Бап. Саяси партияны мемлекеттiк тiркеуден бас тарту

 

1. Тiркеушi орган Қазақстан Pecпубликасының заң актiлерiнде көзделген негiздемелер бойынша, сондай-ақ партия құрудың заңда белгiленген тәртiбiн бұзған, берiлген құжаттар, соның iшiнде оның құрылтай құжаттары мен партия мүшелерiнiң, оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) тiзімдерi Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес келмеген жағдайда саяси партияны мемлекеттік тiркеуден бас тартады.

Тiркеуші орган Қазақстан Республикасының заң актілерiне көзделген негiздемелер бойынша, сондай-ақ құрылымдық бөлiмшенi (филиалы мен өкiлдiгiн) құрудың заңдарда белгіленген тәртібін бұзған, есептік тіркеуге берілген құжаттар, соның iшiнде партия мүшелерінiң тiзiмдерi Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес келмеген жағдайда саяси партияның құрылымдық бөлiмшесiн (филиалы мен өкiлдiгiн) есептiк тiркеуден бас тартады.

2. Мемлекеттiк тiркеуден бас тартылған жағдайда саяси партия тiркеушi органға үш ай өткен соң оны мемлекеттiк тiркеу үшiн құжаттарды қайтадан бере алады.

3. Саяси партияны мемлекеттiк тiркеуден, оның құрылымдық бөлiмшелерін (филиалдары мен өкiлдiктерiн) есептiк тiркеуден бас тартуға сот тәртiбiмен шағым жасалуы мүмкiн.

Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 67-ІІІ Заңымен (Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз).

 

12-бап. Қазақстан Республикасының саяси партиялар туралы

заңдарының сақталуын бақылауды жүзеге асыратын