Чектермен есеп айырысу есебі

Есеп айырысудың келешегі зор нысаны ретінде чектермен есеп айырысуды айтуға болады.Чек банк клиентінің (чек берушінің) банкке ақша қаражатын өз шотына алушы (чек ұстаушы) шотына аудару туралы арнайы банкте жазылған жазбаша тапсырмасын білдіретін бағалы қағаз болып табылады.

Батыс тәжірибесінде чек кімнің есебіне жазылғандығына байланысты бірнеше түрге бөледі:

- арнайы – тек осы кісіге төлеңіз;

- ордерлік – осы кісіге немесе оның бұйрығы бойынша төлеңіз;

- ұсынушы – ұсынушыға төлеңіз.

Ордерлік чек – ұстаушыға индоссамент – жолдау жазу көмегімен басқа

тұлғаға ақшаны алу құқығын ұсынуға мүмкіндік береді.

Индоссаменттің 4 түрі қарастырылады:

- банктік индоссамент.Чек ұстаушы чектің сыртына өз қолын қояды, оның нәтижесінде чек ұсынушы құжаты болып табылады және әрбір заңды иесі ол бойынша банктен ақша алады.;

- атаулы индоссамент.Ұстаушы чек сыртына өз қолын қояды және чек бойынша ақша алу құқын алатын тұлға атын жазады.

- мақсатты индоссамент.Чек ұстаушы чек сыртында чекті басқа тұлғаға ұсыну мақсатын көрсетеді және чек бойынша ақша алу мүмкіндігін шектейді;

- айналымсыз индоссамент.Егер чекті ұстаушы чек төленбеген жағдайда арыз жасау мүмкіндігін болдырмауы немесе шектеуді қаласа, индоссамент мәтінінде «айналымсыз» деген сөзді қолданады.

Әр елде чек мазмұны бірыңғай.Заңды құрамында мыналар белгіленеді:

- «чек » сөзі;

- анықталған соманы төлеу бойынша шартсыз міндеттемесі;

- банк трассат;

- төлем орны;

- шығаорылған орны және күні;

- трассант қолы.

Коммерциялық құрамы:

- чек нөмірі;

- трассат шотының нөмірі;

- трассат банктің коды;

- чек сомасының санмен қайталануы;

- бенефициар;

- кодтау желісі.

Біздің республикамызда чекті қолдану 2002 жылы 13 мамырда ҚРҰБ

Басқармасы бекіткен Қазақстан аумағында чектерді қолдану Ережесімен реттеледі.

Чек беруші мен чек беруші банктің арақатынасы чекті қолдану туралы келісіммен реттеледі.Чектерді қолдану туралы келісім жасалмастан бұрын

Банктер чектермен операция өткізу бойынша банктік қызмет тарифтері туралы ақпарат алуға клиенттер құқығын және чектерді қолдану туралы келісімнің міндетті шарттарын қамтамасыз етуге тиіс.

Бұл келісімде көрсетілген негізгі деректемелер төмендегідей:

- чек кітапшасындағы чек бланктерінің саны және олардың қорғалу дәрежесіне қойылатын талаптар туралы мәліметтер (чек беруші банкі чек бланкісінің және чек кітапшасының үлгісін өз еркімен бекітуге құқылы);

- чектерді дұрыс толтыру талаптары, атап айтқанда:

- чек бланктерінің реттік нөмірін сақтау;

- чек сомасын санмен және жазып көрсету (жазылатын сома жолдың ең басынан басталуға тиіс, теңге сөзі жазып көрсетілген сомадан кейін бос орын қалдырмауы тиіс, тиын сөзі чекте көрсетілмейді);

- «бұйрық бойынша төлеңіз» деген сөздерден кейінгі бағанада чек жазып берілетін адамның аты-жөні немесе заңды тұлға атауы көрсетіледі;

- чек жазып берілген күннің қойылуы (күні және жылы – санмен,айы жазумен);

- чек берушінің қолының қойылуы және заңды тұлға үшін мөрдің басылуы, олар чек берушінің (жеке тұлғалар үшін)немесе чек беруші чек кітапшасына ие болуға өкілеттілік берген тұлғаның қолының және мөр-таңбасының (заңды тұлғалар үшін( үлгісі құжаттағы үлгіге сәйкес болуы тиіс;

- чектің түбіртегінде операция жасалғанға дейінгі сома қалдығының, чек сомасының және чек кітапшасы бойынша жаңа қалдықтың көрсетілуі (қалдық санмен және жазумен) беріледі, сондай-ақ чек жазып берілген күн және чек берушінің немесе чек кітапшасына ие болуға өкілетті тұлға қолы және чек берушінің мөрі (заңды тұлғалар үшін) қойылады;

- Чекпен жасалған кездегі чек берушінің банкі мен чек беруші арасындағы өзара төлемдер тәртібі;

- Чек кітапшасын қолдану мерзімдері;

- Чек берушінің чектің қолданылмаған бланктеріне бақылау жасауды қамтамасыз ету тәртібі;

- Чек беруші банктің төленген чектерді есепке алу тәртібі;

- Чек берушінің жоғалған немесе ұрланған чектер, чек кітапшалары, чекке қол қоюға өкілеттілігі бар тұлғалар құрамының (заңды тұлғалар үшін) өзгеруі туралы чек берушінің банкті хабардар ету тәртібі;

- Чек беруші банктің чектермен операция жүргізу жөніндегі қызметін чек берушінің төлеуі жөніндегі шарттары;

- Чек беруші банкке чектің қолданылмаған бланктерінің чек берушінің қайтару тәртібі;

- Чек беруші мен чек берушінің банкі қатынастарына талап қою тәртібі және тараптардың жауапкершілігі.

Егер олар заңмен қарастырылған болса және чекпен жасалатын

операцияларды өңдеу үшін қажет болса, онда чек беруші банкі чекте қосымша деректемелерді талап етуге құқылы.

Чектерді қолдану туралы келісімде басқа да шарттар қарастырылуы мүмкін.

