С И Л Л А Б У С
Педагогика пәні бойынша
5В010400 «Бастапқы әскери дайындық», 5В010800 «Дене шынықтыру және спорт», 5В010700 «Бейнелеу өнері және сызу» мамандықтары үшін
оқыту түрі : күндізгі
курс : 2
семестр : 3
кредит саны: 3
барлық аудиториялық сағат саны : 135, соның ішінде :
дәрістер : 30
іс – тәжірибелік сабақтар : 15
ӨСӨЖ : 45
СӨЖ : 45
Емтихан : 3семестр
Талдықорған 2015 ж.
Оқытушы туралы мәлімет
Рысбекова Р.М. – п.ғ.к., педагогика және психология кафедрасының доценті
Сабақ уақыты: кесте бойынша
Консультация уақыты: сәрсенбі, сағ 15-00, ПжП кафедрасында, 211 ауд
Қатынас телефоны: 87012860487, үй тел: 24-16-28.
эл. адрес- ryszhan_rysbekova@mail.ru
Пәннің пререквизиттері: «Педагогика» оқу пәнін меңгеру үшін студенттер Қазақстан тарихы, психология және адамның дамуы, әлеметтану, сонымен қатар «Педагогикалық мамандыққа кіріспе» негіздері бойынша білім, біліктілік, дағдыларды игеру қажет.
Пәннің постреквезиттері: Педагогика төмендегі пәндермен өзара байланысты: этнопедагогика, тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі, оқыту әдістемесі (мамандықтар бойынша).
Пәнге берілген қысқаша сипаттама:
Педагогика болашақ мамандарды әртүрлі жастағы адамдарды тәрбиелеу мен білім беру процестерінің ерекшеліктері жайында кәсіби білімдермен қаруландырады, әртүрлі жағдайдағы оқу-тәрбие процестерін жобалауға және жүзеге асыруға , оның нәтижесін бағалауға көмектеседі. Соған сәйкес оқыту, білім беру және тәрбиелеудің жаңа технологиясы педагогикалық зерттеу жұмыстарында, зертханаларда пайда болды.
Педагогика курсы төрт бөлімнен тұрады.
Адамзат тарихында білім берудің, мектептің және педагогикалық ой-пікірлердің дамуы бөлімінде педагогика тарихы ғылым ретінде, оның даму жолдары және оған үлес қосқан ұлы педагогтар туралы қарастырылады.
Оқу-пәнің мақсаты, пәні мен міндеттері, әдіснамасы, тарихи-педагогикалық зерттеу әдістері мазмұндалады. Тәрбие мен мектептің ежелгі уақыттан бергі : алғашқы қауымдағы, Ежелгі Шығыс және Көшпенді өркениет мемлекеттеріндегі, Орта ғасыр дәуіріндегі, Таяу Шығыста, Орталық Азиялық Ренессанс және Алтын Орда дәуірінде білім беру, Еуропа мен Америка елдері тарихындағы мектеп және педагогикалық ой-пікірлер, Ресей тарихындағы ағартушылық пен мектептің дамуы, Кеңестің кезеңдегі білім беру жүйесі мен педагогика ғылымы, Қазақстан тарихында мектептің, тәрбие мен педагогикалық ой-пікірлердің дамуы, Қазақстандағы XIX- XXғ. білім беру мен педагогика ғылымы, ғасырлар тоғысындағы білім беру жүйесі толық қарастырылады.
Педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері бөлімінде педагогика –қазіргі адамтану саласы, ғылым ретінде танылуы, сонымен қатар педагогика пәнінің негізгі категорялары, олардың өзара байланысы мазмұндалады. Педагогика ғылымының әдіснамасы және оның деңгейлері, тұлға теориясы, іс-әрекет теориясы, басқару теориясы, әлеуметтендіру теориясы туралы баяндалады. Жеке тұлғаны дамытуға, қалыптастыруға, тәрбиелеуге әсер ететін факторларғы сипаттама және білім алушының жеке тұлғалық дамуындағы жас ерекшелік кезеңдеріне сипаттама беріледі. Мұғалімнің зерттеушілік мәдениеті, зерттеушілік іс-әрекет әдістері қарастырылады
Тұтас педагогикалық үдерістің теориясы мен практикасы бөлімінде педагогикалық үдерістің белгілері, сапалары мен қасиеттері өзара байланысы мен бірлігі қарастырылып, тәрбиенің мақсаты – тұтас педагогикалық үдерістің жүйетүзуші факторы ретінде мазмұндалады.
Дүниетанымның құрылымы, әдіснамалық негіздері, оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудағы мұғалімнің кәсіби-педагогикалық құзыреттілігінің маңызы туралы айтылады. Тәрбиенің мақсаты, міндеттері мен мазмұнының өзара байланысы, тәрбиенің дәстүрлі түрлері, ұлттық тәрбиелік әлеует, ҚР тәрбие үдерісінің басымды бағыттары туралы, тәрбие үдерісінің формалары мен әдістері, құралдарының жүйесі туралы баяндалады. Балалар ұжымын қалыптастырудың кезеңдері, заңдары мен атқаратын қызметтері мен құралдары туралы айтылады.
Сыныптың тәрбие жүйесі және оны басқару туралы ұғым, сынып жетекшінің іс-әрекеті, сыныптың тәрбие үдерісін жоспарлау қарастырылады. Сонымен қатар, дидактиканың негізгі категориялары, оқытудың әдіснамалық негізі, мектептегі оқытудағы интерактивті тәсілдері, қазіргі мектептегі электронды оқыту жүйесі, қазіргі мектептегі білім мазмұны туралы қарастырылады. Оқытудың формалары, әдістері мен құралдары, оқушылардың оқу жетістіктерін диагностикалау және тестілеу, тұтас педагогикалық үдерістегі танымдық іс-әрекеттін белсендіру және білім берудегі инновациялық үдерістер туралы баяндалады.
Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін басқару бөлімінде басқарудың мәні және оның негізгі қызметтері, басқару қағидалары, мектептің тұтас педагогикалық үдерісін диагностикалау және жоспарлау туралы толық қарастырылып, мектепшілік бақылаудың формалары және әдістері, мектеп жұмысының барлық жоспар түрлерінің орындалуы, негізгі құжаттардың тізімі және сипаттамасы баяндалады. ҚР-да 12 жылдық орта білім беру моделіне көшу жағдайындағы білім беруді басқарудың жаңа тәсілдері туралы толық қарастырылады.
Мақсаты: Орта білім беру жүйесінде педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыру бойынша болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру.
