Глоссарий

Туризм – белсенді демалыс.

Табиғат– қандай да бір кеңістіктік немесе уақыттық шеңбермен шектелмеген және бүкіл әлемді оның сан-алуан формаларымен бірге қамтитын ең жалпығылымдық және философиялық ұғым.

Рекреация– (лат. тілінен «қалпына келу») адамның демалыс арқылы, соның ішінде туризммен айналысу арқылы физикалық және рухани күшін қалпына келтіру.

Туризм обьектілері-тарихи-мемориалдық, мәдени-эстетикалық және танымдық мәні зор мәдени және табиғи ескерткіштер, (археология, тарих, архитектура т.б.).

Туризм зонасы– туристік базалар, кәсіпорындар орналасқан территориялар, сонлай-ақ теміржол, автомобиль, теңіз туристік круиздер мен рейстер орналасқан территориялар.

Туризм орталықтары - сол жерде орналасқан туристік ресурстар негізінде туристік-экскурсиялық қызмет көрсетіу кешендері жасалған қалалар мен табиғи обьектілер, елді мекендердің бір бөлігі болып саналады.

Туризм обьектілері – мәдени ескерткіштер (тарихи, археологиялық, архитектуралық) табиғи (сарқырама, үңгірлер, метеориттік кратерлер, т.б.)

WTO (Would Tourism Organisiation)-Дүниежүзілік Туристік Ұйым-ДТҰ

IATA(International Air Transport Associаtion)-әуе көлігінің халықаралық қауымдастығы

ICAO(International civil Aviation organisаtion)- азамматтық авиацияның халықаралық ұйымы.

OECR (Organization for Economic Coopertion and Development-OECR)-экономикалық достастық және даму ұйымы

PATA (Pacific, Asia Travel Association-PATA)-Азия және Тынық мұхиты елдерінің туристтік қауымдастығы.

Туризмдегі сақтандыру– туристердің саяхаттау кезіндегі және де сәйкесінше туристік ұйымдардың туристік қызметтерді жүзеге асыру кезінде мүліктік қызығушылықтарды қорғау мен оның қауіпсіздігін қамтаммасыз етудің әмбебап әдісі.

Сақтандырудың белгіленген бағасы(тариф)-сақтандыру төлемдерді есептеу үшін жалпы сақтандыру сомманың белгілі бөлігі.

Сақтандыру төлем- жалпы сақтандырудың соммасынын есептелінген ақша туріндегі төлемдер.

Сақтандыру өрісі-сақтандыруға мүмкіншілігі бар объектілердің максималды саны.

1-тақырып. Туризмнің негізгі белгілері және мазмұны.

Туризм табиғи ортамен, қоғаммен тығыз байланысты. Оның әлеуметтік шаруашылық қызметімен байланысты. Туризмнің бастапқы зерттеулері қолданбалы сипаттама болды. Әр түрлі географиялық пәндердің зерттеулердің ортасына кірді. Ең алдымен халықтар географиясымен және көлік географиясымен байланыста болды. 2 дүникжүзілік соғыстан кейін туристікқозғалыстардың интенсивті дамуы зерттеулерді күшейтті. Ол теориялы жіне әдістемелік негізге әкеліп соқтырды. Жаңа географиялық ғылым туризм географиясының пайда болуына негіз болды. Туризм мен демалыстың мәселелерін тануды ғылыми географиялық негізгі рекреациялық география болды. Ол қоғамдық географиялық ғылымдардың ішіндегі жаңа бағыт. 60ж аяғы мен 70ж басында географиялық ғылымдар негізінде пайда болды. КСРО-да географиялық бағытта бұл ғылымның негізін салғандардың бірі проф. В.С.Приображенский.

Туризм зерттеу пәні кеңістіктіктуристік құбылыстар мен байланыстардың формаларын талдау, олармен байланысты процестерді зерттеу. Туризм халық шаруашылығының басқа да салалары сияқты бірнеше бөлімшеден тұрады. Мысалы:

-Функционалды мамандану: емдеу,сауықтыру, спорттық, танымдық функциялары. Сонымен қатар ішкі және халықаралық туризмді ерекшелеуге болады. Мқндай бөлімшелер мен кейбір салалардың басқару органдарының болуы байланысты бұрынғы КСРО-да бұл курорттарды басқару бойынша орталық кеңесі туризм мен экскурсиялар бойынша орталық кеңес және дене шынықтырудың жоғары кеңесі (Бүкіл одақтық туризм акциясы)

Халықаралық жастар туризм бюросы – «Спутник». Бүкіл одақтық акционерлік қоғам – «Интурист» және т.б. Осы салалардың әр қайсысы өзінің кәсіпорындар жүйесіне ұйымдастырылғанкешенді құрайды, алайда олардың кәсіпорындары біртұтас табиғи ресурстарды пайдаланады, біртұтас техникалық және әлеуметтік инфроқұрлымға негізделеді. Халық шаруашылығының басқа салаларына ұқсатығымен сипатталады. Олардың жалпы бірқатар ерекшеліктері болады. Бұл ерекшеліктер тұтынушыларға осы салаларды бірін – бірі толықтырып отыратын салалар ретінде қарстыруға мүмкіндік береді.

Туризм кешендік зерттеулерге негізделеді. Ол табиғи, техникалық, экономикалық және әлеуметтік табиғаттың мәселелерін қамтиды.Туризм географиясының зерттеу мақсаты туристік қозғалыстардың басқарудың теориялық негіздерін жасау. Мұнда оның табиғи, экономикалық, әлеуметтік аспектілері есепке алынуы тиәс.

Туризм мыналарды зерттейді:

-Туризмді дамыту үшін территориялардың жарамдылығы оның формалары мен маусымдылығы есепке алынуы керек.

-Туризмнің территорияға тигізетін әсері және оның шаруашылық кешенінің қалыптасуы. Туризмнің дамуына пайда болатын сол территорияларда болып жататын құбылыстар мен процесстерді зерттеу.

Туризм географиясының алдында бірқатар маңызды міндеттер тұр. Оның ең бастысын 1971ж ББ Родоман тұжырымдады: «Географтардың мақсаты басқа мамандармен бірге рекриациялық ресурстарды бағалау, картографиялау, анықтау әдістемесін жасау, территорияларды тиімді пайдалану ұсыныстарын беру ». ререация үшін ландшафт әсемдігі мен табиғатты қорғау бойынша ұсыныстар жасау, сондай – ақ демалаы орындарының және аудандарының типтік модельдерін жасау және рекреациялық географияның зоналарын тауып, негізгі түсініктерін, ережелерін анықтау. Туризмнің ресурстық диапазоны объектілерді таңдау: су, тау және ормандардан бастап архетиктуралық, өндірістік шаруашылық құрылыс шығармаларына дейін.

