Бап. Мемлекеттік баж
1. <*>
2. Арызды қабылдаудан бас тартылған жағдайда өндіріп алушы енгізген мемлекеттік баж қайтарылады.
3. Сот бұйрығының күші жойылған жағдайда өндіріп алушы енгізген мемлекеттік баж қайтарылмайды.
4. Өндіріп алушы борышкерге талап қою бойынша іс жүргізу тәртібімен талап қойған жағдайда ол баждың төленуге тиісті шотына есептеледі.
Ескерту. 142-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.12.24. N 276 Заңымен .
143-бап. Сот бұйрығын шығару туралы арызды
қабылдаудан бас тарту және қайтару негіздері
1. Судья сот бұйрығын шығару туралы арызды осу Кодекстің 153, 154-баптарында көзделген негіздер бойынша қабылдаудан бас тартады немесе қайтарады. Сонымен бірге, судья арызды, егер:
1) мәлім етілген талап осы Кодекстің 140-бабымен көзделмесе;
2) борышкер Қазақстан Республикасы соттарының юрисдикциясы шегінен тыс болса;
3) мәлім етілген талапты растайын құжаттар табыс етілмесе;
4) табыс етілген құжаттар негізінде шешу мүмкін емес құқық туралы даулардың болуы көзделсе;
5) арыздың нысаны мен мазмұны осы Кодекстің 141-бабының талаптарына сай келмесе;
6) арызға мемлекеттік баж төленбесе, қайтарады.
2. Судья сотқа арыз түскен күннен бастап үш күн мерзім ішінде өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарым шығарады.
3. Арыз берушінің талап қою бойынша іс жүргізу тәртібімен осы талап бойынша талап арызды қою мүмкіндігіне өтінішті қабылдаудан бас тарту кедергі келтірмейді.
144-бап. Арыздағы кемшіліктерді жою
1. Судья сот бұйрығын шығару туралы арызды қабылдауға және, егер арыз осы Кодекстің 141-бабының талаптарына сай келмесе немесе мемлекеттік баж төленбесе, өз ұйғарымымен өндіріп алушыға, кемшіліктерді жою немесе мемлекеттік бажды төлеу үшін үш күннен аспайтын мерзім белгілеуге құқылы.
2. Егер өндіріп алушы судьяның нұсқауларына сәйкес ол белгілеген мерзімде кемшіліктерді жойса, мемлекеттік бажды төлесе, арыз оны сотқа алғаш тапсырған күні берілген деп есептеледі. Олай болмаған жағдайда судья осы Кодекстің 143-бабының екінші бөлігіне сәйкес арызды қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарым шығарады.
145-бап. Сот бұйрығын шығарудың тәртібі мен мерзімі
Мәлім етілген талаптың мәні бойынша сотқа арыз түскен күннен бастап үш күн ішінде судья сот бұйрығын шығарады.
146-бап. Сот бұйрығының мазмұны
1. Сот бұйрығында:
1) жүргізілетін істің нөмірі және бұйрықтың шығарылған күні;
2) соттың атауы, бұйрық шығарған судьяның тегі және аты-жөні;
3) өндiрiп алушының тегi, аты және әкесiнiң аты (eгep ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетiлген болса), туған күні, айы, жылы, оның тұрғылықты жерi немесе тұрған жерi, оның тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенi туралы мәлiметтер мен сәйкестендiру нөмiрi немесе, егер өндiрiп алушы заңды тұлға болып табылса, оның атауы, нақты орналасқан жері не Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен мәлiметтер, банк реквизиттерi мен сәйкестендiру нөмiрi;
4) борышкердiң тегi, аты және әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетiлген болса), туған күні, айы, жылы, оның тұрғылықты жерi немесе тұрған жерi, оның тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенi туралы мәлiметтер, оның жұмыс орны туралы мәлiметтер мен жұмыс орнының банк реквизиттерi (eгep сот бұйрығын шығару туралы арызда көрсетiлген болса), оның банк реквизиттерi мен сәйкестендiру нөмiрi (eгep сот бұйрығын шығару туралы арызда көрсетiлген болса) немесе, егер борышкер заңды тұлға болып табылса, оның атауы, нақты орналасқан жері не Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен мәлiметтер (eгep сот бұйрығын шығару туралы арызда көрсетiлген болса), банк реквизиттерi мен сәйкестендiру нөмiрi;
5) талапты қанағаттандыруға негіз болған заң;
6) өндіріп алынуға жататын ақша соммаларының мөлшері немесе оның құны көрсетіле отырып, талап етілуге жататын мүліктің белгіленуі;
7) егер оны өндіріп алу заңмен немесе шартпен көзделсе, тұрақсыздық айыбының мөлшері;
8) борышкерден өндіріп алушының пайдасына немесе тиісті бюджетке өндіріп алынуға жататын мемлекеттік баждың сомасы;
9) сот бұйрығына шағым берудің мерзімі мен тәртібі көрсетіледі.
