Ала экологиясы.

Дәріс мақсаты: Студенттерді адамның биоәлеуметтік тіршілік иесі ретінде ерекшеліктерімен және адамның экологиялық мәселелерімен таныстыру.

Дәріс ұзақтығы: 1 сағат

1. Өткендегі, қазіргі және болашақтағы демографиялық жағдайлар.

Елдегі немесе планетадағы, аймақтағы демографиялық жағдайларды зерттеу адам экологиясының маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Халық, қала тұрғындарының тез санының өсуі экожүйелерге қосымша экологиялық салмақ түсіреді. Сондықтан адам экологиясы демографиялық факторлар мен урбандалу процесінің қоршаған табиғи орта жағдайына әсерін жан-жақты зерттеуге міндетті.

Демография дегеніміз халық туралы ғылым. Халық санының өзгеруін, оның территориялық ауысуы мен құрамын осы өзгерістердің себептері мен салдарын олардың әлеуметтік экономикалық факторлармен байланыстарын зерттейді.

Демографиялық тарихтағы ерекше феноменге демографиялық жарылыс (60-80 ж. ж) жатады.

Әлемдегі жыл сайынғы халық санының өсуі: 1000 жыл бұрын-10/1 бөлігінің %.

XX ғасыр басында-0,7 %.

1950 ж.-1 %.

60 ж. аяғында-2,1 %.

1970-1975 ж.-2,0 %.

1980-1985 ж.-1,7 %.

Халық саның өсуі әртүрлі жерде әртүрлі өскен. Соңғы 40-50 ж. ішінде халық санының төменделуі байқалды: Шығыс және Оңтүстік Европа, Австралия, Жаңа Зеландия, Япония. Халық санының төмендеуіне қарамастан, халық санының теңесуі дамушы елдер арқылы жүзеге асып отыр.

Әрбір мемлекет елдің ерекшелігін ескере отырып, өзінің демографиялық саясатын жүргізіледі. Қ.Р.-ның демографиялық саясатты ұстай отырып, жоғары туылым мен халықтың өмір сүру ұзақтығына бағытталған.

Ғаламдық мағынасы бар 2-феномен-адамдардың қартаюы, яғни халық құрылымындағы егде адамдардың санының өсуі. Бұл өлімнің азаюына байланысты.

Халық көбеюі-ата-аналық ұрпақтың балалармен алмасуы.

3-феномен демографиядағы-балаға деген экономикалық қажеттілігінің жоғалуы, аз отбасы идеалы, ананың борышы 2-планға шығуы, біріншілік-ол әйелдердің қоғамға енуі, семьядан тыс өндіріс.

1979-1981 ж. ж. 40 жасқа дейінгі «орта» әйелдің бала саны 4,4 тен 2,2 дейін түсті. Ауылда 2,6 жоғары, ал қалада 1,8 төмен көрсеткіштерді береді.

Адамдарда жас кезінен бастап, демографиялық мінез-құлық қалыптасады, ол өмірінің барысында ереже болып қалады.

Демографиялық жағдайларға келесідей факторлар кіреді: әлемде 3,3 млрд. адам күн сайын тоймайды және 5000 млн. ашығады.

1 млрд. астам- кедейшілік шегінде тұр.

0,5 млрд.-жартылай немесе толық жұмыссыз.

0,8 млрд. астам ересектер сауатсыз.

0,2 млрд.-бала мектепке бармайды.

Тамақтану проблемасы халық санымен байланысты. 6,1 млрд. адам қалыпты тамақтану үшін мал өсіруді 4 есе, ал (өсімдік) астық өнімдеріні 3 есе өсіруі қажет.

2. Қазіргі Аралдың ахуалы және Арал маңындағы әлеуметтік- экологиялық мәселелер.

Бүгінде жер бетінің бір шетінде кішкене ғана экологиялық апат болса ол бүкіл планетаға әсер етеді. Соның ішінде Арал мәселесі ерекше. Аралдың экологиялық жағдайы жыл сайын, тіпті күн сайын күрделеніп барады. Бір кездері аспанға шапшып жатқан теңіз бүгінде әбден кеуіп, құрғап, өлі денеге айналуда. Арал өңірінде атмосферада көмірқышқыл газының мөлшері 1860 жылдан 1955 жылға дейін 15 пайызға, ал 2000 жылға дейін 1950 жылғымен салыстырғанда 25 пайызға көбейді. Аралдың 66 мың шаршы шақырым су айдынынан бүгінгі күнде 20 мың шаршы шақырымға жуық су айдыны ғана қалды. Қазіргі деректер бойынша Арал теңізіндегі тұздың жалпы массасы 10,7-ден 11,4 млрд тоннаға жетті. Аралдың тұзы таза табиғи тұз емес, құрамында тыңайтқыштар мен гербицидтердің қалдықтары, тіпті гексахлоран сияқты аса қауіпті химикаттар бар. Аралдың ендігі жауы жел мен күн. Өйткені жер бетіндегі ауа үнемі қозғалыста болады. Сол арқылы бір ауданда пайда болған улы заттар екінші ауданға таралады. Табиғатта шекара жоқ. Арал теңізінің кеуіп қалған табанынан көтерілген тұзды шаң ауаның ағымымен соңғы жылдары «Памир» сілемдеріндегі мұздықтарды да еріте бастады. Бұдан келіп сол таулардың құзар басына қардың орнына жып-жылы тұзды жауындар жаууда, себебі бір текше сантиметр ауаның құрамында ондаған мың түйір шаң тозаң болады.

Жалпы деректер бойынша жер шарындағы өлім-жетімнің 6 пайызы бүгінде экология әсерінен болып отыр. Жүздеген мың адамның денсаулығы табиғат үйлесімсіздігінен нашарлап барады. Қазір әлемде жүрек талмасы, ми-қан айналымының бұзылуынан, ақыл-естен айырылатын аурулардың саны өршей түсті.

Күні кеше осы Арал мәселесін елбасымыз Н.Назарбаев тұрақты даму жөніндегі Йоханнесбургте өткен бүкіл әлемдік саммитте сөйлеген сөзінде ерекше атап көрсетті. Тартылып бара жатқан Арал теңізін көріп отырып мәселені шешуге өзге елдердің көмек көрсетпегенін президентіміз қадап айтты. Ал мұның зардабын өзге елдердің енді өздері тартып отыр. Сондықтан “Арал тағдыры-әлем тағдыры” деу де артық емес.