Меншік объектілері мен субьектілері. 1 страница

3. Қазақстандағы меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру: кезеңдері, формалары, әдістері мен мәселелері.

Мақсаты:Меншік институты ұғымын жан-жақты қарастыру, әсіресе жеке меншікті талдауға басты назар салу арқылы, оның нарықтық жүйедегі рөлін көрсету. Экономикалық жүйені және оның түрлерін қарастыру арқылы экономикалық дамудың қазіргі үлгілерін түсіндіру, әсіресе Қазақстандағы қалыптасқан нарықтық жүйенің ерекшеліктерін көрсету.

Негізгі түсініктер мен терминдер

Жекешелендіру, Иемдену, Меншік, Меншік объектілері, Меншік субъектілері, Меншікті мемлекет иелігінен алу, Қоғамдастыру,Өндірістің материалдық және жеке факторының бірігу тәсілі, Табысты бөлу әдістері, Оноре тізімі, Иемдену құқығы, Пайдалану құқығы, Басқару құқығы

Дәріс мәтіні.

Меншік – қоғамдық құрылыстың негізі – қоғамдық бастаулардың негізіне жатады. Меншік экономикалық категория ретінде өндіріс құрал – жабдықтарын және өндірілген өнімдерді иемденуге байланысты адамдар арасында туындайтын қоғамдық қатынастар. Меншік қатынастарын дұрыс түсіну үшін, оны иемдену қатынастарымен салыстыру қажет.

Иемдену – затты меңгеріп алудың нақты қоғамдық әдісі. Иемдену осы берілген меншіктің және оның нақты түрлерінің негізі, тамырлы белгісін құрайды. «Меншік» және «иемдену» деген түсініктерді ажыратып, әрқайсы жеке танып білу қажет: бұлардың жеке ұғымдар және экономикалық қатынастар жүйесінде өздерінің жеке орындары болады.

Иемдену – шаруашылық өмірдің жүйесімен сәйкестікте болады және сонымен бірге дамиды. Алғашқы заманда адамдар көбінесе табиғат сыйларын жинап, аң мен балық аулап иемденген. Бара-бара екі типті шаруашылық қалыптасады – иемденуші (табиғаттың дайын сыйларымен айналысатын) және өндіруші шаруашылықтар.

Меншік ол зат емес, меншік – заттарға байланысты адамдар арасындағы қатынастар, яғни меншік объектісін пайдаланудағы субъектінің құқығы.

Меншіктің экономикалық мағынасы келесі қатынастармен сипатталады:

1. Иемдену – затты өз игілігіне пайдалану.

2. Жатсындыру – меншік объектісін иеліктен шығару

3. Жекелендіру - әр бір тауар өндіруші мамандығы бойынша белгілі бір тауар өндірісіне жекеленеді.

4. Қоғамдастыру – еңбектің қоғамдық сипатының дамуы.

5. Өндірістің материалдық және жеке факторының бірігу тәсілі.

6. Табысты бөлу әдістері.

Меншік заң жағынан алып қарағанда, мүліктік қатынастарға жатады. Құқық нормалар мен актілерде материалдық байлық әр түрлі субъектілер арасында қалай иемделінетіні және бөлінетіні анықталады. Экономикалық теорияда жеке меншік құқықтың мынадай түрлерінде даму алады. (Оноре тізімі бойынша):

1. Иемдену құқығы, яғни игіліктерге міндеттелінген денелік (күш қуаттылық) бақылау құқығы.

2. Пайдалану құқығы, яғни игіліктің пайдалы қасиетін өзі үшін қолдану құқығы.

3. Басқару құқығы, яғни игіліктерді қолдануды кім және қалай қамтамасыз етуді шешу құқығы.

4. Табысқа деген құқық, яғни игіліктерді пайдалану нәтижесіне ие болу құқығы.

5. Егемендік құқығы, яғни игіліктерді жатсындыру, өзгерту, тұтыну немесе жойып жіберу құқығы.

6. Қауіпсіздік құқығы, яғни игіліктерді сыртқы ортаның зияндылығынан қорғау құқығы.

7. Игіліктерді мұрагерлікке беру құқығы

8. Игіліктерді иеленудегі мерзімсіздік құқығы.

