Меншік объектілері мен субьектілері. 2 страница

  1. ұлттық қауіпсіздік және тәуелсіздік
  2. ішкі саясаттағы тұрақтылық және қоғамды нығайту
  3. инвестицияның жоғарғы деңгейінен және ішкі қаражатпен нарықтық экономика негізінде экономиканы көтеру
  4. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білім алуы, жақсы тұрмысы
  5. Энергетикалық ресурстар және инфрақұрылым
  6. Кәсіпқой үкімет
  7. Сыбайлас жемқорлықпен және қылмыспен күрес.

Өз экономикасын қайта құрудағы өте күрделі мәселелерді шешуге аяқ басқан Қазақстанның бастан кешкен қиыншылықтарын ескермеуге болмайды. Ол жеке меншік сектордың жоқтығы, өндіріс ауқымындағы мемлекеттік кәсіпорыннан бастап сауда ауқымындағы монополиялар, ауыл шаруашылығындағы мемлекеттік сатып алу және несиелер мен мамандандырылған банкілерді мақсаткерлікпен бөлісуге дейін ескі құрылымға қоса макроэкономикалық тұрақтылықтың қажеттілігі. Мұның сыртында экономикалық қызметке қатысушылар жұмыс істеуге мәжбүр болған жағдайдағы бағалар құрылымы әлемдік нарықпен байланыста емес еді, халықтың психологиялық дайындығы, адамдардың нарықтық қатынастарға барабар ойлау жүйесі болмаған.

ҚР-ның “Қазақстан-2030” даму Стратегиясына орай Үкіметтің 1998-2000 жылдарға арналған іске асырар бағдарламасы жасалынды. ҚР Үкіметінің алдағы кезеңдегі қызметі төмендегідей басты міндеттерді орындауға бағытталған:

-ұлттық қауіпсіздікті нығайту;

-ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамды нығайту деңгейін ілгерілете беру;

-экономикалық өсу қарқынын үдету;

-әлемдік нарыққа энергия шығарушыларды анықтау, жобалау, оның жекелеген учаскелерінде құрылысты бастап, аяқтау жұмыстары;

-халықаралық сауданы дамытуды қамтамасыз ететін көлік пен коммуникацияның негізгі нысандарын қайта құру мен салуды аяқтау;

-мемлекетті басқарудың принципті жаңа жүйесін құру.

4-тақырыпты қарастыруда әдістемелік нұсқау

Экономикалық жүйе мәні мен типтерінің сипатын ашып, олардың типтерінің тарихын зерттеу. Экономикалық жүйенің шешетін негізгі мәселесін қарастыру. Әрбір экономикалық жүйеге тән ерекшеліктерді бөліп, олардың айырмашылықтарын анықтап ажырата білу.

Қазақстан Республикасы нарықтық экономикаға қай уақытта өтті және ол мемлекетке қандай өзгерістер әкелді? Қазіргі таңда Қазақстан қандай экономикалық бағытта ұстаным ұстап отыр?

 

Бөлім-3. Нарық және оны реттеу механизмдері.

5 тақырып. Нарықтық шаруашылықтың қалыптасу алғы шарттары. Тауар-ақша қатынастары

1. Тауар: мәні, қасиеттері, формалары

2. Ақша: мәні, пайда болу тарихы, түрлері, жүйесі, қызметтері

3. Нарықтың пайда болуы: шарттары және қызметтері

4. Нарықтың инфрақұрылымы: мәні және негізгі элементтері

Мақсаты: Нарықтың жетілген бәсеке және жетілмеген бәсеке жағдайындағы қызмет ету ерекшеліктерін қарастыру арқылы, олардың негізгі тетіктерінің қалай қызмет атқаратының көрсету, айырмашылықтарына талдау жасау.

Негізгі түсініктер мен терминдер

Тауар; ақша мәні, түрлері; нарық, атқаратын қызметтері, нарық инфрақұрылымы, негізгі элементтері; сауда, коммерция.

Дәріс мәтіні.