Қазіргі кезде Ұлттық банк нұсқауы бойынша есеп айырысуда тек депонирленген чектерді қолдану қарастырылуда.Қаржыларды депонирлеу чек беруші клиентпен банктік 2221 «Клиенттердің арнайы салымдары» шотында жүргізіледі, бұл аталған чек бойынша төлемдерді қамтамасыз етеді.Чек кітапшаларын рәсімдеу кезінде чек жіберуші банктің өкілетті тұлғасы төмендегілерді орындауға міндетті:

return false">ссылка скрыта

- Чек берушінің немесе оның мүддесін көздеуші тұлғаның жеке басының кім екендігіне көз жеткізуге;

- Чек кітапшасының мына мәліметтер көрсетілген немесе қойылған сыртқы бетін толтыруға:

- чек берушінің аты-жөні немесе атауы;

- чек берушінің (жеке тұлғалар үшін) немесе оның мүддесін көздейтін тұлғаның (заңды тұлғалар үшін) жеке куәлігінің сериясы, нөмірі, кім және қашан бергені;

- чек беруші банктің жеке банктік коды;

- чек бланктерінің нөмірлері (нөмірден нөмірге дейін);

- чек кітапшасын қолдану мерзімі;

- чек кітапшасындағы санмен және жазумен (соманы жазу жолдың шетінен міндетті түрде үлкен әріппен басталып, санмен жазылған сома бағанындағы бос орын және жазумен жазылған сомадан кейін асты екі сызықпен сызылады);

- чек кітапшасының берілуі күні;

- өкілетті тұлға қолы және чек беруші банктің мөрі;

- Чек кітапшасының әрбір бланкіне:

- мөртаңбамен көрсетіп чек берушінің банкінің банктік жеке кодын және оның атауын қоюға;

- чек берушінің (жеке тұлғалар үшін) немесе оның мүддесін көздейтін тұлғаның (заңды тұлғалар үшін) аты-жөнін толық жазуға;

- салық төлеушінің – чек берушінің тіркеу нөмірін қою;

- Чек берушінің (жеке тұлғалар үшін) немесе чек беруші чек кітапшасына ие болуға өкілеттік берген тұлға қолының және мөр бедерінің (заңды тұлғалар үшін) үлгілері бар құжатты қабылдауға;

- Чек кітапшаларын тіркеу журналына тиісті жазбалар жасауға;

- Чектерді қолдану туралы келісімде көзделген жағдайларда бір мезетте бірнеше чек кітапшаларын беруге рұқсат етеді.

Есеп айырысу чек кітапшасын алу үшін клиент банкке бекітілген үлгідегі,

чек саны және чектермен есеп айырысуда қажетті жалпы сома көрсетілген өтінішті ұсынады.Осы деректер негізінде әр чек сыртында көрсетілген бір чек лимиті қойылады.Чек алуға мөрмен бекітіледі.Сонымен қатар, өтінішпен қоса клиент банкке аталған ақша сомасын өзінің есеп айырысу шотынан 2221 «Клиенттердің арнайы салымдары» шотына қосу үшін төлем тапсырысын әкеледі, бұл қаржылар депонирленген соң клиент бұл чектерді ала алады.

Бұл кезде мынадай өткізбе құрылады:

Дт 2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары»

Кт 2221 «Клиенттердің арнайы салымдары»

Чек заңды және жеке тұлғалармен өзара есеп айырысу кезінде алынған тауарлы-материалдық құндылықтар және көрсетілген қызметтер, сондай-ақ басқа да жағдайлар үшін қабылданады.

Чектер келесі түрлерге бөлінеді:

- есеп айырысу чек кітапшаларының чектері;

- аманатшының чек кітапшаларының чектері.

Есеп айырысу чек кітапшаларының чектері заңды тұлғалар арасында

өзара есеп айырысу үшін қолданады.

Аманатшының чек кітапшасы жеке тұлғалардың олармен ақшасыз есеп айырысуы және нақты ақша алуы үшін қолданады.Чектік кітапша егер клиентке банктен алты айдан кем емес уақыт қызмет көрсетілген болса және банк клиенттің әділдігі мен жауаптылығына сенімді болуына негіз болғанда ғана беріледі.

Қазақстан Республикасында чек беруші барлық банктің чектері қабылдауы мен төлеуіне және клиенттеріне тиесілі.Чек бланктері ҚР Ұлттық банктің өндірістік кәсіпорындарында дайындалады.Қауіпсіздік деңгейі Ұлттық банкте бекітіледі.

Банк өз клиентіне чектерді ұсынбас бұрын, оны толтырып,келесілерді қою қажет:

- чектің жоғарғы сол жағында банктің аты және (банк атымен қатар фирмалық белгісі қойылуы мүмкін) мекен-жайы, ал егерде чекті банк филиалы беретін болса, онда филиал аты және чектің жоғары оң жағынан филиалдың мекен-жайы жазылуы керек;

- чек берушінің дербес шот нөмірі.Ол чектің төменгі бөлігінде тиісті орында, сондай-ақ чек мәтінінде қойылуы керек;

- заңды тұлға аты немесе жеке тұлғаның аты-жөні, шот нөмірлері.Бұл деректер чектің төменгі сол жағында жазылады;

- чектің сыртқы жағында жазбаның шекті сомасы.Ол үшін чекке байланысты жарияланған тұтынудың және депонирленген сома көлемінде бір чектің лимиті анықталады.Оның әрқайсысының сыртында және оған берілетін сәйкестендірме карточкада банк бір чектің лимит мөлшерін көрсетеді.

Банк кшлиентке чекпен қоса сәйкестендірме карточка (чектік карточка)

ұсынады.

Чектік карточка клиентке санына қарамастан чек берілген әр кезекте бір данада беріледі және әрбір берілген чек бойынша чек берушіні сәйкестендіреді.

Егер кезекте чек беру кезінде лимит сомасы чек кітапшасында бұрын көрсетілген сомадан аспаса, онда жаңа чек кітапшасы берілмеуі мүмкін.

Карточкада мынадай деректер болуы қажет:

  • Оң бетінде:

а) банк аты және оның мекен-жайы;

б) «№ чектік карточка» атауы;

в )жеке тұлғаның аты-жөні және заңды тұлға аты;

г) чек берушінің қолы;

д) чек берушінің төлқұжат деректері.Чек карточкасына төлқұжат деректерін қою жеке тұлғалар үшін міндетті;

е) чек берушінің шот нөмірі.

  • Сыртқы бетінде:

Бізге трасталған келесі жағдайларды сақтағанда чек төлеміне кепіл береміз:

а) чек оның сыртқы бетінде және чек кітапшасында көрсетілген сомадан аспайтын сомаға жазылуы керек;

б) чек беруші қолы чек кітапшасында берілген қол үлгісіне сәйкес келуі тиіс;

в) чекте көрсетілген чек берушінің шот нөмірі, чек карточкасында көрсетілген нөмірге сәйкес келуі тиіс;

г) чек берушіні сәйкестендіру оның төлқұжаты деректерін чек карточкасында берілген деректермен салыстыру арқылы жүргізіледі;

д) чек жазылған күннен 10 күн ішінде төлемге ұсынылуы тиіс;

е) чек, онда көрсетілген толық сомада, ешқандай комиссиясыз төленуі тиіс;

ж) банктің жауапты қызметкерлерінің қолы және мөрі болуы тиіс.

Чектерде қолданып төлем жасау және басқа да операциялар тәртібі

төмендегідей.Чек беруші заңды тұлға жазған чектерге чек кітапшасын жүргізген өкілетті тұлғалардың қолы қойылып, чек беруші мөрінің таңбасы басылуы тиіс.

