АЛАШ ИДЕОЛОГИЯСЫ

ЕУРАЗИЯШЫЛДЫҚ ИДЕЯ КОНТЕКСІНДЕ

Мақсаты: Алаш қозғалысы тарихын мен Алаш идеологиясын еуразияшылдық идея тұрғысынан қарастыру.

1. Алаш қозғалысының қалыптасуы және дамуы.

2. Алаш зиялыларының шығармашылық қызметі.

Негізгі түсініктер:Алаш, партия, интеллигенция, автономия.

1. Алаш қозғалысы «Алаш» партиясы, Алашорда үкіметі, Алаш идеясы бүгінгі таңда

қазақ тарихының күрделі әрі көкейкесті мәселелері болып саналады. Жоғарыда аталған күні кешеге дейін лайықты бағасын ала алмай келген ұғымдар қазақ қоғамындағы ұлттық оянудың, ұлттық сана қалыптасуының өзінше бір көрсеткіші іспетті. «Алаш» партиясын құру мен Алашорда үкіметін қалыптастыру жолындағы жанқиярлық еңбегі нәтижесінде «Алаш арыстары» ардақты есімін иеленген зиялы қауым тарих сахнасына көтерілді.

1917 жылы 21-26 шілдеде Орынборда өткен Бірінші Жалпықазақ съезінде «Алаш» ұлттық саяси партиясы құрылып, басшы органдары сайланды. Партияның құрамына Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай, Мұхаметжан Тынышпаев т.б. қазақ зиялылары енді.

1917 жылы қараша айында «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасы жасалынып, жоба «Қазақ» газетінде басылды. Бағдарлама негізгі 10 бөліммнен тұрды.

1917 жылы 26-29 қарашада Қоқанда (Түркістан) өткен өлкелік ІҮ мұсылмандар съезінде Қоқан (Түркістан) автономиясы құрылады. Премьер-министрі- М. Тынышбаев, Сыртқы істер министрі- М. Шоқай. Мұндағы идея - Тұтас Түркістан мемлекетін құру болды. Территориясының құрамына Жетісу және Сырдария облыстары енді.

1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда ІІ Жалпықазақ съезі өтті. Съезде Алашорда автономиясы жарияланып, Алашорда үкіметі құрылады. Үкіметке 25 орын беріліп, 10-ны қазақ емес басқа ұлт өкілдеріне берілді. Көшбасшылары: Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Халел және Жаһанша Досмұхамедовтар, Х. Ғаббасаов т.б. болды. Үкімет Төрағасы болып Әлихан Бөкейханов бекітілді.

Азамат соғысы басталғанда Алашорда үкіметі екіге бөлінді: оның Батыс Қазақстандағы бөлігін (Орал, Жымпиты) Халел және ЖаҺанша Досмұхамедовтар, Шығыстағы бөлігін (Семей, Алаш- қазіргі Жаңа Семей қаласы) Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов т.б. басқарды. Бірақ Уақытша өкіметтің өмірі де ұзақ болмады. 1917 ж. 25 қазанда Уақытша өкімет құлап, оның орнына большевиктер басқарған Кеңес өкіметі орнады. Бұл жұмысшылар мен шаруалардың билігі орнаған өкіметі еді.

2. Алаш қайраткерлерінің түп қазық идеясы – қазақ мемлекеті. Ол үшін ата-баба қанын төгіп

қорғаған, сақтап қалған, мыңжылдар бойы ешқайда көшпей, тұрақты мекен еткен жерді бөлшектемей, жатжұртқа таптатпау, сатпау, жерден айрылғаның барлық байлықтан, дәулетіңнен, құт-берекеңнен айрылу, өлу, өшу деген сөз; мемлекеттік басқару дәстүрлерді сақтай отырып, алдыңғы қатарлы Еуропа, Америка, Жапония үлгісіндегі қағидаттарға негізделген демократиялық сайлаушылар арқылы жасалған жүйелермен жүру керек; бұл ретте ешкімнің нәсіліне, жынысына, дәулетіне байланысты шектеу жоқ; шикізат емес, ұқсатып жасаған, пайда әкелетін өнім шығару мемлекет әрекетінің ең бірінші шарты; қазақ тілін дамыту, оқулықтар, сөздіктер жасау, мектептер, университеттер ашу; өз ақшасын шығару, әскер құрып, елді – мемлекетті қорғау керек.

Белгілі тарихшы Мәмбет Қойгелдиев «Алаш» сол кездегі еуропалық үлгідегі ұлттық демократиялық партия болған. Партияның басты құжаты саналатын бағдарламасының өзі сол тұстағы батыстағы кез келген партияның бағдарламасынан кем болмаған», - дейді.

«Түбінде еліміз егемендігін алады. Өз алдына дербес мемлекет болады. Мемлекеттілігімізді алған кезде ең бірінші болып Қараөткелде университет саламыз» деп мақсат еткен болатын алаш арыстары.

ХХ ғасыр басындағы озық ойлы қазақ зиялыларының бұл асыл армандары ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 1997 жылғы 20 қазандағы Жарлығымен 1997 жылдың 10 желтоқсанынан республика астанасы болып бұрынғы Ақмола қаласының жаңа астана болып жариялануымен және 1996 жылғы мамыр айындағы Президент Жарлығымен еуразиялық үлгідегі ұлттық университеттің құрылуымен толық жүзеге асты дер едік.

Бүгінгі күні қазақтың ұлан-ғайыр даласының дәл төсінде бой көтерген Астана қаласы еліміздің ұлы мұраттары мен игі бастамаларының ұйытқысына айналса, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті халықаралық деңгейлі заманауи жоғары оқу орны болып саналады.

Ұлттық білім ордасын Еуразияның бел ортасында орналасқан Қараөткелде ашуды жоспарлаған алаш зиялылары білім және ғылым саласы турасында «Алаш» партиясы бағдарламасы жобасының «Ғылым-білім үйрету» деп аталынатын ІХ бөлімінде оқу орындарында білім алу жалпы халыққа қол жетімді, әрі тегін болуын, бастауыш мектептерде ана тілінде оқыту, ұлттық орта мектептер мен университет ашу қажеттігін көрсете келе, одан әрі: «оқу жолы өз алды автономия түрінде болуы; хүкмет оқу ісінде кіріспеу; мұғалімдер-профессорлар өз ара сайлаумен қойылуы» деген оқу-білім мәселесіне қатысты белгілеген басты бағыттар қазіргі күнгі әлемдік білім беру деңгейіне сәйкес келетін негізгі талаптар екендігіне көз жеткіземіз. Ендеше, біздің ұлттық зиялыларымыз осыдан 90 жыл бұрын озық тәжірбиелі шетелдік білім беру жүйесін таңдаған. Өйткені, Алаш идеологиясының түпкі мәнісі «Жұртта білім болса, байлық, құрмет, барша рахат та табылмақшы. Егерде білім, өнер жоқ болса, дүниедегі кеңшіліктің бәрінен де құр қалып, көрінгенге жем болып, шөліркеп, азып-тозып бітпекші» дегенге сайып келді.

«Алаш» ұстанымы - халық ұстанымы, ұлт ұстанымы. Қазақ қанша өмір сүрсе «Алаш» сонымен бірге өмір сүретін болады.

Әдістемелік нұсқаулар: Алаш идеологиясының теориялық негіздерін алаш зиялыларының ғылыми мұрасын қарастыру арқылы айқындау.

Негізгі әдебиеттер тізімі:

1. Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда.-Алматы: «Ататек», 1995.

2. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы.-Алматы: Санат, 1995.

3.Аманжолова Д. Партия Алаш: история и историография. Уч. Пособие .-Семипалатинск: Семипалатинский пединститут им. Шакарима, 1993.