2. Кәмелетке толмаған балаларға алимент өндіріп алу туралы сот бұйрығында осы баптың 1) - 5), 8) тармақшаларында көзделген мәліметтерден басқа, борышкердің туған күні мен туған жері, оның жұмыс орны, оларды күтіп-бағуға алимент алып берілетін әрбір баланың аты мен туған күні, борышкерден ай сайын өндіріп алынатын төлемдердің мөлшері және оны өндіріп алудың мерзімі көрсетіледі.
3. Сот бұйрығына судья қол қояды.
Ескерту. 146-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2000.07.05 N 75, 2006.06.22 N 147, 2007.01.12 N 224(2012.01.01 бастап күшіне енеді), 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.12 № 538-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.01.12 № 538-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.02.17 N 565-IV (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
147-бап. Борышкерге сот бұйрығының көшірмесін жіберу
1. Сот бұйрық шығарғаннан кейін судья тапсыру туралы хабарлай отырып, оның көшірмесін дереу борышкерге жібереді.
2. Борышкер сот бұйрығының көшірмесін алған күннен бастап он күн мерзімде байланыстың кез келген құралдарын пайдалана отырып, мәлімделген талапқа келіспеген қарсылығын бұйрық шығарған сотқа жіберуге құқылы.
148-бап. Сот бұйрығының күшін жою
1. Егер борышкерден белгіленген мерзімде мәлім етілген талапқа келіспеген қарсылық түссе, судья сот бұйрығының күшін жойып, ол туралы ұйғарым шығарады. Сот бұйрығының күшін жою туралы ұйғарымда судья өндіріп алушы мәлім еткен талаптың талап қою бойынша іс жүргізу тәртібімен қойылуы мүмкін екенін түсіндіреді. Сот бұйрығының күшін жою туралы ұйғарымның көшірмесі оны шығарғаннан кейін үш күннен кешіктірілмей тараптарға жіберіледі.
1-1. Егер борышкер болмаған жағдайда, құқықтары мен міндеттері сот бұйрығымен қозғалған тұлғадан шығарылған сот бұйрығының заң талаптарына сәйкес келмейтіндігі туралы арыз келіп түссе, судья сот бұйрығының күшін жояды.
2. Сот бұйрығының күшiн жою туралы қаулы шағымдануға немесе наразылық келтiруге жатпайды.
Ескерту. 148-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2001.07.11 N 238, 2009.12.10 № 227-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
149-бап. Өндіріп алушыға сот бұйрығын беру
1. Егер белгіленген мерзімде борышкерден сотқа қарсылық келіп түспесе, судья өндіріп алушыға оны орындауға көрсету үшін соттың мөрімен куәландырылған сот бұйрығын береді.
2. Өндіріп алушының өтінуі бойынша сот бұйрығы тікелей соттың орындауы үшін жіберілуі мүмкін.
3. Тиісті бюджеттің кірісінде борышкерден мемлекеттік бажды өндіріп алу үшін соттың мөрімен куәландырылған сот бұйрығының жеке данасы тікелей соттың орындауы үшін жіберіледі.
4. Өндіріп алушыға берілген сот бұйрығының көшірмесі сот жүргізетін істе қалады.
Ескерту. 149-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 N 565-IV (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2-бөлімше. Талап қою бойынша іс жүргізу
14-тарау. Талап қою
150-бап. Талап арыздың нысаны мен мазмұны
1. Талап арыз сотқа жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында беріледі.
2. Арызда:
1) арыз берілетін соттың атауы;
2) талап қоюшының атауы, оның туған күні, айы, жылы, тұрғылықты жері, тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенi туралы мәлiметтер немесе, егер талап қоюшы ұйым болса, оның тұрған жері, сәйкестендiру нөмiрi мен банктік реквизиттері, сондай-ақ, егер арызды оның өкілі берсе, өкілдің атауы мен мекен-жайы, бұдан басқа, егер олар бар болса, талапкер мен өкілдің ұялы байланыстың абоненттік нөмірі мен электрондық мекенжайы туралы мәліметтер;
3) жауапкердің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), туған жылы, айы, күні, оның тұрғылықты немесе болатын жері, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі және электрондық мекенжайы (егер олар бар болса), сондай-ақ қосымша сәйкестендіру нөмірі, электрондық мекенжайы, егер бұл деректер талапкерге белгілі болса;
4) талап қоюшының құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін және оның талап қою талаптарын бұзудың немесе бұзу қаупінің мәні;
5) талап қоюшы өзінің талаптарын негіздейтін мән-жайлар, және бұл мән-жайларды растайын дәлелдемелер;
6) егер талап қою бағалауға жатса, талап қоюдың бағасы;
7)
8) арызға қоса тіркелетін құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс.
