Тексерген: Матаева А. Ш.

ҚАРАҒАНДЫ 2015 ж.

Сөздік

Кварц– фарфолық массаның негізгі элементі болып қана қоймай, керамикалық заттарға жоғарғы тығыздық пен химиялық инерттілікті береді.

Флюстер– фарфорлық массаның балқу температурасын төмендетеді (оларға натрий карбонаты, кальций карбонаты жатады).

 

Бояғыштар– фарфорлық массаның түсін тістің табиғи түсіне жақындату үшін қолданылады.

 

Каолин– ақ саз балшық. Ол стоматологиялықфарфордың ең керек құрамы.

 

Шихта– фарфорлық массаны дайындауда қолданылатын әр түрлі компонент өнімдер.

 

Фритта– шихтаны күйдіру процессі.

 

 

Фарфор массаларының құрамы

Фарфор массалары Дала шпаты Кварц Бор тотығы Доломит Мырыш Жерсазы
Гамма негіздік қабат 55,25 26,60 6,80 1,35 2,00 5,00
Дентин қабаты 57,58 31,67 7,20 1,44 2,11 -
Эмаль және мөлдір қабат 56,87 31,30 7,10 1,42 3,31 -

 

 

Фарфорды стоматологияда қолдану тарихы 200 жылдын асады. Бірақ, біріншілік фарфор протездері тек қана алмалы протездерді жасаған кезде ғана қолданылады. Ортопедиялық стоматологияда қолданылатын фарфорлық массаның құрамына дала шпаты (60-70%), кварц (15-35%) және ақ саз балшық (3-10%) кіреді.

Фарфор алынатын материалдар. Дала шпаты – фарфорлық массаның негізгі компоненті болып табылады. Бұл химиялық құрамы жағынан күрделі қосылыс. Табиғатта оның үш түрі кеңінен тараған:

- Калий дала шпаты ( ортоклаз ) K2OxAl2O2 x 6SiO2;

- Натрий дала шпаты ( альбит ) Na2OxAl2Ox 6SiO2;

- Кальций дала шпаты ( анорит ) CaOxAl2O3x2H2O;

Фарфорлық массаның жіктелуі
Қиын балқитын (1300-1370C)
Орташа балқитын (1090-1260C)
Тез балқитын (870-1065C)


ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

Тақырыбы:«Қосалқы материалдар»

Орындаған: 201КСО топ білім алушысы:

Сағатов Т

Тексерген: Матаева А. Ш.

ҚАРАҒАНДЫ 2015 ж.

Қалыптық материалдар
Қатты кристалданатын
Эластикалық
Термопластикалық
Қалыптық материалдарға қойылатын талаптар
Ауыз қуысының шырышты қабаттарымен тістердің рельефтерінің нақты белгілерін беруі керек

 

 


Аугро

Тасымалдауға ыңғайлы және арзан болу керек
Ауыз қуысынан шыарғанда жиырылмай өзгеріске ұшырамауы керек
Сілекейде ерімеуі керек
Тасымалдауға ыңғайлы және арзан болу керек
Тасымалдауға ыңғайлы және арзан болу керек
Ауыз қуысының шырышты қабатынкүйдірмейтін температурада жұмсаруы керек
Протез жатағының тіндеріне енбеуі керек
Жағымсыз иісі мен өзгелей дәмі болмау керек

 


Табиғи гипс табиғатта ақ, сұр және сары түсті минерал түрінде болады. Ол балшық, әкпен араласып кездеседі. Табиғи гипстәң формуласы CaSo2x 2 H2O, яғни кальцийдің екігидартты сульфаты. Гипстің тығыздығы 2,2-2,4 г/см2, медициналық гипс алу үшін табиғи гипсті арнайы термияялық өңдеуден өткізеді. Нәтижесінде екігидратты сульфаттан ол жартыгидарттыға айналады. Тіс техникалық гипс алу үшін екі әдіс қолданылады:

v Автоклавта жоғары қысыммен термиялық өңдеу

v Қалыпты атмосфералық қысымда өңдеу

Кристалдануды тездететіндер: натрий хлориді, калий хлориді, калий нитарты. Ал тежейтіндер: бура, клей, қант, этилен спирті.

Өте қатты гипс – супергипс (Россия) Бегодур, Бегостоун, Дуралит, ВелМикс Стоун және Супра Стоун (Германия), Фуджия Рок ( Япония).Цинкэвгенолды паста. Бірінші рет цинкэвгенолды пастаны қалыптық материял ретінде 1934жылы Ресей мен АҚШ-та «келли пастасы» деген атпен қолданған.

Цинкэвгенолды пасталардың ең көп тараған өкілі Чехияның «Репин» пастасы. Ол негізгі және катализаторлы пасталардан тұрады. Негізгі пастаның құрамына 80%мырыш тотығы, 20% инертті майлар кіреді.

Катализаторлар пастасы 15% қалампыр майы (эвгенол),65% пихта майы және кафиноль, 15%тотықтырғыш (толық және ақ балшық), 4% жылдамдатқыштан (магний хлориді) тұрады.

Альгинатты қалыпты материялдар.Бұл материялдардың шикізаты - су балдыралары. Альгиантты массалар 1940жылдары шыққан.

Альгиантты компазицияның құрамына бір валентті альгинат, шивагент, қатаюды реттегіштер, тотықтырғыштар, индикаторлар және дәлдеп түсін реттегіштер кіреді. Көп тараған түрлері: «стомальгин», «Ипеен», «Кромапан» және «Кромапан- 2000».

