Сукук стандарты.

2003 жылы қабылданған № 17 шариғат стандарты ислам қаржыгерлерінің арасында ең жедел түрде танымалдыққа ие бола бастаған жобаны қайтарымды жэне ақылы түрде қаржыландыру үшін инвестиция тарту эдісіне арналған.

Стандарттың мақсаты инвестициялық сукуктарды (сертификаттар немесе облигациялар) шығаруды және олардың айналымын реттейтін шариғат нормаларын эзірлеу, сондай-ақ сукуктардың басқа да түрлерін эзірлеу болып табылады.

Осы стандарт инвестициялық сукуктарға қолданылады. Осындай сукуктар сукук иесінің жалға берілетін активтерге, узуфруктарға деген меншік қүқығын, қызметтерге арналған қүқықтарын растайтын сукуктарды, Мурабаха, Салам, Истисна, Мудараба, Мушарака сукуктарын, инвестициялық агенттеу, өнімді бөлу, ирригациялық жэне ауыл шаруашылығыэріптестігі сукуктарын қамтиды. Стандарт акционерлік компаниялардың акцияларына, қорлардың сертификаттарына жэне қоржындық инвестицияларға қолданылмайды.

Мэмілелердің бүкіл көп түрлілігінің арасында барынша кең таралғаны жэне исламдық қаржыландыру күралдарының арасында ең танымалы иджара сукуктарының мэмілесі болып табылады. Оның танымалдығы бір жағынан имплемантациялаудың салыстырмалы түрдегі қарапайымдылығымен жэне шариғат қағидаттарын сақтауда киындықтардың болмауымен, екінші жағынан -қарым-қатынастардың рақ мерзімділік сипатына және сертификаттар бойынша төлемдер үшін негіз қүрайтынжалдау төлемдерінің айқындылығының жоғары дәрежесімен инвестициялар бойынша кірісті болжау мүмкіндігімен түсіндіріледі.

Осы стандартта сукуктар оларды акциялар мен облигациялардан ажырату үшін «инвестициялық сукук» ретінде белгіленген.

Инвестициялық сукуктар сертификатпен куәландырылған қаржылық қүқықтар мен міндеттемелерге қатысты сертификат иесінің талап қүқықтарын белгілеу мақсатында оның иесінің немесе оны көрсетушінің атына шығарылған бірдей қүны бар сертификаттар болып табылады.

Инвестициялық сукуктар осындай активтердің құрамына ақшалай немесе ақшалай емес талаптардың, узуфркут қүқығының, қызметтерге арналған қүқықтардың немесе барлық осындай құқықтар жиынтығының, сондай-ақ материалдық емес құқықтардың, берешектің немесе ақша қаражатының кіретін-кірмейтіндігіне қарамастан инвестициялар үшін активтер ашу қүқығындағы кэдімгі үлесті куәландырады. Осы сукуктар сертификат үстаушының эмитент алдындағы борыштық міндеттемесі болып табылады.

Инвестициялық сукуктар олардың эмиссиясы мен айналымын реттейтін шариғат нормаларына сэйкес шариғатта белгіленген шарттың негізінде шығарылады.

Инвестициялық сукуктардың айналымы осындай сукуктармен үсынылған қүқықтар айналымы реттелетін шарттарға түседі.

Осы сертификаттардың иелері алынған кірісті жазылу проспектісінде көрсетілгендей бөледі, және өздері олардың иелері (үстаушылары) болып табылатын сертификаттардың эмиссияның жалпы көлеміндегі үлесіне немесе санына теңбе-тең шығын шегеді.

Осы стандарт 2003 жылғы 8 мамырға сэйкес келетін 1424 жылғы Рабиуль-эувел айының 7-ші күні шығарылды.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Такафул стандарты

2. Сукук стандарты

 

ӘДЕБИЕТТЕР: Негізгі: 1,2,3,4; Қосымша: 1,2,3,4,5.