3. Арызда дауды шешу үшін маңызы бар өзге де мәліметтер көрсетілуі, сондай-ақ талапкердің өтініші баяндалуы мүмкін.
4. Прокурор мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделер үшін беретін өтінішінде мемлекеттік немесе қоғамдық мүдденің неден тұратынын, қандай құқықтың бұзылғанын негіздеу, сондай-ақ заңға немесе өзге де нормативтік құқықтық актілерге сілтеме болуға тиіс. Прокурор азаматтардың мүдделері үшін өтініш жасаған жағдайда талап арызда азаматтың өзінің талап қоюы мүмкін еместігінің себептерін негіздеу болуға тиіс; арызға, әрекетке қабілетсіз адамның мүдделері үшін арыз беретін жағдайларды қоспағанда, азаматтың сотқа талап қоюмен жүгінуге келісімін растайын құжат қоса тіркелуге тиіс.
5. Арызға талап қоюшы немесе талап арызға қол қоюға және оны ұсынуға өкілеттігі болған кезде оның өкілі қол қояды.
Арыз электрондық құжат нысанында берілген кезде ол талап қоюшының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады. Өкілеттігі болған кезде талап арыз өкілдің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
Ескерту. 150-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2001.07.11 N 238, 2006.06.22 N 147, 2007.01.12 N 224(2012.01.01 бастап күшіне енеді), 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.07.15 N 337-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.12 № 538-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.02.17 N 565-IV (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
151-бап. Талап арызға қоса тіркелетін құжаттар
1. Талап арызға:
1) жауапкерлер мен үшінші тұлғалардың санына қарай талап арыздың көшірмесі;
2) мемлекеттік баж төлеуді растайын құжат;
3) өкілдің өкілеттігін куәландыратын сенімхат немесе өзге де құжат;
4) талапкер өз талаптарын негіздейтін мән-жайларды растайтын құжаттар, егер көшірмелер оларда болмаса, жауапкерлер мен үшінші тұлғалар үшін бұл құжаттардың көшірмелері;
5)
6) оны дауға салған жағдайда нормативтік құқықтық актінің мәтіні;
7) талапкердің мерзімді кейінге қалдыру, ұзарту, сот шығындарын төлеуден босату немесе олардың мөлшерін азайту туралы, талап қоюды қамтамасыз ету, дәлелдемелерді талап ету туралы өтініші және, егер олар талап арызда жазылмаған болса, басқалар да қоса тіркеледі.
2. Электрондық құжат нысанында берілетін талап арызға осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттардың электрондық нысандағы көшірмелері қоса беріледі.
Бұл ретте, «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлемді жүзеге асыруды куәландыратын электрондық құжат мемлекеттік баждың төленгендігін растайтын құжат болып табылады.
Ескерту. 151-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.07.11 N 238 Заңымен , 2010.07.15 N 337-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
152-бап. Талап арызды қабылдау
1. Судья талап арыз түскен күннен бастап бес күн мерзімде оны сот ісін жүргізу үшін қабылдау туралы мәселені шешуге құқылы.
2. Талап арызды қабылдай отырып, судья азаматтық іс қозғау туралы ұйғарым шығарады.
153-бап. Талап арызды қабылдаудан бас тарту
1. Судья талап арызды қабылдаудан, егер:
1) арыз азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға және шешуге жатпаса;
2) сол тараптардың арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша шығарылған соттың заңды күшіне енген шешімі немесе талап қоюшының талап қоюдан бас тартуына байланысты іс бойынша сот ісін жүргізуді тоқтату туралы немесе тараптардың бітімгершілік келісімін немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту туралы сот ұйғарымы болса;
3) сол тараптар арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша төреліктің немесе аралық соттың қабылдаған шешімі болса және бұл жөнінде сотқа белгілі болса, бас тартады.
2. Судья арызды қабылдаудан бас тарту туралы дәлелді ұйғарым шығарады, онда, егер іс азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға және шешуге жатпаса, талап қоюшының қандай органға жүгінуі жөн екендігін көрсетеді.
3. Арызды қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарым ол сотқа түскен кезден бастап бес күн мерзімде шығарылуы және арыз берушіге арызға қоса тіркелген барлық құжаттармен бірге табыс етілуге немесе жіберілуге тиіс.
4. Арызды қабылдаудан бас тарту өтініш берушінің сол жауапкерге сол нысана және сол негіздер бойынша талап қоюмен сотқа қайтадан жүгінуіне кедергі келтіреді.
