Бап. Арыз беру
1. Аралық соттың шешiмiне шағым жасау туралы арызды аралық сотта талқылау тараптары, іске қатысуға тартылмаған, бiрақ құқықтары мен мiндеттерiне қатысты аралық сот заңда көзделген негiздер бойынша шешiм қабылдаған үшiншi тұлғалар аралық сот шешімінің көшірмесін алған күннен бастап отыз күн iшiнде бере алады.
2. Аралық соттың шешiмiне шағым жасау туралы арыз аралық сот дауды қараған жердегi сотқа беріледі.
3. Егер шешімге шағым жасау үшін осы баптың бірінші бөлігінде белгіленген мерзім аяқталса және осы Кодекске сәйкес оны қалпына келтіруге негіздер болмаса, судья арызды қайтарады.
Ескерту. 331-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.07.2013 125-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
331-2-бап. Арызды қарау
1. Сот аралық соттың шешiмiне шағым жасау туралы арызды осы Кодексте көзделген қағидалар бойынша iс қозғалған кезден бастап он күн iшiнде қарайды.
Судьяның үшінші тұлға шағым берген кезде қосымша дәлелдемелер беру қажет болған жағдайда, іс бойынша іс жүргізуді отыз күнге дейінгі мерзімге ұзартуға құқығы бар.
2. Сот аралық сотта талқылау тараптарына, сондай-ақ үшінші тұлғалар аралық соттың шешіміне шағым берген жағдайда үшінші тұлғаларға сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарлайды. Сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарланған аталған тұлғалардың келмей қалуы істі қарауға кедергі болып табылмайды.
3. Сот істі қараған кезде мәлімделген талаптар мен қарсылықтарға негіздеме ретінде сотқа ұсынылған дәлелдемелерді зерттеу арқылы аралық сот шешімінің күшін жою үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негіздердің бар немесе жоқ екендігін анықтайды.
4. Сот аралық соттың шешiмiне шағым жасау туралы арызды қарау нәтижелерi бойынша аралық сот шешiмiнiң күшiн жою не арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығара алады. Мүдделi тұлғалар соттың ұйғарымына шағым жасауы мүмкiн.
Ескерту. 331-2-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.07.2013 125-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
40-тарау. СОТ АКТIЛЕРIНЕ АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ ШАҒЫМДАНУ,
НАРАЗЫЛЫҚ КЕЛТIРУ
Ескерту. 40-тараудың тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР 2001.07.11 N 238 Заңымен.
332-бап. Сот шешімдеріне апелляциялық шағым
беру мен наразылық келтіру құқығы
1. Осы тарауда көзделген ережелерге сәйкес заңды күшіне енбеген сот шешімдеріне апелляциялық тәртіппен шағым жасалуы, наразылық берілуі мүмкін.
2. Сот шешіміне апелляциялық шағым жасау құқығы іске қатысушы тараптар мен басқа да тұлғаларға тиесілі.
3. Наразылық келтіру құқығы істі қарауға қатысушы прокурорға тиесілі. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен оның орынбасарлары, облыс прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар мен олардың орынбасарлары, аудандардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар мен олардың орынбасарлары өздерінің құзыреті шегінде істі қарауға қатысуына қарамастан сот шешіміне наразылық келтіруге құқылы.
4. Іске қатысуға тартылмаған, бірақ сот құқықтары мен міндеттері жөнінде шешім қабылдаған тұлғалар да апелляциялық шағым беруге құқылы.
Ескерту. 332-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2001.07.11 N 238, 2009.12.10 № 227-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
333-бап. Заңды күшіне енбеген шешімдерге апелляциялық
шағымдарды, наразылықтарды қарайтын соттар
Аудандық және оларға теңестірілген соттар шығарған шешімдерге апелляциялық шағымдар мен наразылықтарды облыстық және оған теңестірілген соттың судьясы жеке-дара қарайды.
Ескерту. 333-бап жаңа редауцияда - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
334-бап. Апелляциялық шағымдар, наразылықтар
беру (келтіру) тәртібі мен мерзімдері
1. Шағымдар, наразылықтар шешім, қаулы шығарған сот арқылы беріледі (келтіріледі). Тікелей апелляциялық сатыларға келіп түскен шағымдар, наразылықтар осы Кодекстің осы бабы екінші бөлігінің және 338-бабының талаптарын орындау үшін шешім шығарған сотқа жіберілуге тиіс.
2. Шағымдар, наразылықтар іске қатысушы тұлғалардың санына қарай көшірмелермен қоса сотқа беріледі (келтіріледі). Қажет болған жағдайларда судья апелляциялық шағымды немесе наразылықты берген тұлғаны апелляциялық шағымға немесе наразылыққа қоса тіркелген жазбаша айғақтардың іске қатысушы тұлғалардың санына қарай көшірмелерін беруге міндеттей алады.
3. Шағым, наразылық сот шығарған шешімнің көшірмелері тапсырылған күннен бастап он бес күн ішінде берілуі (келтірілуі) мүмкін.
4. Істі қайта қарау кезінде шығарылған шешімге жалпы тәртіппен шағым жасалуы, наразылық келтірілуі мүмкін.
Ескерту. 334-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2001.07.11 N 238, 2009.12.10 № 227-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
335-бап. Апелляциялық шағымның немесе наразылықтың
мазмұны
1. Апелляциялық шағымда немесе наразылықта:
1) шағым немесе наразылық жолданатын соттың атауы;
2) шағым жасайтын немесе наразылық келтіретін тұлғаның атауы;
3) шағым жасалатын немесе наразылық келтірілетін шешім және сол шешімді шығарған соттың атауы;
4) істі қараудың дұрыс еместігі неде екендігін көрсету;
5) заңдарға, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және материалдарына сілтеме жасай отырып, шешімнің заңсыздығы немесе негізсіздігі неде екендігінің негіздемесі;
6) шағым жасайтын немесе наразылық келтіретін тұлғаның шағымды немесе наразылықты толық немесе бөлігінде келтіретінін және қандай өзгерістер енгізуді талап ететіндігін көрсету;
7) шағымға немесе наразылыққа қоса тіркелген құжаттардың тізімі;
8) шағымды, наразылықты беру (келтіру) күні және шағым, наразылық беретін (келтіретін) адамның қолы болуы тиіс. Өкіл берген шағымға сенімхат немесе іске осындай өкілеттік болмаса, өкілдің өкілеттігін растайтын өзге де құжат қоса тіркелуге тиіс.
