Туристік нысандар

Қазақстандағы туристік ресурстарға – табиғи-климаттық, тарихи, әлеуметтік-мәдени, сауықтыру нысандары жатады.Сондай-ақ туристердің рухани қажеттерін қанағаттандыра алатын, олардың күш-жігерін қалпына келтіріп сергітуге жәрдемдесетін өзге де нысандар жатады. Олар мәдени-танымдық, экологиялық, спорттық, әлеуметтік, діни, т.б. туризм түрлеріне бөлінеді.

Қазақстандағы туристік нысандар бірнеше топтарға бөлінеді: табиғи-рекреациялық, тарихи-археологиялық, тәуеп ету.

Табиғи-рекреациялық нысандарға Солтүстік Қазақстан аймағындағы Көкшетау, Бурабай, Баянауыл, Ерейментау, Шығыс Қазақстан аумағындағы Зайсан, Марқакөл, қазақстандық Алтай, Оңтүстік Қазақстан жеріндегі Батыс, Солтүстік Тянь-Шань, Алтынемел таулары, Жетісу алабы, Батыс Қазақстандағы Үстірт, Мұғалжар, Каспий ойысы, Жайық өңірі, Орталық Қазақстандағы Қарқаралы, Қызыларай, Бектауата, Ұлытау, т.б. табиғи нысандар жатады. Қазақстан аумағындағы 9 мемлекеттік қорықта да ғылыми-экологиялық туризмді дамытудың алғышарттары қалыптасқан. Тарихи-археологиялық ескерткіштердің туристік-экскурсиялық сапарлардағы орны ерекше. Археологиялық ескерткіштердің кез-келген нысандары туристік-экскурсия жұмыстарында маңызды орын алады. Соның ішінде Жетісудағы Сақ қорғандары, Талхиз қалашығы, Оңтүстік Қазақстандағы Отырар, Сайрам, Батыс Қазақстандағы Сарайшық, т.б. көне қалалардың орнына туристердің қызығушылығы мол. Қазақстанда Отырар, Сарайшық, Сайрам, т.б. ортағасырлық көне қалалар туристер үшін тартымды нысандар.

Тәуеп ету (діни) туризм нысандары республика аумағында көптеп кездеседі. Оларға түркі әлеміндегі қасиетті Түркістан қаласында, Қожа Ахмет Иассауи кесенесі, Маңғыстаудағы Шопан ата мешіті, Бекет ата мешіті және басқа өңірлердегі Абаб-Араб мешіті, Гауһар-ана зираты, Әли-Қожа бейіті, т.б. жатады. Адамдар бұл қасиетті жерлерге тәуеп етіп, Аллаға сыйыну үшін келеді.

1-тапсырма.Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Қазақстандағы туристік ресурстар қаншалықты дамыған?

2. Қазақстандағы туристік нысандар неше топқа бөлінеді?

3. Қазақстан аумағында қандай мемлекеттік қорықтар бар, олар қайда орналасқан?

4. Сен қандай елдерде саяхатта болдың?

5. Ол жақ несімен ұнады?

2-тапсырма.Тиісті жалғауларды қойыңыз.

Қазақстан....... турис..... ресурстар.... – туристік қызмет көрсету нысандар.... қамтитын бірнеше нысандар жата.... .

Олар табиғи-климат...., тарихи, әлеумет....-мәдени, сауықтыру нысандар..., сондай-ақ туристер..... рухани қажеттер.... қанағаттандыра алатын, олар.... күш-жігерін қалпына келтіріп сергіту... жәрдемдесетін. Олар мәдени-таным...., экология...., спорт...., әлеумет...., діни, т.б. туризм түрлері.... бөлінеді.

 

3-тапсырма.Топтастырыңыз.

Табиғи-рекреация Тарихи-археология Тәуеп ету
       

 

 

Көкшетау, Бурабай, Баянауыл, Ерейментау, Шығыс Қазақстан аумағындағы Зайсан, Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Иасауи кесенесі, Абаб-Араб мешіті, Гауһар-ана зираты, Әли-Қожа бейіті, Марқакөл, қазақстандық Алтай, Оңтүстік Қазақстан жеріндегі Батыс, Солтүстік Тянь-Шань, Алтынемел таулары, Жетісу алабы, Батыс Қазақстандағы Үстірт, Мұғалжар, Каспий ойысы, Жайық өңірі, Жетісудағы Сақ қорғандары, Талхиз қалашығы, Оңтүстік Қазақстандағы Отырар, Сайрам, Батыс Қазақстандағы Сарайшық, Орталық Қазақстандағы Қарқаралы, Қызыларай, Бектауата, Ұлытау.

 

4-тапсырма. Мәтінді оқыңыз. Берілген жоспар бойынша әңгімелеңіз.

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім

3. Қорытынды

5-тапсырма. Өлеңнің құрамынан сан есімдерді тауып, түрін ажыратыңыз.

Бірінші тілек тілеңіз:
Бір Аллаға жазбасқа.
Екінші тілек тілеңіз:
Пиғылы жаман залымның
Тіліне еріп азбасқа.
Үшінші тілек тілеңіз:
Үшкілсіз көйлек кимеске.