1. Адамзат қоғамының тарихында қоғамдық өндіріс екі түрлі формаға бөлінеді: натуралды шаруашылық және тауарлы шаруашылық. Натуралды және тауарлы шаруашылық төмендегі келтірілген ерекшеліктермен сипатталады:

Кесте-1

Натуралды және тауарлы шаруашылық сипаттамасы

Натуралды шаруашылық Тауарлы шаруашылық
1. Экономикалық қатынастар тұйық жүйелі түрде болады. 1.Экономикалық қатынастар ашық жүйелі түрде болады.
2. Еңбек бөлінісі дамыған негізінде қолмен жасалатын еңбектің түрі. 2. Еңбек бөлінісі мен тауар айырбасы мамандарылған еңбек.
3. Өндіріс пен тұтынудың арасында тікелей экономикалық байланыста болады. Өндірілген өнім айырбасқа қатыспай-ақ тікелей тұтынылады. 3. Өндіріс пен тұтынудың арасындағы жанама экономикалық байланыс. Өндірілген өнім нарықта айырбасқа сатуға түсіп, кейін тұтынылады.

Бұл қоғамдық өндірістің екі түріне қысқаша төмендегідей сипаттама беруге болады.

Натуралды шаруашылық- қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың ертедегі түрі болып табылады. Алғашқы қауымдағы адамның еңбек құрал сайманының қарапайымдылығы оған өнімді тек өзінің тұтынысы үшін жасауға мүмкіншілік береді. Яғни натуралды дегеніміз – адамдар өнімді айырбасқа нарыққа шығаруға ұмтылмастан, тек өздерінің жеке бас қажеттіліктерін өтеу үшін өндірілетін шаруашылықты айтамыз. Олардың негізгі белгілірі мыналар:

- өндіргіш күштер мен оларды ұйымдастыру аса қарапайым;

- өндірілетін өнімдер жиыны ғасырлар бойы өзгерместен жылдан- жылға бірдей көлемде өндіріледі.

Алайда «өндірдік-тұтындық» - приципі бойынша өмір сүру мүмкін емес екендігі кейінірек қоғамда дәлелдене бастады, яғни мұндай саясат елдің әлемдік рыноктан оқшаулануына экономикалық ғылымның артта қалуына әкелді, сондықтан экономикалық ұйымдастырудың бұл формасын қолдану мүмкін емес.

Осыдан кейін тауарлы шаруашылық қалыптасты. Мұның мәні мынада: Тауарлы деп- өнімдер сату үшін өндіріліп, ал өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыс нарықтың көмегімен жүзеге асырылатын шаруашылық аталады.

Тауарлы шаруашылықтың пайда болуының қажетті шарты: нақты бір өнім шығарушыға өндірушілердің мамандануын білдіретін қоғамдық еңбек бөлінісі, яғни тауарлы шаруашылық - өндірілген өнім айырбасқа (сатуға) түседі.

жеке меншіктің болуы;

тауар өндірушілердің экономикалық оқшаулануы.

Тауарлы өндірістің шығу себебі жеке меншік және шаруашылық қатынастары арқылы өндірушілердің бір - бірінен оқшаулануы. Ол жеке меншік алғашқы қауымдық қоғамның ыдырау кезеңінде бой көтерді. Белгілері: Тауарлы өндірістің даму сипаты айырбаспен нарықтың дамуына байланысты.

· жеке меншіктің пайда болуы;

· тұтынушылар өз қажетін қанағаттандыра алу қабылеттілігі;

· еркін кәсіпкерлікпен айналысуға жол ашылды;

· қоғамдық өнімнің басым бөлігі тек жеке тұтыну үшін емес, нарық арқылы сатуға арналды;

· экономикада мемлекеттік және жеке сектордың болуымен сипатталады.

Тауар – сатуға немесе айырбасқа түсетін өнім. К.Маркстың ойынша, тауардың екі қасиеті бар:

- адамның сұранысын қанағаттандыру, яғни тұтыну құны;

- басқа затқа айырбастау мүмкіндігі, яғни айырбас құны (өз құны).

Тұтыну құны – тауардың пайдалылығы, адамның белгілі бір қажеттілігін қанағаттандыру қасиеті.

Айырбас құны (тауардың өз құны) – тауардың басқа тауарларға айырбасталу қабілеттілігі.

