АВТОСАЯХАТТАРДЫ ЖОСПАРЛАУ

Жоспар

1. Автобустардың классификациясы.

2. Автотасымалдауларды жергілікті және халықаралық дәрежеде реттейтін нормативті-құқықтық құжаттар.

3. Автотурларды жобалау жоспарын құрастыру

 

Туристік саяхаттарды ұйымдастыруда автокөлік маңызды роль атқарады. Ол негізінен оның мобильділігімен, ақпараттылығымен, арзандылығымен ерекшелінеді. Авто тасымалдаулардың ерекше­лігі болып, олардың тек қана туристердің көпшілік тасымалдауы емес, әуе, темір жол, су көліктерін пайдаланылатын жолаушылар­дың трансфері ретінде қолдануға мүмкіндік табылады.

Автосаяхаттардың ерекшелігі болып, олардың өзінің тұратын жақтың көрікті жерлерін көру мақсатымен ұзақ емес ара қашық­тыққа жасалуы табылады. Қазіргі уақытта автосаяхаттар жеке, арендаға алынған немесе қоғамдық көлікте пайдаланылып жасалады. Қоғамдық көлік бір елді мекеннен келесі елді мекенге тасымалдау үшін қолданылады. Елді мекендер ішінде тасымалдау және қызмет көрсету үшін арендаға немесе жеке көлікті бірнеше күнге маршрут бойынша алынған автокөлік ыңғайлы.

Автокөліктің басқа көлік түрлерінен басымдылығы: жоғары маневрілігі, мобильдігі, қолайлығы, тарифтердің төменділігі, қажеттілік бойынша шығуға мүмкіншіліктері, кең шолу, «есіктен-есікке» қызмет көрсету, яғни ол вокзалдар, станциялар, порттар салу үшін капиталдық шығындарды қысқартады.

Ұзақ маршруттарда авто саяхаттар комфорттық деңгейінің төмендігімен сипатталады.

Автосаяхаттардың басқа да кемшіліктері бар: жылдамдылы­ғының төмен болуы және айналадағы ортаның ластануы. Соңғы уақытта мамандар жетілген автомобильдер түрлерін жасады.

Туристер группаларын тасымалдау үшін автобустар қол­данады. Автобус бұл – көп орынды, вагон типті құрлықта жүретін көлік түрі. Микроавтобустардың ұзындығы бес метр, ал қосылған және автопоездар 24 метрге жетеді.

Автобустың өзінің классификациясы болады:

– орындарының санына қарай;

– орынның түрі бойынша;

– категориясына байланысты;

– комфорттық атрибуттары бойынша.

Сонымен қатар автобустардың сыйымдылығы да әртүрлі болып келеді: 170 орыннан жоғары (ең үлкен сыйымдылық); микроавтобустарда 5-12 адамға дейін.

Двигатель отын түрі: бензин, солярка, сығылған газ. Сонымен қатар электр және маховиктік механикалық энергиясы, күн қолданылады.

Қабаттылығы бойынша автобустар: бір, бір жарым, екі, үш қабатты және арнайы болып бөлінеді. Лифтермен жабдықталған арнайы автобустар қозғалу функциялары нашар адамдарды, туристерді және күрделі құрал-жабдықтарды бар спортшыларға арналған. Автобус категориясы комфорттық деңгейі мен көр­сетілетін қызметтерімен анықталады. Категориясы жоқ автобустар өзінің орындықтарының қаттылығымен, шуларды шектейтін жоғарғы деңгейімен, т.б. сипатталады.

2*- жұлдызды автобус категориясында- жұмсақ орындар, тоңазытқыш, жылыту жүйесі, перделер, радио орталығы, микрофон бар.

3*- жұлдызды автобуста. Жұмсақ биік орындар, тоңазытқыш, радио орталық, көлеңке түсірген жалюзи, әр туристке арналған жарық пен вентиляция, дәретхана.

4*- жұлдызды автобуста: душ, мини-бар, гардероб, теледидар, радио, арнайы жарық, вентиляция, кондиционер, артқа қарай жылжитын орындар, дәретхана.

Ең жоғарғы категория: 5*- жұлдызды. Осындай автобуста. Орындықтар екі қатарда орналасқан, аралары жақсы ашылады, теле-видео аппаратура, шағын асхана, т.б. бар.

Саяхаттарға арналған ең комфортты автобустар: «Мерседес», «Тойота», «Вольво», «Неоплан», «Ман», «Сетра» жатады. Осындай көлік түрінде бірнеше мыңдаған шақырым жүріп өтуге болады.

Халықаралық автобус турлары өзінің ұзақтылығымен, экскурсиялық бағдарламалардың мазмұнымен және саяхат кезінде қызмет көрсету жағдайларымен ерекшеленеді. Осы факторларға байланысты олар: экономикалық, стандартты, фирмалық және эксклюзивті болып бөлінеді. Экономикалық турларда саяхатқа жақсы экскурсиялық бағдарлама, 2-3* жұлдызды отельде орна­ласу, түнде жүру кіреді.

Стандартты турларға: бір түнгі жүру, орналасу, 3-5* жұлдызды отельде, жақсы экскурсиялық бағдарлама, саяхаттайтын ірі пунктерде бос уақыт берілуі кіреді.

Эксклюзивті турлар: фирмалық турлардың негізінде құрылады. Бірақ осында клиенттің жеке сұраулары көңілге алынады.

Қазақстандық турагенттіктер ірі ресей туроператорлармен шарттарға отырып, адамдарды Еуропаның әртүрлі қалаларына жібереді. Оларға қызығушылық күннен күнге өсуде, оның себебі осы турлар көбісіне қолайлы. Мысалы: Польша, Бельгия, Берлин, Мюнхен, Дрезден, Амстердам қалаларын көріп өту және Парижде үш күн туры 400$ құрайды. Турдың бағасына: тоғыз күндік тасымалдау, таңғы ас, айтылған қалалар бойынша шолу экскурсиялары кіреді. Автобустарда телеаппаратура және дәрет­хана жұмыс істейді.

Қазақстандық турагенттіктер Мәскеуге дейінгі ақыны төмен­детуге тырысады, бірақ формальдықтар үшін (Шенген және транзиттік визалар) жолдаманың бағасы екі есе өседі. Осындай саяхат түрлерін ұйымдастыру талаптары Қазақстанның солтүстік-батыс және орталық облыстарында жүргізіледі. Ал ішкі маршрут­тар және көрші мемлекеттерге бару саяхаттары кәдімгі жағдайға айналған.

Соңғы кезде, аралас турлар әйгілі болуда- «темір жол + автобус», «ұшақ + автобус», «паром + автобус». Осындай жағдайда туристер авто саяхат басталу пунктіне темір жол немесе әуе көлікпен жеткізілуі мүмкін. Егер мысалға аралас тур темір жол тасымалдауын кіргізілсе, онда туристер Брестке дейін поездбен жеткізіледі, осында оларды автобус күтеді. Темір жол + автобус турлары комфортты жағдайда өтеді. Ұшақ + автобус турлары ақшасы бар саяхаттаушыларға есептелген. Аралас турлардың жетістігі болып, олардың көп мемлекетті өтуі, көруі табылады.

