Мушарака стандарты.

2002 жылы қабылданған «Шарика (Мушарака) және қазіргі заманғы корпорациялар» №12 шариғат стандарты.

Шарика эл-Инан (біріккен жауапкершілігі бар бірлескен эріптестік), Шарика әл-Вуджух (міндеттемелер бойынша эріптестік), шарика эл-Амал (кэсіптік әріптестік), Мушарака әл-Мутанакыса (тараптардың бірінің үлестерін біртіндеп сатып алатын әріптестік) және эріптестіктің қазіргі заманғытүрлері туралы ережелерді қоса алғанда, Мушарака ретінде белгіліШарика шартының (шарттық эріптестік) негіздерін жэне жалпы шариғат ережелерінтүсіндіру осы Стандарттың мақсаты болып табылады.

Осы Стандарт төменде көрсетілгендей осы Стандарттан тікелеі^ шығарылатындардан басқа, Шарика шартының (шарттық эріптестік) негізіқде жүмыс істейтін фикхта белгіленген әріптестіктердің барлық нысандарына қолданылады. Осы Стандарт сондай-ақ Мушарака әл-Мутанақысаны(азайып отырған эріптестік) қоса алғанда, әріптестіктің барлық қазіргі заманғы нысандарына қолданылады.

Стандарт Сукук эл-Муша-ракаға (әріптестікті секьюритизациялау) қолданылмайды, өйткені олар № 17 Сукук эл-Истисмар (инвестициялық бағалы қағаздар) стандартына енгізілген. Сондай-ақ оларда тараптар жекелеген активтерді бірлесіп иеленетін Шарика эл-Милкке де (иелік ету эріптестігі) қо л даны лмайды.

Шарика шарты (шарттық эріптестік) пайда алу мақсатында активтерді, еңбек ресурстарын немесе міндеттемелердібіріктіру туралы екі немесе одан да көп тараптардың арасындағы келісімді білдіреді.

Шарика шарттары екі негізгі санаттар бойынша жіктеледі: бірінші санат -фикхта белгіленген әріптестік нысандары. Екінші санат - қазіргі заманғы корпорациялар.[40]

Шарика шарты офертаның жэне оның акцептінің бағыты негізінде мүдделі түлғалардың арасындағы келісім бойынша жасалуы мүмкін. Әріптестік күру туралы шарт қажет болған кезде жазбаша нысанда жасалуға жэне ресми түрде тіркелуге тиіс. Осындай әріптестік қүрудың мақсаттары оны қүру туралы қүжатта немесе компанияның жарғысында айқын жазылып қоюға тиіс.

Мүсылман еместер немесе дәстүрлі банктер әріптестік күру мақсатында үсынғанақшалай қаражат немесе объектілер жол берілмейтін көздерден пайда болғандығы анық болған жағдайларды қоспағанда, мекеменің операциялар жүргізу мақсатында аталған түлғалармен шариғаттың нормалары бойынша қолайлы эріптестік қүру туралы шарт жасасуға қүқығы бар. Мүсылман емес адамдармен немесе дэстүрлі банктерменқүрылған эріптестіктің жүмыс істеуі кезшде шариғат нормалары мен қағидаттарыныңсақталғандығы туралы куәландыратын қажетті растамалар мен кепілдіктер алуды ұйымдастыру қажет. Осындай шарттар компанияның қызметін шариғат нормаларын сақтайтын тұлғаның басқаратындығы немесе бақылайтындығы туралы кепілдікті қамтуға тиіс.

Шарика шарты бойынша барлық эріптестер активтерге сенімгерлікпен басқарудың негізінде иелік етеді. Осылайша, заңсыз іс атқару, немқұрайдылық немесе шарт талаптарын бұзу жағдайларын қоспағанда, әріптестердің бір де біреуі жауапкершілікте болмайды. Шарика шартының ережелеріне шығындар туындаған жағдайда эріптестердің біреуінің бастапқы капиталдың сақталуына кепілдік беруін көздейтін ережелер енгізуге жол берілмейді.

Кэсіпорын Шарика шарты бойынша шарттың мерзімі өткеннен кейін, немесе эріптестердің келісуі арқылы осы мерзімге дейін немесе эріптестік құру туралы шарттың мэнін, құрайтынактивтердііс жүзінде тарату жолымен белгілі бір саладағы эріптестік жағдайында өзінің қызметін тоқтатады.

