ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

БЕКІТЕМІН

«Л.Н.Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық

университеті» ШЖҚ РМК

Экономика факультетінің

деканы э.ғ.д.поофессор.

Макыш С. Б. _______

«_____» _________2013 ж.

БАҒДАРЛАМА

Тәжірибе түрі оқу-жаттығу жорығы_________

тәжірибе түрінің атауы

Мамандық бойынша: «5В090200»- «Туризм»

шифр мамандықтың атауы

Факультеті ______Экономика_______

Факультеттің атауы

курс____1____, семестр 2_

Апта ұзақтылығы ____4_____

Кредит саны ____2_____

Астана 2013 ж.

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ БІЛІМ БЕРУ СТАНДАРТЫНА СӘЙКЕС 5В090200 - «ТУРИЗМ» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША ЖАСАЛҒАН

 

Жұмыс бағдарламасын дайындағандар:

 

э.ғ.д., профессор Сыздықбаев Б.Ұ._______________

доцент м.а, э.ғ.к., Баяндинова А.М.______________

аға оқытушы Муканов А.Х. ________________

оқытушы, магистр Гиззатжанова А.Г. ____________

 

Жұмыс бағдарламасы «Туризм» кафедрасының мәжілісінде талқыланды

Хаттама №__ «____»_______ 201_ж.

«Туризм» кафедрасының меңгерушісі,

э.ғ.д., профессор Сыздықбева Б.Ұ. ______________

 

 

Әдістемелік комиссиямен мақұлданды

Төрағасы э.ғ.к., Искаков Б.М.._________________

 

«____»______________ 201_ж.

 

Кафедрамен келісілді

 

«Туризм» кафедрасының меңгерушісі,

э.ғ.д., профессор ыздықбаева Б.Ұ. ______________

«____»______________ 201_ж.

 

МАЗМҰНЫ

 

1. Жалпы ережелер

1.1 Оқу үрдісінде кәсіптік тәжірибенің өтетін орнын анықтау

1.2 Оқу-жаттығу тәжірибенің мақсаты

1.3 Оқу-жаттығу тәжірибенің міндеті

2. Оқу-жаттығу тәжірибені өту тәртібі, ұйымдастыру және басқару

3. Тәжірибе базасы

4. Тәжірибе жетекшілерінің міндеті (факультеттен, кәсіпорыннан)

5. Оқу-жаттығу тәжірибені өту барысында студенттің құқығы мен міндеті

6. Оқу-жаттығу тәжірибенің мазмұны

7. Оқу-жаттығу тәжірибе туралы жеке тапсырмалардың тізімі

8. Студенттің есеп беру құжаты

9. Кәсіптік тәжірибе нәтижесін рәсімдеу, студенттің жұмысын бағалау

10. Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

Оқу-жаттығу тәжірибеге кәсіпорынның жетекші маманы басшылық етеді және университеттен кафедра оқытушысы жетекшілік етеді. Тәжірибенің ұзақтығы 4 апта.

Оқу-жаттығу тәжірибе жоспары ҚР МЖБМС 5.03.005 – 2011 сай құрастырылған. Негізгі ережесі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпы білім беру стандарты шарттарына сай 5В090200 «Туризм» мамандығына арналған.

Оқу-жаттығу тәжірибені өту кезінде студент ұйымдағы бекітілген ішкі ережелерді сақтауы, бос қызметті атқарып немесе тәлімгер болуы мүмкін, және кәсіпорын бөлімдерінің басқарушылық процессіне міндетті түрде араласуы керек.

Оқу, оқу-жаттығу тәжірибе 2 курста ұйымдастырылады.

Барлық жұмыстар кафедра меңгерушілерімен, Университеттің мансап және бизнес әріптестік бөлімінің бастығымен бақылады.

