Семинар № 2

Төтенше жағдайлар аймағының зілзала, авария, апат және қазіргі зақымдағыш құралдарын қолдану кезіндегі сипаттамасы -1 сағ.

1) Зілзаланың негізгі зақымдағыш факторлары.

2) Ядролық қарудың зақымдағыш факторлары, олардың сипаттамасы.(самостоятельно)

3) Сәулелену дозасының сипаттамасы.(самостоятельно)

 

1."Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" ҚР Заңында төтенше жағдай аймағы ретінде төтенше жағдай жарияланған аумақ түсініледі.

Осы заң бойынша ҚР үкіметі табиғи және техногендік сиппаттағы төтенше жағдайлар саласында төтенше жағдайларды аймақтық немесе ғаламдық түрлерге жатқызады да, осы төтенше жағдайлардың таралу көлемі мен аумағын анықтайды.

Жергілікті атқарушы органдар төтенше жағдайлар саласында төтенше жағдайларды объектілік және жергілікті түрлерге жатқызады, осы төтенше жағдайлардың таралу көлемі мен аумағын анықтайды.

Қазақстан Республикасының біршама аумағында жер сілкінісі болып тұрады.

Осы зілзала, әдетте, үлкен аймақты қамтиды, соның салдарынан топырақтың тұтастығы бұзылып, ғимараттар мен үй-жайлар қирайды, адамдар қаза болады және жарақат алады, материалдық құндылықтар жойылады.

Жер сілкінісі кезіндегі зақымдаудың қайталама факторлары төмендегідей:

- коммуналдық - энергетикалық және газ желілерінің бұзылуы, өндірістік авариялар нәтижесінде болатын алапат өрттің шығуы;

- сел тасқынының, қар көшкіні мен сырғымалардың пайда болуы;

- тоғандардың бұзылуы нәтижесінде елді - мекендер мен тұтас аудандардың су астында қалуы;

- химиялық және радиациялық қауіпті объектілердің қирауы нәтижесінде ҚӘУЗ ошақтары мен радиоактивті зақымдау аумағының пайда болуы.

Сел тасқындарының бастапқы факторларының арасынан, ең алдымен, автомобиль және темір жолдарға, көпірлерге, электр беру желілеріне, ғимараттар мен тұрақ - жайларға, ауылшаруашылығы жайылымдарына келтірілетін залалдарды айтуға болады.

Сел тасқындары үлкен қашықтықтарда лайлы-тасты массамен суландыру жүйесінің магистральдық каналдарын басып кетеді, соның салдарынан егістік сусыз қалып, жайылымдардың жойылуы нәтижесінде жанама шығын келтіріледі (қайталама фактор).

Гидротехникалық ғимараттардың қирауынан ықтимал басу аймағы (өзенге, көлге, су қоймасына, су басқан тұрғылықты жерден жапсарлас аумақтың бір бөлігі) және апатты су басу аймағы пайда болады (бұзу толқыны таралатын шектегі ықтимал су басу аймағының бір бөлігі).

Апатты су басудың негізгі зақымдағыш факторлары екпінің қиратқыш толқындары, құрлық аумағы мен объектілерді басқан су тасқыны мен жәй ағатын су болып табылады. Бұл жағдайда адамдар қаза болып мал мен егістіктер жойылады, халықтың тіршілігі мен кәсіпорындардың өндірістік-экономикалық қызметі бұзылады, мәдени және тарихи құндылықтар жоғалады, табиғи ортаға үлкен залал келтіріледі.

Өрттің негізгі зақымдағыш факторы оттың жанып затқа тікелей әсері және сәулелену салдарынан жоғары температуралардың заттар мен объектілерге қашықтық ықпалы болып табылады. Өрт кезінде технологиялық қондырғылар мен көлік құралдары толық немесе ішінара жойылады немесе қатардан шығады, адамдар қаза болады немесе әртүрлі деңгейде күйік алады, үй жануарлары мен малдар қырылады.

Өрт кезіндегі қайталама зақымдау факторлары жарылыстар, қоршаған ортаға ластаушы заттардың шығуы болып табылады. Өрт жайылмаған ғимараттар мен онда сақталғантарға өрт сөндіру үшін пайдаланылған су да үлкен залал келтіруі мүмкін. Өрттің ауыр әлеуметтік және экономикалық салдары: өрт бүлдірген объектінің өзінің шаруашылық немесе өзге де міндеттерін атқаруды тоқтатуы болып табылады.