Міндеттемелер активтері

Активтер Шот № Шот № Міндеттемелер
Банктің шетелдік филиалдарымен есеп айырысуы Банктің шетелдік филиалдарымен есеп айырысуы
Клиенттермен есеп айырысу 1552 2552 Клиенттермен есеп айырысу
Өзге де алдын ала төлеулер 1791 2791 Өзге де алдыны ала төлеулер
Құжаттамалық есеп айырысу бойынша дебиторлар 1855 2855 Құжаттамалық есеп айырысу бойынша кредиторлар

Шот топтары бойынша кірістер-шығыстар сәйкестілігін 6-кесте түрінде көрсетуге болады.

6. Кірістер-шығыстар

Кірістер Шот № Шот № Шығыстар
Клиенттерге берілген қарыздар бойынша сыйақы алуға байланысты     4400     5200 Клиенттердің талаптары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар
Банктің филиалдармен есеп айырысуы бойынша кірістер     4350     5150 Банктің филиалдармен есеп айырысуы бойынша шығыстары
Бағалы қағаздарды сатып алу-сату бойынша кірістер   4510   5510 Бағалы қағаздарды сатып алу-сату бойынша шығыстар
Банктің шетел валютасын сатып алу-сату комиссиялық кірістері   4604   5604 Шетел валютасын сатып алу-сатуда қызмет көрсету бойынша комиссиялық шығыстар
Өзге операциялық кірістер 4802 5802 Өзге де операциялық шығыс
Банк қызметінен өзге кірістер 4921 5921 Банктік қызметтен өзге шығыстар

Алтыншы класс бойынша операциялардың есебі – шартты және мүмкін талаптар – шартты және мүмкін міндеттемелердің келесідей логикалық байланыстары бар, яғни бір шоттың дебеті бойынша корреспонденттік шотты жүзеге асыру кезінде 500 саны арқылы анықталатын кредиттік шот бойынша корреспонденция жүзеге асады.Мұны 7-кесте түрінде келесідей етіп рәсімдеуге болады:

7. Шартты және мүмкін талаптар – шартты және мүмкін міндеттемелер

Операция Дебет/Кредит Дебет/Кредит
Аккредитивтер 6000 6500
Кепілдер 6050 6550
Орналастырулар 6100 6600
Салымдар 6150 6650
Бағалы қағаздарды сатып алу 6200 6700
Бағалы қағаздарды сату 6300 6800
Валюталарды сатып алу-сату 6400 6999 арқылы 6900 6999 арқылы

2. Аналитикалық және синтетикалық есеп

Банктегі бухгалтерлік есеп барлық шаруашылық субъектілеріндегі сияқты аналитикалық және синтетикалық болып бөлінеді.Аналитикалық есеп – есептің алғашқы түрі, синтетикалық есептің базасы болып табылады.Банкте орындалатын барлық қызметтер бухгалтерлік есепте көрініс табады.Ол экономикаға салынған несие көлемін, жүргізілген қолма-қол ақша айналымын, банкте сақталған ақша айналысындағы сандық өзгерістерді және ақшалай қаражат сомасын анықтауға мүмкіндік береді.

Банктің көпжақты қызметін сипаттайтын қорытынды көрсеткіштер банктік операциялардың аналитикалық есебінде болады.

Несиелік есеп айырысу, кассалық және басқа операциялардың күнделікті бөлшек есебі дербес шоттарда жүргізіледі.Әрбір кәсіпорынға немесе ұйымға дербес ашылған шоттардың саны олардың банкпен байланысы сипатына байланысты.Синтетикалық есептің әрбір баланстық және баланстан тыс шотында аналитикалық есепте ескерілетін құралдардың түріне, олардың белгілері мен иесіне байланысты бөлінетін дербес шоттар ашылады.Берілген несиелер, несиелердің мақсатты пайдалануы және несие алушы бойынша ашылған дербес шоттарда көрсетіледі.

Дербес шоттар ашылған дербес шоттар классификаторы болып табылатын арнайы кітаптарда тіркеледі.Онда кәсіпорындар мен мекемелер ашатын есеп айырысу және басқа шоттар тіркеледі.