Міндеттері:
-Болашақ мұғалімдерде педагогикалық құбылыстарға тарихи тұрғыдан негізделген педагогикалық дүниетанымды, педагогикалық категорияларды жете ұғыну біліктілігін қалыптастыру.
-Студенттерді болашақ мұғалімді даярлаудың негізі ретіндегі кәсіби педагогикалық іс-әрекет теориясы туралы білімдермен қамтамасыз ету.
-Болашақ мұғалімдерде өзіндік кәсіби іс-әрекетті жүйелі байқау біліктілігін қалыптастыру.
-Болашақ мұғалімнің кәсіби-маңызды тұлғалық қасиеттерін (ізгілік,педагогикалық ойлау, коммуникативтік дағды,педагогикалық әдеп,толеранттылық және т.б.)дамыту.
-Түйінді құзыреттіліктер жиынтығын (коммуникативтік, ақпараттық және т.б.)қалыптастыру.
-Студенттерге өздігінен білім алу, инновациялық және шығармашылық ғылыми-зерттеу іс-әрекеттеріне дайындығын дамыту.
Жоғары кәсіптік білім берудің мемлекеттік стандартының бітіруші түлек құзыреттілігінеқойылатын талаптатарына сәйкес, студент
- ғылым мен білімнің қоғамдық өмірдегі рөлі туралы;
- әлем білім кеңістігіндегі қазіргі тенденциялар жөнінде;
- 12-жылдық орта білім беретін мұғалімнің кәсіби құзыреттіліктері туралы және т.б.түсінуге;
-педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздерін және оның даму тарихын, әлемдік педагогикалық мұраларды;
- тұтас педагогикалық үдеріс теориясы мен практикасын;
-педагогикалық үдерісті жүзеге асыру технологиясын;
-мектептің педагогикалық үдерісін басқарудың мазмұны мен ерекшеліктерін және т.б. білуге;
-педагогикалық үдеріс заңдылықтарына, тәрбиелік тетіктеріне сәйкес оқу-тәрбие жұмыстарын жобалау және жүзеге асыру;
- Сыныпта негізгі сипаттамасына (өзгермелі) және оның әрі қарай дамуын болжау бойынша оқу-тәрбие үдерісін диагностикалауды іске асыру;
- оқу-тәрбие міндеттерін тұжырымдау, осы міндеттерге адекватты іс-әрекет түрелерін, формалары мен әдістерін таңдау;
- білім беру мен тәрбиелеу үдерісіне өзіндік қатынасын дайындау, тарихтың әр түрлі кезеңдеріндегі білім беру жүйесінің даму тенденцияларын жете ұғыну және т.б.біліктіліктерін игеруге;
- ғылыми-зерттеушілік іс-әрекетті;
- педагогикалық қатынас пен педагогикалық техниканы;
- педагогикалық үдерістің барлық қатысушыларымен субьект-субьектілі өзара әрекеттестікті ұйымдастыру;
-білім беру кеңістігінде педагогикалық технологияларды қолдану;
-мектепішілік менеджмент және педагогикалық диагностиканы;
- педагогикадан алған білімді кәсіптік практиканы өту барысында қлдану, сонымен қатар кәсіби міндеттерді шешу; кәсіби іс-әрекетке байланысты алуан түрлі жағдайлар мен жағдаяттарда икемді және мобиьлі (ұтқыр) болу дағдыларын меңгеруге;
- білім беру жүйесіндегі нормативті құжаттарда бекітілген кәсіби міндеттерді орындауда;
- қазіргі мектептегі кәсіби-педагогикалық іс-әрекет саласында;
- білім беру жүйесін басқару мәселелерінде ;
- кәсіб біліктіліктер мен дағдыларды ары қарай дамыту тәсілдерінде құзыретті болуға міндетті.
Қалыптасатын құзіреттіліктер:
- коммуникативті: қазақ, орыс, шетел тілдері, қарым-қатынас технологиясы, педагогикалық риторика және конфликтология, коммуникативті стратегия саласындағы білімдерді меңгеру, конструкциялық диалог ауқымындағы біліктері мен дағдыларының болуы, көпмәдениетті, көпэтикалы, көпконфессионалды қоғамдағы қарым-қатынас, педагогикалық ынтымақтастыққа қабілетті және толерантты болу;
- технологиялық: педагогикалық инноватика, педагогикалық технология саласындағы білімдерді меңгеру, педагогикалық технологияларды пайдалану мен осы салада іздену, бағалау, саралау және қолдану біліктері мен дағдыларын меңгеру, жаңашылдыққа қабілетті болу, педагогикалық шеберлікті жетілдіруге ұмтылу, ынталылығы мен еңбекқорлығын көрсете білу;
- бақылаушы: педагогикалық менеджмент саласындағы білімдерді меңгеру, педагогикалық мониторингті іске асыру, педагогикалық өлшемдер мен индикаторлар жүйесін жасау, бақылау-бағалау материалдарын әзірлеу, алынған нәтижелерді түсіндіріп беру біліктері мен дағдыларын меңгеру, өзін-өзі бағалау мен өзін-өзі бақылауға, әділдікке, ақиқатқа ұмтылу.
