Алматы, 2014

СИЛЛАБУС

Философия пәні бойынша

 

Мамандық: 051103 «Фармация»

 

Оқу сағаттарының көлемі (кредиттер) – 135 сағат, 3 кредит

 

Курс –2

Семестр –3

 

Бақылау формасы: емтихан

 

Алматы, 2014


 

 

Доцент Бисембаева З.У жұмыс бағдарламасына сәйкес жасаған силлабус модуль мәжілісінде талқыланды және мақұлданды.

 

« » __________ 2014ж., хаттама № __

 

 

Кафедра меңгерушісі, доцент _____________________________ Бисембаева З.У.

 

 

­

 

1. Жалпы мағлұмат:

1.1.ЖОО атауы:С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті

1.2. Кафедра: Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер

1.3.Пән, пән коды: «Философия»

1.4.Мамандық:051103 «Фармация»

1.5.Оқу сағатының көлемі (кредитпен) – 135 сағат, 3 кредит

Курс және оқу семестрі– 2 курс, 3 семестр

1.6.Оқытушылар туралы мәлімет:

 

Оқытушылардың аты-жөні Қызметі Дәрежесі
БисембаеваЗинакульУбайдаевна доцент Ф.ғ.к.
АнасоваКаламкас Темиркуловна Аға оқытушы Ф.ғ.к.
Абдразакова Нургуль Асановна Аға оқытушы Дінтану магистрі
Тәттібек Нұргүл Мейрамқызы Аға оқытушы -
Турсунбаева Салтанат Джалгасбековна Оқытушы Философия магистрі
6. Рыскиева Айымжан Абуовна Аға оқытушы Ф.ғ.к.

 

1.7 Байланыс ақпараты:кафедраның орналасқан орны

Мекен-жайы: Қазыбек би көшесі 179

Телефон: 8(327) 292-69-86

1.8 Пәннің саясаты:оқу процесі мақсатқа бағыттылығы мен бірізділікті орындалуынан тұрады және университет студентеріне талап медициналық ЖОО оқытудың спецификалық әдісіне негізделген.

· семинарлық сабақтарға міндетті түрде қатысу;

· Аралық бақылауға қатысуға рұқсат алу үшін семинар сабақтарының қатыспаған сағаттарын деканат жолдамасы негізінде қайталап тапсыру керек;

· СӨЖ – 3 тапсырмасы орындалуы тиіс;

· оқу процесіне белсенді қатысу (дәріс конспектілері, СӨЖ, СОӨЖ тапсырмаларының орындалуы, тест, реферат, эссе және т.б. дайындық);

· Сабақтан қалмау керек, науқастанған жағдайда студенттік емхананың мөрімен бекітілген медициналық анықтаманы көрсету керек;

· Үй тапсырмалары өз уақытында және ұқыпты орындалуы керек, тапсырмалардың орындалу деңгейіне байланысты қорытынды бағаның төмендетілетінін білу керек;

· Таза ақ халаттың болуы, ұялы телефонның өшірілуі;

· Кредит бойынша аралық бақылау 8 және 15 аптадан кешіктірмей тапсырылуы керек.

· Профессорлық-оқытушылар құрамымен (ППС) мәденитетті қарым-қатынас;

· Студенттік топта жанжал болған жағдайда кафедра меңгерушісі немесе оқу ісінің меңгерушісімен бірге талқылануы тиіс;

· Студенттің дағдысы мен білім бағасының шкаласы қосымша тіркелген.

 

2.Бағдарлама:

2.1 Кіріспе:

Философияның оқу объектісі «Адам-Әлем» жүйесі болып табылады. Бұл қатынас жалпы алғанда, адамға өзіндік өмірлік болмысының қалыптасуына, болмысының мәнін тануға мүмкіндік береді. Аталған курста философия рухани өндірістің мәдени-тарихи дамуында және қазіргі келбетінде ерекше форма ретінде көрсетіледі.

Философия – бұл дүниеге көзқарас, тұтастай алғанда әлемге деген көзқарастардың жиынтығы және адамның әлемге қатынасы. Философиялық көзқарастардың басқа түрлерінен ерекшелену себептері: қоғамдық сананың ғылыми сферасына кіреді, адамзаттың даму тарихындағы тәжірбиелер жиынтығына және өзінің даму тарихында арнайы категориялық аппараты ғылымның барлық түріне сүйенеді.

