Масондар деген кімдер?

Posted on Қаңтар 17, 2008by maqpal

Масондар…Бұдан бөлек оларды ерікті тас қалаушылар деп те атайды. Ғалымдар масондықты – діни-синкреттік, эзотерикалық яғни құпия ілімдер қатарына жатқызады.Эзотерикалық болатыны себебі, масондардың көзқарасы бойынша, бұл ілімнің құпияларына тек “таңдаулы адамдар” ғана қаныға алады. Масондардың негізгі идеялары ежелгі гностиктер, озирис-изида, эссендер, манихейлер т.б көне ілімдерде кездеседі. Діни идеалдар қатарында ежелгі грек мифтеріндегі кейіпкерлер, библиялық кейіпкерлер: Нұх пайғамбар, Сүлеймен патша, Мұса пайғамбар т.б бар. Сондай ақ, олардың ойынша, Рама Кришна, Будда, Орфей, Пифагор, Платон, Конфуций, Иисус христос, Мұхаммед пайғамбар масондық идеяның қарлдығаштары болған. Масондықта ақыл мен ғылымның жетістіктеріне сүйене отырып әділетті қоғам құру туралы утопистік көзқарастар да бар.

Тарихшылар масондардың пайда болуын ортағасырлық қолөнершілер арасында пайда болған топтармен байланыстырады. Әдетте, масондықтың отаны Англия болып саналады. Ең алғаш қолөнершілер арасында ұйымдар ХІІ ғасырларда пайда болғанмен оның нағыз жандану кезеңі ХV ғасырларға жатады. Бұл кезде мұндай ұйымдар алдымен қала, кейіннен бүкіл мемлекет ішінде үлкен маңызды рөл атқаратын дәрежеге жеткен еді. Ал ХVІІІ ғасырда олардың саны тым көбейіп кетеді. Соның салдарынан оларды басқаратын ұйым қажеттілігі туындайды. 1717 жылы атақты 4 ложа бірігіп, “Ұлы Ложа” деген атпен ортақ бақылаушы ұйым құрады. Қазіргі күннің өзінде өзге елдердегі масондықтың “филиалдары” Англиядағы ложаны басты, құдыретті ложа ретінде таниды. Масондық ұйымдар Еуропада жылдам өрістеді. ХVІІІ ғасырдың 30-шы жылдары Бельгия, Италия, Германия, Швейцарияда масондыққа өтуге талпынушылар саны ұлғайды. 1735 жылы Париждің өзінде 5 ложа жұмыс істеп тұрған. Тарихи деректер уақыт өткен сайын олардың саны көбейткіш кестедегідей жылдам өсіп отырғанын көрсетеді. Егер 1742 жылы олар 17 ұйыммен толықса, Француз революциясы қарсаңында масондар саны 100 мыңға жеткен.

Көптеген саяси-тарихи тұлғалардың, атақты адамдардың масон болғаны белгілі. Мәселен, композиторлардан Вольфганг Амадей Моцарт, Ференц Лист, Йозеф Гайдн, Людвиг ван Бетховен, Никколо Паганини, Яков Сибелиус, жазушылардан Рабиндранат Тагор, Вальтер Скотт, Оскар Уайльд, Марк Твен, ақындардан Иоганн Вольфганг Гете, Александр Поп, Роберт Бернс, Редьярд Киплинг бар. 14 американдық президент те ұйымның мүшелері болған көрінеді. Орыс халқының атақты тұлғалар арасында А.С.Пушкин, А.В.Суворов, М.И Голенищев-Кутузов бар. Өзінің этикалық философиялық идеяларының масондарға ұқсас болғанын ірі ойшыл Л.Н.Толстой да мойындап кетіпті. Көрші Ресейде масондық идеяның жаңғыру кееңі коммунизмнің құлауымен тұспа-тұс келді. 1991 жылы жаңа ресейлік ложа құрылды. Бүгінгі таңда ресейлік масондар Мәскеуде, Санкт-Петербор, Воронеж, Архангелскіде жиналып тұрады.