4. Аманжолова Д. Казахский автономизм и Россия. История движения Алаш.-Москва: «Россия молодая», 1994.

Қосымша әдебиеттер тізімі:

1. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы.-Алматы: Санат, 1995.-16-Б.

2. Әбжанов Х., Әлпейісов Ә. Қазақ интеллигенциясы мен мәдениеті туралы.-Алматы: Респ. мәдениет қызметкерлерінің мамандығын арттыру институты, 1992

3. Қойгелдиев М., Омарбеков Т. Тарих тағылымы не дейді?-Алматы: «Ана тілі», 1993

Дәріс 6.

ЕуразияШЫЛДЫҚ идеясының қалыптасу кезеңдері

Мақсаты: Еуразияшылдық идеяның 1920-1930 жж. дамуын және посткеңестік кезеңдегі еуразияшылдық идея жағдайын қарастыру.

1. 1920-1930 жж. еуразияшылдық идеясының дамуы.

2. КСРО және посткеңестік Ресейдегі еуразияшылдық идеясы.

 

Негізгі түсініктер: революция, эмиграция, еуразияшылдық қозғалысы.

1. Еуразияшылдық идеясын ұстанушы орыс зиялылары алдымен еуразияшылдық топ,

одан қозғалыс болып қалыптасып, одан саяси партия құрған болатын. 20-30 жж. олардың бастамасымен бірқатар баспа орындары қызмет жасады. Олар жинақтар, альманах, журнал мен газеттер, сондай-ақ, бағдарламалық шығармалар жеке кітапшалар болып жарыққа шықты. Мәселен, еуразияшылдық баспаханаларынан Савицкий, Трубецкой, Алексеев, Толь, Полковников, Бромбергтердің еңбектері жарияланды. Сонымен бірге Ұлыбритания, АҚШ, Еуропаның жетекші қалаларында тұрған еуразияшылдықтың көшбасшылары хат жазысып отырған. Мұндай хаттар Мәскеу, Прага, Париж, Берлин, София және т.б. қалалардағы мұрағаттарда сақталған.

Еуразияшылдық тобының қалыптасуыН. С. Трубецкойдың «Европа и человечество» атты еңбегінің шығуымен байланысты болды. Бұл еңбектен соң еуразияшылдық үйірмесі құрылған болатын. 1921жылы София қаласында ең алғашқы еуразияшылдыққа қатысты «Утверждений» — «Исход к Востоку. Утверждение евразийцев. Предчувствия и свершения. Книга 1» атты жинақ шығарылады.

1922 жылы Берлинде «На путях. Утверждение Евразийцев. Книга вторая» деген келесі жинақ жарық көрді. 1923 жылы «Россия и латинство. Сборник статей» деген жинақ шығады.

1923 жылдан бастап еуразияшылдықтың баспа органы — «Евразийский временник» шыққан. 1927 жылға дейін 3 нөмірі жарық көрген. 20 жылдардың соңы мен 30 жылдардың басында еуразияшылдық топ арасындажікке бөліну басталғанда тағы екі жинақ жарық көрген. Парижден 1931жылы «Тридцатые годы. Утверждение евразийцев. Книга седьмая» атты келесі кітап шыққан. Сондай-ақ, жинақтармен қатар мерзімді басылымдар да жарияланған. 1925 жылдан 1935 жылдар аралығында «Евразийские хроники» (барлығы 12) шыққан. Бұлар негізінен еуразияшылдықты насихаттауға мақсатталды. Ал 5 шығарылымында теориялық мақалалар шығарыла бастады. Әсіресе, Париж қаласында 1926-1928 жж. шыққан 6-10, 1935 ж. – 11 және 1937 ж.- 12 шығарылымдары маңызды болды.

1928 жылдың 24 қарашасынан 1929 жылдың 7 қыркүйегіне дейін Парижде солшыл еуразияшылдардың «Евразия» (барлығы 35 нөмір) деген апталық газет шығарылған. Сонымен қатар, солшыл еуразияшылдардың ұстанымын «Евразиец» атты журнал насихаттады (Брюссель, 1928–1934, барлығы 25 нөмір шыққан).

«Версты» деген тақырыппен альманах 1925, 1926, 1927 жж. бойы Парижден шығарылған. Барлығы 3 нөмір жарияланды. Ал кейінгі еуразияшылдардың ұстанымын «Евразийские тетради» журналы (Прага, 1934 — 1936, барлығы 6 нөмір), «Свой путь» айсайынғы газет насихаттаған.

2. Кеңес үкіметі кезінді әрине еуразиящылдардың еңбектері қайта басылынған жоқ.

Жалпы еуразияшылдық идесы КСРО-да көп мәлім болмады. Тіпті КСРО-да еуразияшылдар ұйым құрмақ болғанда, оларды кеңестік барлау органдарымен арнайы «Трест» деген операция жүргізілген болатын. Чол кезде кеңестік арнайы органдар қызметкерлері де еуразияшылыдық туралы түсініктері болмаған. Не болмаса оларда көбінесе бұрмаланған пікір қалыптасты.

Еуразияшылдардың еңбектері тек қана қайта құру жылдарының соңында жариялау мүмкін болды. 1990 жылы «Вопросы языкознания» журналының №2- де Н. С. Трубецкойдың «Общеславянский элемент в русской культуре» деген мақаласы жарияланды, осы жылы №№4,5,6 және 1991 жылы "Вестник МГУ (серия 9 (филология)) журналының №1,2,3,4-де Широков бастамасымен келесідей еуразияшылдардың еңбектері жарыққа шықты: Н. С. Трубецкойдың «К украинской проблеме», «О туранском элементе в русской культуре», "предисловие к сборнику «Исход к Востоку», «Об истинном и ложном национализме». «Верхи и низы русской культуры (этническая основа русской культуры)», «Религии Индии и христианство» и «Наследие Чингисхана (взгляд на русскую историю не с Запада, а с Востока)», П. П. Сувчинскийдің «Типы творчества (памяти А. Блока)». 1991 жылы «Новый мир» журналының №1 Карсавингің «Государство и кризис демократии» и работу Флоровского «Евразийский соблазн» (публикация Соболева) атты мақаласы шықты.

Сонымен қатар, көрсетілген жылы «Литературная учебаның» №6 нөмірінде Трубецкойдың «Религии Индии и христианство», «Об истинном и ложном патриотизме», «О расизме» деген еңбектері қайта басылды.

1991 жылы «Философские науки»журналының №12 нөмірінде П. Н. Савицкийдің «Евразийство» деген бағдарламалық мақаласы жарық көрді.

1992 жылы «Нашего современник» журналының №№2,3 нөмірлерінде Савицктйдің «Евразийство», «К преодолению революции», Трубецкойдың «Мы и другие», «К украинской проблеме», Вернадскийдың «Два подвига Св. Александра Невского» атты еңбектері басылды. Осы жылы «Вопросы философии» журналының 2 нөмірінде Карсавин мен Кожевниковтың «Философия и ВКП» деген ортақ атпен жарық көрді.

1992 жылы «Пути Евразии. Русская интеллигенция и судьбы России» атты кітап (құрастырушы И. А. Исаев) жарияланды. 1993 жылы Мәскеуде Н. Клепининнің «Святой и благоверный великий князь Александр Невский» (бірінші басылым — Париж, 1927) еңбегі шықты. 1995 жылы аталған басылымда жаңа антология жарияланды, лгы құрастырушылар — Новиков пен Сиземсктй: "Мир Россия-Евразия. М, 1995., Г. Флоровский «О народах неисторических (страна отцов и страна детей)», Сувчинского «Сила слабых», Савицкий «Подданство идеи» и «Географический обзор России-Евразии», Трубецкой «Вавилонская башня и смешение языков», Алексеев «Советский федерализм», Бромберг «Еврейское восточничество в прошлом и будущем».