Автосаяхаттарды ұйымдастырған кезде нормативтік-құқықтық актілермен танысу қажет. Құжаттармен танысу авто тасымалдауды реттейтін негізгі талаптарды білу үшін қажет. Оның ішінде. «Жолаушыларды және жүктерді халықаралық автомобильдік тасымалдау туралы келісімнің конвенциясы», Ол 01.03.1973 Женева конвенциясының негізінде құрылған, 1989 жылы туризм бойынша Гаага деклорациясы, Шенген келісімі және т.б. туризм жөніндегі деклорациялар. ТМД шегінде туристік тасымалдаулар 1993 жылы жасалған. «Туризм саласындағы серіктестік туралы» келісіммен «ТМД туризм кеңесі туралы» 09.09.1994, т.б. келісімдермен реттеледі.

Қазақстан келесі конвециялар мен келісімдерге қосылады:

– жүктерді халықаралық жол тасымалдау келісімі туралы конвенция (КДПГ) 19 мамыр 1956 жылы.

– ХЖТ кітапшасын қоладанып жүктерді халықаралық тасымалдау туралы кеден конвециясы 18 қаңтар 1975 жылы.

– Халықаралық автокөліктік тасымалдауды жүзеге асыратын көлік түрлерінің жұмысы туралы Европалық келісім (ЕСТР) 1 шілде 1970 жылы.

– Халықаралық және тағы басқа автомагистральдар туралы Еуропалық келісім (СМА) 15 қараша 1975 жылы.

Мемлекетте бірқатар құжаттар жасалған, олар жолаушыларды және жүктерді тасымалдауда көмек атқарады. «Қазақстан Республикасы көлік туралы заңы» 21 қыркүйек 1994 жылы, түзетулер мен қосымшалармен 27 қаңтар 1996 жылы және 28 желтоқсан 1994 жылы қабылданған. Содан кейін басқа да құжаттар қабылданды. Олар: «Жол жүру қозғалысының қауіп­сіздігі туралы заң», сонымен қатар көліктің жеке түрлері бойынша заңдар мен үкімет қаулылары қабылданды.

Автотурларды құрудағы маңызды көмекті мемлекеттік және халықаралық ұйымдар атқарады. Олар: автомобиль көлігінің халықаралық одағы (МСАТ), координациялық көлік кеңесі (КТС). Қазақстан Республикасы халықаралық автомобиль тасымал­даушылар одағы (КазАТО) 1993 жылы құрылған, 1995 жылы МСАТ-қа қабылданды. КазАТО Қазақстандық тасымалдау­шылардың мүделерін қорғайды және халықаралық тасымалдау қызметтерін ұйымдастырады. Сондықтан автотурларды құру жұмысы көп уақытты алуы мүмкін. Автосаяхаттарды ұйымдас­тырудың маңызды кезеңі болып іс-әрекет жоспарын құру болып табылады. Автосаяхаттарды жоспарлау келесі кезеңдерден тұрады:

1. Саяхаттың мақсаты мен тақырыбын анықтау. Осының алдында маркетингтік талдау жүргізілуі керек. Саяхаттың мақсаты әртүрлі болуы мүмкін (туристердің, халықтың демалуға сұранысын қанағаттандырудан түсетін табыс, өзінің білім деңгейін жақсарту, белгілі бір халық қабатын туризмге қызықтыру, эксклю­зивті маршруттар құру, қызмет көрсетудің жаңа түрін ұсыну, т.б.) Саяхаттың тақырыбы да әртүрлі болып келеді: діни, тарихи-өлкетану, оқу, көңіл-көтеру, этнографиялық, қызық оқиғалы, т.б.

2. Болжаулы трассаны жобалау. Осы кезеңде авто жолдардың картасы, маршруттың эскизі құрылады.

3. Туристік ресурстармен танысу және оларды таңдау. Ең алдымен, ресурстар таңдаған кезде, турдың тақырыбына сай көрікті жерлердің болуына акцент жасалады.

4. Маршруттағы шектеуліктерді анықтау. Олар: қорықтар, қорықшалар, экологиялық постар, шекара және кеден зоналары, жолдың болмаулығы болуы мүмкін.

5. Тіршілікпен қамтамассыз ету жерлерін зерттеу: түнеу пунк­терін, орналасы, тамақтану, медициналық санитарлы-тұрмыс­тық қажеттіліктер, су көздері.

6. Маршрутта қауіпсіздікті қамтамассыз ету. Осы кезеңде туристерді демалу және тоқтайтын жерлерді, т.б. қорғау сұрақтары зерттеледі.

7. Маршрутты көріп өту. Оның мақсаттары: трассадағы шектеуліктерге қоса уақыт хронометражы, тіршілікпен қамтамассыз ету пунктерін таңдау, автокөлікке техникалық қызмет көрсету мүмкіншіліктерін зерттеу (СТО), заправкалар, жол ақпараты жоспарын құру, жарнама үшін материалдарды жинау, қызмет көрсету жұмыстары аяқталғаннан кейін серіктестерді таңдау. Маршрутты көріп өтуде туристік мекеменің, авто мекемелердің, ал қажеттілік туса МАИ қызметкерлері қатысады.

8. Маршрут схемасына түзетулер енгізу.

9. Келісім-шарттарға отыру. Ол маңызды этаптардың бірі болып табылады, осы этаптан жолдаманың бағасы, қызмет көрсету сапасы, маршруттағы қауіпсіздік тәуелді болады. Келісім шарттар орналасу пунктерімен, ТЖО, автомекемемен, группаның бастығы немесе инструкторымен жасалады.

10. Маршруттың технологиялық картасын құру. Ол алдын-ала жасалады. Осында: жүріп өту уақыты анықталады және ол маршруттың сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамассыз етеді. Оның негізгі пуктері болып: елді мекендермен қосылған картасхема, жүру графигі, тоқтаулар мен түнеулерді белгілеу, МАИ поста­рының ТЖО-ның орны, жол жамылғысының жағдайы, маршрут­тағы туристер саны, маршруттың созылуы табылады.

11. Калькуляцияны жасау. Жолдамалардың бағасының есеп­телуі келісілген бағалармен анықталады. Бір маршрутқа бірнеше калькуляцияны жасауға болады. Ол қызмет көрсетуді дифферен­цияциялауға көмектеседі.

12. Маршрутты бекіту. Барлық әдістемелік, келісім, қаржы құжаттарын дайындаған және маршрутты авто мекеме мен МАИ бекіткен соң, оны бекіту туристік мекеменің бастығымен жасалады.

Автотурларды ұйымдастырған кезде маңызды уақытты болып автомекемемен немесе туристерді тасымалдау үшін автокөлік түрлерінің иесімен шарт жасасу болып табылады. Мекемеге маршрут бойынша мәлімет, керекті құжаттар беріледі. Саяхаттың режимі бойынша, бір немесе екі жүргізуші тағайындалады. Осы жағдайлар алдын-ала келісіледі. Келісімде автокөлік мекемелер мен туристік мекемелердің міндеттері қарастырылады. Авто­мекемелердің міндеттерінде автобустың санитарлық жағдайы мен дұрыс жұмыс істеуі, авто көлікпен уақытында қамтамассыз ету, егер сынып қалған жағдайда ақысыз қосымша көлікпен қамтама­сыз ету, «тапсырыс берушінің» алдын-ала бағалардың өзгеруі туралы айту қарастырылады. Сонымен қатар келісімде немесе оның қосымшаларында көрсетіледі: салондағы техникалық құрал­дардың бар болуы, автобустың тұру жағдайымен қамтамассыз ету, басқа елді мекендерде жүргізушілерге тамқтану және орналасу, форс-мажорлық жағдайларды шешу, маршрутта қауіпсіздікті қамтамасыз ету, т.б.