5. Арызды қабылдаудан бас тарту туралы судьяның ұйғарымына жеке шағым, наразылық берілуі мүмкін.
Ескерту. 153-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.28 N 402-IV (2011.08.05 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 125-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
154-бап. Талап арызды қайтару
1. Судья талап арызды, егер:
1) талап қоюшы істердің осы санаты үшін дауды сотқа дейін
алдын ала шешу заңдармен белгіленген тәртібін сақтамаса және осы тәртіпті қолдану мүмкіндігі жойылмаса;
2) іс осы соттың соттауына жатпаса;
3) арызды әрекетке қабілетсіз адам берсе;
4) арызға оған қол қоюға өкілеттігі жоқ адам қол қойса;
5) осы немесе басқа бiр соттың не төреліктің немесе аралық соттың iс жүргiзуiнде сол тараптар арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негiздер бойынша iс болса;
5-1) егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерінде өзгеше көзделмесе, тараптар арасында заңға сәйкес осы дауды төреліктiң немесе аралық соттың шешуіне беру туралы келісім жасалса;
6) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 242-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда, коммуналдық мүлікті басқаруға құқылы орган жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органның осы затты қабылдаған күнінен бастап бір жыл өткенге дейін жылжымайтын затқа коммуналдық меншікті тану туралы өтінішпен сотқа жүгінсе;
7) бұл туралы талап қоюшы мәлімдесе, қайтарып жібереді.
2. Судья арызды қайтару туралы дәлелді ұйғарым шығарады, онда арыз берушіге, егер іс осы соттың соттауына жатпайтын болса, қандай сотқа жүгіну не істі қозғауға кедергі келтіретін мән-жайларды қалай жою қажет екендігін көрсетеді. Талап арызды қайтару туралы ұйғарым ол сотқа түскен күннен бастап бес күн мерзімде шығарылуға және арызға қоса тіркелген барлық құжаттармен арыз берушіге тапсырылуға және жіберілуге тиіс.
3. Егер талап қоюшы жол берілген бұзушылықты жоятын болса, арызды қайтару талап қоюшының сол жауапкерге, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша талап қоюмен сотқа қайтадан жүгінуіне кедергі келтірмейді.
4. Арызды қайтару туралы судьяның ұйғарымына жеке шағым, наразылық берілуі мүмкін.
Ескерту. 154-баптың бірінші тармағы 3-тармақшасына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2000.11.01. N 19/2 қаулысымен.
Ескерту. 154-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 125-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
155-бап. Талап арызды қозғалыссыз қалдыру
1. Судья талап арыз осы Кодекстің 150-бабының талаптарына және 151-бабының 1) - 3) тармақшаларына сәйкес келмеген жағдайда арызды қозғалыссыз қалдыру туралы ұйғарым шығарып, бұл туралы талап арызды берген тұлғаға хабарлайды және оған кемшіліктерді түзету үшін мерзім береді.
2. Егер талап қоюшы судьяның нұсқауларына сәйкес және ол белгілеген мерзімде ұйғарымда аталған талаптарды орындаса, талап арыз оны сотқа алғашқы тапсырған күні берілген болып есептеледі. Олай болмаған жағдайда арыз берілмеген болып есептеледі және судьяның ұйғарымымен оған қоса тіркелген барлық құжаттармен бірге талап қоюшыға қайтарылады.
3. Егер талап қоюшы жол берілген бұзушылықтарды жойса, арызды қайтару талап қоюшының сол жауапкерге, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша талап қоюмен сотқа қайтадан жүгінуіне кедергі келтірмейді.
4. Арызды қайтару туралы судьяның ұйғарымына жеке шағым, наразылық берілуі мүмкін.
156-бап. Қарсы талап қою
Жауапкер бірінші сатыдағы сот шешім шығарғанға дейін алғашқы талап қоюмен бірлесіп қарау үшін талап қоюшыға қарсы талап қоюға құқылы. Қарсы талап қою талап қою туралы жалпы ережелер бойынша жүргізіледі.
157-бап. Қарсы талап қоюды қабылдау шарттары
Судья қарсы талап қоюды, егер:
1) қарсы талап алғашқы талапты есепке алуға бағытталса;
2) қарсы талап қоюды қанағаттандыру алғашқы талап қоюдың
толық немесе қанағаттандыру бөлігінде болдырмаса;
3) қарсы және алғашқы талап қоюлардың арасында өзара байланыс болса және оларды бірлесіп қарау дауларды неғұрлым жылдам және дұрыс қарауға әкелсе, қабылдайды.