9. Сыртқы ортаға зияны келтіретін әдістерді қолдануға тыйым салау құқығы.

10. Өндіріп алуға жауапкершілік құқығы, яғни қарыз үшін игіліктерді өндіріп алу құқығы

11. Қалдық сипатты құқық, яғни бұзылған құқықтарды қалпына кеттіруді қамтамасыз ететін институттардың әрекет ету құқығы.

Адамзат қоғамының даму тарихында меншіктің әр түрлі типтері белгілі. Ерте дүниенің өзінде ұжымдық, жеке еңбектік және мемлекеттік меншік түрлері қалыптаса бастады. Олардың ең бастылары: жеке және мемлекеттік меншік болып саналады.

Жеке меншіктің дамуы XIX – ғасырдың екінші жартысының ортасына дейін жүзеге асты. Жеке меншіктің дамуы еркін бәсекенің дамуына, кәсіпкерлердің тиімділігін көтеруге, тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға итермелейді.

Нарықтық экономикаға көшу меншік қатынастарын өзгертугі талап етеді. Меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру нарыққа көшу барысындағы өте күрделі, маңызды мәселе. Орталықтандырылған мемлекеттік экономиканы аралас экономикаға көшіру мәселесі мемлекеттік тікелей басқарудан құтылып, бәсекені дамытуды қарастырады.

Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру – бұл нарыққа бет алған шаруашылық құралдарын дамуына қажет жағдайларды қамтамасыз етуді, тиімді және жауапты меншік иелерін қалыптастыруды, нақты бәсеке ортаны қалыптастыруды қамтамасыз етуге тиіс. Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің формалары әр қилы.

return false">ссылка скрыта

Жекешелендірудің тәсілдері

1. Аукционда байқау бойынша сату және сатып алу. 2. Кәсіпорын капиталының үлесін сату (акцияларды) 3. Жалға берілген кәсіпорынның мүлкін сатып алу.  

 

Қазақстан Республикасында жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу процесі «Жекешелендіру және мемлекет иелігінен алудың Ұлттық бағдарламасына» сәйкес жүргізіледі. Жекешелендіру үш негізгі бағытта жүргізіледі.

1. Кіші жекешелендіру – еңбеккерлердің саны 200 адамға дейін.

2. Жаппай жекешелендіру – орташа және ірі кәсіпорындар (200-500 адам) және халыққа жекешелендіру купондарының бөлінуіне негізделді.

3. Жеке жобалық жекешелендіру – ірі кәсіпорындар мен мемлекеттің ерекше маңызды кәсіпорындары.

Қазақстан республикасындағы жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу процесін 4 кезеңге бөлуге болады:

1. 1991-1992 ж.ж.- мемлекет меншігінің реформасы кең көлемде нарықтық экономикаға көшуге жағдай жасау үшін жүргізілді. Бұл кезде мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу жекешелендіру жүзеге асырыла бастады. Негізгі мақсат өндірістік қатынастардың жаңа түрін қалыптастыру, меншік иелерінің жаңа тобын құру. Мемлекеттік меншікті азаматтарға бағалы қағаз түрінде мүлкін бөліп беруді көздеді. Бұл кезде ашық аукциондар мен конкурстар арқылы шағын, орта кәсіпорындар жекешелендірді.

2. 1993-1995 ж.ж. – мемлекет иелігіндегі мүлікті халыққа қайтару арқылы нарыққа көшу жағдайын жасауы. Бұл кезеңде шағын және жаппай жекешелендіру жүргізілді. Мұндағы негізгі мақсат нарықтық экономикаға өту жағдайын қалыптастыру, мемлекет иелігінен алу барысында әлеуметтік әділеттілікті сақтауға, жекешелендірудің тәртіппен, мемлекеттің бақылаумен жузеге асуын қамтамасыз ету. Жекешелендірудің әртүрлі бағыт бөлімінде халықтың меншік деген құқығы инвестиция тарту, оның ішінде шетелдік инвестицияларды мүмкіндігі жүзеге асуына жағдай жасалды.

3. 1996-1998 ж.ж. экономикадағы жеке сектордың басымдылығымен қатар мемлекеттің халыққа мүлікті қайтаруының аяқталуы. Бұл кезеңде басты мақсат жекешелендіру саясатын аяқтау, экономикадағы жеке меншік үлесін арттыруы және тұрақтандыру, осыған байланысты жаппай жекешелендірумен бірге жекелеген жобалар бойынша жекешелендіру жүргізілді.