2. Апелляциялық шағымда немесе наразылықта айғақтарына апелляциялық шағым немесе наразылық бойынша дау айтылатын куәларды шақыру туралы өтініштің де болуы мүмкін.
3. Апелляциялық шағым, наразылық беретін (келтіретін) тұлғаның бірінші сатыдағы сотқа табыс етілмеген жаңа айғақтарға сілтеме жасауына тек шағымында олардың бірінші сатыдағы сотқа оларды табыс етуге мүмкіндігі болмауы негізделген жағдайда ғана жол беріледі.
4. <*>
Ескерту. 335-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2001.07.11 N 238, 2009.12.10 № 227-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
336-бап. Апелляциялық шағымды немесе наразылықты
қозғалыссыз қалдыру
1. Осы Кодекстің 334-бабының екінші бөлігінде және 335-бабында көзделген талаптарға сәйкес келмейтін апелляциялық шағым немесе наразылық берілген (келтірілген) кезде судья ұйғарым шығарады, сол арқылы шағымды немесе наразылықты қозғалыссыз қалдырады және шағым немесе наразылық берген (келтірген) адамға кемшіліктерді түзетуге мерзім тағайындайды.
2. Егер шағым немесе наразылық берген (келтірген) тұлға белгіленген мерзімде ұйғарымдағы нұсқауларды орындаса, шағым немесе наразылық сотқа алғашқы табыс етілген күнінде берілген болып есептеледі. Апелляциялық шағымды немесе наразылықты қозғалыссыз қалдыру туралы бірінші сатыдағы соттың ұйғарымына жеке шағым, наразылық берілуі мүмкін.
Ескерту. 336-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2001.07.11 N 238, 2012.02.17 N 565-IV (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
337-бап. Апелляциялық шағымды немесе наразылықты
қайтару
Апелляциялық шағым немесе наразылық судьяның ұйғарымымен оларды берген (келтірген) тұлғаға мына жағдайларда:
1) шағымды, наразылықты қозғалыссыз қалдыру туралы судьяның ұйғарымдағы нұсқаулары белгіленген мерзімде орындалмағанда;
2) шағымды немесе наразылықты берген (келтірген) тұлғаның өтініші бойынша;
3) егер шағымдану немесе наразылық келтіру мерзімі өтіп кетсе және шағымда немесе наразылықта оны қалпына келтіру туралы өтініш болмаса немесе оны қалпына келтіруден бас тартылған жағдайда;
4) егер шағымды немесе наразылықты апелляциялық шағым немесе наразылық беруге (келтіруге) құқығы жоқ тұлға берсе (келтірсе) қайтарылады.
Ескерту. 337-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2001.07.11 N 238, 2012.02.17 N 565-IV (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
338-бап. Бiрiншi сатыдағы соттың апелляциялық
шағымды, наразылықты алғаннан кейiнгi әрекетi
1. Мерзімінде берілген және осы Кодекстің 334-бабының екінші бөлігінің және 335-бабының талаптарына сәйкес келетін апелляциялық шағымды немесе наразылықты алғаннан кейін судья:
1) шағымның, наразылықтың және оған қоса тіркелген жазбаша дәлелдемелердің көшірмелерін келесі күннен кешіктірмей іске қатысушы адамдарға жіберуге;
2) шағымдануға, наразылық келтіруге белгіленген мерзім өткеннен кейін істі апелляциялық сатыға жіберуге міндетті.
3) алынып тасталды - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Апелляциялық шағымдануға, наразылық келтіруге белгіленген мерзім өткенге дейін істі соттан ешкім талап ете алмайды. Іске қатысушы тұлғалар сотта іс материалдарымен, сондай-ақ келіп түскен шағымдармен және оларға білдірілген қарсылықтармен танысуға құқылы.
Ескерту. 338-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2001.07.11 N 238, 2009.12.10 № 227-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
339-бап. Апелляциялық шағымға қосылу
Апелляциялық шағымды берген тұлғамен процесте бір жақта болған бірге қатысушылар мен үшінші тұлғалар берілген шағымға жазбаша арыз беру жолымен қосылуға құқылы.
Ескерту. 339-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2001.07.11 N 238, 2001.12.24 N 276 Заңдарымен.
340-бап. Апелляциялық шағымға немесе наразылыққа пікір
1. Іске қатысушы тұлға шағымға немесе наразылыққа қатысты қарсылықты растайтын құжаттарды қоса тіркей отырып, апелляциялық шағымға немесе наразылыққа пікірді апелляциялық сатыдағы сотқа, іске қатысушы басқа тұлғаларға жібереді.
Апелляциялық сатыдағы сотқа жіберілетін пікірге іске қатысушы басқа тұлғаларға пікірдің жіберілгенін растайтын құжат қоса беріледі.
2. Пікір сот белгілеген, онымен сот отырысы басталғанға дейін танысу мүмкіндігін қамтамасыз ететін мерзімде жіберіледі.
3. Пікірге іске қатысушы тұлға немесе оның өкілі қол қояды. Өкіл қол қойған пікірге оның өкілеттігін растайтын сенімхат немесе өзге де құжат қоса тіркеледі.
Ескерту. 340-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
341-бап. Апелляциялық шағымнан бас тарту және
наразылықты кері қайтарып алу
1. Апелляциялық шағым берген тұлға сот қаулы шығарғанға дейін одан апелляциялық сатыдағы сотта бас тартуға құқылы. Апелляциялық наразылық келтірген прокурор немесе жоғары тұрған прокурор апелляциялық сатыдағы сот қаулы шығарғанға дейін наразылықты кері қайтарып алуға құқылы. Наразылықтың кері қайтарылып алынғаны туралы сот іске қатысушы адамдарға хабарлайды.