Шарика (Мушарака) шарты жэне қазіргі заманғы корпорациялар туралы Шариғат стандартын 2002 жылғы 11-16 мамырға сэйкес келетін 1423 Хижра жылының Сафар айының 28-күні мен Рабиуль-Әувәл айының 4-ші күні аралығындағы кезеңде Медина қаласында (әл-Мэдина эл-Мунаввара) өткізілген № (8) жиналыстың барысында Шариғат кеңесі қабылдады.

3. «Иджара» стандарты

2002 жылы қабылданған «Иджара, иджара мунтахийя биттамлик» (Иджара, кейіннен сатып алынатын иджара) шариғаттың №9 стандарты.

Осы стандарт егер ондай орын алған болса, мүлікті жалға алуға уәде беруге жататыннормалардан бастап, иджараның эдеттегі мәмілесінде не кейіннен сатып алынатын иджара жағдайында жалға алу затына меншік қүқығының ауысуымен жалға берілген мүлікке иелік етудегі жалға берушінің қүқықтарын қалпына келтіру нормаларына дейін иджара, кейіннен сатып алынатын иджара мәмілёлеріне қатысты шариғат нормаларын түсіндіреді.

Стандарттың мақсаты исламдық қаржы мекемелеріиджара мэмілелерін жүзеге асыруы кезінде сақтауға тиіс болатын шектеулерді айқындау болып табылады.

Осы стандарт мүлікті операциялық жалға алуға жэне мекеме жалға алушы немесе жалға беруші болып табылганда кейіннен сатып алу цұцыгымен жалга алуга (кейіннен меншік цүцыгының ауысуымен) қолданылады, Осы стандарт қызметкерді жалдауға (еңбек келісім-шартына) қолданылмайды.

Жалпы қағида бойынша иджара шарты жалға берушінің меншігінде түрғанмүлікке қатысты қолданылады. Соған қарамастан, клиенттің өзі жалға алуды жоспарлап отырған мүлікті немесе мүлікті пайдалану қүқығын мекеменің сатып алуы туралы өтінішпен мекемеге жүгінуі мүмкін.

Бас келісім тараптардың арасындағы келісімнщ жалпы ережелерін белгілей отырып, мекеме мен клиенттің арасындағы бірнеше иджара мэмілелерін біріктіруі мүмкін. Тараптар мұндай жағдайда тараптар қол қойған жеке жазбаша қүжат жасау жолымен эрбір мэміле үшін жеке шарттар жасаса алады, немесе екі тарап бас келісімде белгіленген шарттарға сілтеме жасай отырып, оферт және акцепт туралы хабарламалармен өзара алмасуы мүмкін.

Иджара шарты оны орындау тараптар үшін міндеттіжэне тараптардың бір де біреуібір жақты тэртіппен бүза алмайтын немесе өзгерте алмайтын шарт болып табылады.

Иджара шартының қолданылу мерзімі шартта белгіленуге тиіс. Иджара шартының қолданылу мерзімі тараптар болашақтағы иджараға, яғни кешірек орындалатын иджара шартына әкелетін шарттың қолданылуын бастаудың өзге күнін белгілейтін жағдайларды қоспағанда, шартты жасасу күнінде басталады.

Пайдаланылмайтын мүлік жалдаудың мэні болып табылады, жэне жалдау

затын пайдалану шариғат бойынша заңды болуға тиіс. Мысалы, үй немесе

жылжымалы мүлік пайыз қосып кредит берумен айналысатын мекемеге немесе

тыйым салынған тауарларды сатуға немесе сақтауға арналған дүкеннің иесіне

үй-жайды жалға беру немесе тыйым салынған тауарларды тасымалдау

мақсатында көлік қүралын жалға беру сияқтышариғатта рүқсат етілмеген

мақсатпен жалға берілмейді.

Олардың эріптестер болып табылатындығына немесе табылмайтындығына қарамастан, жалға алушының және жалға берушінің бөлінбейтін үлестік меншігіндегі актив иджара шартының мэні болуы мүмкін. Осындай жағдайда жалға алушы мүліктің жалға берілетін үлесін жалға беруші сияқты, яғни уақытша бөлумен немесе меншіктің жекелеген бөлігін бірдейлендіре отырып пайдалануы мүмкін.