Философияның мәні – «Адам-Әлем» жүйесіндегі жалпылық мәселе туралы тұжырымдармен қорытындыланады.

Курстың теориялық түпнегізі философия тарихы және теориясы бойынша Батыстық, Ресейлік және Қазақстандық ғалымдардың тұжырымдамалары болып табылады.

 

2.2 Пәннің мақсаты– Философия теориясы және философияның негізгі даму кезеңдері туралы ғылыми білім беру, студенттерді философияның негізгіжәне өзекті мәселелерімен таныстыру және болашақ мамандардың қазіргі әлемге өзіндік көзқарастарын қалыптастыра отырып, болашақ дәрігерге шығармашылық ойлау қабілетін, алынған білім негіздерін қолдану дағдысын қалыптастыруға көмек көрсету.

 

2.3 Оқыту мақсаттары:

Дүниетанымдық және әдістемелік мәселелер төңірегінде керекті білім алуды қалыптастыру;

· Дүниетанымды жүйелеудің дағдысынқалыптастыру;

· өзінің өмірге деген қатынасын анықтау және қоршаған ортамен үйлесімділігін табудағдысынқалыптастыру;

· әлемнің ғылымы және діни бейнесіне қатысты философиялық ойлардың тарихи типтерін талдау және білім игеру;

· болашақ мамандардың философиялық көзқарасын және дәрігер дүниетанымынқалыптастыру;

· рухани және материалдық құндылықтардың қатынастық ерекшеліктерін айыра білу, олардың өркениет, қоғам, адамның өмірлік іс-әрекетіндегі рөлін тани білу;

· студенттердің өз бетімен сыншыл және логикалық ойлаудағдысынқалыптастыру.

 

2.4 Оқытудың соңғы нәтижелері:

Білім/ когнитивті дағдысын қалыптастыру: гуманитарлық және әлеуметтану ғылымдары шеңберінде базалық білімді игеру, оның әдістерін түрлі кәсіптік және әлеуметтік қызметте қолдану, алынған білімді қолдана отырып, өз мамандығында мақсат қоя білу және оны қолдана білу.

Операционалды /дағдысын қалыптастыру:өз қызметін ақпараттандыру білу, жоспар құру, оның нәтижелерін алдын-ала көре білу, орындалған қызметті түсіну және негіздей білу, алынған білідерін жаңа жағдайға бейімдей білу, білімді тәжірибеде қолдана білу.

Коммуникативтік дағдысын қалыптастыру:ақпаратты үлгілей білу, нақты пәндік шеңбердегі түйінді ақпаратты жалпылау және жекелей білу

Құқықтық дағдысын қалыптастыру:адамдардың жүріс-тұрысының мемлекет тарапынан бектілген және тағайындалған құқықтар мен міндеттеріне сәйкес әлеуметтік нормаларыны және ережелерін білу және орындау.

Өзін-өзі дамыту құзіреттілігі бойынша:өз бетімен жұмыс жасау қабілеті, мәселелерді шешу, ғылым дамуы барысы мен өзгермелі әлеуметтік тәжірибеде зерттеу дағдысы, заманауи ақпараттық технологияны меңгере отырып, жаңа білімді игеру дағдысын қалыптастыру

 

Меңгеру :

· Дүниетанымдық сұрақтарды анықтау;

· Философиялық ойлардың даму тарихына талдау жасау;

· Адамзаттың даму тарихындағы дүниетанымдық сауалдарды және оны шешудің баламалық әдістерін анықтай білу;

· Адамның қоғаммен өзара қарым-қатынасындағы негізгі теориялық жақындықты анықтау;

· Өзіндік жұмысты орындаудың әдістемесін игеру;

· Философияның әдістемелік және көзқарастық мәселелері бойынша еркін пікірталас және логикалық ойлау;

 

Дағдысын қалыптастыру:

· Білімге керекті материалдарды іздеу және таңдау дағдысын;

· Ғылыми философиялық концепцияларды талдау дағдысын;

· Дүниетанымдық және әдістемелік сұрақтарды философиялық жолмен шешу дағдысын;

 

2.5Пререквизиттер::Қазақстан тарихы, Мемлекет және құқық негіздері, Әлеуметтану, Саясаттану пәндерінің білімдері.