Аналитикалық есептің дербес шоттары есеп айырысу- ақша құжаттарының сәйкестендірілген жүйесіне кіретін белгіленген стандартты нысанда басылады.

Банктегі дербес шоттар біріңғай ереже бойынша нөмірленеді.Дербес шоттың нөмір саны есепке алынатын құралдар мен құндылықтар сипатына байланысты 3 пен 9 аралығында болуы мүмкін.Баланстық шотқа сәйкес келетін екінші ретте нақты аналитикалық есептің қажеттігі жоқ болғанда үш санды нөмірлер қолданылады.

Дербес шоттар төмендегідей сипатта болады (8-кесте).

Аналитикалық есепте жазбалар есеп айырысу-ақша құжаттарының мәліметтері бойынша жүзеге асырылады.

Дербес шоттарда келесідей деректемелер басылып шығарылады:

- соңғы операциялардың жүзеге асқан күні;

- операцияның нақты жүзеге асырылған күні;

- құжат нөмірі;

- корреспонденттік шот нөмірі;

- операциялар түрінің шартты цифрлі белгілері;

- дебет және кредит бойынша айналыс сомасы;

- кіріс және шығыс қалдық.

Баланстан тыс шоттардағы аналитикалық есептің дербес шотында коррепонденттік

шоттың нөмірі және шартты цифрлы белгілер деректемелері, сондай-ақ операциялардың түрлері толтырылмайды.Операция жүзеге асырылған күннен келесі күні клиентке сенімхат бойынша дербес шоттың көшірмесі, онымен бірге операциялардың сипаты жайлы қажетті мәліметтері бар құжаттар ұсынылады.Бұл құжаттар болмаған жағдайда шот менеджері сома түскен банкке хабарлама жібереді.Әрбір жылдың 1 қаңтарында банктің клиенттері барлық дербес шоттар бойынша жазбаша нысанда қалдықты растауын көрсетуі керек.

Кәсіпорындар, ұйымдар жеке мекемелер дербес шот көшірмесінің мәліметтері бойынша банктің есеп айырысу, кассалық операцияларды орындағандығын бақылайды және бұл операцияларды өздерінің бухгалтерлікесебінде көрсетеді.Клиенттердің жазбаша өтініші бойынша банк мекемесі бастығының рұқсатымен қажет жағдайда дербес шот көшірмесінің дубликаты беріледі.Дубликат алу өтінішіне банк шотын басқаратын тұлғалар қол қояды.

Бухгалтерлік және кассалық журналдар, жиынтық карточкалар, тексеру тізімдемелері, күнделекті, ай сайынғы және жылдық баланстар банкте синтетикалық бухгалтерлік есеп материалдары болып табылады.

Бухгалтерлік журналда дебет және кредит бойынша әрбір операциялардың айналысы тіркеледі, баланстық шот бойынша толық жалпы қорытынды жиналады.Дебет бойынша журналдардың жалпы қорытындысы кредиттің қорытындысымен тең болуы керек.Бухгалтерлік журнал бойынша бухгалтерлік есепте банктік операциялардың толық көрсетілуі бақыланады.

Кассалық журналда кассаның кіріс және шығыс құжаттары, клиенттердің дербес шотының нөмірі, касса жоспарының белгісі және сомалар көрсетіледі.Операция уақыты аяқталысымен кассалық журнал қорытындысы банк кассасының кіріс және шығыс айналысының мәліметтерімен салыстырылады.Кассалық журнал мәліметтері бухгалтерлік журналға көшіріледі.

Жиынтық карточкалар баланстық шот бойынша жүргізіледі.Онда күнделікті кредит және дебет бойынша айналыстар және баланстық шотқа сәйкес ашылған, аналитикалық есептің дербес шоты бойынша саналған келесі күнге қалдықтары жазылады.Жиынтық карточкалардың дебеті және кредиті бухгалтерлік журналдың мәліметтерімен салыстырылады, ал қалдық сомасы ағымдық күннің айналысы мен күн басындағы қалдықты сальдолау жолымен тексеріледі.