Қандай бір қоғамда болсын, ақшаның қажеттілігі тауар өндірісі мен тауар айналымынан туындайды. Көптеген тауарлар массасынан белгілі бір немесе бірнеше тауарлар айырбас кезінде делдалдық қызмет атқару мақсатымен бөлініп шығады. Мұндай тауарлар ұлу қабыршығы, аң терісі, мал мен алтын, тағы басқа да көптеген басқа тауарлар болуы мүмкін. Бірақ уақыт өте келе бұл құнның жалпыға ортақ формасының пайда болуына әкелді. Кез келген басқа тауарларға тікелей айырбастауға қабілеті бар тауар жалпылама эквивалент деген ат алды. Сонымен, бұл қызметті барлық жерде дерлік үнемі күміс пен алтын атқаратын болды.

Монетаның отаны ретіндегі Лидия мемлекеті болып есептеледі. Онда монета алғашқы рет б.д.д. VII-ші ғасырда шыққан. Ал монета термині Юнон–Монета храмы атымен байланысты шыққан, себебі Ертедегі Римде алғашқы монета сарайы сонда болған.

Тауар айырбасының дамуына байланысты «ақша» теориясы дүниеге келді. Қоғамның құрылуының бастапқы сатысында айырбас кездейсоқтық сипатта болды, яғни бір тауар екінші тауарға еркін айырбасталды. Осылай бірте-бірте айырбас мөлшері қалыптасты. Екі тауарды айырбастауда бір тауардың құны екінші тауардың құнына теңестірілді.

Ақша - бұл жалпы эквивалент рөлін атқаратын ерекше тауар. Бірнеше жүз жылдар бұрын көптеген халықта ақшаның рөлін мүйізді ірі қара мал атқарды. Біртіндеп жалпы эквивалент рөлін алтын атқарды. Оған оның мынадай қасиеттері әсер етті:

1. Сапалық, біртектілік.

2. Сандық бөлінуі.

3. Қолайлылығы. Алтынның аз мөлшеріне көп жұмыс күш кетеді.

4. Сақталуы.

Ақшаның осы заманғы концепциясы (XVII-XVIII) ғасырларда пайда болған теориялардан туындайды: яғни

· металдық

· номиналдық

· сандық теорияларна байланысты болады.

Ақшаның металдық теориясы - капиталдың қорлану кезеңінде пайда болды, яғни ақшаның рөлін алтын мен күміске теңестірді және қазына ретінде, әлемдік ақша ретінде таныды. Оның негізгі өкілдері «меркантелистер» мектебінің өкілі. Томас Мэн мемлекеттің монетаны бұзуына қарсы шықты. Ақшаны әлеуметтік қатынастар емес, зат ретінде қарастырды.

«Ақшаның номиналды теориясының - негізгі ерекшелігі мынадай деді - ақша тауар өнімі емес, олар шартты белгі ғана болып табылады және бағалылығын мемлекет бекітеді. Сондықтан белгісінің алтынмен ешқандай байланысы жоқ». Бұл теорияның негізін қалаушы ағылшын экономисті Кейнс және американ экономисті Пол Самуэльсон. Ақшаның сандық теориясының-негізін қалаушылыр ағылшын экономисті Дж.Локк пен Д.Рикардо. Олар ақшаның құндық негізін қорғады. Яғни ақша бірлігінің құны мен тауар бағаларының деңгейі айналыстағы ақшаның мөлшерімен байланысты анықталады деді.

Ақшаның атқаратын қызметтері.

1. Құн өлшемі – бұл ақшаның барлық тауарлардың құнын өлшеу қабылетінен тұрады. Кез келген тауардың түрін ақшалай түрде көрсету үшін, нақты ақшаны талап ету керек емес. Тауар құнының ақшалай көрсетілуі баға деп аталады. Баға сұраным мен ұсынымға байланысты құннан ауытқуы мүмкін. Сондықтан тауар өз құнына да сұраныс пен ұсынысқа да тәуелді.