1.1 ОҚУ ҮРДІСІНДЕ КӘСІПТІК ТӘЖІРИБЕНІҢ ӨТЕТІН ОРНЫН АНЫҚТАУ

Оқу-жаттығу тәжірибе басталуға үш күн қалғанда тәжірибе жетекшілердің міндетті түрде қатысуымен студенттердің жиналысы өткізіледі.

Жиналыста студенттерге оқу жоспарында анықталған тәжірибенің міндеті туралы және тәжірибе өтудің мазмұны мен тәжірибеден өту мерзімі туралы айту керек.

Студенттер оқу-жаттығу тәжірибені Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жанындағы Ақмола облысы «Зеренді» ауылында өткізіледі.

1.2 ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ТӘЖІРИБЕНІҢ МАҚСАТЫ

 

«Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасының негіздері» пәнінен оқу жылында алынған теориялық және практикалық білімдерін баянды ету.

Оқу-жаттығу жорығы келесідей білімдерді қалыптастыруға бағытталған:туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасының негіздері; күрделілігі әр түрлі деңгейдегі жорықтарда туристік құрал-жабдықтарды таңдау ерекшеліктері;туризмнің белсенді түріндегі ғылыми зерттеулер тәсілдері; салауатты өмір салтын қалыптастырудағы негізгі ережелер; адамзат қоғамының дамуына экологиялық, қоршаған ортаның әсері, осы әрекеттердің күрделенуіне әсер ететін факторлар; күнделікті өмірдегі,сонымен қатар төтенше жағдайлардағы адам өмірі қызметінің қаусіздігін қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық негіздері.

 

1.3 КӘСІПТІК ТӘЖІРИБЕНІҢ МІНДЕТІ

- күрделі жер бедеріндегі қозғалыстың тактикасы мен техникасының

практикалық дағдыларын меңгеру;

- бивактарды, түнеу орындарын ұйымдастыру;

- туристік құрал-жабдықтармен жұмыс;

- саяхат аймағымен танысу;

- туристік жорықтағы қауыпсыздық қамтамасыз ету (1-ші дәрігерге дейін көмек,

іздеу-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру,қауып-қатерге шалдыққандарды орын ауыстыру);

- туризм экологиясы

2. КӘСІПТІК ТӘЖІРИБЕНІ ӨТУ ТӘРТІБІ, ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ

 

Оқу-жаттығу тәжірибе бағдарламасы «Туризм» мамандығы студенттерін оқу процессіндегі тәжірибемен әдістемелік қамтамасыз ету болып табылады және Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ тәжірибе өтушілер, кәсіпорын мен университет атынан жетекшілерге пайдалану үшін арналған.

Тәжірибеге жауапты тәжірибе бағдарламасының негізінде кафедрада факультет деканымен бекітілген тәжірибе жоспары (Ф ЕНУ 705-02-12) және өткізу графигі (Ф ЕНУ 705-03-12) құрастырылады.

Тәжірибені жалпы және әдістемелік басқаруды «Туризм» кафедрасы жүзеге асырады.

Оқу-жаттығу тәжірибені өту кестесін университет және кәсіпорын атынан бекітілген тәжірибе жетекшілері тәжірибе базасы мен уақыт балансын ескере отырып жасайды.

Оқу-жаттығу тәжірибенің өту мерзімі 4 апта, 2014 жылдың 09 маусымынан 5 шілде дейін.

Тәжірибенің есебін қорғау қорытынды конференция графигіне сәйкес жүргізіледі. Оқу-жаттығу тәжірибе бойынша есептерді қорғау ережеге сәйкес, тәжірибені аяқтаған соң бір апта көлемінде жүргізіледі, қорытынды баға электронды ведомостьқа қойылады және Офис-тіркеушіге қорғау болғаннан кейін 48 сағат ішінде тапсырылуы керек. Жаздық тәжірибе бойынша есеп қорғаулары (оқу-жаттығу) күздік семестрдің бірінші айының ішінде жүргізіледі, және қортынды баға электронды ведомостьқа қойылып және Офис-тіркеушіге 1 қазанға дейін тапсырылады.

