Семинар № 7
ІІ. Химиялық ахуал туралы түсінік. Химиялық барлау приборлары:
1. Химиялық барлау приборларының құрылымы
2. Химиялық барлау құралдар арқылы улы заттар мөлшерін анықтау.
Ауадағы, жердегі, техникадағы және басқа объектілердегі улы заттарды анықтау химиялық барлау приборлары көмегімен немесе сынақ алу және оны артынша химиялық лабораторияда талдау жолымен жүргізіледі. Барлық приборлардың жұмыс принциптері индикацияның химиялық әдісіне негізделген. Ол бойынша улы заттар реактивпен ықпалдасқан кезде реактивтің түсі өзгереді, ал егер реакция сұйық өртада жүргізілсе ылғал түседі.
Әскери химиялық барлау приборы (ӘХБП). Ауадағы, жердей және техниканың үстіндегі улы заттарды табуға арналған, ол корпусқа қақпақ-пен және тасуға арналған белбеумен бекітілген. Корпуста қол насосы, насостың саптамасы, индикаторлы түткішесі бар үш қағаз таспасы, түтіннен қорғайтын сүзгі, қорғаныс қалпақшалары, шам, жылытқыш және оның патрондары орналасады. Корпустың сыртынан сынақты іріктеуге арналған күрек бекітіледі.
Ауадағы улы заттарды анықтау. Улы заттарды анықтауды зариннан, зоманнан және VX бастайды. Бұл үшін прибордың қақпағын ашады, ілмешекті итереді және насосты алады. Қызыл шеңберлі және қызыл нүктелі екі индикаторлық түтікшені алып, олардың ұшын кесіп ашады. 5°С температура кезінде түтікшенің төменгі жағын ашардың алдында 40°С-тан аспайтын температурада жылытқыны қыздырады (реакгивті ерітеді). Индикатор түтікшенің таңбасына дәл келетін таңбалы насостың ампула ашқышының көмегімен екі түтікшенің үстіңгі ампуласын сындырып, оларды ұшынан таңбамен бірге ұстай отыра 2—3 рет қатты сілкілейді, түткішілердің бірінің (тәжірибелік) ұшын таңбаланған насосқа қояды, секундтына бір рет тербету жылдамдығымен 5 — 6 тербетіп, ауа айдайды. Екінші түтікше арқылы (бақылау) ауаны айдамайды, керісінше прибор корпусында орналасқан штативте қалдырады. Ауаны айдағанан кейін тәжірибелік түтікшенің төменгі жағын сындырып толтырғыштың жоғары бөлігін толығымен шаятындай етіп бір-екі рет үлкен құлашпен сиікітейді. Бұдан кейін бірден бақылау түтікшесінің төменгі ампуласын сындырып, оны да сілкілейді. Толтырғыштар бояуының өзгерісін қадағалайды.
Төменгі ампулаларды ашып, оларды сілкілегеннен кейін толтырғыш қызарады, кейіннен сарғайады. Екі түтікшеде де қызыл түстің жасыл түске бір уақытта көшуі қауіпті мөлшердегі улы заттың жоқтығын айғақтайды. Бақылау түтікшесінде сары түс пайда болған сәтте тәжірибелік түтікше толтырғышының жоғары қабатында қызыл түстің сақталуы ауада қауіпті мөлшердегі улы заттардың бар екендігін көрсетеді.
Газқағарларын алу туралы шешім қабылдау үшін зариннің, заманның және VX қауіпсіз мөлшері де осылайша анықталады. Анықтауды жоғарыда жазылған тәртіппен жүргізеді, тек ауаны тәжірибелік индикаторлық түтікше ар-қылы айдаған кезде насосты 50 — 60 рет басады және түтікшелердің төменгі ампуласын бірден емес, басқаннан кейін 2 — 3 минуттан соң сындырады.
Жүйкені құрыстырғыш улы затты зерттеу нәтижесіне қарамастан ауада фосгеннің (дифосгеннің) және көгілдір қышқылдың немесе хлорцианның бар-жоғын анықтайды. Бұл үшін үш жасыл жүзікшесі бар индикаторлық түтікшені ашып, ондағы ампуланы сындырып, түтікшені насосқа қойып, насоспен 10—15 рет тербетеді. Түтікшені насостан кейін алғаннан кейін толтырғыштың бояуын индикаторлық түтікше сақталатын таспаға жағылған эталонмен салыстырады.
Бұдан кейін ауадағы иприт буын анықтайды, бұл үшін бір сары жүзікшелі түтікшені ашып, оны насосқа қояды және насосты 60 рет басады. Бұдан кейін түтікшені насостан алып, 1 минуттан соң толтырғыштың бояуын таспадағы эталонмен салыстырады.