Иджара шарты, жалға беруші мүліктің шариғатта тыйым салынған мақсаттарға пайдаланылатындығын алдын ала білген немесе солай болжауға негіз болатын жағдайларды қоспағанда, егер мүлік, мысалы, үй - онда түру максатында, немесе автомобиль - тасымалдау үшін, немесе компштер -деректерді сақтау үшін - жол берілетін мақсатта пайдаланылатын болса, жылжымайтын немесе жылжымалы мүлікке қатысты жасалуы, оның ішінде мүсылман емес адаммен жасалуы мүмкін.

Жалдау төлемі ақшалай нысанда, заттай нысанда (тауарлар) немесе пайда алу (қызметтер) нысанында белгіленуі мүмкін. Жалдау төлемі кезең-кезеңімен немесе иджара шартының бүкіл қолданылу мерзімі бойында бір жолғы түрде енгізілетінтөлемдер түрінде белгіленуі мүмкін. Жалдау төлемі төлемдердің белгілі бір түрлаулы сомасы түрінде белгіленуі немесе - тараптар айқындаған әдіске байланыстыөзгеріп отыруы мүмкін.

Жалдау төлемі шарт жасалған сәттен бастап міндетті болып табылады.

Тараптар иджара шартын өзара келісім бойынша бүзуы мүмкін, еңсерілмес күш жағдаяттары орын алған немесе оны пайдаланудан алынатын пайданы азайтатын жалдау мэнінің айтарлықтай кемшіліктері анықталған жағдайларды қоспағанда, оны бір жақты бүзуға жол берілмейді. Бір тарап бір жақты тәртіппенбұзу құқығын ескерткен жағдайда да шартты бұзуға болады. Бұл жағдайда шарттан бір жақты бас тарту кұқығы белгіленген уақыт кезеңі ішінде іске асырылуы мүмкін.

Жалға беруші иджара шарты жалға алушы жалдау төлемін төлемеген немесе оны белгіленген мерзімде төлемеген жағдайда бұзылады деп белгілеуі мүмкін.

«Мурабаха» стандарты.

Хижра бойынша 2002 жылғы 16 мамырға сэйкес келетін 1423 жылы шариғаттың Рэби әл-Әувэл шығарған №8 Мурабаха стандарты қаржыландыруға арналған, оның кезінде банк немесе өзге де қаржы делдалы сатушыдан клиентке қажетті активті сатып алады жэне оны клиенткетөлемді кейінге қалдыра отырып сатады. Әдетте мэміленің осындай түрі сауда операцияларын қаржыландыруда қолданылады. Мурабаханың тұтынушылық кредит беруге ұқсас жеке сатып алуларды қаржыландыру мақсатында да қолданылуы мүмкін.

Оның дэстүрлі кредит беруден қағидаттық ерекшелігі қаржы делдалының қайта сатылатын мүліктің барлық туындайтын тэуекелдерімен бірге толыққанды меншік иесі болуға тиістігі болып табылады. Оның үстіне, эдетте, қаржы делдалы сатып алған затты клиентке сатып алуға мэжбүрлеуге болмайды, әйтсе де активті озге тұлғаға сату нэтижесінде шеккен шығыстарды талап етуге болады.

Мурабах келісім-шарты мэні бойынша бірінші кезеңде клиентке қажетті тауарды қаржы делдалының сатып алуын және екінші кезеңде осы тауарды төлемді кейінге қалдыру арқылы оған сатуды білдіреді.

Сатып алушы тауарды одан эрі қайта сата алады, алайда ол операциялар сатып алушы мен қаржы делдалының арасында Мурабаха құрылымымен камтылмайды.

Мурабаха исламдық қаржыландырудың барынша қарапайым жэне Қазақстанда имплемантациялау үшін мүмкін болатын келісім-шарттардың бірі болып табылады. Қазіргі салық жэне құқых саласында сатып алу-сату және боліп-бөліп төлеумен сату шарттарын жасасумен және оларды орындаумен байланысты орын алып отырған проблемалар жоқ. Келісім-шарттардың осы түрін ҚР-да қазірдің өзінде белсенді түрде пайдалануға болады.