Табиғи ресурстардың жарамдылығын бағалау туризм мен демелыс үшін сәйкес территорияларды таңдау және қорғау елдің пайдалану саласында территорияны нақты бөлумен, яғни халық шаруашылығынығң нақты құрлымын анықтаумен тығыз байланысты. Бұл проблема адамның шаруашылық қызметінің табиғи ортадағы өзгерістермен байланысты.Өсуімен және халықтың ререациялық белсенділігініңтұрақты түрде өсуі арқылы көрінеді. Рекреациялық бағалауға - табиғи ресурстар және «леуметтік, экономикалық ресурстар жатады. Бөлек территориялық рекреациялық жүйелерді зерттеу мәселесі оларды мамандандырудың негізгі мақсатында маңызды жоспарлық реттеу тәжірибесң жағынан туризм географияның болжамдық функциясы өте маңызды. Туризмді дамыту саласындағы негіз туристік қозғалыстарды болжау болып табылады.

2-тақырып. Туризмнің негізгі түсініктемелері.

Туристік саяхаттың әлеуметтік функциялары:

1) танымдық

2) әлеуметтік-коммуникативтік

3) спорттық

4) эстетикалық

5) эмоциональды-психологиялық

6) сауықтыру

7) шығармашылық

8) қажылық

Рекреация – (лат. тілінен «қалпына келу») адамның демалыс арқылы, соның ішінде туризммен айналысу арқылы физикалық және рухани күшін қалпына келтіру.

Рекреацияның дамуы халықтың өмір сүру деңгейіне, урбанизация деңгейіне, рекреациялық ресурстардың болуына, көлік құралдарының болуына т.б. байланысты. Рекреациялық ресурстарға табиғи орта компоненттері жатады, олар климат, рельеф, жер асты және жер беті сулары, соның ішінде рекреациялық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін пайдаланылатын жер асты және жер беті сулары, соның ішінде, минералды сулар, өсімдікткр т.б. жатады. Белсенді демалыс өткізу үшін табиғи ұлттық парктер, заказниктер, кейбір қорықтар, сондай-ақ табиғат ескерткіштері, тарихи-архитектуралық ескерткіштері бар территориялар пайдаланылады.

Рекреациялық ресурстарды пайдалану түрлері бойынша емдеу-сауықтыру, спорттық және танымдық болып бөлінеді.

Туризм обьектілері дегеніміз тарихи-мемориалдық, мәдени-эстетикалық және танымдық мәні зор мәдени және табиғи ескерткіштер, (археология, тарих, архитектура т.б.). Және осыған байланысты туристік экскурсиялар мен саяхаттардың, жорықтардың негізгі мақсаты бола тұрып, туристерді тартатын обьектілер ретінде сипатталады.

Туризм обьектілері жеке материалдық мәдениет ескерткіштері (тастағы жазулар, қалашықтар, қорғандар, сарайлар т.б.) және табиғат ескерткіштері (үңгірдер, т.б.) және олардың жиынтығы (қалалар, ландшафтілер).

Туристерді тартатын туризм обьектілері орналасқан орындарда туризм орталықтары құрылады. Әдетте туризм обьектілеріне ойын-сауыққа, спортпен айналысуға арналған орындар, мекемелер, құрылыстар (мысалы, казино, ипподром, бассейн) жатқызылады.

Туризмге арналған қабылдау мүмкіндігіне байланысты мынадай орындар болуы мүмкін:

-Туристерді қабылдайтын ірі және басқа да қалалар, елді мекендер. Және де осы мақсатта кері әсері болмайтын және өзінің туристік келбетін жоғалтпайтын елді мекендер жатады.

-Туристерді қабылдау мүмкіндігі шектеулі территориялар (мысалы таулы курорт)

Туризм зонасы – туристік базалар, кәсіпорындар орналасқан территориялар, сонлай-ақ теміржол, автомобиль, теңіз туристік круиздер мен рейстер орналасқан территориялар.

Туризм орталықтары дегеніміз сол жерде орналасқан туристік ресурстар негізінде туристік-экскурсиялық қызмет көрсетіу кешендері жасалған қалалар мен табиғи обьектілер, елді мекендердің бір бөлігі болып саналады. Мұндай кешен туристерді орналастыру, (турбазалар, қонақүйлер, пансионаттар) тамақтандыру,

Туризм обьектілері – мәдени ескерткіштер (тарихи, археологиялық, архитектуралық) табиғи (сарқырама, үңгірлер, метеориттік кратерлер, т.б.)

Туризмнің дамуына жәрдемін тигізетін пегізгі факторларды статикалық және динамикалық деп екіге бөлуге болады. Оның біріншісіне жататындар: табиғи-географиялық факторлар жиынтығы. Олардың өзгермейтін жоые келе бермейтін маңызы бар. Адам оны тек қана өзінің керегіне ынғайлап, пайдалануға қолайлы етеді. Екіншісіне жататындар: демографиялық, әлеумеггік-экономикалық, материалдық-техникалық және саяСи факторлар. Бүл фактор-лардың бағасы мен маңызы кеңістік пен уақыт аралығында озгеріп түруы мүмкін.

Әлемдегі демографиялық факторлардың екінші Дүние-жүзілік соғыстан кейін бірқатар жалпыға бірдей сипаты болды. Бүл кезеңнің ерекшелігі - әлемдегі, еуропалық елдердегі жөне дамушы елдердегі халықтың санының өсуі. Әлсмдегі халықтың санының өсуінің қарқынына тура сойкес туристердің де санының өсетіндігін зерттеулердің нәтижссі корсетеді. Жердегі халықтың орналасуының жылдамдығы түтынушылар санын есіріп, туристік нарықты кеңеіітеді. Соңғы он жылдықтағы демографиялық жарылыс дамушы елдерде ғана болып жатыр, ондағы томенгі омір деңгейі, кедейшілік жалпы демалыс пен туризмді үйымдастырудың жолындағы басты кедергі болып табылады. Туристердің негізгі санын өсіріп отырған индустриясы дамыған елдерде оған керісінше, туудың төмендеуінен халықтың саны нашар осуде. Экономикалық және демографиялық өсудің полюс-терінің болуы әлемдегі туристік сүраныстың қалыптасуына территориялық теңсіздік туғызады. Халықтың жас қүрамы туристік сүранысқа елеулі әсерін тигізеді. Оркендеген Ьатыс елдерінде туристік сүраныс негізінен 30-50 жастың арасына келеді. Дегенмен, соңғы жылдары туризм нарқында жасы 55-тен жоғары адамдардың да саны өсуде.

Урбандалу процесі қалаларда көрініп келе жатыр. Әс іресе ғылыми-техникалық прогресс дөуірінде халқы өсіп, экономикасы дамып, урбандалу процесі индустриализация-ның басталуымен едоуір жылдамдады. Жер шарының түрғын-дарының жартысы қалаларға жиналған, оның саны өсе тусуде. Қазіргі ірі қала адам өміріне екі жақты осерін тигізеді. Бір жагынаи, адамдардың материалдық-техникалық, әлеуміттік-экономикалық жағдайлары жақсарса, екінші жағынан, қша өмірінің жылдамдығынан, ауасының ластануынан адамның жүйкесі мен психологиясына қысым көбейеді. Туристік сұраныс пен рекреациялық қажеттіліктің қалыптасуында урбандалудың рөлі зор. Қала неғұрлым үлкен болса, оның түрғындарының демалысты қаладан тыс жерде откізуге ынтасы соғүрлым жоғары болады.