3. ТӘЖІРИБЕ БАЗАСЫ

5В090200 «Туризм» мамандығы бойынша оқу тәжірибесі туризм, туризм менеджері, қызмет көрсету саласындағы жұмыс аумағындағы квалификацияланған мамандарды дайындауың бір сатысы болып табылады. Оқу-жаттығу тәжірибесі Ақмола облысындағы Зеренді елді мекені, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасы «Тұмар» оқу-сауықтыру орталығында ұйымдастырылады.

 

4. ТӘЖІРИБЕ ЖЕТЕКШІЛЕРІНІҢ МІНДЕТІ (ФАКУЛЬТЕТТЕН,

КӘСІПОРЫННАН)

4.1 Кафедра атынан тәжірибе жетекшісі міндетті:

 

Студентті тәжірибе жоспарымен қамтамасыз ету және тәжірибе басталмастан бұрын оны зерттеу жұмысын жүргізу;

· студенттің тәжірибе өту орынына дер кезінде баруын бақылау;

· студенттің жалпы ішкі ережелерді сақтауын бақылау және еңбек тәртібін бұзған жағдайда ары қарай тәжірибе өтуін тоқтатып, декан немесе кафедра меңгерушісін хабардар ету;

· тәжірибе жоспарының және күнтізбелік жоспардың атқарылуын қадағалау;

· студенттің жеке тапсырмаларды орындауын қадағалау;

· студент бағдарламаны орындауына қанағаттанбайтын жағдайда деканнан тәжірибе өту жоспарын ұзартуын сұрау;

· тәжірибе есебін қабылдау кезінде комиссия жұмысына қатысу;

· Оқу-жаттығу тәжірибе қорытындысы бойынша студенттер коференциясына қатысу дайындығын бақылау;

· студенттің тәжірибелік дайындығын жетілдіруге өз ұсынысын айту;

4.2 КӘСІПОРЫН АТЫНАН ЖЕТЕКШІ МІНДЕТТІ:

 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасы «Тұмар» оқу-сауықтыру орталығымен қамтамасыз ету;

Жатын орындары мен тамақпен қамтамасыз ету;

Студенттер техника мен тактикадан өту барысында құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету;

Студенттерді қауіпсіздік шараларымен таныстырып, қадағалау;

Студенттерге тәжірибеденөту барысында туындайтын барлық сұрақтар бойынша кеңес беру;

5. КӘСІПТІК ТӘЖІРИБЕНІ ӨТУ БАРЫСЫНДА СТУДЕНТТІҢ ҚҰҚЫҒЫ МЕН МІНДЕТІ

 

Оқу-жаттығу тәжірибесін өту барысында студент мыналарды атқаруға міндетті:

1. Оқу-жаттығу тәжірибесін өту орны бойынша ішкі тәртіп ережелерін сақтау;

2. Тәжірибе барысында жетекшісінің тапсырмаларын орындау;

3. Күнтізбелік жоспар және тәжірибені өту жоспарын толық көлемде және өз уақытында орындау;

4. Күн сайын бекітілген форма бойынша күнделік жүргізу.

5. Тәжірибенің қорытындысы бойынша есепті кафедрамен бекітілген формада және мерзімде ұсыну.

Тәжірибе өту барысында тәжірибенің құқықтары:

1. Практикант тәжірибе бағдарламасына кірмейтін жұмыстарға қатыспауға;

2. Тәжірибені ұйымдастыруды жетілдіру (жақсарту) бойынша ұсыныстар беруге құқылы.

 

6. ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ТӘЖІРИБЕНІҢ МАЗМҰНЫ

 

Бөлім 1. Оқу-жаттығу жорығын ұйымдастыру тәртібі:

- қажетті құжаттамалар мен қарталарды дайындау;

- оқу-танымдық практиканың туристік маршруттарын жасау;

- құрал-жабдықтар және тамақтандыру өнімдерін дайындау;

- медициналық дәрі-дәрмектерді дайындау;

- қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар.