Тағы бір айта кететін жайт, масондықта назар аударатын нәрселердің бірі олардың белгі-таңбалары. Оларды символикалық философияға жатқызу себебі де сол. Мәселен, ортағасырлық масондар жер асты суын белгі ретінде пайдаланған. Себебі, бұл біріншіден, үздіксіз қозғалыстың белгісі болса, екіншіден олар тасада,көптен жырақ жерде, көзге үнемі түсе бермейтін жерде орналасқан.сол секілді басқа да мысалдар келтіруге болады. Байқасаңыз, масондардың таңбаларын күнделікті өмірде кездестіруге болады. Мәселен, 1 доллардағы бір көзді масондық белгі екенін ғалымдар әлдеқайда аңдап қойған. Кезіндегі кеңестер одағының елтаңбасында белгіленген орақ пен балға да осы ұйымның белгісі көрінеді. Мұндай белгілерді тіпті шарап маркаларынан да көруге болады дейді зерттеушілер. Егер бұрындары бұл ұйымның идеялары, ұстанған бағыттары т.б туралы ақпаратты тарату масондарға тыйым салынса, қазіргі таңда олар қоғамға өздерінің позицияларын ашық көрсете бастаған көрінеді. Мұның себебін масондардың өздерінен сұрау керек. Айтпақшы, бұл ұйымға әйел баласы кіруіне тыйым салынған..

Масондар құрылған күннен бастап, өз құра-мына беделді саясаткерлер мен атақты ғалымдарды қабылдап отырған. Осылайша, уақыт өте келе бұл ұйым саяси-экономикалық өмірге ықпал ететіндей жағдайға жеткен. Бір қызығы, масондық ұйымның қатардағы мүшесіне енуге тілек білдірген кез-келген адам қабылдана алады. Бірақ, масондар өз білімдерін кез-келгенге аша бермейді. Масондардың құпия білімдерін осы иерархияның биігінде отырғандарының ғана білетіні осыдан.
Сонымен бұлар немен айналысады? Олардың басты мақсаты қандай? Бұл сұрақтарға салған жерден жауап табу қиын. Өйткені, мақсат біреу емес, бірнешеу болуы әбден мүмкін. Масондар сырға болаттай берік. Құпияны жақсы сақтайды. Және құпияны олар тек масондардың жоғары сатысындағыларға ғана ашады. Олардың білімі, ғылымы мен ілімі төменгі сатыдағы масондарға беймәлім күйі қалады. Бірақ, масондардың мақсаты тек білім іздеумен шектелмейді.
Масондардың символын мемлекеттік белгілер мен ұлттық валютадан ғана емес, көптеген ел астаналарының көше жобаларынан да кездестіруге болады. Бұл сөзімізге АҚШ пен Украина дәлел. Нақтылағанда, Вашингтон көшелері…
Массондар көбіне ұқсас символдарды бейнелейді дегенге сену қиын. Өйткені, символ — түр мен сурет қана емес, масондар үшін ол ықпал ету құралы. Ал, көше жобаларында басылған символдар мен ақшадағы белгілер экзотериялық жолмен ықпал ету күшіне ие. Бірақ, бұл — масондар билігін күшейту үшін жасалған сан мың амалдың біреуі ғана.