Туристік мекеме, өзінің тарапынан келесі міндеттерді атқарады: туристерді тасымалдау графиктері мен жазбаша заявка­ларды уақытында беру, автоқызметтер үшін төлеу. Туристік группаларды санына және автобус орындарына қарай жинау, автокөлікті тек қана келісілген белгілеуге ғана қолдану, туристер ішінде тәртіпті қамтамасыз ету, транспорттық құралдың бүлдіру­ден болған шығындарды өтеу, т.б.

Кей кезде таза тыс қаптардың, перделердің, таза судың, микро­фонның т.б. жоқ болуы, туристердің көңіл-күйлеріне әсер етуі мүмкін, ал кейде клиенттердің санының төмендеуіне әкеледі. Сондықтан келісім-шарт және оған қосымшалар заңдармен, нормативтік құжаттар мен ережеге сай болуын тексеру керек.

Кету күні туристер алдын-ала жиналу керек. Туристік меке­менің қызметкері оларды тіркеу, туристерді тізім арқылы тексеру және құжаттарды тексеру керек (жеке куәлік, туу туралы куәлік, жолдама, т.б.). Автобусқа отырғызу жұмысы дұрыс ұйымдас­тырылуы үшін, жоладманың ішінде салондағы орынды жазу керек.

Автобустық маршруттың басшысы жол бойы экскурсиялық ақпаратты, тәртіп туралы ережелерге инструктажды, маршруттың қысқаша сипаттамасын, санитарлы-тұрмыстық тоқтаулардың орнын, уақытын, және созылуын беру керек. Осындай тоқтаулар­дан кейін, туристердің санын тағы да тексеру керек.

Саяхаттың табысы жүргізуші мен топтың басшысының өзара түсінушілігіне байланысты. Туристік топтың басшысы (инструктор, экскурсовод, методист) оның туристердің тәртіп ережелерін дұрыс орындауына жауапты екенін есте сақтау керек. Осы ережелер туристердің автобустық маршруттағы міндеттер ретінде беріледі.

Туристің міндеттері: туристік топ басшының және жүргізу­шінің талаптарын қатаң орындауы тиіс, автобус тоқтаған жерге уақытында келу, автобустың салонында тазалық пен тәртіпті сақтау, автобустың құрал-жабдықтарына ұқыпты қарау, экскурсиялар мен жол бойы ақпарат берілген кезде тыныштықты сақтау, автобустың техникалық бұзылғаны туралы туристік топтың басшысына айту керек, т.б.

Туристке (экскурсантқа) рұқсат берілмейді:

- өзінің іс-қимылы мен сөздерімен жүргізушінің көңілін ау­дару;

- автобус жүрген кезде салонда жүруге;

- автобуста шылым шегу, арақ-шарап ішуге;

- автобустың терезелерінен заттарды лақтыруға;

- автобус есіктерінің ашылу механизмдерін іске;

- автобус салонын түнеу мақсатында қолдануға;

- тез жанатын, қауіпті, улы, заттарды, қару-жарақ және т.б. тасымалдауға;

- тоқтатуға және маршрутты өзгертуге.

Автобус жүргізушісі мен топ басшысы туристің құжаттары, ақшалары, затары сақталуына жауапты емес.

Басқа ережелер «Қазақстан Республикасы көлік туралы» «Қазақстан Республикасы туристік іс-әрекет туралы» заңдармен реттеледі.

Автобус маршруты ақпараты.

Маршруттың жол бойғы экскурсиялық ақпараты алдын-ала құрылады және қабылданады. Жол бойғы ақпарат үш бөліктен: кіріспе, негізгі бөлім және қорытындыдан құралады.

Кіріспе ұйымдастырушылық және ақпараттық болып бөлінеді. Ұйымдастыру бөлігінде: туристік топ басшысы өзін таныстырады, жүргізушіні таныстырады, автобустағы тәртіп ережелері туралы нұсқау береді, жолдың ұзындығы, созылуы туралы мәліметті айтады және барлығына сәтті сапар тілейді. Ақпараттық бөлігінде маршруттың сипаттамасы (облыстар, аудандар, елді мекендер, ескерткіштер және т.б. көрікті жерлер), жолдың сипаттамасы мен саяхаттың соңғы пунктіндегі бағдарламалары беріледі.

Негізгі бөлігінде жол бойы өтілетін мемлекеттер, облыстар, аудандар, елді мекендер, ескерткіштер, қорғалатын жерлер туралы айтылады. Мәліметтерде осы мемлекеттердің ауданы, халқы, өнеркәсібі, мәдениеті, тарихы туралы айтылған жөн. Сонымен қатар ауданның климаты, табиғаты, өсімдігі мен жануарлар әлемі туралы айтылу керек.

Қорытынды бөлігінде: көріп, естіп өткеннің қорытындылары шығарылады, туристерге көмектері туралы рақмет айтылады, өзінің, мекеменің маршруттары бойынша жарнама жасалады.

Топ басшысының сандық мәліметі немесе әңгіменің жоспары жазылған карточкалары, фото суреттер т.б. болуы керек.

Автосаяхаттың тағы бір түрі – ол автомобильдермен саяхат. Осындай саяхаттар маршрут картасын құрудан басталады, содан кейін жүрудің уақытын есептеу, демалу және елді мекендерде жүру уақыты т.б. есептеледі. Содан кейін мотельдер, қонақ үйлер, олардың қасындағы тұрақтарды жалға алу шартына сәйкес келісімдер жасалады. Осындай маршруттардың ерекшелігі ТЖО мен келісімдер жасау. Осындай келісімдер бірнешеу болуы керек. Осы қызмет түрлерін серіктестер арқылы алуға болады. Ірі елді мекендерде тоқтаулардың уақыты көп болу керек. Көрікті жерлермен танысу, жолдама бағасына кіреді. 20-25 адамнан құрылған топқа қызмет көрсетудің бірінші күнінде қала бойынша шолу экскурсиясы ұсынылады. Осы экскурсияның мақсаты автосаяхаттаушыларға демалу мен бағыт жасауға көмектесу және келесі күндері олардың қалада өздері жүруге көмектеседі. Осын­дай саяхат түрі бізде аз таралған, бірақ олардың болашағы бар, оның себебі жеке көлік саны күннен күнге өсуде. Саяхат барысында туристер бір-бірімен жақын қарым-қатынаста болады және оларды авто тақырыбына арналған жалпы қызығушылығына үйрену болады. Осындай саяхат түрін ұйымдастыру кезінде үнемі маманданған жүргізушімен кеңесіп отыру керек.

Туристік мекеме ұйымдастырған алғашқы автосаяхаттар ұзындығы, созылуы, уақыты бойынша ұзақ болмауы керек. Осы туризм түрінде саяхаттың географиясы бірте-бірте кеңеді.

