СИЛЛАБУС

Модуль аты «Хромосомалық және гендік нженерия », Пәнің коды – GEN 5201,

 

Пәннің аты: «Хромосомалық және гендік нженерия»

Мамандығы 6М070100 – Биотехнология

2 курс, к/б, көктемгі семестр, кредит саны-3, таңдаулы

Модульдің пәндерін жүргізетін оқытушылар туралыМӘЛІМЕТ:

«Хромосомалық инженерия » пәні бойынша

Дәріскер:Шулембаева К.К.

Ғылыми дәрежесі – биология ғылымдарының докторы, профессор.

Телефон – 377 33 30 (1206)

Е-mail: Kulziya.Shulembaeva@kaznu.kz

Консультация орны – биология факультеті, 328 бөлме

Семинар сабағын жүргізуші: Токубаева А. А.

Модульдің пәндерін жүргізетін оқытушылар туралыМӘЛІМЕТ:

«Гендік инженерия» пәні бойынша

Оқытушының аты-жөні, ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі: Бисенбаев Амангельдi Қуанбайұлы, профессор қызметін атқарушы, биология ғылымдарының докторы, доцент

Телефондары (жұмыс, үй, ұялы байланыс): телефон – 3773255, 3773433(1206). 87772627614.

e-mail: Amangeldy.Bisenbaev@kaznu.kz

Консультация орны – биология факультеті, 202

Семинар сабағын жүргізуші: PhD Тайпақова С.М.

 

 

I пән «GEN 5201» - «Хромосомалық инженерия»(3 кредит)

 

Мақсаты: Өсімдіктердің гетеро- және анеуплоидия проблемасын студенттерге түсіндіріп, қалыптастыру. Генетикалық және селекциялық зерттеулерде, қазіргі цитогенетиканың «Хромосомалық инженерия» тәсілін қолдана отырып, гендердің белгілі бір хромосомадағы орналасқан орнын табу және жұмсақ бидайдың кейбір белгілерін сортаралық хромосомаларын ауыстырыу арқылы жақсарту тәсілдерімен таныстыру.

 

Міндеттері: жаңа анеуплоиды линиялар шығару барысында, моносом- униваленттерді идентификациялау (сұрыптау) механизімі мен униваленттердің ауысуы және хромосомалары ауысқан линиялар шығару мәселелерін меңгеру. Сонымен қатар, аудандастырылған сорттардың кейбір белгілерін хромосомалары ауысқан линиялар шығару кезінде зерттеу жұмыстарын тездетін хромосомалық инженерия мен биотехнологияның бірлескен тәсілдерін қолдану әдістерін меңгеру.

 

Модуль бойынша оқыту нәтижелері: – ғылыми зерттеу аймағы мен тәжрибеде биологияның қазіргі кездегі проблемаларын көрсететін жүйеленген терең білімділік пен әдістерді және тенденцияларды меңгеру.

- қазіргі генетика мен молекулалық биология саласындағы білімді, ерекше тәжрибелік зерттеулерде қолдана білу;

- профессионалды дайындалмаған аудитория үшін де, күрделі мәселелерді жүйелі шешіп, мәліметтер болмаған жағдайда, өзіңнің тұжырымыңды дұрыс беру;

- табысты жұмысқа орналасу үшін, студенттің өзіңдік бағасы, жауапкершілігі, профессионалдық қабілеті және өзбетімен білімін жоғарлату қасиеттері болуы қажет.

 

Құзыреттері (оқытудың нәтижелері):Магистранттардың білуі керек: Анеуплоидтар цитогенетикасы бойынша қазіргі зерттеу әдістерін белгілі бір хромосома бойынша моносомды және дителосомды линияларды алу тәсілдерін меңгеру; униваленттердің ауысу проблемасымен танысу; хромосомалары ауысқан линияларды шығару тәсілдерін меңгеруді білуі керек.

Магистранттардың білуі тиіс: цитологиялық анализге материалды фиксациялау әдісін меңгеру; анеуплоидтардың мейозына цитологиялық талдау жүргізуді білуі қажет.

Моносомды лиялар серясын алу мен гендерді хромосомада орналастыру тәсілдерін меңгеріп, алған зерттеу нәтижелерінің сенімділігін статистикалық және математикалық c2 әдістерінің қатесіз болжамының көрсеткіштерімен дәлелдеу ді білуі тиіс. Хромосомалық инженерия пәнін меңгеру барысында студент қосымша иммунитет генетикасының, биохимияның, цитологияның, селекцияның, биотехнологияның селекция – генетика зерттеулерінде қолданылатын тәсілдерінен хабардар болуы тиіс.