4. 1999-2000 ж.ж. – мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендіру заңдылық негізін жетілдіру және басқарудың тиімділігін көтеру. Мемлекеттік үлеске қатысы бар кәсіпорындар белгіленді.

Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің негізгі мақсаты мынада:

- шаруашылық субъектілерінің тиімді түрі ретінде жеке меншік топтарын қалыптастыру;

- бәсекелестік ортаны қалыптастыру арқылы, өндірісті монополиясыздандыруды қамтамасыз ету;

- шағын және орта бизнесты дамыту;

- жеке бизнес басымырақ ұйымдық шаруашылық құрылымды қалыптастыру;

- бағалы қағаздар нарығының субъектісі ретінде инвестициялық құрылым жүйесін дамыту және нығайту.

3-тақырыпты қарастыруда әдістемелік нұсқау

Бұл тақырыпта меншік пен иемдену терминдерінің айырмашылығын ажырата білу керек, ол үшін ең алдымен қай термин бірінші пайда болғанын анықтап зерттеу қажет. Меншіктің мәнін, оның түрлерін, түрлерінің сипатын толық аша білу.

Қазақстан Республикасында меншіктің қандай түрлері бар? Жекешелендіру қай кезден басталады, неше кезеңнен тұрады, оның қандай тәсілдері бар осының барлығының сипатын анықтап айқындау.

Қазақстан Республикасында жүргізілген жекешелендіру саясаты елге қандай жетістіктер береді?

4 тақырып. Экономикалық жүйелердің негізгі үлгілері

1. Экономикалық жүйелердің мәні және типтері

2. Экономиканың негізгі проблемалары және оларды әртүрлі экономикалық жүйелерде шешу тәртібі

3. Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өтуі

Мақсаты: Экономикалық жүйелердің мәнін, экономиканың негізгі проблемаларын мен атқаратын қызметтері туралы түсінік қалыптастыру.Нарықты экономика туралы жалпы түсінікті қалыптастыру, оның негізгі құрылымдарын, институттарын қарастыру және құнның (бағалылықтың) еңбектік және шекті пайдалылық теорияларын қарастыру, осы аталған түсініктерді кейінгі тақырыптарды оқығанда қажеттігін түсіндіру.

Негізгі түсініктер мен терминдер

Дәстүрлі экономика, әкімшілік-әміршілік жүйе, аралас экономика, нарықтық экономика

Дәріс мәтіні.

1.Экономикалық теорияның негізінде жүзеге асырылатын экономикалық саясат экономикалық мәселелердің шешілу механизмдері мен варианттарын қарастырады. Осы саясатты жүзеге асыру барысында біртұтас экономикалық жүйе дамиды. Экономикалық жүйе –бұл материалдық, рухани игіліктер мен қызметтерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстардың ерекше реттелген жүйесі. Оған әсер ететін факторларды үш құрылымға топтастыруға болады:

1) шаруашылық құрылым;

2) әкімшілік құрылым;

3) ақпараттық құрылым.

Меншік формасына байланысты аталған құрылымдардың жиынтығы әртүрлі сипатта болады: патриархалдық, ұсақ тауарлы, мемлекеттік және т.б. Егер елде мемлекеттік сипат күшейсе онда ұлттандыру процесінің нәтижесі деуге болады. Керісінше жеке шаруашылық дамитын болса онда жекешелендіру процесінің жүргендігі.

Қазіргі заманғы әлем әрқайсысы ұзақ тарихи даму процесінің нәтижесінде қалыптасқан сан алуан экономикалық жүйелердің болуымен сипатталады. Қоғамның тарихи даму процесін жіктеу критерийлері біркелкі емес:

1. Формациялық көзқарас – Маркстік теорияға тән. Ол үш типін бөліп қарастырады. Алғашқы құрылыс – алғашқы қауымдық және азиаттық өндіріс әдістерінен тұрады. Оның негізі патриархалдық шаруашылық шеңберінде қала отырып, нарықтың көмегінсіз өзін-өзі қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін үй өнеркәсібі мен жерге ұжымдық меншікке негізделген қауым. Азиаттық өндіріс әдісі көптеген елдерге тән болғанмен ол ұзақ уақыт бойы тек Азия елдерінде сақталынып келді.