Жиынтық карточка мәліметтерімен күнделікті баланс жасалады.Балансты дұрыс құрған кезде активтің және пассивтің қорытындылары сәйкес келеді.Жиынтық карточкаларда ай бойғы айналыстардың қорытындысы саналып, содан кейін айлық айналыс тізімдемесі жасалады.Жиынтық карточкалар арқылы жыл басынан бергі айналыс қорытындысы жүргізіледі.Жыл бойындағы айналыстар жылдық айналыс тізімдемесін жасауға негіз болады.

Тексеріс тізімдемесіне жеке шот бойынша бір күн ішінде әрекет еткен әрбір айналыс карточкаларының және әрекет ететін және әрекет етпейтін дербес шоттар бойынша айналыстардың қорытындысы, сондай-ақ баланстық шот және тізімдеме бойынша жалпы қорытынды қалдықтар мен айналыс қорытындылары енгізіледі.Тексеріс тізімдемесінің мәліметтері бойынша жиынтық карточкалар толтырылады.

Сөйтіп бугалтерлік, кассалық журналдар, жиынтық карточкалар,тексеріс тізімдемесі аналитикалық есептің дербес шотында операциялардың дұрыс көрсетілгенін тек

Жиынтық карточкалар баланстық шот бойынша жүргізіледі.Онда күнделікті кредит және дебет бойынша айналыстар және баланстық шотқа сәйкес ашылған, аналитикалық есептің дербес шоты бойынша саналған келесі күнге қалдықтары жазылады.Жиынтық карточкалардың дебеті және кредиті бухгалтерлік журналдың мәліметтерімен салыстырылады, ал қалдық сомасы ағымдық күннің айналысы мен күн басындағы қалдықты сальдолау жолымен тексеріледі.

Жиынтық карточка мәліметтерімен күнделікті баланс жасалады.Балансты дұрыс құрған кезде активтің және пассивтің қорытындылары сәйкес келеді.Жиынтық карточкаларда ай бойғы айналыстардың қорытындысы саналып, содан кейін айлық айналыс тізімдемесі жасалады.Жиынтық карточкалар арқылы жыл басынан бергі айналыс қорытындысы жүргізіледі.Жыл бойындағы айналыстар жылдық айналыс тізімдемесін жасауға негіз болады.

Тексеріс тізімдемесіне жеке шот бойынша бір күн ішінде әрекет еткен әрбір айналыс карточкаларының және әрекет ететін және әрекет етпейтін дербес шоттар бойынша айналыстардың қорытындысы, сондай-ақ баланстық шот және тізімдеме бойынша жалпы қорытынды қалдықтар мен айналыс қорытындылары енгізіледі.Тексеріс тізімдемесінің мәліметтері бойынша жиынтық карточкалар толтырылады.

Сөйтіп бугалтерлік, кассалық журналдар, жиынтық карточкалар,тексеріс тізімдемесі аналитикалық есептің дербес шотында операциялардың дұрыс көрсетілгенін тексеруші материал ретінде қызмет етеді және бухгалтерлік баланс құруға пайдаланылады.

Баланстан тыс шот бойынша бухгалтерлік журнал және жиынтық карточкалар баланстық шот сияқты жасалады, онда да дербес шоттар, баланстан тыс кіріс және шығыс ордерлерінің мәліметтері немесе баланстан тыс шоттардың карточкада ескерілетін төлем құжаттар мәліметтерімен жасалатын жазулар да сондай әдіспен жасалады.

Баланс, жиынтық карточкалар,бухгалтерлік журналдар мұқият салыстырғаннан кейін синтетикалық есеп материалдарын тексеретін және балансқа қол қоятын банткің бас бухгалтеріне беріледі.

 

Лекция №3. Есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік есебі.

1. Банктік шот туралы түсінік, оны ашу, жүргізу және тәртібі

2. Есеп айырысу операциялары және олардың жіктелуі

3. Төлем тапсырмасымен есеп айырысу есебі

4. Төлем талап – тапсырмасымен есеп айырысу есебі

5. Инкассолық өкімдермен есеп айырысу есебі