Чек ұсташы чекті төлеуге қабылдап тұрып чектің секті төлеуге қабылдау туралы чек ұстаушының белгісі деген бағанына және оның түбіртегіне аты-жөнін, сондай-ақ қолын (жеке тұлғалар үшін) немесе мөр таңбасын немесе чек ұстаушының атауы көрсетілген мөрін және чек ұстаушы өкілеттік берген адамның қолын (заңды тұлғалар үшін) қояды.Заңды тұлғалар арасында чектермен төлем жасалғанда «мәні» деген баған төлем тапсырмасындағы осы деректерге қойылатын талаптарға сәйкес толтырады. Жеке тұлғалар арсында чектермен төлем жасалғанда «мәні» деген бағанды толтыруға болады, ал қалған бос орын тұтас сызықпен сызылады.

Чекте түзетулер және жөнделген жерлер болса, чек жарамсыз деп саналады.Чек бланкін толтырған кезде чек беруші қате жіберіп қойса, онда осы бланкте және оның түбіртегінде чек беруші «бүлінген» деп жазып, күнін және қолын қоюға тиіс.Чек беруші жазып берген чекті чек ұстаушыға беру үшін түбіртегінен айырады, чек ұстаушы чектің дұрыс толтырылғанын тексеруге міндетті.Чекте түзетулер мен жөндеулердің болған-болмағаны, чек деректемелерінің дұрыс толтырылуы, чек түбіртегіндегі шығарылған қалдықтың дұрыстығы, чек түбіртегінің нөмірленуі тексеріледі.Сондай-ақ жеке куәлік немесе оның орнын ауыстыратын құжат бойынша чек жазып

берген тұлғаның жеке басының кім екеніне көз жеткізуге,чек берген адамның қолын чек кітапшасының сыртқы бетіндегі қолдың үлгісімен салыстырып тексеруге тиіс.

Чектің қолданылу мерзімі оны жазып берген күнді санамағанда жазып берген күннен бастап күнтізбелік 10 күн болады.Чекті чек ұстаушы оны жазып берген күні қабылдап алады және чек ұстаушы чекті чек берушінің банкіне немесе чек ұстаушының банкіне ұсынады.Чек бойынша жартылай төлем туралы чекте белгі жазып, чек ұстаушыға чек бойынша соманың қалдығына қолхат беруге тиіс.

Чек берушінің банкі немесе чек ұстаушының банкі чекті төлеуге ұсынғанда қолма-қол ақша берген жағдайда чек ұстаушыдан осы чекті және ақша алғаны туралы қолхат талап етуге тиіс.Чек ұстаушы немесе чек берушінің банкіне ұсынылған чектерді өкілетті тұлғалар олардың деректемелерінің дұрыс толтырылуы және олардың қолдану мерзімінің сақталуы жөнінде тексереді.Банк төмендегі себептерге байланысты чекті қабылдаудан бас тарта алады:

  1. жазумен жазылған сома санмен жазылған сомаға сәйкеспесе;
  2. чектің қолдану мерзімі өтіп кетсе;
  3. чекте түзетулер және /немесе жөндеулер болса;
  4. чектегі жазу мен сияның түсінде айтарлықтай айырмашылық болса;
  5. чекте бір немесе бірнеше қорғау дәрежесі болмаса;
  6. чек деректемелерінде қателіктер болуы;
  7. чекте қойылған қол мен құжаттағы чек берушінің қойған қолының үлгісі (жеке тұлғалар үшін) немесе чек беруші чек кітапшасына иелік етуге өкілеттік берген тұлғаның қол үлгісі және чек берушінің мөртаңбасының сәйкеспей қалуы;
  8. жабатын соманың (жабылған чектер бойынша) жетпейтіндігі, несие сомасының асып кетуі (жабылмаған чектер бойынша) немесе кепілдік сомасының асып кетуі (кепілдігі бар чектер бойынша);
  9. жалған немесе ақауы бар чектің табылуы;
  10. чектерді пайдалану туралы шарттарда көзделген басқа себептер.

Талаптарда бұзып жазылған, сондай-ақ деректемелерді толтырғанда қате

немесе/және түзетулер жіберілген чектер ақауы бар деп саналады және оларды банктер қабылдамайды.

Чектер мына жағдайда жалған деп саналады:

- төленуге ұсынылған чек осы чекте көрсетілген банк бермеген чек кітапшасынан жазып берілсе;

- чек бланкі қойылатын талаптарға сәйкес болмаса;

- чек берушінің немесе чек беруші өкілеттік берген тұлғаның қойған қолы құжаттағы чек берушінің қойған қол үлгісімен бірдей болмаса;

- чек берушінің мөр бедері (егер бар болса) құжаттағы чек берушінің мөрінің (заңды тұлғалар үшін) бедерінің үлгісімен сәйкеспесе, жасанды немесе ақауы бар чек табылған жағдайда банктің өкілетті тұлғасы бұл туралы банк бухгалтеріне сол мезетте жеткізуге міндетті.

Мұнда жағдайда олар жалған немесе ақауы бар чек табылғаны туралы

акт жасайды.Акт бекітілген нысанда 4 данада толтырылады және банктің

немесе оның филиалының жетекшілері бекітеді.Актінің бірінше данасы банкте қалады.Екінші данасы жалған чекті қоса бірден ішкі істер органына жіберіледі.Бұл кезде жалған чектің көшірмесі алынып, сыртқы бетінде анықтау және тергеу органдарының өкілетті лауазымды тұлғаларының қолы қойылады.Бас бухгалтер чектердің клирингі бойынша таза позиция шығырғанға дейін телефон немесе байланыс құралдары арқылы клиринг палатасына жалған немесе ақауы бар чектердің табылғаны туралы тез хабарлауға тиіс, хабарлағанда осындай чектердің мәліметтердің және олардың клиринг палатасына тапсырылған жазбаша тізбесін көрсетеді. Клиринг палатасы банктен жоғарыда көрсетілген хабарды алысымен аталған чектер бойынша ақпаратты өңдеу үрдісін сол мезетте тоқтата тұруы тиіс.

Егер айырма жағымсыз болса, онда клирингке қатысушы дебеттік таза сальдоға, егер жағымды болса кредиттік таза сальдоға ие болады.Күн ішінде актінің бір данасы күн қорытындысы бойынша ақпаратты есептемеу үшін клиринг палатасына жіберіледі.Жалған чектің куәландырылған көшірмесі және төртінші данасы чек берушінің банкіне жолданады.