 

Курстың пререквизиті: осы пәнді оқу үшін төмендегідей іргелі пәндер қажет: «Цитогенетика», «Биохимия», « Жалпы және молекулалық генетика», «Молекулалық биология», биотехнология, биометрия, дисперсионда анализ және т.б.

 

Курстың постреквизиті: «Гендік инженерия», «Селекцияның және биотехнологияның генетикалық негіздері» және т.б.

 

ПӘННІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ, КӨЛЕМІ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ

Апта Пән «GEN 5201» - «Хромосоммалық инженерия», 3 кредит
Тақырыптың атауы Сағат саны Балл
I тақырыптық блок**
Дәріс 1.Жұмсақ бидайдың геномдық құрылымы Семинар сабағы 1. Жұмсақ бидайдың филогениясы. Хромосомалардың 7 гомеологиялық тобын құру.    
  МОӨЖ 1. Жұмсақ бидайдың геномдық анализі. Шульца, Сакамура и Сакса; Кихара, Райли және Беллдің жұмыстары. Сорокина мен Шиманның жұмыстары.  
Дәріс 2.Жұмсақ бидайдың анеуплоидты линиялар сериясын шығару тәсілі Семинар сабағы 2. Анеуплоидты линияларды шығару тәсілдері мен сызба нұсқасы. Хромосомалардың алғашқы нөмірленуі және оларды сәйкес геномдарға орналастыру. Телоцентрлі және изохромосомалардың пайда болуы.          
  МОӨЖ 2. Моносомды линияларды шығаруда цитологиялық анализді қолдана отырып, жүргізетін қайыра будандастырудың тәсілдері мен ерекшеліктері.  
Дәріс 3.Дителосомиктер және оларды униваленттердің ауысуы мәселесінде қолдану Семинар сабағы 3. Униваленттердің ауысу мәселесі және оларды табу.      
  МОӨЖ 3. Униваленттер ауысқан жағдайдағы хромосомалардың жұптасу механизімі. Униваленттердің ауысуын қадағалау үшін қолданылатын Пирсонның жұмыстары.  
Дәріс 4.Бидайдың ауылшаруашылығына құнды белгілерін генетикалық бақылауға алу Семинар сабағы 4. Бидайдың құнды белгілеріне моносомалық талдау жүргізіп, жауапты гендерді белгілі бір хромосомаларда орналастыру        
  МОӨЖ 4. Белгілердің көрінуіне жауапты гендер санын анықтау. Критикалық хромосомаларды табу жолдары. Гендерді локализациялау үшін математикалық тәсілдерді қолдану.  
Дәріс 5.Жұмсақ бидайдың хромосомалары ауысқан линияларын шығару Семинар сабағы 5. Хромосомалары ауысқан линиялар шығарудың тәсілдері мен сызба нұсқасы. Жабайы түрдің құнды белгілеріне жауапты генімен хромосоманы реципиент сортының хромосомасымен ауыстыру тәсілі.      
  МОӨЖ 5. Хромосомалары ауысқан линияларды шығару жұмыстарының жағдайы. Екі ауысқан линиялардың хромосомаларын бір линияға біріктіру  
Дәріс 6.Изогенді линиялар мен морфологиялық маркерленген моносомнды линиялар шығару тәсілдері Семинар сабағы 6. Белгілі бір жұмсақ бидай сортына маркерлі белгілерді енгізу. Морфологиялық маркерленген анеуплоидты линияларды шығару механизімі      
  МОӨЖ 6. Изогенді линияларды шығару. Бидайдың морфологиялық маркерлері. Морфологиялық маркерлі белгілердің ауылшаруашылығына құнды белгілермен корреляциялық байланысы.  
Дәріс 7.Хромосомалық инженерия мен биотехнологияның бірлескен тәсілі Семинар сабағы 7. Хромосомалары ауысқан линиялар шығару барысында қолданылатын, тозаңқап культурасы мен хромосомалық инженерия тәсілдерінің ерекшеліктері мен маңызды артықшылығы.      
  МОӨЖ 7. Хромосомалық инженерия және биотехнология бірлескен тәсілдерінің сызба-нұсқасын ұсынып, ғылыми мақалаларды талдау.  
  АБ-1  

Әдебиеттер тізімі