2. Егер шешімге басқа адамдар шағым жасамаса немесе жоғары тұрған прокурор наразылық келтірмесе, сот шағымнан бас тартуды және наразылықты қайтарып алуды қабылдау туралы апелляциялық іс жүргізуді қысқартатын қаулы шығарады.
Ескерту. 341-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.07.11. N 238 Заңымен .
342-бап. Талап қоюшының талап қоюдан бас тартуы,
тараптардың бітімгершілік келісімі және дауды
(жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы
келісім
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 2001.07.11 N 238, 2011.01.28 N 402-IV (2011.08.05 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Талап қоюшының талап қоюдан бас тартуы, тараптардың апелляциялық шағым берілгеннен кейін жасалған бітімгершілік келісімі немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім апелляциялық сатыдағы сотқа жолданған жазбаша арыздарда көрсетілуге тиіс.
2. Тиісінше талап қоюшының немесе тараптардың арыздарын қарау тәртібі және талаптан бас тартуды қабылдау немесе қабылдамау, бітімгершілік келісімін және дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту немесе бекітпеу салдары осы Кодекстің 193-бабының ережелері бойынша белгіленеді. Талап қоюшының талап қоюдан бас тартуын қабылдау немесе тараптардың бітімгершілік келісімін бекіту кезінде апелляциялық саты бірінші сатыдағы шешімнің күшін жояды және осы Кодекстің 247-бабының 3), 4) тармақшаларына сәйкес іс бойынша іс жүргізуді қысқартады.
Ескерту. 342-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2001.07.11 N 238, 2011.01.28 N 402-IV (2011.08.05 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
343-бап. Шешімнің, қаулының орындалуын тоқтата тұру
Апелляциялық сатыдағы судья кассациялық шағым берген немесе наразылық келтірген тұлғаның өтініші бойынша бірінші сатыда қабылданған, осы Кодекстiң 237-бабында аталған iстер бойынша шешiмдерден басқа, шешімнің орындалуын тоқтата тұрады.
Ескерту. 343-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2001.07.11. N 238 Заңымен.
344-бап. Бірінші сатыдағы сот ұйғарымына шағым беру,
наразылық келтіру
1. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, сондай-ақ сот ұйғарымы, істің әрі қарай ілгерілеу мүмкіндігіне бөгет болатын жағдайларда бірінші сатыдағы соттың ұйғарымына, осы Кодекстің 332-бабында аталған тұлғалар жеке шағым, наразылық беруі (келтіруі) мүмкін. Егер ұйғарым іске қатыспайтын тұлғалардың мүдделеріне қатысты болса, олар да сот ұйғарымына шағым жасауға құқылы.
2. Бірінші сатыдағы соттың қалған ұйғарымдарына жеке шағымдар мен наразылықтар берілмейді, бірақ бұл ұйғарымдарға қарсылықтар апелляциялық шағымға немесе наразылыққа енгізілуі мүмкін.
3. Шешім шығарумен аяқталған сот талқылауы кезінде шығарылған ұйғарымға шағым жасалған, наразылық келтірілген жағдайда іс жоғары тұрған сот сатысына шешімге шағым беруге белгіленген мерзім өткен соң ғана жіберіледі. Бұл ретте, егер шешімге апелляциялық шағым жасалса, наразылық келтірілсе, жеке шағымды, наразылықты тексеру істі апелляциялық тәртіппен қарайтын сот сатысында жүргізіледі.
4. Бірінші сатыдағы соттың ұйғарымына жеке шағым, наразылық сол ұйғарымды шығарған сотқа беріледі. Судья жеке шағымды немесе наразылықты алған соң істі апелляциялық сатыдағы сотқа жіберуге міндетті. Қарау нәтижелері бойынша:
1) ұйғарымды – өзгеріссіз, ал шағымды, наразылықты қанағаттандырусыз қалдыру;
2) ұйғарымның күшін толық немесе бір бөлігінде жою және мәселені бірінші сатыдағы сотқа жаңадан қарауға беру;
3) ұйғарымның күшiн толықтай немесе бiр бөлiгiнде жою және мәселені мәні бойынша шешу;
4) ұйғарымды өзгерту туралы ұйғарым шығарылады.
5. Істі одан әрі жылжыту мүмкіндігіне кедергі келтіретін ұйғарымдарды қоспағанда, апелляциялық сатының жеке шағым, наразылық бойынша шығарылған ұйғарымы шағымдануға, наразылық келтіруге жатпайды және ол шығарылғаннан кейін дереу заңды күшіне енеді.
Ескерту. 344-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17 N 565-IV (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.
345-бап. Iстi апелляциялық тәртiппен қараудың шектерi
1. Iстi апелляциялық тәртiппен қарау кезiнде сот бiрiншi сатыдағы сот шешiмiнiң заңдылығы мен негiздiлiгiн толық көлемiнде тексередi.
2. Апелляциялық сатыдағы сот мәлiмделген талап қою шегiнде жаңа фактiлердi анықтап, тараптың дәлелдi себептер бойынша бiрiншi сатыдағы сотқа беруге нақты мүмкiндiгi болмаған жаңа дәлелдемелердi зерттей алады.
Ескерту. 345-бап жаңа редакцияда - ҚР 2001.07.11 N 238 Заңымен.
346-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың жеке ұйғарымы
Апелляциялық сатыдағы сот осы Кодекстің 253-бабында белгіленген жағдайда және тәртіппен жеке ұйғарым шығаруы мүмкін.
Ескерту. 346-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17 N 565-IV (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
41-тарау. Апелляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша
істерді қарау
347-бап. Апелляциялық қараудың нысанасы
Апелляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша апелляциялық сатыдағы сот істе бар және қосымша табыс етілген материалдар бойынша істің нақты мән-жайы анықталуының, материалдық құқық нормаларының қолданылуы мен түсіндірілуінің дұрыстығын, сондай-ақ істі қарау мен шешу кезінде азаматтық іс жүргізу заңы нормаларының сақталуын тексереді.
