ГЕОГРАФИЯ
1. Жердің бетін оның үстіңгі жағынан кішірейтіп бейнелейтін сызба : A) карта B) план C) атлас D) глобус E) аэрофотосурет |
2. Адамның негізгі нәсілдері A) 4 B) 3 C) 5 D) 2 E) 6 |
3. Жер бедерінің платформаға сәйкес бөлігі : A) мұхит шұңғымалары B) биік тау массивтері C) жазықтар D) аласа таулар E) үстірттер |
4. Солт‰стік Американың көп бөлігін қамтитын климаттық белдеу A) Арктикалық B) Қоњыржай C) Тропикалық D) Субтропикалық E) Субарктикалық |
5. Екібастұз көмірінің басты қолдану бағыты: A) ЖЭС, МАЭС-да жағылады B) Атырауға тасымалдайды C) Химия өнеркәсібінде пайдаланады D) Металлургия өнеркәсібіне пайдаланады E) Қостанайға тасымалдайды |
6. Ауаның горизонталь бағытында қозғалуы: A) Толқындар. B) Сағым. C) Жел. D) Цунами. E) Штиль (Тымық). |
7. Қазақтың тұңғыш геолог ғалымы: A) Н.Баранский. B) И.Герасимов. C) И.В. Мушкетов. D) С.Неуструев. E) К.Сатбаев. |
8. Жер бетіне тура түсетін күн сәулелері. A) Шағылған радиация. B) Тура радиация. C) Жұтылған радиация. D) Шашыранды радиация. E) Жиынтық радиация. |
9. Қызғылт күрең топырақтың құнарлы жерлерi ... жарамды. A) бұғы шаруашылығына B) мал шаруашылығына C) бау-бақшаға D) шабындыққа E) егiн шаруашылығына |
10. Каспий қайраңының негізгі байлығы. A) Мұнай, газ. B) Мыс рудалары. C) Көмір, мұнай. D) Фосфориттер. E) Темір рудалары. |
11. Қазақстанның ішкі көшіп-қонуы басым қалалары: A) Маңғыстау, Тараз. B) Астана, Павлодар, Алматы. C) Алматы, Өскемен. D) Қостанай, Ақтау, Семей. E) Тараз, Арқалық. |
12. Электроэнергияны көп пайдаланатын: A) Ауыл шаруашылығы. B) Көлік. C) Байланыс. D) Өнеркәсіп. E) Тамақтандыру қоғамы. |
13. Күріш ... өзенінің бойында егіледі: A) Торғай. B) Талас. C) Ертіс. D) Сырдария. E) Нұра. |
14. Жұмыс күшін тартатын негізгі үш оpталық. A) Африка. B) Латын Америкасы елдері. C) Батыс Еуропа, АҚШ, Парсы шығанағы елдері. D) Үндістан, Жапония, Индонезия. E) Кариб бассейні елдері. |
15. Еуразияның солтүстік орман зонасының өсімдік түрлері: A) жалпақ жапырақты ормандар. B) ылғалды ормандардың кезектесіп келуі. C) бұталар. D) мәңгі жасыл қылқан жапырақты ормандар. E) аралас орман. |
16. Төменде көрсетілген табиғат кешендерінің қайсысы антропогендік деп аталады? A) Бақшалар және су қоймалары. B) Батпақтар және көлдер. C) Өзендер және ормандар. D) Аңғарлар мен төбелер. E) Аралдар және бұғаздар. |
17. Қазақстан өзендерi қай алапқа жатады: A) Солтүстiк Мұзды мұхит және Атлант мұхиты. B) Iшкi ағынсыз. C) Солтүстiк Мұзды мұхит және iшкi ағынсыз. D) Атланта мұхиты. E) Солтүстiк Мұзды мұхиты. |
18. Наурызым қорығының сүтқоректілері. A) Сұңқар, шортан, түлкі. B) Ақбөкен, безгелдек, бекіре. C) Кесіртке, сазан, қасқыр. D) Қоян, түлкі, қасқыр. E) Қарақұйрық, сұр кекілік, ақбөкен. |
19. Химия өнеркәсібінің салалық құрамы: A) Табиғи шикізат, кен химиясы. B) Түсті металдар, негізгі химия. C) Металургия қалдықтары кен химиясы, негізгі химия. D) Кен химиясы, негізгі химия, органикалық синтез химиясы. E) Фосфорит қоры, органикалық синтез химиясы. |
20. Маңғыстау түбегінің табиғи ресурстарын игеруге кедергі келтіретін жағдайлар: A) Су ресурстарының тапшылығы. B) Құрылыс материалдарының тапшылығы. C) Көлік жолдарының жетіспеушілігі. D) Мұнай қорының тапшылығы. E) Көмірдің тапшылығы. |
21. Евразияның солтүстік орман белдеуіндегі ағаш түрлері: A) Жалпақ жапырақты. B) Қылқан жапырақты. C) Тоғайлар. D) Сирек ормандар. E) Бұталар. |
22. “Үлкен жетілік” мемлекеттерінің бірі: A) Италия. B) Нидерланды. C) Испания. D) Австрия. E) Швеция. |
23. АҚШ-тың “экономикалық келбеті”: A) Автомобиль жасау. B) Қара металлургия. C) Химия өнеркәсібі. D) Энергетика. E) Тамақ өнеркәсібі. |
24. Австралияның ауыл шаруашылығының маманданған саласы: A) Егіншілік. B) Ірі қара мал өсіру. C) Қой өсіру. D) Балық аулау. E) Құс өсіру. |
25. Мәскеудің Оңтүстік-Батысында орналасқан қырат: A) Волжск маңы. B) Днепр маңы. C) Қара теңіз маңы. D) Орта орыс қыраты. E) Каспий маңы. |
26. Жаңа технологияны пайдаланып, ғылыми-техникалық жетістіктерді жүзеге асыруды ... дейміз. A) өндірістің тиімділігі B) ішкі өнім C) интеграция D) өндірісті экстенсивтендіру E) өндірісті интенсивтендіру |
27. Мамандандыру мен кооперативтендіру кең тараған өндіріс саласы. A) Көлік. B) Ауыл шаруашылығы. C) Металлургия. D) Тамақ өнеркәсібі. E) Машина жасау. |
28. Қостанай жерінен басталып, Ұлы Сібір магистраліне қосылатын темір жол: A) Оңтүстік Сібір. B) Трансқазақстан. C) Түркістан-Сібір. D) Орынбор-Ташкент. E) Орта Сібір. |
29. Қоршаған ортаның ластануына байланысты ... мынадай сипаттама берді: «Ертеде адам табиғаттан қорқатын еді, енді табиғат адамнан қорқатын болды» A) В.И.Вернадский B) Тур Хейердал. C) Н.Н.Баранский D) А.И.Витвер E) Жак Ив Кусто |
30. Куба ең үлкен арал-мемлекет ... км-ге созылып жатыр. A) 1000 B) 2000 C) 1250 D) 2300 E) 1500 |
10-вариант