Білімді бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі
Әріппен белгіленген баға | Бағаның цифрлік эквиваленті | Пайыздық мөлшері | Дәстүрлі түрде бағалау |
A | 4.0 | 95-100 | Өтежақсы |
A- | 3.67 | 90-94 | |
B+ | 3.33 | 85-89 | Жақсы |
B | 3.0 | 80-84 | |
B- | 2.67 | 75-79 | |
C+ | 2.33 | 70-74 | Қанағаттанарлық |
C | 2.0 | 65-69 | |
C- | 1.67 | 60-64 | |
D+ | 1.33 | 55-59 | |
D | 50-54 | ||
F | 0-49 | Қанағаттанарлықсыз |
Пән бойынша студенттің білімін балмен бағалау көрсеткіші
Бағаланатын бағдар (позиция) | 1-8 аптадағы бағалау мөлшері | 9-15 аптадағы бағалау мөлшері | Баллдың максималдық (жоғары) мөлшері | Электронды журналға балл қоюдың кезеңі |
Ағымдық бақылау | Әрбір бағалауға 100 баллдан | Апта сайын (бірінші аптадан басқа) | ||
СӨЖ | Әрбір СӨЖ –ге 100 баллдан | 4,7,11, 14 апталарда | ||
Аралық бақылау | Әр аралық бақылауға 100 баллдан | 8 және 15 аптада | ||
Кіру рұқсатының рейтенгісі | R1 | 8 апта | ||
Кіру рұқсатының рейтенгісінің | R2 | 15 апта | ||
Академиялық кезеңдегі кіру рұқсатының рейтенгісі | R= (R1 + R2)/2 | 15 апта | ||
Емтихан | Е | 16-19 апта | ||
Қорытынды баға | І = R*0.6+E*0.4 |
Баға қоюдын критерилері (мысалы),
Бақылау түрі | Максималь дық баға | Оқытушының журналына балл қойылатын мерзімі |
Ағымдық бақылау: қатысу: 1 сағ.-5 балл үй тапсырмасын орындауы, практикалық сабақтың орындалуы белсеңділігі (лекция барысындағы жауаптары....)ОСӨЖ тапсырмасының орындалуы | Әр сабақта | |
СӨЖ 1 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 | 4 апта | |
СӨЖ 2 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 | 7 апта | |
СӨЖ 3 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 | 11 апта | |
СӨЖ 4 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 | 14 апта | |
Аралық бақылау 1: Жазбаша бақылау 1-теориялық сұрақ 2-теориялық сұрақ 3-практикалық тапсырма | 8 апта | |
Аралық бақылау 2: коллоквиум Сұрақ 1- баға 1 Сұрақ 2- баға 2 Сұрақ 3- баға 3 Қорытынды баға: (баға1+баға2+баға3)/3 | 15 апта |
PED 2204 ПЕДАГОГИКА ПӘНІНІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ
№ | Тақырып атаулары | Сағат саны | Апта | |
1-модуль. «Адамзат тарихында білім берудің, мектептің және педагогикалық ой-пікірлердің дамуы» | ||||
1-Лекция. Педагогика тарихы мен білім берудің теориялық – әдіснамалық негіздері | 1-апта | |||
1-Практикалық сабақ. Тарихи –педагогикалық зерттеулердің әдістері, әдіснамасы | ||||
бақ 1.Вавилонның ежелгі жазбаларындағы тәрбиелік құндылықтар. 2.«Кестелер Үйі»- Ежелгі Месопотамиядағы алғашқы оқу мекемелері 3.Ежелгі Египеттегі мектеп пен тәрбие. | ||||
2-Лекция . Адамзат дамуының ерте кезеңінде тәрбие мен ұйымдастыру формаларының туындауы | 2-апта | |||
2-Практикалық сабақ. Эллинизм дәуіріндегі ағартушылық Демокрит, Сократ, Платон, Аристотель ілімдеріндегі педагогикалық идеялар | ||||
2-ОСӨЖ.Тақырыптарға баяндама жазу 1.Израиль-Иудей патшалығындағы мектеп пен тәрбие 2.Сақ және ғұн тайпаларындағы отбас тәрбиесінің негіздері 3.Эллинизм дәуіріндегі ағартушылық | ||||
3-ЛекцияКеңестік кезеңдегі білім беру жүйесі мен педагогика ғылымы | 3-апта | |||
3-Практикалық сабақ. Кеңестік кезеңдегі білім берудің жетекші концепциялары | ||||
3- ОСӨЖ .Кесте құру: 1.Кавказ халықтарының сауаттылығын дамытуға Византиялықтардың ықпалы. 2.Ежелгі түрік энциклопедистер ілімдеріндегі жетілген тұлға. 3.Үндістандағы Акбар патшаның білім беру реформалары | ||||
4-ЛекцияҚазақстан тарихында мектептің, тәрбие мен педагогикалық ой-пікірлердің дамуы | 4-апта | |||
4-Практикалық сабақ . Қазақстандағы (ХХIII-XIX ғғ.) алғашқы ұлттық мектептер | ||||
4- ОСӨЖ. Презентация дайындау: 1.Шыңғысханның Ұлы «Жасақ»-қоғамның заңдар жинтығы мен тәрбиесінің негізі. 2.Еуропадағы классикалық педагогика:Я.А.Коменский,И.Г.Песталоцци, Ф.А.Дитервег және т.б. 3.Л.Н.Толстойдың педагогикалық іс-әрекеттері 4.Кеңестік педагогтардың іс-әрекеті: Н.К.Крупская, А.В.Луначарский,П.П. Блонский,А.С.Макаренко және т.б. | ||||
1-СӨЖ. 1.Ислам дәуіріндегі қарастырылған тәрбие мен білім беру кезеңдерін жүйелеу және сипаттама беру(кесте) 2.Ұлы Отан соғысы жылдарындағы педагогика ғылымы (презентация) 3.Ы.Алтынсариннің педагогикалық іс-әрекеті (баяндама) | ||||
Модуль 2. «Педагогиканың теориялық –әдіснамалық негіздері» | ||||
5-Лекция. Педагогика адам тәрбиесі туралы ғылым ретінде. | 5-апта | |||
5-Практикалық сабақ. Кеңестік кезеңде Қазақстанның ғалым-педагогтары еңбектеріндегі білім беру мәселелері | ||||
5-ОСӨЖ.Кесте құру: 1.Жаңашыл-мұғалімдердің педагогикалық іс-әрекеттері-В.Ф.Шаталов, Ш.А.Амонашвили, С.Н.Лысенкова, И.П.Иванов,Т.И.Гончарова,Е.Н.Ильин және т.б. 2.Жәңгір хан (1841) мен«Мамания»(1889) мектептеріндегі білім беру жүйесінің ерекшеліктері 3.Р.Г.Лембергтің ғылыми мұраларындағы дидактика және білім беру мазмұны мәселелері | ||||
6-Лекция.Жеке тұлғаны дамытуға, қалыптастыруға, тәрбиелеуге әсер ететін факторларға сипаттама | 6-апта | |||
6-Практикалық сабақ . Педагогикалық білім-адамзат капиталын сақтаудың және дамытудың негізі | ||||