1997 жылы «Беловодье» басылымында «Русский узел евразийства. Восток в русской мысли. Сборник трудов евразийцев» (құрастырушы С. Ключников) жарық көрді. 1999 жылы Мәскеуде «Политическая история русской эмиграции. 1920–1940 г.г. Документы и материалы. Под ред. Проф. А. Ф. Киселева» атты кітап шықты.

1995 жылдан бастап еуразияшылдардың еңбектері шыққан болатын. Мәселен, Н. С. Трубецкойдың «История. Культура. Язык» кітабы. 1997 жылы «Добросвет» баспасында «Исход к Востоку» қайта жарияланды. Сондай-ақ, П. Н. Савицкийлің «Континент Евразия» атты еңбегі жарыққа шықты. 1999 эылы Трубецкойдың «Наследие Чингисхана» атты кңбегі қайта басылды. Соңғы жылдары «Аграф» баспасынан Бромбергтің «Евреи и Евразия», (М., 2002) және Э. Хара-Давананың «Русь монгольская» (М., 2003) және «Чингисхан как полководец» шықты.

2000 жылы Санкт-Петербургте «Лань» баспасында Г. В. Вернадскйдің «Начертание русской истории» және Савицкийдің «Геополитические заметки по русской истории» мақаласымен қосымша жарияланды.

Әдістемелік нұсқаулар: Еуразияшылдар қозғалысының қалыптасу кезеңдеріне тоқталған кезде сол уақыттағы Ресейдегі саяси жағдайды ескеру керек.

Негізгі әдебиеттер тізімі:

1. Савицкий П.И. О задачах кочевниковеденъя: (почему скифы и гунны должны быть интересны для русского:).- Прага: Евраз. Книгоиздательство, 1928.

2. Вернадский Г. В. «Россия в средние века Тверь», Тверь-М.: «Леан», «Аграф», 1997.

3. Вернадский Г. В. «Монголы и Русь. Тверь-М. : «Леан»; Аграф», 1997.

Қосымша әдебиеттер тізімі:

1. Савицкий П.Н. Исход к Востоку, 1921

2. Савицкий П.Н. К вопросу об экономической доктрине евразийства//Евразийская хроника. 1926. Вып. 6.

3. Трубецкой Н.С. Европа и человечество. София, 1920.

 

 

Дәріс 7.

ЕУРАЗИЯШЫЛДЫҚ ИДЕЯСЫНЫҢ НЕГІЗІН САЛУШЫ ҒАЛЫМДАР - Н.С.ТРУБЕЦКОЙ МЕН П.И. САВИЦКИЙДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ

 

Мақсаты:Н.С. Трубецкоймен П.И. Савицкийдің еңбектеріндегі еуразияшылдық идеясын қарастыру.

1. Н.С. Трубецкойдың өмірі және ғылыми еңбектері.

2. П.И. Савицкийдің творчестволық және өмір жолы.

Негізгі түсініктер: «Тұран элементі»,классикалық еуразияшылдық.

1.Трубецкой Николай Сергеевич1890-1938 жж.- шетел орыстарының әмбаба ойшылдарының бірі, ірі лингвист, филолог, тарихшы, саясаттанушы. 1890 ж. Мәскеуде Мәскеу университетінің ректоры отбасында дүниеге келген. Әкесі атақты профессор, филолог Н.Трубецкой. Бұл отбасы ерте кездегі князь Гедиминович әулеті ұрпақтарынан. Отбасы жағдайы оның ерте уақыттан ғылыммен айналысуына ықпал еткен. Гимназияда оқи жүргенде этнография, фольклористика, тілтану, тарих және философиямен айналысады.

1908 жылы Мәскеу университетінің тарих-филолог факультетіне оқуға түседі. Осы кезде, сондай-ақ, философиялық-психологиялық бөлім және батыс еуропа әдебиет бөлімдері сабақтарына қатысқан. 1912 ж. салыстырмалы тіл оқыту мамандығы бойынша тәмәмдап, университет кафедрасына қалдырылады. Лейпцигте младограмматикалық мектеп доктринасын оқыған. Мәскеуге келген соң, Солтүстік Кавказ фольклоры, фин-угор тілі және славян тілдері мәселелері бойынша мақалалар жариялаған. Мәскеу лингвистикалық үйірмесі мүшесі болған. Онда болашақ еуразиялық тақырыбына жақын. Халықтану, этнография, мәдениет тарихы зерттеген. 1917 жылы табысты университетінде еңбек үзіліп, ол Кисловодске кетеді, біраз уақыт Ростов университетінде оқытушылық қызметін атқарған. Праславяндар Батыстан гөрі шығыспен жақын болды деген қағиданы ұстанған.

1920 ж. Болгарияға кеткен. Мұнда София университетінде профессор болған. Осы жылы «Еуропа және адамзат» деген әйгілі еңбегін шығарады. Еуразиялық идеология жасалады. Осы кезде Трубецкойдың ғылыми қызметі екі бағытта дамыды:

  • таза ғылыми, филологиялық, лингвистикалық мәселелерге арналған. Прага үйірмесі, Венадағы зерттеулері;
  • Мәдени-идеологиялық, еуразиялық қозғалысна байланысты зерттеулер жүргізген.

Трубецкой П. Н. Савицкий және П. П. Сувчинский, г. В. Фроловскиймен пікірлес болған. Өмірінің соңғы кезін Венада өткізген. «Евразийский временник» журналында мақалалар жариялаған. Вена университеті славистика профессоры болды. Австрияны фашистер басып алған кезде оны бірнеше рет гестапо тергеуге алады. Оның қолжазбалары тәркіленіп, жойылған.

Л.Н. Гумилевке П. Н. Савицкийдің берген ақпараты бойынша Трубецкой князь, ақсүйек болуы себепті тұтқындамаған. Жиі тінту жасалуы Трубецкойдың жүйкесін тоздырып, соңында инфаркт миокардқа ұшыратып, 1938 жылы 48 жасында қайтыс болады.

2. Петр Николаевич Савицкий1895 жылы 15 мамырда Черниговта дүниеге келген. 1968 ж. 13 сәуірде Прагада қайтыс болған. Орыс географы, экономист, геосаяттанушы, мәдениеттану, философ, ақын, қоғам қайраткері, еуразияшылдық көсемдерінің бірі.

Ақсүйектер тегінен. Чернигов помещигі, земстволық қайраткер, Ресей империясы Мемлекеттік кеңесі мүшесі (1906 ж.) Николай Петрович Савицкийдің ұлы. Гимназияда оқып білім ала жүріп, ғылыми жұмыстармен айналысқан. Ұлы Петр атындағы Петроград политехникалық институтында экономикалық факультетінде оқиды. Осында оқи жүріп, Петр Струев жетекшілігімен ғылыммен айналысқан. Струев арқылы осы кезде кадет партиясының оң қанатында болады. П. Б. Струевтің жетекшілігімен шығарылған «Великая Россия», «Русская мысль» атты журналдарында мақалалары жарияланған. 1916-1917 жж. Норвегияда орыс елшілігінде жұмыс істейді. Ресейге Қазан төңкерісі алдында келген. Бұдан кейін Украинаға кетеді. Бұл уақытта Петлюра әскері құрамында соғысқан. 1919 жылы деникиншілдермен бірге болып, Деникин мен Врангель үкіметтерінде сыртқы істер министрі орынбасары қызметін атқарады. 1920 жылы қалған врангельдік әскерімен Константинопольге кеткен. Мұнда ол Струвемен бірге «Русская мысль» журналын қайта шығарады. Н. С. Трубецкойдың «Европа и человечество» (София, 1920) атты еңбегінің ықпалында еуропоцентризм тұжырымдамасынан алыстай бастаған. Бұл Струвенің ұлттық-либерализм идеясы негізіне қайшы болды. Ол Трубецкойдың Ресейді «орталық материк» ретінде, яғни Ресей Еуропа мен Азияның ортасындағы- Еуразия деген түсінігіне сайып келді. Осылайша, П. Н. Савицкий еуразияшылдықтың негізін салушылардың бірі болды.