348-бап. Істі талқылауға дайындау
1. Апелляциялық шағымы немесе наразылығы бар істі алған апелляциялық сатыдағы судья бірінші сатыдағы соттың осы Кодекстің 338-бабының талаптарын орындағанын тексереді және апелляциялық шағымда немесе наразылықта баяндалған талаптар мен өтініштерді ескере отырып, он күн мерзімде осы Кодекстің 170-бабында көзделген іс-әрекеттерді жүргізіп, істі қарауға тағайындайды.
2. Апелляциялық сатыдағы сот іске қатысатын тұлғаларға отырыстың уақыты мен орны туралы хабарлайды.
Ескерту. 348-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
349-бап. Істі қарау мерзімдері
Апелляциялық сатыда іс сотқа келіп түскен күннен бастап бір ай мерзімде қаралуға тиіс.
Егер жаңа материалдарды, дәлелдемелерді зерттеуге және жаңа шешiм шығаруға қажеттілік болса, онда апелляциялық сатыда іс сотқа келіп түскен күннен бастап екі айға дейінгі мерзімде қаралуға тиіс.
Ескерту. 349-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17 N 565-IV (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
350-бап. Апелляциялық сатыдағы сотта іс жүргізу
1. Апелляциялық сатыдағы сотта істер бойынша іс жүргізу осы Кодекстің 41-тарауында көзделген қағидалар бойынша жүзеге асырылады.
2. Осы Кодекстің 55-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда апелляциялық сатыдағы соттың отырысына іс бойынша қорытынды беретін прокурор қатысады.
Апелляциялық сатыдағы сот прокурорға:
1) апелляциялық сатыда қаралуға жататын істер туралы;
2) істер бойынша қабылданған, апелляциялық сатыда қаралған шешімдер туралы хабарлайды.
3. Апелляциялық сатыдағы сот тараптар табыс еткен немесе олардың өтініштері бойынша талап етіліп алынған, істі дұрыс шешу үшін маңызы бар қосымша материалдарды, алынған сараптамалық қорытындыларды бірінші сатыдағы сот үшін көзделген қағидалар бойынша зерделеп, отырысқа шақыртылған тұлғалардан жауап алады.
Ескерту. 350-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
351-бап. Істі талқылаудың басталуы
Төрағалық етуші сот отырысын ашып: қандай іс, кімнің шағымы және (немесе) наразылығы бойынша және қай соттың шешіміне орай қаралуға жататынын хабарлайды. Төрағалық етуші іске қатысатын тұлғалардың және өкілдердің қайсысы келгенін анықтайды, келген тұлғалардың жеке басын анықтайды, сондай-ақ лауазымды адамдар мен өкілдердің өкілеттігін тексереді.
Ескерту. 351-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
352-бап. Іске қатысушы адамдардың сот отырысына
келмеуінің салдары
1. Істің қаралатын уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарланбаған іске қатысушы адамдардың біреуі сот отырысына келмеген жағдайда сот істі қарауды кейінге қалдырады.
2. Осы бапта аталған, істің қаралатын уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарланған адамдардың келмеуі істі талқылауға кедергі болмайды. Алайда сот бұл жағдайда да келмеу себебін дәлелді деп тани отырып, істі қарауды кейінге қалдыруға құқылы.
3. Iстi талқылау кейiнге қалдырылған жағдайда апелляциялық сатыдағы сот iске қатысушы адамдарға соттың қайта өткiзiлетiн отырысында iстiң қаралу уақыты мен орны жайында тиiсiнше хабарлайды. Бұл жағдайда iстi талқылау басынан бастап жүргiзiледi.
Ескерту. 352-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.07.11. N 238 Заңымен .
353-бап. Соттың іске қатысушы тұлғалар арыздарын шешуі
1. Іске қатысушы тұлғалардың апелляциялық сатыдағы істі қарауға байланысты барлық мәселелер бойынша арыздар мен өтініштерін сот іске қатысушы басқа тұлғалардың пікірін тыңдағаннан кейін шешеді.
2. Тараптар зерттеген кезде өздеріне бірінші сатыдағы сот бас тартқан дәлелдемелерді талап ету туралы өтініш жасауға құқылы.
3. Мәлімделген өтініштерді шешу осы Кодекстің 186-бабының ережелері бойынша жүргізіледі, бұл орайда апелляциялық сатыдағы соттың өтінішті бірінші сатыдағы сот қанағаттандырмағандығын негізге алып, оны қанағаттандырудан бас тартуға құқығы жоқ.
354-бап. Іске қатысушы адамдардың түсініктемелері
Соттың отырысына келген іске қатысушы тұлғалар мен өкілдердің түсініктемелерін сот тыңдайды. Апелляциялық шағым берген немесе наразылық келтірген тұлға және оның өкілі бірінші болып сөз сөйлейді. Екі тарап та шешімге шағым жасаған жағдайда бірінші болып талап қоюшы сөйлейді.
355-бап. Дәлелдемелерді зерттеу
1. Дәлелдемелерді зерттеудің тәртібі мен шектерін іске қатысушы тұлғалардың пікірлерін ескере отырып, апелляциялық сатыдағы сот белгілейді.
2. Тараптардың түсініктемелерінен кейін сот істе бар және тараптар жаңадан табыс еткен, дәлелдi себептермен олар бiрiншi сатыдағы соттың қарауына табыс ете алмаған дәлелдемелерді тексереді. Сотқа қосымша дәлелдемелер табыс еткен тұлғалар олардың қандай жолмен алынғанын және қосымша дәлелдемелер табыс ету қажеттiгi қандай мән-жайларға байланысты туындағанын көрсетуге мiндеттi.
3. Апелляциялық сатыдағы сот іске қатысушы, сот отырысына келмеген адамдардың түсініктемелерін, сондай-ақ апелляциялық сатыдағы сот отырысына шақырылмаған куәлардың айғақтарын жария етуге құқылы.
3-1. Тараптар өздеріне бірінші сатыдағы сот жауап алуға рұқсат бермеген куәларды шақыру және олардан жауап алу туралы және зерттеуге рұқсат бермеген дәлелдемелерді талап ету туралы өтініштер мәлімдеуге құқылы.