6-ОСӨЖ 1.«Әлеуметтендіру», «дамыту», «тәрбиелеу», «оқыту», «қалыптастыру» ұғымдарының арақатынасы 2.Мектеп пен отбасының баланы әлеуметтендіру үдерісіндегі рөлі. 3.Дүниетаным-қалыптастырушы тұлғаның өзегі. | ||||
7-Лекция .Жеке тұлғаның жас еркешелігі туралы түсінік | 7-апта | |||
7-Практикалық сабақ. Тұлғаның іс-әрекеті-оның өзін-өзі дамытуының негізі | ||||
7-ОСӨЖ . 1.Қазіргі мектептегі тәрбие жүйесі және мазмұны. 2.Оқушыларды экологиялық мәдениетке тәрбиелеу. 3.Қазіргі оқушыларда денсаулыққа және салауатты өмір салтына құндылық қатынасын қалыптастыру. | ||||
2-СӨЖ. 1.Педагогика пәнін әртүрлі тұрғыдан ашып көрсететін кесте құру. 2.Тұлғаны дамыту,қалыптастыру факторларын ашып көрсететін жағдаяттарға талдау жасау 3.Мұғалімнің зерттеушілік мәдениет деңгейін айқындау бойынша сауалнама даярлау | ||||
Модуль 3. «Тұтас педагогикалық үдерістің теориясы мен практикасы» | ||||
8-Лекция .Тұтас педагогикалық үдерістің (ТПҮ) мәні және құрылымы, оның заңдары мен заңдылықтары | 8-апта | |||
8-Практикалық сабақ. Тұтас педагогикалық үдеріс –педагогиканың пәні және мұғалім іс-әрекетінің обьектісі | ||||
8-ОСӨЖ. 1.Тәрбие әдістері және олардың сипаттамасы 2.Балалар ұжымы –тәрбиенің субьектісі және оьектісі. 3.Сынып жетекшісінің тәрбиелік жүйені құру бойынша іс-әрекеті. | ||||
1.Аралық бақылау (тест) | ||||
9-Лекция .Тәрбиенің мақсаты,оның әлеуметтік тұрғыдан негізделуі | 9-апта | |||
9-Практикалық сабақ.Мұғалім мен оқушының педагогикалық үдерістегі өзара әрекеттестігі | ||||
9-ОСӨЖ 1.Мұғалім жұмысындағы пелагогикалық қолдау. 2.Қазіргі мектептегі электрондық оқыту жүйесі. 3.Мектептегі инклюзивті білім берудің мәні мен оны жетілдіру. | ||||
10-Лекция .Ғылыми дүниетаным-оқушының интеллектуалды дамуның негізі | 10-апта | |||
10-Практикалық сабақ. Оқушылырдың интеллектуалды әлеуетін дамыту | ||||
10-ОСӨЖ.1.Қосымша білім беру жүйесінің мәні мен мазмұны. 2.Оқыту құралдарына сипаттама. 3.Оқытудың инновациялық формаларын қолдану-педагогикалық шығармашылықтың нәтижесі. | ||||
11-Лекция.Тұтас педагогикалық үдерістегі тәрбиенің мәні мен мазмұны | 11-апта | |||
11-Практикалық сабақ. Педагогтың кәсіптік іс-әрекетіндегі мақсаттылық | ||||
11-ОСӨЖ.Мұғалімнің сабаққа дайындық жүйесі. 2.Құзыреттілік тұрғыдан оқушының оқу әрекетінің нәтижесін бағалау және бағалаудың формалары. 3.Бақылаудың дидактикалық және тәрбиелік қызметі. | ||||
3-СӨЖ 1.Тұтас педагогикалық үдеріс мәселесі бойынша библиография құрастыру 2. «Педагогикалық үдеріс» ұғымының мазмұнын салыстару (әртүрлі авторлар жұмысынан) 3.Тәрбие үдерісінің формалары мен әдістері,құралдарының жүйесі | ||||
4-Модуль . «Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін басқару» | ||||
12-Лекция. Тұтас педагогикалық үдерісті ұйымдастырушылық – әдістемелік басқару, мектеп шеңберінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру және оларды аттестатциялау. | 12-апта | |||
12-Практикалық сабақ.Қазіргі мектепте рухани-адамгершілік , толерантты тұлғаны қалыптастыру мәселелері | ||||
12-ОСӨЖ. 1.Оқушылардың танымдық іс-әрекетін мұғалімнің белсендіру шарттары мен құралдары. 2.Оқушылардың шығармашылық танымдық іс-әрекеті. 3.Оқушылардың жоба –зерттеушілік іс-әрекетінің оның тұлғасының интеллектуалды әлеуетін дамытуға әсері. | ||||
13-Лекция .Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін диагностикалау және жоспарлау | 13-апта | |||
13-Практикалық сабақ. Тұлғаның функционалды сауаттылығы | ||||
13-ОСӨЖ. 1.Тұлғалық-бағдарлық білім беру – қазіргі білім беру парадигмасы. 2.Оқушылардың ұжымдық-танымдық іс-әрекеті-тұас педагогикалық үдерістегі ынтымақтастық технологиясы. 3.Проблемалық оқыту технологиясы. | ||||
14-Лекция .Мектептегі тұтас педагогикалық процесті басқару | 14-апта | |||
14-Практикалық сабақ. Оқытудағы құзыреттілік тәсіл.Оқушылардың түйінді құзыреттілігі-оқытудың нәтижесі. | ||||
14-ОСӨЖ. 1.Қазіргі мектептегі оқытудың ақпараттық және коммуникативтік технологиясы. 2.Қазіргі мектептегі оқушыларды сыни тұрғыдан дамыту технологиясы.Диалогтық технологиялар. 3.Оқу мекемелеріндегі инновациялық үдерістерінің негізгі бағыттары. | ||||
4-СӨЖ 1.Дәстүрлі және инновациялық оқыту технологиясына салыстырмалы сипаттама беру(кесте) 3.Ұжымды танымдық технологиясын пайдалану арқылы сабақтың жоспарын, үлгісін құру. 3.Қазіргі мектеп тәжірибесіне инновацияны енгізудің мақсаты, компоненттері мен алгоритмдерін анықтау. | ||||
15-Лекция . ҚР–да 12 жылдық орта білім беру моделіне көшу жағдайындағы білім беру басқарудың тәсілдері | 15-апта | |||
15-Практикалық сабақ.12 жылдық мектептегі оқытудың ерекшеліктері: кәсіптік оқыту | ||||
15-ОСӨЖ. 1.Мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің мазмұны мен құрылымы. 2.Мектептегі әдістемелік қызмет. 3.Педагогикалық практикада мектепішілік бақарудың жағдайын диагностикалау. | ||||
2-Аралық бақылау ( Коллоквиум) | ||||
Экзамен | ||||
Барлығы | лекция-30 прак.саб-15 ОСӨЖ-45 СӨЖ-45 | |||
Лекциялардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары
№ | Тараулар бойынша лекция тақырыптары | Сағат саны | Апта | Әдебиеттер |
Педагогика тарихы мен білім берудің теориялық-әдіснамалық негіздері. | 1-апта | 1,2,3,4,5,6,7,19 | ||
