ТІРКЕМЕЛЕР МЕН ЖАРТЫЛАЙ ТІРКЕМЕЛЕР.

Тасымалданатын жүктің сипатына байланысты оларды тасымалдауға тіркемелер мен жартылай тіркемелер пайдаланылады. Мысалы, бір немесе екі осьті жазылмалы тіркеме ұзынынан келетін жүктерге арналған.

Оның автомобиль – тягачқа тіркейтін тұзақты дышласы, бұрылмалы ершілігі, троспен тартылып ұсталып тұратын ашылмалы тіректері бар. Ершік жүк салмағын қабылдайды және кіндіктемір арқылы көлденең қаңқада айналып тұрады. Доңғалақтары қосақталып бекітіліп, пневматикалық жетекті тежеуіш жүйесімен қамтамасыз етілген.

Екі осьті жақтаулы платформасы тіркемелер әр салалы жүктерді тасымалдауға арналған. Тіркеменің алдыңғы осьті доңғалақтарды тіркеменің қаңқасына қатынасты кіндіктемірмен немесе кіндіктемірсіз құрылғы арқылы айналып тұрады. Кіндіктемірсіз құрылғы үлкен көлемді шарикті тірек сырмадан тұрады.

Динамикалық бұрылыс енінің арасын кеміту үшін автопоездың жүрісі кезінде тіркеменің алдыңғы доңғалақ жүрісін басқарушылық қызметін атқарады. Жазықта қисық жолмен жүрген кезде тіркеменің доңғалақтары автопоездің ізімен жүрмейді, тіркеме бұрылу бағытының ортасына қарай жүріп жылжиды.

Көп осьті тіркемелерді өте ауыр және көлемі үлкен жүктерді тасымалдауға қолданылады. (24 – 120т) Тіркеме бұрылмалы арба дышламен жалғанады және тіркеме қаңқасына кіндіктемірмен арқылы айналып тұрады. Бұрылмалы арбаның дөңгелектерінің асқышы теңгерулі. Теңгерілгіштің траверсі алдыңғы жағынан арбаның арбаның қаңқасына айналмалы болып жалғанып, артқы жағы керікпе мен бұранда арқылы бекітілген. Тіркеменің қаңқасының артқы бөлігі екі бөліктерден оське тіреліп, қаңқаға айналмалы екі бойлық және төрт көлденең теңгергішке бекітіледі. Тіркеме тегіс емес жол бедерімен жүрген кезде, теңгерілгіш тіркеме доңғалақтарын тік бағытта бір – бірінен тәуелсіз қозғалысқа келтіреді. Жүктердің бір қалыпты орналасуы үшін екі бойлық брус пен бағыттаушы роликтер орнатылған. Көліктердің тіркемеге тиелуі үшін оған жүріп шығатын трап орнатылған. Тіркеменің доңғалақтары пневматикалық жетекті тежеуіш жүйесімен қамтылған.

Жартылай тіркемелерді құрылыс формасы мен панельдерді, саудалық т.б. жүктерді тасымалдауға арналған. Жартылай тіркеменің алдыңғы бөлігіне кіндіктемірлі құрылғы мен тірек катоктары орнатылған. Тірек катоктары жартылай тіркемені автомобильдерді ағытқан кезде тегіс жерде оның алдыңғы бөлігі көтеріліп тұрыуы үшін қолданылады.

Артқы бөлігі бір немесе екі осьті рессорлы немесе певматикалы аспамен қосарланған доңғалақтардан тұрады. Тірек катоктары бөлектелген немесе біріктелген механикалық және гидравликалық жетектен тұрады.

Көп пайдаланатын тірек катоктарының жетегі – механикалық. Мұндай жетек редуктор картерінен жетекші конустың тегегіш, жетектегі тегеріш пен винттен, тірек тұрқынан және катоктан тұрады. Жартылай тіркемені тіркегеннен кейін тірек катокты көтеріп тіркеменің қаңқасына жинап бекітіп қояды.

Тіркеме доңғалақтары пневматикалық жетекті тежеуіш жүйесінен, ал платформаны жарықтандырғыш жүйесімен бұрылу дабылдары мен тежеуіш дабылмен қамтамасыз етілген.

