Радиоактивтi ластану
Радиоактивтi ластану Қазақстанның экологиялық қауiпсiздiгiне елеулi нақтылы қатер төндiредi, олардың көздерi мынадай негiзгi төрт топқа бөлiнедi:
жұмыс iстемей тұрған уран өндiрушi және уран өңдеушi кәсiпорындардың қалдықтары (уран да орындардың үйiндiлерi, өздiгiнен төгiлетiн ұңғымалар, қалдық қоймалары, технологиялық желiлердiң бөлшектелген жабдығы);
ядролық қаруды сынау нәтижесiнде ластанған аумақтар;
мұнай өндiру өнеркәсiбi мен мұнай жабдығының қалдықтары;
ядролық реакторлардың жұмыс iстеуi нәтижесiнде пайда болған қалдықтар мен радиоизотоптық өнiм (иондаушы сәулеленудiң пайдаланудан шыққан көздерi).
Қазақстанда табиғи радиактивтiлiктiң жоғары деңгейiн беретiн уран берушi алты iрi геологиялық өңiр, көптеген шағын да орындары мен уран байқалатын кенiштер, уран өндiрушi кәсiпорындар мен ядролық жарылыстар жасалған жерлерде шоғырланған қалдықтар бар.
Қазақстан аумағының 30%-iнде дам денсаулығына айтарлықтай қауiп төндiретiн табиғи радиактивтi газ – радонның жоғары бөлiнуiнiң ықтимал мүмкiндiгi орын алған. Радионуклидтермен ластанған суды ауыз су мен шаруашылық мұқтаждықтар үшiн пайдалану қауiптi болып табылады.
Қазақстанның кәсiпорындарында иондаушы сәулелердiң пайдаланудан қалған 50 мыңнан астам көздерi бар және радиациялық зерттеу барысында 16-сы дам үшiн аса қауiптi болған 700-ден астам бақылаусыз көздер анықталып, жойылды.
Халықтың радиоактивтi улануын және қоршаған ортаның ластану қаупiнiң алдын алу үшiн: радиоактивтi ластану көздерiн түгендеу жөнiндегi жұмысты аяқтау және 2005 жылға дейiн табиғи радиактивтiлiктiң халықтың денсаулығына терiс әсерiн зерттеудi қамтитын бағдарлама әзiрлеу, сондай-ақ құрылысқа арналған алаңдарды таңдау мен табиғи құрылыс материалдарын пайдалану кезiнде шектеу шараларын қабылдау; ауыз судың табиғи көздерiнiң радиоактивтi ластануына бақылау жүргiзу және Мұнай ұңғымалары мен өздiгiнен төгiлетiн және өздiгiнен ағатын гидрогеологиялық ұңғымаларды жою және консервациялау бағдарламасының шеңберiнде радионуклидтердiң жоғары құрамы бар гидрогеологиялық ұңғымаларды жою; жоғары радиациялық сәуле алу қаупi туралы халықты уақытылы хабардар ету жөнiнде шаралар әзiрлеу; 2005 жылға қарай Уран өндiру өнеркәсiбiнiң радиоактивтi үйiндiлерiн түгендеу және олардың қоршаған орта мен халықтың денсаулығына әсерiн айқындау жөнiндегi жұмысты аяқтау қажет.
Проблеманың кешендi шешiлуi радиоактивтi қалдықтарды ұқсату мен көму жөнiнде мамандандырылған ұйым құруды көзделуi тиiс.
Аталған iс-шараларды жүргiзудiң нәтижесi халықтың сәуле алуы мен қоршаған ортаның радиоактивтiк ластануын төмендету болмақ.
5. Өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтар
Республикада өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтардың мониторингiн, оларды сақтауды, ұқсатуды және кәдеге жаратуды қамтитын қалдықтарды басқарудың мемлекеттiк жүйесi жоқ.
Қазақстанның аумағында өндiрiс пен тұтыну қалдықтарының 20 млрд. Тоннадан астамы, оның iшiнде 6,7 млрд. Тонна улы заттар жинақталған, әрi олардың ұлғаю үрдiсi байқалуда.