Соңғы жылдары жер бетіндегі мемлекеттерді бір уыста ұстап, өз­дерінің дегендерін істетіп, басқа­рып отырған құпия, бірақ өте күшті әлеуетті топтың бар екендігі жа­йында әр-әр жерде жиі айтыла бас­тады. Тіпті дискілерге арнайы жа­зылған әлдебір масондардың жа­сап жатқан әрекеттері туралы лек­циялар да пайда болды. Егер оған сенетін болсақ, жер бетіндегі тә­уелсіз мемлекеттерді сол елдер­дің президенттері емес, «Комитет 300» адамдары басқарады. Бұл 300 адамнан тұратын комитет мүше­лері өздерін «әлемдегі ең таң­даулылармыз» деп, планетаның қалған тұрғындарының бәрін пай­да­сыз бозөкпелер деп есептейді дейді білушілер.
Сол қалған еш­теңеге пайдасы жоқ бозөкпелерден бірте-бірте арылу үшін таңдаулы топ соғыс өртін тұтандырады, жаңа ауруларды ойлап тауып, әр­түрлі дағдарыстарды қолдан жа­сайды, есірткі мен ішімдікті таратып, жезөкшелік пен пор­но­графияны насихаттайтын көрі­неді. Қысқасы, адамзатты ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстап, бір-біріне айдап салып отырады.
Ойлап қарасаңыз, мұның бәрі ақылға қонбайтын, барып тұрған сандырақ сияқты. Солай десек те, МИ6 (SIS) арнаулы қызметінің ағылшын барлаушысы Джон Ко­леманның «Комитет 300. Әлемдік үкімет құпиялары» атты кітабын оқыған адам шынында да бейжай қала алмайды. vlasti.net сайтында осы кітаптан үзінді жарияланыпты. «Британ барлауының кадрлік офицер қызметін атқарып жүрген кезімде мазмұны айрықша ашық жазылған қатаң құпия құжаттар­мен жұмыс істеуге бірнеше рет тура келді. Сонда мен бірнеше мемлекеттің үкіметтерін қандай күштің бақылап, басқаратынын білдім. Бұның мені қатты ашулан­дырғаны соншалықты, осындай ұйымның бар екендігінен хабар­сыз әлемге өзім білген нәрселерді жария етуім керек деп шештім. Көз алдарыңызға банк ісі, сақ­тандыру, көмірсутек өндіру, меди­каменттер саудасы, мұнай өнер­кәсібі - бәрін өз қолдарына шо­ғырландырып, ешқандай ұлт­тық шекараны мойындамайтын алпауыт топты елестетіп көріңіз­дер­ші. Ол топ тек осы топтың мү­шелері алдында ғана есеп береді. Бұл «Комитет 300» әлемді бақы­лай­тын жоғарғы ұйым, 1897 жыл­дан бері қарай билік жасап келеді. Оның діңін бүгіндері планетадағы ең ықпалды 300 адам құрайды» дейді отставкадағы офицер.
Колеманның айтуынша, «Комитет 300-ге» құпия ұйымдар мен әлемнің ақыл-ой орталықтары жұмыс істейді. Олардың бірқа­тары:
«Халықаралық қатынастар жө­ніндегі кеңес» 1921 жылдан бері АҚШ пен Батыс әлемінің ең ық­палды адамдарын (бұрынғы және қазіргі президенттер мен Орталық барлау басқармасының (ЦРУ) қыз­меткерлеріне дейін) бірік­тіреді. Оны құрған америкалық банкир Морган болып табылады. АҚШ-тың федералдық резервтік жүйесін, Нью-Йорк қор биржа­сын және жетекші бұқаралық ақпарат құралдарын бақылайды.
«Бильдерберг клубы» (алғаш­қы отырысы Голландиядағы Ос­тер­бек қаласында орналасқан «Бильдерберг» қонақүйінде өткен­діктен осылай аталды) 1954 жылы құрылып, америкалық және еуро­па­лық элитаның басын бірік­тірді.
1968 жылдан бастап «Рим клу­бы» «Комитет 300-дің» сыртқы саясатында негізгі бөлімшесінің біріне айналды. Ол ғалымдар, жа­hанданушыларды, футурологтар мен әртүрлі ұлттың инер­цацио­налшыларын біріктіреді. Өзінің жекеменшік агенттіктері бар, со­нымен қатар ақпараттарды Ин­терпол, ФСБ және Моссадтан алады.