 

2.6Постреквизиттер:Медицина тарихы

 

2.6 Пәннің мазмұны:Философия курсы қоршаған әлемде дұрыс бағыт табу үшін, өмірде орын алған әлеуметтік процестерді түсіну үшін маңызды роль атқарады. Философияны оқу барысында студенттер түрлі қоғамдық мәселелерде өз көзқарастарын қалыптастырады және өз позицияларын анықтайды. Кейбір тақырыптарды тереңірек қарастыруға мүмкіндік болмайды. Соған қарамастан философиялық мәселелерді шешудің әртүрлі әдістерін оқып үйрену қажеттілігі сақталған. Философияның басты бөлімдері – адам табиғаты және оның өмір сүру мағынасы, адам-қоғам, өркениет, мәдениет, бостандық және жауапкершілік, адам танымы және іс-әрекеті, жаһандық мәселелер т.б. сияқты философияның іргелі мәселелерін таныстыруға арналған.

2.7 Дәрістің, практикалық сабақтардың, СОӨЖ, СӨЖ тақырыптық жоспары

Дәрістердің тақырыптық жоспары

р/с Тақырыптар өткізу түрі Дәріс тің ұзақты ғы
Кіріспе.Философия пәні және оның тарихи динамикасы лекция-монолог
Мәдениет контексіндегі философиялық ой кешудің тарихи типтері. Философия оның тарихи «өлшемінде» Лекция-визуализация
Қазіргі заманғы философия идеялардың, тұжырымдамалардың, ілімдердің динамикалы (серпінді) жиынтығы. Лекция-визуализация
Философияның негізгі мәселелері.Философияның іргелі ұғымдары мен қағидалары Лекция - пресс-конференция.
Өркениет және мәдениет мәселелі дәріс  
Барлық сағат саны

 

Практикалық сабақтардың тақырыптық жоспары

 

Тақырыптар өткізу түрі Практ. сабақ. ұзақты ғы
1. Кіріспе.Философиялық ілімнің құрылымы шағын топпен жұмыс, пікірсайыс
2. Мәдениет контексіндегі философиялық ой кешудің тарихи типтері.Ежелгі Қытай мен Ежелгі Үндістандағы философиялық ойдың ерекшеліктері материалды талдау, ассоциациялау
3. Ежелгі Грек өркениетінің сипаты және көне философиялық дәстүрдің ерекшеліктері Салыстыр малы сараптама жасау, баяндау
4. Орта ғасырдағы еуропа мәдениетіндегі философияның мәртебесі мен қызметі шағын топпен жұмыс, пікірсайыс.
5. Орта ғасырдағы Шығыс араб философиясы Салыстыр малы сараптама жасау, баяндау
6. Ренессанс дәуірінің философиясы. Жаңа Заман философиясы эссе
7. Неміс классикалық философиясы «Пресс-конференция»
8. Қазақ мәдениетіндегі философия феномені материалды талдау, баяндау
9. XIX ғасыр философиясы: рационализм және иррационализм Түпнегіздер мен жұмыс жасау, сараптама жасау.
10. XXғ -XXIғ. басындағы философия «Пресс-конференция»
11. Болмыс философиясы дөңгелек үстел, диалектикалық пікірталас
Философиялық ілім жүйесіндегі гносеология шағын топпен жұмыс, пікірсайыс.
Адам және оның болмысы философияның орталық мәселесі ретінде «Пресс-конференция»
Қоғам: философиялық талдау негіздері шағын топпен жұмыс, пікірсайыс.
  Барлық сағат саны  

СОӨЖ тақырыптық жоспары

Тақырыптар өткізу түрі СОӨЖ ұзақты ғы Өткізу уақы ты
Кіріспе. Философия мәдениет феномені ретінде Кестетолтыру 1 апта
Мәдениет контексіндегі философиялық тұжырымдардың тарихи типтері. Шығыс мәдениетіндегі философиялық феномен Кестетолтыру «Ассоциациялау» 2 апта
Антикалық мәдениеттегі философия Кесте толтыру. Ситуациялық тапсырмаларды орындау 3 апта
Ортағасырлық мәдениеттегі философия Түпнұсқамен жұмыс 4 апта
Араб-мұсылман және батыс еуропалық философиясындағы сенім және білім арақатынасы мәселесі Салыстырмалы сараптама үшін кесте толтыру 5 апта
Ренессанс пен Реформация мәдениетіндегі философия Түпнұсқамен жұмыс.Эссе 6 апта
XIX-XXғғ. мәдениетіндегі батыс еуропалық философия. Power point-та презентация 7 апта
Орыс және маркстік философия. Реферат 8 апта
Қазақ философиясы Power point-та презентация 9 апта
Болмыс философиясы. Реферат 10 апта
Философиялық антропология Эссе 11 апта
Әлеуметтік философия Power point-та презентация 12 апта
Мәдениет, махаббат, дін, білім философиясы   Эссе 13 апта
Диалектиканың теориялық мәселелері. Эпистемология Глоссарий 14 апта
Жаһандық мәселелер философиясы Power point-та презентация 15 апта
Барлық сағат саны

 

СӨЖ тақырыптық жоспары

 

Тақырыптар өткізу түрі СӨЖ ұзақты ғы Өткізу уақы ты
1. Адамның дүниетанымдық өзін-өзі анықтауы және философияның ондағы ролі Power point-та презентация 4 апта
2. Мәдениет контексіндегі философиялық ой кешудің тарихи типтері. Шығыс мәдениетіндегі философия феномені Глоссарий 4 апта
3. Көне Грек философиясының дүниетанымдық нұсқамаларының салыстырмалы талдауы. Реферат 4 апта
4. Араб-мұсылман және батысеуропалық философиядағы сенім және білім арақатынасының мәселесі: салыстырмалы талдау. Түпнұсқамен жұмыс. Сараптама. 7 апта
5. Ренессанс пен Реформация мәдениетіндегі философия Power point-та презентация 7 апта
6. XIX-XX ғғ. мәдениетіндегі батыс еуропалық философия Эссе 7 апта
7. Жатсыну мен оны жеңудің маркстік тұғырнамасы: иә және қарсы Реферат 7 апта
8. Қазақ философиясы Түпнұсқамен жұмыс 12 апта
Болмыс философиясы Эссе 12 апта
Адам, оның мәні мен өмір сүруі Түпнұсқамен жұмыс 12 апта
Адам мен қоғам болмысындағы табиғилық пен мәдениліктің арақатынасы Power point-та презентация 12 апта
Мәдениеттегі ғылым, өнер, дін және моральдың арақатынасы Реферат 12 апта
Диалектика теориясының мәселелері. Эпистемология Баяндама 12 апта
Жаһандану жағдайында мәдени өзіндікті сақтау мәселесі Power point-та презентация 12 апта
  Барлық сағат саны

Ескерту:

Барлық жоғары балл саны: 100

- дәрістер-5сағат,

- тәжірибелік, семинарлық сабақтар–– 40 сағат,

-СОӨЖ-21 сағат,

- СӨЖ –3 ,

- аралық бақылау - 2, 8 және 15 аптадан кейін

Студенттердің білімін бағалай жүйесі:

t= (Z+N+K+P+S)/n

мұндағы:

n – барлық құзіреттілік бойынша тапсырмалар саны

Z: z1+z2+…+zn - Білімін бағалау

N: n1+n2+…+nn - Тәжірибелік дағдысын бағалау

K: k1+k2+…+kn - Коммуникативті құзіреттілігінің бағасы

P: p1+p2+…+pn - Құқықтық құзіреттілігінің бағасы

S: s1+ s2+…+sn- СӨЖ бағасы

Студенттің жіберілу рейтингі 60 % құрайды, ол төмендегі формуламен анықталады

Rд= (t+r1+r2)/3 × 0,6

мұндағы t – ағымдағы бақылау

r1 – бірінші аралық бақылау

r2– екінші аралық бақылау

 

Емтихан рейтингі

E= Е1 × 0,2 +Е2 0,2

мұндағыЕ1 -емтиханның I кезеңінің балы,

Е2емтиханның II кезеңінің балы.

 

Қорытынды баға жіберілу рейтингі және қорытынды бақылау бағасынан тұрады:

I = R х 0,6 + E х 0,4,

Мұндағы

I– қорытынды баға

R– жіберілу рейтингінің бағасы

E – қорытынды бақылау бағасы (пән бойынша емтихан)

Қорытынды рейтинг жіберілу рейтингінің 60% және қорытынды бақылаудың 40% тұрады.

Пән бойынша жоғарғы балл -100б

2.8 Сабақ беру және оқыту әдістері:

· Практикалық сабақтардың өткізілуі: теориялық материалдарды талқылау, түпнегіздермен жұмыс жасау, түпнегіз мәтіндеріне сараптама жасау, жағдаяттық есептердің шешілуі, тесттер, кестелердің тапмырмаларын орындау

· СОӨЖ ұйымдастыру түрлері: тақырыпқа байланысты кеңестер, пікіралысу, жағдаяттық есептерді шешу жолдары, түпнұсқалармен жұмыс.

· СӨЖ ұйымдастыру формасы : өзіндік жұмыста көрсетілген сұрақтарға қатысты әдебиеттермен жұмыс, түпнұсқалармен жұмыс, салыстырмалы сараптама жасау, ғылыми баяндамалар мен рефераттар дайындау, тақырыптарға байланысты сөзжұмбақтар, эсселер, глоссарийлар дайындау.

·

2.9 Әдебиеттер

Негізгі:

1. Ғабитов Т. Қазақ философиясы/Т.Ғабитов -Алматы:Раритет, 2010-280б

2. Мырзалы С. Философия.- Алматы: «Эверо», 2011, 672б

3. Джекебаева М.А. Философия [Текст]:Оқу құралы /С.Ж.Асфендияров ат-ғы ҚазҰМУ /Алматы:Эверо,2012-224б

4. Основы философии [Текст]: Учебник для студентов /Т.Х. Габитов, З.Н.Исмагамбетова, Г.К. Абдигалиева-Алматы: Эверо, 2012-392с

 

Қосымша:

1. Әлемдік Философиялық мұра. Жиырма томдық. 1 том. «Ежелгі Шығыс философиясы».- Алматы, «Жазушы», 2005.

2. Әлемдік философиялық мұра. Жиырма томдық. 2 том. «Антикалық философия». – Алматы, «Жазушы», 2005

3. Әлемдік философиялық мұра. Жиырма томдық. 3 том. «Аристотель философиясы». – Алматы, «Жазушы», 2005

4. Әлемдік философиялық мұра. Жиырма томдық. 4 том. «әл-Фараби мен Ибн-Сина». – Алматы, «Жазушы», 2005

5. Әлемдік философиялық мұра. Жиырма томдық. 5 том. «Ортағасырлық діни философиясы». – Алматы, «Жазушы», 2005

6. Әлемдік философиялық мұра. Жиырма томдық. 6 том. «Жаңа дәуір философиясы». – Алматы, «Жазушы», 2006

7. Әлемдік философиялық мұра. Жиырма томдық. 7 том. «Жаңа дәуірдегі француз философиясы». – Алматы, «Жазушы», 2006

8. Әлемдік философиялық мұра. Жиырма томдық. 8 том. «Кант пен Гегель философиясы». – Алматы, «Жазушы», 2006

9. Әлемдік философиялық мұра. Жиырма томдық. 10 том. «Ғылым мен техниканың батыстық философиясы». – Алматы, «Жазушы», 2006

10. Хрусталев Ю.М. Основы филосософии. Учебник для медицинских училищ и колледжей. Москва издательская группа «ГЭОТАР-Медиа», 2008. – 304 стр..

 

2.10 Оқыту әдісі:дәрістер оқу, практикалық сабақтар жүргізу, шағын топтарда пікірсайыс өткізу, СОӨЖ, СӨЖ өткізу .

· Шолу және мәселелі дәрістерді оқу.

· Практикалық сабақтардың өткізілуі: рефераттарға байланысты үй тапсырмасының сұралуы, ситуациялық тапсырмалардың шешілуі т.с.с.

· СОӨЖ ұйымдастыру түрлері: тақырыпқа байланысты кеңестер, семинар, пікіралысу, ситуациялық тапсырмаларды шешу жолдары, тест тапсырмаларының шешімі;

· СӨЖ ұйымдастыру формасы : өзіндік жұмыста көрсетілген сұрақтарға қатысты әдебиеттермен жұмыс, тесттерді құрастыру және орындау, ғылыми баяндамалар мен рефераттарға дайындау, тақырыптарғы байланысты сөзжұмбақтар, эсселер, глоссарийлар дайындау, ғылыми мақалаларды рецензиялау т.с.с.

2.11.Білімдерін бағалау белгілері және ережелері.Білім алушылардың дағдылары мен білімін бағалау әдісі: (аралық, ағымдық қорытынды бақылау), (аудиториялық және аудиториядан тыс барлық жұмыс түрлерін СӨЖ, СОӨЖ, бағалау ережесі).

 

 

Тақырыбы Бағаланатын құзіреттіліктер
Когнитивтік\білімі Тәжірибелік дағдылары Коммуникативті дағылары Құқықтық Өзін-өзі дамыту
1. Кіріспе.Философиялық ілімнің құрылымы   +          
2. Ежелгі Қытай мен Ежелгі Үндістандағы философиялық ойдың ерекшеліктері   +   +      
3. Ежелгі Грек өркениетінің сипаты және көне философиялық дәстүрдің ерекшеліктері   +   +      
4. Орта ғасырдағы еуропа мәдениетіндегі философияның мәртебесі мен қызметі   +           +   +
5. Орта ғасырдағы Шығыс араб философиясы   +          
6. Ренессанс дәуірінің философиясы. Жаңа Заман философиясы   +   +      
7. Неміс классикалық философиясы   +           +   +
8. Қазақ мәдениетіндегі философия феномені   +       +      
9. XIX ғасыр философиясы: рационализм және иррационализм   +   +      
10. XXғ -XXIғ. басындағы философия   +        
Болмыс философиясы   +        
Философиялық ілім жүйесіндегі гносеология +       +
Адам және оның болмысы философияның орталық мәселесі ретінде   +       +  
Қоғам: философиялық талдау негіздері   +        
                   

 

Ағымдық бақылау:

Практикалық сабақтар

- ауызша сұрау

- тест түріндегі тапсырмалар

- ситуациялық тапсырмалар

СОӨЖ

-түпнұсқалармен жұмыс, сараптама жасау

- ағымдық бақылау өткізу

СӨЖ:

- Реферат, баяндама, эссе;

- кесте-схемасымен жұмыс;

-глоссарий;

-мультимедиялық форматтағы презентациялар.

Аралық бақылау:тест немесе ауызша сұрау түрінде аралық бақылау.

Қорытынды бақылау:тестілеу және билетер бойынша емтихан.

Емтихан II этаптан тұрады. I этап тест орталығында тест түрінде жүргізіледі. II этап кафедрада билетке сәйкес ауызша түрде қабылданады.

Кеңес беру уақыты – дүйсенбі, сәрсенбі, жұма. Сағат 17.00-18.00

Аралық бақылау уақыты – 8 апта және 15 апта.

Қорытынды бақылау уақыты –Оқу ісін жоспарлау және бағалау бөлімінің (ОПи КУП) сабақ кестесіне сәйкес семестр соңында.

 

Студенттің дағдысы мен білім бағасының шкаласы

 

Әріптік жүйе бойынша баға Баллдың цифрлық эквиваленті Проценттік мазмұн Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
А 4,0 95-100 Үздік
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89 Жақсы
В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74 Қанағаттанарлық
С 2,0 65-69
С- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 1,0 50-54
F 0-49 Қанағаттанарлықсыз

Аралық бақылау уақыты–8 апта және 15 апта

Қорытынды бақылау уақыты– Оқу ісін жоспарлау және бағалау бөлімінің (ОПи КУП) сабақ кестесі бойынша семестр соңында.