15-тарау. Талап қоюды қамтамасыз ету
158-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету үшін негіздер
Іске қатысатын адамдардың, төрелiкте немесе аралық сотта талқылау тараптарының арызы бойынша сот қуынымды қамтамасыз ету үшін шаралар қолдана алады. Егер мұндай шараларды қолданбау соттың шешімін орындатуды қиындатса немесе мүмкін етпейтін болса, қуынымды қамтамасыз етуге істің кез келген кезеңінде жол беріледі.
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, қаржы ұйымына, сондай-ақ бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымға және (немесе) оның мүлкіне қатысты олар қайта құрылымдау жүргізген кезінде талап қоюды қамтамасыз ету шараларын қолдануға жол берілмейді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру және (немесе) олардан айыру, қаржы ұйымдарын консервациялауды жүргізу жөніндегі дауға салынатын құқықтық актісінің, сондай-ақ оның жазбаша нұсқамаларының қолданылуын тоқтата тұруға қатысты талап қоюды қамтамасыз ету шараларын қолдануға жол берілмейді.
Ескерту. 158-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.12.28 N 24 (қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2 баптанқараңыз), 2009.07.11 N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.03.01 N 414-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 125-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
159-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету шаралары
1. Талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар:
1) жауапкерге тиесілі және оның өзінде немесе басқа адамдарда болатын мүлікке тыйым салу (банктің корреспонденттік шотындағы ақшаға және сауда-саттық ұйымдастырушылардың ашық сауда-саттық әдісімен сауда жүйелерінде жасасқан репо операциялары бойынша нысана болып табылатын мүлікке тыйым салуды қоспағанда).
Міндетті зейнетақы жарналарына, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарына (олар бойынша өсімпұлдарға), зейнетақы активтеріне және зейнетақы жинақтарына тыйым салуға жол берілмейді.
Шет мемлекеттiң Қазақстан Республикасының аумағындағы корреспонденттiк шотындағы ақшаға тыйым салуға Қазақстан Республикасының және оның меншiгiнiң юрисдикциялық иммунитетiн шет мемлекеттiң бұзуынан келтiрiлген залалдарды өтеу туралы талап қоюлар бойынша жол берiледi.
Жауапкерге тиесілі және банктегі ақшаға тыйым салу түріндегі талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарымда тыйым салынатын ақша сомасы көрсетілуге тиіс. Тыйым салынатын ақша сомасын іс материалдарын негізге ала отырып, сот айқындайды;
2) жауапкерге белгілі бір әрекеттерді жасауға тыйым салу;
3) басқа адамдардың мүлікті жауапкерге беруіне немесе оған қатысты өзге де міндеттемелерді орындауына тыйым салу;
4) мүлікті тыйым салудан босату туралы талап қойылған жағдайда мүлікті өткізуді тоқтата тұру;
5) мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының дауға салынатын құқықтық актісінің (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру және (немесе) олардан айыру, қаржы ұйымдарын консервациялауды жүргізу жөніндегі құқықтық актісін, сондай-ақ оның жазбаша нұсқамаларын қоспағанда) қолданылуын тоқтата тұру;
6) борышкер сот тәртібімен дауға салатын атқарушылық құжат бойынша өндіріп алуды тоқтата тұру болуы мүмкін.
2. Қажет болған жағдайларда сот осы Кодекстің 158-бабында аталған мақсаттарға сай келетін талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі өзге де шараларды қабылдауы мүмкін. Соттың талап қоюды қамтамасыз етудің бірнеше шараларын қабылдауы мүмкін. Осы баптың бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында аталған тыйым салулар бұзылған жағдайда кінәлі адамдар әкімшілік жауаптылықта болады. Оның үстіне, талап қоюшы сот тәртібімен осы адамдардан талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарымды орындамаудан келтірілген залалдарды өтеуді талап етуге құқылы.
3. Талап қоюды қамтамасыз ету шаралары талап қоюшының мәлімдеген талаптарына шамалас болуға тиіс.
Ескерту. 159-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2003.07.09 N 482, 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.07.05 N 58-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.11 N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.02.05 249-IV, 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 21.06.2013 N 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
160-бап. Қуынымды қамтамасыз ету туралы арызды қарау
Қуынымды қамтамасыз ету туралы арызды судья жауапкерге және iске қатысатын басқа да адамдарға, төрелiкте немесе аралық сотта талқылау тараптарына хабарламастан, сотқа келіп түскен күні шешеді. Қуынымды қамтамасыз ету туралы арызды қарап, судья ұйғарым шығарады.
Ескерту. 160-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.07.2013 125-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
161-бап. Қуынымды қамтамасыз ету туралы ұйғарымды орындау
Қуынымды қамтамасыз ету туралы ұйғарымды сот тиісті органдар мен ұйымдарға орындау үшін жібереді.
