ГЕОГРАФИЯ

1. Құрлыққа еніп жатқан мұхиттың бөлігі : A) түбек B) шығанақ C) Арал D) бұғаз E) теңіз
2. Кез- келген нүктенің меридианнан қашықтығы A) географиялық бойлық B) параллель C) географиялық ендік D) градус торы E) меридиан
3. Мұнайды игеруге қатысатын шетел компаниясы: A) Шеврон B) Фиат C) Нестле D) Ауди E) Филлипс
4. Өзара байланысты бірнеше компоненттерді немесе құбылыстарды көрсететін : A) топрақ картасы B) комплексті карта C) жалпыгеографиялық карта D) саяси карта E) тақырыптық карта
5. Гималай тауының биік нүктесі: A) Монблан B) Винсон тауы C) Мак- Кинли D) Аконкагуа E) Джомолунгма
6. Нәсілдік белгілер ... берілуіне байланысты. A) күн радиациясына B) әлеуметтік жағдайына C) климатқа D) ата-анасынан ұрпақтарына E) табиғат жағдайына
7. Солтүстік Қазақстанда мал шаруашылығының басым өркендеген бағыты: A) Етті-сүтті, мүйізді ірі қара. B) Етті, сүтті-етті. C) Етті-жүнді. D) Сүтті-етті. E) Сүтті.
8. Оңтүстік-Батыс Азия халқының көпшілігі ұстайтын дін: A) Индуизм. B) Синтаизм. C) Христиан. D) Христиан. E) Ислам.
9. Қазақстанның солтүстіктен оңтүстікке қарай созылуы. A) 1000 км. B) 2200 км. C) 900 км. D) 1600 км. E) 3200 км.
10. Оңтүстік Америкадағы ең ірі мемлекеттің астанасы: A) Тегусигальпа. B) Рио-де-Жанейро. C) Бразилиа. D) Каракас. E) Буэнос-Айрес.
11. Бекіре балығы уылдырығын шашатын өзен. A) Ембі. B) Жайық. C) Ертіс. D) Тобыл. E) Есіл.
12. Қара металлургияның негізгі шикізаты - A) Қорытпалар. B) Қорғасын. C) Темір кені. D) Болат. E) Шойын.
13. Батыс Сібірдің Қазақстан жеріндегі өзендері: A) Жем, Жайық, Сағыз. B) Ойыл, Нұра, Жетісу. C) Ертіс, Тобыл, Есіл. D) Сырдария, Арыс, Шу. E) Іле, Қаратал, Арыс.
14. Озон қабатының бұзылуы, климаттың өзгеруі – бұл: A) Шикізат проблемасы. B) Энергетикалық проблема. C) Экологиялық проблема. D) Соғыс-бейбітшілік проблемасы. E) Азық-түлік проблемасы.
15. Алматы қорығы орналасқан тау. A) Іле Алатауы. B) Қаратау. C) Маңғыстау. D) Талас Алатауы. E) Жоңғар Алатауы.
16. Табиғат ресурстарының барлық түрлері бар елдер: A) Индонезия, ОАР. B) Монғолия, Непал. C) Канада, Кувейт. D) Бутан, Бразилия. E) Қытай, Ресей.
17. Бірдей қысымы бар жерлерді қосатын сызықтар. A) Сызықтар B) Изотерма. C) Изобара. D) Горизонталь. E) Циркуляция.
18. Мұнайды өңдегеннен кейін қалатын сұйық қалдық- A) Керосин. B) Қара май. C) Дизель майы. D) Мазут. E) Гудрон.
19. Кофе экспорттаушы ел: A) Эфиопия. B) Египет. C) Ботсвана. D) Алжир. E) Зимбабве.
20. Көліктің маусымдық түрі. A) Электронды. B) Өзен. C) Теміржол. D) Құбыр. E) Автомобиль.
21. Кәсіптік маңызы балықтар; бекіре, қызыл балық, мөңке (қара балық) ... өмір сүреді : A) Електе. B) Жайықта. C) Кiшi өзенде. D) Жемде. E) Үлкен өзенде.
22. Халық тығыздығы өте жоғары облыстар: A) Ақтөбе, Қызылорда. B) Алматы, Қарағанды. C) Солтүстік Қазақстан, Атырау. D) Ақмола, Маңғыстау. E) Оңтүстік Қазақстан.
23. ... туристерді ең көп қабылдайды. A) Үндістан, Ливия, Монғолия B) Лаос, Түркия, Албания C) Бутан, Мьянма, Болгария D) Венесуэла, Колумбия, Эквадор E) Испания, Франция, Италия
24. Химия өнеркәсібі үшін құндылығы зор өсімдіктер: A) Эфедра, дермене. B) Қызан, картоп. C) Бидай, терек. D) Сұлы, қарағаш. E) Түймедағы, қияр.
25. Хромит, фосфорит, никель рудаларын өндіру және өңдеу өнеркәсіп торабы: A) Петропавл. B) Ембі. C) Орал. D) Маңғыстау. E) Ақтөбе.
26. Дала зонасы Қазақстан аумағының ... алып жатыр. A) 16 % B) 46 % C) 15 % D) 26 % E) 36 %
27. Атлас тауларының солтүстік бөлігінің төменгі белдеуін ... табиғат зонасы алып жатыр. A) биік таулы B) субтропиктегі мәңгі жасыл жерорта теңіздік табиғи өсімдіктер C) тропикалық шөлейт D) антропегендік E) альпілік шалғындар
28. Эфиопия таулы қыратында өмір сүруге және егіншілікке қолайлы белдеуі: A) 200 м - 1000 м. B) 1700 м - 1800 м. C) 2400 м - 3000 м. D) 1800 м - 2400 м. E) 1000 м - 1700 м.
29. АҚШ-тың негізгі космодромы орналасқан штат: A) Калифорния. B) Аляска. C) Мен. D) Флорида. E) Техас.
30. Конденсация: A) Мұндай ұғым жоқ. B) Судың сұйық күйден буға айналуы. C) Су буының сұйық күйге айналуы. D) Судың қатты күйге айналуы. E) Судың қатты күйден буға айналуы.

34-вариант