Жолдардың, вокзалдар, мотель, кемпингтер инфрақұрылымы­ның жақсаруымен Қазақстан Республикасында осы туризм түрі әйгілі болатынына үміт артамыз.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 5 жел­тоқсандағы N 1809 қаулысына сәйкес республикалық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдары тiзбесiне iрi туристiк oбъектiлерге апаратын және туризмдi одан әрi дамытуда барынша қызығушылық тудыратын мынадай жолдар енгiзiледі және осыған байланысты соңғы жылдары туристiк мақсатта автокөлiк белсендi түрде пайдаланылып жүр. Олар:

1. Ташкент – Шымкент – Тараз – Алматы – Қорғас;

2. Шымкент – Қызылорда – Ақтөбе – Орал – Самара;

3. Алматы – Қарағанды – Астана – Петропавл;

4. Астрахань – Атырау – Ақтау – Түркiменстан шекарасы;

5. Омбы – Павлодар – Семей – Майқапшағай;

6. Астана – Қостанай – Челябi – Екатеринбург.

Статистика деректерi бойынша 2005 жылы қалааралық автобустардың қызмет көрсетулерiн 87615 (20,1 %) турист, басқа да құрлықтағы жол құралдарын 53765 (12,36 5) турист пайда­ланған.

2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикалық маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойын­дағы бөлiнген жолақта мынадай объектiлер жұмыс iстейдi: 925 – АМС, 108-ТҚС, 62 – қонақ үй, 1124 – тамақтану және сауда орын­дары, 61 – автотұрақ.

 

Қолданылған әдебиет:

1. Ақтымбаева Ә.С. Туристік бизнесті жоспарлау және ұйымдастыру: оқу құралы. Алматы: Қазақ университеті, 2012. – 210 б.

2.

3.

Өз-өзін тексеру сұрақтары:

1. Автобустың көлік ретіндегі ерекшелігі неде?

2. Автобустық турлардың артықшылықтары неде?

3. Автобустық турлардың кемшіліктері неде?

4. Автобустық турды ұйымдастыру ерекшеліктері?

5. Автобустардың қандай түрлері болады?

6. Автобустық турлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелері?

ДӘРІС 8

АВТОКӘСІПОРЫН МЕН ТУРФИРМАЛАРДЫҢ КОНТРАКТАРЫ, МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕРІ.

Жоспар

1. Туристердің құқықтары және міндеттері.

2. Автобустың саяхат тобы жетекшісінің құқықтары мен міндеттері.

3. Жеңіл автомобилдегі турларды ұйымдастыру.

 

Автомобильдік саяхаттың ерекшелігі олардың көпшілігі алыс емес территорияға сол жердің көрнекіліктерін тану мақсатында жүзеге асырылады.Автомобильдік саяхаттар жеке,жалданған және қоғамдық көлікте жүзеге асырылады.Қоғамнық көлік туристерді бір елді мекеннен екінші жерге жеткізу үшін пайдаланады.Жалданған және жеке көлікті елді –мекеннің ішінде маршрут бойынша қызмет көрсету ыңғайлы.Автомобиль артықшылығы:жылдамдық,қол жетімділік, салыстырмалы төмен тарифтер, қажеттіліктер бойынша шыға алу мүмкіндігі және т.б.Автосаяхаттың созылмалы маршрутын ұйымдастыру үшін комфорттылық деңгейі өте жоғары емес.Басқа да кемшіліктері бар.Мысалы:жылдамдығы төмен, және қоршаған ортаның ластануы.Туристік топтарды тасымалдау үшін автобуытар қолданылады.Автобус бұл құрылыұтыұ көлік құралы.Көбінесе вагондық типтегі көп орынды көлік.Автобустар былай жіктеледі.

-орындар саны бойынша

-оның түрлері бойынша

-категориясы бойынша

-комфорттығы бойынша

Автобустар сыйымдылығы әр түрлі 170 орыннан жоғары және микро автобустар 5112 орындық. Отын түрі бензин, солярка, газ сонымен қатар электр,механизмнің әсеріне пайдаланады.

Сатылығына байланысты автобустар: 1 15 2 3 этажды және арнайы автобустар болады. Лифтпен жабдықталған арнайы автобустар арнайы спортшыларды,туристерді тасымалдауға пайдаланады. Автобустың категориясы комфорт және ұсынылатын өызметтер деңгейімен анықталады. 2жұлдызды автобус категориясы -орынды жұмсақ, жылу берілген,микрофон,күшейткіш құрылғысы болады. 3 жұлдызды автобуста, 2 жұлдызды автобустағы шарттар мен қатар мұздатқыш ,дәретхана,жеке жарық беру желдеткіш және көлеңкелі шторлары болады.4жұлдызды категорида бұларға қарағанда теледидар,рация,мини бар,гардероб,жазылатын,қозғалатын креслолары болады. Ең жоғары 5 жұлдызды категорияда әрбір кресло бір қатарға жалғыз орнатылған,көлденеңнен қозғалтуға болады. Біршама комфортты автобустар :мерседес,тайота,вольво,сетра. Қазақстанның туристік агенттіктер ресейлік ірі туроператорлармен келісім жасаса отырып,адамдарды европаның көптеген елдеріне жібереді. Автомобильдік саяхаттарды ұйымдастыру құқықты актілермен танысу қажет.

Автокөлік саласы.

Туристік мақсаттар үшін бару маршутарында автокөлікті белсеңді 20% туристік ағын қолданады, ішкі маршуттарда жайлы қолдануға облыстағы ішкі жолдар жағдайы мен автокөлік қызметінің жоғары бағасы кедергі жасайды. Облыс аумағынан Шымкент- Қызылорда, Ақтөбе- Орал –Самара халықаралық автомагистральдары өтеді. Республикалық маңыздағы автожолдар бойында жол маңы инфрақұрылымының 56 обьектісі, оның ішінде 1- техникалық қызмет көрсету станциясы, 25- жанар жағармай станциясы, 1- шағын қонақ үй, 24- сауда және тамақтандыру орналасқан.

Облыста бірнеше автокөлік ұйымдары халықаралық автобустар қызметін көрсетеді. Турфирмалар туристердің ұйымдастырылған топтарын жалға алынған жайлы автобустармен Сочиге, Санкт Петербургке, Астанаға, Павлодарға, Орынбрға, Волгоградқа және т.б. жібереді. Жеке туристер автобустармен ТМД және Европа елдеріне саяхатқа шығады. Жаңа автожолдар салу, ескілерін қайта жарақтандыру, жол маңы инфрақұрылымы обьектілері мен сервистері одан әрі дамыту туризм саласына облыстың жаңа аудандарын тартады және ішкі жергілікті туризмнің автосаяхаттары санын көбейтуге мүмкіндік береді.

2006-2008 жылдарға арналған Ақтөбе облысында туристік саланы дамытудың өңірлік бағдарламасы ҚР Үкіметінің Бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспарының тармағына сәйкес әзірленеді.