Бұл ескiрген технологияларды қолданумен, сапасыз шикiзатпен және отынмен, кәсiпорындардың өндiрiс қалдықтарын кәдеге жарату мен қайта құнарландыруға қаражат салуға құлықсыздығымен түсiндiрiледi.
Уытты қалдықтарды қоса алғанда, өндiрiс қалдықтары әлi күнге, көбiнесе тиiстi экологиялық нормалар мен талаптарды сақтамастан, түрлi жинақтағыштарда қойылып, сақталады. Осының нәтижесiнде көптеген өңiрлердiң топырағы, жер асты және жер үстi сулары қарқынды ластануға ұшыраған. Қойылатын қалдықтардың үнемi ұлғайып отырған көлемi жаңа техногендiк ландшафтар қалыптастырады. Yйiндiлер мен террикондар биiктiгi өскен сайын олар шаң құраудың неғұрлым қарқынды көздерiне айналады.
Қатты тұрмыстық қалдықтардың негiзгi массасы құрауыштарға бөлшектенбестен шығарылып, ашық күресiндерге тасылады және қойылады, оның 97%-I Қазақстан Республикасының табиғат қорғау және санитарлық заңнамасы талаптарына сай емес. Оларды орналастыру және жайғастыру жобасыз және қоршаған ортаға әсерi бағаланбастан жүргiзiлген. Республикада қатты тұрмыстық қалдықтардың шамамен тек 5%-I ғана кәдеге жаратылады немесе жағылады.
Өндiрiстiк және тұрмыстық қалдықтарға байланысты проблемаларды шешу үшiн өндiрiстiк және тұрмыстық қалдықтарды басқаруды жетiлдiру жөнiндегi салалық және өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлеу қажет. Осы бағдарламалар шеңберiнде қатты қалдықтарды басқару жүйесiнiң әзiрленуi, қалдықтарды басқару құрылымын реформалау, қалдықтардың жинақталуын кемiтуге бағытталған нормативтiк құжаттарды әзiрлеу және енгiзу, қалдықтарды басқарудың есебiн жүргiзу және бақылау жүйесiн ұйымдастыру, қалдықтарды ұқсату және қайталама пайдалану жөнiндегі үлгiлiк бағдарламаны әзiрлеу, неғұрлым таза өндiрiстi енгiзу жөнiндегi ғылыми зерттеулердi жүргiзу, қалдықтарды ұқсату жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге ақпараттық қолдау көрсету, қалдықтарды басқарудың үдемелi жүйелерiне мамандарды оқытуды ұйымдастыру, өндiрiстiк қалдықтарды көму мен өнеркәсiптiк және басқа да ағынды суларды жерге төгу шарттары бойынша республика аумағын аудандарға бөлу көзделуi тиiс.
6. Экологиялық мониторинг.
Мониторинг- “monitor” латын тілінен аударғанда еске салушы, алдын-ала ескерту деген мағынаны білдіреді. Биосфера немесе оның жеке бөліктерінің, элементтерінің жағдайының антропогенді әсерден болатын өзгерістерін болжау, бағалау мен бақылаудың кешенді жүйесі.
Қазақстан Республикасының табиғат ресурстары және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің жүйесінде жаңа бөлім экологиялық мониторинг басқармасы ашылды. Бұл бөлім қоршаған ортаның мониторингінде мемлекеттік басқару жұмыстарын жүргізіледі. Біздің республиканың пайдалы қазбаларының мемлекеттік кадастрлары жасала бастады. Зиянды заттар, радиоактивті қалдықтарды көму және шайынды суларды жіберудің мемлекеттік кадастрларын жасау бекітілген. Экологиялық мониторинг жүргізу үшін төмендегі кадастрлар тізімі жасалған:
1.Атмосфераны ластаушы көздердің кадастры.
2.Суды ластаушы көздердің кадастры.
3 Шайынды суларды ағызу жіберу кадастры.
4. Зиянды заттарды көму кадастры.
5. Қазақстан Республикасының бір тұтас жиындық кадастры.