Барлық тіркемелер мен жартылай тіркемелердің тежеуіш жетегінің түрлеріне қарамастан пневматикалық, гидравликалық және құрамдастырылған жетекті доңғалақ тежеуіш құрылымдарымен қамтамасыз етілуі тиіс. Тіркеме құрамының тежеуіш механизмі автомобиль – тягачтің тежеуіш жүйесімен бір мезгілде бірқалыпты және байқаусызда тіркеме шешіліп қалған жағдайда олардың доңғалақтарының жедел тежелуін қамтамасыз етуі тиіс. Автомобиль – поездарда бір немесе екі өткізгішті жетекті тежеуіш жүйесі орнатылады.

Бір өткізгішті жетекті тежеуіш жүйесінің жұмыс істеуі:

Тежеуіш педеліні бос тұрған кезеде автомобиль – тягачтың доңғалағының тежеуіш камерасынан қосақталған тежеуіш краны арқылы ауа атмосфераға шығарылады. Тіркеменің доңғалағының тежеуіш камерасынан ауа атмосфераға реттеп – бөлгіш арқылы шығарылады. Бұл кезде автомобиль – тягач пен тіркеменің доңғалағтары тежелмейді. Сонымен бірге тіркеменің ауа жинау баллондары автомобиль – тягачтың ауа жинау баллондарынан толтырылады.

Ауаны толтыру тежеуіш краны мен түтік арқылы ауа реттеп – бөлгіштен жүргізіледі. Автомобиль – тягачтың ауа баллондары қозғалтқыштың компрессоры арқылы толтырылады. Тежеуіш педалін басқан кезде түтік жетегіндегі ауаның қысымы атмосфералық қысымға теңеседі де, автомобиль тягачтың ауа жинау баллондарынан тежеуіш краны арқылы тежеуіш камераларына жіберіледі, ал тіркеменің ауа жинау баллонынан ауа реттеп – бөлгіш арқылы тіркеме доңғалақтарының тежеуіш камерасына беріліп, доғалақтар тежеледі.

Екі өткізгіш жетекті тежеуіш жүйесінің жұмыс істеуі:

Тежеуіш педалі бос тұрған кезде автомобиль – тягачтың доңғалағының тежеуіш камерасынан тежеуіш краны арқылы ауа атмосфераға шығарылады, ал тіркеме доңғалақтарының тежеуіш камерасынан ауа үдеткіш клапаны арқылы шығарылады. Бұл кезеде доңғалақтар тежелмейді. Тіркеменің ауа баллоны автомобиль – тягачтың ауа баллондарынан толтырылады, ал автомобиль – тягачтың ауа баллондары қозғалтқыш компрессорынан толтырылады.

Тежеуіш педалін басқан кезде тежеуіш кранынан ауа автомобиль – тягач доңғалақтарының тежеуіш камерасы мен үдеткіш клапанға жіберіледі. Үдеткіш клапан тіркеме доңғалақтарының тежеуіш камерасын тіркеменің ауа баллонымен жалғастырып, автомобиль – тягачтың барлық доңғалақтарында синхронды тежелу жүргізіледі. Аппатық клапан тежеуіш камераларын ауа баллондарымен түтіктерде ақау пайда болғанда жалғастырып тұрады.

Автопоездарды әсерлі пайдаланудағы ең бір маңызды міндеттері автомобиль – тягач пен әртүрлі тіркеме бөліктердің (тіркеме мен жартылай тіркемелер) өзара тіркелуі болып табылады.

Тіркеме құрылымдар жүйесінің белгіленуі төрт орынды сандардан тұрады. Бұл үшін әртүрлі(модельдер) тіркемелер мен жартылай тіркемелерге қатаң түрде индекстер(төртеудің алғашқы екі саны) белгіленді. Мысалы:

Жеңіл тіркемелер................................................ 81 (жартылай тіркеме 91)

Жүк таситын тіркеме.......................................... 83 ( » 93)

Аударғыш тіркеме.............................................. 85 ( » 95)

Фургондар........................................................... 87 ( » 97)

Соңғы екі сандар (екінші екі орынды индекс) тіркемелер мен жартылай тіркемелердің толық массасы бойынша анықталған топтың және екі орынды индекске сәйкес белгіленеді:

Толық массасы, т.......................................... 4 т дейін 4... 10 10... 16

Тобы............................................................... 1 2 3

Екінші, екі орынды индекс.......................... 01 ...24 25...49 50...69

Толық массасы, т......................................... 16...24 24 жоғары

Тобы............................................................... 4 5

Екінші, екі орынды индекс.......................... 70...84 85...99

Сандар индексінің алдынан шығарған заводтың атауы әріптермен белгіленеді. Мысалы, ауыр салмақ таситын-тіркеме ЧМЗАП – 8390 белгіленуінде, бұл тіркеме Челябинск машина жасау заводының шығарылған автомобиль тіркемесі, жүк таситын, толық массасы 24 т жоғары.