Туристік инфрақұрылымды дамыту жіне қазақстандық туристік өнімді әлемдік нарыққа жылжыту мақсатында «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы», «Туроператордың және турагенттің азаматтық құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңдары қабылданады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 науырыздағы №333 Қаулысымен Қазақстандағы туризмді дамыту Тұжырымдамасы, сондай ақ туристік қызметті реттейтін бірқатар басқа да нормативтік актілер бекітіледі.

Туризм экономиканың басым салаларының бірі ретінде белгіленген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика, бәсекеге қабілетті үшін» Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерге байланысты қазіргі уақытта туризмді дамытуға ерекше маңыз беріледі.

Ақтөбе облысының Қазақстан туризмнің ерекше қорғалатын обьектілерінің тізбесіне енген бірегей обьектілері бар, географиялық жағынан тиімді орналасқан, айтарлықтай туристік әлеуетке ие. Бұлар- Жаманшың метеорит кратері, Айдарлы аша бірегей геологиялық қимасы, Торғай зоологиялық табиғи қорығы және басқалары. «Мәдени мұра » республикалық бағдарламасы енгізілген 14-15 ғасырлар ескерткіші сауатты пайдалануға және демалыс пен туризм инфрақұрылымы обьектілерін құруға ерекше көңіл бөлетін болады.

Туризммен аралас салаларды дамытуға (көлік коммуникация инфрақұрылымы, сервис, құрылыс, сақтандыру және басқалары) және инвестициялық белсенділікті ынталандыруға негізделген Ақтөбе облысы туристік өнімін кешенді іске асыру жумыспен қамтуды және тұрғындар табысының тұрақты өсімін қамтамасыз етеді.

Бағдарлама экононмиканың басым секторы ретінде саланы тұрақты дамытуды қамтамасыз етудің негізгі аспектілерін қамтиды. 2006-2008 жылдарға арнаоған Ақтөбе облысында туристік саланы дамытудың өңірлік бағдарлама аясында туристік саланың қызметің ретту, туризмді дамыту мақсатында мемлекетік басқару мен қолдауды қамтамасыз ету қарастырылған.

Туристік саланың қазіргі жағдайы.

Туризм қазіргі әлемде құқығы жағынан жүз жылдықтың экономикалық феномені болып танылады және кез келген мемлекет экономикасының дамуына ықпал етеді. Осы замаңғы әлемдік экономикада туристік сала-аса жанды және перспективалары салалардың бірі,кейбір елдеоде мемлекет кірісінің алғашқы таруы болып табылады. Қазақстанда ІЖӨ жалпы көлеміндегітуризм үлесі1,5%құрайды.

Бүкіләлемдік туристік ұйымның болжамы бойынша Қазақстан Республикасы тұрақты туризмді дамыту үшін болашағы бар елдер сапында. Барлық туристік нарықта Қазақстанның табиғатына, ландшафтарына және ұлттық мәдениетіне үлкен қызығушылық білдіреді. Сондықтан да Қазақстанда туристік сала елдің экономикалық дамуындағы басым сала ретінде белгіленеді.

Өңірдегі туризмнің дамуын талдау көрсеткендей, Қазақстанда соңғы үш жылда Ақтөбе облысының белгілі бір туристік имиджі қалыптасты, ол туралы туроператорлар- Алматыдағы және Астанадағы Халықаралаық туристік көрмелерге қатысушылардың облыстың туристік әлеуетіне танытқан қвзығушылықтары, сондай-ақ жыл сайын туристік жәрмеңке куә болады.

Облыс тұрғындары мен кәсіпкерлерінің, сондай-ақ Қазақстанның басқа өңірлері мен шетел туроператорларының тұрақты қызығушылығы байқалады. Үш жыл ішінде ұйымдастырылған туристер саны 2 еседен асатам, ішкі туризм бойынша -3,5 есе, туристік фирмалар қызметінен түскен салықтық аударылымдар 3 есе көбейді.

Қазіргі уақытта шетелдерге демалысқа, емделуге, іскерлік сапарға , шоп турға кеткен туристер саны басымдық алып отыр. Қазақстанның ішінде емделу мен демалыс үшін ұйымдастырылған жолдамаларға сұраныс бар болғаны 25%-ға қанағаттандырылады. Сонымен бірге, облысқа ТМД елдерінен келген ұйымдастырылмаған туристерге туристік қызметтіңтолық кешені көрсетілмейді.

Нашар дамыған инфрақұрылым. Облыстағы туробьектілердің материалдық техникалық базасы, кәсіптік кадрлардың, туристік қызмет рыногына қатысушылар арасында тығыз байланыстың болмауы, халықаралық деңгейде имидждік компанияның жеткіліксіз жүргізілуі- бұның бәрі өңірде туристік саланың қалыптасуына кедергі болады.

Туризмді одан әрі дамытуды қамтамасыз ету үшін маңызды мәселе саланы қаржыландыру болып табылады. 2003-2005 жылдары Бағдарламаны жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 6,1млн. теңге бөлінеді, сала алдында тұрған міндеттерді ескерсек бұл анық жеткіліксіз. Біздің облыс «WTM»Бүкіләлемдік туристік биржасы (Лондон), «FITUR» Халықаралық туристік жәрмеңкесі (Мадрид). « ITB» Халықаралық туристік биржасы (Берлин), «MITT-саяхат және туризм» Москва халықаралық биржасы сияқты белгілі халықаралық туристік іс шараларға қатыспады,тек2003 жылдан бастап қана Алматыдағы « KITT» халықаралық туристік жәрмеңкесіне және 2004 жылдан бастап Астанадағы халықаралық туристік жәрмеңкеге ұсынылады.

Туристік жәрмеңкелер мен көрмелерге қатысу- бұл тек ақпаратты тарату ғана емес, сонымен бірге әлеуетті клиенттер сауалын зерттеу, нақты тұтынушыға бағдарланған туристік өнім жасау, туристік бизнеске қатысушылар арасында тәжірибе алмасу мүмкіндігі, келешегі бар байланыстарды жолға қою.

Аймақтағы инвестициялық ағындар негізінен мұнайгаз секторына шоғырланған, бірақ сонымен бірге, бұл күндері экономиканың басқа да салаларында да инвестициялық қызмет жанданып келеді. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес 2003 жылғы 1 қантардан бастап аймақ аумағында бірқатар өңдеу секторлары обьектілерінің құрылысы жүзеге асырылуда.

Құны 40 млн. АҚШ долларын құрайтын кеме жасау зауытының құрылысы салынуда. Тапсырысшысы « Keppel Kazakhstan» ЖШС компаниясы. Өндірісте жұмыспен қамтылатын қызметкерлердің болжамдық саны- 708 адам. Шығарылатын өнімрің жалпы салмағы жылына 7 мың тонна болат құрылғысы.

«Ақтау теңіз порты» АЭА аумағындағы инвесторлардың бірі « Миттал Стил Темиртау» компаниясы ( « Испат -Кармет» ААҚ) болып табылады. Салық заңнамасына енгізілген өзгерістерге сәйкес компания жалпы сметалық құны 32,8 млн. АҚШ долларын және өнімділігі жылына 60 мың тонна құбыр құрайтын « Мұнай түржиіні құбырын шығару жөніндегі зауыт» жобасын іске асыру үшін жаңа заңды тұлға « НефтеГазТруба» АҚ құрды.

