Бап. Арыз бойынша сот шешімі

1. Арыз берушінің өтініші қанағаттандырылған жағдайда сот жоғалған құжатты жарамсыз деп танитын шешім шығарады. Бұл шешім арыз берушіге жарамсыз деп танылған құжаттың орнына қосымша немесе жаңа құжат беруге негіз болып табылады.
2. Төлемдік белгілерін жоғалтқан құжаттар жөніндегі құқықты қалпына келтіру туралы арыз қанағаттандырылған жағдайда сот жаңа құжат беру туралы шешім шығарады.

331-бап. Мүліктің негізсіз сатып алынғандығы
туралы құжат ұстаушының талап қою құқығы

Әлдебір себептермен осы құжатқа өз құқығы туралы уақытында мәлімдемеген құжат ұстаушы құжатты жарамсыз деп тану туралы соттың шешімі заңды күшіне енгеннен кейін жоғалған құжаттың орнына жаңа құжат алу құқығы берілген адамға мүліктің негізсіз сатып алынғандығы немесе сақталғандығы туралы талап қоя алады.

3-бөлім. Сот актілерін қайта қарау бойынша
іс жүргізу

39-1-тарау. Аралық соттардың шешiмдерiне шағым жасау
туралы iстер бойынша iс жүргiзу

Ескерту. 39-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2004.12.28 N 24 (қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2 баптан қараңыз) Заңымен.