4. Егер бұл түсініктемелер мен айғақтарға тараптар дау шығарса, аталған адамдар апелляциялық сатыдағы сотқа шақырылуы мүмкін.
Ескерту. 355-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2001.07.11 N 238, 2012.02.17 N 565-IV (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
356-бап. Сот жарыссөзі
1. Іс мәні бойынша қаралып біткен соң төрағалық етушi тараптар мен өкілдерден олардың жасайтын өтініштері мен толықтырулары туралы сұрайды. Сот бұл өтініштерді шешіп, содан соң сот жарыссөзіне көшеді.
2. Сот жарыссөзі осы Кодекстің 211-бабында көзделген ережелер бойынша өткізіледі, бұл орайда апелляциялық шағым немесе наразылық берген адам бірінші болып сөйлейді. Шешімге екі тарап та шағым жасаған жағдайда бірінші болып талап қоюшы сөйлейді.
3. Сот жарыссөзі және прокурордың қорытынды сөзiн тыңдау аяқталғаннан кейін судья соттың актісін қабылдауға арналған кеңесу бөлмесіне кетеді.
Ескерту. 356-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2001.07.11 N 238, 2009.12.10 № 227-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
356-1-бап. Сот отырысының хаттамалары
1. Апелляциялық сатыдағы сот істі бірінші сатыдағы сот үшін көзделген қағидалар бойынша қарай келіп, істің дұрыс шешілуі үшін маңызы бар қосымша материалдарды, алынған сараптамалық қорытындыларды зерттеу, отырысқа шақыртылған тұлғалардан жауап алу қажет болған жағдайларда сот отырысының хаттамасын жүргізеді.
2. Апелляциялық сатыдағы сот сондай-ақ өз бастамасы немесе тараптардың өтініші бойынша сот отырысының хаттамасын жүргізуге құқылы.
Ескерту. Кодекс 356-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
357-бап. Сот актісін шығару және оны жариялау
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Апелляциялық сатының сот актісін шығаруы және оны жариялауы осы Кодекстің 216, 217, 218-баптарында көзделген қағидалар бойынша жүргізіледі.
2. Сот осы баптың бірiншi бөлiгiнiң талаптарын сақтай отырып, сот актісінің қарар бөлiгiн шығара алады. Бұл жағдайда дәлелді сот актісі iстi қараған күннен бастап бес күн мерзiмде жазылып, оған судья қол қояды.
Ескерту. 357-бап жаңа редакцияда - ҚР 2001.07.11 N 238, өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.12.10 № 227-IV(2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.02.17 N 565-IV (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
358-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың өкілеттігі
Апелляциялық сатыдағы сот:
1) шешімді өзгеріссіз, ал шағымды немесе наразылықты қанағаттандырмай тастауға;
2) бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгертуге;
3) бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін жоюға және жаңа шешім шығаруға;
4) алып тасталды - ҚР 2012.02.17 N 565-IV (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
5) осы Кодекстің 247 және 249-баптарында көзделген негіздер бойынша шешімнің толық немесе оның бөлігіндегі күшін жоюға және іс бойынша іс жүргізуді қысқартуға не арызды қарамай тастауға құқылы.
Ескерту. 358-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2001.07.11 N 238, өзгерту енгізілді - ҚР 2009.12.10 № 227-IV(2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.02.17 N 565-IV (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
359-бап. Апелляциялық сатының сот актілері
1. Апелляциялық сатыдағы сот мынадай актілерді шығарады:
1) осы Кодекстің 341-бабының екінші бөлігі мен 358-бабының 1), 2), 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда қаулы;
2) осы Кодекстің 358-бабының 3) тармақшасында көзделген жағдайда шешім;
3) ұйғарым.
2. Апелляциялық сатыдағы соттың дәлелді актісі ол қабылданған күннен бастап бес күн ішінде шығарылуға тиіс.
Ескерту. 359-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17 N 565-IV (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
360-бап. Апелляциялық қаулының, шешімнің мазмұны
1. Апелляциялық сатыдағы соттың қаулысында: апелляциялық қаулының шығарылған күні мен орны; апелляциялық қаулыны шығарған соттың атауы; сот құрамы; тараптар; іске қатысушы басқа тұлғалар және өкілдер; даудың нысанасы немесе мәлімделген талап; талап қоюлардың және оларға қарсылықтардың мәні; бірінші сатыдағы сот анықтаған істің мән-жайы; бірінші сатыдағы сот шешім немесе ұйғарым шығарған кезде басшылыққа алған себептер көрсетілуге тиіс.
2. Бұдан басқа, апелляциялық сатыдағы соттың қаулысында:
1) апелляциялық шағым немесе наразылық берген тұлғаның атауы;
2) шағым немесе наразылық берген тұлғаның талаптары, олардың негіздемелері;
3) апелляциялық сатыдағы соттың бірінші сатыдағы сот шешімін өзгеріссіз қалдыруының, оның күшін жоюының не оны өзгертуінің негіздері;
4) апелляциялық сатыдағы соттың өз тұжырымдарын жасауына алып келген уәждер және сот басшылыққа алған заңдарға сілтеме;
5) апелляциялық сатыдағы соттың тұжырымдары көрсетіледі.
3. Жаңа уәждердің болмауына байланысты шағымдар, наразылық қанағаттандырусыз қалдырылған кезде апелляциялық қаулының дәлелдеу бөлігінде сот актісіне өзгерістер енгізу не оның күшін жою үшін осы Кодекспен көзделген негіздердің жоқ екендігі ғана көрсетіледі.
Апелляциялық шағымда, наразылықта бірінші сатыдағы соттың қарау нысанасы болып табылмайтын жаңа уәждер келтірілген жағдайда, қаулының дәлелдеу бөлігінде жаңа уәждер негізсіз деп танылған негіздемелер көрсетілуге тиіс.
4. Осы Кодекстің 358-бабының 3) тармақшасымен көзделген жағдайда қабылданған апелляциялық шешімнің мазмұны осы Кодекстің 221-бабының талаптарына сәйкес келуге тиіс.