1.1 Оқу-жаттығу жорығына дайындық

Оқу-жаттығу жорығы спорттық бағытта басым және үлкен дайындықты талап етеді. Жорық жетекшісі студенттерді алдын-ала маршрутпен, оны өту шарттарымен, жорық кезіндегі кездейсоқ қиындықтармен таныстырады. Қорытынды конференциясында жорыққа қатысушылар студенттер арасынан жауапкершілік,ұйымдастырушылық, басқару және шешім қабылдау қабілеті сияқты сапаларына байланысты жалпы міндеттемелерді білу қажет. Өте белсенді студенттер арасынан жетекшінің орынбасары тағайындалады. Оның өкімі орындау үшін міндетті және ол жетекші шешіміне сәйкес әрекет етеді. Шаруашылық бөлімі жөніндегі менеджер тамақтану және құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге жауапты болады, есеп жүргізеді, рюкзактарға тамақтар мен құрал-жабдықтарды бөледі, меню құрайды, жолдағы тамақтарды толықтыру жұмыстары жүктеледі. Қаржы бойынша менеджер жорық жетекшісінің жүргізген қажетті есептері өкімі бойынша уақытылы ақшамен қамтамасыз етуге жауапкершілікті иеленеді. Менеджер-валеолог жорықтық қобдишаны алып, сақтап, толықтырады, қауіп-қатерге душар болған адамға бірінші көмек көрсету жағдайындағы санитарлық-гигиеналық нормалар мен ережелерді орындауын қадағалайды. Корреспондент жорықтың оқиға сәттерін жүргізеді. Оның жазбалары практиканы өту жөніндегі есепті дайындау үшін негіз болып табылады. Фотокорреспондент жорық өмірін фотосурет жүзінде көрсетеді. Қалған ағымдағы міндеттер күнделекті кезекшілер ішінде бөлінеді. Практика өтетін ауданды толық зерттеу мақсатында студенттерге алдын-ала өлкетану әдибиеттерімен және де басқа ақпарат көздерімен таныстыруға кеңес беріледі. Жеке құрал-жабдықтарды дайындау барысында туристке қажетті әрбір затқа мән беру керек. Ол үшін төмендегідей тізім ұсынылады.

1.2 Жорыққа қажетті заттар мен жеке құрал-жабдықтар тізімі:

1. Жеке куәлік;

2. Жеке шығындарға ақша;

3. Аяқ киім (туристік етіктер, кроссовкалар);

4. Ауыстыратын аяқ киім (тапочки);

5. Мақта шұлықтар – 2 жұп;

6. Жүн шұлықтар – 2 жұп;

7. Спорттық костюм;

8. Свитер,жүн жейделер (кофталар);

9. Жаттығу шалбалдары;

10. Шорты;

11. Ұзын жеңді жейделер;

12. Ауыстыратын мақта іш киімдер;

13. Шомылу костюмдері;

14. Жаңбырдан қорғанатын ветровка, штурмовка;

15. Күннен қоғанатын бас киім;

16. Ұйықтайтын қапшық немесе көрпе;

17. Простыня;

18. Кесе, қасық;

19. Әжетхана құрал-жабдықтарды;

20. Ине, жіп, түймелер;

21. Сыйымдылығы кең рюкзак;

22. Ылғал болмайтын қораптағы сіріңке.

1.3 Жорыққа қажетті топтық құрал-жабдықтар:

1. Шатырлар;

2. Жеңіл балталар (қабымен);

3. Тамақ дайындауға арналған кастрюльдер;

4. Ожаулар;

5. Асхана пышағы;

6. Полиэтилен пленкасы;

7. Фотоаппарат;

8. Тамақ салу үшін қаптар;

9. Ылғал ауа райында алауды жағу үшін шырақтар;

10. Компас;

11. Ауданың картасы;

12. Негізгі арқан (40 м);

13. Көмекші арқан (40 м);

14. Карабиндер – 2;

15. Репшнулар - 2;

16. Өңдеу құралдары жиынтығы;

17. Кобдиша (аптечка);

18. Шаруашылық сабыны және жуу құралдары;

19. Ысқылайтын мата (тұрмыстық қажеттерге);

20. Алауда су қайнатын шәйнек немесе самауыр;

Дала практикасының бағдарламасы (мысалға Зеренді туристік-рекреациялық массиві).