Ақауы бар чек актінің екі данасымен чек ұстаушының банкіне немесе жалған чек табылған күннің ертеңгі күнінен кешіктірілмей чек ұстаушының өзіне жіберіледі.Чек ұстаушы банк немесе чек ұстаушы қайтарылған ақауы бар чектер мен жалған чектердің көшірмесін қоса тіркелген актілерімен бірге қабылдауға міндетті.Чек кітапшасының қолдану мерзімі бітер кезде немесе чек беруші чектерді пайдаланып одан әрі операция жүргізуді тоқтатарда чек кітапшасындағы сома бойынша қалдық қалса, ол оларды чек берушінің банкіне тапсыруға міндетті, жабатын соманың қолда бар қалдығын банк чек берушіге қайтаруға, соңғысы чек кітапшасын қайтаруға тиіс.Чектер қолдану туралы келісімде көзделген жағдайда чек кітапшасындағы соманың қалдығын баланстық шотқа сақтауға және жаңа чек кітапшасының сомасын белгілегенде есептуге болады.

 

Лекция 4. Банкаралық корреспонденттік қатынастардың есебі

1. Банкаралық корреспонденттік қатынастарды ұйымдастыру және олардың есебі

2. Банкаралық ақша аударымдар жүйесі (БААЖ) арқылы есеп айрысуды жүргізу тәртібі

3. Банкаралық клиринг есебі

4. Электронды аударымдардың банкаралық жүйесінің мәні

1с. Корреспонденттік қатынас- бұл екі немесе бірнеше несиелік мекемелер арасында олардың бірінің тапсырысы және екіншісінің қаржысы есебінен төлемдерді және есеп айрысуды, сондай-ақ несие ұсыну, инвестициялық қызмет көрсету туралы келісім жүзіндегі қатынас. Сонымен қатар ірі корреспондент-банктер неғұрлым ұсақ банктерге инвестициялық қоржынды басқару бойынша кеңестер беріп, олардың тапсырысы негізінде бағалы қағаздарды сатады, сатып алады, сақтайды және басқарады.

Корреспонденттік байланыстардың дамуы тіптен банктің жаңа бөлімшесін ашу сияқты бірнеше жеңілдіктер бере алады, бірақ бұл кезде банк өзінің құқықтық еркіндігін және өткізілген операцияларға бақылау жүргізуін сақтайды.

Мемлекет банктерінің қазіргі кездегі есеп айырысулары міндетті түрде ҚР Ұлттық банкінің филиалдарында ашылған корреспонденттік шоттар арқылы жүргізіледі, сондай-ақ банктің қалауы бойынша елдің басқа да, жақын және алыс шетелдің банктерімен тікелей корреспонденттік қатынастар құру арқылы жүргізілуі мүмкін.

26.10.2000 ж. № 348 банк операцияларының жекелеген түрлерімен айналысатын банктер мен ұйымдар арасында корреспонденттік қатынасты қалыптастыру туралы ережеде төмендегідей анықтама берілген: “корреспонденттік қатынас − банктер арасындағы келісім, соған сәйкес оның біреуі (корреспондент) басқа банкке (респондент) депозитті сақтайды және төлемдер мен басқа да операциялар бойынша қызмет көрсетеді”.

Банкаралық қызметтің осындай нысанын жүзеге асыру үшін, несиелік ұйымдар келісім негізінде бір-біріне корреспонденттік шот ашады.

«Корреспонденттік шот − жасалған корреспонденттік шот негізінде бір банктің тапсырысы және екінші банктің қаржысы есебінен жүргізілетін есеп айырысулар көрсетілетін шот».

Корреспонденттік шот арқылы банкаралық есеп айырысуды ұйымдастырудың екі нұсқасы бар:

· орталықтандырылған − бұл кезде банктер арасындағы есеп айырысу міндетті түрде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде ашылған олардың корреспонденттік шоттары арқылы жүргізіледі;

· орталықтандырылмаған немесе неғұрлым либералды-коммерциялық банктердің бір-бірімен өзара қатынасын қарастырады.

Біздің елімізде банкаралық қатынастар бірінші нұсқаға негізделген.

Банкаралық корреспонденттік қатынас үдерісінде есеп айырысуларға қойылатын негізгі талаптар жеткілікті жылдамдық және болжанған төлемдер, жоғары сенімділік, қауіпсіздік, экономикалық тиімділік және қолданушылардың тұтынуына сәйкес олардың әр түрлілігі.

Банкаралық есеп айырысуларды ұйымдастыруға − оларды өткізу нақтылығына, уақытты және өткізудің еңбек сыйымдылығын қысқартуға қатысты жоғары талаптар қойылады.

Банкаралық корреспонденттік шоттар бойынша есеп айырысудың ерекшеліктері:

· бұл басқа банк клиенттерімен тұрақты келісімдік қатынасы бар клиенттердің мүддесіне сай келеді;

· олар тура жүзеге асырылатындықтан есеп айырысулар айтарлықтай жеделдетіледі;

· жан-жақты корреспонденттік қатынастар кезінде қандайда бір ірі банкте шот ашу арқылы клирингті жүзеге асыру − банктердің өзара талаптарын ескеру шарттары пайда болады;

· корреспондент банктер арасында клиринг жүргізу корреспонденттік шоттағы қаржылар қалдығын азайтуға мүмкіндік береді;

· нарықта белсенді қызмет етуге және қаржылық құралдарының толық жиынтығын қолдануға мүмкіндікті көбейтеді. Бір жағынан, ірі банктер корреспонденттік шоттар қалдығы ретінде айтарлықтай қаржы тартып оны, әр түрлі операцияларға қолдана алады. Ірі корреспонденттік желі ірі банкке вексель айналымын дамытуға мүмкіндік береді. Екінші жағынан, клиент банктер корреспонденттік шот қалдығын қолдана отырып, бас банк жүзеге асыратын операциялар есебінен несие ала алады.

Корреспонденттік қатынастардың әр тарабы өздерінде бар деректер негізінде корреспонденттік шот бойынша операциялар есебін еркін жүргізеді. Ай сайын корреспондент банк корреспонденттік шот қалдығын бекітеді.

Банктер арасындағы есеп айырысуды арнайы осы мақсатқа құрылған ҚРҰБ органы − Қазақстандық Банкаралық Есеп айырысу Орталығы (ҚБЕО) жүргізеді. ҚБЕО − заңды тұлға, құрылтайшысы және өкілетті органы − Ұлттық банк табылады.

ҚБЕО − еркін шаруашылықты субъект, банктік емес қаржылық мекеме. ҚБЕО негізгі қызметі банкаралық төлемдерді және Банкаралық аударымдар жүйесі (БААЖ) және Бөлшек төлемдер жүйесі (БТЖ) арқылы аударымдарды жүзеге асыру.

Банктің корреспонденттік шотын жүргізу үшін бірнеше талаптар қойылады. Ұлттық банктің филиалы банктің Ұлттық банктегі корреспонденттік шотындағы өз қаржыларын кедергісіз пайдалануын және ондағы қалдықтар көлемінде төлем жүргізуін қамтамасыз етуге міндетті.