CS және BZ-да индикаторлық түтікшесі бар таспалар болтан кезде ауада осы улы заттардьщ бар екендігін анықтауға болады.
Төменгі температураларда ауаны зерттеуді жүргізген кезде түтікшілерді қыздыру керек. Бұл үшін жылытқының орталық саңылауын патронға қояды және патрон қалпақшасыңдағы саңылау арқылы оның ішіндегі ампуланы сындырады. Ампуланың сыңғанына көз жеткен соң ұшты патроннан алады. Жылытқыны қойғанан кейін оны бүйірдегі араға түсіріп, индикаторлық түтікшелерді қыздыру немесе еріту үшін пайдаланады.
Индикаторлық түтікшенің толтырғышы түсінің ауада тек улы заттармен қатар негізгі сипаттағы қышқыл қоспаларының улы немесе бүркемелі түтіннің әсерінен өзгеретіндігін де есте ұстау қажет. Сондықтан да ауаны зерттеудің күдікті жағдайларында оны түтіннен қорғайтын сүзгіні пайдалана отырып қайталайды.
Топырақ пен сусымалды материалдағы улы заттарды анықтау. Бұл үшін қажетті индикаторлық түтікшені алып даярлағаннан кейін оны насостын басына қояды. Бұдан кейін насосқа саптаманы бурып, басылатын жүзікшені ашық қалдырады. Саптаманың аузына қорғаныс қалпақшасын кигізеді. Зақымдалғаны туралы күдік тудырған жердегі то-пырақтың (сусымалы материалдың) үстіңгі бетін күреклен ашып, қорғаныс қалпақшасын шетіне дейін көмеді. Қақпақты түтіннен қорғайтын сүзгімен жауып, оны сығатын жүзікшемен бекітеді және насоспен қажетінше тербетеді. Бұдан кейін түтіннен қорғайтын сүзгіні, сынама мен қалпақшаны лақтырып тастайды, индикаторлық түтікшені алып, жоғарыда көрсетілгендегідей, улы заттарды анықтайды.
Жердегі, техникадағы, киімдегі және әртүрлі заттардағы улы заттарды анықтау. Анықтауды фосфорлы органикалық заттардан бастайды. Әзірленген нүктені насосқа қойып саптаманы бұрайды, қорғаныс қалпақшасын кигізіп, саптаманы топыраққа немесе зертелетін объектінің үстіне қалпақшаны зақымдану белгілері анығырақ көрінген учаскені жабатындай етіп қояды, бұдан кейін қажетінше тербетеді. Бұдан әрі саптаманы алып, қалпақшаны лақтырып тастайды, насостың басынан индикаторлық түтікшені алып, таспаға жапсырылған нұсқаулықтарды басшылыққа алып улы заттарды анықтайды.
Химиялық axyал ретінде шаруашылық объектілерінің қызметіне, АҚ күштері мен халыққа әсер ететін жердің ҚӘУЗ-бен (УЗ) химиялық зақымдану салдарының жиынтығы түсінеді.
Химиялық ахуал ҚӘУЗ төгілу (тасталу) немесе химиялық зақымдану аймағы мен химиялық зақымдау ошақтары пайда болатын химиялық қаруды қолдану кезінде жасалады.
Химиялық ахуалды бағалауға мыналар кіреді:
— химиялық зақымдау көлемі мен сипатын анықтау;
— олардың объектілер қызметтеріне, АҚ күштері мен халыққа әсер етуін талдау;
— адамдардың зақымдалуын болдырмайтын іс-әрекеттердің аса қажетті нұсқаларын іріктеу.
Химиялық ахуалды бағалау болжау әдісімен және барлау мәліметтері бойынша жүргізіледі.
Шаруашылық объектілерінде химиялық ахуалды бағалауды (РХҚ) нүктелері (буындары) жүргізеді.
Химиялық ахуалды бағалайтын бастапқы мәліметтер:
— ҚӘУЗ түрі мен саны, химиялық қаруды қолдану құралы мен УЗ түрі;
— улы заттардың шығарылу (төгілу), химиялық қарудың қолданылу ауданы мен уақыты;
— адамдардың қорғану деңгейі;
— жердің топографиялық жағдайы мен ластанған ауаның таралу жолындағы құрылыстардың сипаты;
— ауа райы (жер бетінің қабатындағы желдің жылдамдығы мен бағыты, ауа мен топырақтың температурасы, ауаның вертикалдық тұрақтылығының деңгейі).
Ауаның вертикалдық тұрақтылығының деңгейін шамамен ауа райын бақылау арқылы анықтауға болады.