1920 жылы Болгарияға қоныс аударады. Ол Софияда «Исход к Востоку. Предчувствия и свершения. Утверждение евразийцев» атты бірінші еуразиялық жинақтың шығарылуына қатысқан. 1921 жылдың соңында Чехословакияға ауысады. Прагадағы орыс заң университетінде приват-доцент болып қызмет жасаған. Орыс халық университетінде, Орыс ауылшаруашылық кооперация институтында, Орыс азат университетінде география және экономика пәндерінен дәріс берген. 1930 жылдары Прага неміс университетінде орыс, украин және ресейтанудан сабақ берген. 1940 жылы Прагада орыс гимназиясының директоры болған. Ол еуразияшылдыққа шаруашылықпен айналысу, экономика тарихы және еуразияшылдық тарихы циклдерінің теорияларының негіздерін жасады. Көшпелілікті оқыту сияқты жаңа ғылымның пайда болуына үлес қосқан. Орыс геосаясатының еуразиялық нұсқасын жасаушы болды. Еуразиялық қозғалысының басқару органдарының мүшесі болған. Атап айтқанда, Үшеудің Кеңесі, Бесеудің Кеңесі, Жетеудің Кеңесі. 1920 жылдары большевиктер биліктен кетеді дегенге сеніп, басқа еуразияшылдармен бірге Ресейге келуді жоспарлаған. КСРО-да еуразияшылдықты таратуға әрекет жасаған. Алайда ОГПУ-дың «Трест» операциясының құрбаны болады. Олар ОГПУ-шілдердің большевиктерге қарсы «жалған» еуразияшылдарына алданып қалады. 1927 жылы «Трест» арқылы КСРО-ға құпия келген. Бұл кезде ОГПУ жасырын қызметкерлерін білмеген. Сондықтан «Тресттің» әшкереленуі, еуразияшылыдықққа оңдырмай соққы жасады. 1930 жылдары құрылымдық география жасаумен айналысқан. Осылайша, Н. С. Трубецкой мен Р. О. Якобсон сияқты лингвисттармен жасалынған еуразияшылыдыққа құрылымдық әдіс қолданды. Эмиграцияда Еуразиялық партияны құрушылардың (1932) және Эмигранттық қорғаныс қозғалысын жасаушылардың бірі болды. Бұл ұйымдар фашистер басып алған Еуропа мемлекеттерінде нацизммен күресуде үлкен үлес қосқан болатын. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде антинацистік үгіттер жасауға қатысқан. Сол үшін гестапомен қуғындалған.

1945 жылы Праганы Кеңес әскері азат еткеннен кейін СМЕРШ органдарымен бұрынғы ақгвардияшыл ретінде тұтқындалып, ұшақпен Мәскеуге жіберіліп, одан 8 жылға лагерьге айдалған болатын. Мордовияда Дубровлагерьде отырған. 1954 ж. Мәскеу маңына ауыстырылған. 1956 ж.босатылып, ақталған. Мәскеуде қалу ұсынылғанымен, ол одан бас тартып, Чехославакияға кетеді. Онда ол аударма жұмыстарымен айналысады. 1950 ж. Л.Н. Гумилевпен хат жазысып тұрған. 1960 ж. Батыста «П. Восток» бүркеншік есімімен, өлеңдер жинағын шығарған. Лагерьде болған күндері туралы жазады. Алайда сол үшін 1961 жылы ЧКР Мемлекеттік қауіпсіздік органдарымен ұсталған. Алайда әлемдік қауымдастықтың араласуымен босатылады. Әсіресе, британ философы Бертран Рассель ықпал етті.

Әдістемелік нұсқаулар: П.Савицкий мен Н.Трубецкойдың ғылыми қызметін қарастырғанда еуразияшылдық идеясының мән-маңызына ден қою керек.

 

Негізгі әдебиеттер тізімі:

1. Савицкий П.Н. Евразийство.// Основы евразийства – М., 2002. – С.280. 2. Савицкий П.Н. Географические и геополитические основы евразийства // Основы евразийства – М., 2002. – С.298-299. 3. Трубецкой Н.С. Наследие Чингисхана//Европа и человечество. –М., 2000 г. – С.88-90. Қосымша әдебиеттер тізімі:

1. Савицкий П.Н. К вопросу об экономической доктрине евразийства//Евразийская хроника. 1926. Вып. 6.

2. Трубецкой Н.С. Европа и человечество. София, 1920.

3. Трубецкой Н.С. Об истинном и ложном национализме// 1921. Кн. 2.

 

Дәріс 8.

КЛАССИКАЛЫҚ ЕУРАЗИЯШЫЛ ҒАЛЫМДАР - Г.В. ВЕРНАДСКИЙ ЖӘНЕ

Н.Я. ДАНИЛЕВСКИЙДІҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ЕУРАЗИЯШЫЛДЫҚ ИДЕЯСЫ

Мақсаты: Г.В. Вернадский мен Н. Я. Данилевскийдің теориялық-тұжырымдамалық еңбектерін қарастыру.

1.Г.В. Вернадскийдің өмірі мен ғылыми-шығармашылық қызметі.

2. Н. Я. Данилевскийдің өмірі мен ғылыми қызметі.

Негізгі түсініктер: Ұлы Русь, славяншылдық, православие, Батыс пен Шығыс.

1. Вернадский Георгий Владимирович-1888-1973 жж. – белгілі орыс және американ тарихшысы, атақты ғалым В. И. Вернадскийдің ұлы. Мәскеу №5 гимназиясында оқыған. 1905 жылы Мәскеу университетіне түскен. Алайда 1905 ж. революциясы басталған кезде ол оқуын тастап, Германиядағы Фрайбург және Берлин университеттерінде оқуын жалғастырған. 1910 ж. Мәскеу университетіне қайтып келіп, ұстаздық қызмет атқарған. Бірақ 1911 жылы «Кассо ісі» бойынша Мәскеу университетінен шығып, Санкт-Петерборға кетеді. 7 жыл бойы Петербор университетінде дәріс оқып, «Русское масонство в царствование Екатерины ІІ» атты магистрлік диссертация қорғаған. Азамат соғыс жылдарында (1917-1920 жж.) Пермь, Киевке, Симферопольде оқытушы болған. 1920 жылы эмиграцияға кетіп, Константинополь, Афина, Прага, Карлова университетінде орыс заң факультетінде оқытушы қызметін атқарған.

1927 жылы Йель университетіне АҚШ-қа (Нью-Хейвен, Коннектикут штаты) шақыртылады. 1946 жылы осы университет Ресей тарихы профессоры атағы беріледі. 1956 ж. зейнеткерлікке шыққан.

2.Николай Яковлевич Данилевский (1822 ж. Оберце с. Ливенск уезінде, Орлов губерниясында дүниеге келген. 1885 жылы қайтыс болған) — орыс әлеуметтанушысы, мәдениеттанушысы, публицист және геосаясаткер, алғашқылардың бірі болып тарихқа деген өркениетті көзқарастың негізін салды, панславизм идеологы.

Н. Данилевскийдің негізгі еңбегі «Россия и Европа», «Заря» журналында жарияланды.