Екінші ірі формацияны Маркс жеке меншікке негізделген деп атады. Үшіншісі – жеке меншікті жоюға негізделген, екі сатылы формация. Формациялық әдіске тән экономикалық жүйелер бес өндіріс әдістерінен көрінеді: алғашқы қауымдық, құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік, социалистік. Өндіріс әдісі өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар жүйесінің жиынтығы ретінде әрекет етеді.

ІІ. Өркениеттік көзқарас әлемдік тарихты біртіндеп өркениеті ауысып отыратын тарих ретінде зерттеуді ұсынады. Өркениет сөзі латынның "civilis" - азаматтық, қоғамдық сөзінен шыққан. Бұл мәдениеттің дәрежесі мен деңгейін бағалау үшін қолданылады (мысалы, антикалық, азиаттық, европалық). Алғашқы өркениет төңкерісі ауыл шаруашылықтық болды. Қазіргі төңкеріс ғылыми-техникалық болып табылады. Кейбір экономистер 7 өркениетті бөліп қарастырады: неолиттік (тас ғасыры)-30-35 ғасырлық; шығыстық-құл иеленушілік (қола ғасыры)-20-23ғасырлық; антикалық 12-13 ғасырлық (темір ғасыры); ерте феодалдық-7 ғасырға созылған; бастапқы индустриалдық 4-5 ғасырлық; индустриалдық – 2-3 ғасыр; кейінгі идустриалдық немесе ақпараттық қоғам.

ІІІ. Қоғамның индустриалдық даму деңгейінің критерийлерін қолданатын басқа жіктеуге сәйкес үш экономикалық жүйелер бөліп қарастырылады: индустриалдық, кейінгі индустриалдық және жаңа индустриалдық. Соңғысын немесе ақпараттық қоғам деп те атайды.

IV. Өндіріс құралдарына меншік формасы мен шаруашылық қызметін басқару әдісі. Бұл екі белгінің негізінде әкімшіл нарықтық және аралас экономика деп бөліну жүреді.

2. Экономиканың негізгі проблемалары және оларды әртүрлі экономикалық жүйелердегі шешу тәртібі

Экономикалық теорияның басты проблемасы – адамзаттың шексіз қажеттілігін қанағаттандыру үшін шектеулі экономикалық ресурстарды мейлінше тиімді пайдалану мәселесін зерттеу болып табылады. Қай қоғамның да негізгі экономикалық проблемалары: не өндіру керек?, қалай өндіру керек?, кім үшін өндіру керек? Экономикалық ресурстар сирек және шектеулі. Нақтылы өнім шығару үшін қандай да болмасын қорды пайдаланған кезде ол қорларды басқа бір тәсілмен игерудің мүмкіндігі жойылады.

Экономикалық мәселелерді шешу үшін әрбір қоғам әртүрлі құрылымдар мен механизмдерді пайдалана алады.

Дәстүрлі экономикалық жүйе әдет-ғұрыпқа, дәстүрлерге негізделеді. Өндіріс процесі, айырбас, бөлу және тұтыну уақыт қалыптастырған әдет-ғұрыпқа сүйенеді. Бұл жүйе мемлекеттілікке дейінгі алғашқы қауым кезеңіне ұқсас келеді. Қазіргі уақытта ол амазондық үнділерге, австралияның тұрғындарына, африка тайпаларына тән.

Дәстүрлі экономиканың өзіндік ерекшеліктері мынадай:

1. Өндіру, бөлу, және айырбастау үрдістері әдет-ғұрыпқа, салт-дәстүрге, наным-сенімдерге негізделген;

2. Мұрагерлік пен сатылық бөлініс жеке адамның экономикалық ролін анықтайды;

3. Әлеуметтік-экономикалық тоқырау анық байқалады, өйткені ұдайы өндіріс қарқыны тек он жыл барысында ғана көрініс береді;

4. Техникалық прогресс дәстүрлі қоғамның бастамаларына қауіп төндіретіндіктен барынша шектеледі;

5. Діни, касталық және мәдени құндылықтар экономикалық қызметтің жаңа түрлеріне қарағанда басым тұрады;

6. Индустриялық өндірістің даму қарқынына қарағанда халықтың өсу қарқыны артып отырады;

7. Халықтың сауатсыздығы, шамадан тыс тығыздығы, еңбек өнімділігінің төмендігі және жұмыссыздықтың жоғарғы деңгейі.