Бөлім 2. Оқу-жаттығу жорығын Зеренді аймағында жартылай стационарлық режімінде жүргізу.

Бірінші күн.Практика өтетін базаға келу. Орналастыру. Акклиматизациялық бағдарлама. Іс-тәжирибе өтетін ауданмен, оның туристік-рекрециялық ресурстарымен танысу. Ұйымдастыру – шаруашылық іс-шаралар.

Екінші күн.1-ші маршрут бойынша өту. Маршруттың ұзақтығы – 1,5-2 сағат, қашықтығы – 5 шақырым. Зеренді туристік-спорттық базасынан басталады. Жол батысқа қарай бағыттағы ормандарда орналасқан. Жолда туристер «Кабаний ручейге» барып, «Тас жылан», «Вишневая», «Танк» шоқыларына көтерілуі мүмкін.

Оқұ қызметті: топографиялық белгілерді анықтау, шатырларды құру, туристік түйіндеп байлауды үйрену, дәрігерге дейінгі бірінші көмек көрсету тәсілдерін үйрену.

Үшінші күн.2-ші маршрут бойынша өту. Маршруттың ұзақтығы– 2-3 сағат,

қашықтығы – 7 шақырым. Орман жолымен оңтүстік бағытқа қарай орналасқан. 2 шақырым жүргеннен кейін, туристер табиғат ескерткіштеріне толы орындарға кезігеді.Оқу қызметті:топографиялық белгілерді анықтау, шатырларды құру, туристік түйіндеп байлауды үйрену, дәрігерге дейінгі бірінші көмек көрсету тәсілдерін үйрену.

Төртінші күн. 3-ші маршрут бойынша өту. Маршруттың ұзақтығы – 4 сағат. Қашықтығы – 8 шақырым. Маршрут Зеренді көлінен басталады. Жағасынан бастап қайың тоғайларымен өте отырып, «Кездесу шоқысына» тіріледі. Ауылдағы «Ұлы Отан Соғысы батырлары» ескерткішіне бару. Туристік-спорттық базаға оралу. Оқу қызметі: Топографиялық дайындық.

Бесінші күн.4-ші маршрут бойынша өту. Ұзақтығы – 4 сағат. Қашықтығы – 8 шақырым. Маршрут Зеренді туристік-спорттық базасынан басталады. Жол батыс бағытқа қарай орман жолында орналасқан, негізгі мақсат – Зерендінің ең биік шоқысы «Үлкен аю» шоқысына жету, оның биіктігі – 667 метр. Оқу қызметі: Бағдарлау элементтері.

Алтыншы күн. 5-ші маршрут бойынша өту. Ұзақтығы – 4 сағат. Қашықтығы – 12 шақырым. Бұл маршрут орман орналасқан. Оның негізгі мақсаты – «Григорий тоғаны». Оқу қызметі: Бағдарлау элементері.

Жетінші күн. Демалыс. Туристік жағдайларды жөндеу – профилактикалық жұмыстарды жақсарту жөніндегі іс-шаралар. Көңіл- көтеру бағдарламары. Оқу қызметі: Туризмнің белсенді түрінде бос ұақтығы іс-шараларды ұйымдастыру.

Сегізінші күн. 6-ші маршрут бойынша өту. Ұзақтығы – 4 сағат, қашықтығы – 10 шақырым. Зеренді туристік-спорттық базасынан басталады. Жол «Тас тасбақа» массивті жотасынан шоссе бойымен батысқа қарай 2 шақырым орман жолымен. Оқу қызметті: Тауға шығу техникасы мен тактикасы, туристік қауіпсіздікті үйрену.

