Мемлекеттiк органдар

Қазақстан Республикасының саяси партиялар туралы заңдарының сақталуына, сондай-ақ саяси партия мен оның құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi) қызметiнiң Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестiгiн бақылауды:

1) саяси партия мен оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) саяси партия мүшелерiнiң қажеттi саны бар екендiгiн растайтын құжаттарын берудi талап ету немесе оларға қол жеткiзу құқығы бар тiркеушi органдар;

2) Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес салық органдары;

3) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда басқа мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.

Азаматтардың саяси партия құру жөнiндегi бастамашылық тобының, саяси партия мүшелерi тiзiмдерiнiң дұрыстығын, осы Заңның 6-бабы 1-тармағының, 8-бабының, 10-бабы 6-тармағының талаптарына сәйкес келуiн тексерудi Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртіппен тиiстi мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 67-ІІІ Заңымен (Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз).

 

13-бап. Саяси партияның қызметiн тоқтата тұру

1. Саяси партияның қызметi соттың шешiмi бойынша үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын бұзған;

2) саяси партияның жарғысына қайшы келетiн қызметтi үнемi жүзеге асырған;

3) саяси партия басшыларының экстремизмдi жүзеге асыруға бағытталған жария шақыруы мен сөйлеген сөздерi орын алған;

4) саяси партия мүшелерiнiң саны осы Заңның 10-бабы 6-тармағының талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда тоқтатыла тұруы мүмкiн.

2. Саяси партияның қызметi тоқтатылып тұрған кезеңде партияның басшылары мен мүшелеріне бұқаралық ақпарат құралдарында партия атынан сөйлеуге, жиналыстар, митингiлер және өзге де жария сөз сөйлеудi ұйымдастыруға және өткiзуге тыйым салынады, сондай-ақ еңбек шарттары, оның қызметi салдарынан келтiрiлген залалдың орнын толтыру және айыппұлдар төлеу жөнiндегi есеп айырысуларды қоспағанда, саяси партияның банктiк шоттары бойынша шығыс операциялары тоқтатыла тұрады.

3. Егер саяси партияның қызметiн тоқтата тұрудың белгiленген мерзiмi iшiнде тәртiп бұзушылықтар жойылатын болса, саяси партия өз қызметiн қайта бастайды.

4. Саяси партияның орын алған тәртiп бұзушылықты жойғандығы фактiсiн саяси партияның қызметiн тоқтата тұру туралы шешiм шығарған сот анықтайды.

Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.02.23. N 33 Заңымен, 2005 жылғы 8 шілдедегі N 67-ІІІ Заңымен (Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз).

 

14-бап. Саяси партияны қайта ұйымдастыру және тарату

 

1. Саяси партияны қайта ұйымдастыру (қосылу, бiрiгу, бөлiну, бөлiнiп шығу, қайта құрылу) оның жоғары органының шешiмi бойынша Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде және саяси партияның жарғысында көзделген тәртiппен жүргiзiледi.

2. Қайта ұйымдастырылғаннан кейiн жаңадан құрылған саяси партияны тiркеу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

3. Саяси партия:

1) өзiнiң жоғары органының шешiмi бойынша;

2) аймақтардың кемiнде жартысының өкiлi болып табылатын мүшелерiнiң кемiнде елу бiр процентiнiң ұсынысы бойынша;

3) соттың шешiмi бойынша таратылады.

4. Саяси партияны таратуды саяси партияның жоғары органы тағайындайтын тарату комиссиясы немесе Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген тәртiппен сот жүргiзедi.

5. Соттың шешiмi бойынша саяси партия:

1) осы Заңның талаптарын орындамаған;

2) саяси партияның қызметiн тоқтата тұру үшiн негiз болған тәртiп бұзушылықты сот белгiлеген мерзiмде жоймаған;

3) саяси партияның жарғысына қайшы келетiн қызметтi үнемi жүзеге асырған;

4) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде тыйым салынған қызметтi жүзеге асырған не қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарын бiрнеше рет (кемiнде екi рет) немесе өрескел бұза отырып жүзеге асырған;

5) мемлекеттiк тiркеу үшiн табыс етiлген құжаттардағы мәлiметтердiң дұрыс еместiгi анықталған кезде саяси партияны мемлекеттiк тiркеудiң заңсыздығы танылған не саяси партияны мемлекеттiк тiркеудiң күшi жойылған;

6) саяси партия Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсi депутаттарының сайлауына қатарынан екi рет қатыспаған;

7) шетелдiк заңды тұлғалар мен азаматтар, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар қаржыландырған, саяси партия осы Заңда тыйым салынған қайырмалдықтарды қабылдаған;

7-1) саяси партия, оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қайта тiркеусiз жүзеге асырған;

8) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де жағдайларда таратылуы мүмкiн.

Ескерту. 14-бапқа өзгерістер енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 67-ІІІ Заңымен (Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз).

 

3-тарау. САЯСИ ПАРТИЯНЫҢ ҚЫЗМЕТI

 

15-бап. Саяси партияның құқықтары мен мiндеттерi

 

1. Саяси партия жарғысы мен бағдарламасында анықталған мақсаттар мен мiндеттердi жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен:

1) өзiнiң қызметi туралы ақпарат таратуға және өз мақсаттары мен мiндеттерiн насихаттауға;

2) ерiктi негiзде қауымдастықтарға (одақтарға), сайлау блоктарына бiрiгуге;

3) Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң және мәслихаттарының депутаттығына кандидаттар ұсынуға; мәслихаттардағы өз өкiлдерi арқылы Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттығына кандидатуралар жөнiнде ұсыныс жасауға;

4) өздерiнiң бұқаралық ақпарат құралдарын құруға;

5) жиналыстар, митингiлер мен демонстрациялар, шерулер мен пикеттер өткiзуге;

6) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актерлерiнде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

2. Саяси партия:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының талаптарын сақтауға;

2) әрбiр азаматтың өз құқықтары мен мүдделерiне қатысты құжаттармен, шешiмдермен және ақпарат көздерiмен танысу мүмкiндiгін қамтамасыз етуге;

3) заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттiк тiркелiмiне енгiзiлетiн мәлiметтер көлемiнде тұрақты жұмысay:inline-block;width:980px;height:120px" data-ad-client="ca-pub-1201569435861782" data-ad-slot="2853903535">