Корреспонденттік қатынас келісімі бойынша Ұлттық банк бекітілген тәртіпте банктен қолма-қол ақшаны қабылдауға және босатуға міндетті. Банктің төлем тапсырыстарын қабылдау мен ұсыну Ұлттық банк филиалы құрған тапсырыстарды қабылдау және ұсыну кестесіне сәйкес өтеді. Бұл филиал төлем тапсырыстарын атқаруға қабылдау және Ұлттық банктің операциялық күнінде оларды өңдеу шарттарын анықтауға құқылы.

Қолма-қол ақшамен банк операцияларын орындау үшін Ұлттық банк филиалында ашылған банктің корршоты арқылы оған шот ашпай-ақ, осындай операцияларды жүзеге асыруға құқылы. Қолма-қол ақшамен операциялар бойынша банкке шот ашу барысында Ұлттық банк операциялық құн соңында аталған шоттың сальдосын осы банктің Ұлттық банк филиалында ашылған корршотына аударуға міндетті, егербұл корршоттық қатынас туралы келісімінде қаралған болса.

Корреспонденттік шоттар бойынша операциялар есебі үшін келесі шоттар қарастырылған:

− Бөлімшенің балнстық шоты 1050 “Банктің корреспонденттік шоты”;

1051 Банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі корреспонденттік шоты;

1052 Банктің басқа банктердегі корреспонденттік шоты.

− Бөлімшенің баланстық шоттары:

2010 корреспонденттік есепшоттар;

2011 Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің талап етуі бойынша салымдары;

2012 шетелдік орталық банктердің талап етуі бойынша салымдары;

2013 басқа банктердің талап етуі бойынша салымдары;

2020 басқа банктердің сыйақы есептелген талап етуі бойынша салымдары;

2021 Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің корреспонденттік есепшоттары;

2022 шетелдік орталық банктердің корреспонденттік есепшоттары;

2023 басқа банктердің корреспонденттік есепшоттары;

Ұлттық банк филиалы арқылы әр түрлі төлемдерді төлеу кезінде келесі өткізбелер құрылады:

− Ақша жөнелтуші банкте:

Дт 2203 «Клиенттердің ағымды есеп шоттары»;

Кт 1051 «Банктің Қазақстан Республикасы Ұлттық банкіндегі корреспонденттік шоты»;

− Ақша алушы банкте:

Дт 1051 «Банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі корреспонденттік шоты»;

Кт 2203 «Клиенттердің ағымды шоттары»;

2с. Банкаралық ақша аударымдарының жүйесі (БААЖ)− қолданушылардың жоғары өрісті төлемдерін аударуды жүзеге асыратын банкаралық есеп айырысулар механизмі. БААЖ қолданушыларына қазақстандық банкаралық есеп айырысу орталығында пайдаланушыға қызмет көрсету туралы келісімшартқа отырған банктер немесе банктік емес мекемелер жатады.

Жоғары басымды төлем− бұл орындалу мерзімі бірінші дәрежелі мағынаға ие төлемдер, соның ішінде несиелік ресурстардың банкаралық нарығында капитал, және шетел валютасы нарықтарындағы операциялармен байланысты.

БААЖ міндеті ұлттық валютадағы қайтарылмайтын және шартсыз төлемдерді Қазақстанның Ұлттық банкіндегі БААЖ қолданушылардың шотындағы ақша қаржыларының сомасы көлемінде бір операциялық күн ішінде есеп айырысу кепілділігімен өткізуінде.

БААЖ ұйымдастыру мен қалыптастырудың құқылық негізін ҚБЕО және Ұлттық банк қолданушылары арасында, қолданушы мен Ұлттық банк арасында жасалатын келісімдер қамтамасыз етеді.

Бөлшек төлемдер жүйесінің (БТЖ) қатысушылары, тікелей БААЖ қатысушылары болып табылады.

Нетто-есеп айырысу қағидасы ұсынылады, ол келесі күні БААЖ арқылы қорытынды таза позицияларды анықтау бойынша жүргізіледі. Төлем тапсырмасы өңдеуге алынғанда төлем ақырғы және қайтарылмайтын болып табылады.

БААЖ есеп айырысуы бақылау мерзімі басталғанға дейін операциялық күн ішінде жүргізіледі. Бақылау мерзімінің уақытын ҚБЕО анықтайды және Ұлттық банкпен келісіледі.

Ұлттық банк электронды тізімдеме негізінде Ұлттық банк пайдаланушыларының шоты бойынша ақша қаражаттары қозғалысының бухгалтерлік есебінің барлық қажетті операцияларын орындайды.

БААЖ операциялық күні аяқталғаннан кейін пайдаланушы ҚБЕО-дан орындалған төлемдер нәтижесі бойынша көшірме (выписка) алады.

Пайдаланушылар күн сайын БААЖ-де өздерінің ішкі корреспонденттік шоты бойынша орындалған төлемдердің нәтижесін көрсетеді, сонымен қатар төлемдердің нәтижесі тоқсан сайын көрсетіліп отырады. Ішкі корреспонденттік шоттар бойынша қалдық Ұлттық банктегі корреспонденттік шот бойынша қалдықпен сәйкес келмеген жағдайда пайдаланушы ҚБЕО-ны дереу хабардар етуі қажет.

Банкаралық ақша аудару жүйесіндегі тәуекелді басқару мақсатында пайдаланушылардың корреспонденттік шотына қызмет көрсететін Ұлттық банк бөлімшесі операциялық күн басында ҚБЕО-ға белгілі бір параметрлерді сеніп тапсырады:

− Р1 − пайдаланушының жеке өтініші бойынша корреспонденттік шоттан резервтелген ақшалар;

− Р2 − ҚР Ұлттық банкі пайдаланушыға ұсынуы мүмкін күндік есептік несие көлемі;

− Р3 − кезекте тіркелуі мүмкін төлем құжаттарының ең жоғары сомасы.

Банктер есеп айырысуды осы параметрлер бойынша жүргізеді. Банкаралық ақша аудару жүйесі банктердің корреспонденттік шоттары бойынша емес, БААЖ-ға қатысуы үшін резервтелген белгілі бір сомада жүргізіледі.

3с.Біздің елімізде банктер арасында есеп айырысуларды түпкілікті жақсартудың басты бағыты − банкаралық клирингті дамыту болып табылады.

Клиринг өзара талаптар мен міндеттемелерге негізделген тауар және қызмет үшін ақшасыз есеп айырысу жүйесін ұсынады. Банктік жүйеде клирингті негізінен банктердің корреспонденттік шоттары құрайды. Клиринг әсерінен есеп айырысулар жеңілдетіледі, арзандатылады және жеделдетіледі, қолда бар ақша қаржысы және осының есебінен есеп айырысуға қатысушылардың пайда және өтімділік деңгейі көтеріледі. Оған баруға негіз болған басты ерекшелігі − шынайы ақшаға деген қажеттілік.

