Бап. Хаттама жасау
1. Хаттаманы сот отырысының хатшысы жасайды.
2. Әрбір сот отырысы бойынша немесе жеке іс жүргізу әрекеті бойынша жеке хаттама жасалады.
3. Хаттама компьютерлік, электрондық (дыбыс-, бейнежазбаны қоса алғанда), машинада жазу не қолмен жазу тәсілімен жасалады. Сот отырысын тіркеп жазудың қосымша материалдары сот отырысының хаттамасына тіркеледі және іс материалдарымен бірге сақталады.
4. Іске қатысушы адамдар мен өкілдер хаттаманың қандай да бір бөлігін жария ету туралы, өздері іс үшін елеулі деп есептейтін мән-жайлар жөніндегі мәліметтерді хаттамаға енгізу туралы өтініш жасауға құқылы.
5. Хаттама сот отырысы аяқталғаннан кейін үш күннен кешіктірілмей, ал жеке іс жүргізу әрекеті туралы хаттама ол жасалғаннан кейінгі келесі күннен кешіктірілмей дайындалып, оған қол қойылуға тиіс. Күрделі істер бойынша сот отырысының хаттамасын дайындау және оған қол қою бұдан да ұзақ мерзімде, бірақ сот отырысы аяқталғаннан кейін он күннен кешіктірілмей жүзеге асырылуы мүмкін.
6. Хаттамаға төрағалық етуші және хатшы қол қояды. Барлық өзгерістер, түзетулер, толықтырулар хаттамада айтылуға және олардың қол қоюымен куәландырылуға тиіс.
7. Сот іске қатысушы адамдардың немесе олардың өкілдерінің өтініші бойынша сот отырысының төрағалық етушісі мен хатшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы хаттаманы ұсынуға міндетті.
Ескерту. 257-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.07.15 N 337-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.02.17 N 565-IV (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
258-бап. Хаттамаға ескертпелер
Іске қатысушы адамдар немесе олардың өкілдері сот отырысының хаттамасы дайындалған және оған қол қойылған күннен бастап бес күн ішінде онымен танысуға, хаттамада жіберілген қателіктерді немесе жасалған іс-әрекеттердің және олардың нәтижелерін тіркеудің (көрсетудің) толық еместігін көрсете отырып, бес күн ішінде оған жазбаша түрде немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында ескертпелер беруге құқылы.
Ескерту. 258-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.07.15 N 337-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
259-бап. Хаттамаға жасалған ескертпелерді қарау
1. Хаттамаға жасалған ескертпелерді оған қол қойған төрағалық етуші қарайды, ол ескертпелермен келіскен жағдайда олардың дұрыстығын куәландырады.
2. Төрағалық етуші берілген ескертпелермен келіспеген жағдайда олар істі қарауға қатысқан адамдарға хабарлана отырып, сот отырысында қаралады. Істі қарауға қатысқан адамдардың келмеуі хаттамаға ескертпелерді қарау үшін кедергі болып табылмайды. Ескертпелерді қарау нәтижесінде төрағалық етуші олардың дұрыстығын куәландыру туралы не олардың толық немесе ішінара қабылданбауы туралы ұйғарым шығарады. Соттың ұйғарымы шағымдануға және наразылық білдіруге жатпайды, бірақ ұйғарымға қарсылық апелляциялық шағымға немесе наразылыққа енгізілуі мүмкін. Барлық ескертпелер іске тіркеледі.
3. Хаттамаға жасалған ескертпелер олардың берілген күнінен бастап бес күн ішінде қаралуға тиіс.
4. Іс бойынша төрағалық етуші әлдебір объективті себептермен хаттамаға жасалған ескертпелерді қарай алмаған жағдайда, олар іс материалдарына тіркеледі.