Тоғызынші күн.7-шімаршрут бойынша өту. Ұзақтығы – 5-6 сағат. қашықтығы – 14 шақырым. Бұл маршрут оңтүстік бағытқа қарай жүреді, ұзақ өрге көтеріліп, «Невидимка» тауына әкеледі. Кішкене демалғаннан кейін туристер «Галиева» шоқысына бет алады Оның шаңында 1914-1917 ж.ж. австриялық әскери тұтқынға түскендер салған Австриялық қабырға бар. Оның ұзындығы – 19 км. Одан кейін Зерендіге оралады.

Оныншы күн. 8-ші маршрут бойынша өту. Ұзақтығы – 8-10 сағат, қашықтығы – 20 шақырым. Маршрут Зеренді көлінің жағасымен өтеді. Оның соңғы мақсаты – оның солтүстік-шығыс жағалауындағы «Жасыл мүйіс» түбегі. Оқу қызметінің түрлері: Туристік жорықтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бивактарды ұйымдастыру бойынша практикалық дағдыларды меңгеру.

Он бірінші күн.Іс-тәжірибенің белсенді бөлімін аяқтауға арналған салтанатты Іс-шаралар. Туристік қабырға газеттері, ас мәзірі, шығармашылық жобалар сайысы, Салтанатты түскі ас. Астанаға оралу.

Он екінші – Он алтыншы күндер. Студенттер өткен жорық жайлы маршруттарды нақты суреттеп, оқу-жаттығу жорығындағы бағдарламалар, қолданған туристік құрал-жабдықтар, жорықтың қолданбалы мәнін және меню, орындалған міндеттемелері туралы есеп беру.

Он жетінші – Он тоғызынші күндер. Астана қаласынан туристік-рекрециялық объектілерімен танысу. Оқу қызметінің түрлері: Қазақстан астанасындағы туризмді қазіргі жағдайына баға беру және дамыту перспективалары.

Он тоғызыншы – Жиырма бірінші күндер. Практика қорытындысын шығару, оқу-жаттығу жорығын өту туралы есеп беруді дайындау және тапсыру. Оқу қызметінің түрлері: Қорытынды бақылау.

7. КӘСІПТІК ТӘЖІРИБЕ ТУРАЛЫ ЖЕКЕ ТАПСЫРМАЛАРДЫҢ ТІЗІМІ

Студент тәжірибе кезеңі аяқталғаннан кейін конференцияға келесі құжаттарды дайындайды және тапсырады:

- тәжірибе күнделігі;

- тәжірибе туралы есеп;

- тәжірибе жетекшісінен пікір және практиканттың жұмысына мінездеме және балдық-рейтингтік жүйемен баға қойылады.

Тәжірибе өту кезеңінде студент күнделікті жүргізіп отыруы қажет, күнделікте күнде жасалған барлық жұмыстар, туристік техникамен тактикада қолданылатын құрал жабдықтарды, тәжірибе барысындағы проблемалар және оны шешу жолдары қарастырылуы керек. Сонымен қатар күнделікте тәжірибенің жеке жоспарына сәйкес тәжірибенің жүру барысы уақытпен жазылуы, студенттің жоспарды орындағаны не орындамағаны туралы жетекшінің қолы болуы керек.

Тәжірибе аяқталғаннан кейін жеке жоспарға сәйкес оқу-жаттығутәжірибенің есебі жазылуы тиіс.

8. СТУДЕНТТІҢ ЕСЕП БЕРУ ҚҰЖАТЫ

Тәжірибе нәтижесі бойынша студент бағдарлама бойынша есеп құрады. Ол әрбір тақырып зерттелгеннен кейін жазылады, сондықтан тәжірибе аяқталғанда есеп те жазылып болуы тиіс.

