ГЕОГРАФИЯ

1. Мазмұнына қарай карталар ...бөлінеді: A) 3 B) 2 C) 4 D) 5 E) 1
2. Тәуліктегі ауа құбылысы: A) Ауа массалары B) Ауа райы C) Климат D) Жергілікті желдер E) Жауын шашын
3. Жер бетіндегі мемлекеттер саны. A) 345 B) 420 C) 230 D) 100 E) 510
4. Төрт мұхитпен ұласып жатқан материк: A) Солтүстік Америка B) Еуразия C) Оңтүстік Америка D) Африка E) Аустралия
5. Қазақстанмен шектесетін елдер: A) Түркменстан, Үндістан B) Ресей, Иран C) Қытай, Монғолия D) Ресей, Үндістан E) Өзбекстан, Қытай
6. Жердің ішкі құрылысы: A) Ядро, мантия, жер қыртысы. B) Атмосфера, биосфера, гидросфера. C) Атмосфера, ядро, биосфера. D) Мантия, гидросфера, литосфера. E) Литосфера, биосфера, атмосфера.
7. Солтүстік мұзды мұхитқа құятын өзендер: A) Инд, Ганг, Тигр. B) Янцзы, Хуанхэ, Амур. C) Әмудария, Еділ, Іле. D) Дунай, Днепр, Висла. E) Обь, Енисей, Лена.
8. Қазақстанның батысында орналасқан ойпат. A) Тұран. B) Каспий маңы. C) Батыс Сібір. D) Құлынды. E) Есіл.
9. Ауа райын болжайтын адамдар. A) Экологтар. B) Геологтар. C) Синоптиктер. D) Гидрологтар. E) Гляциолоролог.
10. Обь өзенінің ірі сол жақ саласы. A) Үлкен өзен. B) Арыс. C) Ойыл. D) Ертіс. E) Аягөз.
11. Отын-энергетика байлықтары. A) Фосфорит, никель. B) Апатит, мыс. C) Көмір, темір. D) Жаңғыш тақтатас, хромит. E) Газ, мұнай.
12. Солтүстік Қазақстанда мал шаруашылығының басым өркендеген бағыты: A) Етті, сүтті-етті. B) Етті-жүнді. C) Етті-сүтті, мүйізді ірі қара. D) Сүтті-етті. E) Сүтті.
13. Табиғатты қорғау туралы халық мақалы. A) “Еңбектің наны тәтті”. B) “Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей”. C) “Не ексең, соны орасың”. D) “Өз ұясын ластаған құс жаман”. E) “Еңбегіне қарай - өнбегі”.
14. Латын Америкасындағы аса ірі кофе өндіруші елдер: A) Бразилия, Колумбия. B) Чили, Аргентина. C) Аргентина, Уругвай. D) Куба, Венесуэла. E) Венесуэла, Перу.
15. Солтүстік Американың Атлант мұхиты жағалауындағы отырықшы халық ... қоныс аударғандар. A) Скандинавия елдері мен Исландия аралынан B) Аустралиядан C) Қытайдан D) Орталық және Оңтүстік Еуропа елдерінен E) Үндістаннан
16. Жетісу өзендері. A) Ойыл, Сағыз. B) Сырдария, Амудария. C) Қаратал, Лепсі. D) Есіл, Тобыл. E) Жем, Жайық.
17. Өндіргіш күштер дегеніміз - A) Өндіріс процесінде жұмыс процесін өзара бөлісу. B) Қоғамдық еңбек бөлінісі. C) Еңбек нәтижесі. D) Өндіріс құралдары мен оларды іске қосатын адамдар. E) Өндірістік қатынастар.
18. Ақтау химия зауытынан ... өндіріледі. A) пластмасса B) жасанды тамақ C) жуу заттары D) синтетикалық каучук E) тыңайтқыштар
19. Қарақұмық жармасын шығаратын зауыт: A) Текеліде. B) Семейде. C) Алматыда. D) Аягөзде. E) Өскеменде.
20. Үндістан Қазақстанға ... береді. A) шәй, дәрі-дәрмек, тұрмысқа қажетті заттар B) автомашиналар C) мұнай және газ D) тоқыма бұйымдарына арналған құрал-жабдықтар E) пайдалы қазбалар
21. Батыс Қазақстандағы бағалы балық тұқымы- A) Бекіре. B) Алабұға. C) Шортан. D) Қызыл балық. E) Жайын.
22. Халқының көбі ауылдық жерде тұратын елдер A) Шығыс және Оңтүстік Азия B) Латын Америкасы C) Батыс Еуропа D) Шығыс Еуропа E) Аустралия
23. Парсы шығанағында мұнай өндіруден алдыңғы орында: A) Катар. B) Кувейт. C) Ирак. D) Сауд Аравиясы. E) ОАР
24. Дүние жүзіндегі гүл өсіруге жақсы маманданған ел: A) Исландия. B) Италия. C) Германия. D) Франция. E) Нидерланды.
25. Гималай тауларындағы субальпілік биік шөптесін шалғындар ... биіктікті алып жатыр. A) 3000 м - 3500 м B) 2500 м - 3000 м C) 5000 м - 5500 м D) 3500 м - 4500 м E) 4000 м - 5000 м
26. Қазақстан ... қорынан дүниежүзінде бірінші орында. A) қорғасынның B) мырыштың C) хромның D) никельдің E) марганецтің
27. Өнеркәсіптің «Б» тобының құрамына ... кіреді. A) транспорт және байланыс B) тоқыма және полиграфия C) жылу және металлургия D) мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы E) орман және химия
28. Ғылыми-техникалық прогресстің негізгі бағыттарының бірі: A) Ауыл шаруашылығын дамыту. B) Халық шаруашылығын электрлендіру. C) Топырақ эрозиясымен күресу. D) Халық шаруашылығын мелиорацияландыру. E) Халық шаруашылығын химияландыру.
29. Демографиялық проблеманың мәні: A) Болар-болмас халықтың өсуі. B) Халық өсімінің жылдамдығы. C) Халықтың ұдайы өсуінің бұзылуы. D) Демографиялық жарылыс. E) Демографиялық дағдарыс.
30. Қытайда мұнайды 50%-тен астам өндіретін кен орны: A) Чэнду. B) Юйминь. C) Чуньцын. D) Далянь. E) Дацин.

99-вариант