Бап. Арыз беру
Мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының, сайлау комиссиясының, лауазымды адамдардың шешімімен, әрекетімен (немесе әрекетсіздігімен) сайлау немесе сайлану, сайлауға, референдумға қатысу құқығы бұзылды деп санайтын азамат, қоғамдық бірлестік, сайлау комиссиясының мүшесі осы Кодекстің 3-тарауы мен басқа да заңдарда белгіленген соттылыққа жататын іс бойынша арызбен сотқа жүгінуге құқылы.
273-бап. Арызды қарау
1. Сайлауға әзірлік және оны өткізу кезеңінде, сондай-ақ дауыс беру күнiнен бастап бiр ай iшiнде түскен арыз оның берілген күнінен бастап бес күн мерзімде, ал дауыс беру күнінен бес күн бұрын, дауыс беру күнi және сайлау қорытындылары жарияланғанға дейiн түскен арыз дереу қаралуға тиіс.
Сайлаушылардың (таңдаушылардың) тiзiмдерiндегi түзетулер қажеттiгi туралы сайлау комиссиясының шешiмiне шағым жасау туралы арыз келiп түскен күнi қаралуға тиiс. <*>
2. Арызды сот арыз берушінің, тиісті сайлау комиссиясы немесе мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы өкілінің қатысуымен қарайды. Сот отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарланған аталған адамдардың сотқа келмеуі істің қаралуы мен шешілуіне кедергі болмайды.
Ескерту. 273-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 583 Заңымен, 2005.07.08 N 67-ІІІ Заңымен (Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз).
274-бап. Соттың шешімі және оның орындалуы
1. Арыз негiздi деп танылған сот шешiмi бұзылған сайлау құқығын қалпына келтiру үшiн негiз болып табылады.
2. Сот шешімі дереу заңды күшіне енеді және ол апелляциялық, кассациялық шағымдануға жатпайды. Ол тиісті мемлекеттік органға, жергілікті өзін-өзі басқару органына немесе сайлау комиссиясының төрағасына жіберіледі. Сот шешімінің орындалмауына кінәлі лауазымды адамдар заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілікте болады.
Ескерту. 274-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2001.07.11 N 238, 2004.07.09 N 583, 2009.12.10 № 227-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
25-1-тарау. Жергiліктi атқарушы органдардың азаматтардың
алқаби ретiнде қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысу құқықтарын
бұзатын шешiмдеріне, әрекеттерiне (әрекетсiздігіне) дау айту
жөніндегi арыздар бойынша iс жүргiзу
Ескерту. 25-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2006.01.16 N 122 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.