2005 жылдың қараша айында жобалық құаты жылына 400 мың метр құбыр, Ақтау шыны талшықты құбырлар зауытының құрылысы толықтай аяқталды. Жобаның құны 10,2 млн. АҚШ доллары.

«Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» РМК солтүстік бағытқа кеңейту» жобасын іске асыру жоспарлануда. « АХТСП» РМК кенейтудің инвестициялық жобасын іске асыру шегінде құрғақ құю жүктерін өткізу бейңмділігі өседі. Жүктерді көліктік өңдеу және оларды сақтау, кеме мен жолаушыларға қызмет көрсету бойынша қызметтің барлық түрлерін ұсыну, қызмет саласын кеңейтуде жоғары саламен қамтамасыз ету теңіз портын дамытуда үлкен экономикалық күш береді.

Каспий теңізінің жағалық инфраөұрылымын дамыту және Қарақия ауданы Құрық селосында жаңа порт құрылысын салу мақсатында металл құрылғылары зауытының құрылысы (« Ер-Cай» ЖШС) жалғасуда, 2005 жылы -48,4 млн. АҚШ долл. игерілді. Мұнай терминалы мен кеме жөндеу базасының («Қазмұнайгаз» ҰҚ» АҚ), кемежасау зауытының («ҚазТеңізКөлікФлот» ҰТКК» АҚ) құрылысын салу қаралған. Қазіргі кезде Маңғыстау облысы әкімдігінде « Ақтау теңіз порты» АЭА аумағын кеңейту және « Құрық теңіз портын» АЭА құруға тұжырымдама әзірленуде. Ағымдағы жылдың маусым айында Қазақстан Республикасының Премьер Министрінің орынбасры, экономика және бюджеттік жоспарлау Министрі К.К. Мәсімовта болған кеңесте « Жер Теңіз Аспан» жобасын таныстыру өтті.

«Жер Теңіз Аспан» жобасында бес қосалқы аймақты құруды және әрқайсысын тиянақты мамандыру белгіленуде.

«Aktau Free Trade» халықаралық шекара сауда орталығын, индустриальды қаласын, Каспий қайраңы инфрақұрылымын игеру бойынша орталығын, мультимодальдық тасымалдау орталығы және Ақтау қаласында АЭА режимінде жүк терминалы бар халықаралық әуежайын құру көзделуде.

2006 жылдың қаңтар –қыркүйегінде облыс бойынша негізгі капиталға инвестиция 140935,6 млн. теңге, немесе 2005 жылдың тиісті кезеңіне 175,4 % құрады. 2006 жылдың қаңтар- қыркүйегінде аймақ бойынша жалпы алаңы 238,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, тұрғын құрылысына инвестиция 6937,4 млн. теңге, немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне 121,1 % құрады. Қазақстан Республикасының индустриялық- инновациялық дамуының 2005 жылға дейінгі Стратегиясы шегінде, іске асырулуы 2004 жылдан бастап жүзеге асырылатын, жалпы сметалық құны 67,1 млрд. Теңге құрайтын Аймақтық инвестициялық жобалар тізбесі жасақталды.

Туризм қазіргі әлемде құқығы жағынан жүз жылдықтың экононмикалық феномені болып танылады және кез келген мемлекет экономикасының дамуына ықпал тиеді. Осы замаңғы әлемдік экономикада туристік сала аса жанды және перспективалы салалардың бірі, кейбір елдерде мемлекет кірісінің алғашқы тарауы болып табылады. Қазақстанда ІЖӨ жалпы көлеміндегі туризм үлесі 1.5% құрайды.

Бүкіләлемдік туристік ұйымның болжамы бойынша Қазақстан Республикасы тұрақты туризмді дамыту үшін болашағы бар елдер сапында.

Барлық туристік нарықта Қазақстанның табиғатына, ландшафтарына және ұлттық мәдениетіне үлкен қызығушылық білдіреді. Сондықтан да Қазақстанда туристік сала елдің экономикалық дамуындағы басым сала ретінде белгіленеді.

Қазіргі уақытта шетелдерге демалысқа, емделуге, іскерлік сапарға , шоп турға кеткен туристер саны басымдық алып отыр. Қазақстанның ішінде емделу мен демалыс үшін ұйымдастырылған жолдамаларға сұраныс бар болғаны 25%-ға қанағаттандырылады. Сонымен бірге, облысқа ТМД елдерінен келген ұйымдастырылмаған туристерге туристік қызметтіңтолық кешені көрсетілмейді. .

2006-2008 жылдарға арнаоған Ақтөбе облысында туристік саланы дамытудың өңірлік бағдарлама аясында туристік саланың қызметің ретту, туризмді дамыту мақсатында мемлекетік басқару мен қолдауды қамтамасыз ету қарастырылған.

 

Өз-өзін тексеру сұрақтары:

1. Автобустық турлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелері?

2. Жеңіл автомобилдегі турларды ұйымдастыру

 

 

ДӘРІС 9

ТУРИСТІК ӘУЕ МАРШРУТТАРЫН ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ

Жоспар

1. Халықаралық әуе турларын ұйымдастыру.

2. Чартерлік рейстерді ұйымдастыру

 

Қазіргі әлемде адамдардың дүниежүзі бойынша саяхаты масштабты сипатқа ие болып отыр. Осыған байланысты әуе көлігінің маңыздылығы артуда. Ол көліктердің ішіндегі ең жылдамы болып саналады. Әуе тасымалдаудың ерекше маңыз­дылығы көпшілік туризмді дамытуда көрінеді. Оның өткен ғасырдың ортасында қарқынды дамуы, жоғары ыңғайлылық деңгейі бар және әртүрлі саяхат мақсаттарына жауап беретін ұшақтардың пайда болуын қажет етеді. Әуе кемелердің ішінде және әуежайларда жолаушыларға әртүрлі және жетілген сервис ұсынылады.

Әуе тасымалдауларда да басқа көлік қызмет көрсетулері сияқты бірқатар ерекшеліктері бар. Ол алдымен метеожағдайларға тәуелділікпен, ұшатын және қонатын жердің ландшафтына байланысты болады. Сонымен қатар қозғалмалы құралды пайдалану жағдайлары, әуежайларды елді мекендерден сыртқа қарай орналастыру және жолаушыларды ұшуға дайындау уақытты қажет етеді. Бірақ, соған қарамастан, өзінің басты артықшылығына байланысты әуе тасымалдаулары құрлық және су көлік түрлері бойынша бәсекелестік тудырады.

Бүгінгі таңда Қазақстандағы әуе саяхаттары – көлік саяхат­тарының көпшілік түрі. Тәуелсіздік алғаннан кейін Республика шетел туризмнің географиясын кеңейту мүмкіншілігін алды.

Халықаралық туризмдi дамытуға ықпал етушi негiзгi факторлардың бiрi жолаушыларды авиатасымалдау болып табылады. Қазiргi уақытта республикаға алыс шетелдiң алты авиа­компаниясы (КLМ, Lufthansa, Korean Air, China Xinjiang Airlines, Iran Air, Transaero, Volga – Dnepr, Air France, British Airlinees, Asiana Air Arabia, Сhinа South Airlines, Turkish Аirlinеs, SCAT, Им Эйр, Точикистон Эйр, Узбекистон Хаво Йуларри, Пулково, El Al Israel Airlines, Freighting Express LTD, FedEx Express) тұрақты ұшып тұрады.