Туризмнің өсуінде әлеуметтік-экономи-калық факторлардың ерекше маңызы бар. Оның ішінде басты орын алатыны — ұлттық табыс. Үлттық табыстың өсуі мен саяхаттардың кебеюінің өзара байланыстылығы өбден қисынды және түсінікті. Бірақ та туристік саяхаттың кобеюі — адамның жақсы түрмысына ғана төуелді емес, сонымен қатар бос уақьптың үзақтығына да байланысты. Соңғы 15-20 жылда Еурола елдерінің кебінде адамдардың бос уакыты едәуір үзарды. Толенетін жылдық демалыстың үзаруы қазіргі болып жаткан ғылыми-техиикалық революцияға байланысты болып отыр, өйткені онда ақыл-ой еңбегі артады, ондіріске жөпе түрмысқа ынта қою күшейеді, қоршаған ортаның жағдайы нашарлайды. Міне, осының барлығы адамдарға физикалық және психологиялық қысым туғызады жөне олардың еңбек қабілетін қалпына келтіруді қажет етеді. Белсенді демалыс — туризм арқылы, бүл мақсаттар жылдам және тиімді орын-далады.

3-тақырып. Дүниежүзілік туризмнің қазіргі заманғы жіктелуі.

Туризм және демалыс . Туризмнің басты әлеуметтік функциясы жалпы құндылығы – азаматтардың рухани тәрбиесіне әсерлесіу.

Тәрбиелік , спорттық және рекреациялык мүмкіндігі саяхатқа шығыуарда шыңдалады.

Туристік қызметтің құқықтық негізі.

Туризм сөзіні түбірі(тур)-журу, саяхат жасау-200-дей анықтама бар.Үлкен совет энциклопендиясында туризм анықтамасы- бос уақыттағы саяхат, белсенді демалудың бір түрі, рекреациялық сұранысқа әсерлі қанағаттандыру тану, адам күшінің қалпына келуі – денсаулықты қорғаудың құрамдас бөлігі, физикалық, рухани құралы. Тұлғаны мәдениеттілікке, моральділікке ,әлеуметті баулауға итермелейді. ҚР тур қызмет заңдары. ҚР азаматтары туризмде уақытша шығуы, шет ел азаматтары, азамаматтылығы жоқ, тұрақты бейне сауғуға, жанымдылыққа, мамандылыққа, іскерлікке, спорттық, діни, түрлі мақсатта қызметтке төлем беру керек. (24сағат немесе 6 ай ішінде)

Рекреакциялық туризмнің нақты фунциясы - физикалық және психологиялық адам күшін қалпына келтіру туризм құралы арқылы.

Туризм – белсенді демалыс, сауығу, сондықтан оны жиі сауықтыру деп атайды.

Спортты – денсаулықты туризмнің нақты функциясы – ол білім икемділік, біліктілік түгелін шыңдау кешені қиылысатын жерлерде адамның қауіпсіз қозғалуы, физикалық айындығын шыңдау , қиын табиғат жер бедерін меңгеру.

Ұйымдастырылмаған туризмнің нақты функциясы туризм арқылы белгілі ауруларды емдеу. Климаттық жағдайлар туристердің түрлі орындарда болғанда, шипалы бұлақтар, жүргенде дозалы жүктеулер.

Мамандандырылған қол -өнер туризмі нақты функцональді туризмнің мамандандырылған білімдерін, икемділігін, біліктілігін шыңдау ( географ , геолог т.б.).

Туризм типінің нақты функциясы мотиві және қорытындысы:

-спорттық--- рекреакциялық--- реабилитациялық--- профессиональді қол -өнер

-оқу --- мәдени –танымдылық --- мәдени – көңіл -үй--- экскурциялық--- өлкетану

-таңғажайып --- экспедициалық--- іскерлік--- коммерциялық --- аралас, бағдарламалы

Туризм түрі.

-жаяу жүру (жазық жердегі жаяу журу саяхаты)--- шаңғы ( қысқы мерзімдегі шаңғымен)

-тау (таулы аймақтағы саяхат ,жаяу)--- су (жүзу құралдарымен саяхат)

-авто – мото( моторлы құралдармен қозғалу)--- спелио (үңгір, жасанды жерлердегі саяхат)

-парусты ( парус қалқанды жүзулер)--- атты немесе жылқылы ( демалуда жылқы малын пайдалану)

-аралас ( түрлі қозғалыстарды пайдалану , маршрут түрлі туризмнің түрлерінен тұрады )

Туризм формасы

Түрлі туризм формасының шартты айыру белгілері . Осы белгілерге мыналар :

« жетістік деңгейі мен әлеуметтік мағанасы » :

-әлеуметтік - элитарлы

Туристік бағдарлама :

- дәстүрлі – экзотикалық - экологиялық

Туризм оқу орны :

- халықаралық - ішкі

Туризмді ұйымдастыру негізі :

-ұйымдастырылған – ұйымдастырылмаған – жоспарланған - өз еркімен

Туристік маршруттарда физикалық жүктеулер:

-активті - пассивті

Маусымдылық туристук маршруттар :

-жазғы - қысқы - маусым аралық

Қатысушылар құрамы:

- мектепті - жастар - жан- ұялы

 

4-тақырып. Туризм индустриясы түсінігі.

Оған кіретін мекемелер.

Қазақстан Республикасының статистика Агенттігінің жариялаған мәліметтеріне сүйенсек, 2002 жылы елімізден тыс жерлерге 74728 қазақстандық турист шыққан. Оның ішінде, сапарларының мақсаттарына байланысты туристер төмендегідей болып бөлінді: тынығу, демалыс, рекреация – 25024 адам, таныстары мен туыстарына – 12497 адам, іскерлік және кәсіптік мақсатта – 2147 адам, емделуге – 507 адам, діни – тәу етіп келуге, коммерциялық (шоп – турларға) - 31203 адам, басқа мақсаттарға – 3334 адам. Қазіргі таңда Қазақстанның туристік – саяхаттық ұйымдары өз қызметтерін негізгі үш бағытта атқаруда.

1. Коммерциялық ( шоп ) туризм.

2. Қазақстан азамттарының шетелдерге , негізінен теңіз жағалауына танымдық – рекреациялық сапарларын ұйымдастыру.

3. Шетелдік азаматтардың Қазақстанға белсенді әдістермен жүргізілетін турларын ұйымдастыру.

