Бап. Арыз бойынша сот шешімі
1. Судья арызды мәні бойынша қарай келіп, шешім шығарады, онда арыз қабылдамай тасталады не қанағаттандырылады.
2. Арызды қанағаттандыру туралы шешім азаматты ауруханаға мәжбүрлеп жатқызуға және заңда белгіленген мерзімде оны психиатриялық стационарда одан әрі ұстауға негіз болып табылады.
34-1-тарау. Қаржы ұйымдарын және бас ұйым ретінде банк
конгломератына кіретін және қаржы ұйымдары болып табылмайтын
ұйымдарды қайта құрылымдау туралы істерді қарау
Ескерту. 34-1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 2011.03.01 N 414-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 34-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2009.07.11. N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптанқараңыз) Заңымен.
312-1-бап. Қаржы ұйымдарын және бас ұйым ретінде банк
конгломератына кіретін және қаржы ұйымдары
болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдау
туралы істерді қарау
Қаржы ұйымдарын және бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарды қайта құрылымдау туралы істерді осы Кодексте көзделген жалпы ережелер бойынша, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ерекшеліктерімен мамандандырылған қаржылық сот қарайды.
Осы тараудың ережелері бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымның қайта құрылымдауды жүргізуіне қолданылады.
Ескерту. 312-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.03.01 N 414-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
312-2-бап. Қайта құрылымдау туралы өтініш беру
1. Қаржы ұйымын қайта құрылымдау туралы өтінішті қаржы ұйымы мамандандырылған қаржылық сотқа береді.
2. Қаржы ұйымын қайта құрылымдау үшін заңмен көзделген негіздеме көрсетілуге тиіс қайта құрылымдау туралы өтінішке:
1) қаржы ұйымы директорлар кеңесінің қайта құрылымдауды жүргізу туралы шешімі;
2) қаржы ұйымының қаржы ұйымын қайта құрылымдау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен жазбаша келісімі;
3) мынадай ақпарат:
қайта құрылымдауды жүргізудің тәртібі мен мерзімі;
қайта құрылымданатын активтер мен міндеттемелердің тізбесі;
қайта құрылымдау шеңберінде жүргізілетін іс-шаралар;
активтер мен міндеттемелерді қайта құрылымдаудан алынатын болжамды қаржылық нәтижелер;
қызметте қолданылатын шектеулер қамтылған қаржы ұйымын қайта құрылымдау жоспарының жобасы қоса тіркеледі.
Ескерту. 312-2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
312-3-бап. Өтінішті қарау
Сот қаржы ұйымын қайта құрылымдау туралы өтінішті ол соттың іс жүргізуіне қабылданған күннен бастап бес күн ішінде қарайды.
Ескерту. 312-3-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
312-4-бап. Соттың өтініш бойынша шешімі
1. Сот қаржы ұйымын қайта құрылымдау туралы өтінішті қарап, қаржы ұйымын қайта құрылымдауды жүргізу туралы шешім шығарады, онда:
1) қаржы ұйымының атауы;
2) қаржы ұйымын қайта құрылымдаудың мерзімі және қайта құрылымдауды жүргізуге, кредиторлар жиналысын шақыруға және өткізуге жауапты лауазымды адамдар белгіленген қаржы ұйымын қайта
құрылымдауды жүргізу туралы нұсқау қамтылуға тиіс.
2. Қаржы ұйымын қайта құрылымдауды жүргізу туралы сот шешімі заңды күшіне енген кезден бастап:
1) мыналардың:
қайта құрылымдау көзделетiн мiндеттемелер бойынша талаптарды қанағаттандыру туралы соттардың, төрелiктің және аралық соттардың бұрын қабылдаған шешiмдерiнiң;
қайта құрылымдауды жүргiзу туралы соттың шешiмi күшiне енгенге дейiн және қаржы ұйымын қайта құрылымдау кезеңiнде мәлiмделген, кредиторлардың алдында мiндеттемелерді қайта құрылымдау көзделетiн қаржы ұйымы кредиторлары талаптарының орындалуы тоқтатыла тұрады;
2) қаржы ұйымының мүлкін өндіріп алуға жол берілмейді.
3. Қаржы ұйымын қайта құрылымдауды жүргізу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің көшірмесін мамандандырылған қаржылық сот қаржы ұйымына, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және атқарушылық іс жүргізетін аумақтық органдарға жібереді.
Ескерту. 312-4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 125-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
312-5-бап. Қайта құрылымдау жоспарын соттың бекітуі
Қаржы ұйымын қайта құрылымдау жоспарын кредиторлар мақұлдағаннан кейін қаржы ұйымы қайта құрылымдау жоспарын соттың бекітуіне ұсынуға міндетті. Қайта құрылымдау жоспарымен бірге қаржы ұйымы сотқа қаржы ұйымы кредиторлары жиналысының қаржы ұйымын қайта құрылымдау жоспарын мақұлдауы туралы хаттамасын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен ұсынады.
return false">ссылка скрыта312-6-бап. Соттың қайта құрылымдауды тоқтату туралы шешімі
1. Соттың қаржы ұйымын қайта құрылымдауды тоқтату туралы шешімі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өтінішімен:
1) қайта құрылымдауды жүргізу туралы сот шешімімен көзделген қаржы ұйымын қайта құрылымдау мерзімінің өтіп кетуі;
2) қайта құрылымдау жоспарында көзделген шаралар кешенінің жүзеге асырылуы;
3) қаржы ұйымын қайта құрылымдау:
қаржы ұйымын қайта құрылымдау қаржы ұйымы қызметінің қаржылық нәтижелерін жақсартуға алып келмейтініне жеткілікті негіздердің болуы;
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен алынған қаржы ұйымы кредиторлары мақұлдауының болмауы;
қайта құрылымдау жоспарында көзделген іс-шаралардың орындалмауы;
қайта құрылымдау кезеңінде уәкілетті орган қабылдаған нұсқамалардың орындалмауы жағдайында мерзімінен бұрын тоқтатылуы негіздері бойынша қабылданады.
Қайта құрылымдау жоспарында көзделген шаралар кешенiн жүзеге асыру, орындалуына орай, қайта құрылымданған мiндеттемелер бойынша талаптарды қанағаттандыру туралы соттардың, төрелiктің және аралық соттардың бұрын қабылдаған шешiмдерi бойынша мiндеттемелердiң тоқтатылуына әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өтінішін сот оны іс жүргізуіне қабылдаған күннен бастап бес күн ішінде қарайды.
Ескерту. 312-6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 125-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
35-тарау. Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың банкроттығы,
заңды тұлғаларды жеделдетілген оңалту рәсімі және оңалту
туралы iстердi қарау
Ескерту. 35-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 07.03.2014 N 177-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. 35-тарау жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
313-бап. Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың
банкроттығы, заңды тұлғаларды жеделдетілген
оңалту рәсімі және оңалту туралы iстердi қарау
Сот дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың банкроттығы, заңды тұлғаларды жеделдетілген оңалту рәсімі және оңалту туралы iстердi Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгіленген ерекшеліктермен осы Кодексте көзделген жалпы қағидалар бойынша қарайды.
Ескерту. 313-бап жаңа редакцияда - ҚР 07.03.2014 N 177-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
36-тарау. Жылжымалы мүлікті иесіз деп тану және
жылжымайтын мүлікке коммуналдық меншік
құқығын тану