Бұқар жырау

6-тапсырма. Сіз ГИД-сіз делік. Шетелден келген туристерге Түркістанды таныстырыңыз.

Түркістан – қасиетті жер.

­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------.

7-тапсырма.Туризмнің түрлерін жазыңыз.

1. Балаларға арналған туризм.

2. ________________________________________________.

3. ________________________________________________.

4. _________________________________________________.

5. _________________________________________________.

3- сабақ

Қазақстанның тарихи орындары

1- тапсырма.Қазақ тіліне аударыңыз.

Сегодня Казахстан предоставляет практически все существующие виды туризма - познавательный, развлекательный, этнический, экологический и другие. Для туристов предлагается большое количество маршрутов путешествий по всей территории Казахстана. Взять хотя бы Южный Казахстан. Как не проехать по его Золотому кольцу? В благодатном оазисе южных степей, на стыке кочевой и оседлой цивилизаций существовали древнейшие города мира. Веками по этой земле проходила система древних караванных дорог, ведущих из Китая в страны Ближнего Востока и Европы.

2-тапсырма. Сұхбатты толықтырыңыз.

– Сен жазғы демалыста қайда демалғанды ұнатасың?

– ................................................................................. .

– Ал, сен қайда өткізгенді ұнатасың?

– ................................................................................. .

– Ол жақта теңізде шомылуға рұқсат етілген бе?

– ................................................................................. .

– Онда қаланың көрікті жерлерімен таныстың ба?

– ................................................................................. .

– Қандай жерлер саған ұнады?

– ................................................................................. .

– Демалысыңды қызықты өткізе алдың ба?

– ................................................................................. .

3-тапсырма. Сұхбатты оқыңыз.

– Айжан, сен білесің бе? Алматы қаласында 20-22 сәуір аралығында 11 «Туризм және саяхат» KITF 2011» қазақстандық халықаралық туристік көрмесі өтті.

– Хабарым жоқ. Марал, оны кімдер ұйымдастырыпты?

– Жәрмеңкені ҚР Туризм және спорт министрлігі және Алматы қаласының әкімшілігі, қазақстандық «Iteca» компаниясы және «ITE» көрме компаниясынымен бірлесе отырып ұйымдастырған.

– Жақсы. Оған қанша елден қатысушылар келген екен?

– KITF 2011 «Атакенттің» екі павильонында 40 елдің 500-ге жуық туроператорлары мен турагенттері жиналды.

– Олар не көрсетті?

– 16 елдің туристік стендтерін өздерінің ұлттық нақыштарында көрсетті. Дәстүр бойынша дербес павильондар ұлттық туристік орталықтарға, соның ішінде Туризм және спорт министрлігінің, 14 облыстың және 2 қаланың стендте арналды.

– Ол қандай 16 ел?

– Олар Греция, Грузия, Үндістан, Индонезия, Испания, Қытай, Қырғызстан, Малайзия, Біріккен Араб Әмірлігі, Словения, Таиланд, Түркия, Хорватия, Чехия, Оңтүстік Корея және Қазақстан.

– Көрменің мақсаты не?

– Көрменің басты мақсаты туристік агенттіктер үшін кеңес беру, пікір алмасу, жаңа саяхаттық маршруттар жөнінде өзара келісу. Сонымен қатар бизнес-бағдарламалары көрсетілген семинарлар да болды.

- Сен бәрін біліп де алыпсың.

- Адам қызыққан нәрсесіне құлшына кіріседі ғой.

4-тапсырма. Жоғарыдағы берілген сұхбаттан сан есімнің түрлеріне мысалдар жазыңыз.

 
 

 


5- тапсырма.Күрделі сан есімдерді оқып, қатесіз жазыңыз.

2011 - ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––.

1832 - –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––.

1961 - –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––.

1992 - –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––.

1998 - –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––.

 

6-тапсырма. Соңғы бес жылдың жазғы демалысыңызды қалай өткіздіңіз? Жазыңыз.

2002 жылы ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­___________________________________________.

2003 жылы____________________________________________

2004 жылы Түркияда демалдым. Демалысым өте қызықты өтті.

2005 жылы ____________________________________________.

2006 жылы ____________________________________________.

7- тапсырма. «Қазақстанның тарихи орындары» деген тақырыпта эссе жазыңыздар.

1. Туристік ресурстарға нелер жатады?

2. Туристердің рухани қажеттіліктерін өтейтін қандай нысандар бар?

3. Туристік- спорттық қандай нысандар бар?

4. Туристік нысандар қандай топтарға бөлінеді?

5. Табиғи-рекреациялық нысандар дегеніміз не?

6. Тарихи-археологиялық нысандарға нелер енеді?

7. Тарихи-археологиялық нысандар еліміздің қандай өңірлерінде?

8. Діни туризм нысандарының маңызын атаңыз?

9. Діни туризм нысандары Қазақстанның қандай өңірлерінде?

 

БӨЖ тапсырмасы: Әйгілі саяхатшылар туралы әңгімелеңіз.