Қазақстанда жаңа ережелермен лицензиялау басталғанға дейін (1995 ж.) түрлі меншіктегі 2 – мыңнан астам туристік фирмалар мен агенттіктер жұмыс жүргізді. Қазақстан Республикасының Спорт және туризм министрлігінің лицензиялау орталығының мәліметіне қарасақ, 1995 жылдың наурызында «Д» және «Б» топтары бойынша туристік қызмет көрсетуге 267 туристік фирма мен агенттік лицензия алған, олардың 158 алматылықтар. Қазақстан Республикасының Спорт және туризм агенттігінің мәліметі бойынша ( 2003 жылдың 1 қаңтары бойынша ) Қазақстан аумағында тиісті лицензиясы бар 521 туристік фирма жұмыс жүргізген. Олардың 314 – і Алматыда, 31 – і Астанада. Қолда бар мәліметтерді талдау арқылы көптеген турфирмалардың жоғарыда көрсетілген алғашқы екі бағыт бойынша қызмет көрсеткенін және көрсетіп келе жатқанын байқаймыз. Бұл орайдағы Қазақстандағы неғұрлым ірі ұйымға

«Яссауи» акционерлік компаниясы мен «Спутник» акционерлік қоғамы жатады. 1993 жылы «Интурист – Қазақстан» компаниясы қайта құрылып, «Яссауи» мемлекеттік акционерлік компаниясы деп аталды. Оған 19 облыстағы агенттіктер, 360 орындық «Отырар» қонақ үй кешені, « Қазақ ауылы», «Хоргос» филиалдары берілді. Компанияның негізгі қызметі республика тұрғындарына туристік қызмет көрсету, шетелге шығатындардың талабын қанағаттандыру, шетелдіктерді қабылдау болды. 1994 жылы « Яссауи » компаниясы шетелге 10 мыңнан астам турист жіберіп, 34 мыңнан астам шетелдік туристі қабылдады. Бір жылдың ішінде компания табысы екі есеге артты. Компания әлемнің 50 – ден астам елімен қарым – қатынас жасап, АҚШ, Жапония, Испания, Израиль, Түркия, Қытай, Сирия, БАӘ, Пәкістан, Англия секілді елдермен тікелей байланыс орнатқан. Алматы әуежайының мүмкіндіктерінің аздығы себепті, « Яссауи» компаниясы « Саяхат » әуе компаниясымен бірге Қапшағайдағы әуежай құрылысына қатысты. Бұл әуежайдың артықшылығы онда мүлдем дерлік тұман болмайды. Алайда, қаржылай және ұйымдастырудағы қиыншылықтарға байланысты бұл әуежайдың салынуы кейінге қалдырылды. 2003 жылдың желтоқсанында Алматының шығыс шетіндегі ескі әуежайдың орнына жаңа әлемдік талаптарға сай келетін Халықаралық әуежай ашылды.

« Яссауи » компаниясы туризм индустриясында өзіндік технологиялық тізбек жасау үшін ( әуежай - әуе көлігі – қонақ үй - туристік қызмет мекемесі ) Алматыда өз қонақ үйін салды, « Азияавиасервис » жекеменшік әуе компаниясының құрылтайшыларының бірі болды. Қазақстанға келген шетелдіктер, Қазақстанды мекендеген халықтың мәдениетіне, өмір салтына үлкен қызығушылық танытады. Сондықтан, Медеу шатқалында « Қазақ ауылы » кешені жұмыс істейді. Қазақстандық « Спутник » акционерлік қоғамы « « Спутник » жастар туризмі бюросының » негізінде құрылған. Бірнеше салада жұмыс жүргізудің мысалы ретінде « Тұран – Азия » туристік фирмасын алуға болады. Бұл фирма туристерге демалыс үшін Испания мен Францияның, Түркияның Жерорта теңізі жағалауындағы курорттардағы, сондай – ақ Үндістанның батыс жағалауындағы ( Гоа, Тривандрум ) , Біріккен Араб Әмірліктеріндегі 3,4,5 жұлдызды қонақүйлерге жолдама ұсынады. Сонымен бірге Қытай, Түркия, Үндістан, Пәкістан, БАӘ, Иран секілді елдерге дәстүрлі шоп – турлар ұйымдастырады. Материалдық – техникалық, жарнамалық – ақпараттық, кадрлық жағынан алғанда саяхаттың белсенді түрімен байланысты туризмді дамыту ең қиын сала болып есептеледі. Сол себепті бұл бағытта санаулы фирмалар ғана жұмыс істейді. Олардың арасындағы ең үздіктері « Хан – Тәңірі » халықаралық алпинистік лагері ЖШС, « Жібек Жолы » холдинг компаниясы , « Азия тур » фирмасы болып табылады. « Хан Тәңірі » халықаралық алпинистік лагері мемлекеттік лагер ретінде 1989 жылы құрылды. 1992 жылы белгілі қазақ алпинисті Қ. Ш. Уәлиевтің басшылығындағы жауапкершілігі шектелген серіктестік болып қайта құрылды. Жыл сайын АҚШ тан, Жапониядан, Оңтүстік Кореядан, Англия мен Франциядан жүздеген туристер Солтүстік және Орталық Тянь – Шань жоталарына шығу үшін « Хан Тәңірі » халықаралық алпинистік лагеріне келеді. Халықаралық алпинистік лагер клиентерінің арасындағы ерекше сұраныс пен қызығушылық тудыратын жоталар жетімыңдық Жеңіс және Хан – Тәңірі шыңдары болып табылады. 1994 жылдың қазанында Халықаралық сауда ұйымы мен Юнесконың ұйымдастыруымен Ұлы Жібек Жолын жаңғырту мен қайта құру мәселесіне арналған Ташкент кездесуі болды. Осы кездесуде аккредитациядан өткен қазақстандық жалғыз фирма, 1992 жылы құрылған «Жібек Жолы» Холдинг компаниясы болды. Компанияның құрылуының басты мақсаты қазақстандық туризм инфрақұрылымын қалыптастырып, дамыту, шетелдік туристерді молынан шақыру болды. Компанияның жасап шығарған негізгі бағыты: Жібек Жолының Құлжа тракты арқылы жүріп өту еді. Туристер спарын Алматыдан бастайды, одан Нарынқол, Нарынқолдан Жалаңаш көл, Жалаңаш көлден Тянь – Шань тауы арқылы Ыстық көлге шығады. Осы жерден туристерді біріккен қазақ – қырғыз « Жібек Жолы » фирмасының қызметкерлері алып жүреді. Тауда жаяу жүруден басқа атқа мініп жүру, тікұшақпен тау шыңдарына саяхат жасау да бағдарламаға кіреді. Компания Еуропалық туристік фирмалармен іскерлік қарым – қатынас орнатқан. Жазғы маусымда 7 – 15 күндік біренеше турлар ұйымдастырылады. Өзінің рекреациялық қуаты жағынан Қазақстан нағыз « Туристік Мекке » бола алады. Республикамыздың туристік индустриясының алдында тұрған стратегиялық міндет шетелдік туристерді тарту мен отандастарымыздың толыққанды демалысы үшін жағдай жасау болып табылады. « Қазақ ауылы » секілді ұлттық салт – дәстүріміз бен өмір тәртібімізді көрсететін базалар құру маңызды шаралардың бірі. Емдеу – сауықтыру мақсатындағы тау тренингтері де болашағы бар сала. Оның негізгі мақсаты артық салмағы бар адамдардың салмағын түсіруге бағытталған. 2001 жылы қабылданған « Қазақстан Республикасындағы туризмнің даму Концепциясы » туристік бизнестің дамуындағы маңызды қадам болды. Осы Концепцияның негізінде Спорт және туризм Агенттігі «2025 жылға дейінгі туризмнің дамуы туралы» бағдарламасын қабылдады.