Ұлттық авиатасымалдаушы “Эйр Астана” Түркия, Германия, Қытай, Оңтүстiк Корея, Тайланд, Ұлыбритания, Үндiстан, БАӘ, Нидерландыға тұрақты рейстер жасайды. Ұшулар Қазақстан мен шетел мемлекеттері әуе компанияларымен ұйымдастырылады.

Әуе компаниялар – бұл ауада көлік қызметтерін атқаратын сауда мекемелері.

Қазiргi уақытта Қазақстанның халықаралық авиатасымалдарға қол жеткiзе алатын әуежайлары: Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Семей, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент қалаларында бар.

Қазақстан 188 мемлекеттің ішінде халықаралық әуе көлік ұйымының мүшесі болып табылады. 2008 жылдың көрсеткіштері бойынша Қазақстан Республикасында 47 әуе компания бар (27 авиахимия жұмысы үшін 20 тұрақты және чартерлік тасымалдау). Ұшақтар саны – 540, тік ұшақтар – 88.

Туристерді тасымалдау жұмыстарын графиктік ұшақтармен немесе арнайы рейстермен жасайды. Әуе мекемелері әртүрлі қызмет түрін ұсынады: жолаушыларды тасымалдау, жүк тасымалдау, пошта және чартерлік тасымалдау (ұшақты жалға алу), туристік саяхаттарды ұйымдастыру, өндірістік-коммер­циялық операциялар, құрылыс және жобалау, т.б.

Әуе саяхаттарды жоспарлау мен ұйымдастыру кезінде мамандар білу керек:

– әуе ұшулардың нормативті-құқықтық базасын;

– әуе компаниялардың қызметін;

– әуе билеттерді брондау жүйесін;

– жүктерді тасымалдау ережелерін;

– чартерлік тасымалдауды ұйымдастырудың ерекшелігін;

– әуежайларда қызмет көрсету жүйелерін;

– әуе компания мен туристік мекеме арасындағы өзара қызмет тәртібін;

– әуе маршрутындағы туристік топ басшысының жұмысын ұйым­дастыру және құқықтары мен жауапкершілігін;

– ұшулардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін;

– жолаушыларды сақтандыру тәртіптерін және т.б.

Қазақстан Республикасы «Көлік туралы» заңы көлік мекеме­лердің клиент алдындағы жауапкершілік жүйесін және кейбір жолаушыларды тасымалдау үшін жеңілдіктерді анықтады. Кейбір әуе компаниялар Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, еңбек мүгедек­теріне, кейбір студенттерге арнайы маусымдық тарифті қолда­нады. Келісімдерді жасаған кезде басқа да жеңілдіктер түрлері туралы жағдайлар айтылады. Әуе компанияларда келісімдердің стандартты формалары бар. Туристік мекемеге тек қана өздерінің реквизиттерін жазу және қолының үстіне мөр басу керек. Ол шағын топтарды тасымалдау кезінде ғана жасалады. Егер чартерлік рейс ұйымдастырылса, онда келісім әрбір туристік мекемелермен жасалады.

Әуе билеттер түрлері:

1) Көшірілетін автоматтық билет («Сэндвич»), («Transitional Automated Ticket – TAT»);

2) Отыру талоны бар автоматтық купонды билет (Automated Ticket/Boarding Pass);

3) Қолымен жазып алу билеті (manual Issued Ticket);

4) IATA-ның нейтралды бланклері;

5) Электронды билет (Electronic Ticket).

Көпшілік туристік саяхат ұйымдастыруда туристерді әуе чартер бойынша тасымалдау кең таралуда. Олар туристер мен әуе компанияларға топтамалық маршруттар кезінде қолайлы болып табылады. Чартер ағылшын тілінен аударғанда кеме иесі және арендаға алушы арасында, бүкіл кемені немесе оның бөліктерін белгіленген рейс немесе мерзімге алу келісімі дегенді білдіреді. Чартерлік рейстер әуе компаниялар мен тур фирмалардың келісімінің салдарынан пайда болады, әуе компаниялар өзінің тұрып қалған ұшақтарын пайдалану, ал турфирмалар билеттерді арзанырақ сатып алу мақсатымен көзделеді.

Чартерлік рейстің тұрақты рейске қарағанда бірнеше ерек­шелігі бар:

– тұрақты ұшулардың кестелерінде оның жоқ болуы;

– маршрутты әуе компания емес, тапсырыс беруші тағайын­дайды;

– тұрақты рейске қарағанда арзанырақ болып табылады.

Барлық чартерлік рейске билет сатып алған жолаушының тұрақты рейске қарағанда, бару пунктіне уақытында бармау мүмкіндіктері жоғары. Чартерлік рейстер ішкі және халықаралық байланыстарда, тұрақты жасалған және жаңа енгізілген маршрут­тар арқылы ұйымдастырылуы мүмкін.

Чартерлік әуе маршрутты ұйымдастыру – ол қиын процесс, ол есептеуді көп қажет етеді. Әуе компанияға рейс нөмірін білу, «әуе коридорын» дайындау, ұшақтың тоқтау жерлерін, тоқтаудың бағасын және т.б. анықтау керек.

Чартерлік рейстер түрлері. Чартерлік тасымалдау кезінде тапсырыс берушінің рөлінде әрбір ұйым болу мүмкін: ірі іскерлік құрылым, туристік фирма, өнеркәсіп мекемелері, оқу орны, қоғамдық-саяси партия, т.б. Осы ұйымдар әуе кемелерді келесі мақсаттармен жалға алады:

– өздерінің қызметкерлерін іскерлік немесе басқа мақсаттармен тасымалдау үшін, туристерді демалу орнына жеткізу үшін;

– жанкүйерлерді – спорттық шаралар өткізілетін орындарына;

– діни адамдарды – табыну орталықтарына;

– конгрессмендерді – конференциялар, съездер, т.б. өткізу орындарына жеткізу.

Осыған орай, әлемдік тәжірибеде чартерлердің коммерциялық түрлерінің бірқатарын ажыратады.

Жабық чартер. Оның ерекшелігі: өзінің қызметкерлерін тасымалдау үшін мекеме толық төлейді. Ереже бойынша, осындай тасымалдаудың маршруттары тұрақты әуе жолдарына кірмейді. Жабық чартер чартерлік рейстердің жалпы көлемінде аз ғана пайызды алады.

Мақсатты чартер. Ол бір мақсатпен жиналған (футбол жанкүйерлері, спортшылар, т.б.) жолаушылардың арнайы топтарын тасымалдау. Чартерге тапсырыс беруші, мүшелеріне тасымалдауды жартылай төлейтін ұйымдар болып табылады.

Инклюзив-тур чартер. Ереже бойынша, ол негізінен туристік фирма төлеген және ұйымдастырған, туристерді тасымалдау. Осындай жағдайда туристерге ұшу арзан болып келеді, себебі әуе чартер кезінде әуе билет саны, ең арзан жеңілдік тарифтермен салыстырғанда 30-50%-ке төмен. Инклюзив-тур чартер және мақсатты чартерлерге қарағанда чартерлік нарықтағы әуе тасымалдаулардың ең кең тараған түрі.