Ауаның вертикалдық тұрақтылығы үш деңгейге бөлінеді: инверсия, изотермия, конвекция.
Инверсия әдетте шамамен күн батардан 1 сағаттай бұрын кешкі уақытта пайда болады және күн батқаннан кейін 1 сағаттың бойында бұзылады. Инверсия кезінде ауаның төменгі қабаттары жоғары қабаттарынан суығырақ, бұл инверсияның биіктік бойынша таралуына кедергі келтіреді және ластанған жинақталған ауаның сақталуы үшін аса қолайлы жағдай жасайды.
Изотермия ауаның тұрақты теңдігімен сипатталады. Изотермия кезінде жердің 20 — З0 м биіктік шегінде ауаның температурасы жердікімен шамалас. Ол жауын-шашынды ауа райы мен қар жамылғысы кезінде байқалады, алайда таңертенгі және кешкі сағаттарда да инверсиядан конвекцияға (таңертең) және керісінше (кешкі) көшпелі күй ретінде пайда болуы мүмкін.
Конвекция әдетте күн шыққаннан кейін 2 сағаттан соң пайда болады және шамаммен күн батардан 2—2,5 сағат бұрын бұзылады. Ол әдетте жазғы ашық уақытта байқалады. Конвекция кезінде ауаның төменгі қабаттары жоғары қабаттарынан қаттырақ қызады, бұл залалданған бұлттың тез тарауына және оның зақымдағыш әсерінің азаюына ықпал етеді.
Жел жылдам -дығы, м/с | Түн | Күн | |||
ашық | бұлыңғыр | бұлтты | ашық | бұлыңғыр | бұлтты |
0,5 0,6-2 | инверсия | конвекция | |||
2,1- 4 | ____| изотермия | изотермия | |||
4-тен астам |
Ауаның жер бетіндегі қабатының вертикалдық тұрақтылық деңгейі кесте көмегімен ауа райы болжамының мәліметтері бойынша анықталуы мүмкін.
Қарсылас жақ улы затты пайдаланған кезде пайда болған химиялық ахуалды айыру кезінде қолданылған затты, зақымдану аймағының алаңы мен улы зат түрін анықтайды. Осы мәліметтер негізінде ластанған ауаның таралу тереңдігін, жер мен техникадағы улы зат беріктігін, адамдардың теріні қорғау құралдарында болу уақытын, адамдардың, ғимараттың, техника мен мүліктің зақымдануын ықтимал бағалайды.
Қарсылас жақ улы затты қолданған кезде ауданның шекарасын анықтау барлау күштерімен немесе ТЖ және АҚ жөніндегі жоғары тұрған орган ақпараттарының мәліметтері бойынша жүргізіледі. Химиялық шабуылға қатысушы құралдар саны (ұшақтар саны, олардың үлгілері, зымырандар саны), улағыш заттарды қолдану әдісі (химиялық бомбалар, зымыранған, төгілетін авиациялық приборлар және басқалар).
Химиялық оқ-дәрі немесе әскери прибордың әсері кезінде улы зат бұлты пайда болады, ол алгашқы бұлт деп аталады. Осы бұлттың құрамы УЗ түрі мен оны ұрыс жағдайына көшіру әдісіне байланысты. Қарсылас жақ зарин түріндегі УЗ қолданған кезде алғашқы бұлт осы УЗ буынан құралады, ал Ви-Икс түріндегі УЗ қолдану негізінен аэрөзольдік бөлшектерден тұратын бұлттың құралуына алып келеді. Қарсылас жақ төгілетін авиациялық приборларды пайдаланған кезде тұрпайы аэрөзоль бұлты мен УЗ тамшысы пайда болады, олар сіңе отыра объектілерді, жерді, су көздерін, техника мен адамдарды зақымдайды.
Әртүрлі заттардың үстінде аэрөзоль мен тамшы түріндегі УЗ уақыт өте буланады. Аэрөзольдік бөлшектер мен УЗ тамшысының булану нәтижесінде зақымдалған жерде осы УЗ буыннан ғана тұратын УЗ қайталама бұлты пайда болады.
Жылжып келе жатқан ауа массасының әсерімен УЗ таралып, сирейді, соның нәтижесінде онда жинақталған УЗ уақыт өте азаяды, тиісінше қорғалмаған адамдардың зақымдау дөзасын алу қауіпі төмендейді.
Ластанған ауаның таралу терендігі химиялық қару қолданылған ауданның желді шекарасынан бастап зақымдағыш мөлшері бар ластанған ауа бұлтының таралу шекарасына дейін қолданылады. Ол ауа райына, жер бедеріне, орман алқаптарының бар-жоғы мен елді мекендер құрылысының тығыздығына байланысты.