Қазіргі кезде Қазақстанда мониторинг жүргізуде ерекше көңіл аударылатын мәселелер:
1. Мұнай өндіру қызметтінің нәтижесінде мұнаймен ластану.
2. Магистралды су жүйелерінің: Ертіс, Нұра, Оралдың суларының ластануы.
Экологиялық мониторинг өзінің негізгі мақсаты қоршаған ортаның жалпы күйін бақылаумен және қадағалаумен қоса, жергілікті мақсатта да қызмет етеді.
Қалалардағы атмосфера ауасының мониторинг жүйесіне байқаудың үш түрі бар.
1. Стационарлық
2. Маршуттық.
3. Жылжымалы күзет орындары.
Стационарлық күзет орындарын арнайы павильондармен жабдықтайды.
Маршруттық күзет орындары ауадан сынама үлгі алуға және метеорологиялық бақылауға арналған.
Жылжымалы күзет орындары өнеркәсіп қоқыстары тасталатын аймақта, ластайтын заттардың концентрациясын бір рет байқау үшін қызмет етеді.
7. Табиғатты қорғау шараларын қолдану
2007 – 2009 жылдары табиғат пайдалану саласындағы негізгі міндеттер:
ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың желісін дамыту;
ормандарды, кеңейту, молықтыру және орман өсiру;
елдi мекендердi көгалдандыру және олардың айналасында жасыл аймақтар құру;
биологиялық әралуандылықты сақтау;
тұрақты су пайдалануды қамтамасыз ету;
табиғи су көздерін қалпына келтіру және сақтау;
Қазақстан азаматтарын тиісінше сапалы сумен толық қамтамасыз ету және су тарту болады.
Орман және аңшылық шаруашылығы
Орман қорын сақтауға және молықтыруға, жасыл аймақтарды кеңейтуге, республикадағы елді мекендерді көгалдандыруға, сондай-ақ ормандарды қорғау, сақтау және молықтыру саласында жағдайды тұрақтандыруға және оларды ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған 2005 – 2007 жылдарға арналған «Жасыл ел» бағдарламасын іске асыру 2007 жылы аяқталады.
Аңшылық шаруашылығын толыққанды жүргізу үшін жүйеленген мемлекеттік есеп жүргізіледі және жануарлардың жабайы түрлері ресурстарының кадастры жүргізіледі.
2007 – 2009 жылдары ормандарды орман өртінен және заңсыз ағаш кесуден қорғау күшейтіледі.
Тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып бара жатқан түрлері мен киiктерді сақтаудың және қалпына келтiрудiң 2005 – 2007 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жалғасады.
2007 жылы негізгі мақсаты ерекше қорғалатын табиғат аумақтарын ұлғайту, табиғи-қорықтық қорды сақтау, ландшафт және биологиялық әралуандықты қорғауды күшейту, эклологиялық туризмді дамыту, қоршаған ортаның сапасын және халықтың денсаулығын жаұсарту болып табылатын Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғат аумақтары жүйелерін дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған Бағдарламасын іске асыру басталады.