Адамзат дамуының ерте кезеңінде тәрбиені ұйымдастыру формаларының туындауы | 1-апта | 1,2,3,4,8,9,12,23 | ||
Ежелгі Шығыс және Көшпенді өркениет мемлекеттеріндегі тәрбие мен оқыту | 2-апта | 1,2,3,4,6,7,10 | ||
Византиядағы педагогикалық ой-пікірдің дамуын оқыту.Орта ғасырда Индия мен Қытайдағы оқыту мен тәрбие | 2-апта | 1,2,3,4,11,13,2 | ||
Таяу Шығыста,Орталық Азиялық Ренессанс және Алтын Орда дәуірінде білім беру мен педагогикалық идеялардың дамуы | 3-апта | 1,2,3,4,5,6,7,19 | ||
Еуропа мен Америка елдері тарихындағы білім беру, мектеп және педагогикалық ой-пікірлер | 3-апта | 1,2,3,4,5,6,7 16, 17,20,22 | ||
Ресей тарихындағы ағартушылық пен мектептің дамуы | 4-апта | 1,2,3,4,5,6,7 16, 17,20,22 | ||
Кеңестің кезеңдегі білім беру жүйесі мен педагогика ғылымы. | 4-апта | 1,2,3,4,5,11,22 | ||
Қазақстан тарихында мектептіңи,тәрбе мен педагогикалық ой-пікірлердің дамуы | 5-апта | 1,2,3,4,5,6,7,19 | ||
Қазақстандағы XIX- XXғ. Білім беру мен педагогика ғылымы.Ғасырлар тоғысындағы білім беру жүйесі. | 5-апта | 1,2,3,4,5,6,7 16, 17,20,22 | ||
Педагогика адам тәрбиесі туралы ғылым ретінде | 6-апта | 1,2,3,4,5,6,7 16, 17,20,22 | ||
Жеке тұлғаны дамытуға, қалыптастыруға, тәрбиелеуге әсер ететін факторларға сипаттама және олардың әр түрлі жастағы топтарда көрінуі. | 6-апта | 1,2,3,4,5,6,7,19 | ||
Мұғалімнің зерттеушілік мәдениеті-оқу-тәрбие үдерісі нәтижелігінің шарты | 7-апта | 1,2,3,4,5,6,7 16, 17,20,22 | ||
Тұтас педагогикалық үдерістің мәні және құрылымы, оның заңдары мен заңдылықтары | 7-апта | 1,2,3,4,5,6,7,17 | ||
Тәрбиенің мақсаты, оның әлеуметтік тұрғыдан негізделуі | 8-апта | 1,2,3,4,6,7,20,2 | ||
Ғылыми дүниетаным –оқушының интеллектуалды дамуының негізі | 8-апта | 1,2,3,4,6,7,8,9 | ||
Тұтас педагогикалық үдерістегі тәрбиенің мәні мен мазмұны | 9-апта | 1,2,3,4,11,13,2 | ||
Тәрбие үдерісінің формалары мен әдістері, құралдарының жүйесі | 9-апта | 1,2,3,4,5,11,22 | ||
Балалар ұжымы-тәрбиенің обьектісі және субьектісі | 10-апта | 1,2,3,4,5,8,19,25 | ||
Сынып жетекшісі-сыныптың тәрбиелік жүйесін ұйымдастырушы | 10-апта | 1,2,3,4,14,15,19,26 | ||
Отбасы тәрбиесінің негіздері | 11-апта | 1,2,3,4,5,6,7 16,18,20 | ||
Тұтас педагогикалық үдерістің құрылымындағы оқыту | 11-апта | 1,2,3,4,11,13,2 | ||
Қазіргі мектептегі білім мазмұны | 12-апта | 1,2,3,4,5,6,7 16, 17,20,22 | ||
Оқытуформалары, әдістері мен құралдары | 12-апта | 1,2,3,4,5,6,7 15, 18 | ||
Оқушылардың оқу жетістіктерін диагностикалау және тестілеу | 13-апта | 1,2,3,4,5,6,719, 20 | ||
Оқушылардың тұтас педагогикалық үдерістегі танымдық іс-әрекетін белсендендіру | 13-апта | 1,2,3,4,5,6,7 16, 17,20,22 | ||
Білім берудегі инновациялық үдерістер және мұғалімнің кәсіби іс-әрекетіндегі педагогикалық технологиялар | 14-апта | 1,2,3,4,5,6,7 16, 17,20,22 | ||
Тұтас педагогикалық үдерісті ұйымдастырушылық –әдістемелік басқару, мектеп шеңберінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру және оларды аттестациялау | 14-апта | 1,2,3,4,5,6,7,19 | ||
Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін диагностикалау және жоспарлау | 15-апта | 1,2,3,4,5,6,7 16, 17,20,22 | ||
ҚР-да 12 жылдық орта білім беру моделіне көшу жағдайындағы білім беруді басқарудың жаңа тәсілдері | 15-апта | 1,2,3,4,5,6,7,19 | ||
Барлығы: |
Іс-тәжірибелік (семинарлық) сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары
№ | Сабақтың тақырыбы және мазмұны | Сағат саны | Апта | Өткізу формасы |
Тарихи –педагогикалық зерттеулердің әдістері, әдіснамасы | 1-апта | дискуссия | ||
Эллинизм дәуіріндегі ағартушылық Демокрит, Сократ, Платон, Аристотель ілімдеріндегі педагогикалық идеялар | 2-апта | дөңгелек стол | ||
Кеңестік кезеңдегі білім берудің жетекші концепциялары | 3-апта | дөңгелек стол | ||
Қазақстандағы (ХХIII-XIX ғғ.) алғашқы ұлттық мектептер | 4-апта | дискуссия | ||
Кеңестік кезеңде Қазақстанның ғалым-педагогтары еңбектеріндегі білім беру мәселелері | 5-апта | дискуссия | ||
Педагогикалық білім-адамзат капиталын сақтаудың және дамытудың негізі | 6-апта | дөңгелек стол | ||
Тұлғаның іс-әрекеті-оның өзін-өзі дамытуының негізі | 7-апта | пікірталас | ||
Тұтас педагогикалық үдеріс –педагогиканың пәні және мұғалім іс-әрекетінің обьектісі | 8-апта | пікірталас | ||
Мұғалім мен оқушының педагогикалық үдерістегі өзара әрекеттестігі | 9-апта | дискуссия | ||
Оқушылырдың интеллектуалды әлеуетін дамыту | 10-апта | дөңгелек стол | ||
Педагогтың кәсіптік іс-әрекетіндегі мақсаттылық | 11-апта | дөңгелек стол | ||
Қазіргі мектепте рухани-адамгершілік , толерантты тұлғаны қалыптастыру мәселелері | 12-апта | пікірталас | ||
Тұлғаның функционалды сауаттылығы | 13-апта | тренинг | ||
Оқытудағы құзыреттілік тәсіл.Оқушылардың түйінді құзыреттілігі-оқытудың нәтижесі. | 14-апта | дөңгелек стол | ||
12 жылдық мектептегі оқытудың ерекшеліктері: кәсіптік оқыту | 15-апта | пікірталас | ||
Барлығы |
Іс-тәжірибелік сабақтарға әдістемелік нұсқау
1-ші тақырып: Тарихи –педагогикалық зерттеулердің әдістері, әдіснамасы
Мақсаты: тарихи –педагогикалық зерттеулердің әдістері, әдіснамасы туралы түсініктерін бекіту.