2. Айналым құралы – осы қызметті ақша қолма- қол түрінде атқарады, себебі олар нақты тауар айырбасында делдалдық жасайды. Тауарды ешкім сатқысы келмейді егер оның, айырбасталуына нақты ақша ұсынылмаса. Бұл қызметті айналымдағы алтынды алмастыра отырып, ақша белгілері атқарады. Егер айналым шығындары өсіп кетсе және есептеулер баяуласа және де алтынның қоры шашыраса алтын айналымы тиімсіз болар еді. Алтын қоры мемлекет үшін әлемдік ақша, резервтік қор ретінде қажет

3. Төлем құралы – бұл қызметті тауарды ақшаға (несиеге төлемді ұзарта отырып) сатқан кезде, ақшаны қарызға бергенде, салықты, жер рентасын, жалақылы, деведендті, пәтер төлемін және т.б. төлегенде атқарады. Несие қатынастарының дамуына байланысты жаңа айналым құралы пайда болды: вексель, банкнот, төлем тапсырмасы, чек, пластикалық карточка, электрондық ақша. Несие ақшалардың болуы қолма-қол ақшаларды қатыстырмай-ақ қарызды жабудың өзара есептеу мүмкіндігін қарастырады.

4. Қорлану несиеге қазына жинау құралы. Ақша айналысын тоқтатады және жиналады. Сөйтіп станок, машина, жабдықтарды немесе ұзақ мерзімге пайдаланылатын (теледидар, тоңазытқыш т.б.) тауарларды сатып алу үшін қорланады. Ақшаның қазына түрінде қорлануы әрбір тауар өндірушілердің белгілі ақша резерві болу қажеттілігінен туындайды, өзін нарық кездейсоқтығынан сақтандырады. Ақшаның бұл қызметі ақша айналымын реттеу үшін маңызды.

5. Әлемдік ақша – бұл ақша алтын және өнеркәсібі дамыған елдердегі тұрақты валюта болып табылады.

Әлемдік нарықта ақшаның айналым құралы емес, төлем құралының рөлі бірінші орында болады.

3.Нарық - экономикалық ұйымдасқан қатынастар жүйесі. Ұдайы өндірістің барлық салаларында өндіру, тұтыну, бөлу, айырбастау, сату- сатып-алу арқылы жүзеге асырылатын жүйе. Нарық келесідей маңызды қызмет атқарады:

Біріншіден, қоғамдық өндірісті реттеу жүзеге асырылады, яғни "не, қалай, кім үшін өндіру керек?" мәселелері шешіледі;

Екіншіден, өндіруші мен тұтынушы арасында байланыс қалыптасады. Нарықтың әрбір қатысушысы бір мезгілде әрі сатушы, әрі сатып алушы болып табылады. Ол өміріне қажетті немесе өндірісіне қажетті тауарды сатып алады да, осы нарықта өзі өндірген өнімді, немесе мүлікті, не болмаса жұмыс күшін сатады;

Үшіншіден, нарық арқылы өндіріске кеткен шығындарды айқындауға болады. Нарық тек не өндіру ғана екенін анықтамайды, сонымен қатар қоғамға қажетті өнімді алу үшін қанша шығын жұмсайтынын айқындайды. Егер шығын деңгейі жоғары болса, онда өнімді сатып ала алмайды және өнім алдағы уақытта өндірілмейді. Дәлірек айтқанда, нарыққа шығындарын жаба алатын және бағалары қолайлы тағайындалған тауарлар шығады;

Төртіншіден, нарықтың маңызды қызметі - бағаны белгілеу. Баға сұраныс пен ұсынысқа қарай ауытқып отырады. Егер тауардың қандай да бір көлемі сұранысты жоғарылататын болса, онда баға төмендейді, оған сәйкес өндіріс пен ұсыныс та төмендейді. Керісінше, жоғары баға өндірісті кеңейтеді.Бұл өсулер тепе - тең баға қалыптасқанша жалғаса береді;

Бесіншіден, нарық өндірушілерді дифференциалдайды. Бәсеке кезінде шығыны нарықтық бағадан төмен фирма өмір сүре алады. Бұл кезде фирма пайда таба алады. Егер жұмсаған шығындар нарықтық бағадан асып кететін болса, ол бос шығындалуға алып келеді. Өндірушілердің дифференциясы тиімді фирмалардың дамуына, ал тиімсіздерінің жойылуына алып келеді.