Есеп құрылымы: титул парағы (қосымша А), мазмұны, кіріспе, есеп, аудит және талдау сұрақтары бойынша көрсетілетін негізгі бөлім, қорытынды, тәжірибе өту туралы күнделік, қосымшалар. Есеп беру 25 беттен бастап 40 бет аралығында тұру керек (қосымшаны қоспағанда).

Есеп беруде студенттің пайда болған кәсіпорынның шаруашылық қызметінде бұзушылықтар мен өндірістің тиімділігін көтеру іс шараларына ұсыныстын көрсету керек.

Тәжірибе бойынша есеп кәсіпорын атынан жетекшінің қолы қойылып қарастырылады және соңғы бетіне кәсіпорынның мөрі мен қолы қойылады.

Есеппен бірге студент кафедраға кәсіпорын атынан жетекші мен кафедра атынан жетекшінің қолы қойылған және кәсіпорынның мөрімен бекітілген тәжірибе өту туралы күнделігін тапсырады.

Тәжірибе аяқталысымен студентке А-4 форматындағы мінездеме берілу керек, мінездемеде кәсіпорын атынан жетекшінің бағасыда жазылуы керек.

Тәжірибе есебі кафедра құрған комиссия мүшелері алдында қорғалады. Тәжірибе нәтижесі есепті ауызша қорғау, есептің мазмұнына, студент мінездемесіне, кафедра жетекшісінің пікіріне сүйене отырып қойылады.

ҚОСЫМША әріптермен көрсетіледі (А,Б,В,Г және т.б. Е,Й әріптерінен басқа)

 

9. КӘСІПТІК ТӘЖІРИБЕ НӘТИЖЕСІН РӘСІМДЕУ, СТУДЕНТТІҢ ЖҰМЫСЫН БАҒАЛАУ

Тәжірибе үрдісі кезінде кафедрада тәжірибеге жауапты тұлғалар және өндірісте тағайындалған мамандар білім алушыларға қажетті әдістемелік көмек көрсетеді және мерзімдердің мен мазмұнның сақталуына байланысты тәжірибені өту үрдісіне орай мониторинг (бақылау) жүргізіді.

Кафедрада тәжірибеге жауаптылар тәжірибе базаларында білім алушының дұрысты еңбек шарты мен тұрмысының қамтамасыз етілуіне бақылау жасайды, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігінің ережелерін жүргізу бойынша міндетті инструкциялардың жүргізеді, практиканттың ішкі еңбек тәртібінің ережелерінің орындауын қадағалайды.

Практиканттың тәжірибені өту бойынша жазбаларын тәжірибе күнделігінде жүргізіледі. Қажетті болған жағдайда, бірақ аптасына бір реттен кем емес, кафедра бойынша жауаптылар күнделіктерді көріп, өз визаларын практиканттың күнделігінде қояды.

Тәжірибе аяқталған соң практикант өзінің алған тәжірибесін және дағдыларын (есепті қорғау) көрсете алуы керек:

а) ұсыну:

· тәжірибе бойынша толтырылған есеп;

· тәжірибе бойынша толтырылған күнделік;

· тәжірибе жетекшісінен мінездеме (пікір);

б) демонстрациялар (қорғау):

· комиссия алдында алған тәжірибе мен дағдыларды көрсету.

1.Тәжірибе қорытындысын шығару үшін студент «Туризм» кафедрасына есеп беруді тапсырады.

2.Кафедра есеп беруді оқытушыға тексеруге береді. Егер оқытушы есеп беруге жақсы пікір жазса, ол қорғауға жіберіледі.

3.Есеп беруді қорғау үшін кафедра меңгерушісі комиссия құрады. Комиссия құрамына кіретіндер: тәжірибе ететін курсты жүргізуші оқытушы, аға оқытушы немесе доцент, мүмкіндігінше тәжірибе базасы өкілдері қатысады.