Тіркемелер мен жартылай тіркемелердің негізгі құрылымының ерекшелігі осьтерінің санында болады. Автокөлік тасымалдау жүйесінде бір – , екі – , үш осьті тіркемелер мен жарты тіркемелер және көп осьті ауыр салмақты жүк таситын тіркемелер кеңінен қолданылуда.

Бір осьті тіркемелер. Бір осьті шанақты тіркемелердің рессорлар арқылы доңғалақты осьқа орнатылған рамасы 1(19.2. а, сур.), және тіркеме рамасына бекітілген тіркеме құрылғысы — дышлосы 3 бар.

Жүк түсіру мен тиеу жұмыстары кезінде бір осьті тіркемелердің орнықты қалпын сақтай үшін дышлосына және тіркеме рамасының астынан осьтің артқы жағынан алынатын таяныш – тірек 2 қойылады. Кейбір жағдайларда тіркемені қолмен жеңіл итеріп қозғалту үшін алдыңғы аспаның дөңгелегі болады. Бір осьті тіркемелерде жүк салмағының ортаға тартылыс массасы доңғалақтар осіне жақын болып, тіркеменің дышлосынан автомобиль – тягачтың татқыш – тіркеме құрылымына тік түсірілген жүктемелікті салыстырмалы түрде теңестіруді қамтамасыз етеді.

 

 

Бір осьті тіркемелермен тасымалданатын жүктің массасы бір оське түсірілетін шектеулі салмақ аралығында болуы шарт. Жеңіл тіркемелермен тасымалданатын жүктердің салмағы 2500 кг дейін, өте жоғары тіркемелерге — 2500... 5000 кг аралығында болады. Бір осьті тіркеменің дышлосы 3 төзімді болып дайындалады, өйткені ол тіркелу массасынан қосымша жүктемелікте болады. Бір осьті тіркемелері бар автопоездар маневр жасауға ыңғайлы, сонымен бірге кері қарай жүруге де қолайлы. Жеңіл тіркемелердің тұру таянышы биіктікке реттелетін таяныш ретінде дайындалған, ал өте ауыр салмақты тіркемелерде —домкрат түріндегі таяныш қолданылады.

Екі осьті тіркемелер. Екі осьті тіркемелермен тасымалданатын жүктің салмағы 4000—15 000 кг аралығында болады. Тіркеменің (19.4. б, сур.) рессорлар арқылы артқы осьқа, ал алдыңғы осьқа аспаланған бұрылу құрылғысы(бұрылу дөңгелегі) 5 арқылы — рамаға 4 бекітілген рамасы бар. Алдыңғы осьқа жазыңқы саусақтармен рамаға 4 тіркеменің дышлосы 3 бекітілген. Бұрылу құрылғысы раманың 4 алдыңғы осьпен тіркеменің негізгі рамасына 1 қатынасты әрбір жағына 90° бұрышта бұрылуына мүмкіндік береді. Тіркеменің рамасы мен дышлосын негізінен стандартты болат жаймадан пісіріп дайындайды. Алдыңғы бұрылу осіне тіркеменің рамасының алдыңғы бөлігі доңғалақтан жоғары орнатылған(олай болмаса бұрылу осінің бұрылысы қиындайды); соның нәтижесінде жүк тиейтін биіктігі жоғарлайды және тіркеменің орталық тартылысы артады. Тіркеменің алдыңғы осінің бұрылу құрылғысы алдына тігінен берілген салмақта, сонымен бірге автопоездің қолайсыз жол бетімен жүрген кезде жазықтықта және бүйірлік бағытта берілген күштерде жеңіл бұрылуды қамтамасыз етуі тиіс. Жазықтықта берілетін күштердің тәсілдері бойынша тіркеменің бұрылу құрылғысының— кіндіктемірлі және кідіктемірсіз екі түрі бар.