Дәстүрлі жүйеге тән елдер әлемдік шаруашылықты шикізаттармен және материалдармен қамтамасыз етеді, дайын өнім өткізетін нарыққа айналады және бұрыңғы метрополиялардың, қазіргі индустриясы дамыған капиталистік елдердің ауыл шаруашылық шикізаттарын шығаратын орталық ретінде қызмет атқарады.

Әкімшіл-әміршіл жүйе мемлекеттік монополиялық меншіктің және оның монополиялық мемлекет өкіметі тудырған үстемдігімен сипатталынады. Бұл жүйеге басқарудың қатаң типтік иерархиясы тән. Дәлірек айтсақ жоспарлаушылар бұл жүйеде қандай тауарлар өндіріліп және қандай қызметтер көрсетілуі керектігін анықтап алады.

Әміршіл-әкімшіл жүйеге тән ерекшеліктер мыналар:

1. Өндіріс факторлары жалпы халықтың немесе мемлекеттің меншігінде болады;

2. Экономикалық қызметті жоспарлай отырып, бір орталықтан шаруашылыққа қатысты жалпы шешім қабылдау процесі барынша күшейеді;

3. Кәсіпорындар мемлекеттік жоспарларды орындауға қажетті ресурстармен орталықтандырылған қорлар арқылы қамтамасыз етіледі;

4. Өндіріс құрал-жабдықтары мен халықтық тұтыну тауарлары өндірісі арасындағы халықшаруашылық қатынас бір орталықтан анықталып бекітіледі;

5. Бәсеке жағдайы мүлдем болмайды, нәтижеде өндірушілер монополиясы туындайды;

6. Өндірушілерді ынталандыруға бағытталған нарық жүйесі жоқ;

7. Өндірушінің тұтынушы алдындағы үстемдігі, билігі, абыройы артады, өйткені тек өндірілген тауарлар ғана сатып алынады, яғни тұтынушының таңдау мүмкіндігі жоқ.

Бұл жүйеде өндірушінің еңбегі қоғамдық бағалауға бұрмаланып, жалған, субьективті бағалау түріне айналады. Нәтижесінде жүйенің тиімділігі кемиді. Бұл жүйе бұрыңғы КСРО және социалистік елдерде үстемдік еткен.

Нарықтық экономикалық жүйе жеке меншік құқығының анықталуына, келісім-шарт кепілдігінің сақталуына орай жеке меншіктікке және экономикалық мәселелерді шешуге негізделеді. Ол ресурстарды тиімді пайдалануға және экономиканың тез көтерілуіне ықпал етеді, алайда табыс жөнінен қоғамның бөлшектенуіне ықпал етеді.

Нарықтық жүйенің ерекшеліктері:

1. Өндіріс факторлары жекешелендірілген;

2. Адамдардың шаруашылық қызметін басқару және үйлестіру нарықтық жүйеге негізделген;

3. Жүйеге қатысушылардың іс-әрекетін олардың жеке, өзіндік мүдделерін қорғау арқылы ынталандыру, соның негізінде қоғамдық мүддені қамтамасыз ету үрдісі күшейген;

4. Капитал иесіне кәсіпкерлікпен емін-еркін айналысу және капиталын қашан, қай жерде және қандай қызметке салу керектігін таңдауға құқық берілген

5. Әрбір шаруашылық субъект өздігінше шешім қабылдап, пайда табуға ұмтылады

6. Жекелеген өндірушілер мен тұтынушылардың экономикалық билігінің әлсіздігі соншалықты, олардың белгілі бір бөлігінің шынайы экономикалық билігі жоқ десе де болады, яғни олар нарықтағы жағдайды өзгертуге дәрменсіз қалады;

7. Таза немесе дамыған бәсеке нәтижесінде өндірушілер тарапынан ресурстар барынша тиімді, әрі үнемді қолданылады және "ең аз шығын жұмсап, ең көп пайда табу" қағидасы жүзеге асырылады;

8. Тұтынушының өндіруші алдындағы үстемдігі, билігі, абыройы артады. Өйткені тек сұраныс білдірілген тауарлар ғана өндірілетін болады.