Туристік маршрут жақсылап жобалануы қажет. Туристік пакетті жасау барысында саяхаттың барлық ерекшеліктері есепке алынуы қажет.

Бұл кезеңдер туристік кәсіпорын әкімшілігіне турды жақсылап жоспарлауға мүмкіндік береді, онда әр жетекші мүмкіндіктеріне сәйкес, басқа бөлімдерді толықтыра алады, барлық кезеңдер бойынша бір уақытта жұмыс істей алады.

Көрсетілген қызметтерге, олардың деңгейіне, топтағы адамдар санына, немесе жеке қызмет көрсетуге байланысты баға қоюдың бірнеше нұсқаларын құрастыруы қажет. Одан соң дайындалған саяхаттар сатуға ұсынылады. Турларды тарату жарнамалардың әр түрлі түрлері арқылы жүзеге асырылады.: интернет, ТV, жеке шақыру қағаздарын тарату арқылы, мерекелік іс-шаралар туралы визиткалар, буклеттер, хабарландырулар, адамдар көбірек шоғырланған орындарға, Қазақстанның, ТМД-ның және басқа да мемлекеттердің әртүрлі елді-мекендеріне қоғамдық ұйымдармен байланысу жолы арқылы тарату, тұсаукесерлер мен көрмелерге, қатысу арқылы тарату.

5-тақырып. Туристік ресурстардың сипаттамасы.

Табиғат – қандай да бір кеңістіктік немесе уақыттық шеңбермен шектелмеген және бүкіл әлемді оның сан-алуан формаларымен бірге қамтитын ең жалпығылымдық және философиялық ұғым.

Табиғат дегеніміз кең мағынасында бүкіл дүниенің барлық материалдық, энергетикалық және ақпараттық әлемі. Адамзат табиғатты дәсүрлі түрде жанды немесе «өзін тани білетін» материя ретінде қабылдайды, яғни ол адамзат қоғамының өмір сүруінің адам тікелей немесе жанама түрде әсер ететін және өзінің шаруашылық қызметінде байланыста болатын табиғи жағдайларының жиынтығы. «Қоғам – табиғат» жүйесін қарастыру кезінде әдетте тап осы ұғым қолданылады. Табиғатты осылай ұғынудың адамды қоршаған ортамен арақатынасына назар аудару қажет.

Адамның табиғатпен өзара әрекеттесуі мәңгілік және сонымен бір мезгілде заманауи проблема, адамзаттың өзінің пайда болуы, өмір сүруі және болашағы табиғатпен байланысты. Адам табиғаттың элементі ретінде «табиғат – қоғам» атты күрделі жүйенің бір бөлігі болып табылады. Адамзат өзінің көптеген сұраныстарын табиғаттың есебінен қанағаттандырады.

Табиғаттың барлық элементтері қоршаған ортаны құрайды. «Қоршаған орта» деген ұғымға тұтас қоғамды емес, тек жекелеген адамдарды ғана қоршап тұрғандықтан, адам қолымен жасалған заттар (ғимараттар, автомобильдер және т.б.) кірмейді. Бірақ табиғаттың адам қызметінің нәтижесінде өзгертілген бөліктері (қалалар, ауыл шаруашылық танаптары, су қоймалары, қолдан еккен ормандар) қоғам өмір сүретін ортаны құрайтын болғандықтан, қоршаған ортаға кіреді. Экологияда «табиғи жағдайлар» және «табиғи ресурстар» деген ұғымдар ара-жігі ажыратылып пайдаланылады.

Табиғи жағдайлар – табиғаттың барлық жақтарын қамтитын өте кең ұғым, әдетте олар туралы адамға және оның қызметіне қатыссыз айтады.

Табиғи ресурстар – бұрын, осы кезде және болашақта тікелей және тікелей емес тұтыну үшін материалдық игіліктер жасау, еңбек ресурстарын қайта өндіру үшін пайдаланылатын табиғи нысандар мен құбылыстар.

Қазіргі кезде табиғи ресурстарға пайдалы қазбаларды, топырақты, өсімдіктер мен жануарлар әлемін, атмосфералық ауаны, суды, климатты, күн және космос радиациясы жатқызады.

Табиғи ресурстар мен табиғи жағдайлардың қоғам өмірінде қазіргі кезде немесе жақын арада пайдаланылатын жиынтығын табиғи игіліктер деп атайды.

Табиғи ресурстар пайдаланылуы бойынша (өндірістік, денсаулық сақтау, ғылыми, эстетикалық және т.б.); табиғаттың қандай да бір құрамдас бөліктеріне жатуы бойынша (минералдық, жер, орман, су, энергетикалық және т.б.) жіктеледі.

Табиғи ресурстар адамның әсер ету сипаты бойынша әдетте екі санатқа: сарқылатын және сарқылмайтын ресурстарға бөлінеді

Сарқылатын табиғи ресурстар жаңғырмайтын, салыстырмалы түрде жаңғыратын және жаңғырмалы болып бөлінеді.

Жаңғырмайтын табиғи ресурстарға жер қойнауының байлықтары (қазба байлықтар) жатады. Себебі өндірілген және пайдаланылған соң олар қалпына келмейді, ал Жерде қазір олардың пайда болуына немесе қалпына келуіне қажетті жағдайлар жоқ. Топырақты дұрыс пайдалана білу оның құнарлылығын, дақылдардан жақсы өнім беру қабілетін сақтауға мүмкіндік беретін болғандықтан, ол салыстырмалы түрде орны толатын ресурстарға жатады. Жаңғырмалы ресурстарға өсімдіктер және жануарлар әлемі де жатады. Олар пайдаланылған соң қалпына келе алады.

Таусылмайтын ресурстарға космостық (күн радиациясы, теңіз суының лықсулары және т.б.), климататтық (атмосфералық ауа, атосферадағы жылу мен ылғал, жел энергиясы), су ресурстары жатады.

Соңғы жылдары табиғи ресурстарды таусылу белгісі бойынша бөлуде өзгерістер пайда болды. Таусылатын және жаңғырмайтын ресурстарға минералдық ресурстар жатқызылды. Таусылатын, бірақ жаңғырмалы ресурстарға жер, су және биологиялық ресурстар жатқызылды. Биологиялық ресурстар өсімдіктерге және жануарларға бөлінеді.

Табиғи ресурстардың қоғамның қазіргі техникалық және әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктері кезінде, адамның өмірлік ортасын сақтай отырып шаруашылық қызметке нақты тартылуы мүмкін бөлігі табиғи-ресурстық әлеует деп аталады. Экономикалық жағынан бағаланған табиғи-ресурстық әлеует елдің ұлттық байлығының құрамына кіреді. Табиғи-ресурстық әлеует табиғатты пайдаланудағы аса маңызды ұғым.

Табиғатты пайдалану – табиғи-ресурстық әлеуетті пайдаланудың және сақтау шараларының барлық формаларының жиынтығы. Табиғатты пайдалану табиғи-ресурстық әлеуеттің кенет өзгеруіне алып келмейтін болса ғана оңтайлы болады. Ол егер адам табиғатқа үнемі өсіп келе жатқан әсерді оны қорғаумен, қамқорлық жасаумен және табиғи жағдайлар мен ресурстарды үнемі қалпына келтірумен ұштастырса оңтайлы болады.