Семинарды өткізу формасы: дискуссия
Қарастырылатын сұрақтар:
1.Педагогика тарихы ғылым ретінде
2.Алғашқы қоғамдағы тәрбиенің пайда болуы мен оның дамуы.
3.Таяу және Қиыр Шығыс (IV-III мың. Б.э.д) ежелгі өркениет мемлекеттеріндегі мектеп.
4.Ежелгі Египеттегі метеп пен тәрбие
Әдістемелік нұсқау.
Жоғарыдағы тапсырмалардың мәнін ашу үшін Қ.Бержанов ,С.Мусиннің Педагогика тарихы оқулығын, Педагогика. Дәріс курсы және Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика оқулығының І тарауларын оқып танысу қажет.
Адамзат дамуының ерте кезеңінде тәрбиені ұйымдастыру формаларының туындауын кесте арқылы көрсетіңіз
Қоғам дамуының сатылары | Тәрбие мазмұны | Іс-әрекет мазмұны |
2-ші тақырып Эллинизм дәуіріндегі ағартушылық Демокрит, Сократ, Платон, Аристотель ілімдеріндегі педагогикалық идеялар
Мақсаты: Эллинизм дәуіріндегі ағартушыт педагогтардың көзқарастарының мәнін ашу.
Cеминарды өткізу формасы: дөңгелек стол.
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Ежелгі Грециядағы тәрбие мақсаты. Спарта және Афина мектептеріндегі тәрбие мақсаттарының ерекшелігі.
2. Сократ пен Демокриттің педагогикалық көзқарастары
3. Платон мен Аристотельдің педагогикалық көзқарастары.
4. Рим империясындағы білім мен тәрбие жүйесі.
5. Марк Фабий Квинтилианның педагогикалық көзқарасы.
Әдістемелік нұсқау.
Тақырыптың мазмұнын ашу үшін студенттер төмендегі әдебиеттерді оқып танысуы қажет. Берілген үлестірмелі материалдарды басшылыққа ала отырып, басқа да ғалымдардың еңбектері мен педагогикалық көзқарастарын кесте түрінде құрастырулары қажет.
Негізгі еңбектері | Негізгі идеялары | Адамгершілік тәрбиесі туралы пікірі | Ақыл-ой тәрбиесі | Пед. көзқарасының мәні |
1. Бержанов К. Педагогика тарихы. Қысқаша курс: / К. Бержанов , С. Мусин.Мектеп, 2000ж
2. Қоянбаев Ж.Б. , Қоянбаев Р.М. Педагогика , Астана 1998ж.
3. Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті. Педагогика. Алматы , 2003 ж.
4. Қоянбаев Р.М. Қысқаша педагогикалық сөздік. Алматы АлМУ , 1992ж.
5. Пидкассистый П.И. Педагогика. Москва Просвещения,1995
3-ші тақырып Кеңестік кезеңдегі білім берудің жетекші концепциялары
Мақсаты: Кеңестік кезеңдегі білім берудің педагогикалық бағыттары туралы түсініктерін кеңейту.
Cеминарды өткізу формасы: дөңгелек стол.
Қарастырылатын сұрақтар:
1.Ағарту саласындағы Кеңес үкметінің ұлттық саясаты
2.Ұлы Отан жылдарындағы (1941-1945жж) кеңестік мектеп
3.В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин, Л.В.Заковтың педагогикалық тұжырымдамалары
4.В.В.Краевский, И.Я.Лернер,М.Н.Скаткин т.б.педагогтардың жетекші тұжырымдамалары
5.Жаңашыл-мұғалімдер-В.Ф.Шаталов,Ш.А.Амонашвили, С.Н.Лысенкова,И.П.Иванов, Т.И.Гочарова, В.И.Ильин және т.б. педагогтардың педагогикалық бағыттары
Әдістемелік нұсқау.
Сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беру барысында студенттер лекция барысында алған мәліметтері мен өз бетімен іздену барысында жинаған мәліметтерін ұштастыра білуі қажет. Жаңашыл педагогтардың педагогикалық бағыттарына сипаттама беріп, кәсіптік мектеп, жалпы орта білім беру,үздіксіз білім беру ұғымдарының мазмұнын ашу қажет.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А . Педагогика , 2004 ж.
2. Қоянбаев Ж.Б. , Қоянбаев Р.М. Педагогика , Астана 1998ж.
3. Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті. Педагогика. Алматы , 2003 ж.
4. Қоянбаев Р.М. Қысқаша педагогикалық сөздік. Алматы АлМУ , 1992ж.
5. Пидкассистый П.И. Педагогика. Москва , Просвещения,1995
Махмутов И.С. Современный урок. Москва 1981
4 -ші тақырып Қазақстандағы (ХХIII-XIX ғғ.) алғашқы ұлттық мектептер
Мақсаты: Қазақстандағы (ХХIII-XIX ғғ.) алғашқы ұлттық мектептер
туралы түсініктерін кеңейту.
Семинарды өткізу формасы: дискуссия
Қарастырылатын сұрақтар:
1.Қазақстан территориясындағы тәрбие мен қоғамдық дамудың ежелгі көздері
2.Қазақ даласындағы философтар мен ақындардың тәрбие бағыттары
3.Алғашқы ұлттық мектептер
4.Қазақстандағы қоғамдық-педагогикалық қозғалыстар
Әдістемелік нұсқау.
Тақырыптарды ашу үшін Қ.Бержанов, С.Мусиннің Педагогика тарихы оқулығын, Педагогика. Дәріс курсы және Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика оқулығының оқып танысу қажет. Қазақстандағы (ХХIII-XIX ғғ.) ойшылдардың прогрессивті көзқарастары мен қоғамдық іс-әрекетіне талдау жасап, Қазақстан педагогикасына сипаттама беріңіз. Ағартушылық, мұсылмандық мектептер, кадет корпусы, ағартушылық-іс-әрекет, ұлттық мектеп, ұлттық тәрбие сияқты негізгі ұғымдардың мәнін ашыңыз.