Блок чартер. Осындай вариант тапсырыс берушінің тұрақты рейс ұшағында тек қана коммерциялық бөлігін сатып алу (20-30 орын) кезінде жасалады. Мұндай жағдайда төлем барлық орындар блогына жасалады. Оған сатып алынған орындардың барлығы немесе барлығы емес толтырылғанына тәуелсіз. Блок-чартер, негізінен, турфирмаларда ұшақты арендаға алу үшін туристердің қажетті саны болмаған жағдайда жасалады. Блок-чартер әуе компанияларға кейбір уақытта пайдасыз болып табылады, себебі әуе билеттерді төмен бағамен сату жасалады. Бірақ маусымның шыңында, билетке деген сұраныс жоғары болғанда тасымал­даушылар туристік фирмаларға осындай қызмет көрсетуден бас тартпайды.

Мақсатты емес чартер. Әуе жолаушылардың тобы саяхаттық мақсатына тәуелсіз, таңдалатын тасымалдау түрі. Осындай тасымалдау түрінің ұйымдастырушысы көлік компаниясы болуы мүмкін.

Сплит чартер. Жолаушыларды тасымалдаудың ең қиын түріне жатады. Олар маршруттың әртүрлі аумақтарында тұрақты немесе тұрақты емес рейстермен жасалады. Осыған қоса жасақталған топ ішіне әртүрлі пунктке баратын жолаушылар кіруі мүмкін.

Ұшақты пайдалану жағдайына байланысты чартерлерді бірнеше түрге бөлуге болады: бір реттік чартер, тайм-чартер және чартерлік тізбек.

Бір реттік чартер. Ұшақ туристерді бару пунктіне дейін жеткізіп, қайта оралады. Егер рейс «Сол жаққа және қайта келуге» жоспарланса, онда біраз уақыттан кейін, ұшақ туристерді қайтару үшін келу керек. Осындай тасымалдау кезінде әуе кемені жалға алушы ұшуларды белгіленген мерзімге тапсырыс береді және осы берілген уақыттарда әуе компания чартерлік рейсті орындау үшін әуе кемені беру керек. Басқа уақытта тасымалдаушы осы ұшақты өзінің жоспарымен байланысты пайдаланылады. Бір реттік чартерлер сирек қолданылады, себебі олар отынға көп шығынды қажет етеді.

Тайм-чартер. Әуе кемені уақыттың белгіленген мерзімінде жалға алу. Осы жағдайда жолаушыларды жеткізген ұшақ қайта оралмайды; ол келген әуежайда туристердің қайта ұшуын күтеді. Кейде тайм-чартерді «тұрып қалған бір реттік чартер» деп айтады. Егер туристердің болу мерзімі ұзақ болмаса, тайм-чартер тапсырыс берушіге ыңғайлы. Осы жағдайда тапсырыс беруші ұшақты пайдалану уақыты үшін, әуежайда ұшақтың тұруына байланысты қосымша шығындарды, экипажды орналастыру мен тұру шығындарын, ал кей уақытта кемені тұрақты рейстер алғаны үшін тасымалдаушының шығындарын өтеу үшін төлейді.

Чартерлік тізбек. Ол «Сол жаққа және қайта оралу» схемасы бойынша чартерлік тасымалдауды тұрақты кезеңділікпен жасайтын чартер түрі. Ол бір туристік топты әкетеді де, келесі топты алып келеді. Олар тұрақты тасымалдауларға өте ұқсас болып келеді. Чартерлік тізбек, негізінен, төрт-бес ай уақыт мерзімінде, аптасына бір-екі реттік рейстер ұйымдастырылады. Әрбір чартерлік тізбектің рейсі біткеннен соң әуе кемесі әуе компаниясымен өз келісімі бойынша пайдаланылады, бірақ жаңа ұшу мезетіне ол тапсырыс берушіні баратын әуежайға әкелу керек. Чартерлік рейс басталатын пунктке ұшақты уақытында жеткізу үшін жауапкершілікті тасымалдаушы өзіне алады. Туристік фирма әуе кемелерін тасымалдау басталатын пунктке жеткізу үшін ақы төлемейді.

«Эйр Астана» әуекомпаниясы 2001 жылы тіркеліп, ең бірінші рейс 2002 жылғы 15 мамырда Алматы-Астана бағыты бойынша «Боинг-737» әуе кемесінде орындалды. Рейстің ашылу салта­натына Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев және Сэр Ричард Эванс қатысты. Әуекомпанияның акционерлері – Қазақстан Республикасы Үкіметі және ұлыбританиялық компания «BAE Systems».

Акциялық үлестің 51 пайызын үкімет («Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ), ал 49 пайызын «BAE Systems» (Ұлыбритания) компаниясы иеленген біріккен кәсіпорындағы акционерлердің әріптестік қарым-қатынастары әуекомпанияның даму тарихында тұрақты болды.

Әуекомпанияның жаңа ұрпақтық ұшақтарды пайдалану арқылы ішкі және халықаралық әуе тасымалдарды қауіпсіздік және сервистің өте жоғары стандарттарына сәйкес орындау миссиясы тұрақты болды. Бұл экономикалық дамуы өте қарқынды елдердің бірі саналатын Қазақстанның мұқтаждықтарын қанағат­тандырады. «Эйр Астана» – Қазақстандағы ЕАҚА (Еуропалық Авиация Қауіпсіздігі Агенттігі) куәландырған ұшақтарға 145 нұсқауының талаптарына сәйкес техникалық қызмет көрсететін жалғыз әуекомпания.

Бүгінгі таңда «Эйр Астана» әуепаркі батыста жасалған 21 ұшақтан тұрады және олардың орташа пайдаланым мерзімі 5 жылды құрайды. Әуе желі 50-ден астам ішкі және халықаралық бағыттарды қамтиды. Бүгінгі күнге дейін «Эйр Астана» 2,3 миллион жолаушыны тасымалдады. 2000-нан астам жұмыс орнымен қамтамасыз ететін әуекомпанияның жоғары білікті жұмыс күші негізінен жергілікті қызметкерлерден, сондай-ақ тәжірбиелі шетелдік мамандардан құралған. 2005 жылдың күзінен әуекомпанияны авиация саласында 25 жылдан астам басқару тәжірибесі бар Питер Фостер басқарып келеді. Әуекомпанияның президенті «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Бозымбаев басқаратын Директорлар Кеңесіне есеп береді.

Жақында әуекомпания «Эйрбас-320» және «Боинг-787» ұшақ­тарын сатып алуға тапсырыс берді. Бұл оның әуекемелерді 2015 жылға қарай 34 бірлікке, ал 2022 жылы 63 бірлікке дейін арттыру мақсатына сай келеді. Жаңа заманғы әуепарктің болуына, ішкі және халықаралық ұшулардың неғұрлым сенімділігін әрі ыңғайлығын қамтамасыз етуге бағытталған серпінді техникалық-сервистік инновацияларды енгізіп, отыруына қарай «Эйр Астана» ТМД аумағындағы әуекомпаниялардың ішінде көшбасшы ретінде танылып отыр.