5. Осы Кодекстің 230-232-баптарында көзделген жағдайларда және тәртіппен апелляциялық сатыдағы сот кеткен қате жазуларды және анық арифметикалық қателерді түзету туралы мәселені қарауға, қосымша шешім, қаулы шығаруға немесе шығарылған шешімнің, қаулының мәнін өзгертпей оны түсіндіруге құқылы. Апелляциялық сатыдағы соттың көрсетілген мәселелер жөніндегі шешімі, қаулысы шығарылған күнінен бастап күшіне енеді.
Ескерту. 360-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17 N 565-IV (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
361-бап.<*>
Ескерту. 361-бап алынып тасталды - ҚР 2001.07.11 N 238 Заңымен.
362-бап. Іс апелляциялық тәртіппен қаралғаннан кейін
түскен апелляциялық шағымды немесе наразылықты
қарау тәртібі
1. Белгіленген мерзімде немесе өтіп кеткен мерзімді қалпына келтіргеннен кейін берілген апелляциялық шағым немесе наразылық басқа шағымдар бойынша іс қаралғаннан кейін апелляциялық сатыдағы сотқа түскен жағдайда, сот мұндай шағымды немесе наразылықты өзінің іс жүргізуіне қабылдауға міндетті.
2. Апелляциялық сатыдағы сот өзінің бұрын шығарған актісінің күшін жояды және аталған шағымда немесе наразылықта оның күшін жоюдың негізі көзделсе, істі толық көлемінде қарайды.
363-бап. Апелляциялық сатыдағы сот нұсқауларының
міндеттілігі
Ескерту. 363-бап алынып тасталды - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
364-бап. Апелляциялық тәртіппен сот шешімінің
күшін жоюдың не оны өзгертудің негіздемелері
1. Апелляциялық тәртіппен сот шешімінің күшін жоюға немесе оны өзгертуге:
1) іс үшін маңызы бар мән-жайлар шеңберінің дұрыс анықталмауы және дұрыс айқындалмауы;
2) бірінші сатыдағы сот белгіленген іс үшін маңызы бар мән-жайлардың дәлелденбеуі;
3) бірінші сатыдағы сот шешімінде баяндалған қорытындылардың істің мән-жайына сәйкес келмеуі;
4) материалдық нормалардың немесе іс жүргізу құқығы нормаларының бұзылуы немесе дұрыс қолданылмауы негіз болып табылады.
2. Мәні бойынша дұрыс сот шешімінің күшін бір ғана үстірт пікірлер бойынша жоюға болмайды.
365-бап. Материалдық құқық нормаларының бұзылуы
немесе дұрыс қолданылмауы
Материалдық құқық нормалары, егер сот:
1) қолданылуға тиісті заңды қолданбаса;
2) қолданылмауға тиісті заңды қолданса;
3) заңды дұрыс түсіндірмесе;
4) заңға ұқсас қалыпты немесе құқыққа ұқсас қалыпты дұрыс қолданбаса, бұзылған немесе дұрыс қолданылмаған деп есептеледі.
366-бап. Іс жүргізу құқығы нормаларының бұзылуы
және дұрыс қолданылмауы
1. Бірінші сатыдағы сот шешімінің күші мына жағдайларда, егер:
1) істі бұл істі қарауға құқығы жоқ судья қараса;
2) сот, істі сот отырысының уақыты мен орны хабарланбаған, іске қатысушы адамдардың біреуі болмаған жағдайда қараса;
3) істі қарау кезінде сот ісі жүргізіліп отырған тіл туралы ереже бұзылғанда;
4) сот іске қатысуға тартылмаған адамдардың құқықтары мен міндеттері туралы мәселелерді шешкенде;
5) шешімге судья қол қоймағанда немесе шешімде көрсетілгеннен басқа судья қол қойғанда;
6) істе сот отырысының хаттамасы болмағанда;
7) істе осы Кодекстің 255-бабына сәйкес жасалуы міндетті жеке іс жүргізу іс-әрекетінің хаттамасы болмағанда шағым, наразылық дәлелдеріне қарамастан жойылуға тиіс.
2. Басқа да іс жүргізудің бұзылуы орын алған жағдайда, егер бұл бұзушылық істі дұрыс шешпеуге әкеп соқтырса немесе әкеп соқтыруы мүмкін болса, шешімнің күші жойылуға тиіс.
367-бап. Іс бойынша іс жүргізуді қысқарту немесе
арызды қарамай қалдыру арқылы шешімнің
күшін жою
Осы Кодекстің 247, 249-баптарында аталған негіздер бойынша іс жүргізуді қысқарту немесе арызды қарамай қалдыру арқылы сот шешімінің күші апелляциялық тәртіппен жойылуға тиіс.
368-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың сот актілерінің
заңды күшіне енуі
Апелляциялық сатыдағы соттың сот актілері олар жария етілген кезден бастап заңды күшіне енеді.
Ескерту. 368-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17 N 565-IV (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
369-бап. Істі бірінші сатыдағы сотқа қайтару
Апелляциялық сатыдағы сот істі қарағаннан кейін оны бірінші сатыдағы сотқа қайтарады.
42-тарау. Кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу
Ескерту. 42-тарау алынып тасталды - ҚР 2001.07.11 N 238 Заңымен.
42-1-тарау. Бірінші және апелляциялық сатылардағы соттардың
заңды күшіне енген шешімдеріне, ұйғарымдарына және қаулыларына
кассациялық тәртіппен шағымдану және наразылық келтіру
Ескерту. Кодекс 42-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17 N 565-IV (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
383-1-бап. Бірінші және апелляциялық сатылардағы соттардың
заңды күшіне енген шешімдеріне, қаулыларына
және ұйғарымдарына кассациялық тәртіппен
шағымдану және наразылық келтіру құқығы
1. Бірінші және апелляциялық сатыдағы соттардың заңды күшіне енген шешімдеріне, қаулыларына және ұйғарымдарына кассациялық шағымдану және наразылық келтіру құқығы тараптарға және іске қатысушы басқа тұлғаларға тиесілі.