Органдар мен ұйымдар ұйғарым келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде ұйғарымды жіберген сотты орындау нәтижелері жөнінде хабардар етеді.
Қамтамасыз ету шаралары қолданылған мүліктің тізбесі болмаған жағдайда соттың ұйғарымын орындау үшін сот орындаушысына жіберілуге тиіс.
Ескерту. 161-бап жаңа редакцияда - ҚР 15.01.2014 № 164-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
162-бап. Талап қоюды қамтамасыз етудің бір түрін
екінші түрімен ауыстыру
1. Iске қатысатын адамның, төрелiкте немесе аралық сотта талқылау тараптарының арызы бойынша қуынымды қамтамасыз етудің бір түрін екінші түрімен ауыстыруға жол беріледі. Қуынымды қамтамасыз етудің бір түрін екінші түрімен ауыстыру туралы мәселені сот іске қатысатын адамдарға арызды қарау уақыты мен орны туралы хабарлай отырып шешеді, алайда олардың келмей қалуы осы мәселені мәні бойынша қарауға кедергі келтірмейді. Қуынымды қамтамасыз етудің бір түрін екінші түрімен ауыстыру туралы судья ұйғарым шығарады.
2. Ақшалай соманы өндіріп алу туралы талап қоюды қамтамасыз еткен жағдайда жауапкер талап қоюды қамтамасыз етуге сот қабылданған шаралардың орнына соттың депозиттік шотына талап қоюшы талап ететін соманы енгізуге құқылы.
Ескерту. 162-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.28 N 24 (қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2 баптан қараңыз); 03.07.2013 125-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
163-бап. Талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жою
1. Талап қоюды қамтамасыз етудің күшін сол сот тараптардың арызы бойынша немесе өз бастамасы бойынша жоюы мүмкін. Талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жою туралы мәселе сот отырысында шешіледі. Іске қатысатын адамдарға сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарланады, алайда олардың келмей қалуы талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жою туралы мәселені қарауға кедергі келтірмейді.
2. Талап қоюға қарсылық білдірілген жағдайда талап қоюды қамтамасыз етуде қабылданған шаралар шешім заңды күшіне енгенге дейін сақталады. Алайда, сот шешіммен бір мезгілде немесе өзінің қаулысынан кейін талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жою туралы ұйғарым шығаруы мүмкін. Талап қою қанағаттандырылған жағдайда оны қамтамасыз ету жөніндегі шаралар өз күшін сот шешімі орындалғанға дейін сақтайды.
3. Қаржы ұйымын немесе бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымды қайта құрылымдау туралы істі қарайтын мамандандырылған қаржылық сот, қаржы ұйымын немесе бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымды қайта құрылымдау туралы шешім қабылдаған жағдайда қаржы ұйымына немесе бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымға және (немесе) оның мүлкіне қатысты қайта құрылымдау жүргізу туралы шешім қабылдағанға дейін соттар қабылдаған талап-арызын қоюды қамтамасыз етудің күшін жоюға міндетті.
Ескерту. 163-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.11 N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптанқараңыз), 2011.03.01 N 414-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
164-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету мәселелері
жөніндегі ұйғарымдарға шағымдану
1. Талап қоюды қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі барлық ұйғарымға жеке шағым берілуі және наразылық келтірілуі мүмкін.
2. Егер талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарым шағым берген адамдарға хабарламай шығарылса, шағым беру мерзімі оған бұл ұйғарым белгілі болған күннен бастап есептеледі.
3. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарымға жеке шағым беру бұл ұйғарымның орындалуын тоқтатпайды.
4. Талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жою туралы немесе талап қоюды қамтамасыз етудің бір түрін екінші түріне ауыстыру туралы ұйғарымға жеке шағым беру немесе наразылық келтіру ұйғарымның орындалуын тоқтата тұрады.
165-бап. Талап қоюды қамтамасыз етумен
келтірілген залалдарды жауапкерге өтеу
Сот талап қоюды қамтамасыз етуге жол бере отырып, талап қоюшыдан жауапкер үшін мүмкін болатын залалдарды қамтамасыз етуді талап етуі мүмкін. Жауапкер талап қоюда бас тартылған шешім заңды күшіне енгеннен кейін талап қоюшыға оның өтініші бойынша қабылданған оған талап қоюды қамтамасыз ету шараларымен келтірілген залалдарды өтеу туралы талап қоюға құқылы.
16-тарау. Істі сотта қарауға әзірлеу
166-бап. Істі әзірлеудің міндеттері
1. Арызды қабылданғаннан және азаматтық істі қозғағаннан кейін судья оны уақытылы және дұрыс шешуді қамтамасыз ету мақсатымен сотта іс қарауға істі әзірлейді .