Ескерту. 259-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17 N 565-IV (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
24-тарау. Сырттай іс жүргізу және сырттай шешім шығару
260-бап. Сырттай іс жүргізу негіздемелері
1. Отырыстың өткізілетін орны мен уақыты тиісті түрде хабарланған, келмей қалуының дәлелді себептерін хабарламаған және істі өзі жоқта қарауды сұрамаған жауапкер сот отырысына келмей қалған жағдайда, егер талап қоюшы бұған қарсы болмаса, іс сырттай іс жүргізу тәртібімен қаралуы мүмкін.
2. Іске бірнеше жауапкер қатысқан кезде сот отырысына барлық жауапкерлер келмей қалған жағдайда іс сырттай іс жүргізу тәртібімен қаралуы мүмкін.
3. Егер сот отырысына келген талап қоюшы жауапкер жоқта істі сырттай жүргізу тәртібімен қарауға келіспесе, сот істің қаралуын кейінге қалдырады және жауапкерге жаңа сот отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы хабарлама жібереді. Тиісті түрде хабарланған жауапкер тағы да келмей қалған жағдайда сот істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қарайды.
4. Сот істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қарау туралы ұйғарым шығарады.
5. Талап қоюшы істің нысанасын немесе талаптың негіздемесін өзгерткен жағдайда сот істі соттың сол отырысында сырттай іс жүргізу тәртібімен қарауға құқылы емес.
261-бап. Сырттай іс жүргізу тәртібі
Сот сырттай іс жүргізу тәртібімен істі қарау кезінде іске қатысушы адамдар берген дәлелдемелерді зерттейді, олардың дәлелдерін ескереді және сырттай шешім деп аталатын шешім шығарады.
262-бап. Сырттай шешімнің мазмұны
1. Сырттай шешімнің мазмұны осы Кодекстің 221-бабының ережелерінде белгіленеді.
2. Сырттай дәлелді шешім шығаруды кейінге қалдыруға жол берілмейді.
3. Сырттай шешімнің қарар бөлігінде жауапкердің бұл шешімнің күшін жою туралы өтініш беруінің мерзімі мен тәртібі көрсетілуге тиіс.
263-бап. Сырттай шешімнің көшірмесін жіберу
1. Сырттай шешімнің көшірмесі жауапкерге оның шығарылған күнінен бастап үш күннен кешіктірілмей, оның тапсырылғаны туралы хабарланатын етіп жіберіледі.
2. Сырттай шешімнің көшірмесі сот отырысына қатыспаған талапкерге ол шығарылған күннен бастап үш күннен кешіктірілмей, оның тапсырылғаны туралы хабарланатын етіп жіберіледі.
264-бап. Сырттай шешімге шағым жасау
1. Жауапкер сырттай шешім шығарған сотқа өзі шешімнің көшірмесін алған кезден бастап бес күн ішінде бұл шешімнің күшін жою туралы арыз беруге құқылы.
2. Сырттай шешімге тараптар бұл шешімнің күшін жою туралы арыз беру мерзімі өткен соң, ал арыз берілген жағдайда - бірінші сатыдағы сот арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарған кезден бастап он бес күн ішінде апелляциялық тәртіппен шағым беруі немесе прокурор наразылық келтіруі мүмкін.
Ескерту. 264-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2001.07.11 N 238 Заңымен.
265-бап. Сырттай шешімнің күшін жою туралы
арыздың мазмұны
1. Сырттай шешімнің күшін жою туралы арызда:
1) сырттай шешім шығарған соттың атауы;
2) арыз берген тараптың атауы;
3) жауапкердің сот отырысына дәлелді себептермен келмей қалуын куәландыратын мән-жайлар туралы мәліметтер және бұл мән-жайларды растайтын дәлелдемелер, сондай-ақ шешімнің мазмұнына әсер етуі мүмкін дәлелдемелер;
4) арыз беруші тараптың өтініші;
5) арызға қоса тіркелетін материалдардың тізбесі болуға тиіс.
2. Сырттай шешімнің күшін жою туралы арызға тарап немесе өкілеттігі болған жағдайда оның өкілі қол қойып, ол іске қатысушы адамдардың саны бойынша көшірмелермен бірге сотқа табыс етіледі.