Кеңінен қоданылатыны таяныш дөңгелектің арасына орнатылған цилиндрлі аунақшалы кіндіктемірлі бұрылу құрылғысы, ал кіндіктемірсіз бұрылу құрылғысы рамалар арасында болатын тігінен және жазықтықта берілетін күштерді қабылдап, үлкен диаметрлі шарикті радиалды – таяныш ішпекте жұмыс істейді. Тіркеменің жүк тиейтін биіктігін, орталық тартылысын, сонымен бірге маневр жасауды жақсартуға, тіркеменің доңғалақтарының басқарылуы үлкен әсер береді. Мұны былай түсіндіруге болады, бұрылу осі бар тіркемелі автомобиль-тягачтің бұрылуы кезінде, тіркеменің артқы бөлігі бұрылу ортасына автопоезд доңғалақтарының арасы ені өте кіші бұрылу радиусында жекленген автомобиль – тягач доңғалақтарының арасының еніне қарағанда 1,5 – 2 есе көп болады.

Тіркеменің алдыңғы доңғалақтарынымен бұрылуды орындау кезінде олар автомобиль артқы доңғалақтарының ізімен жүріп, автопоездің барлық бұрылу радиусын азайтады. Екі осьті тіркемелердің доңғалақтары мен шиналары негізгі автомобиль –тягачтың доңғалақтары мен шиналарымен бірдей болады.

Тіркеменің аспалары тәуелді, бойлық жартылай эпилептикалық рессорларға орнатылған. Тежеуіш механизмдері — атанақ типті пневматикалық жетекті болады. Платформасы — метал каркасты ағаштан немесе біртұтас металдан дайындалады.

Екі осьті жартылай тіркемелер. Бұл тіркемелер тіркеме құрылымдарының өндірісінде басымдылық қолданыста болуда. Оларға екі осьті жартылай тіркемелер ОдАЗ-9370-01, КЗПТ-9385, МАЗ-5205А, -9397 тағы басқалар, бұл тіркемелермен тасымалданатын жүктердің массасы (жүк көтерімі)

14 ООО — 21 ООО кг аралығында болады. Мысалы екі осьті артқы тележкасы бұрылмайтын осьтары біріне бірі жақын орантылған жартылай тіркеме

ОдАЗ – 9370. Бұл жартылай тіркеме (19.4. в, сур.) ашық металлды платформа, бүйірлік және артқы жақтаулары ашылады. Тіркеменің едені мен жақтауларын жиырылған болат төсемдерден дайындаған. Тіркеменің рамасы 1 пісірілген, ауыспалы және көлденең екі лонжероннан тұрады. Лонжерондарға және артқы көлденең таянышқа құлақшалар орнатылып, оған жақтаулар ілінеді. Раманың ішкі жағынан артқы көлденең таяныштың жиегіне фонарлар мен бұрылу көрсеткішінің кронштейні пісіріліп бекітілген. Лонжерондардың артқы бөлігінің керегесіне автопоездің аппаттық жағдайында тартып шығару үшін, бұрандамен қаттылап бекітілген сүрегіш ілгектер орнатылған. Жартылай тіркемені автомобиль-тягачпен тіркеу үшін раманың алдыңғы бөлігінде көлденең таяныш кронштейнінде дайындалған арнайы ұяға престелген кіндіктемір 6 бар, және қосымша тәжілі сомынмен бекітіліп тиянақталады. Кіндіктемір құрылымынан рамаға берілген жүктемеленуді тең бөліну үшін көлденең таяныштарға тіреуіштер пісіріліп бекітілген. Жартылай тіркемелерді автопоездан ағытқан кезде тепе – теңдікті сақтау мен жылжыту үшін тірек таянышта 7 ұстатылған катоктар 8 орнатылған. Жүксіз жартылай тіркемені көтеріп және түсіретін таяныш құрылымында екі жылдамдықты редукторы бар, таяныш құрылымының бір сатылы редукторына қарағанда тіркеу – ағыту жұмыстары кезіндегі дайындықтың уақытын жеңілдетеді. Жартылай тіркеменің аспасы 9 теңгерулі КамАЗ автомобиль-тягачының артқы тележкасының екі жартыэллиптикалық рессорда орнатылған. Жұмыс тежеуіш жүйесі пневматикалық, тұру тежеуіші — механикалық. Екі жүйе де барлық доңғалақтарға бірдей жұмыс атқарады. Жартылай тіркемелерде орнатылған доңғалақтары мен шиналары КамАЗ ершікті–тягач автомобилінің базалық модельдерінің доңғалақтары мен шиналары бірдей болады.