Сликонды қалыпты матеиялдар. Силиконды қалыпты материялдардың қолдану тарихы 1952жылы басталды. Қазіргі уақытта стоматологиялық практикада кремний органикалық полимерлер, яғни силиконды каучуктар қолданылады. Олар негізгі массадан, түзетуші пастадан және катализаторлардан тұрады. Өнімдері – Сиэласт 03, 05, Стомфлекс, Солойд,Дентафлекс солойд т.б.

Силиконды қалыпты материялдар өзінің химиялық реакциясына қарай екі үлкен топқа бөлінеді:

v Поликонденсациялық

return false">ссылка скрыта

v Полимеризациялық

Поликонденсация дегеніміз полимердің әр түрлі молекулалық (мономер) қосылыстарынан синтезделетін химиялық процесс. Бқл процесс жанама заттардың түзілуімен (аммиак, спирт, су) қатар жүреді.

Біздің елімізде осы материялдар кеңінен қолданылады: Сиэласт – 69, 03,05,21; Стомфлекс,Кнетон / ситран және цафо–Гебезил (Германия).

Тиокольды қалыпты материялдар. Тиокольды қалыпты материялдар деп күкірті бар және негізгі массасын неркаптандар құраушы массаны айтады. Тиодент екі сықпадан және жылдамдатқыштан тұрады.

Термопластикалық калыпты материялдар. Термопластикалық калыпты материялдар деп белгілі бір температура әсерінен классикалық қасиетке ие болатын материялды айтады.Термопластикалық заттар ретінде парафин, стеарин, будаперча, балара балауызы, цезерин және басқа да материялдар қолданылады.

Қосалқы материялдар.

Дәнекер. Тіс протездерін дайындау кезінде көп жағдайда протездің металл бөлшектерін бір бірімен жалғауға тура келеді. Осы процессті дәнекерлеу процессі десек, ондағы қолданылатын материялдар дәнекерлер деп аталады.

Балауыздар химиялық құрамы жағынан жоғары шектелген көмірсулардың майлы қатарының бір атомды спирт және бір негізід қышқылдары. Балауыздар бензинде, хлороформда, бензолда, эфир майларында жаксы ериді. Базисті балауыз оны алмалы салмалы протездің базисін жасауға қолданады және тік төртбұрышты, түсі қызыл, пластинка түрінде базисті балауыз деген атпен шығарады.

Доғалы балауыз. Қызыл түсті диск түрінде шығарылады. Доғалы протездердің қаңқасының аралық бөлігін мүсіндегенде қолданылады.

Мүсіндеуші балауыз төртбұрышты көк түсті, мөлшері 40x9x9мм бағана түрінде шығарылады. Көпір тектес протездердің аралық бөлігін, тістін анатомиялық пішінін мүсіндеуге қолданады.

Құймалы балауыз. Бұл балауызды жартылай алмалы салмалы протез элементтерін, доғалы протез қаңқасын құю үшін қолданады. «Қатаң формадент» деген атпен төртбұрышты пішінде, жасыл түсті пластинка түрінде шығарылады.

Профильді балауыздар. Бұлар: Восколит, Восколит -1,2,3 деген атпен шығарылады. Восколит -1, Восколит -2 төрт мөлшерлі цилиндірлі ұшықтар түрінде шығарылады. Қолданылуы стоматологиялық конструкциялар мен құймалар құю үшін, құю жүйесін құру үшін қолданылады.

Жабысқақ балауыздар. Жабысқақ балауыз тіс техникалық жұмыстарға арналған балауыз. Жабысқақ балауызды протез бөлшектерін қалыпты, мүсінді жабыстыру үшін қолданады. Құрамындағы канифоль бадауыздың фосфорға, металға жабысуын күшейтеді.

Түрпілік материядар. Протезді және аппараттарды дайындап болған соң, барлық бөліктерін жақсылап жонып жалтырату керек. Протезді өңдеу және жалтырату үшін әртүрлі ұсақ түйіршікті материялдар қолданылады. Бұндай материялдар түрпілік материялдар. Өнеркәсіпте қолданылатын түрпілік материялдар табиғи және жасанды деп екіге бөлінеді. Табиғи түрпілік материялдарға ұсақталған минералдар жатады. Олар: алмаз, корунд, зіңпарақ, гранит, пемза және т.б. жасанды түрпілік материялдар өнеркәсіпте химиялық жолмен алынады. Ең көп қолданылатыны корунд (электрокорунд).

Жалтыратқыш материялдар.

Жалтартқыш материялдарға жататындар:

v Хром тотығы крокустан берік, оның іші тот баспайтын болатттан дайындалған өнімдерді өңдеуге қолданылады.

v Темір тотығы крокус, тек тот баспайтын болаттан дайындалған бұйымдарды өңдейді

v Бор металл мен пластикті жалтыратқанда қолданылады.

v Қалайы тотығы форфорлы бұйымдарды жалтыратқанда қолданылады.

Пішіндеуші материялдар. Пішіндеу процессі деп құюға арналған металлдарға пішін дайындауды атайды. Пішіндеуші массаның негізгі компонентіне отқа төзімді ұсақ дисперсті ұнтақ пен байланыстырғыш заттар жатады. Пішіндеуші материялдар: селанин, кристасил, селуар, формасид, аурид, мольдин,сиалид, стомаформа.