ГЕОГРАФИЯ

1. Ұсақ масштабты анықтаңдар: A) 1 : 1 000 000 B) 1 : 500 000 C) 1 : 50 000 D) 1 : 25 000 E) 1 : 200 000
2. Халықтың саны жөнінен 1- орын алатын ел: A) АҚШ B) Үндістан C) ГФР D) Аустралия E) Қытай
3. Қазақстандағы экономикалық аудандар: A) 6 B) 4 C) 3 D) 5 E) 10
4. Көп бөлігі оңтүстік жарты шарда орналасқан мұхит A) Тынық B) Саргасс теңізі C) Солтүстік Мұзды D) Үнді E) Атлант
5. Географиялық қабықтың дамуына жиі кері әсер ететін …: A) Таулардың бұзылуы B) Адамның іс-әрекеті C) Өсімдік D) Жануар E) Күн мен түннің алмасуы
6. Қазақстанның дала зонасының ірі құсы. A) Қырғауыл. B) Кекілік. C) Шағала. D) Бірқазан. E) Дуадақ.
7. Күріш ... өзенінің бойында егіледі: A) Сырдария. B) Нұра. C) Торғай. D) Талас. E) Ертіс.
8. Қоғамның табиғатқа «қысымы» кенет артқан ғасыр: A) XVI ғ. B) XVII ғ. C) XIX ғ. D) XV ғ. E) XX ғ.
9. Африкадағы ең ежелгі мемлекет: A) Намибия. B) Египет. C) Алжир. D) Ангола. E) Нигерия.
10. Еyропаның ірі өзен артериясы: A) Прут. B) Луара. C) Дунай. D) Сена. E) Темза.
11. Күнделікті тұрмысқа қажетті техника, теледидар, т.б. өнімдер шығарылады: A) Аягөзде. B) Алматыда. C) Петропавлда. D) Семейде. E) Астанада.
12. Маңғыстау мен Атырау-Ембі мұнайын өңдейтін жер: A) Павлодарда. B) Ресейде. C) Шымкентте. D) Торғайда. E) Атырауда.
13. Қара металдар: A) Уран, ванадий. B) Никель, aлюминий. C) Темір, хром. D) Мыс, қорғасын. E) Алтын, күміс.
14. Топырақ деп ... айтамыз. A) таулардың үгілуін B) шаң - тозаңды, батпақты C) құммен араласқан өсімдікті D) жердің беткі, жұқа, құнарлы қабатын E) шөлдегі батпақты жерлерді
15. Үндістан Қазақстанға ... береді. A) мұнай және газ B) шәй, дәрі-дәрмек, тұрмысқа қажетті заттар C) тоқыма бұйымдарына арналған құрал-жабдықтар D) пайдалы қазбалар E) автомашиналар
16. Мұхиттан су құрамымен, ағысымен және тіршіліктерімен өзгеше мұхиттың бір бөлігі: A) Сарқырама. B) Бұғаз. C) Өзен. D) Теңіз. E) Көл.
17. Жүн өндіруден дүниежүзінде 1-ші орындағы мемлекет: A) Қытай. B) Жаңа Зеландия. C) Үндістан. D) Австралия. E) Жапония.
18. ҒТР-дің құрамдас бөліктері: A) 1 B) 2 C) 4 D) 5 E) 3
19. Су тамшыларының ауада шоғырлануы: A) Бұлт. B) Шық. C) Қар. D) Жаңбыр. E) Бұршақ.
20. Еуропа мен Азия дүние бөліктерінің арасындағы шекара тау: A) Сарыарқа. B) Қаратау. C) Орал тауы. D) Іле Алатауы. E) Жоңғар Алатауы.
21. Қай өзен аңғары күрiш өлкесi: A) Шу. B) Сырдария. C) Талас. D) Сарысу. E) Есiл.
22. Өндірістің өнім шығаруға бөлетін шығыны (теңгемен есептегенде) ... деп аталады. A) өзіндік құн B) мамандану C) жеке бір салаға мамандану D) кіріктіру (интеграция) E) ұлттық табыс
23. Құрғақшылық қандай ауа массасына байланысты: A) Қоңыржай континенттi. B) Тропиктiк теңiздiк. C) Тропиктiк континенттi. D) Қоңыржай теңiздiк. E) Арктикалық.
24. Сұр топырақты орман зонасы: A) Экваторлық орман зонасы. B) Қылқан жапырақты орман. C) Жалпақ жапырақты орман зонасы. D) Ылғалды субтропиктер зонасы. E) Орманды тундра.
25. Куба ең үлкен арал-мемлекет ... км-ге созылып жатыр. A) 1000 B) 2000 C) 2300 D) 1250 E) 1500
26. Темірдің ірі кен орындарының шоғырланған аймақтары: A) Қаратау, Маңғыстау, Сауыр. B) Саяқ, Лисаков, Лениногор. C) Кенді Алтай. D) Қашар, Текелі. E) Торғай қолаты, Қаражал, Атасу.
27. Үстірт қорығы ұйымдастырылған жыл. A) 1982 жыл. B) 1984 жыл. C) 1980 жыл. D) 1981 жыл. E) 1983 жыл.
28. Континентаралық жолаушылар тасымалдауда 1-ші орындағы көлік түрі: A) Әуе көлігі. B) Өзен көлігі. C) Теңіз көлігі. D) Автомобиль көлігі. E) Теміржол көлігі.
29. Аталғандардың ішіндегі ұлттық дін - A) христиан, ислам, синтоизм. B) ислам, христиан. C) будда, индуизм, ламаизм. D) будда, ислам. E) синтоизм, конфуциан, индуизм.
30. Республикамыздың көлік кешенін ... құрайды. A) темір жол, автомобиль жолы, әуе, су, құбыр жолдары, телекоммуникация B) құрлық, су жолдары C) телекоммуникация, әуе жолдары D) құбыр, құрлық жолдары E) әуе жолы, темір жол, су, құбыр жолдары

35-вариант