Бап. Арыз бойынша сот шешімі

1. Жылжымалы мүлік иесінің болмауын не иесінің оған меншік құқығын сақтау ниетін көздемей тастап кеткенін тани отырып, сот жылжымалы мүлікті иесіз деп тану туралы және оны иеленуге кіріскен адамның меншігіне беру туралы шешім шығарады.
2. Жылжымайтын мүлік иесінің болмауын не оның меншік құқығын сақтау ниетін көздемей тастап кеткенін және белгіленген тәртіппен есепке алынғандығын таныған соң сот жылжымайтын мүлікті иесіз деп тану және коммуналдық меншік құқығын тану туралы шешім шығарады.

36-1 тарау. ҰЛ (ҚЫЗ) АСЫРАП АЛУ ТУРАЛЫ ӨТIНIШТЕР БОЙЫНША IС
ЖҮРГIЗУ

Ескерту. 36-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2001.07.11 N 238 Заңымен.

317-1-бап. Өтiнiш беру

Жасы кәмелетке толмаған ұл немесе қыз асырап алу (бұдан әрi - бала асырап алу) туралы өтінішті бала асырап алғысы келетін азаматтар баланың тұрғылықты (жүрген) жерiндегi кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа бередi.
Ескерту. Егер тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот құрылмаса, оның соттауына жататын істерді баланың тұрғылықты (тұратын) жеріндегі аудандық (қалалық) сот қарауға құқылы.
Ескерту. 317-1-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының, 2008.07.05 N 64-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз) Заңымен.

317-2-бап. Өтініштің мазмұны

1. Баланы асырап алу туралы өтініште:
1) бала асырап алушылардың (бала асырап алушының) фамилиясы, аты, әкесінің аты, олардың тұрғылықты жері;
2) асырап алынатын баланың фамилиясы, аты, әкесінің аты, туған күні, айы, жылы, оның тұрғылықты (жүрген) жері, асырап алынатын баланың ата-аналары, аға-інілері мен апа-қарындастарының бар-жоғы туралы мәліметтер;
3) бала асырап алушылардың (бала асырап алушының) баланы асырап алу жөніндегі негіздейтін мән-жайлар және осы мән-жайларды растайтын дәлелдемелер;
4) баланы асырап алушылар (бала асырап алушы) баланың тууы туралы акт жазбасына тиісті өзгерістер енгізгісі келген жағдайда, асырап алынатын баланың фамилиясын, атын, әкесінің атын, туған күнін (баланы бір жасқа дейін асырап алған жағдайда), асырап алынатын баланың туған жерін өзгерту туралы, баланың тууы туралы акт жазбасына бала асырап алушыларды (бала асырап алушыны) ата-аналар (ата-ана) ретінде жазу туралы өтініш көрсетілуге тиіс.

317-3-бап. Судьяның өтінішті қабылдап алғаннан
кейінгі іс-әрекеті

Судья істі сотта қарауға әзірлеу кезінде асырап алынатын баланың тұрғылықты (жүрген) жеріндегі қамқоршылық және қорғаншылық органдарын асырап алудың негізділігі туралы және асырап алудың баланың мүддесіне сәйкестігі туралы сотқа қорытынды беруге міндеттейді.

317-4-бап. Өтініштерді қарау

Баланы асырап алу туралы істерді сот баланы асырап алушылардың (баланы асырап алушының) өздерінің, қамқоршы және қорғаншы органдар өкілдерінің, сондай-ақ прокурордың міндетті түрде қатысуымен қарайды.
Сот қажет болған жағдайларда, іске қатысуға асырап алынатын баланың ата-аналарын (ата-анасын) немесе өзге заңды өкілдерін, оның туысқандарын және басқа мүдделі адамдарды, сондай-ақ он жасқа толған баланың өзін тарта алады.
Сот баланы асырап алу туралы істерді соттың жабық отырысында қарайды.