«Дарвинизм» еңбегінде Дарвиннің теориясын сынап, оның негізсіздігін дәлелдейді. «Россия и Европа» еңбегінде Данилевский Ресей тарихын Еуропа елдерімен үздіксіз байланыста қарайды. Ол тарихи тәжірибеге сүйене отырып, Батыстың саяси, мәдени экспансиясынан сақтану қажет деп шешті. Данилевскийдің пікірінше, саяси тепе-теңдік әрқашан Рессейге қарсы бір-бірімен уағдаласқан Еуропа мемлекеттері үшін өте тиімді. Ресей қауіпсіздігінің кепілі Еуропа мемлекеттерінің бытыраңқылығы мен өзара келісімге келе алмауы болып табылады. Осы еңбегінде ХІХ ғасырда тарихнамада үстем болған еуропоорталықтық көзқарасты сынады. «Мәдени-тарихи түрлер» ұғымы - Данилевский ілімінің негізі. Ол тарих жүзіндегі негізгі мәдени-тарихи түрлерді былайша бөлді: 1)египеттік, 2)қытайлық, 3)ассирия-вавилон-финикиялық немесе халдей немесе ежелгі - семиттік, 4)үнділік, 5)ирандық, 6)яһудилік 7)гректік, 8)римдік, 9)жаңа-семиттік немесе аравий және 10)герман-романдық немесе европалық, ал сонымен қатар өз дамуын жетілдіріп үлгермеген мексикандық және перуандық.

Данилевский герман-романдық және славяндық түрлерге ерекше көңіл бөледі. Славяндық түрдің болашағы туралы тұжырымдап, болашақта герман-романдық түрдің құлдырауына орай Ресейде славяншылдық тарих төріне шығатындығын дәлелдеді. Еуропаның орнын Ресей басып, жоғары діни қуатымен және барлық славян халықтарын біріктіру миссиясын атқарады. Славяншылдықтың үстемдігі еуропаның «күйреуін» көрсететін еді. Славяншылдар секілді еуропалық және славяндық мемлекеттілік түрлі тамырдан қалыптасты. Славян халықтарының герман халықтарына қарағанда үш ерекшелігі бар: этнографиялық (психикалық құрылысы); 2) діндарлығы; 3) тарихи тәрбиедегі ерекшелік.

Данилевскийдің айтуынша: «Әрбр славян орыс, чех, серб, хорват, словенец, болгар (полякты да қосқым келеді) үшін – Құдай мен оның Қасиетті шіркеуінен соң – славян идеясы идеядан жоғары, бостандықтан жоғары, ғылымнан жоғары, білімнен жоғары, жер бетіндегі барлық игіліктерден жоғары болуы керек». Данилевский Ресейдің дамуы үшін күшті билік пен қатаң орталықтандырылу қажет деп шешіп, «мемлекеттің мақсаты халықтың өмірін, ар-ұяты мен бостандығын қорғауды» ұсынды. Ол Ресейдің саяси жүйесін өзгертпесе, өркениметке жете алмаймыз деп түсіндірді. Күшті мемлекеттік саясат пен реформаның үйлесімділігі арқылы қоғамды дамытуға болатындығын ұсынды.

Әдістемелік нұсқаулар: Н.Данилевксий мен Г.Вернадскийдің шығармашылық қызметін қарастырғанда еуразияшылдық идеяның мәніне ден қою қажет.

Негізгі әдебиеттер тізімі:

1. Данилевский Н. Я. Россия и Европа. М., 2003.

2.Данилевский Н. Я. Владимир Соловьев о православии и католицизме // Данилевский Н. Я. Горе победителям. М., 1998.

3. Данилевский Н. Я. Россия и Европа. М., 2003.

4.Вернадский Г. В. «Монголы и Русь. Тверь-М. : «Леан»; Аграф», 1997.

Қосымша әдебиеттер тізімі:

1. Вернадский Г.В. Опыт истории Евразии с половины VI века до настоящего времени. Берлин, 1934. 2. Данилевский Н.Я. Россия и Европа: Взгляд на культурные и политические отношения славянского мира к германо-романскому. СПб., 1871. 3. Данилевский Н.Я. Сборник политических и экономических статей. Спб., 1890.

 

Дәріс 9.

Л.Н. ГУМИЛЕВТІҢ ӨМІРІ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ МҰРАСЫ

Мақсаты:Л.Н.Гумилевтің өмір жолы мен ғылыми-шығармашылық қызметін, атап айтқанда, оның еңбектеріндегі түркі тарихының мәселелерін айқындау.

1. Л. Н. Гумилевтің өмір жолы.

2. Л.Н. Гумилевтің еңбектерінде көшпенді халықтар тарихының зерттелуі.

Негізгі түсініктер: Ұлы Дала, прототүріктер, қуғын-сүргін, пассионарлық идея.

1.Гумилев Лев Николаевич(1912 ж. қазанның 1, Ресей, Петербор губерниясы, Царское село — 1992 ж. маусымның 15, Санкт-Петербор) — белгілі кеңестік және Ресей этнолог-тарихшы, Қазақстанның ежелгі тарихын жетік білген.

Лев Николаевич Гумилевтің ата-анасы орыстың текті ақсүйегі, атақты ақын Николай Степанович Гумилев пен ақын Анна Андреевна Ахматова болатын. Бұл адамдардың өмірі мен шығармашылығы XX ғасыр басындағы жаңа орыс мәдениетіндегі айтулы құбылысқа айналған еді.

Ғалымның анасы Анна Ахматова ІІ ранг капитаны, теңіз инженерінің отбасында дүниеге келгенімен, оның арғы атасы Ахмат хан Шыңғысханның ұрпағы, ол 1840 жылғы Русьте аяқталған Орда билігінің соңғы билеушісі еді. 1733 жылы осы ханның ұрпағы Ресей дворяндығын алған. Оның ұлы Петербургте татар типографиясын ашқан. Ахматовтардың соңғы ханшайымы Прасковья Егоровна ХІХ ғасырдың басында сібір алпауыты Егор Мотиловқа тұрмысқа шығады. Олардың қызы Анна Егоровна (Анна Андреевнаның әжесі) полковник Эразм Стоговқа күйеуге шығады. Сол кісінің құрметіне (болашақ ақын) Анна деп аталады.

Мектепте Лев Гумилев біркелкі оқыған жоқ. Бірінші әдебиет, қоғамтану, биология сабағына баратын болған. Оның себебін өзі былай деп түсіндіреді: «Мен үшін география мен тарих қызықты болған, математика мен тілдер үйренуге қызықпағанмын. Неге бұлай болды айту қиын, айтудын да қажеті жоқ, менің психофизиологиялық немесе тума қабілетіме байланысты». Лев Гумилев «Адам 6-7 жасынан бастап қана өзіне керекті нәрсені алып, керек еместі итеріп тастайтын болады» деп көрсетсе, бұл туралы ол өзінің П.Савицкийге жазған хатында «Мен тарихпен 38 жыл бойы айналысып келемін, яғни тарихқа қызығушылығым 6 жасымнан басталды. Алғашқы он жылым гимназиялық курстарға арналса, кейін Шығыс қызықтырды»-деп келтіреді.

Л.Гумилев Бежецк орта мектебінде 1926-1929 жылдары оқып, 1929 жылы Ленинградқа анасына барады, сонда №65 орта мектепті тәмамдайды. Герцен атындағы пединститутқа түскісі келеді, бірақ ата-анасының дворян тегінен шыққанына байланысты жаңа қоғамдық құрылыс адамының әлеуметтік мәртебесіне лайықты болмағандықтан оқуға қабылдау кезінде қарсылыққа тап болады. Дегенмен, Лев Гумилевтің қайғы мен мұңға толы балалық шағы, оның болашақ ғылым жолына түсуіне кері әсерін тигізбеді. Ғалым тағдырдың салған қиындықтарына қарамастан, ғылымға деген қызығушылығы оны ары қарай білімін жетілдіруге ұмтылдырды.