Клирингтің екі үлгісі (моделі) қарастырылады: ақша қаржыларын алдын ала депозиттеумен және депозиттеусіз. Классикалық клирингтің екінші үлгісі есеп айырысу жүйесі дамыған елдерде кең таралған, бірақ қаржыларды алдын ала депозиттеуді талап етпейді. Егер клиринг сеансының аяғында қатысушылардың ең болмаса біреуінде дебеттік сальдо болмаса, бірақ оның қаржы табуға мүмкіншілігі бар болса, онда клирингтік сеанс нәтижесі тоқтатылады. Классикалық үлгінің мынадай ерекшеліктері бар: ол қаржы айналымдылығының жылдамдығын және деңгейін ұлғайтуға, қаржылардың бірінші үлгіде резервтеуді талап ететін түрлерін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Бірінші үлгіде есептік операциялар алдын ала депозиттелген қаржыларды қолданып жүргізіледі. Осы дерек сеанс қатысушыларына нәтижені өзгерту мүмкіндігінсіз өзара есеп кепілдігін береді. Аталған жағдайда клиринг мекемесі банк ретінде қатысушы-банктердің депозиттік шоттарын, өзіне жинай отырып қызмет етеді. Соған сәйкес, клирингті бірінші модель бойынша жүзеге асыру үшін жұмылдырылған қаржылары болуы керек.

Клиринг екі банк арасында біріншісінің қарыз талабы екіншісінің қарыз міндеттемесі болып, ал екіншісінің қарыз талабы біріншісінің қарыз мміндіттемесі болып табылатын жағдайларда, сондай-ақ көп жақты талаптарға ие міндеттемелер кезінде де қолданылады.

4с.Халықаралық сауда-қаржылық айналымда SWIFT электронды төлемдер жүйесі қолданылады.

SWIFT (Society for World-Wide Interbank Telecommunikations) − Әлемдік банкаралық қаржылық телекоммуникациялар қауымдастығы − қаржылық телекоммуникация саласында жетекші халықаралық ұйым болып табылады. SWIFT қызметінің негізгі бағыты банктер үшін жедел, сенімді, шешімді, құпия және санкцияланбаған кіруден қорғайтын телекоммуникациялық қызметті ұсыну және қаржылық ақпаратты алмасу әдістемелері мен нысандарын стандарттау бойынша жұмыс жүргізу.

SWIFT −бұл иелері мүше-банктер болып табылатын акционерлік қоғам. Қоғам Бельгияда тіркелген (штаб пәтері және тұрақты қызмет етуші органдары Брюсельге жақын Ла-Ульп қаласында орналасқан) және Бельгия заңы бойынша әрекет етеді. Жоғары органы − мүше банктердің және оның өкілдерінің жалпы жиналысы (Бас ассамблея). Барлық шешім ассамблея қатысушыларының көпшілік дауысымен: бір акция − бір дауыс қағидасымен қабылданады. Директорлар кеңесінде жетекші орынды Батыс Еуропа және АҚШ елдері банктерінің өкілдері иемденеді. Акция саны ұсынылатын хабарлар трафигіне сәйкес таратылады. Акцияның басым саны АҚШ, Германия, Швейцария, Франция, Ұлыбританияда.

Ұлттық заңға сәйкес халықаралық банктік операцияны жүзеге асыруға құқы бар кез келген банк SWIFT мүшесі бола алады. Мүше банктермен қатар SWIFT торабын пайдаланушылардың тағы екі санаты бар: қауымдастырылған мүшелері және қатысушылары. Біріншілер санатында мүше банктер филиалдары және бөлімшелері қызмет етеді. Қауымдастырылған мүшелер акционер бола алмайды және қоғам ісін басқаруға қатысу құқынан айырылған. SWIFT аталмыш қатысушылары − әрқилы қаржылық институттар (банктер емес): торапқа қатысуға 1987 жылдан рұқсаты бар делдалдық және сақтандыру компаниялары, инвестициялық компаниялар.

SWIFT-ке ену екі кезеңнен тұрады: қоғамға мүше болуға банктің дайындығы және қоғамның іскер мүшесі ретінде банктің торапқа қосылу дайындығы. Бірінші кезеңде банк SWIFT-ке келесі құжаттар кешенін толтырып жолдайды: кіру туралы өтініш, SWIFT жарғысын орындауға және қоғамның шығындарын (операциялық шығындарды) қалпына келтіруге банктің міндеттемесі; банктің және қоғаммен байланысқа жауапты тұлғаның мекенжайы, банктік хабарлаулар кестесінің сипаты. SWIFT директорлар кеңесі құжаттарды талқылайды және банкті қоғамға қабылдау туралы шешім қабылдайды. Кандидат банк бір жолғы жарнаны төлеуге және қоғамның бір акциясын иемденуге құқық алады.

Сондай-ақ аймақтар бойынша мамандандырылған басқа да электронды жүйелер қызмет етеді: WESTERN UNION. CHIPS and FEDWIRE (АҚШ)SIC (Швейцария), CHAPS (Ұлыбритания).

WESTERN UNION ақша аударымы жүйесі − дүние жүзі бойынша ақша аударымының ең тез және сенімді тәсілі. Оған бүгінгі күні әлемнің 150-ге жуық елі қосылған, соның ішінде Қазақстан Республикасы да. Әр айлық айналымы 70 миллион АҚШ доллары шамасында.

Елімізде WESTERN UNION корпорациясымен «БанкЦентрКредит» ААҚ, Алматы сауда-қаржы банкі сияқты банктер ынтымақтаса қызмет етуде.

Жүйенің басты қызметі − WESTERN UNION қызмет көрсететін әлемнің кез келген нүктесіне ақша аударымдарын жүзеге асыру бойынша жеке тұлғаларға (резидент және бейрезиденттерге) қызмет көрсету. Бұл жүйе бойынша ақша аударымдары банктік шот ашпастан және нақты ақша түрінде жүзеге асырылады (АҚШ доллары). Аударым жіберілгеннен кейінгі 10 минуттан соң дайын болады. Аударым жасау алушының аты-жөні және дәл сол уақытта ол жүрген ел аты жеткілікті. Қаржы алушыға аударымның сұрақ-жауап түріндегі бақылау паролін білдіретін бақылау нөмерін хабарласа жеткілікті.

Лекция № 5. Кассалық операциялар және олардың есебі.

1.Банк кассасынан қолма-қол ақшаларды қабылдау және беру есебі.

2.Ақша және басқа құндылықтарды сақтау.

3.Инкассоланған қолма-қол ақшалар.

4.Касса тексеруі (ревизия).

