Бап. Мемлекеттік баж
Мемлекеттік бажды төлеудің тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгіленеді.
Ескерту. 101-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.12.24. N 276 Заңымен .
102-бап. Талап қою бағасы
1. Талап қою бағасы:
1) ақша қаражатын өндіріп алу туралы талап қоюларда - өндірілетін сомамен;
2) мүлікті талап ету туралы талап қоюларда - талап ету кезінде мүліктің тұрған жерінде нарық бағасы бойынша анықталатын, табылған мүліктің құнымен;
3) алименттер өндіріп алу туралы талап қоюларда - бір жыл ішіндегі төлемдердің жиынтығымен;
4) мерзімді төлемдер мен оларды беру туралы талап қоюларда - барлық төлемдер мен берулердің жиынтығымен, бірақ үш жылдан аспайтын жиынтығымен;
5) мерзімсіз және өмір бойы төлемдер мен берулер туралы талап қоюларда - үш жыл ішіндегі төлемдер мен берулердің жиынтығымен;
6) төлемдерді немесе берулерді азайту немесе көбейту туралы талап қоюларда - өтінуші азайтуға немесе көбейтуге үміт артатын жалпы сомамен, бірақ бір жылдан аспайтын сомамен;
7) төлемдер мен берулерді тоқтату туралы талап қоюларда - қалған төлемдер мен берулердің жиынтығымен, бірақ бір жылдан аспайтын жиынтығымен;
8) мүліктік жалдау (жалға алу) шартын мерзімінен бұрын бұзу туралы талап қоюларда - шарттың (келісім-шарттың) қолданылуының қалған мерзімінде мүлікті пайдаланғаны үшін төленетін төлемдердің жиынтығымен, бірақ үш жылдан аспайтын жиынтығымен;
9) азаматтар мен заңды тұлғаларға тиесілі құрылыстарға меншік құқығы туралы талап қоюларда - талап қою жасалған күнгі құрылыс тұрған жердегі нарық бағасы бойынша белгіленген құрылыс құнымен айқындалады, бірақ ол түгендеу бағасынан кем болмауға, немесе ол болмаған кезде - сақтандыру шарты бойынша бағалаудан төмен болмауға, ал ұйымдарға тиесілі құрылыстар үшін құрылыстың баланстық бағасынан төмен болмауға тиіс бағасымен;
10) бірнеше дербес талаптардан тұратын талап қоюларда - барлық талаптардың ортақ сомасымен айқындалады.
2. Талап қоюдың бағасын талап қоюшы көрсетеді. Көрсетілген бағаның табылған мүліктің шын мәніндегі бағасына анық сәйкес келмеген жағдайда талап қою бағасын талап арызын қабылдау кезінде судья айқындайды.
103-бап. Мемлекеттік бажды қосымша төлеу
1. Талап қою кезінде оның бағасын анықтау қиын болған жағдайда мемлекеттік баж мөлшерін сот істі шешу кезінде анықтаған талап қою бағасына сәйкес келетін бажды кейіннен қосымша өндіріп алу арқылы судья алдын ала белгілейді.
2. Істі қарау кезінде талап қою мөлшері ұлғайған жағдайда, баждың жетіспейтін сомасын талап қоюшы талаптың көбейген бағасына сәйкес қосымша төлейді.
104-бап. Мемлекеттік баж төлеуден босату
1. Мемлекеттік баж төлеуден босату Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады.
2. <*>
3. Осы Кодекстің 55, 56-баптарында аталған адамдар өздері қойған талаптан бас тартқан жағдайда мүддесінде осы талап қойылған талапкер, егер ол талапты қарауды талап етсе және мемлекеттік бажды төлеуден босатылмаса, жалпы тәртіппен мемлекеттік бажды төлеуге міндетті.
Ескерту. 104-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2001.12.24 N 276, 2004.12.13 N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
105-бап.<*>
Ескерту. 105-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2004.12.13. N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
106-бап. Мемлекеттік бажды қайтару
Мемлекеттік бажды қайтару тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексінде айқындалады.
Ескерту. 106-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.21 № 467-IV (2011.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен
107-бап. Іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындар
Іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындарға:
1) куәгерлерге, сарапшыларға және мамандарға төленуге тиісті сомалар;
2) сол жерде қарау жүргізілуге байланысты шығындар;
3) заттай дәлелдемелерді сақтауға байланысты шағындар;
4) жауапкерді іздестіру жөніндегі шығындар;
5) іс бойынша жарияланымдар мен хабарландыруларға байланысты шығындар;
6) тараптарға хабарлау және оларды сотқа шақыру жөніндегі шығындар;
7) тараптар мен үшінші тұлғалардың жолақысы және олардың сотқа келуіне байланысты шеккен тұрғын жайды жалға алу жөніндегі шығындар;
8) өкілдердің көмегіне ақы төлеу жөніндегі шығындар;
9) соттың шешімдерін, үкімдерін, ұйғарымдарын және қаулыларын орындауға байланысты шығындар;
10) сот қажет деп таныған өзге де шығындар жатады.
108-бап. Куәларға, сарапшыларға, мамандарға және
аудармашыларға төленуге тиісті сомалар
1. Куәларға, сарапшыларға, мамандарға және аудармашыларға сотқа келуге байланысты оларға келтірілген жол ақысы, бөлме жалдау жөніндегі шығындар өтеледі және іссапарға жіберілген адамдар үшін белгіленген мөлшерде тәулікақы төленеді. Сарапшы мен маманға сондай-ақ оларға тиесілі химиялық реактивтер мен тапсырылған жұмысты орындау кезінде олар жұмсаған басқа да шығын материалдарының құны, сонымен бірге олардың жұмысты орындау үшін құрал-жабдықтарды, коммуналдық қызметтерді пайдаланғаны және машиналық уақытты тұтынғаны үшін төлеген ақысы өтеледі.
2. Куә ретінде сотқа шақырылған жұмыс істейтін адамдарға сотқа келуге байланысты олардың болмаған уақыты үшін жұмыс істейтін жері бойынша орташа жалақысы сақталады. Еңбек қатынастарында тұрмаған куәлар өздерін әдеттегі айналысып жүрген істерінен алаңдатқаны үшін іс жүзіндегі уақыт шығындары ескеріліп және заңда белгіленген бір айлық жалақының ең төменгі мөлшері негізге алына отырып, өтемақы алады.
3. Сарапшылар мен мамандар, егер бұл жұмыс олардың қызметтік міндеттерінің шеңберіне кірмейтін болса, соттың тапсырмасы бойынша өздері орындаған жұмыс үшін сыйақы алады. Сыйақының мөлшерін тараптармен келісім бойынша сот анықтайды.
4. Сот сараптамасы органдары жүргізген сараптаманың ақысын төлеу Қазақстан Республикасының заңдарынасәйкес жүзеге асырылады.
5. Куәларға, сарапшыларға, мамандарға сомаларды, сондай-ақ сот сараптамасы органы жүргізген сараптамаға ақыны тиісті өтініш берген тарап төлейді. Егер аталған өтінішті екі тарап берсе немесе куәні шақырту, сараптаманы тағайындау, маманды тарту соттың бастамасы бойынша жүргізілсе, талап етіліп отырған соманы тараптар тең бөліп төлейді.
6. Егер бұл жұмыс сарапшылар мен мамандардың қызметтік міндеттерінің шеңберіне кірмесе, соттың тапсырмасы бойынша істеген жұмыстары үшін оларға төленуге тиесілі сомаларды тиісті өтініш жасаған тарап сот депозитіне алдын ала төлеп қояды. Сыйақының мөлшерін тараптармен келісім бойынша сот белгілейді.
7. Сот сараптамасы органы сараптама жүргiзгенi үшiн төленуге тиiс сомаларды тиiстi өтiнiш жасаған тарап, не өзiне сот осындай мiндеттеме жүктеген тарап алдын ала төлеу нысанында тиiстi бюджетке енгiзедi.
8. Бір немесе екі тарап шығындарды төлеуден босатылған жағдайда сарапшылар мен мамандарға тиесілі сомаларды төлеу республикалық бюджеттің есебінен жүргізіледі.
Ескерту. 108-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.07.05. N 165 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
109-бап. Куәларға, сарапшыларға, мамандарға және
аудармашыларға тиесілі сомаларды төлеу
1. Куәларға, сарапшыларға және мамандарға тиесілі сомаларды олар өз міндеттерін орындағаннан кейін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес ашылған шоттан сот төлейді.
2. Аудармашыларға тиесілі сомаларды төлеу республикалық бюджеттің есебінен жүргізіледі. Сыйақының мөлшерін тиісті еңбекке ақы төлеудің қолданылып жүрген нормаларын негізге ала отырып сот белгілейді.
Ескерту. 109-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.07.05. N 165 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
110-бап. Сот шығындарын тараптардың арасында бөлу
1. Пайдасына шешім шығарылған тарапқа, бұл тарап сот шығындарын төлеуден босатылса да, басқа тараптан іс бойынша жұмсалған барлық шығындарды сот алып береді. Егер талап қою ішінара қанағаттандырылса, онда шығындар талап қоюшыға қойылған талаптардың сот қанағаттандырған мөлшеріне бара-бар, ал жауапкерге - талап қою талаптарының талап қоюшыға бас тартылған бөлігіне бара-бар беріледі.
2. <*>
3. Егер жоғары сатыдағы сот істі жаңадан қарауға берместен шығарылған шешімді өзгертсе немесе жаңа шешім шығарса, ол тиісінше сот шығыстарын бөлуді де өзгертеді.
Ескерту. 110-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.07.11. N 238 Заңымен.
111-бап. Өкілдің көмегіне ақы төлеу жөніндегі
шығындарды өтеу
1. Пайдасына шешім шығарылған тарапқа сот процеске қатысушы өкілдің көмегіне ақы төлеу жөніндегі өзіне екінші тарап келтірген шығындарды іс жүзінде өзі шеккен шығындар мөлшерінде басқа тараптан алып береді. Ақшалай талап бойынша бұл шығындар қойылған талаптың қанағаттандырылған бөлігінің он процентінен аспауға тиіс.
2. Егер адвокат заң көмегін тарапқа судьяның (соттың) ұйғарымы негізінде тегін көрсетсе, сот осы бапта көрсетілген шығыстарды заң көмегін тегін көрсеткен адвокаттың пайдасына өндіріп береді.
Ескерту. 111-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.28 N 523-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
112-бап. Уақыт ысырабынан келтірілген залалдарды
өндіріп алу
Көрінеу теріс пиғылымен негізсіз талап қойған немесе қойылған талапқа қарсы дау білдірген не істі дұрыс және тез қарап, шешуге үнемі қарсы әрекет жасаған тараптан сот екінші тараптың пайдасына іс жүзінде уақыт ысырабынан келтірілген өтемақыны өндіріп алуы мүмкін. Өтемақы мөлшерін нақты мән-жайларды ескере келіп, осы жердегі тиісті еңбекке ақы төлеудің қолданылып жүрген нормасын негізге ала отырып, сот белгілейді.
113-бап. Талап қоюдан бас тарту, бітімгершілік келісімі
немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен
реттеу туралы келісім кезінде сот шығындарын
бөлу
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2011.01.28 N 402-IV (2011.08.05 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Талап қоюшы талап қоюдан бас тартқан кезде оның шығарған шығындарын жауапкер өтемейді. Егер талап қоюшы талап қоюдан кейін оларды жауапкердің ерікті түрде қанағаттандыруы нәтижесінде өзінің талаптарын қолдаудан бас тартса, сот талап қоюшының өтінуі бойынша жауапкерден талап қоюшы шеккен бүкіл сот шығындарын және өкілдің көмегіне ақы төлеу жөніндегі шығындарды өндіріп алады.
2. Егер тараптар бітімгершілік келісімін немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді жасау кезінде сот шығындары мен өкілдің көмегіне ақы төлеу жөніндегі шығындарды бөлу тәртібін көздемесе, сот бұл мәселелерді осы Кодекстің 111, 115-баптарында жазылған ережелерге лайықтап шешеді.
Ескерту. 113-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.28 N 402-IV (2011.08.05 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
114-бап. Тегін заң көмегін көрсету
1. Істі сот талқылауына дайындаған кезде судья немесе істі қараған кезде сот заңда көзделген мынадай:
1) асыраушысының қайтыс болуы, жұмыспен байланысты мертігуі немесе денсаулығының өзгедей зақымдануы арқылы келтірілген зиянды өтеу туралы дауларды қараған;
2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен оларға теңестірілген адамдар, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, І және ІІ топтардағы мүгедектер, жасы бойынша зейнеткерлер болып табылатын қуынушылар мен жауапкерлер үшін кәсіпкерлік қызметке байланысты емес дауларды қараған жағдайларда тұлғаны заң көмегіне ақы төлеуден және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден толық босатуға және оларды бюджет қаражаты есебіне жатқызуға міндетті.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда, адвокат көрсеткен, кепілдік берілген заң көмегіне ақы төлеу және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен және мөлшерлерде жүзеге асырылады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда, тұлғаның заң көмегіне ақы төлеуден босату және оның атынан өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу туралы өтінішхатына осы тұлғаның заң көмегін тегін алу құқығын растайтын құжаттар мен басқа да дәлелдемелер қоса тіркелуге тиіс.
4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда, судья немесе сот өтінішхатты қарау нәтижесі бойынша тұлғаны мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеуден және оның атынан өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден босату туралы не өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы дәлелденген ұйғарым шығарады.
5. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда, соттың немесе судьяның тұлғаны заң көмегіне ақы төлеуден және оның атынан өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден босату туралы ұйғарымы дереу облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың адвокаттар алқасына немесе оның құрылымдық бөлімшелеріне жіберіледі, олар сот белгілеген мерзімде адвокаттың сотқа қатысуын қамтамасыз етуге міндетті.
Ескерту. 114-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.07.2013 N 123-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
115-бап. Тараптарға сот шығындарын өтеу
1. Осы Кодексте көзделген жағдайларда сотқа басқа тұлғалар мен мемлекеттің құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау туралы өтініштермен жүгінген тұлғаларға талап қоюдан толық немесе ішінара бас тартылған кезде (осы Кодекстің 55 және 56-баптары), жауапкерге республикалық бюджеттің қаражатынан олар жұмсаған сот шығындары толық немесе қойылған тараптардың талап қоюшыға бас тартылған бөлігіне бара-бар өтеледі.
2. Мүлікті тыйым салудан босату туралы талап қою қанағаттандырылған жағдайда талап қоюшыға ол жұмсаған сот шығындары республикалық бюджеттің қаражатынан өтеледі.
116-бап. Сот шығындарын мемлекетке өтеу
1. Төлеуден талап қоюшы босатылған істі қарауға байланысты шығындар мен мемлекеттік баж сот шығындарын төлеуден босатылмаған жауапкерден мемлекет кірісіне толық немесе талаптың қанағаттандырылған бөлігіне бара-бар мөлшерде өндіріліп алынады.
2. Талап қоюдан бас тартылған жағдайда іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындар сот шығындарын төлеуден босатылмаған талап қоюшыдан мемлекет кірісіне өндіріліп алынады.
3. Егер талап қою ішінара қанағаттандырылса, ал жауапкер сот шығындарын төлеуден босатылса, іс бойынша іс жүргізілуге байланысты шығындар мемлекеттің кірісіне сот шығыстарын өтеуден босатылмаған талап қоюшыдан талап қою талаптарының қанағаттандырылудан бас тартылған бөлігіне бара-бар өндіріліп алынады.
4. Егер екі тарап та сот шығындарын төлеуден босатылса, іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындар республикалық бюджеттің есебіне жатқызылады.
5. Өзіне тиесілі төлемдерді төлеуден жалтарған адамға іздеу жарияланған жағдайда іздеуді жүргізу жөніндегі шығындар сол адамнан мемлекет кірісіне өндіріліп алынады.
117-бап. Сот шығындарына байланысты мәселелер
жөніндегі ұйғарымдарға шағым беру және
наразылық келтіру
Сот шығындарына байланысты мәселелер жөніндегі ұйғарымға жекеше шағым берілуі және наразылыutd>