5 -ші тақырып Кеңестік кезеңде Қазақстанның ғалым - педагогтары еңбектеріндегі білім беру мәселелері.
Мақсаты: Студенттердің кеңестік кезеңде Қазақстанның ғалым - педагогтары еңбектеріндегі білім беру мәселелерітуралы түсініктерін кеңейту.
Семинарды өткізу формасы: дөңгелек стол
Қарастырылатын сұрақтар:
1.Қазақстандағы (ХХIII-XIX ғғ.) ойшылдардың прогрессивті көзқарастары мен қоғамдық іс-әрекеті
2.А.Байтұрсынов, М.Жұмабаевтың , Ж.Аймаутов педагогикалық еңбектері
3.С.Көбеев,Н.Құлжанованың педагогикалық көзқарастары.
4.Білім мазмұны мен мұғалім кадрлерін даярлау мәселесі.
5.Ә.И.Сембаев,Р.Г.Лемберг,Т.Тәжібаев,Қ.Бержановтың педагогикалық мұралары.
Әдістемелік нұсқау.
Бұл сұқтарда Алаш-Ордалықтардың педагогикалық қозғалыстарын, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаевтың, Ж.Аймаутов А.Байтұрсынов, М.Жұмабаевтың, Ж.Аймаутовтардың еңбектеріндегі ізгілікті педагогика идеяларын ашу қажет.
Білім беруді реформалауға бағытталған негізгі құжаттар: ҚР «Білім туралы» Заңы, Білім берудің мемлекеттік стандарты,Білім беру тұжырымдамаларына сипаттама беріңіз.
Тақырыптардың мазмұнын ашу үшін келесі әдебиеттерді пайдалану қажет:
Әдебиеттер:
1.Аймауытов Ж. Психология. Бес томдық шығармалар жинағы.- Алматы, 1998, 4т., 350б., 367 б.
2.Жарықбаев Қ. Ж. Аймауытовтың психологиялық көзқарастары.- Алматы, 2000, Б.71-73. Байтұрсынұлы А. Жан сөзімді кім түсінер? – Алматы, 1994,
3.Байтұрсынов А. Тіл тағылымы: (қазақ тілі мен оқу- ағартуға қатысты еңбектері) – Алматы, 1992, 433 б.
4.Жұмабаев М. Педагогика.- Алматы, 1992, 128б., 152 б.
5. К.Жарықбаев, С.Калиев. Қазақ тәлім-тәрбиесі.-Алматы,1995ж.
6 –шы тақырып Педагогикалық білім-адамзат капиталын сақтаудың және дамытудың негізі
Мақсаты: Педагогикалық білім-адамзат капиталын сақтаудың және дамытудың негізі туралы түсініктерін кеңейту.
Өтікізу формасы: дөңгелек стол.
Қарастырылатын сұрақтар:
1.«Педагогика» -қазіргі адамтанудың саласы
2.Педагогиканың пәні, оның негізгі категориялары.
3.Педагогика ғылымының әдіснамасы және оның деңгейлері.
4.Қазіргі педагогиканың негізгі әдіснамасы және оның деңгейлері.
Әдістемелік нұсқау.
Жоғарыдағы тапсырмалардың мәнін ашу үшін : Тәрбие –тұлғаны әлеуметтік мәдени модель үлгісінде қалыптастырушы және қоғамдық қызмет екенін дәлелдеңіз.Педагогиканың әлеуметтік мәдени қызметін ашыңыз.Таным , Іс-әрекет ,Құндылықтар ,Басқару ,Әлеуметтендірк теорияларына талдау жасаңыз.
Әдебиеттер:
1.Айтбаева, А. Б. Білім берудегі жаңа технологиялар Алматы: 2011ж
2.Әлемдік педагогикалық ой-сана. 10 томдық. [Мәтін]. Т.7. ХХ ғасырдың
екінші жартысындағы әлемдік ғұламалардың еңбектері мен ой- пікірлері Алматы: Таймас, 2011ж
3.Әтемова, Қ. Т. Әлеуметтік педагогика : Оқулық / Алматы: 2012ж
4. Дүйсембінова, Р. Қ. Кәсіби педагогика: Оқулық Алматы: 2012 ж
7.Государственная программа развития образования в Р.К.до 2010 г
8.Әбиев Ж. және т.б. Педагогика. –Алматы: Дарын, 2004 ж.- 448 б.
9.Педагогика. Дәріс курсы. –Алматы: Нұрлы әлем, 2003 ж.- 368 б.
7-ші тақырып Тұлғаның іс-әрекеті-оның өзін-өзі дамытуының негізі
Мақсаты: Студенттерге тұлғаның іс-әрекеті, оның өзін-өзі дамытуының
жолдары жайлы түсінік беру.
Өткізу формасы: пікірталас
Қарастырылатын сұрақтар:
1.«Тұлға», «адам», «индивид», «даралық» ұғымдары және олардың арақатынасы.
2.Тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға әсер ететін негізгі факторлар
3.Тұлға –тәрбиенің өзіндік дамуының обьектісі және субьектісі.
4.Жеке тұлға дамуының жас ерекшелігі туралы түсінік.
Әдістемелік нұсқау.
Сұрақтардың мағынасын ашу үшін 1-ші “жеке адам” , “жеке тұлға” ұғымдарына педагогикалық тұрғыдан түсінік беру керек. Даму, өсу, қалыптасу ұғымдарына толық тоқталып , талдап олардың маңызын түсіндіру қажет.2-ші Адамды педагогикалық тұрғыдан табиғи, әлеуметтік, тарихи бесенді мүше ретінде түсінудің және оны дамыту, қалыптастыру, тәрбиелеу факторларының философилық ережелері мен әдіснамалық негізіне тоқталу қажет. Сонымен қатар, 3-ші жеке тұлғаның дамуна әсер ететін факторлардың өзара байланысын және осыған байланысты педагогтардың көзқарастарына талдау жасаңыз , олардың маңыздылығын өмірлік мысалдармен толықтырыңыз. Тәрбиенің айрықша жетекшілік ролі неде екенін дәлелдеңіз. Жеке адамның дамуы мен қалыптасуына әсер етуші ішкі және сыртқы әсерлерге түсінік беріңіз, олардың өзара байланысын анықтап , мәнін ашыңыз. Тәжірибелік тапсырма ретінде “ Балаларға ата-анасынан қандай қасиеттер беріледі?” тақырыбында тест құрастырыңыз ( И.П.Подласый “Педагогика” 101-102 беттерді қараңыз.)