4.Нарықтың сипаттамасы оның құрылымының, әрекет етуші тұлғаларының және олардың қызығушылық объектілерінің зерттеуінсіз толық болмайтын еді. Нарықтың әрекет етуші тұлғалары немесе субъектілері үй шаруашылығы, фирмалар және мемлекет болып табылады.

Үй шаруашылығы - бұл бір немесе бірнеше тұлғаның құрамындағы экономикалық бірлік. Ол:

• өз бетінше шешім қабылдайды;

• қандайда бір өндіріс факторының иеленушісі болып табылады және өзінің мүлкін, капиталын, жұмыс күшін сата алады немесе жалға бере алады;

Фирма - бұл экономикалық бірлік. Ол:

• сату мақсатымен өнім дайындау үшін өндіріс факторларын пайдаланады;

• пайданы максимизациялауға ұмтылады;

• өз бетінше шешім қабылдайды.

Мемлекет қоғамдық мақсаттарға жету үшін нарыққа және шаруашылық субъектілеріне бақылауды қамтамасыз ету үшін саяси және занды билікті жүзеге асыратын үкіметтік мекемелермен ұсынылған.

Үй шаруашылықтары, фирмалар және мемлекет нарық объектілерін сату және сатып алу, пайдалану, иелену туралы экономикалық қатынастарға кіреді. Нарықтық шаруашылықтың объектілері: тауарлар мен қызметтер, өндіріс факторлары (еңбек, жер, өндіріс факторлары), ақша, кұнды қағаздар субсидиялар, әлеуметтік төлемдер т.б. болып табылады. Нарықтың нақты құрылымы бар.

Нарық құрылымы - бұл нарықтың бөлек элементтерінің ішкі құрылысы. Нарықтың құрылымын әр түрлі критерийлермен жіктейді. Олардың ішіндегі маңыздылары келесілер болып табылады:

• экономикалық міндеттеріне байланысты: тауарлар мен қызметтер нарығы, өндіріс құралдары нарығы, еңбек нарығы, инвестициялар, құнды қағаздар, қаржы нарығы;

• географиялық орналасуына байланысты: жергілікті, аймақтық, ұлттық және әлемдік нарықтар;

• бәсекенің шектелу дәрежесіне байланысты: монополиялық, олигополиялық, еркін және аралас нарықтар;

• саласы бойынша: автомобиль, бидай нарығы;

• сату түріне байланысты: көтерме, бөлшек сауда нарығы.

Қазіргі нарық инфрақұрылымсыз, яғни көмекші салалар мен ұйымдарсыз мүмкін емес. Нарық инфрақұрылымы - бұл нарық қатынастарының сәтті жұмыс істеуін қамтамасыз ететін коммерциялық және мемлекеттік фирмалар мен мекемелердің жиынтығы. Нарық инфрақұрылымының үш түрін ажырату қабылданған: тауар, қаржы және еңбек нарығы.

Нарық механизмінің негізгі элементтеріне жататындар: баға, сұраныс пен ұсыныс, бәсеке. Сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасының өзгерістеріне байланысты бағалар қалыптасады.

Бұдан басқа нарықтың сәтті жұмыс істеуі жарнамасыз, ақпараттық және кеңес беру қызметтерінсіз, тексеру және бақылау мекемелерінсіз мүмкін емес.

Соларға келейік.

Жарнама (лат.- айқайлаймын) - бұл сұранысты көбейту мақсатымен тауарлар мен қызметтер туралы мәліметтерді тарату. Ол тауар өндірісінің дамуының алғашқы кезеңінде пайда болды. Ежелгі Грецияда және Римде коммерциялық сипаттағы хабарландырулар ағаш, қола, сүйек тақтайларда жазылып қала жаршыларымен айқайлап оқылған. Ақпарат (лат.-мәлімдеу) - бұл нарық жағдайын болжамдау және талдау жасауға қолданылатын мәліметтер. Кез келген фирма сұраныс туралы, ұсыныс туралы, пайда нормасы туралы, қай жерде қымбатқа сатып және арзанға сатып алуға болатыны туралы ақпаратты қажет етеді. Алған мәліметтердің негізінде фирма өзінің жүріс - тұрысының стратегиясын жасайды. Нарық инфрақұрылымының қазіргі кезеңіне жекеленген ақпараттан мәліметтерді автоматты өңдеудің информациялық жүйесін құруға өту тән.