Табиғи орта – табиғаттың тірі организмдерді қоршап жатқан, оларға тікелей немесе жанама түрде әсер ететін бөлігі. Тірі организмдер қоршаған ортадан өздеріне қажетті заттарды алады және оған заттар алмасу үдерісінің өнімдерін бөліп шығарады. Әрбір тірі организмнің қоршаған ортасы сан-алуан органикалық және бейорганикалық элементтерден, адамның өндірістік қызметінің нәтижесінде бөлінген элементтерден құралады. Ол элементтердің біреулерінің организмге ешқандай әсері болмауы, екіншілері оларға қажет болмауы, ал үшіншілері теріс әсер етулері мүмкін.

«Ортаның» және оның организмдермен байланысының тұжырымдамасы пікір-талас тудыратын ұғымдардың қатарына жатады. Ол:

-қарастырылатын нысанды қоршап жатқан зат немесе кеңістік;

-организм тікелей немесе жанама түрде қарым-қатынасқа түсетін табиғи денелер немесе құбылыстар;

-адам өмірінің физикалық, табиғи-антропогендік және әлеуметтік факторларының жиынтығы.

«Ортаның» келесі негізгі анықтамалары қалыптасқан:

- географиялық орта – аталған тарихи кезеңде адамның қызмет саласына тартылған және қоғамның өмір сүруі мен дамуының қажетті жағдайларын құрайтын табиғат;

- қоршаған орта – организмдерді қоршап тұрған және оларға оң да, теріс те әсер ететін заттар, энергия және кеңістік;

- табиғи орта – табиғи бейбиотикалық (табиғаттың барлық тірі организмдерге қатысты барлық күштері, құбылыстары, оның заттары және кеңістігі) және биотикалық (биогендік – биологиялық және биотикалық орталардың жиынтығы) факторлардың өсімдіктерге, жануарларға және басқа организмдерге қатысты және адаммен байланысына тәуелсіз жиынтығы;

- антропогендік орта – адам өзгерткен табиғи орта. Оған «квазитабиғи орта» (өңделген ландшафттар, агроқауымдастықтар және ортаны өздігінен қолдауға қабілетсіз кейбір басқа нысандар) және «артетабиғи орта» (табиғи элементтермен – топырақпен, өсімдіктермен, ауамен және басқалармен қосылған жасанды құрылыстар ) кіреді;

- адамның қоршаған ортасы – «квазитабиғи ортамен» және «артетабиғи ортамен» қосылған бейбиотикалық, биотикалық және әлеуметтік факторлардың жиынтығы;

- өмір сүру ортасы – табиғи ортаның тірі организмдерді қоршап жатқан және олардың әрекеттесетін бөлігі;

- өмір сүру жағдайлары – ортаның организмдерге қажетті, олар ажырамас бірлікте болатын және оларсыз өмір сүре алмайтын элементтерінің жиынтығы.

6-тақырып. Халықаралық туризм.

Халықаралық туристік ұйымдар.

Туристік байланыстар халықаралық экономикалық қатынастардың негізгі құрамдас бөлігі, сондықтан да халықаралық ұйымдардың, сондай ақ жеке мемлекеттердің үкіметтерінің басты назар аударарлық нысаны болып табылады. Халықаралық туризмнің көптеген мәселелері қазіргі кезде мемлекеттер аралық деңгейде шешілуде, сондықтан да бұл бірқатар халықаралық туристік ұйымдардың, соның ішінде үкіметтер аралық деңгейдегі ұйымдардың құрылуына негіз болды. Мұны барлық елдер үшін бірдей туризмнің жалпы қолайлы саясатын халықаралық-құқықтық реттеу мәселелері талап етеді.

Халықаралық туризмді хұқықтық реттеу көп жақты негізде ең алдымен БҰҰ шеңберінде жүзеге асырылады. Оның негізгі міндеті Халықаралық ынтымақтастықты және ұлтаралық достық қарым-қатынастарды дамыту болып табылады. БҰҰ шеңберінде халықаралық туризмді хұқықтық реттеудің басты сұрақтары бойынша негізгі халықаралық конвенциялар жасалып, қабылданды. БҰҰ туризм саласында кадрлады дайындау бойынша бірқатар халықаралық семинарлар мен коллоквиумдарды ұйымдастырушы және Халықаралық туризм саласындағы статистикалық есеп әдістемесін жасауды жүзеге асырушы болып табылады.

Әртүрлі елдер арасындағы туристік және көліктік ұйымдарының біріге отырып жасаған әрекеттерін келістіру қажеттігі экономикалық-әлеуметтік-мәдени байланыстардың дамуына байланысты 20-жылдардың басында-ақ біліне бастады. Осыған байланысты 1925 жылы туризмді үгіттеудің ресми ассоциацияларының Халықаралық конгресі құрылды. 1927 жылы ресми туристік ұйымдардың Халықаралық конгресі, ал 1930 жылы туризмді үгіттеу мен ресми туристік ұйымдардың Халықаралық одағы құрылды.

1937 жылы аталған үш ұйым негізінде Парижде ресми туристік ұйымдардың Халықаралық одағы (РТҰХО) құрылды. Бул ұйымның мүшелері үкіметтік ұйымдар, сондай-ақ ұлттық туристік ұйымдар ретінде оладың ұлттық үкіметімен мойындалған үкіметтік емес ұйымдар да болды.

1969 жылы БҰҰ-ның Бас ассамблеясының резолюциясымен үкіметтік емес РТҰХО үкіметаралық Дүниежүзілік туристік ұйым (ДТҰ) болып құрылды. Ол халықаралық туризмнің экономкалық, әлеуметтік, мәдени және саяси

Жеке мемлекет жағдайларында, өмірінде және халықарлық қатынастың бір бөлігінде, халықарлық туризм әлеуметтік-экономикалық қатынастың бір көрінісі болғанымен, әр мемлекет қабырғасында және де халықаралық деңгейде бұл салаға байланысты артықшылықтар бар.

Жалпы туристік ұйымдарды келесі белгілер бойынша жіктейді:

1) Ұлттық-территориялық. Мұның өзі 3-ке бөлінеді: халықаралық, ә) аймақтық б) ұлттық. Олардың қыметтері аталған бағыттарда анықталады.

2) Қоғамдық-мемлекеттік белгілері бойынша үкіметтік, қоғамдық, жеке болып бөлінеді.

3) Іс-әрекеттік белгілері бойынша: реттеушілік, жабдықтаушылар, рыноктағы агенттер, жобаны ұйымдастырушылар, кеңесшілер, машықтандыру ұйымдары, баспагерлер, кәсіби ассоциациялар, саудалық және тұтынушы үйымдар.

4) Қызмет саласы бойынша: көліктік (әуежайлық, автобус, автомобильді және круиздік), турагенттер, туроператорлар, жергілікті кәсіподақтар).

Енді халықаралық туристік ұйымдарға тоқталайық. Алғашқысы: Дүнежүзілік туристік ұйым (Would Tourism Organisiation).