3. <*>
Ескерту. 265-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.12.24. N 276 Заңымен .
266-бап. Соттың арыз қабылданғаннан кейінгі
іс-әрекеттері
Сот іске қатысушы адамдарға сырттай шешімнің күшін жою туралы арыздың қаралатын уақыты мен орнын хабарлайды, оларға арыздың және оған қоса тіркелген материалдардың көшірмесін жібереді.
267-бап. Арызды қарау
Сырттай шешімнің күшін жою туралы арызды сот оның сотқа келіп түскен кезінен бастап он күн ішінде сот отырысында қарайды. Сот отырысы өткізілетін уақыт пен орын туралы хабарланған іске қатысушы адамдардың келмей қалуы арыздың қаралуына кедергі болмайды.
268-бап. Соттың өкілеттігі
Сот сырттай шешімнің күшін жою туралы арызды қарап, арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы немесе сырттай шығарылған шешімнің күшін жою және істі мәні бойынша соттың сол құрамында немесе өзге құрамында қайта қарау туралы ұйғарым шығарады.
269-бап. Сырттай шешімнің күшін жоюдың негіздемелері 5) арызға қоса тіркелетін материалдардың тізбесі болуға тиіс.
2. Сырттай шешімнің күшін жою туралы арызға тарап немесе өкілеттігі болған жағдайда оның өкілі қол қойып, ол іске қатысушы адамдардың саны бойынша көшірмелермен бірге сотқа табыс етіледі.
3. <*>
Ескерту. 265-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.12.24. N 276 Заңымен .
266-бап. Соттың арыз қабылданғаннан кейінгі
іс-әрекеттері
Сот іске қатысушы адамдарға сырттай шешімнің күшін жою туралы арыздың қаралатын уақыты мен орнын хабарлайды, оларға арыздың және оған қоса тіркелген материалдардың көшірмесін жібереді.
267-бап. Арызды қарау
Сырттай шешімнің күшін жою туралы арызды сот оның сотқа келіп түскен кезінен бастап он күн ішінде сот отырысында қарайды. Сот отырысы өткізілетін уақыт пен орын туралы хабарланған іске қатысушы адамдардың келмей қалуы арыздың қаралуына кедергі болмайды.
268-бап. Соттың өкілеттігі
Сот сырттай шешімнің күшін жою туралы арызды қарап, арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы немесе сырттай шығарылған шешімнің күшін жою және істі мәні бойынша соттың сол құрамында немесе өзге құрамында қайта қарау туралы ұйғарым шығарады.
269-бап. Сырттай шешімнің күшін жоюдың негіздемелері
Егер жауапкердің сот отырысына келмей қалуына дәлелді себептер болып, олар туралы сотқа мезгілінде хабарлауға оның мүмкіндігі болмағанын сот анықтаса және ол шешімнің мазмұнына ықпал етуі мүмкін дәлелдемелерді табыс етсе, сырттай шешімнің күші жойылуға тиіс.
270-бап. Істің қайта қаралуы
Сырттай шешімнің күші жойылған жағдайда сот істі мәні бойынша қайта қарайды. Сот отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарланған жауапкер келмей қалған жағдайда, істі жаңадан қараған кезде сот шығарған шешім сырттай шешім деп танылмайды. Жауапкердің бұл шешімді сырттай іс жүргізу тәртібімен қайта қарау туралы қайталап арыз беруге құқығы жоқ.
271-бап. Сырттай шешімнің заңды күші
Сырттай шешім осы Кодекстің 235-бабының ережелері бойынша күшіне енеді.
3-бөлімше. Ерекше талап қоюмен іс жүргізу
25-тарау. Сайлауға, референдумдарға қатысушы азаматтар
мен қоғамдық бірлестіктердің сайлау құқықтарын
қорғау туралы арыздар бойынша іс жүргізу