Әдебиеттер:
1.Айтбаева, А. Б. Білім берудегі жаңа технологиялар Алматы: 2011ж
2.Әлемдік педагогикалық ой-сана. 10 томдық. [Мәтін]. Т.7. ХХ ғасырдың
екінші жартысындағы әлемдік ғұламалардың еңбектері мен ой- пікірлері Алматы: Таймас, 2011ж
3.Әтемова, Қ. Т. Әлеуметтік педагогика : Оқулық / Алматы: 2012ж
4. Дүйсембінова, Р. Қ. Кәсіби педагогика: Оқулық Алматы: 2012 ж
7.Государственная программа развития образования в Р.К.до 2010 г
8.Әбиев Ж. және т.б. Педагогика. –Алматы: Дарын, 2004 ж.- 448 б.
Тұтас педагогикалық үдеріс –педагогиканың пәні және мұғалім іс-әрекетінің обьектісі
8- ші тақырып Тұтас педагогикалық үдеріс –педагогиканың пәні және мұғалім іс-әрекетінің обьектісі
Студенттерге педагогикалық процесс, тұтас педагогикалық процесс түсініктері, тәрбие мен оқытудың бірлігі жайлы түсініктерді тәжірибемен байланыстыра отырып беру.
Өткізу формасы: дөңгелек стол
Қарастырылатын сұрақтар:
1.Тұтас педагогикалық процесс түсінігі.
2.Педагогикалық үдерістің белгілері,сапалары мен қасиеттері
3.Тәрбие мен оқудың бірлігі.
4. Педагогикалық үдеріс-дамушы жүйе
Әдістемелік нұсқау: Н.Д.Хмельдің «Жалпы білім беретін мектептердегі тұтас педагогикалық процесс» еңбегіне шолу жасау .Педагогикалық үдеріс,субьект-субьектілі қатынас, қозғаушы күш, тәрбиелік механизмдер ұғымдарына талдау жасау.
Әдебиеттер:
1.Педагогика. Дәріс курсы –Алматы,АГУ 2003
2.Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. – Алматы, 2000
3.Педагогика Ж.Әбиев. 2006.
9- шы тақырып: Мұғалім мен оқушының педагогикалық үдерістегі өзара әрекеттестігі
Мақсаты:Студенттерге мұғалім мен оқушының педагогикалық үдерістегі өзара әрекеттестігі жайлы мағыналы түсінік беру.
Өткізу формасы: дискуссия
Қарастырылатын сұрақтар:
1.Тұтас педагогикалық үдеріс теориясы туралы білім-мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің негізі
2.Мұғалімнің педагогикалық үдерісті басқару және болжауы
3. Педагогикалық үдерістегі педагогтар мен оқушылардың қарым-қатынас жүйесі
Әдістемелік нұсқау.
Педагогикалық үдерістің тәрбиелік механизмдері –педагогтар мен оқушылардың арасындағы, топ ішіндегі қарым-қатынас жүйесін ашу.
Әдебиеттер:
1.Айтбаева, А. Б. Білім берудегі жаңа технологиялар Алматы: 2011ж
2.Әлемдік педагогикалық ой-сана. 10 томдық. [Мәтін]. Т.7. ХХ ғасырдың
екінші жартысындағы әлемдік ғұламалардың еңбектері мен ой- пікірлері
Алматы: Таймас, 2011ж
3.Әтемова, Қ. Т. Әлеуметтік педагогика : Оқулық / Алматы: 2012ж
5.Әбиев Ж. және т.б. Педагогика. –Алматы: Дарын, 2004 ж.- 448 б.
6.Педагогика. Дәріс курсы. –Алматы: Нұрлы әлем, 2003 ж.- 368 б.
10- шы тақырып: Оқушылырдың интеллектуалды әлеуетін дамыту
Мақсаты:Студенттерге заманауи мектептерде мұғалімнің сабаққа дайын-дығына қойылатын талаптар және оқушылырдың интеллектуалды әлеуетін дамыту жайлы түсінік беру.
Өткізу формасы: дөңгелек стол
Қарастырлатын сұрақтар:
1.Жеке тұлғаның құндылық бағдары, оның интеллектуалды дамуы
2.Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру құралдары.
3.Оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың қазіргі кездегі мәселелері.
Әдістемелік нұсқау.
Сабақтың мазмұнын ашу үшін студенттер төмендегі әдебиеттерді оқып танысуы қажет. Оқушылырдың интеллектуалды әлеуетін дамытудағы мұғалімнің кәсіби-педагогикалық құзыреттілігінің маңызын ашу. Дүниетаным, дүниеге көзқарас жиынтығы, дүниетанымның компоненттері ұғымдарының мәнін ашу.
1.Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А . Педагогика , 2004 ж.
2.Қоянбаев Ж.Б. , Қоянбаев Р.М. Педагогика , Астана 1998ж.
3.Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті. Педагогика. Алматы , 2003 ж.
4.Қоянбаев Р.М. Қысқаша педагогикалық сөздік. Алматы АлМУ , 1992ж.
5.Пидкассистый П.И. Педагогика. Москва , Просвещения,1995
11- ші тақырып: Педагогтың кәсіптік іс-әрекетіндегі мақсаттылық
Мақсаты: Студенттерге педагогтың кәсіптік іс-әрекетіндегі мақсаттылық
жайлы түсінік беру.
Өткізу формасы: дөңгелек стол
Қарастырылатын сұрақтар:
1.Мұғалімнің күнделікті сабаққа даярлығына қойылатын талаптар.
2.Сабақтың негізгі мақсаттарына талдау жасау.
Әдістемелік нұсқау:
1-сұраққа жауап беруде педагогикалық әдебиеттер мен педагогикалық журналдардағы әр түрлі мектептерде өткізілген озат мұғалімдердің сабақтарына талдау жасаңыз.
2-сұраққа жауап беру кезінде сабақтың үш функциясына талдау жасап, сабақ жоспары арқылы оның мәнін түсіндіріңіз.
Әдебиеттер
1.Айтбаева, А. Б. Білім берудегі жаңа технологиялар Алматы: 2011ж
2.Әлемдік педагогикалық ой-сана. 10 томдық. [Мәтін]. Т.7. ХХ ғасырдың
екінші жартысындағы әлемдік ғұламалардың еңбектері мен ой- пікірлері
Алматы: Таймас, 2011ж
3 .Әбиев Ж. және т.б. Педагогика. –Алматы: Дарын, 2004 ж.- 448 б.