ДТҰ-әлемде ең танымал және ең әйгілі ұйым болып саналады. 1975 жылы 2 қаңтарда БҰҰ-ның Генералды Ассамблеясында халықаралық үкіметтік стандартқа сай жаңа ұйым болып құрылды. Қазіргі уақытта ДТҰ-ның 140-тан аса мүшесі бар. 1977 жылдан бастап штаб квартирасы – Мадрид қаласы.

Жалпы үшінші мыңжылдықтың табалдырығында туризм саласы әлемің көптеген елдерінің индустриясында ең позицияға ие болып, жаңа жұмыс орындары жандана бастады. Тіпті кейбір елдерде бұл сала бюджетті қажетінше толтырып отырады. Бірақ біздің ғасырдың жаңа, жанданған саласы дамығалы көптеген әлеуметтік, экономикалық мәселелер пайда бола бастады. Осындай мәселелерді жан-жақты шешу жолында ДТҰ барлық елдерді туризм саласында «бір жағадан-бас, бір жеңнен-қол» шығарып қызмет етуге шақырып отыр.

ДТҰ-ның пікірі бойынша туризм – қазіргі қызметтердің ең белсенді түрлерінің бірі, кедейшілікпен күрес жолындағы тиімді жолдардың бірі болып саналады.

ДТҰ-ның мақсаттары:

- Халықаралық және ішкі қатынаста әлемдік туризмнің қабілеттілігін кеңейту, түсінішпеушілікті жою, адамдардың тұрмыс-тіршілігін жақсарту;

- Өмір сүру бағытын жақсарту, шетелдік туристік ұймдармен байланысқа шығуға көмектесу, көлік жолдарын кеңейту;

- Саяхат кезінде адамдардың ғылыммен, мәдениетпен, тікелей қатынаста болуына жағдай жасау;

- Туристтерді қабылдау мүмкіндігі бар елдерде осы саланы дамыту;

- Елдер арасындағы қызметті дамытуда халқаралық агенттер ролін атқару;

- Әр түрлі туроператорларды біріктіріп, олардың қызметін жақсы жолға қою;

- Жоғарыда аталғандардың барлығын тиімді жолмен жүзеге асыру.

Ал ДТҰ-ның жұмысының бағдарламасы келесі бағыттар бойынша анықталады.

Даму мақсатындағы әріптестік. ДТҰ-ның болашақтағы ең басты тапсырмаларның бірі – туризм саласындағы дамушы елдер арасында туризмге қатысты барлық технологияларды тарату. Және де ДТҰ БҰҰДБ ПРООН –ның (Программы развития Организаций Обьединенных Наций) орындаушы аген ті болып табылады.

Туризмді дамытудағы сапасы бойынша ДТҰ әр түрлі тәжірибелік компоненттерді біріктіріп, туристік өнімдердің жағдайлары мен сапасын жақсарту.

Туризмге қажетті кадрлар дайындауда ДТҰ-ның мақсаттары мен міндеттері өзіне мүше елдердегі оқу орындарында жоғары кәсіби мамандарды даярлауды қолға алып, сол үшін қажырлы еңбек ету.

Туризмді тиянақты дамыту бойынша ДТҰ-ның басты мақсаттары болашақ ұрпақтың жақсы ғұмыр кешуіне арналады.

Туризм және технология.

Жаңа ғасырдағы жаңа ақпараттық технология бойынша ДТҰ-ның басты жұмысы ақпараттық технологияларды туризм сферасында қалыптастыру,осы салада дамыған және дамушы елдердің арасындағы айырмашылықты азайту. Яғни барлық елдерге барынша бірдей қолайлылық жасау.

Енді ДТҰ-ғы ең жоғары органдардың жұмысына тоқталайық:

Жоғарғы органы – Генералды Ассамблея. Ассамблея әрбір екі жыл сайын кезекті сессияларын өткізеді. Бұл отырыста ұймның алдағы мақсаты,жұмыс жоспарлары,бюджеттегі кейбір ауқымды мәселелер қаралады.Төрт жылда бір рет ұйым өздерінің бас секретарларын тағайындайды.Және де Ассамблея сайлаушы делегаттардан құралып,делегаттар қатары нақты және қаумдасқан мүшелерден тұрады. Генералды Ассамблеяның негізгі қызметтері:

- ДТҰ-ның президенті мен вице президентін таңдау;

- Ұйымның бүкіл бағдарламаларының жұмысын бекіпу;

- Ұйымның орындаушы советінің мүшелерін,секретарларын таңдау;

- Халықаралық ұйымдардың және басқарушылардың, жеке меншік ұйымдардың келісуімен өкілеттілікті бөлу және бекіту;

Аймақтық өкілдер.

ДТҰ-ның аймақтық өкілдері Африкада.Америкада,Азия мен Тынық мұхиты аймақтарнда Таяу Шығыс және Еуропада тікелей қызметтерін атқарады.Олар сол аймақтарда ұлттық туристтік салаларға дем беріп,олардң дамуна жағдай жасайды.

Орындаушы кеңес - Дүниежүзілік туристік ұймның басқарушы органдарының бірі және осы ұйымдағы бюджет мәселесіндегі жұмыстарға жауапты. Осы жұмыстарға жоспар құрып, жылына екі рет өз отырысын өткізеді. Ұйым 27 мүшеден тұрады, яғни ДТҰ-ға кіретін әрбір нақты бес елге бір орын тағайындалады. Испанияда ДТҰ-ң штаб квартирасы орналасқандықтан, бұл ел орындаушы кеңестен бір орынға ие болады.

Жалпы 1980 жылдан бастап 27 қыркүйекте «Бүкіләлемдік туризм күні» аталып тойланнып келеді. Жыл сайын осы мейрамда жаңа ұрандар айтылады. Мысалы 2003 жылы айтылған ұран: «Туризм – кедейшілікпен күрестегі ең қажетті фактор және әлеуметтік саланы жаңа жұмыстармен қамтамасыз етудегі сала».

Әуе көлігінің халықаралық қауымдастығы (International Air Transport Associаtion - Iata)

IATA - халықаралық авиатасымал үшін бүкіләлемдік ұжым.

Ұжымның 1919 жылы негізі салынып, 1945 ж 2-дүниежүзілік соғыс аяқталған соң оның жұмысы қайта жанданды. Сонымен қатар IATA-халықаралық рейстерді жүзеге асырып, авиациялық компаниялардың кәсіби қауымдастығын ұсынып отыр. Ұйымның жоғарғы органы - Бас Ассамблея. Жыл сайын президент пен орындаушы комитет осы Ассамблея шаңырағында тағайындалып отырады. Мақсаты – Азаматтық авиациядағы халықарлық ұйымдардың саясатын шынайы түрде жүзеге асыру.

IATA – адамдардың әлемнің бір нүктесінен екінші нүктесіне орын ауыстыруына жағдай жасау, хаттар мен жүктерді ауқымды түрде тарату, әр түрлі дәрежедегі әуе сапарларын кеңейту болып табылады.