1973 жылы маңызды үшінші жүйе - «Үш тарапты комиссия» пайда болды. Оған АҚШ, Еуропа және Жапония өкілдері кіреді. Мақсаты - жаhандық жоспарлау және ресурстарды ұзақмерзімді бөлу механизмін құру.
Бұл ұйымдардың жұмысын басқаратын миллиардер Дэвид Рок­феллер.
Ал осы аталған төрт алпауыт­тың көмекшілері мыналар екен - «Дөңгелек үстел», «Милнер тобы», «Қасиетті Иоанн Иеруса­лимский ордені», «Маршалл гер­маниялық қоры», «Чин қоры», «Фабиан қоғамы», «Венециандық Қара аристократиясы», «Монт Пелерин қоғамы», «Тозақ жалыны клубы» және масондар. «Бірақ бұлар да толық тізім емес» дейді Колеман. Оның мәліметтері бо­йын­ша, «Комитет 300-ге» Англия­ның королевасы, Нидерландлар­дың королевасы, Данияның ко­ролевасы, Еуропаның королдік отбасылары, Джордж Буш, Эдуард Картер, Хьюстон Стюарт Чембер­лен, Уинстон Черчилль, Франсуа Миттеран, Жан Моне, Эрнест Оппенгеймер және оның мұрагері Гарри мүше болған. Бұлардың жартысынан көбі о дүниелік болып кеткелі қашан. Әйтсе де, олардың орнын солардың ұрпақта­ры, мұрагер-ізбасарлары басуда.
Колеман жаңа әлемдік тәртіпті «Комитет 300» көзқарасына сай былай деп сипаттайды:
Көсемдері туралы: Біртұтас әлемдік үкімет және біртұтас ақша жүйесі болады. Заңы - Орташа тап жойылады. Тек билік жасау­шылар мен қызмет көрсетушілер ғана болады. Барлық заң әлемдік соттың әділет жүйесі аясында бекітіліп, бір ғана заң кодексі пай­даланылады. Оның орындалуын Біртұтас әлемдік үкімет полиция­сы бақылайды. Ал біртұтас әлемнің біріккен қарулы күштері заңдарды шекаралары жойылып кеткен бұрынғы елдердің бәріне күштеп енгізеді.
Діні - Біртұтас әлемдік үкіметтің 1920 жылдан бері қарай құпия түрде өмір сүріп келе жатқан шіркеуі түрінде бір ғана дінге рұқсат беріледі. Христиан­дық шіркеулердің бәріне тыйым салы­нады.
Бақылау - барлық адамға иден­тификациялық нөмір (ИН) жасалып, НАТО-ның Брюсселдегі компьютерінің қосымша файлына сол адам туралы ақпараттармен бірге енгізіледі.
Ресурстар - Жер ресурстарын пайдалануға рұқсатты тек «Ко­митет 300» мүшелері мен олардың қалаған адамдары ғана береді. Ауыл шаруашылығы тек солардың қолында болады, ал тағам өнім­дерін өндіру қатаң түрде бақылауға алынады.
Әлеуметтік саясат - 2050 жылға қарай 4 миллиардтан астам «арамтамақ» шектеулі соғыстар, ұйымдастырылған қауіпті эпиде­миялар, жедел о дүниеге аттанды­ра­тын аурулар мен ашаршы­лықтың арқасында жойылатын бо­ла­ды. Электр энергиясы, тамақ, су көлемі ең алдымен Батыс Еуропа мен Солтүстік Америка­ның ақ нәсілді тұрғындарының өмір сүруін қамтамасыз етуге жет­кілікті болатындай ғана мөлшерде босатылып тұрмақ. Содан кейін ғана өзге нәсілдер олардан арты­лып жатса, тамақтана алады. Жал­пы, планетада өмір сүруге құқылы деген 1 миллиард адамның 500 мил­лионын қытайлар мен жапон­дықтар құрауы тиіс деп есептеледі. Өйткені көптеген ғасырлар бойы билікке шексіз бағынуға дағдыла­нып қалған деп есептейді коми­тетшілер. Оқтын-оқтын тамақ, су және медициналық көмек тап­шылығы қолдан жасалып, планета тұрғындарына «сендердің өмір сүрулерің алдымен комитет­шілердің қалауына байланысты» дегенді салып тұру көзделеді.
Ақша - ешқандай қолма-қол ақша деген болмайды. Барлық есеп­шот дебеттік кәртішке арқы­лы жүзеге асырылады. «Комитет 300» нормалары мен ережесін бұзған кез келген адамды оның кәртішкесінің қозғалысын тоқта­тып қою арқылы жазалайды.