Балық шаруашылығы
2007 – 2009 жылдары елдің балық шаруашылығын одан әрі дамытудың негізгі бағыттары:
бағалы балық түрлерін сақтау және дамыту үшін жағдайлар жасау, балық шаруашылығы тоғандарында бағалы балық түрлерінің өндірістік запасын қалыптастыру мен толықтыру;
балық ресурстары запастарының орнықтылығын қамтамасыз ету үшін ғылыми-зерттеу әлеуетін күшейту, аквакультураны дамыту және сирек кездесетін және жойылып бара жатқан балық түрлерін сақтау үшін қажетті технологиялар әзірлеу;
өнеркәсіптік балық шаруашылығының орнықты шикізат базасын балық ресурстарының бар запастарын сақтау және ұтымды пайдалану және жасанды жолымен өндіру жөніндегі іс-шараларды күшейту есебінен қалыптастыру;
тауарлы балық шаруашылығын дамытуға және балық өнімін өндіру мен қайта өңдеу бойынша кәсіпорындардың дамуына жәрдемдесу;
балық өсіруге арналған көл-тауар, тоған, балық ұстайтын және басқа да бейімделген шаруашылықтарды дамыту үшін жағдайлар жасау;
тауарлы балық шаруашылығын және бекіре шаруашылығын дамыту үшін инвестициялар тарту;
балық шаруашылығын басқарудың біріктірілген ақпараттық жүйесін құру жолымен мониторинг, бақылау және қадағалау жүйесін жетілдіру;
тиісті нормативтік құқықтық реттеу, сондай-ақ саланың мониторингін ұйымдастыру және институционалдық мүмкіндіктерді нығайту арқылы браконьерлікке және балық шаруашылығындағы бұзушылықтардың басқа да нысандарына қарсы күрес жөніндегі шараларды күшейту;
балық ресурстарын қорғау, молықтыру, ұтымды әрі тиімді пайдалану саласындағы заңнаманы одан әрі реформалау;
балық ресурстарының кадастры және басқа су жануарларының мемлекеттік есебін жүргізу болады.
Су шаруашылығы
Қазақстан Республикасы экономикасының су секторын дамытудың және су шаруашылығы саясатының 2010 жылға дейiнгі тұжырымдамасының шеңберінде 2007 – 2009 жылдары елдің су ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану, әлеуметтік-экономикалық даму қажеттілігінің теңгерімін және судың нормативтік сапасының талаптары деңгейінде су ресурстарын молықтыру мүмкіндіктерін қамтамсыз ету мәселелері қарастырылады.
Халықты қажетті көлемдегі және кепілдендірілген сападағы сумен тұрақты қамтамасыз ету үшін 2002 – 2010 жылдарға арналған «Ауыз су» бағдарламасын іске асыру жалғасады.
Сондай-ақ, сумен орнықты жабдықтауды және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету үшін су ресурстарын ұтымды пайдалану және молықтыру мақсатында суды үнемдеу жөніндегі бағдарламаны әзірлеу жоспарланып отыр.
Осы бағдарламада су жинақтайтын технологияларды, суды пайдаланудың айналмалы және тұйық жүйелерін енгізу, су шаруашылығы жүйелерін есептеу мен реттеудің қазіргі құралдарымен жарақтандыру көзделеді
Қорыта келгенде экономикамыздың дамуына барлық жағдайларды жасай отырып, табиғатты ластанудан сақтауымыз қажет. Болаш ұрпақ үшін үлгі болатында шаралар қолданып, қоршаған ортаны ластанудан сақтап және табиғат ресурстарын ұтымды пайдалануымызға тырысу керек. Сондықтан еліміздің жарқын болашағы біздің қолымызда.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
- Қазақстанның қазіргі экологиялық мәселелері қандай?
- Қазақстанның экологиялық апат аймақтарын атаңыз.
- Қақастан Республикасындағы ауа бассейнiнiң ластану мәселелері.
- ҚР радиоактивтi ластану мәселесі.
- Қазақстан Республикасындағ өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтар мәселесі.
- ҚР экологиялық мониторинг ұйымдасуы қалай жүргізіледі?
Пайдаланған әдебиет:
1. Р.С. Оразбаева «Экология негіздері», Астана-2003
2. Г.С.Оспанова «Экология», Алматы-2002
3. Бейсенова Ә.Б. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Оқу құралы. Алматы, 2004.
4. Сағымбаев Ғ.Қ. Экология негіздері. Оқу құралы. Алматы, 1995.
5. Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000.
6. Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы. Алматы,«Ғылым», 1997, қаз.ауд. Көшкімбаев Қ.С.
7. Мәмбетқазиев Е., Сыбанбеков Қ. Табиғат қорғау. Оқу құралы. Алматы, «Қайнар», 1990.
8. Жамалбеков Е.Ү., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы, «қазақ университеті», 2000.
9. Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды. Алма-Ата, «Ана тілі», 1991.
10. Байтулин И.О. Экология Казахстана. Алматы, 2003.