Кеңістіктегі тариф бағасын ретке келтіру осы ұйымның ең басты атқаратын жұмыстарының бірі. Тариф бағасын бір ауыздан бүкіл халықаралық авиокомпаниялар арасында әр елдің үкімет басшыларымен келісе отырып бекітеді. «Әркім өз-өзіне қожа» дегендей әрбір ел ұйым бекіткен шарттарды яғни тарифтерге бағынуға, не болмаса оны қабылдамауды өзі шешеді. Тіпті ол тарифтерден үзілді-кесілді бас тартып, өзіне тиімді шарттарды енгізуі мүмкін. Міне, IATA осы келіспеушіліктерді мүмкіндігінше болғызбауға, болған жағдайда оны ымырашылықпен шешуге ат салысады.

IATA мүшесіне 259 әуе компаниялары кіріп, халықаралық деңгейдегі әуе жолдарында әр-түрлі тасымал жасайды. Әлемдегі ең әйгілі әуе компаниялардың бірі - «Аэрофлот». Бұл әуе компания 1989 жылдан IATA-ның мүшесі. Ресейдегі басқа да әуе компанияларды мысалға келтіретін болсақ, олар: «Трансаэро», «Пулково», «Домоделдовское ПО», «Внуковское авиалинии».

IATA мүшесі болу үшін әуе компаниялары үнемі халықаралық деңгейде жүк тасымалдауға кепіл бола алатын сертификат иемденуі тиіс. Ол сертификатты әуе компания Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымына мүше елде орналасса ғана ала алады.

IATA-ның қызметін жер шарында үш үлкен аймаққа бөледі:

1) Солтүстік және Оңтүстік Америка, Тынық мұхитынан Шығысқа қарайғы аймақ.

2) Еуропа, Африка және Таяу Шығыс.

3) Азия, Аустралия және Тынық мұхитынан Батысқа қарайғы аймақ.

Ұйымның атқаратын қызметі:

- Техникалық салада ұйым техникалық аспектілермен халықаралық ұшу жолындағы ұйымдардың талаптарын,байланыс жүйесін реттеп отырады;

- Заңгерлік саласы. Бұл салада ұйым қызметі конвенцияларда, агенттік келісімдерде, халықарлық басқарушылардың бітімінде көзге түседі;

- Қаржы. Қаржылық қызметке талдау жасау, тариф саясатындағы үйлесімділік, есептеу жүйесінің автоматтандыруы секілді қызметтер осы салаға кіреді.

- Агенттік жұмыс. Агенттіктерді билет сату бойынша аккредиттеу, мамандар даярлау.

- Қауіпсіздік қызметі. Жолаушылардың қауіпсіздігін толыққанды түрде қолға алу, әуе жолындағы ұшақтардың қауіпсіздігін сақтау.

Азамматтық авиацияның халықаралық ұйымы. (International civil Aviation organisаtion).

Бұл ұйым 1944 Чикаго конвенциясында БҰҰ-ның көмегімен дүниеге келді. ICAO әуе көлігіндегі индустрияда барлық елдердің тең дәрежеде болуына негізделген. Ал ұйым алдындағы басты міндет – халықаралық нормалар мен стандарттаға сай маманданған және экономикалық тиімділігі жоғары жүк тасымалдаушы әуе компанияларын қамтамасыз ету, дамыту.

Ұйымның алға қойған мақсаттары :

-Қауіпсіздікті қамтамасыз ету, бүкіл әлемде халықаралық азаматтық авиацияны дамыту және деңгейін көтеру;

-«Әуе коридорларын» кеңейту немесе жаңасын жасау. Халықаралық азаматтық авиацияға қажетті барлық жағдайлар жасау;

-Әуекөлігі төңірегіндегі адамдардан түскен талап – тілектерді мүмкіндігінше жылдам орындау;

-ICAO-ға мүше елдер құқығы толығымен сақталады және халықаралық әуекомпанияларды басқаруға сол елдердің мүмкіншілігі мол екндігіне елдердің көзін жеткізу;

-Ұшу қауіпсіздігін насихаттау;

-Халықарадық авиацияның дамуына себепкер болу.

ICAO-ның 200-ге жуық мүшесі бар.

Сонымен қатар ICAO басқа ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Оларға мыналар кіреді:

1) Халықаралық ақпараттық одақ;

2) Бүкіләлемдік метерологиялық ұйым;

3) Халықаралық қатынастар одағы;

4) Почталық одақ;

5) Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы;

6) Халықаралық теңіз ұйымы.

Енді әлемдегі халықаралық ұйымдарға да кезек берелік. Себебі олардың белгілі бір дәрежеде маңызы бар. Экономикалық достастық және даму ұйымы (Organization for Economic Coopertion and Development-OECR).

Бұл ұйымның 1960 Париждегі келісімде мақұлданып, 14 желтоқсанда негізі қаланды. OECR мынадай мақсаттар мен бағыттарды жүзеге асыру үшін құрылды:

- OECR-ге мүшелікке кіретін экономикалық дамуымен өсу деңгейін жоғары дережеге жеткізу және мүшелік құрамындағы елдердің жағдайын қаржы бөлу арқылы жақсарту болып табылады .

-Аталған ұйымға мүше елдер мен ұйымға кірмеген елдердің экономикалық дамуына жақсы жағдайда ықпалын тигізу.

- Әлемдік сауданы жен-жақты дамыту;

OECR мүшелігіне енетін елдер:

Аустралия, Австрия, Бельгия, Канада, Финляндия, Фтранция, Германия, Греция, Исландия, Ирландия, Италмя, Япония, Люксембурк, Нидерланды, Жаңа Зеландия, Норвегия, Португалия, Испания, Швеция, Швейцария, Туркия, Ұлыбритания Корольдігі, АҚШ.

OECR-дің туристтік комитеті мүшелікке енетін елдер аумағында туризмді дамытуда қызмет етеді. Туркомитет «OECR мүше елдердегі туристтік саясат және халықаралық туризм» атты есебінде құрылған статистикалар мен есептерді бақылайды.

Азия және Тынық мұхиты елдерінің туристтік қауымдастығы. (Pacific, Asia Travel Association-PATA)

Қауымдастық 1951 жылы Азия мен Тынық аймағы бағытында құрылған. Ұйымға барлығы Азия мен Тынық мұхитынан 34 ел мүше. Олар осы бір кең аймақта туризм саясатты дамытудағы үлкен жетістіктерге жету жолында бас қосты. Ұйым жұмысы туризмді зерттеу, дамыту, білім беру,маркетинг салалары арқылы қозғалысқа келтіру. Оның үстіне PATA халықарылық ұйымдар арсында ең жақсы орындаушы атағын иемденді.

Қауымдастық мүшелері бір-бірінен идея алмастырып, маңызды мәселелер шешу жолында, Азия мен Тынық мұхиты туризмінің болашағы туралы бірқатар өзекті істерді бірігіп шешуге ат салысады. Қауымдастық құрылғаннан бері өзіне мүше елдердегі маркетинг, зерттеу, білім беру және де басқа туризммен байланысты салаларға құнды жаңалық көзі болды.

PATA–ның қызметімен ұзақ уақыт жосп