Тұтастай алғанда, Ъсындай түрдегі келісім-шартты орындау Қазақстан жағдайларында айтарлықтай қолайсыз салыктық немесе заңдық салдарларға экеп соқтырмайды.

Мынадай факторларды ғана назарға алу қажет:

1. Қазақстандық банктердің сауда немесе өндірістік қызметпен айналысуға құқығы жоқ. Тиісінше, отандық банк объектілердің жекелеген түрлерін, мысалы, бағалы кағаздарды ғана сатып алуы немесе сата алуы мүмкін. Басқа объектілермен мэмілелер жасасу үшін казақстаедық жағдайда көбінесе банктік емес ұйымдарды пайдалану қажет болады.

2. Тауарды бөліп-бөліп төлеу арқылы сату кезінде пайыздық төлеммен салыстырғанда төлемді алу (қосымша бағаны қоса алғанда) төлем мерзімінің ішінде тең біркелкі түрде емес, салықтық есепке алу мақсаттары үшін бір жолғы кіріс деп танылатындықтан, бұл кірістерді жеделдетіп тануға экеп соқтырады. Осы салдарды жұмсарту үшін кірісті төлем мерзімінің ішінде тең біркелкі түрде тануды қамтамасыз ету үшін шарттың талабынакоммерциялық кредит туралы ескертпені енгізумүмкіндігін қарастырған орынды.

3. Қаржы делдалының қосқан бағасы тауардың бағасына енгізілетіндігіне байланысты, оған жалпы ереже бойынша қосылған күн салығы (ҚҚС) есептелетін болады. Тауарды ҚҚС сала отырып одан әрі сату кезіндегі тиімділік бейтарап бола түрса да, осындай тауарды жеке түлға одан эрі қайта сатпайтын болып сатып алу кезінде, салық ауыртпалығы пайыздық төлем кезіндегі жағдаймен салыстырғанда қаржы делдалының қосқан бағасының шамасына салынатын ҚҚС сомасына жоғары болады.

4. Қазақстанда ҚҚС төлеуші ретінде тіркелмеген резидент емес қаржы делдалын пайдалану кезінде, тауарды ҚҚС төлеушіден осындай делдал арқылы басқа ҚҚС төлеушіге қайта сату кезінде делдал төлеген ҚҚС-тың сомасы осындай тауарды сату кезінде ескерілмейтін болады, бүл ҚҚС-ты қосарлы төлеуге әкеп соқтырады. Осындай қолайсыз салдарларды болдырмау үшін салық делдалын ҚР-да салық төлеуші ретінде тіркеу қажет.

Мэмілені қүрылымдау кезінде жоғарыда көрсетілген мэн-жайларды есепке алу Мурабаха келісім-шартын пайдаланудың барлық тиімділіктері сақталатын дәстүрлі кредит беруден де кем емес қүрылым жасауға мүмкіндік береді.

Қорытындылар: ҚР-да Мурабаха келісім-шартын қолдану қосымша құрылымдауды талап етуі мүмкін, алайда осы мэселелердің көпшілігінқолданыстағы заңнаманың шеңберінде толығымен немесе ішінара шешуге болады.

 

 

Бақылау сұрақтары:

1. Бухгалтерлік есептің стандарты

2. Мудараба, мушарака стандарты

3. Иджара, мурабаха стандарты

 

ӘДЕБИЕТТЕР: Негізгі: 1,2,3,4; Қосымша: 1,2,3,4,5.

 

 

14–Тақырып. Инвестициялық СУКУК

Сабақтың мақсаты – Такафул стандартының түсінігі мен скук стандартын ұғыну

Дәріс сұрақтары:

1. Такафул стандарты

2. Сукук стандарты

Негізгі (түйінді )түсініктер – Такафул стандартының түсінігі мен скук стандарты

1. «Исламдық сақтандыру» (Такафул) №26шариғат стандарты исламдық сақтандыру шартына қойылатын шариғат талаптарының сипаттамасын қамтиды.