Аралас экономикалық жүйе.Аралас экономика идеясы ХІХ ғасырда әлеуметтік мәселені шешу қажеттігі туындап, мемлекеттің шаруашылық өмірге араласуы нәтижесінде пайда болған, яғни аралас экономика теорияларында ең алғаш рет экономика ілімінде мемлекеттің экономикаға араласу қажеттігі турасында ой-тұжырымдар айтылған. Ол мемлекеттік реттеу арқылы нарықты толықтыруға негізделінеді. Нарықтық механизм мынадай проблемаларды шеше алмайды: қоғамдық игіліктерді жасау, әлеуметтік мәселелер, экономикалық тұрақтылық, технологиялық қайта құрылу, қоршаған ортаны қорғау және т.б. Экономикалық мәселелер жеке өндірушілер деңгейінде нарық арқылы шешіледі. Қоғамдық сипаттағы мәселелер мемлекетпен шешіледі. Мемлекеттік реттеу дәрежесі әр елде әр басқа. Жоспарлы жүйені басқарудан бас тарту және өз бетімен саналы нарықтық экономикаға өту елімізде аралас экономикаға өтудің басты бағыты болып табылады.

Аралас экономиканың бірнеше үлгілері бар.

1. Американдық үлгі – нарықтық капиталистік үлгі. Мұнда жеке меншік басым, нарықтық бәсеке механизімі толық жұмыс істейді. Ірі кәсіпкерлер мен талапты жұмыскерлерді қорғайды. «Өз күніңді өзің көр».

2. Жапондық үлгі – бұл реттелетін корпоративтік капитализм үлгісі. Мүнда капиталдық көбею (қорлану) мүмкіндігі мемлекеттің белсенді реттеу ролі мен байланысып отырады.

3. Шведтік үлгі - бұл әлеуметтік үлгі. Оған өте жоғары деңгейдегі әлеуметтік кепілдік сипаты тән. Мұнда кәсіпкерлердің бәрін қолдайды, бәріне пайда табуға жағдайлар жасайды. Кәсіпкерлерден түскен салықты бюджетке жинап, оны салықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге тегін білім алумен емделуге жұмсайды. Шведтік социализм деп айтатын себебімізде осыдан.

4. Қытайлық үлгі – бір жағынан нарық механизімімен экономиканың мемлекеттік емес секторының, екінші жағынан жоспарлау негізіндегі мемлекеттік реттеу мен әлеуметтік кепілдіктің үйлесімділігі Қытай экономикасында социалистік үлгінің қалыптасқанын көрсетеді.

 

3. Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өтуі

Қазақстан қазіргі кезде нарықтық экономиканы дамытуға бағытталған құрылымдық реформаны қамтитын бағдарламаны жүзеге асыруда. Қазақстандағы экономиканы реформалау процесі 1991 жылы желтоқсанда тәуелсіздікті жариялағаннан кейін күшейе түсті. Сол сәттен бастап қазіргі уақытқа дейін бірнеше реформалар іске асырылды:

  1. 1992 жылы қаңтарда-бағаны ырықтандыру;
  2. 1993 жылы қаңтарда қабылданған Конституция;
  3. 1993 жылы сәуірде-Ұлттық жекешелендіру бағдарлli>1993 жылы қаңтарда қабылданған Конституция;
  4. 1993 жылы сәуірде-Ұлттық жекешелендіру бағдарламасы;
  5. 1993 жылы қарашада – ұлттық валюта-теңге;
  6. 1993-1994 ж.ж. дағдарысқа қарсы бағдарлама;
  7. 1995 жылы ҚР Конституциясында жеке меншікті мойындау;
  8. 1994-1996 ж.ж. қатаң ақша-несие саясатын жүргізу, индикативті жоспарлар;
  9. 1997 жылы қазан – Қазақстанды дамытудың 2030жылға арналған даму стратегиясы;

Еліміздің 2030 жылға дейінгі мерзімге белгілеген басты жеті бағыты мыналар: