимал қирау, радиоактивті ластану және химиялық зақымдану, сондай-ақ шекаралық аудандардан тыс апатты су аймағынан тысқары орналасқан көшірілетін халықты орналастыру және оларды қажетті тіршілік көзімен қамсыздандыру үшін даярланған аумақ.
№4 сұрақ
Бытыраңқы орналастыру дегеніміз не?
Жауабы:
Бытыраңқы орналастыру дегеніміз - соғыс кезінде өндірістік қызметін одан әрі жүргізіп отырған ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілерін категорияланған қалалардан, ұйымдасқан түрде әкету және қауіпсіз аймаққа орналастыру.
№5 сұрақ
Халықты бытыраңқы орналастыру мен көшіруді жоспарлауды және өткізуді тікелей жүзеге асыру барысында қандай органдар құрылады?
Жауабы:
Өз уақытында көшіру комиссиялары, көшіру-қабылдау комиссиялары, жиналу-көшіру пункттері, көшіру-қабылдау пункттері құрылады.
№6 сұрақ
КҚК(көшіріп-қабылдау комиссияның)-нің негізгі міндеттері қандай?
Жауабы:
КҚК-нің негізгі міндеттері: көшірілгендерді қабылдау мен орналастыруды, оларды негізгі тіршілік көзімен қамсыздандыруды және қорғауды ұйымдастыру, келгендердің санын, берілетін көлік тәртібін нақтылау, қала КК-мен ұдайы байланыс жасау өз аумағындағы санитарлық эпидемиялық, радиациялық және химиялық ахуалды бағалау.
№7 сұрақ
Көшірілетін азаматтардың кезегін анықтау және оларды орналастырудың нақты жоспарын анықтау үшін көшірілетіндер неше топқа бөлінеді және оларға кім кіреді?
Жауабы:
Көшірілетіндер 3 топқа бөлінеді
Бірінші топ:
- соғыс кезінде қалада өз жұмысын тоқтатпайтын, сондай-ақ оның тіршілікке қабілетін қамтамасыз ететін үйымдардың жұмысшылары мен қызметшілері, олардың отбасы мүшелері;
Екінші топ:
- соғыс кезінде өз қызметін қауіпсіз аймаққа көшіруші ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілері, олардың отбасы мүшелері;
- министрліктер мен агенттіктердің орталық аппараттарының қызметкерлері;
соғыс уағытында өз қызметін тоқтататын ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілері, олардың отбасы мүшелері
Үшінші топ:
- жоғарғы оқу орындарының студенттері, өрта арнаулы оқу орындарының, кәсіптік техникалық училищелердің оқушылары, профессорлар мен оқытушылар және қызмет көрсетуші қызметшілер;
- мектеп-интернаттардың оқушылары, балалар үйлері мен арнаулы балалар мекемелерінде тәрбиеленушілер, оқытушылар, тәрбиешілер мен қызмет көрсетуші құрам;
- мүгедектер мен қарттар үйіндегі зейнеткерлер, қызмет көрсетуші персонал;
- жалғыз басты зейнеткерлер, жұмыссыздар коммерциялық құрылымдардың жеке кәсіпорындардың және өзге мемлекеттік емес мекемелер мен фирмалардың қызметкерлері.
№8 сұрақ
Қауіпсіз аймаққа әкетілуге тиіс материалдық құндылық тізбесін кімдер анықтайды?
Жауабы:
Қауіпсіз аймаққа әкетілуге тиіс материалдық қүндылық тізбесін ҚР үкіметі, облыстық, қалалық әкімдер, министрліктер мен ведомстволар анықтайды.
№9 сұрақ
Халыққа көшіруді өткізу туралы өкімді алған сәтте қалай жариялайды?
Жауабы:
Халықты хабарландыру үшін әртүрлі хабарлағыштар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары - радио, телевидение, баспасөз және т.б. қолданылады.
№10 сұрақ
Жаяу колонналары қанша адамға дейін жасақталады? Колонналардың қөзғалыс жылдамдығы қандай? Колонналардың ара қашықтығы қанша метрге дейін болып жоспарланады? Тәуліктік жүру мөлшері неше км?
Жауабы:
Жаяу колонналары 500 — 1000 адамға дейін жасақталады. Колонналардың қөзғалыс жылдамдығы 4 — 5 км/сағат, колонналардың ара қашықтығы 500 м дейін болып жоспарланады. Тәуліктік жүру мөлшері 30—40 км.