2. Іске қатысуға тартылмаған, бірақ соттар олардың құқықтары мен міндеттеріне қатысты шешім, қаулы немесе ұйғарым шығарған тұлғалар да кассациялық шағым беруге құқылы.
3. Бірінші, апелляциялық сатылардағы соттардың заңды күшіне енген шешімдеріне, қаулыларына және ұйғарымдарына кассациялық наразылық келтіру құқығы істі осы сатыларда қарауға қатысқан прокурорға тиесілі. Қазақстан Республикасының Бас прокуроры мен оның орынбасарлары, облыстардың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар істі қарауға қатысқан-қатыспағанына қарамастан, бірінші және апелляциялық сатылардағы соттардың заңды күшіне енген шешімдеріне, қаулыларына және ұйғарымдарына наразылық келтіруге құқылы.
Ескерту. 383-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17 N 565-IV (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
383-2-бап. Кассациялық шағымдар мен наразылықтарды
қарайтын соттар
Бірінші және апелляциялық сатылардағы соттардың заңды күшіне енген шешімдеріне, қаулыларына және ұйғарымдарына кассациялық шағымды немесе наразылықты облыстық және оған теңестірілген сот кемінде үш судья құрамында қарайды.
Ескерту. 383-2-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17 N 565-IV (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
383-3-бап. Істі талап ету, кассациялық шағымды немесе
наразылықты беру тәртiбi
Кассациялық шағымдар мен наразылықтар iске қатысушы адамдардың санына сәйкес көшiрмелерiмен қоса тiкелей кассациялық сатыдағы сотқа жолданады және берiледi. Прокурордың кассациялық наразылығы, шағымы азаматтық іспен бірге кассациялық сатыдағы сотқа жіберіледі.
Қажеттi жағдайларда сот кассациялық шағым немесе наразылық берген адамды, шағымға немесе наразылыққа қоса тiркелген жазбаша дәлелдемелердiң көшiрмелерiн iске қатысушы адамдардың санына сәйкес ұсынуды мiндеттей алады.
Азаматтық істі Қазақстан Республикасының Бас прокуроры не оның орынбасарлары, облыстардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар кассациялық тәртіппен тексеру үшін тиісті соттан талап ете алады. Сот прокурордың істі талап ету туралы сұрау салуын ол сотқа келіп түскен күннен бастап күнтізбелік жеті күннен кешіктірмей және заңды күшіне енген сот актілерін орындау үшін іс жүргізу әрекеттері орындалғаннан кейін ғана орындайды. Сұрау салулар байланыс арналарын пайдалану арқылы жіберілуі мүмкін.
Істі талап еткен жағдайда кассациялық наразылық келтіру туралы өтінішхатты прокурор іс прокуратураға келіп түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарауға тиіс.
Ескерту. 383-3-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.04.27 N 15-V (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР ; 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.
383-4-бап. Кассациялық шағым немесе наразылық беру мерзімі
1. Кассациялық шағым немесе наразылық бірінші немесе апелляциялық сатыдағы соттың шешімі, қаулысы, ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап алты ай ішінде берілуі мүмкін.
2. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін берілген шағым немесе наразылық қараусыз қалдырылады және шағымды немесе наразылықты берген тұлғаға кері қайтарылады.
Ескерту. 383-4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 N 565-IV (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
383-5-бап. Кассациялық шағымның немесе наразылықтың
мазмұны
1. Кассациялық шағымда немесе наразылықта:
1) шағым немесе наразылық жолданған соттың атауын;
2) шағымды немесе наразылықты берген тұлғаның атауын;
3) шағым жасалып немесе наразылық келтіріліп отырған шешімнің, қаулының және ұйғарымның көрсетілуін;
4) шешімнің, қаулының және ұйғарымның дұрыс еместігі, сондай-ақ шағымды немесе наразылықты берген тұлғаның өтініші неге саятындығының көрсетілуін;
5) шағымға немесе наразылыққа қоса тіркелген жазбаша материалдардың тізбесін қамтуға тиіс. Кассациялық шағымға шағым берген тұлға немесе оның өкілі қол қояды. Кассациялық наразылыққа прокурор қол қояды.
2. Егер кассациялық шағымданған өкілдің істі жүргізуге берілген сенімхатында кассациялық шағым беру құқығы арнайы айтылмаса немесе ол бірінші сатыдағы сотта істі талқылау уақытында процеске қатыспаса, кассациялық шағымға өкілдің өкілеттігін куәландыратын сенімхат немесе өзге де құжат қоса тіркелуге тиіс.
Ескерту. 383-5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 N 565-IV (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
383-6-бап. Кассациялық шағымды немесе наразылықты
қозғалыссыз қалдыру
1. Кассациялық шағымды немесе наразылықты берген тұлғалардың қолы қойылмаған, шағым жасалып немесе наразылық келтіріліп отырған қаулы, шешім және ұйғарым көрсетілмеген немесе барлық қажетті көшірмелер қоса тіркелмеген кассациялық шағым немесе наразылық берілген кезде облыстық және оған теңестірілген соттың судьясы шағымды немесе наразылықты қозғалыссыз қалдыру туралы ұйғарым шығарады және шағым немесе наразылық берген тұлғаға кемшіліктерді жою үшін мерзім тағайындайды.
2. Егер шағымды немесе наразылықты берген тұлға ұйғарымдағы нұсқауларды белгіленген мерзімде орындаса, шағым немесе наразылық сотқа алғаш тапсырылған күні берілген деп есептеледі. Олай болмаған жағдайда шағым немесе наразылық берілмеген деп есептеледі және соттың ұйғарымымен шағым немесе наразылық берген тұлғаға қайтарылады.