4.Әр студент тәжірибе нәтижесін комиссия алдында қорғайды. Есеп беру сапасымен қойылған сұрақтарға жауаптары бойынша комиссия студентке баға қояды.

5.Тәжірибе бағдарламасын орындамағаны туралы жағымсыз пікір немесе есеп беруді қорғауда қанағаттанарлықсыз баға алған студент өз есебінен студенттік каникул кезінде қайтадан тәжірибеге жіберіледі, немесе университеттен шығарылуы туралы мәселе қаралады.

Білім алушылардың ұсынылған есептерінің негізінде кафедрада/ факульттет бойынша жауаптылар оқу жылы бойынша және білім алушылардың тәжірибелік дайындығын жетілдіру бойынша ескертулер мен ұсыныстар негізінде тәжірибенің барлық түрі бойынша есеп жазып белгіленген мерзімде мансап және бизнес бөліміне тапсырады: қаңтар айында – біріншщі жартыжылдық; маусым айында – екінші семестр; қыркүйекте –жазғы тәжірибелер бойынша есептер.

Тәжірибе нәтижесін және білім алушылардың білімдерін бағалау үшін кафедра меңгерушісі комиссия тағайындайды, оған:

· кафедра бойынша тәжірибеге жауаптылар;

· тәжірибе өткен курс бойынша оқытушы.

Тәжірибеден қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайда комиссия қанағаттарлық жағдайды туғызған себептерді анықтайды, осы кезде комиссия келесіні ескереді:

· толық дайын емес, мысалы міндетті есепті құжаттардың болмауы;

· тәжірибеге білім алушының неқұрайлылықпен қарауы;

· тәжірибе өту орнында тәртіп бұзушылық фактіліренің анықталуы.

Талдау нәтижесі бойынша комиссия тәжірибені қайта өту бойынша ұсыныс әзірлеуі мүмкін.

Тәжірибені қайта өту мен оның шарттары кафедра меңгерушісімен жеке жағдайлар үшін жеке-жеке анықталады.

Тәжірибе бағасы тәжірибе ведомостында, диплом қосымшасында тіркеледі. Тәжірибе ведомості Офис-регистраторға ұсынылады.

Тәжірибенің нәтижелері кафедрада талданып және талқылануы (кем дегенде академиялық периодта 1 рет). Осындай талдау нәтижесі бойынша Университет қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленуі керек, оны осы сұрақпен айналысатын тұлғаларға жеткізу керек: оқу ісі жөніндегі проректор, сондай –ақ, талдау жүргізгенде Университеттің СМЖ қолдану керек және т.б.

 

10.ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Закон Республики Казахстан от 27 июля 2007 года «Об образовании»

2. Закон Республики Казахстан «О туристской деятельности » 2001 года

3. ГОСО РК 5.04.019-2011 «Высшее образование. Бакалавриат. Основные положения», утвержденные приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 июня 2011 года № 261

4. ПР РК 40.1.01 -2008 «Государственная система стандартизации Республики Казахстан. Общие требования к построению, изложению, оформлению, содержанию и обозначению государственных общеобязательных стандартов образования»

5. СМК. Процедура. Профессиональная практика. ПРО ЕНУ 705-12 (приказ № 827-р от 16.10.2012г.)

6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Жоғары кәсіптік білім. Бакалавриат. 050902 – Туризм мамандығы (Енгізу күні 2006.09.01).

 

Қосымша А

 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

 

 

Кафедра «Туризм»

 

Экономика факультетінің

5В090200 «Туризм» мамандығы

студентінің оқу-жаттығу тәжірибесі бойынша

ЕСЕБІ

 

 

____________________________________________________________________

(аты-жөні)

 

Тәжірибе орыны ______________________________________________________

(кәсіпорын атауы)

 

Кафедра атынан тәжірибе жетекшісі _____________________________________

 

Кәсіпорын атынан тәжірибе жетекшісі _________________________________

 

 

Астана 201_ ж.