Исламдық қаржыландыру индустриясы соңғы ондаған жылдардың ішінде қарқынды серпін жасады. Өткен ғасырдың 60-жылдарындағы ауылдағы кооперативтік өзара көмек кассаларынан ол XXI ғасырдың бірінші он жылдығында көп миллиондаған мэмілелерге ауысты. Осы сектордың табысы исламдық қаржыландырудың қолайлы этикалықбояуына ғана емес (ислам қаржысы саласында этикалық аспектілер аса маңызды орын алады), сонымен бірге экономикалык қызметтегі ынтымақтастық қағидатына да негізделеді. Егер дэстүрлі сақтандыру жүйесінде сақтандырушы және сақтанушы өзіндік «пари-мэміле» жасасса, жэне олардың өзара қарым-қатынасының нэтижесібастапқыда белгілі болмаса, онда ислам экономикалық моделіндегі сақтандыру сақтандырушы (сақтандыру қорының басқарушысы) жэне сақтанушылар (қатысушылар) эріптестер болып табылады. Оның үстіне, исламдық сақтандыру компаниясының қатысушылары сақтандыру қорын басқарушыныөз қатарынан сайлай алады. Сақтандыру қорлары бүл ретте олардың қызметі шариғат түрғысынан тыйым салынған немесе күмэнді болып табылмайтынкомпаниялардың бағалы қағаздарына (эдетте акцияларына) орналасуы мүмкін. Ислам қүқығы пари-мәмілелерге тыйым салады, сондықтан ислам қорлары әлемдік қаржы дағдарысынан барынша зардап шеккен СЭО/СВО (соііаіегігесі ЙеЫ/Ьопё оЫщаііопз) нарығын қоса алғанда, туынды қүралдардың көпшілігінің нарықтарына ақша салмайды.

Ислам қаржы қүралдарының жалпы нарығы эр түрлі бағалаулар бойынша түрақты өсу үрдісімен бір триллионнан бір жарым триллионға дейінгіні қүрайды. Осы нарықтың негізі қаражатты тарту кезеңінде де, сондай-ақ оларды орналастыру кезеңінде де үлестік қатысудың (му-шарака/мудараба) эр алуан түрлері болып табылады. Сондай-ақ клиенттердің сүрауы бойынша кейіннен қайта сату (мурабаха) арқылы банктердің активтерді сатып алуы жөніндегі лизингіге үқсас операциялары да аса танымал. Бағалы қағаздар нарығы да (сукук) даму үстінде. Көптеген елдерде такафул деген атаумен кең таралған исламдық сақтандыру нарығы 500 млрд. АҚШ долларынан астам шамада кезшде шариғат нормалары мен қағидаттарыныңсақталғандығы туралы куәландыратын қажетті растамалар мен кепілдіктер алуды ұйымдастыру қажет. Осындай шарттар компанияның қызметін шариғат нормаларын сақтайтын тұлғаның басқаратындығы немесе бақылайтындығы туралы кепілдікті қамтуға тиіс.

Шарика шарты бойынша барлық эріптестер активтерге сенімгерлікпен басқарудың негізінде иелік етеді. Осылайша, заңсыз іс атқару, немқұрайдылық немесе шарт талаптарын бұзу жағдайларын қоспағанда, әріптестердің бір де біреуі жауапкершілікте болмайды. Шарика шартының ережелеріне шығындар туындаған жағдайда эріптестердің біреуінің бастапқы капиталдың сақталуына кепілдік беруін көздейтін ережелер енгізуге жол берілмейді.

Кэсіпорын Шарика шарты бойынша шарттың мерзімі өткеннен кейін, немесе эріптестердің келісуі арқылы осы мерзімге дейін немесе эріптестік құру туралы шарттың мэнін, құрайтынактивтердііс жүзінде тарату жолымен белгілі бір саладағы эріптестік жағдайында өзінің қызметін тоқтатады.

Шарика (Мушарака) шарты жэне қазіргі заманғы корпорациялар туралы Шариғат стандартын 2002 жылғы 11-16 мамырға сэйкес келетін 1423 Хижра жылының Сафар айының 28-күні мен Рабиуль-Әувәл айының 4-ші күні аралығындағы кезеңде Медина қаласында (әл-Мэдина эл-Мунаввара) өткізілген № (8) жиналыстың барысында Шариғат кеңесі қабылдады.