Кітап авторы Колеманның ай­туынша, Әлемдік үкімет адамдар­дың миын шатастырумен айна­лысуда. Тарихты қайта жазып, «еш мінсіз адамдар» жасап, жер бетіндегі тұрғындардың санын қыс­қартуға күш салуда.
«Бейімдеу» - 1922 жылы «Ха­лық­аралық іс жөніндегі корольдік институт» бұйрығы бойынша жа­салған әдіс. Соның негізінде адамдардың ойы мен қылық­тарына ықпал жасайтын ней­ро­лингвистикалық программалау әдісі дүниеге келді. «Бұл әдісті майор Джон Риз (британдық әс­кери маман) 80 000 қоян мен тұт­қынға түскен солдаттарға пайда­ланды. Одан кейінірек Суссек университетінде миды жуу орта­лығы ұйымдастырылып, елді ме­кен тұрғындарының миын тазар­туға бет бұрды. Бұл өте құпия мекеме «Ғылыми саясатты зерттеу институты» деп аталды» дейді автор. Атақты миллиардер Рок­феллердің қоры екінші дүниежүзі­лік соғыс аяқталғаннан кейін қоғам­ның мінсіз тарихын жасау жөнін­дегі жұмыстарды қаржылан­дыра­ды. Сонымен қатар Рокфел­лер қорының ақшасына жабық ла­бораторияларда пробиркада бола­шаққа қажетті дана адамдар мен құлақкесті құлдыққа мойын­сұ­натын солдаттарды өсіріп шы­ғару жоспарлануда. Әзірше адам­ның генін зерттеп, сол арқылы дана адамдардың гені мен оның сапасы туралы генетикалық карта жаса­лады. Әлемдік үкіметтің кон­ферен­цияларының бірінде әлем халқы­­ның санын реттеу бағдарла­масы құпталыпты. Оның басты мақсаты - батыс өркениеті­не қатысы жоқ елдерде тууды күрт қысқартуды қамтамасыз ету. Бұл бағдарлама 100-ге жуық мемлекет­ті қамтып, тіпті еркектер мен әйел­дерді ұрық­тан күшпен тазартуға дейін ба­рады.
Әлемдік үкімет құрамы жос­парға байланысты «Бильдерберг клубы», «Үштарапты комиссия», «Рим клубы» секілді құрылым­дардың құпия отырыстарында айқындалады. Біртұтас әлемдік жүйеге көшу талаптарын дайын­дайтындар да осылар. Сол үшін стратегиялық маңызды деген мем­лекеттерде «ұлттық филиалдар» құрылуда. Перспективасы бар саясаткерлер, журналистер, интел­лек­туалдар мен қаржыгерлер және сарапшылардан тұратын би­ліктің жанама құрылымдары жа­салуда. Олардың мақсаты - Әлем­дік үкімет жобасы өзін ашық жа­риялар алдында қоғамдық пікір­ді қалыптастыру болып табы­лады.
Қысқасы, Колеманның кіта­бын оқып отырып, төбе шашыңыз тік тұрады. Тура бір америкалық шытырман кинолардағы жасырын лабораторияларға тап болып, ниеті қара, тек өз билігін жүргізу үшін қоғамды неше түрлі экс­перименттен өткізетін, ауа мен суды ақшаға сатып, халықты қи­найтын билікқұмарлардың жер астындағы құпия мекеніне кіріп кеткендей күй кешесіз. Бұл - аңыз ба, әлде ақиқат па? Иә болмаса, адамзатты үрей құшағында ұстау үшін әдейі таратылып отырған саяси ойын ба?
«Фантазия отстает от науки» деген сөз Кеңес одағы кезінде жиі айтылатын. Яғни ғылым орында­луы мүмкін емес ойларды жүзеге асыруда. Табиғи ресурстардың шектеулі екендігіне байланысты адамзаттың дамуы туралы жоспар құру ақымақтық. Ғылыми ой бір орнында тұрған жоқ, осыдан 100 жыл бұрын фантастика болып есептелетін проблемалар бүгінде ойыншық болып қалды. Энерге­тикалық қондырғылар арқылы бүгінде қарапайым тау жыныс­тарын кез келген зат пен мате­риал­ға айналдыруға болады. Сон­дық­тан жер байлығы азайып барады, оған тек алпауыттар ғана иелік етіп, планетаны басқаруы тиіс деп ойлаушылар бар деген бекершілік» дейді ғалымдар. «Лайым солай болсын» дейміз біз де.