 

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ.

 

1. Автопоездар қандай белгілері бойынша түрленеді және жекленген

автомобильдерден басымдылығы қандай?

2. Тартқыш–тіркеме–ілгекті құрылымының ерекшелігі қандай?

3. Ершікті–тіркеме құрылымының ерекшелігі қандай?

4. Қандай белгілері бойынша тіркемелер мен жартылай тіркемелер түрленеді?

5. Тіркемелер мен жартылай тіркемелер құрылымдарының ерекшеліктері қандай?

6. Ауыр салмақты жүк таситын тіркемелер құрылымдарының ерекшеліктері

қандай?

7. Тіркеменің екі өткізгішті жетекті тежеуіш жүйесінің қызметі, басқарылуы мен

жұмыс істеу тәсілі қандай?

8. Тіркеменің бір өткізгішті жетекті тежеуіш жүйесінің қызметі, басқарылуы мен

жұмыс істеу тәсілі қандай?

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ.

 

«Устройство и эксплуатация автотранспортных средств» Роговцев В.Л. Пузанков А.Г. Олдфильд В.Д. Москва «Транспорт» 1991г.

«Устройство автомобилей» Боровских Ю.И. Буралев Ю.В. Морозов К.А. Москва «Высшая школа» 1988г.

«Устройство автомобилей» Стуканов В.А. Леонтьев К.Н. Москва ИД «Форум» 2010г.

«Автомобиль ВСДЕ» Калисский В.С. Манзон А.И. Нагула Г.Е. Москва «Транспорт» 1985г.

«Слесарь по ремонту автомобилей» В.И. Карагодин, С. К. Шестопалов Москва «Высшая школа» 1990г.

«Техническое обслуживание и ремонт автомобилей» Ю. И. Боровских, В.М. Кленников, В.М. Никифиров, А. А. Сабинин. «Высшая школа» 1983г.

«Материаловедение для автомехаников» Ю.Т. Чумаченко, Г.В. Чумаченко, А.И. Герасименко; Ростов на Дону «Феникс» 2004г.

«Автомобильные материалы» М.А. Масино, В.Н. Алексеев, Г.В. Мотовилин; Москва «Транспорт» 1979г.

«Материаловедение» А.М Адаскин, В.М. Зуев Москва «AKADEMA» 2004 г.

«Устройство и эксплуатация автомобилей» Н.П. Толмачев; Москва «ДОСААФ СССР» 1984г.

«Автомобили устройство, эксплуатация и ремонт» В.М. Архангельский, Л.Л. Афанасьев, Л.В. Дехтеринский, В.А. Иларионов, Н.М. Сергеев, С.М. Цукерберг; «Машиностроение» Москва 1965г.

«Устройство и эксплуатация автомобиля» К.С. Шестопалов, В.Г. Чиняев; «ДОСААФ СССР» 1974г.

«Устройство и эксплуатация автомобилей» В.П. Полосков, П.М. Лещев, В.Н. Хартанович; «ДОСААФ СССР» 1987г.

 

МАЗМҰНЫ

       
 
 
   


1 БӨЛІМ. АВТОМОБИЛЬ.

1тарау. Жалпы мәліметтер................................................................................................

1.1. Автокөлік құрылымдарының түрге бөлінуі..........................................................

1.2. Автомобильдің жалпы құрылымы...........................................................................

2 тарау. Іштен тұтану қозғалтқыштары.

2.1. Қозғалтқыштың жалпы құрылымы және жұмыс істеу циклі...............................

2.2. Іштен тұтанатын поршеньді қозғалтқыштың жұмыс істеу тәсілдері.............

2.3. Көп цилиндрлі қозғалтқыштар.................................................................................

2.4. Қозғалтқыштың жалпы құрылымы...........................................................................

2.4.1. Поршень топтары мен бұлғақтар...........................................................................