ГЕОГРАФИЯ

1. Жер бетінің табиғаты, халқы және оның шаруашылық әрекеті туралы ғылым : A) гидрология B) топография C) география D) геология E) картография
2. Тәулігіне бағытын өзгертіп отыратын желдер: A) Батыс желдері B) Сайқан желі C) Ебі желі D) Пассат желі E) Бриз
3. ... «оттегі фабрикасы» деп атайды. A) Балықтарды B) Адамдарды C) Қ±старды D) Өсімдіктерді E) Жануарларды
4. Жер қыртысының құрылысы : A) магмалық, метаморфоздық B) шөгінді, мрамор, тас көмір C) шөгінді, гранит, базальт D) саз, әктас, гранит E) гранит, әктас, базальт
5. Солтүстік Мұзды мұхиттағы мұздың қалыңдығы : A) 1,5 м B) 10 - 15 м C) 2 - 4 м D) 1 м E) 6 - 9 м
6. Европалық нәсілге жататын халықтар ... тұрады. A) Тек Солтүстік Америкада B) Оңтүстік Америкада C) Антарктидадан басқа барлық материктерде D) Тек Еуропада E) Аустралияда
7. Қазақстан Республикасының ең оңтүстігінде орналасқан облыс: A) Алматы. B) Қызылорда. C) Жамбыл. D) Маңғыстау. E) Оңтүстік Қазақстан.
8. Қазақстан “ Швейцариясы”, деп атанған аймақ: A) Көкшетау. B) Ұлытау. C) Маңғыстау. D) Тарбағатай . E) Мұғалжар .
9. Топырақтың су және жел әрекетінен бұзылуы: A) Мелиорация. B) Құнарлығы. C) Эррозия. D) Кептіру. E) Денудация.
10. Қазақстанда ғылыми-техникалық прогресінде жетекші роль атқаратын сала. A) Ағаш өңдеу. B) Машина жасау. C) Жеңіл өнеркәсіп. D) Отын өнеркәсібі. E) Металлургия.
11. Күнбағыс майын өндіретін ірі зауыт орналасқан қала: A) Талдықорған. B) Өскемен, Алматы. C) Кентау. D) Түркістан. E) Петропавл.
12. Қоғамның табиғатқа «қысымы» кенет артқан ғасыр: A) XX ғ. B) XVII ғ. C) XVI ғ. D) XV ғ. E) XIX ғ.
13. Шөл басу процесы тән аймақ. A) Оңтүстік Америка. B) Азия. C) Еуропа. D) Африка. E) Солтүстік Америка.
14. Жер көлемі бойынша дүниежүзінде 1-орындағы мемлекет: A) Бразилия. B) Канада. C) Қытай. D) Үндістан. E) Ресей.
15. Өзендегі жыл бойғы су шығыны. A) Қатты ағын. B) Жылдық ағын. C) Су шығыны. D) Межень (Саба). E) Баяу ағын.
16. Бетпақдала ... оңтүстігінде орналасқан. A) Тұран ойпатының. B) Сарыарқаның. C) Балқаштың. D) Мұғалжардың. E) Торғай үстіртінің.
17. Маңғыстау облысында орналасқан қорық. A) Марқакөл. B) Наурызым. C) Үстірт. D) Қорғалжың. E) Ақсу-Жабағылы.
18. Республикамыздағы АЭС салынған қала. A) Ақтау. B) Алматы. C) Орал. D) Атырау. E) Ақтөбе.
19. Атырау химия зауыты шығаратын өнім: A) Тыңайтқыш. B) Фосфор. C) Тіс пастасы. D) Шайыр. E) Полиэтилен.
20. Батыс Қазақстандағы бағалы балық тұқымы- A) Жайын. B) Шортан. C) Қызыл балық. D) Бекіре. E) Алабұға.
21. Заң шығаратын ең жоғарғы өкімет билігі парламенттің және өкіметтің қолында болатын басқару түрі. A) Конституциялық монархия. B) Унитарлы. C) Абсолюттік монархия. D) Республика. E) Федерация.
22. Қaзіргі халықтың табиғи өсуінің жылдық көрсеткіші. A) 50-60 миллион адам. B) 15-20 миллион адам. C) 40-50 миллион адам. D) 60-70 миллион адам. E) 85-90 миллион адам.
23. “Болат герцогтығы” мемлекеті: A) Сан-Марино. B) Андорра. C) Лихтенштейн. D) Монако. E) Люксембург.
24. АҚШ-та таскөмірдің 80%-ін беретін бассейн: A) Ұлы көлдер. B) Пенсельвания. C) Аляска түбегі. D) Аппалач. E) Колифорния.
25. Альпі тауларындағы шыршалы ормандардың биіктік белдеуі ... басталады. A) 700 м B) 500 м C) 2300 м D) 1500 м E) 2000 м
26. Географиялық қабықтың біртұтастығы – бұл … A) адамның шаруашылық іс-әрекеті. B) табиғат компоненттерінің өзара байланысы мен өзара тәуелдігі. C) табиғи құбылыстардың уақытылы қайталанып келуі. D) табиғат кешендерінің қалыптасу тарихы. E) экваторлық полюске қарай табиғат компоненттері мен кешендерінің өзгеруі.
27. Қазақстанның солтүстік облыстарында жауын-шашынның көп жауатын кезі. A) Қыста. B) Жазда. C) Күзде. D) Жылдың барлық мезгілінде бірдей. E) Көктемде.
28. Өнеркәсіптің «Б» тобының құрамына ... кіреді. A) тоқыма және полиграфия B) жылу және металлургия C) орман және химия D) мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы E) транспорт және байланыс
29. Қазақстан Республикасының сирек металл кен орындары бар аудандар. A) Орталық, Шығыс. B) Солтүстік, Каспий жағалауы. C) Батыс, Солтүстік. D) Оңтүстік, Солтүстік. E) Батыс, Шығыс.
30. Батыс аудандары арқылы өтетін темір жол - A) Орынбор-Ташкент. B) Түркістан-Сібір. C) Орта Сібір. D) Оңтүстік Сібір. E) ТрансҚазақстан.

20-вариант