2. Сотта іс қарауға істі әзірлеудің әрбір іс бойынша міндетті міндеттері мыналар:
1) істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды айқындау;
2) тараптардың құқықтық қатынастарын және басшылыққа алынуға тиісті заңды анықтау;
3) іске қатысатын адамдардың құрамы мен процестің басқа да қатысушылары туралы мәселені шешу;
4) әрбір тарап өз пайымдауларын негіздеу үшін ұсынуға тиіс дәлелдемелерді анықтау.
167-бап. Істі сот талқылауына әзірлеу мерзімдері
Азаматтық істерді сот талқылауына әзірлеу, егер заңнамалық актілерде өзгеше белгіленбесе, арыз қабылданған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізілуге тиіс. Алименттерді өндіріп алу туралы, мертігуден немесе денсаулықтың өзге де зақымдануынан келтірілген зиянды өтеу туралы істерден басқа, ерекше күрделі істер бойынша, сондай-ақ асыраушысынан айрылуына байланысты және еңбек қатынастарынан туындайтын талаптар бойынша айрықша жағдайларда, бұл мерзім судьяның дәлелді ұйғарымы бойынша бір айға дейін ұзартылуы мүмкін.
Ескерту. 167-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17 N 565-IV (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
168-бап. Істі сотта қарауға әзірлеу туралы ұйғарым
Судья істі сотта қарауға әзірлеу туралы ұйғарым шығарады және жүргізілуге тиісті әрекеттерді көрсетеді.
169-бап. Арыздың көшірмелерін және оған қоса
тіркелген құжаттарды жауапкерге жіберу
1. Судья жауапкерге талап арыздың көшірмесін және талап қоюшының талаптарын негіздейтін оған қоса тіркелетін құжаттарды жібереді не тапсырады және өзі белгілеген мерзімде талап арызға пікір (қарсылық) білдіруді және өз пікірін (қарсылығын) негіздеуге дәлелдемелер беруді міндеттейді.
2. Жауапкердің пікірі мен дәлелдемелерді бермеуі істегі бар дәлелдемелер бойынша істі қарауға кедергі келтірмейді.
Ескерту. 169-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
169-1-бап. Талап арызға пікір
1. Жауапкер сотқа талап қоюға қатысты қарсылықты растайтын құжаттарды, сондай-ақ пікірдің және оған қоса тіркелген құжаттардың талап қоюшыға және іске қатысатын басқа да тұлғаларға жіберілгенін растайтын құжаттарды қоса тіркеп, талап арызға пікірді табыс етеді.
2. Пікір – сотқа, көшірмелері іске қатысатын тұлғаларға олардың сот отырысы басталғанға дейін танысуына мүмкіндік беруді қамтамасыз ететін, сот белгілеген мерзімде ұсынылады.
3. Талап арызға жазбаша пікірді іске қатысатын өзге тұғалар да ұсынуға құқылы.
4. Пікірде:
1) талап қоюшының атауы, оның тұрған немесе тұрғылықты жері;
2) жауапкердің атауы, оның тұрған жері; егер жауапкер азамат болып табылса, оның тұрғылықты жері;
3) заңдарға және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ қарсылықты негіздейтін дәлелдемелерге сілтеме жасай отырып, мәлімделген талаптардың мәні бойынша қарсылықтар;
4) пікірге қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетіледі.
Пікірде істі дұрыс және уақтылы шешу үшін қажетті телефондардың, факстердің нөмірлері, электрондық почтаның мекен-жайлары және өзге де мәліметтер көрсетілуі мүмкін.
5. Пікірге жауапкер немесе оның өкілі қол қояды. Өкіл қол қойған пікірге оның өкілеттігін растайтын сенімхат немесе өзге де құжат қоса тіркеледі.