Банктер үшін қолма-қол ақшаларды басқару қаржы нарығының күрделілігіне байланысты маңызды жағдай болып табылады және оның атқарымдық міндеттеріне кіреді. Сенімділікті қамтамасыз ету (қолма‑қол ақшаларды қабылдау, жалған ақшаларды тану), сондай-ақ иелік ету, нақты валютаны айырбастау және сату қызметтерін несие мекемелерінің міндеттеріне кіреді. Сөйтіп банкте көптеген төлем тәртіптері жүзеге асырылады. Клиенттер – заңды тұлғалар, кәсіпкерлер қолма‑қол ақшаларды өздерінің есеп айырысу шотына төлемдерді жүргізу мақсатында салады, ал мысалы, жеке тұлғалар қолма‑қол ақшаларды депозиттік шотқа олар бойынша пайыз (сыйақы) алу үшін салады.

Кассалық операциялар – бұл банк клиенттерінің ақшалары мен құндылықтарын қабылдап өткізу бойынша банктік операциялар. Басқаша айтқанда, барлық кәсіпорындар мен мекемелер, олардың меншік түріне байланыссыз өз ақшаларын банкте сақтайды және банктің клиентке қолма‑қол ақшалай есеп айырысуын жүргізу бойынша қызмет көрсетуі – бұл кассадан ақшаны беру, қабылдау және сақтау.

Екінші деңгейдегі банктердің кассалық операцияларды жетілдіру тәртібі 1999 жылғы 15 қарашадағы № 394 «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің кассалық операцияларын жүргізу» ережелеріне сәйкес жүргізеді. Олар бойынша келесілер қарастырылған:

– кассалық операцияларды жүргізудің жалпы тәртібі;

– ақшаны жеткізу және сақтау тәртібі;

– ақшаның төлем қабілеттілігін анықтау тәртібі;

– зақымданған банкноттар мен ақаулы тиындарды айырбастау және жою тәртібі.

Банктерде клиенттерге кассалық қызмет көрсету, қолма‑қол ақшаларды өңдеу және кассалық жұмыстарды ұйымдастыру ісін жүргізу үшін келесі бөлімшелер құрылады: кіріс, шығыс, кіріс-шығыс кассалары, қайта есептеу кассасы, кешкі касса және т.б. Банктер банктік заңдылықтарға сәйкес кассалық және басқа да банктік операцияларды жүзеге асыру үшін банк орналаспаған жерден де есеп кассалық бөлімшелерді ашуға құқылы.

Кассалық операцияларды жүргізудің жалпы принципі кассирдің құндылықтар мен қолма‑қол ақшаны қабылдау және беру операцияларын кіріс және шығыс кассалық құжаттарға сәйкес рәсімделген бухгалтерлік бөлім қызметкерлерінің үкімі негізінде жүзеге асыруына бағытталады. Әрбір кассирді жұмысқа қабылдау кезінде толық материалдық жауапкершілік туралы келісімшарт жасалады. Жұмыс күнінің басында операциялық касса кассирлері касса меңгерушісінен аванс ретінде белгілі бір қолма‑қол ақша сомасын алады және жұмыс күні соңында оны пайдаланғандығы туралы есеп береді. Бір күн ішіндегі барлық кассалық операциялар аяқталғаннан кейін кассирлер бухгалтерия қызметкерлерінің мәліметтері мен өзі жүргізген операцияларының жалпы сомасын салыстырып, одан кейін құндылықтар мен қолма‑қол ақшаларды ақша қоймасына өткізеді. Кассалық операциялар бойынша барлық құжаттар банк мекемесінің бухгалтериясында алдын ала тексерілгеннен кейін кассирлерге түседі.

Клиенттерден банк кассасына қолма-қол ақшаларды қабылдау кіріс кассалық құжаттармен жүргізіледі .

Басқа құндылықтарды қабылдау баланстан тыс ордерлермен рәсімделеді.

Клиент банкноттар мен тиындар тізімдемесімен бірге толтырылған кіріс кассалық құжатты бухгалтерия қызметкеріне өткізеді, ол кіріс кассалық құжаттың дұрыс толтырылуын тексереді, оны рәсімдейді және кіріс бойынша кассалық журналда ақша сомасын көрсету үшін құжаттарды бухгалтер-бақылаушыға өткізеді. Өз кезегінде бухгалтер-бақылаушы кіріс кассалық құжатты қабылдағаннан кейін операция жүргізген қызметкердің қолын және оның растығын тексереді, онда көрсетілген соманың сәйкестігін, сонымен қатар осы құжатта көрсетілген соманың растығын салыстырады, содан кейін кіріс бойынша бас журналға қол қойып тіркейді.

Кассир кіріс кассалық құжаттарды тексергеннен кейін клиентті шақырып, одан көсетілген соманы қабылдап алады. Содан кейін құжатта көрсетілген соманы нақты сомамен салыстырып, сәйкес келген жағдайда кассир құжатқа қолын қойып, түбіртекке немесе кіріс ордерінің көшірмесіне мөр қайып, оны ақша салған тұлғаға береді. Егер өткізілген ақша мен көрсетілген сома арасында сәйкессіздік байқалса, онда өткізілген құжат қайта рәсімделіп, кассалық журналға өзгерістер енгізіледі. Кассир қолма‑қол ақшаларды қабылдағаннан кейін «Хабарландырудан» түбіртекті және ордер кесіп алады және түбіртекті ақша енгізушіге береді, ал кассир қолымен расталған ордер ақшаның нақты түсуін кіріс бойынша кассалық журналда белгілейтін және келесі күні көшірмемен бірге клиентке берілетін бухгалтерия қызметкеріне бағытталады. Осыдан, клиенттер шотына енгізілген сомалар байынша соңғыларға екі құжат ұсынылады – түбіртек және ордер. Бөлек операциялар бойынша ақшалардың банк кассасына түсуі «Кіріс кассалық ордерлерді» жасау жолымен рәсімделуі мүмкін.

Егер клиент белгілі бір себептерге байланысты ақшаны кассаға өткізбеген жағдайда, онда кассир көрсетілген соманы касса журналынан сызып тастау үшін бухгалтер-бақылаушыға кіріс кассалық құжаттарды қайтарады, ал құжаттардың өзі жойылады.

Жұмыс күнінің соңында кассир кіріс кассалық құжат негізінде бір күн ішіндегі кассалық айналым және құндылықтардың қалдығы (4-қосымша) туралы есептілік анықтамасын жасап, олардағы мәліметтерді нақты қабылданған сомамен салыстырады. Анықтамаға кассир қолын қояды және онда көрсетілген кассалық айналым кассалық журналдағы жазбалармен салыстырылады.