 

Алма МҰХАМЕДЖАНОВА

Астана масон үлгісінде салынған қала ма?5

Жарияланым мерзімі: 30.07.2012

Астана – Қазақстаның бас қаласы. Н.Назарбаев 1997 жылы Ақмоланы Астана етуге шешім қабыдады. Содан бері тұрғындарының саны — 743 мыңға жетті. Ондаған жыл ішінде қалада түрлі ғимараттар мен нысандар салынды. АҚШ – тың Оңтүстік Коннектикут Университетінің профессоры, географ Леон Ячер (ғылыми ізденісін дүние жүзі астаналарын зерттеуге арнаған) Астанаға төрт жыл бұрын келген еді. Ячердің сол кезде айтқан пікірі «Мен Астананы ұзақ араладым, бірақ мен онда Қазақстанды көре алмадым. Астанаға қарағанда, Алматы мен Шымкент, Тараз қалаларының өз келбеті бар», - депті.

Тіпті ғалым қоштасар сөзінде «сіздерге өтірік айтқанша, менің Қазақстанға қайта келмегенім артық» депті. Әйгілі ғалымның сөз астарын әркім әрқалай бағамдап жатты, бірақ Астананың құпиясын оқи алсаңыз архитектурасында тұнып тұр. Астана Сарыарқаның төсінде масондық ұйымның символикасымен өрнектеліп жатқан жаңа қала. Елорданы Назарбаев салды деп қуанып жүргенде, ол 21 ғасырдың масондар қаласы деген атқа да ие болып үлгерді. Сонда бұл кімнің қаржысына салынып жатыр? Кімдер салып жатыр?

Бұл бір ғана адамның туындысы: Ол Нұрсұлтан Назарбаев. Шынымен солай ма? Халыққа тиесілі мұнайдан түсіп жатқан миллиардтаған қаржыға салынып жатыр. Құрылыстың нәтижесі таң қаларлық. Қаланың архитектурасы ежелгi дiннiң заманауи оккультік құрлымымен бедерленген. Сарапшылар Астана - Назарбаевтың оккультік көзқарасын ашық көрсететін қала деп баға берген.

Ұлыбританияның ең озық сәулетшiсі Лорд Норман Фостер жобалаған пирамида Азияның кіндігінде орналасуының себебі не? Ғимарат - дінаралық келісім мен бейбітшілік нышаны ретінде салынған. Норман Фостердің айтуынша, «ғимарат конфессия аралық келісімнің белгісі» дейді. Бірақ, шын мәнінде пирамида - оккультік дiннiң пұтханасы: Бұл символикалық былықтарға ғимараттың ішінде серуендеген адам көз жеткізеді.

Пирамиданың формасы

Пирамида – кемелдіктің символы мен құпия доктринаның нышаны.
- Мэнли П.холл, «Барлық уақыттағы құпия білім»

Novus Ordo Seclorum = Мәңгілік жаңа тәртiп

Мэнли П.холл, айтуынша пирамида – ежелгі өркениеттің мистериясы. (әр бұрыштың қабырғалары 60º – ImpCommiss) Ол фигураларда әлемге иелік ететін рухани ілім бар. Бүгінгі элита (құпия қоғам) сол білімнің мұрагері болып саналады. Құпия топтар пирамиданы әлемді билеп төстейтін билік ретінде пайдаланады. Оның ең жоғарғы бөлігі (көздің орны) әлемге иелік ететін құдайшыл топтың белгісі. Олардың барлық жоспарлары іске асқан кезде барып жоғарғы көздің бөлігі орнына келеді деп есептейді. Бұлардың билікке келгенінің белгісі, әлемнің әр бұрышында осындай пирамидалар бас көтереді.

Арена, Мемфис

Мейманхана «Люксор», Лас Вегас

Мейманхана «Рафлз», Дубай

Опера театры (пирамиданың негiзгі бөлігі)

Пирамиданың астыңғы қабатында түнекке оранған үңгiр интерьерi орналасқан. Көңіл көтеруге жиналған халық оны байқамайды да.

Залдың шаңырағы культтік белгі күнмен безендірілген.

Опера театрының жанында пирамиданың бос кеңістігі бар. Ол жерде әлемдік діндердің басын біріктірген конференция өтеді. Сәл аялдап нақыштарға ой жүгіртсек, осының барлығы тұнып тұрған символизм.

Пирамиданың ортасы

Күн бейнесіндегі үстел

Бұл күн бейнесі - опера театрының төбесінде де орналасқан. Халық сол күн астында материялдық түнекте думандатып көңіл көтеруде, ал әлемнің таңдаулылары тобырдың үстінде отырып (күн бейнесіндегі үстел) олардың тағдыры жайлы толғануда. Бұның да астарлы идеясы бардай әсер қалдырары сөзсіз. Әрі бұл жерде опера театрына қарағанда анағұрлым жарық шашып тұрады.

Астана - сөзсіз «әлемдік үкімет орталығы». «Әлемдік үкімет» құрудың негізі - дінді тіршіліктің формасына айналдыру. Кездесулерде сол үшін өткізіледі.

Пирамиданың төбесі

Әр терезесі күннің шуағына малынған. Жоғарғы бөлігі ғаламдық деңгейдегі тұлғалылықтың кейпін білдіреді. Терезеде айшықталған ақ кептердің көрнісі «әлем жаңа тәртіптің» үстінде бірігетінінің белгісі.

Енді, Пирамиданың әр бөлігін зерделеп көрсек (қараңғы түнекке оранған опера театры, мәслихатхана, ең жоғарғы құдайшыл бөлік). Бұны әлемнің Пифагорлық кескіні дейді. Бүгінгі құпия қоғам сол Пифагор ілімін мұқият зеттеу үстінде.

Пифагор кеңістікті үшке бөлеген, «ең жоғары әлем», «жоғарғы әлем» және «төменгi әлем». Алпауыт топтар осы үш бөлікті өздерінше кескіндеп алған. Бірінші – «Ең жоғары әлем» - бәрін білгіш, рухани мәні бар. Бұл құдiреттi, әрі бiлмейтiнi жоқ басқарушы топ. Екінші – «Жоғарғы әлем» тұрақтылығы мен өзіне лайық ілімі бар топ. Үшінші – сана мен философия арқылы жоғарыға көтерілуге мүмкіндігі бар қара тобыр.

Бәйтерек

Бәйтеректі аңыз, ертегілермен баланыстығанымызбен ол эзотерикалық концепция бойынша, «өмiр ағашы» екі дүние арасын жалғап тұрған канал. Рухтың материялдық әлемді тастап құдайға баратын жолы есептелген.