Ескерту. Кодекс 169-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
170-бап. Судьяның істі сотта қарауға әзірлеу
жөніндегі іс-әрекеттері
Істің мән-жайларын ескере отырып, істі сотта қарауға әзірлеу тәртібімен судья мынадай әрекеттерді жүргізеді:
1) талап қоюшыдан ол мәлімдеген талаптардың мәні бойынша жауап алады, одан жауапкердің тарапынан мүмкін болатын қарсылықтарды анықтап алады, егер бұл қажет болса, қосымша дәлелдемелер беруді ұсынады, талап қоюшыға оның іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;
2) қажет болған жағдайларда жауапкерді шақырып алады, одан істің мән-жайлары бойынша жауап алады, талап қоюға қандай қарсылықтар бар екенін және бұл қарсылықтардың қандай дәлелдемелермен расталуы мүмкін екенін анықтайды; айрықша күрделі істер жөнінде жауапкерге іс бойынша жазбаша түсінік беруді ұсынады, жауапкерге оның іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;
3) іске тең талап қоюшылардың, тең жауапкерлердің дербес талаптарсыз үшінші тұлғалардың кіруі туралы мәселені шешеді, сондай-ақ тиісті емес жауапкерді ауыстыру туралы мәселені шешеді;
4) тараптарға олардың дауды медиация тәртібімен шешу не осы дауды шешу үшін төрелікке немесе аралық сотқа жүгіну құқығын және мұндай әрекеттiң салдарларын түсiндiредi;
4-1) тараптардың кәсіби медиаторлар ұйымдарының медиация рәсімінің тәртібі мен қағидаттарының түсіндірмесін алуын қамтамасыз етеді;
5) оның нәтижесіне мүдделі азаматтар мен ұйымдарға істі қараудың уақыты мен орны туралы хабарлайды;
6) куәларды сот отырысына шақыру туралы мәселені шешеді;
7) тараптардың өтініші бойынша және өз бастамасы бойынша сараптама тағайындайды, сондай-ақ іске маманды, аудармашыны қатысуға тарту туралы мәселені шешеді;
8) тараптардың өтініші бойынша ұйымдардан немесе азаматтардан дәлелдемелер талап етеді;
9) кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда іске қатысатын адамдары хабарландыра отырып, жазбаша және заттай дәлелдемелерді сол жерде тексеруді жүргізеді;
10) сот тапсырмаларын жібереді;
11) талап қоюды қамтамасыз ету туралы мәселені шешеді;
12) талапкердің өтініші бойынша оның берген арызын қайтару туралы ұйғарым шығарады;
13) өзге де қажетті іс жүргізу әрекеттерін жасайды.
Ескерту. 170-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.28 N 402-IV (2011.08.05 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 125-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен; 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.
171-бап. Бірнеше талап қою талаптарын біріктіру
және ажырату
1. Егер талаптарды ажыратып қарау неғұрлым дұрыс болса, судья талап қоюшы біріктірген талаптардан біреуін немесе бірнешеуін бөліп жеке іс жүргізуге алады.
2. Бірнеше талап қоюшы талаптар қойған немесе талаптар бірнеше жауапкерге қойылған кезде судья, егер талаптарды ажыратып қарауды неғұрлым дұрыс деп тапса, бір немесе бірнеше талапты жеке іс жүргізуге бөлуге құқылы.
3. Судья осы соттың іс жүргізуінде дәл сол тараптар қатысатын біртектес, не бір талап қоюшының әртүрлі жауапкерге немесе әр түрлі талап қоюшылардың бір жауапкерге қойған талабы бойынша бірнеше іс бар екенін белгілеп, егер мұндай біріктіруді дұрыс деп тапса, бұл істерді біріктіріп қарау үшін бір іске біріктіруге құқылы.
172-бап. Іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру,
тоқтату және істі сотта қарауға әзірлеген
кезде арызды қараусыз қалдыру
1. Осы Кодекстің 242, 243-баптарында, 247-бабының 1) - 5) тармақшаларында және 249-бабының 1) - 5), 8), 9) тармақшаларында көзделген мән-жайлар болған жағдайда оны сотта қарауға әзірлеу кезінде іс бойынша іс жүргізудің тоқтатыла тұруы немесе тоқтатылуы не арыздың қараусыз қалдырылуы мүмкін.
2. Тараптарға мұндай іс жүргізу әрекеттерінің салдарлары түсіндіріледі.
173-бап. Істі сотта іс қарауға тағайындау
Судья істі дайын болды деп тани отырып, оны сот отырысында қарауға тағайындау туралы ұйғарым шығарады, тараптарға және процестің басқа да қатысушыларына істі қараудың орны мен уақыты туралы хабарлайды.
17-тарау. Сотта іс қарау
174-бап. Азаматтық істерді қараудың және
шешудің мерзімдері
1. Азаматтық істер iстi сот талқылауына әзiрлеу аяқталған күннен сәттен бастап екі айға дейінгі мерзімде қаралып, шешіледі. Жұмысқа қайта алу туралы, алимент өндіріп алу туралы және мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, лауазымды адамдардың, мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде комиссиялардың шешімдерін, әрекеттерін (әрекетсіздігін) даулау туралы істер бір айға дейінгі мерзімде қаралып, шешіледі.
2. Азаматтық істердің жекелеген санаттары үшін заңдарда өзге мерзімдер белгіленуі мүмкін.
Ескерту. 174-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2005.12.30 N 111 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптанқараңыз); 14.01.2014 № 161-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.