Ескерту. 383-6-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 N 565-IV (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
383-7-бап. Судьяның кассациялық шағымды немесе наразылықты
алғаннан кейінгі іс-әрекеті
Облыстық және оған теңестірілген соттың судьясы кассациялық шағымды немесе наразылықты алғаннан кейін:
1) азаматтық істің материалдарын талап етіп алдыруға;
2) пікір беру мерзімін бере отырып, іске қатысушы тұлғаларға шағымның немесе наразылықтың және оларға қоса тіркелген жазбаша материалдардың көшірмелерін жіберуге;
3) іске қатысушы тұлғаларға кассациялық шағымның немесе наразылықтың қаралатын уақыты мен орны туралы хабарлауға;
4) қарауға тағайындалған істер туралы прокурорға хабарлауға міндетті.
Ескерту. 383-7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 N 565-IV (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
383-8-бап. Кассациялық шағымға қосылу
Процесте кассациялық шағым берген тұлғаның жағында әркет еткен тараптар және үшінші тұлғалар берілген шағымға жазбаша арыз беру арқылы қосыла алады.
383-9-бап. Кассациялық шағымға немесе наразылыққа пікір
1. Іске қатысушы тұлға кассациялық шағымға немесе наразылыққа пікірді, шағымдарға қатысты қарсылықтарды растайтын құжаттарды қоса тіркеп, іске қатысушы басқа тұлғаларға және кассациялық сатыдағы сотқа жібереді. Кассациялық сатыға жіберілетін пікірге іске қатысушы басқа тұлғаларға пікірдің жіберілгенін растайтын құжат қоса тіркеледі.
2. Пікір сот отырысы басталғанға дейін онымен танысу мүмкіндігін қамтамасыз ететін, сот белгілеген мерзімде жіберіледі.
3. Пікірге іске қатысушы тұлға немесе оның өкілі қол қояды. Өкіл қол қойған пікірге оның өкілеттігін растайтын сенімхат немесе өзге де құжаттар қоса тіркеледі.
383-10-бап. Кассациялық шағымнан бас тарту және
кассациялық наразылықты кері қайтарып алу
1. Кассациялық шағым берген тұлға одан бас тартуға құқылы. Алайда сот осы Кодекстің 8-бабының төртінші бөлігінде белгіленген негіздер бойынша бас тартуды қабылдамай тастауға және істі кассациялық тәртіппен қарауға құқылы.
2. Кассациялық наразылық келтірген прокурор, сондай-ақ жоғары тұрған прокурор сот отырысы басталғанға дейін наразылықты кері қайтарып алуға құқылы. Наразылықтың кері қайтарылып алынғаны туралы сот іске қатысушы тұлғаларға хабарлайды.
3. Егер шешімге басқа тұлғалар шағымданбаса немесе наразылық бермесе, сот шағымнан бас тартуды қабылдау туралы және наразылықты кері қайтарып алған кезде кассациялық іс жүргізуді қысқартатын ұйғарым шығарады.
383-11-бап. Талап қоюдан бас тарту, тараптардың
бітімгершілік келісімі және дауды (жанжалды)
медиация тәртібімен реттеу туралы келісім
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2011.01.28 N 402-IV (2011.08.05 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Кассациялық шағым немесе наразылық берілгеннен кейін жасалған талап қоюшының талап қоюдан бас тартуы, тараптардың бітімгершілік келісімі немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім кассациялық сатыдағы сотқа жазбаша нысанда ұсынылуға тиіс. Сот талап қоюдан бас тарту қабылданғанға дейін, бітімгершілік келісімі немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілгенге дейін талап қоюшыға немесе тараптарға олардың іс жүргізу іс-әрекеттерінің салдарын түсіндіреді.
2. Талап қоюшының талап қоюдан бас тартуын қабылдау, тараптардың бітімгершілік келісімін немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекіту кезінде кассациялық саты шығарылған шешімнің күшін жойып, іс бойынша іс жүргізуді қысқартады. Егер сот осы Кодекстің 49-бабы екінші бөлігінің негізінде талап қоюдан бас тартуды, бітімгершілік келісімін немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді қабылдамаса, ол істі кассациялық тәртіппен қарайды.
Ескерту. 383-11-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.28 N 402-IV (2011.08.05 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
42-2-тарау. Кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу
Ескерту. Кодекс 42-2-тараумен толықтырылды - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
383-12-бап. Кассациялық қараудың нысанасы
Кассациялық шағым, наразылық бойынша кассациялық сатыдағы сот бірінші және апелляциялық сатылардағы соттар шығарған, заңды күшіне енген шешімдердің, қаулылардың және ұйғарымдардың заңдылығы мен негізділігін тексереді.
Ескерту. 383-12-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17 N 565-IV (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
383-13-бап. Істі қараудың шектері
1. Істі кассациялық тәртіппен қараған кезде сот істе бар материалдар бойынша шағымның, наразылықтың дәлелдері шегінде бірінші және апелляциялық сатының сот актілерінің заңдылығы мен негізділігін тексереді.
2. Кассациялық сатыдағы сот мәлімделген талап қоюдың шегінде бірінші және апелляциялық сатыдағы соттарға дәлелді себептермен табыс етілмеген жаңа дәлелдемелерді зерттейді.
383-14-бап. Кассациялық сатыда істі қарау мерзімдері
Кассациялық сатыдағы сот кассациялық шағым немесе наразылық бойынша істі ол келіп түскен күннен бастап бір ай мерзімде қарауға тиіс.
383-15-бап. Кассациялық шағымды немесе наразылықты қарау
тәртібі
1. Төрағалық етуші сот отырысын ашады және қандай істің, кімнің шағымы немесе наразылығы бойынша және қандай соттың қаулысына, ұйғарымына орай қаралуға жататынын хабарлайды. Істі сот талқылауына дайындау бөлігінде сот осы Кодекстің 180, 189-баптарын басшылыққа алады.
2. Осы Кодекстің 55-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда, кассациялық сатыдағы соттың отырысына іс бойынша қорытынды беретін прокурор қатысады.
Ескерту. 383-15-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 N 565-IV (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
383-16-бап. Іске қатысушы тұлғалар мен өкілдердің сот
отырысына келмеуінің салдарлары
Істің қаралатын уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарланған іске қатысушы тұлғалар мен өкілдердің сот отырысына келмеуі істі қарауға кедергі болып табылмайды.