Консалтинг - коммерциялық бастамаларда мамандандырылған фирмалармен жүзеге асырылатын бақылаушылық кеңес беру. Қызметтер ноу-хау, лицензиялар, қызметтер мен тауарлар нарығының болжалдауымен және зерттеуімен көрсетіледі. Сонымен қатар заң қызметтері көрсетіледі. Жеке мамандарды ұстаудан осындай кеңестерге төлеу арзанға түсетіндіктен фирмалар консалтингті кең ауқымда пайдаланады.

Аудит компаниялары (ағылш. ревизор) - бұл фирманың бизнес сферасында мүмкіндіктерін бағалау мақсатымен фирманың қаржы - шаруашылық қызметінің кешенді ревизиясын жүзеге асыратын ұйымдар. Әдетте, аудит компаниялары акционерлік компаниялардың қызметін бақылап отыратын мемлекеттік органдардан арнайы өкілдік алады.

5-тақырыпты қарастыруда әдістемелік нұсқау

Тауар дегеніміз не? Тауардың мәнін ашу үшін, оның қасиеттерімен танысып, тарихына үңілу керек. Тауардың пайда болуымен ақша қатынастары дами бастайды, осыған байланысты ақшаның тарихына тоқтала кету керек. Ақшаның атқаратын маңызды қызметтері, олардың қазіргі таңда алатын орны. Бүгінгі таңда ақшаға қандай қасиеттер тән?

Нарық дегеніміз не? Нарықпен тығыз байланысты ұғымдарға тоқталыңыз. Нарықтың атқаратын қызметтері және оның негізгі элементтеріне не кіреді? Қазіргі индустриалды-инновациялық экономикада нарық қандай рөл ойнайды? Нарықта жасалатын сауда мен коммерцияның айырмашылығын ажырата білу.

6-тақырып. Жетілген және жетілмеген бәсеке жағдайындағы нарықтық құрылымдар және олардың қызметтері. Сұраныс, ұсыныс қисығы

  1. Жетілген бәсеке, оның шарттары. Жетілмеген бәсеке жағдайындағы нарықтық құрылымның негізгі түрлері.
  2. Монополия және монополистiк бәсеке. Олигополия. Таза монополия. Табиғи монополия.
  3. Сұраныс заңы. Сұраныстың қисығы
  4. Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы

 

Мақсаты: Нарықтың жетілген бәсеке және жетілмеген бәсеке жағдайындағы қызмет ету ерекшеліктерін қарастыру арқылы, олардың негізгі тетіктерінің қалай қызмет атқаратының көрсету, айырмашылықтарына талдау жасау.

Негізгі түсініктер:Жетілген бәсеке, жетілмеген бәсеке,сұраныс көлемі, ұсыныс көлемі, сұраныс заңы, ұсыныс заңы, сұраныстың өзгерісі, ұсыныстың өзгерісі, бағаға және табысқа сұраныстың, ұсыныстың икемділігі (созымдылығы), жеке нарықтағы тепе-теңдік, тепе-теңдік баға, монополия, табиғи монополия, таза монополия, монополистік бәсеке, олигополия, дуаполия, монопсония, олигопсония.

Дәріс мәтіні

1. Бәсеке - нарықта реттеушілік қызметін атқарады. А.Смит – бәсекені нарықтың - «Көрінбейтін қолы» деп атаған. Бәсеке арқылы нарықтық субъектілері өз пайдасына қарай әрекет етіп, тұтас болғанда қоғам үшін тиімділіктің негізін қалайды. Осы айтылған элементтердің өзара қатынасы арқылы нарық қалыптасады. Бәсеке – нарық субъектілерінің пайданы барынша ұлғайтуға, яғни қойылған мақсатты жүзеге асыру жолында өндірістің аса қолайлы жағдайлары үшін кәсіпкерлердің өзара күрес қатынастар ретінде көрінетін экономикалық жарысы.

Бәсекені бірнеше белгілері бойынша мынадай түрлерге бөлуге болады:

1. Даму масштабы бойынша:

1.1. Жеке бәсеке – жеке бір қатысушы нарықтың аса қолайлы жағдайларын таңдап алуға талаптанады.