Кассир жұмыс күнінің соңында касса меңгерушісіне анықтама және кіріс құжаттары мен бірге қабылданған ақшаларды буып-түйіп өткізеді (5-қосымша). Кассир нақты құндылықтар мен есептілік құжаттар арасындағы сәйкессіздікті анықтағаннан кейін касса меңгерушісіне хабарлайды, ал нақты сәйкессіздік бойынша акті жасалады (6-қосымша).

Касса меңгерушісі қабылданған соманы анықтама және кіріс құжаттарымен салыстырып, қолын қояды. Сонымен қатар жұмыс күні ішінде қабылданған барлық ақша сомалары операциялық кассаға кірістеліп, сол жұмыс күні ішінде клиенттердің сәйкес шоттарына есептелуі қажет.

Қолма‑қол ақшаларды кірістеген кезде келесі шоттар корреспонденциясы жасалады:

– Клиент – заңды тұлғадан кассаға ақшаны кірістеу:

Дт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»

Кт 2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары»

– Депозиторлардан ақша қаражаттарын салымның сәйкес шотын кірістеу:

Дт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»

Кт 2211, 2223 «Клиенттердің салымдары»

– Чектік кітапшалардың құнын қолма‑қол ақшамен төлеу кезінде:

Дт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»

Кт 4920 «Өзге кірістер»

– Қолма‑қол ақша түрінде касса арқылы банк қызметінен комиссиялық табыс түскен кезде:

Дт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»

Кт 4600 «Комиссиялық кірістер»

Клиенттердің банктік шотынан қолма‑қол ақша беру ақшалай чектер және шығыс кассалық ордерлермен жүзеге асырылады.

Ақшалай чектік кітаптар қатаң есептеме бланкісіне жатады, олардың есебі 7339 «Әр түрлі құндылықтар және құжаттар» баланстан тыс шотында жүргізіледі. Сондықтанда оларды беру қатаң бекітілген түрде клиент өтініші бойынша жүзеге асырылады. Сол уақытта 7339 «Әр түрлі құндылықтар және құжаттар» баланстан тыс шоттар бойынша баланстан тыс шығыс ордері толтырылады.

Басқа да құндылықтарды беру баланстан тыс ордерлермен рәсімделеді.

Жоғарыда айтылғандай, касса меңгерушісі шығыс операцияларын жүзеге асыру үшін кассирлерге қажетті соманы есептеп береді. Одан кейін касса меңгерушісі операциялық кассада ақша қалдығын тексеруі және күн басындағы есеп бойынша операциялық кассадағы қолма‑қол ақшалар мен басқа да құндылықтардың есебі кітапшасындағы мәліметтермен сәйкестігіне көз жеткізуі қажет .

Клиент қолма-қол ақша алу үшін толтырылған кассалық құжаттарды өзіне қызмет көрсетуші бухгалтерия қызметкеріне ұсынады, ол сәйкес тексеру және рәсімдеу жүргізгеннен кейін шығыс бойынша кассалық журналда чек сомасын немесе шығыс кассалық ордерді жазу үшін оларды кассирге, бухгалтер-бақылаушыға өткізеді. Және клиентке ақшалай чектен бақылау маркасын береді, ал чектің өзін бухгалтерия қызметкерлері кассирге өткізеді. Шығыс құжаттарын алғаннан кейін, бухгалтер-бақылаушы келесілерді жүргізуге міндетті:

– Банктің ақшалай құжаттарына қол қоюға өкілеттілігі бар жауапты тұлғалардың қолын растап, тексеру;

– Санмен көрсетілген соманы жазбаша көрсетілген сомамен салыстыру;

– Клиенттің лауазымды тұлғаларының қолын және олардың растығын тексереді.

Кейін шығыс кассалық құжаттар кассирге өткізіледі, ол келесілерді тексереді:

– Қолма-қол ақша алу кезінде клиенттердің құжаттағы қолын және клиенттің жеке куәлігін тексереді;

– Берілетін қолма-қол ақша сомасын салыстырады;

– Кассаға ұсынылатын бақылау маркасының нөмірін ақшалай чектегі нөмірмен салыстырып, оған бақылау маркасын жабыстырады;

– Клиент көзінше берілетін, дайын ақша сомасын қайта есептеп береді және шығыс құжатына қолын қояды.

Клиент қолма-қол ақша қаражатын касса бақылаушысының қатысуымен қайта есептеуге құқылы. Қайта есептеу нәтижесінде қолма-қол ақша жетіспеушілігі немесе артықшылығы байқалған кезде, қажет болған жағдайда акт жасалады. Жетіспеген соманы жетіспеушілікке жол берген касса қызметкері клиентке қайтарады.

Жұмыс күнінің соңында есепке қабылданған қолма-қол ақша сомасын шығыс құжаттар сомасы және қолма-қол ақша қалдықтарымен салыстырады, содан кейін бір күн ішіндегі кассалық айналым және құндылықтардың қалдығы туралы есептілік анықтамасын құрайды, қолын қояды және кассалық айналымды бухгалтер-бақылаушының кассалық журналындағы жазбалармен салыстырады. Салыстырып тексеру касса журналында кассирдің және кассир анықтамасында бухгалтер-бақылаушылар қолдарымен рәсімделеді. Сәйкессіздік анықталған жағдайда кассир ол туралы касса меңгерушісіне хабарлап, түсінікхат жазып, нақты сәйкессіздік бойынша акт жасайды. Сол күні кем шыққан ақша сомасын кассир өзі өтеуі қажет, егер бұл мүмкін болмаған жағдайда кассир жетіспеушілікті өтеудің нақты мерзімін көрсетіп міндеттеме толтыруы қажет. Егер шығыс операцияларын касса меңгерушісі орындаса, онда бір күн ішіндегі кассалық айналым және құндалақтардың қалдығы туралы есептілік анықтамасы жасалмайды, ал шығыс бойынша барлық айналымдар бір күн ішіндегі кассалық айналым туралы жиынтық анықтамаға енгізіледі.

Кассир қолма-қол ақша мен бір күн ішіндегі шығыс кассалық құжаттар қалдығын есептілік анықтамасымен бірге касса меңгерушісіне қабылданған және өткізілген ақша есебінің кітабына қол қою арқылы өткізеді. Меңгеруші тексеріп, есептілік анықтамасына қолын қойып, оны касса күніндегі құжаттарға тіркеп тігу үшін жібереді.

Кассадан қолма-қол ақшаны беру және жұмсау үшін келесі бухгалтерлік жазбалар жасалады:

– Клиент – заңды тұлғаларға ақша қаражаттарын беру:

Дт 2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары»

Кт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»

– Банк қызметкерлеріне еңбекақы төлеу үшін:

Дт 2854 «Банк қызметкерлерімен есеп айырысу»

Кт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»

– Несиені қолма-қол ақша түрінде касса арқылы бергенде:

Дт 1411, 1417 «Клиенттерге қысқа және ұзақ мерзімге берілген қарыздар»

Кт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша».