І СЕМЕСТР

БІРІНШІ АПТА (3-сағат)

«Отан – отбасынан басталады»

Грамматика: Фонетика. Үндестік заңы. Жіктік жалғаулар.

1.Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.

Сәлем – сөздің анасы

Адамдардың бір-біріне лебіз білдіруі, тәрбие талғамы сәлемнен басталады. Сәлем – сөз анасы, сөздің қасиеті.

Сәлемдесу - әдептіліктің, адамгершіліктің баспалдағы, сөз бастаудың әрі танысудың дәнекері. Сәлемдесу арқылы адамдар арасында жақсы қарым-қатынастар қалыптасады. Адамдар бір-бірлеріне сәлем беру арқылы дос болады, жақындасады. Ал, сәлем болмаған жерде ешқандай да қатынас жақсы нәтиже бермейді.

Сәлемдесу – сағынышты басу, ниеті бір адамдардың жүректен шыққан тілек шашуы. Алыс пен жақынды танытатын, жақсыдан үлгі алдырып, көңіліндегі ой-түрткі сезімдерден арылтатын сәлем емес пе?!

Сәлемдесу – ағайын-туысты жақындату ғана емес, ата салтын жалғастыру, алысты жақындату, араздасқанды татуластыру, елдің елдігін, халықтың бірлігін баянды ету. «Сәлем бермеген туысыңнан қадіріңді білген жат жақсы» деген мақалды халқымыз бекер айтпаған. Сәлемдесу – үлкен мәдениеттің белгісі.

 

Жаңа сөздермен танысыңыз.

Лебіз –внимание талғам – вкус

Қасиет – качество әдептілік – воспитанность

Дәнекер – связь ағайын-туыс – родственники

Ата салты – традиции жат – чужой

 

2. Қазақ тілінде амандасудың бірнеше нұсқасы бар.

 

 

- Ассалаумағалайкүм!

- Уағалайкүмассалам!

- Сәлеметсіз бе?

- Сәлемет пе?

- Амансыз ба?

- Шүкір, аманшылық.

- Қалайсыз?

- Жақсы.

- Жағдайыңыз қалай?

- Рақмет, жаман емес.

3. Еске түсіріңіз.

Қазақ алфавиті 33 орыс әрпінен және 9 қазақ әрпінен тұрады. Қазақ әріптері мыналар: ә, і, ө, ұ, ү, ң, ғ, қ, һ.

Олар төмендегіше жіктеледі:

Дауысты дыбыстар

1) Жуан дауысты дыбыстар – а, о, у, ұ, ы, /ю, я, ё/

2) Жіңішке дауысты дыбыстар – ә, е, и, ө, ү, і, /э/

Дауыссыз дыбыстар

1) Қатаң дауыссыз дыбыстар – к, қ, п, с, т, ф, х, ц, ч, ш, щ, һ

2) Ұяң дауыссыз дыбыстар – б, в, г, ғ, д, ж, з

3) Үнді дауыссыз дыбыстар – л, м, н, ң, р, й / у

4. Келесі сөздерді оқуға жаттығыңыз. Дыбыстардың үндесуіне назар аударыңыз.

 

А: Ана, аға, ата, астана, аң, асық, ақыл.

У: Укол, ультрадыбыс, ультракүлгін, уролог, уқалау, улы газ.

Ұ: Ұя, ұйықтау, ұйқы, ұзын, ұнату, ұят.

Ы: Таза, қайшы, қызыл, пышақ, зауыт, қызылша, сырқат.

О: Осал, отыз, омыртқа, ояу, отыр, шомылу.

5. Оқып, есте сақтаңыз. Өз сөзіңізбен мазмұндап айтыңыз.

Амандық-саулық сұрасудың түп-төркіндері мен тарихы тым әріден басталады... Көне дәуірлерде адамдар бір-бірлеріне ең алдымен күнделікті ғұмырларына қажет нәрселерді тілеген тәрізді. Мәселен, қазір адамдар бір-біріне ұшырасқан сәттерінде: «Сен тамақ іштің бе?»-деп хал-жағдай сұрасса, аң-таң қалатыныңыз ақиқат. Ал, императорлық Қытайда бұл дағдылы амандасу салты болған. Көне парсылар сәлемдескен кезде: «Пейіліңіз ашылсын!» - дем тілек тілейді екен.

Қыр көшпенділері амандық-саулық барысында «Ел-жұртың, мал-жаның, қора-қопсың аман ба?» деп сәлемдескен. Негізгі кәсібі мал бағып, дала төсінде ғұмыр кешкен қазақ халқына да бұл салттың тән екенін білеміз.

Үш құрылыққа тереңдей енген мұсылман діні жолай кездескен елдер мен халықтарды қылыштың жүзімен, найзаның ұшымен бағындырды. Бірақ мұсылман іліміне мойын ұсынған осынау аймақтарда бейбіт тыныштық орнай қоймады. Бейбітшілік пен тыныштық – халықтар көксеген ең мұратты армандардың бірі болып еді. Адамдар да өзара кездескен сәттерінде бір-біріне осыны тіледі.

- Ассалаумағалейкүм!

- Уағалейкүмассалам!

Араб тілінен аударғанда «Сізге тыныштық тілеймін», «Сізге де бейбітшілік болсын!» деген ұғымды білдіреді.

Ж.Бейсембаев.

6. Төмендегі сәлемдесу үлгілері кімдерге арналатынын анықтаңыз.

 

Сырттан кірген адамның дауыстап сәлем беруі –

Қолын кеудесіне салып, басын иіп сәлемдесу –

Қос қолдап сәлемдесу –

Төс қағыстырып сәлемдесу –

Тізе бүгіп иіліп сәлем беру –

Бауырына басып, бетінен, маңдайынан сүю –

Маңдайына ернін тигізу –

7. Төмендегі сәлемдесу ұнамды әдетке жата ма?

 

Сәлемді селқос қабылдау, сәлемдескенде қолының ұшын ғана беру, жақтырмаған кейіп таныту, сәлемдескенде қабағын түнерту, жүзін суытып, сүйкімсіз тыржиту, естілер-естілмес сәлем беру.

 

8. Мақалдарды еске сақтаңыз

v Сәлем – сөздің атасы.

\

v Сәлеміне қарап, кісіні таны.

9. Жағдай сұрау:

 

- Қалың қалай? – Қалыңыз қалай?

- Қалыңыз жақсы ма? Как ваши дела?

- Хал - жағдайыңыз қалай?

- Хал - ахуалыңыз қалай?

- Деңсаулығыңыз қалай? Как ваше здоровье?

- Деңсаулық жақсы ма?

- Тәуірсіз бе?

- Көңіл – күйіңіз қалай?

Жақсы – хорошо

Өте жақсы – очень хорошо

Жаман емес – неплохо

Ойдағыдай – благополучно

Тамаша – прекрасно

Тәуірмін – мне лучше (выздоравливаю)

 

 

Шүкір Слава богу, помаленьку Құдайға шүкір

Шүкіршілік Құдай деп