Лев Николаевич Гумилев Ленинградқа қиын уақытта қайтып келді. Оның «қайтып келу» себебі, ол мұнда бір кездері аз уақыт болса да әкесімен бірге тұрған еді. «Халық жауының» баласы ретінде мұнда оны ешкім керек етпеді. Ал, анасы болса өз жеке басымен шығармашылығымен әуре болып жүрді. Бірақ та, қатал қала оның сүйіктісіне айналды, лагерлік өмірінде үлкен арман болып қалды. Олар анасымен бірге қиын күндерді бастарынан өткерді.

Анна Андреевна 1930 жылы профессор, атақты өнер танушы Николай Ниолаевич Пунинмен тұрмыс құрады. Лев гумилев анасының жаңа күйеуімен келісе алмады. Ол осы үйдегі жағдайдан шаршады, жұмысы да (1930 ж. қыркүйек-1930 ж. желтоқсаны аралығында тоқ пен жол қызметінде қара жұмысшы) өте ауыр еді. Лев Гумилевтің елдерді аралағаны жөнінде өзінің «Л.Н.Гумилев қатысқан экспидициялардың тізімі» атты жеке іс-қағазында жазып кеткен. Мұнда 1938 жылы сотталғанға дейінгі өмірінің «бірінші Ленинградтық» кезеңінде төрт экспедиция жөнінде - Қырым (1932-1933 ж.ж), Маныш археологиялық (1935ж) және Саркел археологиялық экспидициялары туралы айтылады. Осы тізімде Л.Н. Гумилев өзінің 13 экспидицияға қатысқанын жазады (1932-1962 ж.ж). КСРО география қоғамының президенті, академик С.В.Калесник Л.Н.Гумилев туралы мақаласында оның 21 экспедицияға қатысқандығын айтады. Гумилев өзінің тізімінде жалақыға бола қатысқан экспидицияларын санамаған.

1931 жылы Забайкальедегі Саян геологиялық іздеу экспедициясы құрамында коллектор болып жұмыс жасайды. Оған мұндағы Ландшафтар, Рельефтер ұнады. Мұнда ол Анна Дашковамен танысып, ұзақ жылдарға дейін бір-бірімен хат алмасып тұрды. Жазған хаттарында Лев Аннаға Тәжікстанға жасаған экспидициясына қызығатынын көрсеткен. Л.Н.Гумилев 1932 жылы алғашқы бесжылдықтардың қызған кезінде, аштық азабын арқалаған ауыр уақытта өндіріс күштерін зерттеу жөніндегі Кеңес ұйымдастырған, академик Евгений Никанорович Павловский басшылығымен болған Памир тауларын зерттеу экспедициясы құрамында ғылыми-техникалық қызметші болып барады. Осы жерде Ресейдің шет аймақтарындағы түркі этносының соңғы тұяқтарымен бетпе-бет кездеседі. Памир Лев Николаевичті өзіне баурап алады. Осында ол Догар совхозындағы маляр станциясына маляр разведчик болып жұмысқа тұрады. Тәжік-парсы тілдері мен араб төте жазуының қырларымен танысады. Тәжік пен қырғыздың ауызекі сөйлеу тілін меңгереді, дәруіштермен, босқындармен танысады. 1933 жылы ол Қырымдағы Г.А. Бонч-Осмоловскийдің археологиялық экспедициясында ғылыми–техникалық қызметкер ретінде жұмыс істейді. Аджи-Каба палеолит кезеңінің тұрағын ашуға қатысады. 1934 жылы Лев Николаевич Гумилев Ленинград мемлекеттік университетінің тарих факультетіне түседі. Е.Тарле, В.Струве және басқа да әлемге танымал ғалымдардан дәріс алады. 1935 жылы студенттік комсомол бірлестігінің қаулысымен Лев Гумилев «антисоветтік адам» деп есептеліп, совет университетінде оқуға лайықсыз деп айып тағылды. Біреулердің жаласымен отбасында айтылатын әңгімелер сипатынан хабардар етпегені үшін тұтқындалады. Анна Ахматова Мәскеуге келіп, таныстары арқылы Сталинге жеке хат жолдайды. Осы хаттан кейін Л. Гумилев босатылады. 1938 жылдың наурызында Лев 4 курста оқитын еді. Осы кезеңде оған екінші рет айып тағылады. Лев Гумилев кейін өз жазбаларында «Бұл аресттің болуына ықпал еткен өзім болдым» деп жазады. Сот үкімі бойынша Л. Гумилевке он жыл беріледі. Бірақ бір жарым жылға созылған қайта тергеу жұмысының нәтижесі боынша басқа айыптарсыз үшеуіне де бес жылдан берді. Әуелі жазасын өтеу үшін Беломорканал жері белгіленеді. 1939 жылы қаңтарда Лев Гумилевті Беломорканалдан Ленинградқа әкетті. 1940 жылдары Анна Ахматова Сталинге екінші рет хат жазады. Бірақ оған КСРО прокуратурасы оған өте қатал жауап қайтарғаны соншалық, А.Ахматова ол туралы Лев Гумилевқа жазған хаттарында айта алмады. 1939 жылы тамызда Лев Норильск лагеріне барады. Лев Гумилев бұл жерде жер қазушыдан мыс шахтасының кеншісіне дейін, одан соң геотехник, ал мерзімінің соңына дейін (1943 жылдың наурызы) химик-лаборант дәрежесіне дейін өсті. Мерзімінің аяқталғанына қарамастан, ол «геологиялық карьерасын » Хантай көліне экспедициясына құрамында жалғастырады. Ал, келесі жылы (1944 жылы) төменгі Тунгус бассейніне магнитометрлік сьемкаға кетеді. Бұл жерде Лев Гумилев үлкен темір рудасы шығатын жерді ашады.

Норильск комбинатында Лев Гумилев жергілікті военкомға өтініш білдіріп, өзі майданға сұранады. 1944 жылы I-ші Белорусь майданындағы Ерекше екпінді әскердің айып батальонына ерікті солдат ретінде жіберілді. Соғыс аяқталған соң 1946 жылы сәуірде Л. Гумилев кандидаттық емтихандарын тапсырып, Шығыстану институты Ленинград бөлімшесінің аспирантурасына оқуға қабылданып, сол жылдың күзінде диссертация тақырыбын анықтайды.

2.Л.Н.Гумилев- Ұлы дала мен көшпелілер әлемінің тарихын зерделеген, белгілі еуразияшыл ғалым. Оның Еуразиялық шығыстанушылығы 30-50-жылдары ресейлік миграциядан шыққан еуразияшылдар қызметімен қатар, бірақ олардан тәуелсіз түрде дамыды. Біз Л.Н.Гумилевтің шығармашылығының мәнін 20-30-жылдардағы еуразияшылдардың мұрасынан жеке қарағыстыруға болмайды.