Төменде изотермия жағдайындағы авиациямен УЗ қолданған кезде ашық жердегі ластанған ауа бұлтының қауіпті таралу терендігінің (км) есептемелік маңызы келтірілген.
Ашық ауа райында (конвекция жағдайында) ластанған ауаның қауіпті таралуының тереңдігі шамамен екі есеге азаяды, ал инверсия жағдайында шамамен 1,5 — 2 есеге көбейеді.
УЗ түрі | Тұрақты желдің м/с жылдамдығы кезінде ластанған ауаның қауіпі таралуының терендігі (км) | |
1 - 2 м/с | 2-4 м/с | |
Зарин | ||
Ви-Икс | 5-8 | 8-12 |
Иприт |
Төңірегінің бәрі құрылыс елді мекендер мсн орман алқаптарында ластанған ауаның қауіпті таралуының терендігі айтарлықтай азаяды (3 —3,5 есе).
ҚӘУЗ бар объектілердегі химиялық ахуалды бағалау химиялық зақымдану ошағында болуы мүмкін адамдарды қорғауды ұйымдастыру мақсатында жүргізіледі.
Химиялық ахуалды болжау әдісімен бағалау кезінде ауа райының ластанған ауаның таралуы үшін қолайлы кезінде объектідегі бүкіл ҚӘУЗ қорының бір уақытта төгілу (шығу) шарты қабылданады (инверсия, желдің жылдамдығы 1 м/с).
ҚӘУЗ салынған ыдыстардағы авариялар (қирау) кезінде бағалау нақты қалыптасқан жағдай бойынша жүргізіледі, яғни төгілген (шығарылған) улы заттардың нақты саны мен ауа райының жағдайы алынады. Бұл жағдайда қайнау температурасы 20 °С-тан төмен улы заттардың (фосген, фторлы сутегі және т.б.) олардың төгілу шегі бойынша бірден буланатындығын және ауаның жер бетіндегі қабатына түскен улы булар көлемінің аққан сұйық көлеміне тең болатындығын ескеру керек. Оайнау температурасы 20 °С-тан жоғары улы сұйықтардың (күкіртті көмір тегі, көгілдір қышқылы және т.б.), сондай-ақ баяу қызатын сұйықтардың (сұйытылған аммиак пен хлор, олеум және т.б.) объект аумағында төгіледі және булана отырып ауаның жер бетіндегі қабатын ластайды.
ҚӘУЗ бар объектілердегі химиялық ахуалды бағалау химиялық зақымдану ошағы мен химиялық зақымдану аймағының көлемдерін, ластанған ауаның белгілі межеге (объект) жету уақытын, зақымдаушы іс-әрекет уақыты мен химиялық зақымдану ошағындағы адамдардың ықтимал қаза болуын анықтауды қарастырады.
Химиялық ахуалды бағалау негізінде адамдарды қорғау шаралары қабылданады, зақымдану мен зақымдау салдарын жою жағдайындағы құтқару, объектінің өндірістік қызметін қалпына келтіру және халықтың тіршілігін қамсыздандыру жұмыстарын жүргізу жөнінде шаралар әзірленеді.
Объектідегі қорғаныс режимін таңдау кезінде мыналар қарастырылады: өндірістік қызметті жалғастыру кезінде жеке қорғаныс құралдарын пайдалану, зақымдалған ғимараттарда (цехтарда) жұмысты тоқтату, адамдар жұмыс орнына шыққаннан кейін зақымдануды болдырмайтын жұмыстарды жүргізгенге дейін панаханаларда болу тәртібі. Объект аумағы қатты зақымданған жағдайда жекелеген цехтардың немесе бүкіл объектінің жұмысын тоқтатып, аумақты, ғимарат пен объекті қондырғыларын залалсыздандыру жөніндегі шараларды жүргізгенге дейін зақымданбаған аудандарға адамдарды көшіру қарастырылуы мүмкін.
Объект жұмысының үлгілік режимдерінің, құтқару жұмыстарын жүргізудің үлгілік нұсқаларын бейбіт уақытта желдің негізгі бағытын, объект жұмысының нақты жағдайы мен АҚ бөлімшелерінің жеке құрамын, жұмысшылар мен қызметшілерді жеке қорғаныс пен ұжымдық қорғау құралдарымен қамсыздандыруды ескере отырып даярлаған дұрыс.
Химиялық ахуалды бағалаудан туындаған қорытындылар зақымдау ошақтарында жұмыс жүргізу үшін АҚ бастықтарының шешімдерінде пайдаланылады және АҚ бөлімшелерінің жеке құрамын химиялық зақымдану жағдайындағы іс-әрекет кезінде қорғауды ұйымдастырудың негізі болып табылады.