317-5-бап. Соттың өтініш бойынша шешімі

Баланы асырап алу туралы өтінішті қарап, сот өтінішті қанағаттандыру не оны қанағаттандырудан толық бас тарту немесе бала асырап алушылардың (бала асырап алушының) өздерін баланың ата-аналары (ата-анасы) ретінде оның тууы туралы акт жазбасына жазу туралы, сондай-ақ баланың туған күні мен жерін өзгерту туралы өтінішін қанағаттандыру бөлігінде бас тарту туралы шешім шығарады.
Баланы асырап алу туралы өтiнiш қанағаттандырылған жағдайда, бала асырап алушылардың (бала асырап алушының) және асырап алынған баланың өзара құқықтары мен мiндеттерi сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап пайда болады.
Соттың заңды күшiне енген шешiмi баланы асырап алуды мемлекеттiк тiркеу үшiн сот орналасқан жердегi азаматтық хал актiлерiн жазу органына, сондай-ақ қорғаншы және қамқоршы органға жiберiледi.

36-2-тарау. Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа
мемлекеттiң аумағында экстремизмдi немесе террористiк
қызметтi жүзеге асыратын шетелдiк немесе халықаралық ұйымды
экстремистiк немесе террористік ұйым деп тану туралы, соның ішінде оның өз атауын өзгерткенін анықтау туралы өтiнiш
бойынша iс жүргiзу

Ескерту. 36-2-тараумен толықтырылды - ҚР 2005.02.23 N 33, жаңа редакцияда - ҚР 2005.07.08 N 67(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерту енгізілді - ҚР 2010.04.08 № 266-IV Заңдарымен.

317-6-бап. Өтiнiш беру

Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттің аумағында экстремизмді жүзеге асыратын шетелдік немесе халықаралық ұйымды экстремистік ұйым деп тану туралы, соның ішінде оның өз атауын өзгерткенін анықтау туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын ақпараттық материалдарды экстремистік деп тану туралы өтінішті прокурор осындай талапты мәлімдеген прокурордың тұрған жеріндегі немесе осындай материалдар табылған жердегі сотқа береді.
Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттiң аумағында террористiк қызметтi жүзеге асыратын халықаралық ұйымды террористiк ұйым деп тану туралы, соның ішінде оның өз атауын өзгерткенін анықтау туралы өтінiштi прокурор осындай талапты мәлімдеген прокурордың тұрған жеріндегі сотқа бередi.
Ескерту. 317-6-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2005.07.08 N 67-ІІІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптанқараңыз), 2009.12.10 № 227-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.04.08 № 266-IVЗаңдарымен.

return false">ссылка скрыта

317-7-бап. Өтiнiштiң мазмұны

Өтiнiште Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экстремистік немесе террористік деп танылуы мүмкiн қызметті шетелдiк немесе халықаралық ұйымның Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттiң аумағында жүзеге асыру фактiсiн не оның өз атауын өзгерту фактісін растайтын мән-жайлар жазылуға тиiс.
Прокурордың шетелдiк немесе халықаралық ұйымды экстремистiк немесе террористiк ұйым деп тану туралы, соның ішінде оның өз атауын өзгерткенін анықтау туралы өтiнiшiндегi материалдар шет мемлекеттердiң құзыреттi органдарынан алынған нақты деректердi де, соның iшiнде халықаралық соттардың және шет мемлекеттер соттарының сот шешiмдерiн де қамтуы мүмкiн.
Ескерту. 317-7-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2005.07.08 N 67-ІІІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.04.08 № 266-IV Заңдарымен.

317-8-бап. Соттың өтiнiш бойынша шешiмi

Соттың шешiмi Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттiң аумағында экстремизмдi немесе террористiк қызметтi жүзеге асыратын шетелдiк немесе халықаралық ұйым туралы мәлiметтердi құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында өз құзыретi шегiнде статистикалық қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк органның арнайы есепке алу жүйесiне қосу үшiн негiз болады.
Прокуратура органдары Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттiң аумағында экстремизмдi немесе террористiк қызметтi жүзеге асыратын шетелдiк немесе халықаралық ұйымды экстремистiк немесе террористік ұйым деп тану туралы, соның ішінде оның өз атауын өзгерткенін анықтау туралы iстi қарауға байланысты сот шығындарын төлеуден босатылады.
Ескерту. 317-8-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2005.07.08 N 67-ІІІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.04.08 № 266-IV Заңдарымен.

36-3-тарау. Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келетін ақпараты бар шетелдік бұқаралық ақпарат құралының өнімін заңсыз деп тану туралы өтініштер бойынша іс жүргізу

Ескерту. 36-3-тараумен толықтырылды - ҚР 2009.07.10 N 178-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.