Еуразияшылдар мен Л.Н.Гумилевтің мағыналы байланысының ақиқат растамасы еуразияшылдықтың негізін қалаушылардың бірі ретінде Л.Н.Гумилевтің шығармашылығындағы еуразияшыл дәстүрді қолдап, оны осы жолға салған П.Н.Савицкиймен жазысқан хаттары мен гумилевтік тарихи жұмыстардың рухы болып табылады. 1958 жылы П.С.Савицкий Прагадан Л.Н. Гумилевқа былай хат жазады: «Древние кочевники являются для нас великим примером того, как нужно сражаться и побеждать, защищать себя, сохранять свой быт, свой жизненный уклад, свою самобытность». Ары қарай: «До самого основания обломить Западу рог его высокомерия – вот задача нашего времени. Наука о кочевниках может и должна этому служить...». Мұны П.С.Савицкий жеке хатында айтады, сол себепті ғылыми және адами жариялылық сезіледі. Сонымен бірге Л.Н. Гумилевтің ғылымдағы ірі жетістігі, бұл оның пассионарлық идеяся мен этногенез теориясының негізін салуы. Ол «этносты табиғат пен әлеуметтік ортаның ықпалдасуынан пайда болған ерекше құбылыс»- деген тұжырым жасаған болатын. Л. Н. Гумилевтің пайымдауынша ғарыш Жерге ауық-ауық энергия тасқынын жіберіп отырады. Пассионарлықтың осылайша ағылуы ұлттар (этностар) мен өркениетті (супер этностарды) туғызады.

Л. Н. Гумилев өзінің бүкіл өмірін Еуразия халықтарының этникалық тарихын зерттеуге арнаған ғалым. Сондай-ақ, бұл оның ғылымға сіңірген негізгі қызметі болып қалады. 1992 жылы берген соңғы сұхбатында Л.Н. Гумилев өзінің ғылыми биографиясының қорытындысын былай шығарды: «Смысл моей жизни отчасти был в том, чтобы восславить и воздать должное кочевым народам Евразии, которых я искренне полюбил». Л. Н. Гумилевтің мұрасы саяси, халықаралық мәндегі көкейкесті мәселе, себебі ол- жаһандану мен аймақтық интеграциялану негізіндегі мемлекетаралық және этносаралық қарым-қатынас тұжырымдамасы ретінде еуразияшылдықтың ғылыми-тарихи негіздемесі. Осы орайда Л.Н. Гумилевтің еуразияшылдығы мен Қазақстан Республикасының Президенті- Н.Ә. Назарбаевтың еуразияшылдық идеясы өзара үндес болып келеді.

Әдістемелік нұсқаулар: Л. Гумилевтің алғашқы ғылыми ізденістеріне тоқталған кезде оның өміріне қатысты тұстарды арнайы қарастыру керек.

Негізгі әдебиеттер тізімі:

1. Гумилев Л.Н. Древние тюрки. Москва, 1967.

2. Гумилев Л.Н. Хунны в Китае. Москва,1974.

Қосымша әдебиеттер тізімі:

  1. Гумилев Л.Н. От Руси к России. Москва,1992.
  2. Гумилев Л.Н. Конец и вновь начало. Москва,1992.
  3. Гумилев Л.Н. Этногенез и биосфера Земли. Ленинград, ЛГУ, 1989.

Дәріс 10.

Л.Н. ГУМИЛЕВТІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ

 

Мақсаты: Лев Гумилевтің этногенез және пассионарлық теориясының тарихи маңыздылығы мен еуразияшылдық идеясына қатысты қызметін қарастыру.

1. Л.Н.Гумилевтің этногенез және пассионарлық теориясы.

2. Л. Н. Гумилев еуразияшылдық идеясының дамуына қосқан үлесі.

Негізгі түсініктер: теория, пассионарлық, этногенез.

1. Л. Гумилевтің этногенз теориясындағы ең басты идея- пассионарлық ұғымын- еуразияшылдар біле алмады және солай болуға тиіс те еді, өйткені еуразиялық доктрина- тарих, география, геосаясат ғылымдарының синтезінен (қосындысынан) туған болатын. Ал Л. Гумилев ілімі еуразияшылдардың көптеген тұжырымды ойларына иек арта отырып, тарих, география және жаратылыстану ғылымының нәтижелеріне сүйенді.

Л. Н. Гумилев көзқарасы бойынша, пассионарлық «дүмпудің» ықпалы әсерінен Еуразиялық дамудың ырғағы мен тарихтың әр дәуіріндегі нақты бір күштердің басымдылығы және Еуразия сияқты біртұтас құрылымды қалыптастырудың күрделі процесі анықталады екен. Бұл біртұтастық «өзге әлемге» қарама-қарсы қойылмайды, керісінше полицентризм- еуразияшылдықтың жалпы әдістемелік принципі қызметін атқарады.

Пассионар тұлға дегеніміз қорша­ған орта мен өзін-өзі өзгертуге қабілетті адамдар. Сонымен бірге, ол адамның алда тұрған кедергілерді де еңсере алу қабілеті. Латын тілінен аударғанда «passio» деген сөз «құмарлық», «әуесқойлық» «ынтықтық» деген мағына береді.

Л.Н.Гумилев пассионар­лық тұлғаларды қоршаған ортаны өзгертуге қажетті күш-қуаты бар адамдар деп атаған.

Адамзат тарихындағы өз ортасын өзгертіп, оны жаңа белеске көтеру үшін мақсатты түрде іс-қимыл ұйымдастыра алған тарихи тұлғалар­дың бәрі де пассионарлық тұлғалар делінеді. Олардың бойындағы қасиеттерінің ең үлкені «белсенділік» және «іс-қимыл жасауға ынтық­тық» дейді ғалым. Пассионарлық тұлға кейде көздеген мақсатына жету жолында өзін-өзі құрбандыққа да шалуы мүмкін екен. Пассионар тұлғаның осы қасиеті іс-қимылдың барлық бағыттарында да көрініс табады. Бұл қасиет тіпті адамның бала жасында-ақ көрініс беретін көрінеді. Л.Н.Гумилев оны адамның психика­сына қанмен берілген қасиет деп те атайды. Олардың ерік-жігері орасан бола­ды, сонымен бірге, олар іс-қимыл бары­сында өз­дерінің ашуы мен ақылын тежеп ұстауға қажетті қуатпен қамтамасыз етілген. Л.Н.Гумилев пассионар тұлға­лар қатарына Жанна Д.Аркты, Александр Македонскийді, На­полеон Бонапартты жатқы­зады.

2. Еуразияшылдық тұжырымдама- ұлтшылдыққа да, жалпы адамзаттық қандай да бір мистикалық мәдениетке де қарсы қойылатын идея. 1920-жылдың кезінде-ақ Н. С. Трубецкой былай деп атап көрсеткен еді: «Барлық халықтарға ортақ, бәріне бірдей сәйкес келетін жалпы адамзаттық мәдениет болуы мүмкін емес». Ал 1992 жылы шыққан кітабында Л. Н. Гумилев бұл ойды өзінше түсіндіреді: «Біз Батыс Еуропадан 500 жылға жас болғандықтан, еуропа тәжірбиесін қанша оқып үйренгенімізбен, дәл Еуропаға тән тұрмыс деңгейіне, мінез-құлық әдеттеріне, тұрмыс-салтына жете алмаймыз. Біздің жасымыз, біздің пассионарлық деңгейіміз мүлде өзгеше сипаттағы әдет-әдептерді талап етеді.Бұл өзгенікін өзекке тебу немесе қырын қарау емес, басқа да тәжірбиені оқып үйренуге тиіспіз, әрі ол қажет те, бірақ оның өзіміздікі емес, өзгенікі екенін естен шығармағанымыз абзал».

Егер классиктердің пайымына жаңа өзектілік, жаңа ауқым, жаңа мән, жаңа мағына ұсынған неоеуразияшылдық болмағанда, бұл құбылыс идеологиялық археологияның бір үзігі болып қана қалар еді. Неоеуразияшылдықтың аясында классикалық еуразияшылдық қайта туып, сол орайда «өткеннің» тар қалыбынан шығып кетті. Жаңа ғұмырында ол өте айқын сияқтанған кешегі қалпын өзгертті, жасырын тұрған әлеуетін, жаңа қырларын байқатты. Осылайша, неоеуразияшылдық арқылы бүкіл еуразияшылдық идея тұтастығымен жаңа өлшемге ие болды.

Еуразия - Еуропа мен Азияның ортасында орналасқан, бұл - Еуропа мен Азияның арасындағы әлемдік тепе-теңдікті де, сондай–ақ дәнекерлікті де қамтамасыз ететін тұтас аймақ пен ерекше әлем жатқан бірден-бір ғаламат кеңістік. Олардың жікке бөлінуінің өзі өркениеттік тұрғыдан алғанда салыстырмалы түрде көрініс беретін іспетті. Өйткені, адамзат ұрпағы бір-бірімен өзара әрекеттеспей әртүрлі сипаттағы қарым-қатынасқа түспей, белгілі бір түсіністікті өрбітетін сұқбат орнатпай өмір сүре алмайды.

Л.Н. Гумилев өзінің бүкіл өмірін Еуразия халықтарының этникалық тарихын зерттеуге арнаған ғалым. Сондай-ақ, бұл оның ғылымға сіңірген негізгі қызметі болып қалады. «Менің өмірімнің мәнді бір бөлшегі – өзім шынайы жақсы көрген Еуразия халықтарына тиесіліні қайтару» - деп 1992 жылыЛ.Н. Гумилев өзінің соңғы сұхбатында айтып кеткен болатын.

Л.Н. Гумилев өмірінің соңғы жылдарында өзін «еуразияшылмын» деп ашық айтып жүрді. «Жұрт мені еуразияшыл дейді, мен ондай пікірге қарсы емеспін»,- деген ойды ашық айтты.

Еуразиялық идея бүгінгі таңда көптеген еуразиялық елдер мен халықтар идеологиясының алтын арқауына айналып отыр.

Әдістемелік нұсқаулар: Лев Гумилевтің ғылыми тұжырымдамаларын қарастырғанда оның теориялық ерекшеліктерін ашып көрсету.

Негізгі әдебиеттер тізімі:

  1. Гумилев Л.Н. Этногенез и биосфера Земли. Ленинград, ЛГУ, 1989.
  2. Гумилев Л.Н. От Руси к России. Москва,1992.
  3. Гумилев Л.Н. Конец и вновь начало. Москва,1992.
  4. Гумилев Л.Н. Ритмы Евразии, Москва, 2007.

Қосымша әдебиеттер тізімі:

1. Гумилева Н. Лев Николаевич Гумилев и идеи евразийства // Евразийский университет и евразийское сообщество: на начало взгляд XXI века. Астана, 2002.

2. Гумилев Л.Н. Ритмы Евразии, Москва, 2007.

3. Коркмазов А. Ю. Идея пассионарности в творческой деятельности Л. Н. Гумилева// Сборник научных трудов. Серия «Гуманитарные науки», вып. №10// СевКавГТУ, Ставрополь, 2003.- 1-10 сс.

 

Дәріс 11.

О. Сүлейменов еңбектеріндегі еуразияшылдық идеясы

Мақсаты: О. Сүлейменовтің өмірі мен творчестволық қызметін қарастыру.

1. О.Сүлейменовтің түркі-славян мәдени байланысы жөніндегі еңбектері.

2. «Аз и Я» еңбегіндегі еуразияшылдық идеясы.

Негізгі түсініктер: түркі, славян, Русь.

1.Олжас Сүлейменов- көрнекті мемлекет әрі қоғам қайраткері, ірі дипломат әрі саясаткер, әлемдік тұлға, ұлттардың дәнекері, белгілі ақын. Ол 1936 жылы 8 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетінің геология факультетін 1950 жылы бітірген. Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет институтының аударма бөлімінде оқыған. Олжас Сүлейменов «Казахстанская правда» газетінде бөлім меңгерушісі, «Қазақфильм» киностудиясында сценарийлік-редакция алқасының бас редакторы болып қызмет істеген. 1983-1991 жж. Қазақстан жазушылары Одағы басқармасының бірінші хатшысы, Қаз КСР-і Жоғары кеңесінің Х, ХІ шақыртылымдарының депутаты, КСРО Халық депутаты болған.

1990 жылы ядролық апатқа қарсы «Семей-Невада» қозғалысын құрып, Семей полигонының жабылуына зор үлес қосты. 1995 Италияда, 1996 жылдан Грекия Республикасы мен Мальта республикасында Өкілетті және Төтенше елшісі болды. Оның тұңғыш өлеңдер жинағы "Арғымақтар" 1961 жылы жарық көреді. Осы жылы шыққан "Адамға табын, жер, енді" поэмасы О. Сүлейменов есімін әлемге паш етті. Сондай-ақ, оның "Нұрлы түндер" (1962), "Шапағатты шақ" (1964), "Мешін жылы" (1967), "Қыш кітап" (1969), т.б. өлеңдер жинақтары жарық көрді. Оның таңдамалы шығармалары қазақ тіліне аударыльш, "Атамекен" деген атпен басылып шықты (1986).

1961 жыл жас талапкер үшін әдеби ғарышқа самғау жылы болды. "Арғымақтар" және "Адамға табын, жер, енді" атты жинақтары жарық көріп, бүкіл жұртты елең еткізді. Қай тақырыпта сөз қозғаса да, Олжас туындылары өткір тартысқа құрылып отырады. Осыдан келіп ақынның биік азаматтық үні, белсенді позициясы анық байқалады. Өзіндік асқақтық, шынайылық, сезім астасуы, ойнаңылыққа ойыса білу, т.б. ерекшеліктерімен көзге түседі.

2. 1975 жылы О. Сүлейменов «АЗиЯ» атты еңбегінде «Игорь жасағы туралы жырды» зерттей келе, өзіндік ғылыми тұжырым жасады. Яғни, бұл жырдың түркі және славян мәдениеттерінің өзара ықпалы нәтижесінде туған шығарма екенін дәлелдеді. Кеңес идеологтары О. Сүлейменовтың тұжырымдарын пантюркистік және орыс мәдениетіне қарсы жазылған ұлтшылдықтың көрінісі деп айыптады. Мұны автордың өз сөзімен айтқанда: «Кейбір өркөкірек, ұлттық намысы қозғыш шамшылдарға қатты батқаны: көне орыс ескерткіштеріне басқа ұлт өкілінің талдау жасап, пікір айтуы. Олардың ойынша мұндай зерттеу, мұндай пікірді, әсіресе славян түркі халықтарының көне мәдениеті және олардың өзара қарым-қатынасы туралы әуелгі пікірді басқа ұлттың өкілі емес, тек орыс халқының өкілі ғана болатын». Дәл сол кезде «АЗ и Я» кітабын оқуға тиым салынды. О. Сүлейменов қуғындалып, моральдық қысым жағдайына түсті. Ал шын мәнінде Олжас Сүлейменовтың өз айтуынша: «Мен “Аз и Я” кітабын жазуға Дала мен Русьтің тарихы ежелден қойындасып кеткенін, екі елдің тарихтың ұзына бойында негізінен жа­қын­дасумен, бауырласумен өткенін, ха­лықтардың тіпті тілдері араласуға дейін жеткенін дәлелдеу үшін кірістім. Тіл деген тарихи ақпа­раттың ең бай қоймасы. Мәдениеттердің өзара жақындасуының ең толық суретін біз тілден таба аламыз. Түріктің “товарищ” деген сөзі орысқа ауысқаны бекер деуге бола ма? Ұрыс кезі­нен “ура” сияқты сөздер ғана ауысады. “АЗ и Я” кітабының ел назарын ерекше ау­дар­ғанының басты себебі – менің “Игорь жасағы жайындағы жыр­дың” ең алғашқы қостілді оқырманы бол­ғандығымнан. Мен сізге бір-ақ